Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің теориялық мазмұны


Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке
бейімделуінің теориялық мазмұны
1. 1 Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
1. 2 Еңбек . . . тұлға маңыздылығы . . .
1. 3 Жас мамандардың кәсіби қыметке бейімделуі . . .
2 Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін эксперимент арқылы зерттеу.
2. 1 Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін
анықтау . . .
2. 2 Жас амандардың кәсіби қызметке бейімделуін дамыту жолдары
2. 2 Зерттеу нәтижесін жинақтау . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі :
Қазіргі таңда қоғамдағы өрлеу әрбір маман иесіне өз ісінің шебері болуды талап етеді. Бүгінде еңбек іс - әрекеті саласында жүргізілетін психологиялық зерттеулердің өзектілігі еш күмән тудырмайды. Өндіріс жағдайларындағы қарым - қатынас процестерінің анықталған заңдылықтар өнімділікті көтеру және еңбекті оптимизациялау міндеттерін шешуге үлес қосады
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі - еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі - адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылысы. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Беліглі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердіңі жиынтығы еңьек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады.
Мамандық таңдауда Ж. Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.
Американ зерттеушісі Ф. Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек деген.
Тұлға және мамандық таңдау қатынасы туралы В. Д. Шадриков, Т. В. Кудрявцев, К. А. Абульханова-Славская, Ю. П. Поваренокв, Е. А. Климов еңбектері.
З. Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады. Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес, психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб. мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық, үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға сай келеді . . . сондықтан еңбектің психологиялық қызметі өзекті мәселе болып қала берері анық.
Кез келген менеджер үшін жұмыскерлердің еңбек нәтижесі және қанағаттануы оның қабілетімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық мінездемесіне де байланысты деген пікірмен кейбір психологтар келіспеуі де мүмкін. Шынында да, көбі таңдалғаннан маманның жеке тұлғасы туралы «Сен - бұл сенің жасаған нәрселерің» деп айта алады. Жұмысқа шықпаған күндерінің саны. өнімділік, еңбекке құлшыну, өтірік айту, тб. өлшемдер тек ұйымдастыратын факторлар (жекелік стилі және корпоративті мәдениет) қызметтері ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар жұмыскерлердің мінездемелеріне тәуелді келеді. Жеке тұлғалық мінездемелер мен мамандық таңдау, еңбек мотивациясы, өнімділік, жұмыспен қанағаттанушылық, жұмысқа байланысты стресс, сонымен бірге жұмысқа келмеген күндер, өндірістен жарақат алушылық, т. б. әдебиеттер жеткілікіті болса да оның көмегі әркелкі. Соңғы уақытта мамандық өзгерту, жұмыстағы деңгейі оқыту нәтижесі сияқты жеке тұлғалық қасиеттермен және факторлармен байланысты екені кездеседі.
Сондықтан осы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жас амандардың кәсіби қызметке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері» деп алдық.
Зерттеу мақсаты - жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, . . . тәжірибе арқылы дамыту.
Зерттеу нысаны - жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі және оны дамыту жолдары.
Зерттеу болжамы - жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін психодиагностика жасау арқылы анықтап, . . . мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады, егер де:
- жеке тұлғалық құндылықтар сақталынып, сәйкестендірілсе;
- мінез-құлық ерекшелігі, іс - әрекеті мен қабілеті бағаланса;
- қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу мәселе бойынша психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
- Психологиялық мәселе ретінде жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін саралау және әрекеттік ықпал жолдарын қарастыру.
- Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін жетілдірудің
тиімді жолдарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - еңбек іс-әрекеті, психологиялық ерекшеліктері және мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі туралы қарастырған . . . зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі - зерттеуде қолданылған әдіс - тәсілдер жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің психологиялық маңыздылығын жетілдіру. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық және сапалық жағынан талдау, өңдеу, ұсыныстар енгізу.
Зерттеу әдістері - зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау, эксперимент, бақылау, тестілеу, түзету жаттығулары.
Зерттеу базасы -
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері :
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде жас амандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейі анықталынып, түзету - дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.
1 Жеткіншектік шақта өзіндік бағалаудың психологиялық
мазмұны
1. 1 Еңбек іс-әрекеті психологиясы
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны - бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. Адам іс-әрекеті - ол өте күрделі көп қырлы құбылыс.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің обьективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, оның қрытынды нәтижесіне, бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңдекке қатынасы да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек әрекетінің негізгі мотивтерін құрайды.
Еңбек ету - өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды.
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі -еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сезімінің қалыптасуына әсер ететіндігін К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко нақты талдаулар жасааған. Еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі - оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығы. Еңбек үрдісі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді. Еңбектегі табыстар мен жетістіктер, нәтижелер адамның дүние танымына, көзқарасына, мақсат - міндеттеріне, қажеттілігіне сай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететінгін ұғыну, саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болады.
Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек үстінде өзіне - өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым - қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.
Психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз. Еңбек психологиясы - еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі - индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:
- кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб. ) ;
- еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
- адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу ) ;
- еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым, стресс және тб) ;
- адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
- жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау) .
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі - адамның екбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің белсенділік формасы, қозыдырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Мотив бұл адамның белгілі ір әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Е. П. Ильин: «Адамның әрқандай қылық әрекеті оның себеп күштеріне байланысты» - деп ой қорытындылаған.
Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күші ретінде, барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелігіне үлкен әсерін тигізеді. Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстар арналған. Іс-әрекет мотивациясының маңыздылығына А. Н. Леонтьевтің, Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. Д. Шадриковтың, Е. А. Климовтың, И. Аткинсонның, зерттеу жұмыстары арналған.
Б. И. Додонов іс-әрекеттің күрделі мотивтер арақатынасының сызбасын ұсынды. Бұл схема бойынша адам еңбек әрекетінде мотивтер келесі «шекті» құрамымен жүзеге асады:
- Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,
- Іс-әрекеттің тікелей нәтижесі,
- Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы, атақ, даңқ),
- Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.
Сонымен қатар, еңбек әрекетінде мотивацияға байланысты ғылыми зерттеулер бір-біріне қарама қарсы теориялық концепциялармен, әр түрлі әдістемелік бағыттармен, зерттелетін құбылыстардың көпмағыналылығымен сипатталады. Бұл зерттеулердегі белгілі бір жүйенің жоқтығы мотивациялық зерттеулерді өзекті мәселелердің қатарына жатқызады. Осы мәселеге байланысты пікірлер мен теориялардың ортақ жетіспеушілігі мотивация процесін қарастыруда жүйелі бағыттың жоқтығында, осының нәтижесінде ынтаның пайда болуы мен шешім қабылдауға әсер ететін кез келген фактор мотив болып саналады.
«Фрейдтің еңбек іс-әрекетіне деген көзқарасы пессимистің, өйткені ол еңбекті адамның тамақ пен тіршілік еті құралы ретінде қарастырады», - дейді О. Брайн. Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол реалды өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады.
Еңбек әрекетінің өзіндік құрылымы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Ал еңбектің өнімділігі сол еңбек етуші субьектілердің білімі, жағдайы, еңбектегі қатынас, еңбектің ұйымдастырылуына және тб. байланысты. Адамның психикалық өмірінің жан - жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс -әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты.
Кәсіби іс-әрекеттің мотивация мәселесімен айналысқан И. Г. Конурина, А. К. Маркова, И. В. Кузьмина, Н. И. Бобнева, А. н. Деркач, А. А. Бодалев, А. П. Ильин, А. П. Ситников, Н. В. Месяцев, А. Ф. Лазурский, Е. А. Климов және тб. Кез келген іс-әрекет белгілі бір дәрежелер, талаптар негізінде жүзеге асады. Оның нақты жүйесі, құрылымы, негізгі және қосымша элементтері болады және ол белгілі бағытта ұйымдастырылады. Еңбек обьектісіне, мақсатына және тәсілдеріне байланысты. Әрбір мамандық қызметкерге белгілі талаптар қояды.
Әрбір кәсіби іс-әрекет қызметкердегі қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты іскерлікті, бейімділікті, шеберлікті, еріктік қасиеттерді және өзіне белгілі қатынасты талап етеді. Кәсіби іс-әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жету үшін аталған тұлғалық қасиеттер маңызды роль атқарады.
Осы қасиеттердің негізінде жатқан мотивация кәсіби іс-әрекеттің тиімділігіне тікелей әсерін тигізеді. Адамда кәсіби іс-әрекеттің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Кәсіби іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі мотивтердің пайда болуына, олардың құрылымдық деңгейіне және олардың өзара қатынасқа түсуіне байланысты болады. Сондықтан, кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық құрылымының ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін жоғарлатуға, еңбек етудегі қызметкерлердің белсенділігінің ынта-жігерін жоғарлатуға үлкен әсерін тигізеді. Іс-әрекет - адамның ақаиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оның құрамына жеке адамдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Кәсіби іс-әрекеттің мотивтерінің құрылымына мінездеме беру үшін Б. Н. Додонов ұсыныстарын қолдануға болады. Кез келген іс-әрекеттің төменде көрсетілген факторлар жиынтығы-оның себептері бола алады. Олар мыналар:
1. іс-әрекеттің жүру барысынан рахат алу, қанағаттану;
2. іс-әрекеттен өнім немесе қорытынды алу (жасайтын өнім, білім,
тәжірибе жинақтау және тб. ) ;
3. іс-әрекет үшін марапатталу (жалақы, қызметінің жоғарлауы, табысқа
жету және тб. ) ;
- іс-әрекеттен ауытқу және оны дұрыс орындамау жағдайында
болатын шаралардан аулақ болуға ұмтылу, жауапқа тартылуды
болдырмау.
Еңбек іс-әрекеттерінің мотивтері құрылымын зерттеуде румын ғалымы К. Замфир өз ұсыныстарын айтқан. Олар: ішкі мотивация, сыртқы дұрыс мотивациялар және сыртқы кері мотивациялар. Ішкі мотивтерге автор жұмыс бараысында қызметкер санасында пайда болатын сезімдерді жатқызады. Оның қоғамның пайдалы екенін тұсінуі, қанағаттануы, жұмыстан алатын жақсы әсер, еңбек процесі мен оның қорытындылары. Автордың ойынша, жалпы сыртқы мотивациялар адамның өз қажеттіліктьерінен туады. Сондықтан да, осының негізінде жұмыскер ішкі қысымдарсыз-ақ өз еркімен, ойындағыдай істер атқарып, еңбек етеді.
Еңбектің психологиялық мазмұны адамның кез келген мамандықты меңгеруде ішкі және сыртқы индивидуалды қасиеттерін және бағыттылықтарын меңгеруі. Мамандыққа деген мотивация. Ол сыртқы және ішкі мотивация болып қарастырылады. Сыртқы мотивация жұмыскердің өзінен тыс тұратын мотивтерден: жалақы, қысымға түсіп кету қорқынышы, мақсатына жетуге ұмтылу және тб. Сыртқы дұрыс мотивацияларға мыналар жатады: материалдық жағдай, қызметте жоғарылау, ұжым және жолдастары тарапынан қолдау табу, бедел. Адамның өз күшін салып жұмыс істеуіне қажетті мотивтер. Сыртқы кері мотивацияға автор мыналарды жатқызады: жаза қолдану, қаржылай ақы төлеттіру, сынға ұшырату және тб. Бұл жерде К. Замфир ішкі мотивацияларды айта отырып, Д. Аткинсонның әйгілі кестесін негізге ала отырып, зерттегенін байқау қиын емес. Мұнда, белгілі бір мақсатқа ұмтылыс және келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін жасалатын істер арасындағы қарым-қатынас негізінде алғандығын айтып кеткен жөн.
Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу болып табылады.
Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспралылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана -сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz