Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері
1.1 Міндеттемелер туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ..7

2 Міндеттемелер түрлері және олардың есебі
2.1 Ағымдағы міндеттеменің түрлері: қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Салықтар бойынша міндеттемелер, басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3 Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
2.4 Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер мен өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
2.5 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

3 Міндеттемелерді талдау
3.1 Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің құрылымын, динамикасын және қаржылық жағдайында талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
3.2 Кәсіпорынның активері негізінде қаржылық тұрақтылығын анықтау ... ...65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72

Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Салалық "нұсқау- ережелер" және "жоғарыдан" келетін әдістемелер негізінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай әрі қарай жетілдіру мақсатына түсті. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізі болып табылатынына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды басқарушылардың көзі жетті.
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу мақсатымен әртүрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды. Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп негізінде, акционерлер, инвесторлар, кредиторлар өндірістің табыстылығын анықтап, ақша-қаражаттарын салу тиімді ме деген сұраққа жауап іздейді. Осы ақпарат негізінде де аудиторлар мен салық қызметінің органдары есепке алынған тапсырыстардың, пайда мен шығындардың сенімділігін, салықтарды аударудың дұрыстығын бағалайды.
Акционерлер, инвесторларға кәсіпорынның қаржылық капиталы қаншалықты тиімді, әрі пайдалы қолданатынын, ұйымға жаңа инвестициялар қажет пе немесе олардың көлемін азайту керек пе, фирма табысты болып қала ала ма және қандай жағдайларда екенін білу маңызды.
Несие берушілерді ұйымға қарыз қажет пе және бұл үшін уақытылы пайыздық төлемдер төлеп, уақытысында қарызын жаба ала ма деген сұрақтар қызықтырады.
Сатып алушылар мен басқадай тұтынушылар кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нақты жағдайына сәйкес келе ме, тауарлардың бағасы қаншалықты негізделген және кесімді уақыт аралығында берілген кепілдік пен одан кейін де қызмет көрсетуді қамтамасыз ете ала ма екенін білгісі келеді.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында есеп айырысулардың көптеген әдістері кездеседі, соның ішінде қаржылық және өндірістік құралдар. Сатып алушылар мен жабдықтаушылар арасында төлем қолма-қол және қолма-қолсыз нысанда, сонымен қатар тауарлармен, жүмыстармен, қызметтермен айырбас жолымен (баспа-бас айырбас) жүргізілуі мүмкін.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 27.12.2009 жыл, №268-ХІІ1, (өзгертулер мен толықтырулар);
2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, 28.02.2007жыл, №234;
3. Қазақстан Республикасының Заңы. "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы // Заң газеті, 2001.15.01 (2009 жылғы өзгертулер мен толықтырулар)
4. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. 2008 ж. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
5. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі.10.12.2008 ж.
6. Қазақстан Республикасының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңы, 22.04.1998жыл, №200-1 ҚРЗ/ «Казахстанкая правда 30.04.1998жыл;
7. Қазақстан Республикасының зейнетақы аударымдары туралы заңы, 20.06.1997жыл,№ 136-1, (24.12.2008жылға өзгертулер мен толықтырулар);
8. Қаржылық есептіліктіктің ұлттық стандарттары (Кр¥С); Ю.Қаржылық есептіліктіктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС)
9. Әбдіманапов Ә. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының негізгі принциптері // Бухгалтерлік есеп және аудит. - 2001. - № 5.
10. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.). - А.: Ержанов и К, 2003.
11. Ержанов М.С., Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит-1: Учебник. - Алматы, 2005.
12. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп. - А.: Қазақ университеті, 2005.
13. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. - Алматы, 2001
14. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С. К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. - Алматы: "Қаржы-қаражат", 1998.
15. Дюсембаева К.Ш. Теория аудита / Под ред. В.К. Радостовца. Учебник. - Алматы: Экономика, 1995.
16. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. - Алматы - 2004.
17. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. 3-е изд. перераб. и доп. - Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002.
18. Радостовец В.К., Тасмаганбетов Т.А., Абленов Д.О. и др. Организация финансового учета: Уч. пос. - Алматы: Экономика, 1997.
19. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. Жалпы ред. басқарған Н.Қ. Мамыров. - Алматы: Экономика, 2005.
20.Ковалев А.И. Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. 3-е изд. перераб. и доп. - М.: Центр экономики маркетинга, 2000.
21. Дүйсембаев К.Ш., Төлегенов Е.Т., Жұмағалиева Ж.Г. "Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау". - Алматы: 2001.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері
1.1 Міндеттемелер туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ..7

2 Міндеттемелер түрлері және олардың есебі
2.1 Ағымдағы міндеттеменің түрлері: қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 19
2.2 Салықтар бойынша міндеттемелер, басқа да міндетті және ерікті
төлемдер бойынша міндеттемелер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3 Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
2.4 Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер мен өзге қысқа мерзімді
міндеттемелер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
2.5 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп
айырысулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

3 Міндеттемелерді талдау
3.1 Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің құрылымын, динамикасын және
қаржылық жағдайында талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
3.2 Кәсіпорынның активері негізінде қаржылық тұрақтылығын анықтау ... ...65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...72

Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .74

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75

Кіріспе

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті
ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Салалық
"нұсқау- ережелер" және "жоғарыдан" келетін әдістемелер негізінде, сондай-
ақ мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан
консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру,
реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай әрі қарай
жетілдіру мақсатына түсті. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық
қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізі болып табылатынына кәсіпкер,
бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды басқарушылардың көзі
жетті.
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей
тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау
мүмкін емес. Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер
құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу
мақсатымен әртүрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл
үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен
кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп
негізінде, акционерлер, инвесторлар, кредиторлар өндірістің табыстылығын
анықтап, ақша-қаражаттарын салу тиімді ме деген сұраққа жауап іздейді. Осы
ақпарат негізінде де аудиторлар мен салық қызметінің органдары есепке
алынған тапсырыстардың, пайда мен шығындардың сенімділігін, салықтарды
аударудың дұрыстығын бағалайды.
Акционерлер, инвесторларға кәсіпорынның қаржылық капиталы қаншалықты
тиімді, әрі пайдалы қолданатынын, ұйымға жаңа инвестициялар қажет пе немесе
олардың көлемін азайту керек пе, фирма табысты болып қала ала ма және
қандай жағдайларда екенін білу маңызды.
Несие берушілерді ұйымға қарыз қажет пе және бұл үшін уақытылы пайыздық
төлемдер төлеп, уақытысында қарызын жаба ала ма деген сұрақтар қызықтырады.
Сатып алушылар мен басқадай тұтынушылар кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің нақты жағдайына сәйкес келе ме, тауарлардың бағасы қаншалықты
негізделген және кесімді уақыт аралығында берілген кепілдік пен одан кейін
де қызмет көрсетуді қамтамасыз ете ала ма екенін білгісі келеді.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында есеп айырысулардың көптеген әдістері кездеседі, соның ішінде
қаржылық және өндірістік құралдар. Сатып алушылар мен жабдықтаушылар
арасында төлем қолма-қол және қолма-қолсыз нысанда, сонымен қатар
тауарлармен, жүмыстармен, қызметтермен айырбас жолымен (баспа-бас айырбас)
жүргізілуі мүмкін.
Тауарлар, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу операциялары өз
кезегінде ағымдағы кредиторлық берешектердің пайда болуына әкеліп соғады.
Сонымен қатар, мұндай берешектер белгілі бір себептерге байланысты ұзақ
уақыттарға дейін өтелмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда үйымдар өзара сынақты
қолдануы мүмкін. Өзара сынақ қолданылған жағдайда бірнеше заңды тұлғалар
қатысып, қарсы жақтың міндеттемелері мен талаптарының орны жабылады,
қарыздар үшінші түлғаға ауыстырылады, қарыздың орнын толтыруды талап етуге
қүқығы пайда болады, әр түрлі себептерге байланысты кредиторлық қарыздар
есептен шығарылады және т.б.
Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылатын
салықтар, төлемдер, алымдар мен аударымдардың мөлшерін дұрыс бағалауда
бухгалтерлік есептің маңызы өте зор.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы, төлемдердің бюджетке уақтылы
аударылуы, жабдықтаушылармен және басқа да кредиторлармен есеп
айырысулардың дұрыстығы көбінесе бухгалтерияның айқын реттелген және нақты
жұмыстарына байланысты болады.
Берілген дипломдық жүмыста мен Кредиторлық берешектер бойынша есеп
айырысу есебі қарастырамын.
Бұл тақырыптың өзектілігі төмендегідей:
Кәсіпкерлік қызметте тек озінің ғана емес, сонымен қатар сырттан
тартылған (қарызға алынған) ақша қаражаттары қолданылады, олар - несиелер,
қарыздар, ссудалар, қаржылық көмек, субординалды қарыз және т.с.с. Бұл
қарыздардың бухгалтерлік есебінің дұрыс жүргізілуі - кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына үлкен әсерін тигізеді. Ұйым қызметінің қажетті шарты-
шаруашылық байланыстар болып табылады, себебі олар жабдықтаудың
тоқталмауын, жүмыстардың орындалуы мен қызметтердің көрсетілу процесінің
үзілмеуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық байланыстарға арнайы келісім-шарттар толтырылып,
бекітіледі. Ол келісім-шарттарға сәйкес, бір ұйым – тауарлы материалдық
құндылықтарды, жұмыстар мен қызметтерді жабдықтаушы, ал екінші үйым - сатып
алушы болып табылады. Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы есеп
айырысулардың айқын ұымдастырылуы - айналым құралдарының жылдам айналуына
және ақша қаражаттарының уақтылы түсуіне үлкен әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке және заңды
тұғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі
көзі болып табылады. Сондықтан салықтық міндеттемелердің есебінің айқын
және нақты жүргізілуі - мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады.
Дипломдың жүмыстың мақсаты - Міндеттемелердің бухгалтерлік есебін оқып,
үйрену арқылы төмендегі міндеттерді орындау:
– Міндеттемелердің түсінігін ашу;
– Қарыз есебінің тәртібі;
– Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу ерекшеліктері;
– Салық міндеттемелерінің есебі;
– Қызметкерлерге еңбекақы есептеу ерекшеліктері;
– ҚТЖ ҰК АҚ Бейнеу жол дистанциясы -ның ағымдағы
міндеттемелерінің есебін талдау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін міндеттері:
Зерттеліп отырған ұйым - ҚТЖ ҰК Бейнеу жол дистанциясы -ның бухгалтерлік
есебінің ұйымдастырылуын зерттеу;
– Кәсіпорынның жабдықтаушылары мен мердігерлері арасындағы кұжаттарын
зерттеу, жасалған келісім-шарттарын оқып, үйрену;
– Бюджет алдындағы міндеттемелер түсінігін ашу;
– Сырттан тартылған активтер есебінің ерекшеліктерін қарастыру;
– Кәсіпорынның қызметкерлер алдындағы міндеттемелерінің түсінігін ашу;
– Ағымдағы міндеттемелер есебін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі- ҚТЖ ҰК Бейнеу жол дистанциясы АҚ (ары қарай ).
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспе және 3 бөлімнен, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының құрылымы -
– Бірінші бөлімде міндеттемелер туралы жалпы түсінік, зерттеліп
отырған кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері мен есеп
саясаты жазылған;
– Екінші бөлімде міндеттемелердің есебі түрлері бойынша және олардың
ҚЕХС-ке сәйкес жүргізілуі қарастырылады;
– Үшінші бөлімде АҚ - дағы ағымдағы міндеттемелердің талдауы
қарастырылған;
– Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмысты жазу барысында алған
білімдерді, жинаған мәліметтерді жинақтап, қорытындылай келе, ағымдағы
міндеттемелердің есебін жүргізуде кездесетін кемшіліктердің зерделеп,
шешу жолдарын қарастырып, ұсыныстар жасалған. Жұмыс орындау барысында
осы сұрақтарды зерттеушілер мен ғалымдардың көзқарастары, Салық
кодексі, нормативтік актілер пайдаланған.

1 Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері

1.1 Міндеттемелер туралы түсінік

Ұйым өз қызметін жүзеге асыруы үшін сұраныстағы өнімді өндіруге мүмкіндік
беретін экономикалық ресурстардың нақты көлеміне ие болуы қажет. Бұл
ресурстардың бір бөлігін кәсіпорынның меншік иелері ұсынады. Осы салынған
материалдық және материалдық емес құралдарының, ақша қаражаттарының жалпы
сомасы меншік капиталы деп аталады. Ресурстардың басқа бөлігін меншік иесі
болып табылмайтын тұлғалардың салуы немесе ұйыммен корреспонденттік
байланысқа түскен (кредиторлар, жеткізушілер), заңды немесе жеке
тұлғалардан тартылған қаражаттар арқылы алуы мүмкін. Тартылған капитал
ретінде кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері
танылады, яғни қарыз берушілерден алынған экономикалық ресурстардың немесе
оның ақшалай баламасын (келісім шартқа сәйкес), сонымен қатар сыйақыларын
(келісім-шартта қаралған жағдайда) келісілген мерзімде қайтару туралы
міндеттеме саналады. Осыған сәйкес, Активтер = Меншікті капитал +
Міндеттемелер.
Міндеттемелер деп - мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке
тұлғалардан, ірі компаниялардан алынған қарыздарды осы кәсіпорынның кіріске
алып, түптің түбінде қайтарып беру жөніндегі алған міндеттемесін айтады.
Алынған міндеттемелердің барлығы да осы күнгі ағымдағы бағамен кіріске
алынады. Міндеттемелер алу нәтижесінде ұйымдардың активті қаражаттары
көбейеді. Яғни ол - міндеттеме алушы жақ , міндеттеме беруші жаққа ақша мен
мүліктерді қандай сомада қайтаратындығы жөніндегі операциялар. Міндеттемеге
алынған негізгі сомаларға қосымша міндеттемелер үшін төленетін пайыздық
сомалар қосылады. Мұның нәтижесінде міндеттеме алушы жақтардың табыс көлемі
азайтылады. Нарықтық қатынастар жағдайында берешек қарыз сомалар осы ұйым
қабылдаған міндеттемелерінің орындалмауының нәтижесінде туындап отырады.
Бұлар қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай ағымдағы міндеттемелерді қарастырайық.
Ағымдағы міндеттемелерге кәсіпорынның қалыпты операциялық қатынастар
жағдайында есептің жылдың балансы жасалғаннан кейін 12 айдың ішінде
төленетін (қайтарылатын) қысқа мерзімді міндеттемлере жатады. Ағымдағы
міндеттемелердің келесідей түрлері бар:
1. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер – бір жылға дейінгі уақытқа
алынған банктердің зайымдары, банктік емес ұйымдардан алынған зайымдар,
акцияларға есептелген және төленетін дивиденттік сомалар және жарғылық
капиталда үлесі бар заңды тұлғаларға есептелген табыстар, ұзақ мерзімді
қаржылық міндеттелердің ағымдағы бөлігі мысалға, қаржылық жалдау, зайымдар,
сондай-ақ осы топтағы топтарға енгізілмеген басқалай қысқа мерзімді
қаржылық міндеттемелердің есебі жүргізіледі.
2. Салықтар бойынша міндеттемелер – төленетін корпоративтік табыс
салығы, есептелген және төленетін жеке тұлғалардың табыс салығы, есептелген
және төленетін қосымша құн салығы, акциздер, әлеуметтік салық және жер
салығы, көлік құралдарының салығы, мүліктерге салынатын салық, басқалацй
салықтардың есебі жүргізіледі.
3. Міндетті және ерікті төленетін төлемдер бойынша басқалай міндеттемелер
– ҚР-сы заңнамаларына сәйкес әлеуметтік сақтандыру жөнінде есептелген және
төленетін сомалар, зейнетақы қорына есептелген және төленетін сомалар,
есептелінген басқалай міндетті төлемдер мысалға, жинақталған салықтық
жиылымдар, мемлекеттік баж, төлеулер, сондай-ақ басқалай еркін төленетін
міндеттемелердің есебі жүргізіледі.
4. Кредиторлардың қысқа мерзімді қарыздары – өтеу мерзімі бір жылға
дейінгі аралықта қоюшылар мен тапсырыс берушілердің, еншілес,
қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, филиалдар мен құрылымдық
бөлімшелердің, еңбеккерлердің, жалға берушілердің, сондай-ақ алынған
зайымдарға, вексельдерге, эмитенттелген құн.ды қағаздарға және басқаруды
сеніп тапсыруға есептелген сыйақылар бойынша алашақтардың қысқа мерзімді
қарыздарының есебі жүргізіледі.
5. Бағалаудағы қысқа мерзімді міндеттемелер – бір жылға дейінгі аралықта
сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтерге тән кепілді міндеттемелер, сот
талабының орындалуына, еңбеккерлерге сыйақы есептеуге, сондай-ақ басқалай
бағаланатын кепілді міндеттемелер қалыптастыру жөніндегі резервтер құру
операцияларының есебі жүргізіледі.
6. Қысқа мерзімді басқалай міндеттемелер – мына төмендегі операциялардың:
- қойылатын тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер, сондай-ақ
тапсырыс берушілердің тапсырысын бөлшектеп орындауға алынған қысқа мерзімді
аванстар және алынған басқалай қысқа мерзімді аванстар;
- ағымдағы айда алынып, келесі есепті айдың есебіне жатқызылатын алдағы
кезеңдердің табысы;
- сатуға арналған топтардың (материалды және материалды емесе
активтердің) есептен шығарылуына арналған қысқа мерзімді міндеттемелердің
есебі жүргізіледі.
Жоғарыда аталған ағымдағы міндеттемелердің есебі келесі бөлімде толық
қарастырылатын болады.

2. Ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау.

Біз зерттеп отырған кәсіпорын – ҚТЖ ҰҚ АҚ Бейнеу жол дистанциясы
филиалы:
Филиалдың орналасқан жері: 060101, Қазақстан Республикасы Маңғыстау
облысы, Бейнеу станциясы, Привокзальная көшесі, 26
Филиалдың жеке балансы болады. Филиал өз қызметін ұйымдастыру және
жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен банкілерде ағымдық шоттарын
ашады.Филиалдың өз атауы, тауарлық белгісі және Қоғамның атауы бар мөрі,
мөртаңбасы және бланкілері болады. Филиалдың қызмет мерзімі
шектелмеген.
Қоғам қызметінің мәні:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша
магистральдық темір жол желісінің құрылысын, күтіп ұсталуын және
жаңғыртылуын жүзеге асыру;
2) тасымалдау процессін басқару;
3) магистральдық темір жол желісіне қызметтер көрсету;
4) теміржол көлігімен жүктердің, оның ішінде қауіпті жуктердің
тасымалдауын жүзеге асыру;
5) Теміржолдың жылжымалы құрамын, оның ішінде қауіпті жүктерді
тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
6) жүк жіберушілердің, алушылардың тасымалдауға деген сұраныс
қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың белгіленген
пунктеріне дер кезінде жеткізілуін қамтамассыз ету;
7) маркетингтік қызмет;
8) әртүрлі көлік түрлерінің қатысуымен, тікелей және аралас
қатынастар жүйесин ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының тасымалдау әлуетін барынша толық
пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациалар
министрлігінің келісімі бойынша темір жолдың транзиттік-кепілдік
коридорларын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;

11) сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдарымен
экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
12) өнімдерді, қызметтерді экспорттау (импорттау)
13) ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын, ақпаратты
қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, құрастыруды, ретке
келтіруді, пайдалануды, сақтауды, сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді
қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық
қорғау жөніндегі қызмет;
14) қоғамның қызметі туралы материалдарды әзірлеу және қорытындылау,
Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар,
журналдар, буклеттер, анықтамалар, фотоальбомдар, бейнефильмдер
шығару;
15) темір жол көлігі саласы бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзгеде
де қызмет болып табылады.
Филиал Филиалдың теңгерімінде болып есептелетін белгі беру, орталықтандыру
және бұғаттау, сымдық, оптикалық және радиобайланыс құрылғыларының, қызып
кеткен букстарды анықтау аспаптарын үзіліссіз жұмысын қымтамассыз ету
мақсатында құрылды.
Филиал қызметінің мәні:
1) Филиалдың теңгерімінде болып есептелетін белгі беру орталықтандыру
және бұғаттау, сымдық және радиобайланыс құрылғыларын қызып кеткен
букстарды анықтау аспаптарына техникалыққызмет көрсетуді ұйымдастыру
2) қызмет көрсету құрылғыларының қызметін арттыру бойынша шараларды
әзірлеу және жүзеге асыру;
3) қызмет көрсетілетін құрылғыларды жөндеумен жаңғыртуды жүзеге асыру;
4) қоршаған ортаны ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғау
болып табылады.
Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады және оның құзыретіне:
1) Филиал туралы Ережені бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар
енгізу;
2) Филиал қызметінің негізгі бақыттарын белгілеу, олардың
орвндалғаны туралы жоспарлар мен есептерді бекіту;
3) Филиал директорымен, оның орынбасарымен, филиалдың инженерімен
және бас бухгалтерімен жеке еңбек шарттарын жасауды енгізу және бұзу;
4) филиалдың штаттық кестесін бекіту және құрылымын белгілеу;
5) тағайындалуы Қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін филиалдың
лауазымдар номенклатурасын бекіту;
6) Филиалдың өндірістік – қаржылық қызметінің жоспарын бекіту;
7) Филиал қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептерді аудитордың
есептері мен қорытындыларын бекіту. Филиалдың пайданы бөлу тәртібі мен
шығынды жабу тәртібін белгілеу;
8) Филиалдың материалдық қаражаттарының көлемін, нысаның сондай-ақ
оларды үлестіріп берудің тәртібін белгілеу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның Жарғысында
көзделген өзге іс-әрекеттер жатады.
Филиалдың қызметін тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.
Филиалдың директоры Филиалдың жұмысын ұйымдастырады және Қоғам берген
сенімхат негізінде оны басқарады, Филиалға жүктелген міндеттерді орындау,
орындаушылық және еңбек тәртібінің жағдайы және осы Ережемен белгіленген
қызмет түрлерін Филиалдың жүзеге асыруы үшін жауапты болады.
Филиалдың директоры:
1) Қоғам берген сенімхат бойынша Қоғам белгілеген өкілеттіктер
шенінде әрекет етеді;
2) Қоғам бекіткен жоспарларға сәйкес Филиалдың қызметіне басшылықты
жүзеге асырады;
3) Филиалға бекітіліп берілген қаражатқа өзіне берілген құқықтар
шеніне иелік етеді;
4) Филиалдың барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті болып
табылатын бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
5) банктерде Филиалдың ағымдық шоттарын ашады;
6) лауазымдар номенклатурасына сәйкес Филиал қызметкерлерімен жеке
еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді және бұзады, Филиал
қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықкәртәшкілерін бекітеді, Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оларға көтермелеу шараларын
және жазаларды қолданады;
7) белгіленген тәртіппен өзге де құқықтарға ие болуы мүмкін.
Тағайындалуы Қоғамның бойынша жүргізілетін Филиалдың қызметкерлерімен
жеке еңбек шартын бұзу туралы Филиалдың директорына орындалуы міндетті
болып табылатын нұсқаулар беруге Қоғамның құқығы бар
Филиалдың директоры мен оның орынбасары өз құзірет шенінде шығыс хат-
хабарларға қол қояды.
Филиалдың мемлекеттік ұйымдармен және өзгеде мекемелермен Филиалдың
қызмет мәселелері бойынша хат-хабар алмасуына тек жетекшілік ететін
құрылымдық бөлімшенің немесе Қоғам басшылығының келісімі арқылы рұқсат
етіледі.
Филиал оған Қоғам бекітіп берген мөрлікке сондай-ақ Қоғамның жалпы
теңгеріміне кіретін шаруашылық қызметтің барысында алынған ақшалай
қаражаттан, материалдық құралдардан, құнды қағаздарымен материалдық емес
активтерден тұратын мүлікке ие болады.
Филиал теңгерімінде есепке алынатын мүлік Қоғамның меншігі болып
табылады.
Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді Қоғамның уәкілеттік
берілген бөлімшелері, қажет болған жағдайда Қоғам тағайындайтын немесе
тартатын аудиторлық қызметтер жүзеге асырады.
Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау аудитор немесе
аудиторлық ұйымдар олармен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылуы
мүмкін
Аудиторлар және аудиторлық ұйымдар өздеріне қажетті барлық
материалдарды, бухгалтерлік немесе өзге құжаттарды және жеке
түсініктемелерді Филиал қызметкерлерінен талап етуге құқылы.
Аудиторлар және аудиторлық ұйымдар өздері жүргізген тексерулердің
нәтежиелерін Қоғамның Басқармасына және Қоғамның Директорлар кеңесіне
(талап етуі бойынша) жібереді.
Жоғарыда аталып өткендей, зерттеліп отырылған басқарманың бухгалтерлік
есебінің жүргізілуіне, сонымен қатар бухгалтерлік есебінің
ұйымдастырылуына және шынайы әрі толық бухгалтерлік есептілікті уахтылы
дайындауды бас бухгалтер жүзеге асырады.
Бухгалтердің міндетіне келесілер жатады:
– Бухгалтерлік есепті Мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті
жүргізу бойынша нұсқаулық ережелеріне сәйкес жүргізу.
– Бюджет бойынша қаражаттарды үнемді және дұрыс ұсталуын қадағалау.
– Мүліктік материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізу.
– Сметаны орындау барысында қажет болатын мекемелермен, жеке
тұлғалармен және ұйымдармен есептесуді уақытылы жүргізу.
– Ақша қаражатының сақтығын қамтамасыз ету.
– Негізгі құралдар, материалдар, ақша қаражаттары және баланстың
басқада статьяларының сақтығын және дұрыс орындалуын қамтамасыз
ету.
– Материалды жауапты тұлғаларға, олардың жауапкершілігіндегі
құндылықтардың есебі мен сақтығы туралы нұсқаулық өткізу.
– Құжаттардың дұрыс әзірленуін және заңды түрде жасалғанын тексеру.
– Бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытында әзірлеп,
құрастырып тапсыру.
– Шығындар бойынша сметаларды мекеме басшысымен құрастырып
келісімдеу.
– Бухгалтерлік құжаттардың есеп регистрларының шығындар
сметаларының және олар бойынша есептіліктің және тағы басқа
құжаттардың сақтығын қамтамасыз ету.
Мекеменің бас бухгалтері бухгалтерия аппараты (егер ондай болған
жағдайда) қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерінің аясын бекітеді.
Басқармадағы бухгалтерлік есеп журнал–ордерлік жүйе бойынша
компьютерленген есеп тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі.
1.С. 7.7. бухгалтерия типтік конфигурациялар Қазақстан
Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес бас мекеменің есебінен
қаржыландырылатын мекемелерге арналған стандартты методологияны жүзеге
асырады.
Конфигурация өзіне келесілерді қосады:
– Шоттар жоспары (бұл жоспар өзінде аналитикалық, валюталық және
сандық есептердің типтік құрлымын құрайды);
– Валюталар анықтамасы (валюталық есепті жүргізген кезде);
– Алғашқы құжаттарды құрастыруға арналған анықтамалар жинағы;
– Бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құрастыруға арналған
және алғашқы құжаттарды еңгізуге, сақтауға және басып шығаруға
арналған құжаттар жинағы;
– Нақты бір мекемеде есеп жүргізудің жалпы параметрлеріне келдіру
үшін қолданатын константалар жиыны;
– Бухгалтерлік есеп бойынша, кез келген шот бойынша әр түрлі
разрезда және аналитикалық кез келген объект бойынша мәлімет
алуға мүмкіндік беретін, стандарттық есептілік жинағы;
– Бухгалтерлік есептің нақты бөлімдері бойынша маманданған
есептілік;
– Регламенттелген есептілік жиыны;
– Бухгалтерлік есепті автоматтандаратын құжаттар жиыны;
Құжаттардың бұл жиыны есептің маңызды бөлімдерін жүргізуге есептелген.
Олар:
– Касса бойынша операциялар есебі;
– Банк бойынша операциялар есебі;
– Тіркелген активтер есебі;
– Материалдар есебі;
– Өндіріске кеткен шығындар есебі;
– Өнімді шығару есебі;
– Жабдықтаушылармен, сатыпалушылармен өзара есепайырысу есебі;
– Келісімдер есебі;
– Кадрлік есеп және жалақы төлеу есебі;
– Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі;
Типтік конфигурацияның шоттар жоспары бюджеттік мекемелерге арналған
қаржыландыру жоспарын орындаудың бухгалтерлік есебінің шоттар жоспарына
сәйкес келеді. Шоттар жоспарында барлық қажетті шоттар мен қосымша шоттар
бар. 1.С. 7.7. типтік конфигурациясында бір шоттар жоспары бар. Ол –
Қазақстан Республикасындағы шаруа есептілік мекемелерінде қабылданған
негізгі шоттар жоспары.
1.С. 7.7. бағдарламасы бірегейленген–ІВМ персоналды компьютерлерде жұмыс
істеуге арналған. Осы бағдарламаны құрып, оның дұрыс жұмыс істеуі үшін
компьютерге деген минималды талап келесідей болуы керек:
– Компьютердің операциондық жүйесі Microsoft Windows 98; Microsoft
Windows XP 2000
– Процессор Pentium III және IV немесе одан жаңа процессор түрі.
– Жедел жадысының көлемі 128 мегабайт
– Қатты диск
– CD дисктардағы жинақтаушы
– Басып шығару құрылғылары
– VGA дисплей
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелеріндегі
бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған.
Бұл бағдарламаның көмегімен аналитикалық және синтетикалық бухгалтерлік
есептің жүргізілуі, тоқсандық және жылдық есептіліктің, алғашқы
бухгалтерлік құжаттың және тағы басқа экономикалық маңызы бар құжаттардың
құрастырылуы, толтырылуы, сақталуы және басылып шығарылуын
автоматтандырады. 1.С. 7.7. бағдарламасы сонымен қатар есеп беруші тұлғалар
туралы, жеткізушілермен есеп айырысу туралы және мекеменің қаржылық жағдайы
туралы ақпаратты оперативті түрде алуға мүмкіншілік береді, сонымен қатар
бағдарламада жалақыны есептеу, негізгі құралдар бойынша, материалды қорлар
мен тауарлар бойынша есеп жүргізуге болады.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Бейнеу жол дистанциясы филиалы 2009 жылғы көрсеткен
қызметі мен атқарған жұмыстарының экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала
кетсек төменгі кестені талдай отырып қысқаша төмендегідей қортындылауға
болады.

Кесте-1. ҚТЖ ҰҚ АҚ Бейнеу жол дистанциясы филиалының 2008-2009
жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері, мың тенге

Көрсеткіштер 2008 жылға Есепті 2009өсу қарқыны
жылға
тенге %
1. Өнім сатудан қызмет 883341 1051199 167858 5,1
көрсетуден түскен
табыс,мың тенге.
2. Өнімнің өзіндік құны, 1203281 1252489 49208 4,1 
мың тенге
3. Жалпы табыс -319940 -201290 -118650 62,9
(1қатар-2қатар)
4. Негізгі құралдардың 10625,04 39865,38 29240,34 375
орташа жылдық құны, мың
тенге.
5. Еңбек өнімділігі 5599,54 2912,33 -2687,21 52
6. Қор қайтарымдылығы , 18,45 2,56 -15,89 14
тг.
7. Қор жарақтануы, тг. 303,57 1139,01 835,44 375
8. Активтер айналымы 2,327 0,865 -1,46 37
(рет)
9. Өткізілген өнімнің 16,486 8,132 25,54 49,32
рентабелділігі (%)
10.активтер 38,37 7,034 -31,34 18
рентабелділігі

*ұйымның қаржылық есептілік негізінде құрылған

Өткен жылға қарағанда есепті жылы 5,1 пайызға айналымнан түскен табыс
азайған, себебі кәсіпорын жоспарлаған шаруашылық қызмет түрінің орындалуы
азайғандығы әсер еткен. Осыған байланысты салық ұсталынатын табыс
мөлшері,табыс салығы және таза табыс көлемі кеміген.
Кәсіпорындағы активтер айналымдылығы 37 пайызға төмендеген. Активтердің
рентабелділігі құлдырағаны еліміздегі болған экономикалық дағдарыстың
себебінен деген пікір қалыптасып отыр.
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының
түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады. Елімізде көптеген типтегі
ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр
түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыған байланысты әр бір ұйым өзінің
алға қойған мақсат мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің
технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің
түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі,
ақпараттарды өңдеу және тағы басқа да ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның
барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшелігіне байланысты ұйымдарда есеп
саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін
қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп
әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін
таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз
мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны
пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі
ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды
дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Сонымен, есеп саясаты деп – ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-
тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен
жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын
айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі
талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және
тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қортынды есеп
жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер,
сондай ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету
үшін қабылданған ережелер жиындығынан құралады.
Немесе, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы заңында берілген анықтамаға сәйкес, есеп саясаты
дегеніміз ол — жеке кәсіпкердің немесе мекемелердің атқаратын қызметтеріне
байланысты қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есепті
жүргізу мен қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік заңнамасына немесе ұлттық стандарттарға,
сонымен қатар бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес
жүргізілген нақты принциптер, нақты негіздер, нақты ережелер және
практиканың жиынтығын құрайды.
Ұйымның есеп саясатын екі топқа жіктейді:
Біріншісі – ұйымдардың ішкі есеп саясаты.
Екіншісі – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгіленген есеп саясаты
болып ажыратылады;
ҚТЖ ҰҚ АҚ Бейнеу жол дистанциясы филиалы есеп саясаты Қазақстан
Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы №234-11 Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Есеп саясатының
құрылуына негіз болып табылады:
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты және оларға әдістемелік
ұсыныстар;
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР-ның заңы, №234-
III, 28.02.2007 ж.
Қаржылық есептілікті беру 30 Бухгалтерлік есеп стандарты, №14 ҚР-ның
қаржылық министрінің бұйрығы, 17.01.2003 ж.
ҚР-ның Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) №409-1, 13-бөлім Меншік құқығын
алу, 1999 ж.
Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ҚР-ның 2008
жылғы Кодексі
Есеп саясаты Уәкілетті органдар шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл
есеп саясатымен есеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті
жүргізудің тәсілдері анықталады. Есеп саясатын құрудың негізіне сенімділік,
дәйектілік, салыстырымдылық және аяқтаушылық қағидалары жатады.
Қазақстан Республикасындағы мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін
реттейтін басқа да заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулықтар және
әдістемелік ұсыныстар.
Кәсіпорында 1 қаңтар 2009 жылдан бастап салықтық төлемдер мен есеп
айырысулар Қазақстан Республикасы Президентінің 10 желтоқсан 2008 жылғы
Заңды күші бар Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер
туралы Жарлығына және Бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер
туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Бейнеу жол дистанциясы филиалы бухгалтерлік есебі мен
қаржылық есептілігінің мақсаты болып мүдделі мекеменің қаржылық жағдайы,
ондағы өзгерістер және қызмет нәтижелері туралы толық және сенімді
ақпаратпен қамтамасыз ету табылады;
Мекеменің бухгалтерлік есебі келесі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
табыс болып – ол алынғанда, ал шығыс болып – шығысталғанда есептелінеді.
Қаржылық есептілікті жасау кезеңі болып күнтізбелік жыл саналады.
Алдыңғы жылдардың қаржылық есептілігін құрған кезде кеткен қателердің
аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс
немесе шығынды есептегенде ескеріледі (балама тәсіл қолданылады). Мекеметің
қаржылық есептілігінің негізгі сапалық сипаттамасы болып түсініктілік,
орындылық, мәнділік, нақтылық және салыстырмалылық табылады.
Қаржылық есептілік ҚЕХС концепциясына сәйкес жасалады және оның құрамына
төмендегілер кіреді:
– бухгалтерлік баланс;
– пайда және зиян туралы есеп;
– ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
– меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
– түсініктеме хат.
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның
қорытындысы берілгеннен кейін мекеменің қатысушысына ұсынылады.
Бухгалтерлік құжаттама бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар
жұмыс шоттар жоспарының классификациясына сәйкес болуы керек.
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың
келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б.
табылады. Филиал басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар
тұлғаларды анықтайды және тұлғалардың қызметіне, әрекет ету айналымына және
операцияның мәніне байланысты қол қою құқығының сатылы лауазымын бекітеді.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Бейнеу жол дистанциясы филиалы бастапқы құжаттарды,
бухгалтерлік есеп регистрларын қағаз түрінде және электронды түрде, яғни
комьютерлерде сақтайды, сондай-ақ қаржылық есептілікті және есеп саясатын
да Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген мерзім аралығында сақтайды.
Бухгалтерлік есептегі қаржылық – шаруашылық операцияның дұрыстығы және
толықтығы, салық базасының қалыптасуына әсер ететін әсіресе:
- өнім өткізілімі туралы ақпаратты шоттар бойынша ортақтастыру үшін,
шығындардың, қаржылық қызметтің нәтижесін пайдалану және қалыптастыру;
- салық төлеушінің меншігіндегі теңге және шетел валютасы түріндегі ақша
қаражатының қозғалысы; тауарға (жұмыс, қызмет) қолданатын бағаның
дұрыстығы, өзара байланысты тұлғалардың арасындағы келісімшарт бойынша
салық мақсаты үшін тауар айырбас операциялар бойынша, сыртқы сауда
келісімін жасау кезінде байқалуы;
- негізінде жіберілетін бағаның ауытқу шегі, бірыңғай тауар немесе
қызметтер бойынша салық төлеушінің қолданатын бағасының деңгейінен келісім
бойынша;
- Заңнамамен қарастырылған салықтық ставканы қолдану негізділігі,
жәрдемақы, төлеуге жатқызылған салық сомасының аудару дұрыстығы.
Салық есебінің толыққанды мәліметтері салықтың заңнама және мекеменің
өндірістік қызметін есепке алғанда аудитордың салықтық талдау жүргізуі үшін
қызмет етеді. Сонымен қатар зерттелетін кезең үшін жинақтар мен салық
сомасының динамикасы анықталады. Әрбір позиция бойынша төлемдердің базистік
өсу реті есептелінеді. Динамикасында маңызды өзгерістер болған салықтар
көрсетіледі.
Алдын-ала оның пайда болу себептері анықталады. Әр жыл сайын зерттелетін
кезең үшін жинақтар мен салықтардың құрылымы есептелінеді. Тексерілетін
кезең ішінде болған өзгерістерге осыған себеп болған және салықтың үлкен
мөлшері қатынасында сипаттама беріледі. Жинақпен салықтың құрылымы және
динамикасындағы болған маңызды өзгерістердің факторлары көрсетіледі.
Тексеріс кезінде аудитор үшін ерекше маңызды салыққа қатысты оның
көлемін ғана емес, сонымен қатар шаруашылық субьектісінің салық жүйесіне
әсерін тигізетін сапалық сипаттамасын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу
болып табылады.
Салықтар мен жинақтар төлем көзі және обьекттің белгілері бойынша
бөлінетін болғандықтан аудиторға барлық төлемдерді салық төлеу көзінің
критерийі бойынша топтауы қажет.
Сонымен қатар мекеме қызметінің бөлек көрсеткіштеріне аналитикалық
коэффициенттерді мақсатты есептеу қажет.
1.Айналымнан түскен түсімге кіретіндігі:
- салық пен алымнан барлық сомаға қатынасы айналымнан түскен түсім
тікелей салық алымның барлық сомаға қатынасы айналымнан түскен түсім салық
сомасының кәсіпорынның пайдасына қатынасы реализацияның түскен түсім, салық
сомасының мүлікке кәсіпорынның мүлкіне қатынасы айналымнан түскен түсім;
2.Кәсіпорынның пайдасына салықтың пайдадағы салықтың баланстық пайдадағы
мүлікке қатынасы;
Салық және алым сомасының өндірілген қаржылық нәтижеге қатынасы
балантағы пайдадағы салық және алым сомасының,өндірілген таза пайдаға
қатынасы, баланстағы пайдаға.
3.Кәсіпорының шығындық көлемі:салық және алым сомасының өз бағасына
қатынасы.

Кесте-2. Негізгі сатылар және кәсіпорында салық талдауының
бағдарламасы.

Саты Салық талдауының мазмұны мен негізгі бағыттары.
1.Кәсіпорындағы 1.1. Зерттеу кезеңіндегі уақытта салық және
абсолютті салық алымының талдауы.
жүктемелерін талдау. 1.2.Зерттеу кезеңінде кәсіпорын төлемінің салық
және алымын талдауы.
1.3. Салық төлемінің динамикасы мен құрылымының
факторларының талдауы.
2. Кәсіпорындағы салық 2.1. Кәсіпорындағы жалпы салық жүктемелерінің
есебіне қатысты талдау.талдауы.
2.2.Салық жүктемелерінің жалпы аналитикалық
коэфицентінің талдауы.
2.2. Салық жүктемелерінің жеке аналитикалық
3.Кәсіпорынның салығы коэфицентінің талдауы ерекшеленген нақты
және алымдары бойынша экономикалық талдауы үшін.
қарыздарын талдау. 3.1.Кәсіпорынның салығы және алымы бойынша
қарыздардың динамикасын талдау.
3.2. Кәсіпорынның салығы және алымы бойынша
қарыздарының құрамын талдау.
3.3. Кәсіпорынның қарыздарының сомасы ,салық және
алымдар сомасының арақатынасы.
3.4. Кәсіпорынның қарыздары пайда болған
факторларын талдау.

Бюджетке төленетін міндетті және міндетті емес төлемдер көрсеткіштерін
талдауда анықталған барлық аналитикалық коэфиценттеріне көптеген
сипаттамаларға ие, олар жыл сайын кестеге тіркеліп және талданады. Олардың
динамикасы қорытынды беталыстарды шығару мүмкіндік береді, кәсіпорынның
салық салу жүйесінде пайда болған және ресурс кезіндегі тексеру
обьектісінің іс - әрекеттерінің деңгейінен пайда болған қорытынды
беталыстарды шығаруға мүмкіндік береді.
Ең негізгі маңызды сәт – кәсіпорының бюджетке және бюджеттен емес
қорға және осы құрылымдық қарыздарын талдау.
Міндетті түрде жыл сайынғы ішкі тексеру кезінде кәсіпорын қарыз
сомаларын жалпы салық есебінің сомасы және міндетті төлемдер бойынша,
сонымен қатар мынадай түрдегі төлемдерден, әсіресе өте көп мөлшерде
қарыздарының көбейуінен (ҚҚС пайдаға төленетін салық, акциздер және т.б.)
есептеу керек. Жеке салық және алым бойынша динамикада және қарыз
құрылымында көрсетілген беталыстар төлем сомаларының қатынасындағы
аудиторға мүмкіндік береді:
Талдай келе салықты анықтауға, осыған орай көптеген қарызынан пайда
болған; жылдық тексеру кезеңінде бюджеттен ішкі және бюджеттік емес
міндетті төлемдер бойынша есеп айырыса алмағанның ерекшелеу керек.
Міндетті төлемдердің ішіндегі салық төлем төлеушілерге түсеті ауыр
салмақтың түрін ерекшелуі керек.
Бюджетке төленетін төлемдерді Қазақстан Темір Жолы компаниясының ішкі
аудиторлық бөлімі жоспарлы тексеруден өткізе отырып, филиал қызметін талдай
келе салық және алым бойынша қарыздарының пайда болған себебімен
факторларын анықтау міндетті. Осылай талдау барысында кәсіпорынның қаржылық
жағдайындағы міндетті төлемдердің алатын орнын, көлемін және көлемін азайту
жолдарын қарастырып табысты көбейту мүмкіншіліктерін анықтау қажет.
Бюджетке төленетін кәсіпорынның төлемдеріне негізгі болып салықтар деп
танып отырғандықтан, онда біз байқайтынымз қазіргі жағдайдағы
республикамыздағы салық төлеушілер үшін салықтық ауырпалық әлі де жоғары,
олардың ішінде көбісінің тиімділігі де төмен екендігі. Экономиканың кез-
келген тұрғысынан дамыған елдерде салық салудың ауыртпалығы, салық салу
деңгейін көрсетуші сипаты болып табылатындығы баршаға мәлім. Алайда,
салықтық ауыртпалық пен салықтар деңгейінің ауырсалмағын анықтайтын, жалпы
қабылданған, бекітілген әдістемесі жоқ. Салықтық ауырпалықтың ауырлығы
туралы жанама түрде түсінік бере алатын жекелеген көрсеткіштер бар.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарға негізделіп салықтық бақылау
Қазақстанда салықтық заңдылықтың тұрақтылығын төмендегі қағидаларға алып
келгенде тиімді болатындығын белгілеген болады:
– Еңбек пен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру;
– Өнім шығарудың көлемін көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға
мүмкіндік туғызу;
– Салық салынатын табысты көбейту нәтижесінде тұтынуды көбейтуге
мүмкіндік туғызу;
– Мемлекеттік бюджетті тиімдірек пайдалануға, экономиканың жағымды
секторларға мемлекеттік кірістің шектеуге мүмкіндік туғызу;
– Бағалар мен инфляцияның деңгейін тұрақтандыру;
– Ресми және көлеңкелі экономиканың ара қатынасын тиімді ету;
– Бюджетке төленетін төлемдердің бухгалтерлік есептілікте қысқартылған
түрлерін қалыптастыру
Бюджетке төленетін төлемдерді бақылаудың жұмысының тиімділігі
экономиканың нақты жағдайын талдау жолымен анықталады, сондықтан оның
негізіне елдің территориясында әрекетте болған салық салу жүйесінің ғылыми
негізделген бағалау салынуы тиіс. Жалпы салықтық саясаттың келісу процессі
жасалатын салықтың бақылауға сәйкес таңдалған бағыт нарықтық экономиканың
Қазақстандық моделі ерекшеліктерінің есебімен құрылады.
2 Міндеттемелер түрлері және олардың есебі

2.1 Ағымдағы міндеттеменің түрлері: қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелер есебі

Жалпы міндеттемелер мерзімі бойынша 2 түрге бөлеміз, яғни қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Кәсіпорынның Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер тармағындағы
шоттарда бір жылға дейінгі уақытқа алынған банктердің займдары, банктік
емес ұйымдардан алынған займдар, акцияларға есептелінген және төленетін
дивиденттік сомалар және жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлғаларға
есептелінген табыстар, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы
бөлігі мысалы, қаржылық жалдау, займдар, сондай-ақ басқа да қысқа мерзімді
қаржылық міндеттемелердің есебі жүргізіледі.
Банктердің несиелерін есепке алу. Қысқа мерзімді несиелерді беру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен Қысқа мерзімді несиелерді
ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық
банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге
асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеттілігі бар ұйымдарға беріледі.
Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін
толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.
Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру
көздерінің бірі болып табылады (меншікті және қарыз қаражаттарынң қатынасы
6040 -тан аспауға тиіс).
Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем
қаражаттарының көзі ретінде пайдаланатын ақша қарызы түрінде (ссудасы)
түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті
заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен
реттеледі. Онда несиелендіру обьектілері, несие берудің шарттары мен
тәртібі, оны өтеудің мерзімдері, міндеттемелерді өзара қамтамасыз етудің
нысандары (кепіл), пайыздық қойылымдар, оларды төлеудің тәртібі,
тараптардың құқы мен жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды
тапсырудың мерзімділігі және т.б.
Нақты бір қарыз үшін банкке жүгінбес бұрын субъект:
1. Оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін ойластыруға;
2. Несие беру мерзімдері, пайыздық қойылымдардың мөлшері және басқа
талаптар тұрғысынан әр түрлі банктердің несие беруінің және өтеуінің
талаптарын бағалап алуға тиіс.
Әдетте, кәсіпорын несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны
жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрде
банкке өтініш-міндеттемесін білдіреді.
Банк кәсіпорынның қарызды уақытылы қайтару және проценттер төлеу
мүмкіндіктерін бағалап, оның төлем қабілеттілігі мен табыстылығына талдау
жасайды. Ол үшін банк баланс пен басқа есептемелерді сұрап алуға, несиенің
тиісті тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін тексеруді
жүзеге асыруға, есеп беру құжаттарымен, есептік тіркелімдермен танысуға
құқылы.
Кәсіпорынның несие алу үшін несиенің қамтамасыз етілгендігі мен қарыздың
қайтарылуы шындық екендігін растайтын құрылтай құжаттарының, есептеулердің,
бухгалтерлік және статистикалық есеп берулердің көшірмелерін қоса тіркеп,
банкке өтініш жібереді. Қысқа мерзімді несиелер бір жылға дейінгі мерзімге
беріледі. Несие екі жақ арасында жасалған келісім-шартқа сай беріледі.Бұл
келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және
олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануын және
қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің
барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі,
қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны
ашылады.
Қысқа мерзімді несиелерді, займдарды алуға және сөндіруге байланысты есеп
айырысу- несиелеу операциялары, ұзақ мерзімді несиелерді (займдарды) алу
және оларды сөндіру операциялары сияқты жүргізіледі. ҚР-сы аумағындағы және
шетелдегі ұлттық және шетелдік валютадағы түрлі қысқа мерзімді несиелер
туралы ақпаратты жинақтауға 3010 "Қысқа мерзімді банктік займдар" шоты
арналған:
1. Алынған қысқа мерзімді несиелердің сомасы кәсіпорынның шоттарына
есептелген Д-т 1030, 1050 К-т 3010.
2. Банк несиелері есебінен аккредитивтерге ақша қаражаттары есептелді Д-
т 1060 К-т 3010.
3. Банк несиелері есебінен чек кітапшалары берілген кезде қаражаттардың
депоненттелуі Д-т 1060 К-т 3010.
4. Алынған несие есебінен ашылған арнайы ссуда шотынан жеткізушілердің,
мердігерлердің шоттары төленді (егер алынған несие кәсіпорынның шоттарына
есептелмейтін болса) Д-т 3310, 3390 К-т 3010.
5. Несиені қайтару, өтеу Д-т 3010 К-т 1030, 1050.
6. 12 Қорлар ҚЕХС бойынша несиені төлеуге жұмсалған шығындар өндірістік
өзіндік құнға қосылмайды және солар жұмсалған есепті кезеңнің шығыстары
ретінде танылады:
а) есептелген банктік %-дің сомасына Д-т 7310 К-т 3380;
ә) % төлеген кезде Д-т 3380 К-т 1050, 1030.
3010-шоттың кредиті бойынша жинақтаушы есеп №4- журнал-ордерде
жүргізіледі.
Қолданыстағы банк заңдарына сәйкес ҚР Ұлттық банкі ҚР ақша-несие саясатын
жүзеге асырудың бір құралы ретінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасын
белгілейді. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын Ұлттық банктің Басқармасы
ақша нарқының жалпы жағдайына, несиелер бойынша 0 мен 3, инфляция мен
инфляциялық күтімдердің жалпы жағдайларына байланысты белгіленеді. Қайта
қаржыландырудың ставкаларының мәселесі айыппұлдың, өсімақының және өзге
шегерімдердің анықталған сомаларынан бастау алады.
ҚР-сының компаниялары өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға
құқылы. Несие заңды тұлға - резиденттерге қолма-қолсыз, ақшасыз тәртіпте
ғана беріледі. Валюталық құндылықтарды өкілетті банк кепілдік ретінде заңды
тұлға - резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және ол шетел және
ұлттық валютада беріледі. Осы аталған жағдаймен байланысты шоттар
корреспонденция келесідей жасалады:
1. Несие влюталық шотқа аударылған кезде Д-т 1050 К-т 3010;
2. Несиенің пайызы есептелінді Д-т 7310 К-т 3380;
3. Белгіленген мерзімде марапаттау сомасы негізгі қарыздың сомасына
жатқызылды Д-т 3380 К-т 3010;
4. Алынған несие үшін марапаттау сомасы төленді:
а) бағамдық айырма сомасына Д-т 7430 К-т 3380;
ә) төленген марапаттау сомасына Д-т 3380 К-т 1050;
5. Негізгі қарыздың сомасы өтелді Д-т 3010 К-т 1050;
6. Несиені алған және өтеген күндеріне сәйкес, бағамдық айырма сомасына Д-
т 7430 К-т 3010.
3010 шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі
жүргізіледі.
Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу. Қарыз негізінен
келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа
(қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде
қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерін орындауды өз
міндетіне алады. Сондықтан берілген несиені есепке алу үшін 3020 "Қысқа
мерзімге алынған қарыздар" деген шотын пайдаланады. Бұл пассивті шотта
еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз берушілердің (банктерден басқа)
мәліметтері жинақталады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау
Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқару бойынша теориялық негіздері
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Кәсіпорын қаржысының банкроттық жағдайы
Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру
Кәсіпорынды антикризисті басқару негіздері
Пәндер