Ақша-несие саясаты туралы



КІРІСПЕ

І. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ақша.несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары
1.2. Ақша нарығындағы операциялар



ІІ. ҰЛТТЫҚ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУ СИПАТЫ

2.1. ҚР Ұлттық банкінің ақша.несие саясатын жүргізу барысы
2.2. Ұлттық ақша.несие саясатының мәселелері, даму сипаты


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Экономиканың дамуы барысындағы әр түрлі пікірталасты мәселелерді шешу макроэкономика ғылымы арқылы жүзеге асырылып отыратыны белгілі. Экономиканың жедел дамуы, өндірілетін өнімнің өсуі, инфляция мен жұмыссыздық кезіндегі төлемнің балансы, айырбас курсы сияқты мәселелердің бәрі осы макроэкономика ғылымындағы зерттелетін жағдайлар. Ал осы экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат – бюджет-салық, қазыналық, ақша-несие, монетарлық саясаттың жүргізілуімен іске асырылып, осы арқылы мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылықты орнатып, оны ұстап тұруға жұмыстанады. Осыған байланысты әр мемлекет өз экономикасының оңды дамуы барысында макроэкономикалық саясаттың белгілі бір қатесіз, дұрыс таңдап алынған бағытын басшылыққа ала отырып жүргізуді өзекті мәселелердің бірі ретінде санайды.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған ақша-несие саясатының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының шетелдік банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмай отыр.
Қазақстанның ақша-несие саясатының дамуы әрине ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгізілуімен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда банк жүйесін реформалау бағдарламасының Қаулысын бекітті. Ол реформа ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдарын дамытты. Міне, осы кезден бастап елімізде теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеу мақсатында ақша-несие саясаты жүргізілуде.
Алдымен ақша-несие саясатының не екенін түсіндіре кетсек, ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындықтарын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда, ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қатынастарының мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды, қаржы-несие институттарының, екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға тиісті және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы, мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған кредит мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр.
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы, Экономика.
2003. – 227 бет.
2. Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банк. Алматы, Экономика. 2000. – 85 бет.
3. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Алматы, Экономика. 2006. – 3
бет.
4. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Алматы. 1997. – 430 бет.
5. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория. Алматы. 1995. – 32 бет.
6. Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже
21 в. Алматы. 1997. – 31 бет.
7. Рахматуллина Г.Г. Приоритеты экономической политики Казахстана.
2006. – 56 бет.
8. Назарбаев Н.А. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында. Алматы. 2005.
9. Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030. Алматы, Юрист. 2005.
10. Назарбаев Н.А. Новое время – новая экономика.
11. Досжанова Ш. «ҚР қаржы-несие жүйесінің дамуы». ХХІ ғасырдағы
мемлекет және бизнес халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. Алматы. 2003.
12. Банки Казахстана № 2. 2007. – 2 бет.
13. Саясат – Policy № 1, 2. 2007.
14. Деловая неделя. № 19. Инфляция – дело рукотворное. 2005. – 4 бет.
15. Қаржы. Қаражат. № 14. Серікбаева Ж. «Экономиканы ақша-несиелілік
реттеудің кейбір аспектілері» 2005. – 81 бет.
16. ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені.
17. ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері.
18. ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. 2003.
19. Статистический ежегодник Казахстана. Агенство по статистике РК.
Алматы. 2004. – 160 бет.
20. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің
Заң күші бар Жарлығы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Экономиканың дамуы барысындағы әр түрлі пікірталасты мәселелерді
шешу макроэкономика ғылымы арқылы жүзеге асырылып отыратыны белгілі.
Экономиканың жедел дамуы, өндірілетін өнімнің өсуі, инфляция мен
жұмыссыздық кезіндегі төлемнің балансы, айырбас курсы сияқты мәселелердің
бәрі осы макроэкономика ғылымындағы зерттелетін жағдайлар. Ал осы
экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат – бюджет-салық,
қазыналық, ақша-несие, монетарлық саясаттың жүргізілуімен іске асырылып,
осы арқылы мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылықты
орнатып, оны ұстап тұруға жұмыстанады. Осыған байланысты әр мемлекет өз
экономикасының оңды дамуы барысында макроэкономикалық саясаттың белгілі
бір қатесіз, дұрыс таңдап алынған бағытын басшылыққа ала отырып жүргізуді
өзекті мәселелердің бірі ретінде санайды.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру
үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған ақша-несие саясатының, банк
қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие
саясатының шетелдік банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре
беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен
мүмкін болмай отыр.
Қазақстанның ақша-несие саясатының дамуы әрине ұлттық валютамыз –
теңгенің қолданысқа енгізілуімен тікелей байланысты. Қазақстан
Республикасының Президенті 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда банк
жүйесін реформалау бағдарламасының Қаулысын бекітті. Ол реформа ақша-
несиелік реттеудің әдістері мен құралдарын дамытты. Міне, осы кезден
бастап елімізде теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны
төмендету, айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін
өзгерту, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеу мақсатында ақша-несие
саясаты жүргізілуде.
Алдымен ақша-несие саясатының не екенін түсіндіре кетсек, ақша-несие
саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-
несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және
қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындықтарын бастан өткізуде.
Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда, ауыр инфляция жағдайында
ақша-несие қатынастарының мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды,
қаржы-несие институттарының, екі буынды банк жүйесінің, нарықтық
экономикаға тиісті және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы,
мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары
монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған
кредит мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді,
динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік-ауқаттылығын
қалыптастыру үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиялық
жоспары Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-
ауқатының артуы атты тақырыппен жасалды және 7 маңызды көрсеткіштер
қатарында дұрыс экономикалық саясатты жүзеге асыру маңыздылығын атап
көрсеткен.
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым мен міндеттерімді
келесідей топтастыруыма болады:
• Ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру
• Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын қарастыру
• Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының рөлін анықтау
• Ақша нарығындағы операцияларды талдау
• Қазақстандағы ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына
талдау жасау және даму деңгейін бағалау

І ТАРАУ. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні мен негізгі
құралдары

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды
қағаздарды алып-сатумен айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық қаржы
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктердің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық
банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер
ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін,
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-
кол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. [1]
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие
саясатының екі типі болады:
1) рестрикциялық ақша-несие саясаты
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші дәрежелі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады. [2]
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі
ә) толық жұмысбастылық
б) бағаны тұрақтандыру
в) төлем балансын тұрақтандыру
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны
б) пайыз мөлшерлемесі
в) айырбас курсы
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі
в) ашық нарықтағы операциялар
Тікелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында
айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының
дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер
кезеңінде тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары
алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды
ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты
ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізеді.
Нысанаға алатын ақша базасы келесі ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- Қазақстан Ұлттық Банкінде жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған
қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының
мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру
(қатаң монетарлық саясат); 2) пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді
монетарлық саясат).
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды
жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық
саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.
Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен
байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық
үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң
саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде
бейнелейді.
Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты
айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты
деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы
горизонталды болады. Ls қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға
сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (1-сурет), пайыз мөлшерлемесіне (2-
сурет) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз
мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты
пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны
сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін
жасайды (Бұл құбылыс Ld қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде
өзгереді).
Мұндағы R – пайыз мөлшерлемесі.
M – ақша жиыны.

2-сурет. Салыстырмалы түрде 1-сурет. Салыстырмалы
түрде
қарағанда қатаң ақша саясаты қарағанда икемді ақша
саясаты

Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы
саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие
саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының (MP)s
мәнінің өзгеруі;
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың
(әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында
тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал
етеді.
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің
қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл
өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. мұндай
саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиенің
арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.
Ақша нарығының реакциясы Ld қисығының тікшелеу болуынан ақшаға
сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал
болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі
әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне
әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір
төмендеуіне алып келеді. (3-4 – суреттер).

3-сурет. 4-
сурет.

Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық
сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына
инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында
пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз
мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы
байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың
мультипликаторлық мәнінің кеңейуі пайда болады.
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының
төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе
пайыз мөлшерлемесінежиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен
ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық
экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде
табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі.
Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дұрыс
әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір
тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек
мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу
болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциондық сұраныс
өседі. Нақты ЖҰӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:
(MP)D=kY-h*R. Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі,
демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін Орталық банк ақша
ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және
инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында
Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін ақша ұсынысын
азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп,
экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.
Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Орталық банк
ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан
облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша
ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай
екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (cr және rr). Халық депозиттегі
қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда CD=cr өседі,
банктер артық резервтерін өсіреді, ол RD=rr мәнін өсіреді.
Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай
ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.
Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім
қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық
белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ
көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің
саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда
дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы
курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және
азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып
алғанда экономикада ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын
бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет
экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай
іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай
жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды. [1]

1.2. Ақша нарығындағы операциялар

Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша
жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің
бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялар.
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның
негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын
шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарын сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында
Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің
резервтік шотына қайта аударады.
Осы аталғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік
мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып
алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса,
банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше.
Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе
ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін
салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір
бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады. Міндетті
резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі
арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы,
жедел салым талап етілген салымнан төмен болады. Банктер артық резервтерді
сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс
өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті
төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделері
қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін
қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру
қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін
реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18-20 % мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5 % құрайды. Банктер
резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы
қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана
қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл
банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы
қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап
отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдегі тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде
болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең
төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары
деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына,
депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті
резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында
сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің
АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір
көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу
қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің
басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің
артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай жанама жолмен
коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы
тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау
құралы болып табылады.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті
резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктер үшін олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі
резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді
қолданады:
1) міндетті резервтер;
2) резервтеудің баламалы тәртібі.
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындаған сайын коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға
пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша
мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен
Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының
динамикасына әсер етеді.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі,
өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор
арқылы жүргізгенде үлкен болады.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.
Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық
банктен қарыз алу азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан
соң қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады.
Экономикада ақша ұсынысы төмендейді. Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше
әсер етеді. Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден
төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік
қиындықтарға тіреледі. Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің
резервін толтыру үшін беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік несиелерді Орталық
банк ерекше жағдайларда береді.
Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық
банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына
байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі
банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге
асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты
аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие
үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін
орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты
ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. [1]
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін
белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы
жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты
белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкі мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын
мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың
мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары
пайыз мөлшерлемесі шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның
көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы
ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк
мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші
деңгейдегі банктер үшін Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа
мерзімді шоттары бойынша банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа
мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс
болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

2 ҰЛТТЫҚ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ
ДАМУ СИПАТЫ

2.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізу барысы

Қазақстанда белсенді ақша-несие саясатын жүргізу мүмкіндігі 1993
жылы ұлттық валюта – теңгенің пайда болуымен байланысты. Жалпы экономикалық
саясат экономикалық процестерге монетарлық әсер ету әдістерін қолдануға
негізделген еді. Соңғы уақыттарға дейін бұл әдістер инфляция динамикасына,
валюта бағамы және пайыз ставкаларының өзгерісіне, сонымен қатар
экономикалық өсу қарқынына әсер ету үшін қолданылып келді. Ақша айналымын
реттейтін несие жүйесі арқылы несиелік қатынастар пайда болды. Несие жүйесі
– несие қаржы институттарының жиынтығы болып еркін ақша капиталының
жинақталуын қамтамасыз етіп, сондай-ақ үкіметке, фирмаларға, жеке
тұлғаларға ақша қорын ұсынды. [5, 32 б]
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу
– ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті. Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының
көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен
шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу
мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және
банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-
ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айнымалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге және тиынды) эмиссиялау, яғни номиналдардың құрылымын,
теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап,
дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен
тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін
ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен
және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді
Ұлттық банк – екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші.
Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз
етілген немесе қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы
белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп
айырысу формалары мен тәртібін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Ақша - несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша - несие саяасатының теориялық негізі
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Банктің несие саясатының түрлері
Ақша - несие саясатының құралдары
Ақша саясаты
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Пәндер