«Астана: жас қала - жастар қаласы»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Телерадио кафедрасы
Диплом (Бітіру) жұмысы
Жастар және уақыт талабы
«Астана: жас қала - жастар қаласы»
Орындаған 4 курс студенті Сая Меңдеке
Ғылыми жетекші Әбдіжәділқызы Жидегүл
Норма бақылаушы:
Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілді Бейсенқұлов Аязби
Алматы 2010
Кіріспе
Келешекке қол созған елорда
Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы. Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады. Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, « астана» - табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.
Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады.
Астана ең алдымен, жастар қаласы. Елорда тұрғындарының санын еліміздің барлық аймақтарынан білімге талпынып, жұмыс іздеп, арман қуып келген жігіттер мен қыздар еселеп өсіруде. Олардың бір-бірімен танысып, жүректері табысып, шаңырақ құрып жатқаны еліміз бен қоғамның іргетасын нығайтып жатқанының белгісі. Астананың бүгінгі ажарын жастардың кескін-келбет, бет-бейнесі, өмір салты, армандарымен салыстыру ләзім. Екеуіне де жастық жігер, албырттық, талпыныс, жаңаша ойлау еркіндігі, сұлулық пен сымбат тән.
Астана - бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.
Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілердің жобалауына шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды. 2002 жылы қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға жол ашқан “Астана - жаңа қала” арнайы экономикалық аймақты құру туралы Жарлық шықты. Елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. Ең үздік бас жоспарына екі конкурс жарияланды. Екінші конкурсқа Ресей, Италия, Жапон, Австралия, Германия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Беларус және т. б. елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты.
Жеңіске әлемдік сәулет өнерінің шебері және танымал теоретик Кейшо Курокава жетті. Астананы дамыту негізі етіп, сембиоз, метаболизм және абстракциялық символизм идеяларын алды. Жапон сәулетшісі үшін қала - бұл қоршаған ортамен тамаша үйлесіп жатқан жергілікті ландшафтқа көрік беріп тұрған тірі организм. Бұл идея Есілдің жағасында кең далада бой көтеріп келе жатқан Елордаға сәйкес келді. Ең басында-ақ құрылысшылардың алдына қалананы сәулетті, жарық, үйлесімді және ыңғайлы салуға тапсырмалар жүктелді.
Қаланы салуда және оны қайта жаңартуда міндетті түрде әлемнің озық тәжірибелері мен дәстүрлі жетістіктер қолданылды. Бірінші кезекте, қаланың бұрынғы орталық көшелерін қайта күрделі жөндеуден өткізу, оны елорда мәртебесін сай жасау міндеті тұрды. Бұл жұмысты жүргізген кезде ашық түстерді көбірек қолдануды тапсырды. Екінші кезекте, Есілдің сол жағалауында арнайы әкімшіліктің құрылысы басталды. Келесі жылдың күзінен бастап орталықтың жұмысы толық ұйымдастырылатын болады.
Осы жылы тағы да бір маңызды әкімшілік орталық - Министрліктер үйі пайдалануға берілді. Аталған нысанның жалпы аумағы - 228 мың шаршы метрді құрайды. Нысан құрылысы шамамен 1, 5 шақырымды қамтиды. Онда 20 блок бар. Министірліктер үйінде жұмыс кабинеттері мен офистік бөлмелермен қатар 4 конференция залы, 6 асхана, мұрағат, мұражай, емхана орналасқан.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтар арман қуып елордаға келеді. Олардың басым бөлігі осы жерде ғашық болып, отбасын құрып, ұрпағын жалғастыруға бел буған жастар. Арман қуып Астанаға келген жастардың өз бақыттарын ерке сылқым Есілдің толқынды жағалауынан тауып жатқаны қандай керемет! Демалыс күндері Елорда көшелеріне ерекше сән беретін құбылысты - үйлену тойының салтанатты шеруін көріп, іштерінен «бақытты болыңдар!» деген ақ тілекпен ұзатып салмаған жандар кемде-кем болар. Астана қай жағынан алсақ та, жас қала. Сол себепті балалардың сәтті білім алып, тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына барынша ыңғайлы жағдайлар жасау қалалық биліктің басым бағытты міндеттерінің бірі. Бүгінгі күні елордада 177 білім беру нысаны бар: 38 мемлекеттік және 15 жеке балабақша, 64 мемлекеттік және 12 жеке мектеп, 5 кәсіби техникалық училище, 5 мемлекеттік және 22 мемлекеттік емес колледж, 1 кешкі мектеп, 1 балалар үйі, 1 арнайы түзету мектеп-интернаты және 14 қосымша білім беру мекемесі.
Жыл сайын мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны артып келетінін айта кету керек. Мектептердегі білім беру сапасы олардың беделіне қарамастан көтерілуде. Жыл сайын Астана ҰБТ қорытындысы бойынша республикада бірінші орынға ие болуы - оның айғақ дәлелі. Тағы бір көрсеткіш - өткен жылы 78 түлек мектепті «Алтын белгімен» бітірсе, 18-і үздік аттестат алды. Бұл мәліметтер былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқушылар болса, республикалық олимпиадаларда ғана емес, халықаралық зияткерлік жарыстарда да өз білімдерін көрсетіп келеді.
Өңірлік ғылыми-практикалық «Астана дарыны» орталығында, сондай-ақ мамандандырылған лицейлерде, гимназияларда, мектептер мен мектептен тыс мекемелерде дарынды балалармен жұмыс жасалып, олардың таланттарын ашу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Есту, сөйлеу, көру қабілеттері нашар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналып 16 жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылды. Мыңнан астам жасөспірімдер арнайы түзету интернаттарында тәрбиелену үстінде. Мұнымен қатар екі реабилитациялық орталық қызмет етуде, ал Астана қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламаларында арнайы түзету мектебін салу қарастырылған.
Кәсіби білім беру жүйесін модернизациялау үшін елордада «2008-2010 жылдарға арналған жоғары білікті жұмысшы мамандықтарының кадрларын дайындау» өңірлік бағдарламасы қабылданды. № 1, 2, 4, 5 кәсіби лицейлері негізінде еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған электр дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, көлік механигі, әмбебап қырнаушы, лифтер, сүт өнімдерінің шебері секілді мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі. Келер жылдарда тағы бірнеше кәсіби техникалық училище өз есіктерін ашады.
Елiмiздiң ертеңi - жастардың тұла бойы тау қопарар қуат пен тың идеяларға толы. Оларды тыңдаумен шектелмей, игi бастамаларының көзiн тауып аша бiлу мен игiлiктi iске бағыттай алудың қоғам өмiрiне берер пайдасы мол. Бүгiнгi таңда жоғары кәсiби бiлiм беру ошақтарының алдында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мiндетi тұр.
Есілдің сол жағалауында салынып жатқан Арнайы экономикалық аймақ құрылғаннан бастап (2006 жыл 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) қаржыландырудың барлық көзі бойынша 442, 6 мирд. теңге бөлінген, оның 239, 4 млрд. теңгесі игерілді.
Қас қағым сәтте адам айтқысыз тез өсіп келе жатқан Астана саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамтанушылардың және сәулетшілердің де қызығушылығын оятып отыр. Сондықтан да болар елордада бой көтерген жеке нысандарға шетелдік сәулетшілер де өзінің үлесін қосуда. Мысал үшін, Астана салынып жатқан британдық шебер Норман Фостердің екі жобасын алуға болады. Біріншісі, Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы және “Хан шатыры” атты сауда ойын-сауық орталығы. Бұл нысан ұлы көшпенділердің озық дәстүрі мен мәдениетін негізге ала отырып бой көтерген.
Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25, 5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы - өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай. Бұл жерге әртүрлі әлемдік діни дәстүрлердің өкілдері қатысатыны, Мәдениет мұржайында, Өркениет Университетінде, 1500 орындықты опера театрында бас қосатыны ақылға қонымды. Бұл тамашаға қолдау көрсететін төрт мықты тіреуіш - символдық «әлем алақаны». Бұл - діни татулықтың, Қазақстанның еркі мен ашықтығын білдіреді. Пирамида Есілдің сол жағалауымен оң жағалауын байланыстырады. Құрыш, алюминий, көптеген арнайы шыны конструкциялар, техникалық ғаламат ойлар, сәулет өнеріндегі жаңашылдық - ғимаратты шындығында ғажайыпқа ұқсатады.
«Хан шатыры» ойын-сауық орталығы Астанадағы ғажайып орындардың бірі болмақ. Жаңа қаланың осінің солтүстік жағын ала бере, көздің жауын алатындай, екі жүз метрлік сұлу ғимарат бой көтермек. Атауының өзі айтып тұрғандай, қала тұрғындары мен қонақтарының алдынан көшпенді алыптың қолымен тұрғызылған хан шатырлары есіктерін айқара ашып, көпшілікті таңқалдырмақ. Бірегей сәулет-құрылыс тұжырымдамасының өзі ежелгі Сарыарқаның қатал климатына бір өзі төтеп беретіндей ойластырылған. Елорданың жаңа ойын-сауық орталығында бірнеше табиғи ландшафт ұсынылады. Жарық, ылғалдылық пен температура жыл бойы бақыланып, ауа райы қатал аймақтың тұрғындары үшін жайлы орынға айналады. Масатыдай құлпырған жасыл желекті баспалдақты дәлізді көргенде, еріксіз есіңізге климаттық белдеу түседі. Соңғы үлгідегі материалмен қапталған ғимараттың құрылымы арқылы түскен табиғи жарық айналаны нұрға бөлегендей.
«Астана-Бәйтерек» монументінде барлығы символға құрылған, алтын шапақты күн мен оның 97 метрлік биіктігі, әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге де мәлім. Бұл темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек, сәулеттік өзгеше ойымен, өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, ол жерге қағылған 500 қадаға орнатылған. Диаметрі 22 метрлік, күн сәулесінің әсерінен мың құбылатын, салмағы 300 тонналық «хамеолеон» әйнегінен жасалған шар, әлемде тұңғыш рет осындай «рекордтық» самғау биікке көтерілді. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.
"Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдык кешені. Қазақстан кең байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба «Каздизайнда» белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында жүзеге асты. Табиғат пен адамның тартуынан тұратын танымал Қазақстанның кішірейтілген нұсқасы 1, 7 гектар ауданды - екі футбол алаңын алып жатыр. Мемлекет басшыларының аллеясы таяу жерде орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған монументпен байланысады. Қартада 14 облыс пен бірге республикалық маңызға ие, Астана, Алматы қалалары орналасқан.
«Жастар» сарайы - қала тұрғындарының бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналған, бұл ғимарат жергілікті жердің тарихы мен сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Сарай - төрт қабатты, бұл үлкен кешендер - көрермен залы мен сыйымдылық мүмкіндігі 1400 көрермендік спорт залынан тұрады, мұнда байланыс пен ауыстыру жүйесінің байланысы жүзеге асырылған. 2001 жылы сарайдың алдыңғы жағы қазіргі заманғы материалдармен күрделі өзгертулерден өтті. Осы орайда, құрылымдық шешімдерімен қоса, жалпы мерекелік салтанатты кейпі де сақталды. «Жастар» сарайы - қаланың қоғамдық және сейіл құру өмірі осы жерде тоғысқан. Бүгінгі күні мұнда 1000-нан аса бала мен жасөспірімдер және еңбекші жастардың жүзден аса өкілі шығармашылықпен айналысады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мұражайы елбасының бұрыңғы резиденциясында орналасқан. Айрықша жиһаздар бен мүліктердің өзіне сай орналасуы біртұтас кешенді құрайды, әрі сол күйінде сақталған. Мұражай жинағының негізін Президентке әртүрлі елдердің сыйлаған кәдесыйлары, кітаптары мен бейнелеу өнер туындылары құрады. Бұл күнде мұражайда 60 мыңнан аса зат сақтаулы. Бұл - мұрағаттық қолжазба мен баспа материалдары, фото мен фотоқұжаттар, бейнелеу және қолданбалы өнер шығармалары, қару-жарақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке заттары мен жеке құжаттары, Елбасының наградаларының керемет жинағы. Мұражай жәдігерлері теуелсіз Қазақстанның даму жолының маңызды кезеңдерін ашады және еліміздің бірінші президентінің өмірі мен қоғамдық еңбегі жайлы хабардар етеді.
Елордада бой көтеретін болашақтағы опера және балет театры елордадағы Сарайшық, Тәуелсіздік, Тұран және Қабанбай батыр көшелері қоршап тұрған аумаққа салынатын болды. Швейцарияның әлемге әйгілі сәулет компаниясы жасаған классикалық үлгідегі театр ғимараты Астананың ірі өнер ордаларының бірі болып қана қоймай, ол өзінің архитектуралық жобасымен де талайды тамсандырмақ. Жалпы аумағы 37, 5 мың шаршы метрден асатын өнер ордасы негізінен үш бөліктен тұрмақ. Кіре беріс, зал және сахна мен оған қажетті жабдықтар тұратын орын. Әдемі баспалдағымен сән-салтанаты келіскен және галереясы бар, биіктігі 14 метрлік кіре берісте әртүрлі салтанатты шаралар мен көрме өткізуге болады. Оның ішіндегі үш қабатты балкондардың әр қайсысына шамамен 250 адам, ал, негізгі залдың амфитеатрына 600 адам жайғаса алады.
Бұл алып ғимарат 133 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Оның биіктігі - 150 метр. Бүгінгі күнге дейін нысанның биік күмбезіне өте қымбат құрылыс материалдары болып саналатын 836 ЕТҒЕ ұяшығының 801-і орнатылды. Аталмыш құрылыста бастапқыда 20 мың, қазір 2 мың құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Кешенді үстіміздегі жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс басшысы Селчок Герпонның айтуынша, «Хан Шатыр» 7 қабаттан тұрады екен. Оның ең жоғары қабатындағы саябақта 2 олимпиадалық бассейннің тереңдігі 1 метр 60 сантиметр. Ал, жағажайға төселген құм арнайы шетелден әкелінген. Алтыншы қабатта фитнес орталығы, одан төменгі қабатта SPA салондары мен түрік моншалары, 4-ші секторда балаларға арналған ойын алаңдары, одан кейінгі екінші қабатта дүкендер мен кинозалдар орналасатын болса, жер астындағы бөлігінде автотұрақ орын тепкен. «Хан Шатырға» бір мезетте 20 мың адам ішінде жүруге болады. Мұнда қысы-жазы үздіксіз жұмыс істейтін теңіз жағажайынан кем түспейтін бассейн жағасындағы құмның үстінде күнге күйіп, демалып жатуға да болады. Алып нысанды салуға бір тиын да мемлекет қаржысы жұмсалмаған. Бұл таза сырттан тартылған инвестицияға салынған.
Сегіз қабаттан тұратын «Шабыт» 30 мың шаршы метрді алып жатыр. Бұл ғимараттың жалпы құны 8, 5 миллиард теңгені құрайды. 8 қабаттан тұратын бұл нысанның бірінші қабатында 500 адамға арналған үлкен зал мен 300 орындық шағын концерттік зал бар. Жоғарғы үш қабатында 215 оқу сыныптары орналасқан. Осында еліміздің барлық өңірлерінен жас таланттар жиналып, шығармашылық қабілетін жетілдіріп, дарынды шәкірттердің өнерін даралауға жақсы жағдай жасалмақ. «Шабыт» орталығы 2010 жылдың тамыз айында іске қосылмақ.
Астананың туристік бағдары да күн санап өсіп келе жатыр. Осы жолда салынған Астанадағы алғашқы бесжұлдызды қонақүйдің бірі - “Интерконтиненталь”. Бар жоғы 2 жылдың ішінде тұрғызылған қонақүйдің тұсауы кесері 1998 жылы маусым айында болды. Ғимараттың жалпы аумағы - 47 мың шаршы метрді құрайды.
Астанананың айқарлы беттерінде елорданың қақ төрінде орын тепкен, еуразияшылдықтың символы болып отырған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңызы зор. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің бастамасымен университетке атақты түркітанушы-ғалым Лев Николаевич Гумилевтің аты берілген болатын. Университетте жиі-жі халықаралық ғылыми форумдар өтіп тұрады. ЕҰУ-не Елбасы, Үкімет басшысы және танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кездесу жасап тұрады. ЕҰУ-де әлемнің ірі тұлғасы болып есептелген Рим Папасы Иоанн Павел ІІ қонақ болған.
2000 жылы пайдалануға берілген Президенттік мәдени орталық астаналықтар үшін ғылыми-рухани орталықтардың бірі болды. Президентттік мәдени орталыққа 570 мың кітап қоры бар кітапхана, 400 орындық концерт залы, Қазақстан мұражайы және шеберхана кіреді. Ғимараттың жалпы көлемі 15 мың 500 шаршы метр. Астананың мәдени-рухани өмірінде ақ-қара түске кезектескен роялға ұқсайтын Қазақ мемлекеттік музыка академиясы. Осы ерекше архитектураның авторы - Сағындық Жанболатов. Астанадағы тағы бір ерекше көзге түсетін ғимаратын ұшатын тарелканы бейнелеген цирк ғимараты. Жобаның авторы - қазақстандық архитектор Төлеген Әбділда.
Астананың көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы автокөлік ағынын ұтымды реттеуге, көшелерді кеңейту арқылы көліккептерістерін болдырмауға, аспалы көпірлер салу арқылы қаланы жаңа әкімшілік орталықпен байланыстыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Көлік инфрақұрылымын кеңейту мен дамыту жұмыстары қала көшелеріндегікөлік ағындарын нақты түрде саябырсытып, Астана қаласының автокөлік жолдарының желілік жағдайын жақсарта түседі, сондай-ақ, қаланың көліктік қатынастарын қамтамасыз ететін жаңабағыттар ашуға жәнеқолданыстағы бағыттарды бөлуге мүмкіндік береді. 2006-2010 жылдар аралығында Астана қаласында жалпы алғанда 20 көлік-инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 4 көпір, 8 көлік түйіні, 8 жерасты жаяу жүргінші өтпелері, 2 жол желілері мен 42 шақырымды құрайтын бірқатар жаңа жолдар пайда болады.
Бүгінде елорда әлемнің 20 жуық елдерімен Ресейдің алты аймағымен достық қарым-қатынаста. Астана үлкен қалалар мен Халықаралық астаналар Ассамблеиасына (МАГ) кірген. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға, ең жоғары белгілердің бірі “Бейбітшілік қаласы” деген атақ берген болатын. Дәл қазіргі кезде әлемнің белгілі сәулетшілерінің қатысуымен Елбасының төрағалығымен құрылысшылар кеңесін құру мәселесі шешіліп жатыр. Осы жылдың қыркүйек айында елордада скульпторлардың халықаралық сиппозиумы өтеді.
Астана архитектуралық сәулетімен ғана емес, бау-бақшаға бөленген қалаға айналды. “Ақ Орда”, “Бәйтерек”, “Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы” және басқа атауларды иеленген ғимараттар қазір сұлулығымен жер жүзіне танылды.
Түнгі қала көрінісі тіптен әсем. “Астана триумфы” атанған, биіктігі отыз тоғыз қабат көп қабатты тұрғын үйдің үстіне көтерілдім. Айта кетейік, аталмыш үйдің он подъезінің әрқайсысына бір-бір вахтер тағайындалған. Қарындасым Ұлжан Берекеқызы сонда қызмет істейді. Оның жолдасы Мұхамед Ғабдырахманұлы - құрылыста аға прораб. Олармен “Астана триумфы” тұрғын үйінің төбесіне бірге көтерілдім. Адам сенгісіз ғажап сурет. Қою қараңғылық электр жарығының самалына малынып тұр. Бүкіл қала алақанға салынғандай.
Сондай-ақ, Астана қаласында көптеген жастар ұйымдары қызмет етеді. Мысалы, «Мүгедектердің жастар қоғамы» жас мүгедектерге көмек көрсетумен айналысса, «Шұғыла-Астана» ұйымы жастарды гуманитарлық және патриоттық тәрбиелеу, жастардың құқығын қорғау мен оны жүзеге асыру бағытында жұмыс жасайды. «Жастар таңдауы Астана», «Жас Star» лигасы, «Алғыр ұрпақ» ұйымдары жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және жастар саясатын іске асырумен, мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде интеллектуалдық және мәдени құндылықтарды насихаттау, жастарды қаланың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатыстыру жұмыстарымен айналысып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz