Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы



Кiрiспе.
1.тарау. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
1.3 Бюджетаралық реттеу.
2.тарау. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен қүрылымы.
2.1 Экономиканы қаржыландыру
2.2 Бюджеттің түсімдері.
2.3 Бюджеттің шығыстары.
3.тарау. Бюджет балансы.
3.1 Бюджет тапшылығы.
3.2 Бюджеттік процесс.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар –ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады. [1]
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар –ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист,2004 ж
2. Салық кодексі – “Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде” ҚР Заңы. – Алматы: Юрист,2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының заңдары.
4. Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета” от 05.08.2002 г. №917.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары.
6. Министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулық материалдары.
7. Бюджетная система Российской Федерации:Учебник / М.В.Романовский и др.; Под редакцией М.В.Романовского, О.В.Врублевской.–2-е изд.,исп.и перераб.- М.: Юрайт, 2000.- 300-615 с.
8. Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации Учебное пособие.- М. Дашков и К,2002- 203-340 с.
9. Зейнелгабдин А.Б. Финансовая система экономическое содержание и механизм использования.-Алматы Қаржы- Қаражат, 1995.- 26-124 с.
10. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюджетов.- СПб: Питер, 2001.- 92-208 с.
11. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК, 1994.-115-268 с.
12. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан: Сборник нормативных правовых актов.- Астана: 2002.- 132 с.
13. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений / Под общей ред.д.э.н. Серикбаева А.С. – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. – 36-194 с.
14. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Учебник.-Алматы,2005 ж – 25-70 с.
15. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы-қаражат, 2001 ж – 104-311 с.
16. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран: Учебное пособие. – М.:Новое знание, 2003. –98-301 с.
17. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж. – 208-416 бб.
18. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 ж. – 6-45 бб.
19. Отебаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмола: 1997 г – 85-103 с.
20. Комментарии к Стандартам внешнего и внутреннего контроля исполнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета – Астана:2003 г – 24 с.
21. Положение о Комитете Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24.05.1999 г. №626
22. Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19.05.2002 г. №674
23. О среднесрочной фискальной политике Правительства Республики Казахстан на 2005-2007 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31.08.2004 г. №918
24. Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.05.2002 г. №592
25. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 05.02.2005 г. №110

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың
құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл
орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-
әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын
ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды
пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы
категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын
әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу
теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны
ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның
қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы
қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар –ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
[1]
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде
қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар
қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар –ақша қатынастарының
жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында
қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын
бейнелеп көрсетедi.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлiгi, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi
субьектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның ролi мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге
асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық
саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар
аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру
мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын
анықтайтын құжат – Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу
шешімі қабылданды. [1, 6-б.]
Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің
қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық –бюджет
саясатының заман талабына бара – барлығының тікелей тәуелділігімен
негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру
мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге,
оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым
секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін
әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
жөне пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бүл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Б. С. Өтебаевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет
жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру
мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық
формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған. [18, 10 –б. ]
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ”Мемлекеттік бюджетті
қалыптастыру жолдары”.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - әрбір шаруашылық жүргізуші
субьектілер іс - әрекеттерінің тиімділігі мен табысқа жету көрсеткіштері,
мемлекеттің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және
мемлекеттің бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстары туралы талдама жасау және нақты
дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет кодексiн шолу,”
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының бюджетінің
ұйымдастырылуының қағидаттары, бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары,
бюджет кірістері мен шығыстарының есеп объектілері, бюджет кірісіне талдау
жасалған.
Екінші бөлімде мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы көрсетілген. Мемлекеттің бюджеттік кірістері мен
шығыстарына толық анықтама берілген.
Үшінші бөлімінде әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін
теңестірілуі, яғни бюджет балансы көрсетілген. Экономиканың жай-күйін
қамтып көрсететін бюджет тапшылығы және бюджеттік процесс толық қамтылған.

Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1-тарау. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.

Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды рейтейді және
бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен
пайдалануының негізгі ережелерін, принціптері мен тетіктерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске
көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан республикасының бекіткен халық аралық шартта осы
Кодекстегіден өзгеше ерешелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында қолданысқа болады және борлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы
органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті
қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды
негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы
аяталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске
асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа
енгізіледі. [1, 12 –б.]
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе,
онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік бюджет –араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін,
талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық
бюджет;
Инвестициялық ұсыныс –инвестициялық жобаның мақсатын, оған жету
жолдарын көрсетені және инвестициялық жобаны одан әрі үшін оны алдын ала
іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба
тұжырымдамасы;
Кассалық алшақтық –қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке
түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып
түсуі;
Жергілікті бюджет –облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган
–жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа
мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган-жергілікті
бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы
жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын атқарушы орган;
Кірістерді бөлу нормативі –кірістерді әр түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;
Салалық (секторлық) бағдарлама-Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының неғұрлым маңызды
міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық
жобалардың(бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына
қосымша бюджет қаражатын алушы-бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде
бюджет қаражатын пайдалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар,
мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет
көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет
көрсететін тұлғалар;
Аймақтық бағдарлама-мәслихаттар бекітетін, аймақтың әлеуметтік
–экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Түзетілген бюджет-тиісінше Қазақстан республикасының Парламентінде
немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және
жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере
отырып бекітілген немесе нақтыланғанбюжет;
Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры-Қазақстан
республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе
аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған
негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі
шараларды айқындайтын құжат;
Трансфеттер-бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына,
сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және
қайтарылмайтын төлемдер;
Бекітілген бюджет-тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан
Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;
Нақтыланған бюджет-атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының
Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
Қаржыландыру-бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік
жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган –орташа
мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін
және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган-ішкі мемлекеттік
қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган-республикалық
бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі
бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган- Қазақстан
республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу
функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген
басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде
пайдаланылады. [5]
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары
бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң
салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан
Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар
салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан
Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде
қолданылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
кірістер;
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфеттер түсімдері;
шығындар:
операциялық сальдо;
таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. [1,
14- б.]
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан
республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері
арасындағы айырма ретінде айқыналатын республикалық бюджет шығынын өтеуге
жұмсалады. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық
атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің жалпы нақты көлемі
олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып
берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит
өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмасалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері;
Шикізат секторы ұйымдарының республикалық бюджетке түсетін нақты
түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
Республикалық меншіктегі және кен мен өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті
мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансфеттері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін
инвестициялық кірістер;
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де
түсімдер мен кірістер болып табылды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру ұйымдарының тізбесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер –шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы:
корпорациялық табыс салығы;
қосылған құнға салынатын салық;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
роялти жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді
жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат
секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта
мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары
ескеріле отырып жасалады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми
трансфеттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және
өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін
жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен
берілетін ресми трансфеттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында
оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ресми
трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және
өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін
жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін
ресми трансфеттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңмен бекітіледі.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген
ресми трансфеттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті
бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Қазақстан
Республикасының ұлттық қорына аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін
инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық
активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге
орналастырудан құрылады. [1, 19- б.]
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін
ұстап тұру;
Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағадайында ұзақ мерзімді перспективада
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап
тұру;
Инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген
қаржы активтеріне және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға
кредит беруге және міндеттермелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде
пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің
шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Респубикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасының Парламентінде репсубликалық бюджетті нақтыламай-
ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес-
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық
емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде
ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі функциялары:
Қазақстан Репсубликасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері бағыттары
жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап –жасау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген
қаржылық активтердің және матеиралдық емес актвтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру
туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді [3]
Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл
алдындағы жылдың 1 қырқүйегінен кешіктермей Қазақстан Републикасының
Парламентіне енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арнлаған
республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынандай
құжаттарды мен материалдарды:
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;
республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
республикалық бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер ме болжамдық
есептерді.
Соңғы есептілік күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кепілдік берген
борыштың жайы туралы деректерді;
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негізге
алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі
оқылымда және ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.
Қазақстан Республикасының парламенті ағымдағы дейін алдағы қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол
республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге
дейін қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы кодексте белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық
қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жоспары жылына арналған
республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол
жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле
отырып бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының
бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы
қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жергілікі бюджеттің жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы
бар қала, астана бюжетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл
алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы
органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың қарашасынан кешіктірмей
тиісті мәслихатқа енгізеді.
Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті
бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды және материалдарды:
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық
есептерді.
Алдағы қаржы жылына жергілікті бюджет жобасында негізге алынған
шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін
екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі. [4]
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған
бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы,
облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен
кешіктірілмей бекітіледі.
Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде алдағы қаржы
жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда,
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы
жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы
жылының бірінші тоқсанында арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім
шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін
қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол
жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуі тиіс. [1, 6 – б.]
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті
атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін
бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға
және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген
жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік
инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.
Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы
қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың
алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары
туралы шешідері қосымшаларымен бұқаралық қосымшаларымен бұқаралық ақпарат
құралдарына жарияланады.
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында
заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау.
Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қаралады.
Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің
арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы
органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып,
тиісті негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды
тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.
Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың
жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте
жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана
енгізіледі.
Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді
фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің
жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет
бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін
тыңдауға құқылы. [20]

2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен жөне
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды жене қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттанды-
руға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді. [6]
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
төн: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік төн, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық енімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) қүнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында қүнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық енімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес қүндық беліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады. [15]
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жүмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор— бүл қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың
қүвдық бөліністің белгілі стадияларын еткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмүны, мөні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындал-ды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің қүны қоғамдық өндірістің сфералары, үлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% белінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
белгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; өлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау жөне пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің үнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді. [6, 4- б.]
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория жоне мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетге қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары —
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, өдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды ор-
нын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдай-ын, сондай-ақ қоғамдық
ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жос-парының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтан-дырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің қүралы
ретіндегі бюджеттің релі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен өдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта белу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік
бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы,
келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың қүрылымын қайта қүруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге жөне халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мөдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.

1 кесте.

Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
қүрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
- бюджет жүйесін үйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының үйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы — бюджет қүрылысын қүрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет қүрылысы мемелекеттің
қүрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты езгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
же-келеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық қүрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. [7]
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік қүрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің
(ландтардың), Канадада — провинциялар-дың, Ресейде — федерация
субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер. [16]
Унитарлық (біркелкі) мемлекетгерде екі буыңды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметгік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет қүрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті қүрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып
табылатын мынадай бюджеттер жұмыс :
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, ас-тананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің
әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге үшырады. Бүған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа
одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның
мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның
ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық
бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-
1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның
35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды. [11]
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджетараларындағы өзара өтелетін
операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын жөне бекітуте
жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табьшады. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бүл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет — бұл салықтық
және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік
органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік
саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің
бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын жене облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге жөне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылган ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамта-масыз
етуге жөне тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қала-дағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті
бюджеттер мәс-лихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше
мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
езірлейді және ол Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып
табылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік
бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің
жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла
тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы
тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы
мәслихаттардың шешімдеріне сөйкес жүзеге асырылады. [11, 117- б.]
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде
төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және
республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана тетенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді жөне оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау,
бекіту, атқару, бақылау төртібімен, сон-дай-ақ республикалық және
жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі,
дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін үйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі қүқықтар-дың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді.
Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге
бағытталған жөне ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің
жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс
көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына,
төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға,
сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын
жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның
ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін
жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет
жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық
саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін қүрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бюджеттердің дербестігі қагидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы
түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді жөне оларды жүмсаудың бағыттарын
анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді
шектейтін айқын қүқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының
бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті
бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-
экономикалық даму мөселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, қүзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып,
өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан
да шегінуге жол
берілмейді.
Бюджеттің толықтыгы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында
белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен
қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының
барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бүл қағидат қазіргі кезде оны дөл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджетген тыс қорлардың зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген. [13]
Реалистік қагидаты параметрлердің зкономиканың ағымдағы жай-күйінің
көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның жөне аймақтардың параметрлеріне
және өлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің
реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларыньщ өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көп нүсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағьмдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және
жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын
жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы
көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына
сөйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың бол-жамдары мен
бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің
болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының
есеп-қисаптары-ның негізділігімен анықталады.
Транспаренттілік қағидасы—бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
қүқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы
есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты
міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық
бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз- мемлекеттік басқару органдарының бюджет
қатынастары сферасында бүрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелік қағидасы—бұл бюджеттік бағдарламалардың
паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының
оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің
қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидасы бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидасы бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет
заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялығы қагидасы бекітілген бюджеттер мен алдағы
қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезендегі олардың
атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. [8]
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы)
бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар
бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың
тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағытгары туралы хабардар болуы
тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін
қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті
болады. Заң, өткен кезевдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз
бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі,
оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағытгары, тапшылық көлемі жөне
оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар,
ақша эмиссиясы) жария етіледі. Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары
өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді
еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, "Жергілікті өкілді
және атқарушы органдар туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" арнайы зандарда және басқа да заңнамалық
актілерінде қамтып
көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде
бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткені көптеген арнаулы және
бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын
жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жүмыс істеуі мүмкін, олар
арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және
аймақтық бюджет қорларын қүру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге
асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджетттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама сыныптау
объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және
экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын
топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет
шығыстарының функциялық жөне экономикалық сыныптамаларынан түрады. Бірыңғай
бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық
деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз
етеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық
деңгейлері үшін міндетті болып табылады. Оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган әзірлейді жөне республика Үкіметі бекітеді. Бюджет процесі
бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасынының бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет
Пәндер