Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi туралы



КIРIСПЕ
I ҚАРЖЫ НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Қаржы.несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Қаржы.несие мекемелерiнiң функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Несие ұйымдарының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Халық Банкіне экономикалық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ.НЕСИЕ МЕКЕМЕЛЕРIНIҢ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.1 Қаржы несие мекемелерінің кәсіпкерлікті дамыту тетіктері және оны дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны мен ролiн, атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.
Жалпы негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң экономиканы тұрақтандырудағы мәнiн, оның экономикаға әсер ету маңызын, оған қатысушы субъектiлердiң немесе қарыз берушiнiң пайыз түрiнде табыс алуын анықтауға негiзделе отырып теориялық жағын неғұрлым ашып көрсету.
Субъектiсi – несие берушi: банк және арнайы қарыз мекемелерi қарыз алушылар ретiнде кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы кез келген заңды ұйым болып табылады.
Қазақстанда несиелiк жүйе екi буыннан тұрады:
Банктiк жүйе. Банктiк жүйе – банктiк операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Банктiк Қазақстандағы банк жүйесiнiң тарихы 15 жылдай. Банк жүйесiнiң реформалаудың мақсаты – отандық банктерiмiздiң қызметiн халықаралық стандартқа өткiзу. Қазақстандағы банк жүйесiнiң қызметi 1995 жылғы шығарылған «Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңында жазылған.
Парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Парабанктiк жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында жаңадан қалыптасып, ендi ғана бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды. Банктiк емес мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң банктерден айырмашылығы – олар бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр түрiне қызмет етсе, банктiк операциялардың жекелеген түрлерi бойынша қызмет көрсетедi.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі отандық ғалымдар еңбектері мен шетелдік әдебиет, Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдері мен, сонымен бірге Қаржы Министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Статистика агенттігі материалдары, құжаттары болып табылады.
1. Қ.Р. Президенті Н.Назарбаевтың 07.02.2008ж. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің саясаттың басты мақсаты» атты жолдауы.
2. Қ. Б. Даулбаев « ҚР-дағы шетел инвестициялар іс-әрекеттері (проблемалары мен болашағы)». /автореферат/ Алматы-1999ж.
3. www.google.kz
4. www.minplan.kz
5. Сейтказиеа А.М. «Инвестиционная деятельность предприятия» Алматы-1999ж.
6. WEF- The Global Enabling Trade Report, 2009; Doing business rankings, Word Bank, 2009
7. Қазақстан Республикасындағы Cтатистика Жөніндегі Агенттігі
8. UN World Investment Database, «Бауман Инновейшн» талдауы
9. International financial services London, Committee on capital markets regulation
10. Strategy Partners талдауы
11. The Global Competitiveness Report 2008 by WEF, Европа қайта құрылымдау және даму банкі
12. www.rakhat.kz
13. World Economic Forum ның мәліметтері негізіндегі талдаулар
14. www.KazInvestConsulting.kz KazInvestConsulting бағдарламаларын жүзеге асыру тиімділігінің бағасы
15. «Кәсіпорын экономикасы» және «Фирманың Бәсекеге Қабілеттілігі» пәндерінен лекция
16. Мартынов А.С. және басқалар «Россиядағы дағдарыс кезеңіндегі инвестиция». 2004 ж. 167-бет
17. Евстратов С. Ю. және басқалар. КСРО – дағы шетелдік инвесторлар: қаржыны реттеу мәселелері. 1991ж. 7-б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КIРIСПЕ
I ҚАРЖЫ НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Қаржы-несие мекемелерiнiң
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Несие ұйымдарының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...11
2.2 Халық Банкіне экономикалық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ МЕКЕМЕЛЕРIНIҢ КӘСІПКЕРЛІКТІ
ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.1 Қаржы несие мекемелерінің кәсіпкерлікті дамыту тетіктері және оны
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..34

КIРIСПЕ

Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн
ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн
республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар
көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға
елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн
қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын
әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде
экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң
мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны мен ролiн,
атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.
Жалпы негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие
мекемелерiнiң экономиканы тұрақтандырудағы мәнiн, оның экономикаға әсер ету
маңызын, оған қатысушы субъектiлердiң немесе қарыз берушiнiң пайыз түрiнде
табыс алуын анықтауға негiзделе отырып теориялық жағын неғұрлым ашып
көрсету.
Субъектiсi – несие берушi: банк және арнайы қарыз мекемелерi қарыз
алушылар ретiнде кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы кез келген заңды ұйым болып табылады.
Қазақстанда несиелiк жүйе екi буыннан тұрады:
Банктiк жүйе. Банктiк жүйе – банктiк операциялардың жалпы жиынын
шоғырландырушы несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Банктiк Қазақстандағы банк
жүйесiнiң тарихы 15 жылдай. Банк жүйесiнiң реформалаудың мақсаты – отандық
банктерiмiздiң қызметiн халықаралық стандартқа өткiзу. Қазақстандағы банк
жүйесiнiң қызметi 1995 жылғы шығарылған Қазақстан Республикасының ұлттық
банкi туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет
туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңында жазылған.
Парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Парабанктiк жүйе экономикамыздың
нарықтық қатынастарға көшуi барысында жаңадан қалыптасып, ендi ғана
бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды. Банктiк емес
мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң банктерден айырмашылығы – олар
бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр түрiне қызмет етсе, банктiк
операциялардың жекелеген түрлерi бойынша қызмет көрсетедi.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі отандық ғалымдар
еңбектері мен шетелдік әдебиет, Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдері
мен, сонымен бірге Қаржы Министрлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі мен Статистика агенттігі материалдары, құжаттары болып
табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3-бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
I ҚАРЖЫ НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы

Несие жүйесi – жалпы банктердiң ( ұлттық және коммерциялық ) және
банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк
мекемелердiң жиынтығы.
Көпреген мемлекеттерде несие жүйесi туралы екi ұғым қалыптасқан:
Несие-есеп қатынастары, оның түрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң жиынтығы;
Қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы;
Несие қатынастары несиенiң барлық формалары мен түрлерiн қамтиды. Несие
жүйесi қаржы-несие мекемелернiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды
кәсiпорынға, үкiметке және халықтың әр түрлi топтарының қарызға беруi.
Несие мекемелерiнде әр түрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша
капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және
белгiлi бiр төлем ақымен қайтару үшiн бөлiп беру.
Несие жүйесi мемлекеттiң ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономиканың бiр саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жүйесi арқылы
кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен
төлемдерi жүргiзiлiп, сонымен несиелiк, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтедi.

Несие жүйесiнiң ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда
өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай
несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасты.
Қазiргi уақытта несие жүйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi:
Банк монополиясының пайда болуы нәтижесiнде банк капиталының шоғырлануы мен
орталықтануы. Бiрiшiсiнде ұсақ банктердiң күйреуi, олардың бiр-бiрiмен
қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiшiсiне корреспонденттiк қатынастар мен
көпбанктiк жүйелердiң дамуы. Корреспонденттiк қатынастар дегенiмiз несие
мекемелерi арсындағы келiсiм бойынша жүргiзiлетiн операциялар, олардың
мақсаты – бiр-бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге
асыру.
Әр түрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң күшеюi. Банк монополиясы мен
несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында бәсекенi өрмiте
түстi. Бәсеке бiртектес және әр түрлi несие мекемелерiнiң арасында жүредi.
Банк капиталы мен өнеркәсiп капиталының бiрiгiп қаржы капиталын құру.
Өнеркәсiп пен банк iсiнде монополиялардың пайда болуы және олардың бiрiгiп
жұмыс жүргiзуi қаржы капиталының құрылуына негiз болады.
Несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстер. Несие-қаржы мекемелерiнiң ұлғаюы
қаржы капиталы нарығындағы банк iсiнiң кеңеюiне жол ашып, несие жүйесiндегi
құрылымдық өзгерiстерге әкеледi.
Капиталын иемденуiне қарай қаржы-несие мекемелерi:
Мемлекеттiк
Жеке
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кездерi отарлау жүйесiнiң құлауы
нәтижесiнде елдерде құралған ұлттық несие мекемелерiнiң пайда болуына
мүмкiндiк туғызды. Әлемде валюта-несие және қаржы мекемелерi: Халықаралық
валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкi, аймақтық Даму банктерi
және т.с.с.
Несие мекемелерiнiң клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiне қарай
несие жүйесi 3 элементтен тұрады:
Орталық (эмиссиялық) банк – банктердiң банкi, бiрiншi деңгейдегi
мемлекеттiк банк, кез келген елдiң мемлекеттiк, халықтық немесе ұлттық банк
деп аталуына тәуелсiз эмиссиялық, ақша-несие мекемесi болып табылады. Ол
заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргiзбейдi, оның клиенттерi -
коммерциялық банктер, үкiмет ұйымдары және басқа да мекемелер. Банктiк
мекемелерге қатысты Орталық банк тiкелей әрекет ету және реттеу, бақылау
мен қадағалау қызметтерiн атқарады. Несиелiк жүйесiнiң қалған буынына
Орталық банк несиелiк және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлi
секторлары, несие-қаржы қызметтерiнiң өзара байланыстарында байқалатын
жанама әрекет етедi.
Коммерциялық банктер. Ол – екiншi деңгейiндегi банк, қарыз капиталы
нарығының әр түрлi секторларында қызмет ететiн көп қызметтi мекемелер. Олар
кәсiпкерлiк тәжiребисiнде белгiлi бiр көптеген қаржылық операцияларды
орындайды. Коммерциялық банктер елдiң несие жүйесiнде негiзгi, базалық буын
ролiн атқарады. Олар үкiметтiң, iскерлiк мен миллиондаған жеке тұлғалардың
салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк
бередi.
Мамандырылған несиелiк мекемелер: сақтандыру, жинақтық, ипотекалық
,сенiмгерлiк және т.б.
Қазақстанда несиелiк жүйе екi буыннан тұрады:
Банктiк жүйе. Банктiк жүйе – банктiк операциялардың жалпы жиынын
шоғырландырушы несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Банктiк Қазақстандағы банк
жүйесiнiң тарихы 15 жылдай. Банк жүйесiнiң реформалаудың мақсаты – отандық
банктерiмiздiң қызметiн халықаралық стандартқа өткiзу. Қазақстандағы банк
жүйесiнiң қызметi 1995 жылғы шығарылған Қазақстан Республикасының ұлттық
банкi туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет
туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңында жазылған.
Парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Парабанктiк жүйе экономикамыздың
нарықтық қатынастарға көшуi барысында жаңадан қалыптасып, ендi ғана
бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды. Банктiк емес
мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң банктерден айырмашылығы – олар
бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр түрiне қызмет етсе, банктiк
операциялардың жекелеген түрлерi бойынша қызмет көрсетедi.
Маманданған қаржы-несие мекемелерi кез келген
елдiң несие жүйесiнiң маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының
кiшкене аясында ғана қызмететедi. Бұл әр түрлi мамандалған қаржы-несие
мекемелерiнiң жиынтығы: сауда жинақ мекемелерi инвестициялық компаниялар
және қорлар, несие-жинақтау мекемелерi, зейнетақы қорлары, сақтандыру
компаниялары, мекемелердегi өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл
мекемелер өздерiнiң бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын
операцияларды орындаған. Бұл мекемелердiң несие банктерден айырмашылығы –
халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз
пассивтерiн негiзiнен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту.Ал,
қазiргi кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және
компанияларға қызметкөрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара
бәсекеге түседi, яғни коммерциялық банктер мен банктiк емес мекемелер
арасындағы айырмашылық жоғалтады. Дәстүрлi емес операцияларды кеңейту
арқылы бұл мекемелер банктiк нарыққа енiп келедi.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерi ипотекалық және тұтыну, сол
сияқты ауыл шаруашылық несиелерi саласындағы кең ауқымда тарауда. Олар
халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды
орналастыру және т.б. айналысады.
Кейбiр арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға
дейiн Жаңа экономикалық саясат жылдарында және ауыл шаруашылығын
ұйымдастыру тұсында несиелiк серiктестiктер өзара несие беру қоғамы
несиелiк одақтар және т.б. түрiнде болған. Қазiр банктiк емес мекемелерге
өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы
бiрлестiктерiнiрi агроөнерәсiп бiрлестiктерiн, қаржы-есеп айырысу
орталықтарын жатқызуға болады.
Маманданған қаржы-несие мекемелерi алуан түрлi қызмет көрсетедi:
• Тұтыну несиесiн беру;
• Ауыл шаруашылық несиесiн беру;
• Халықтың ұсақ жинақтарын;
• Ипотекалық несие беру;
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру;
Экономикалық нарыққа өтуi несиелiк жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкiн қаржы-
несиенiң дамуын талап етедi.
Өзара несие қоғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететiн
коммерциялық банктерге қызметiнiң сипаты жағынан ұқсас келетiн несиелiк
мекеме.
Бұл қоғамдар Ұлы Қазан төңкерiсiне дейiнгi Ресейде, соның iшiнде Қазақстан
аумағында жеке өнеркәсiпшелер мен саудагерлерге несие-есеп айырысу қызметiн
көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар
жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан жарналарынан қалыптасады.
Ипотекалық компаниялар
Ипотека деген термин ең алғаш рет бiздiң эрамызға дейiнгi I-II ғасырларда
Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгi Грецияда бiздiң эрамызға
дейiнгi XIV ғасырларда пайда болды. Ипотека терминi hyrotheke -
кепiлдiк, кепiлзат, кепiлге салу деген мағынаны бiлдiредi. Ипотекалық
несие дегенiмiз – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрғын үйдi, өндiрiс
ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге алып, ұзақ мерзiмге берiлетiн
несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудiң бiр түрi болып
табылады. Ипотекалық несиенiң экономикалық жағынан - бұл банктен немесе
басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң
алуан түрлiлiгi болып табылады. Қарапайым тiлмен айтсақ, ипотека дегенiмiз
- қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегi Жылжымайтын мүлiк
ипотекасы туралы Қазақстан Ресубликасының заңына сәйкес ипотекалық несие
дегенiмiз – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл
берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл
түрi. Жылжымайтын мүлiк – жер учаскесi, ақ үйлер, ғимараттар және жермен
байланыстағы өзге де мүлiктер. Ал осы қарыз ақшаны ол ипотекалық
компаниядан ала алады.
Ипотекалық компаниялар көбiне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерiнде
көп дамыған. Мысалы, АҚШ-та қазiргi заманда ипотека жылына жалпы сомасы 3-4
млрд. долларға 5 млн.-нан астам ипотекалық мәмiле жасалады. 1934 жылы
құрылған Федералдық тұрғын үй әкiмшiлiгi жергiлiктi халықты аса жоғары емес
топтары үшiн тиiстi үкiметтiк бағдарламалар әзiрлеп отырады. Ұлыбританияда
ипотекалық несиелер көлемi – жылдық жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) 60%-ын,
Германияда ЖIӨ-ның 50%-дан астамын құрайды.
Несиелiк серiктестiк
Несиелiк серiктестiк – банк болып табылмайтын, өзiнiң қатысушыларына несие
беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметiн Ұлттық банктен
қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргiзуге асырушы заңды тұлға.
Несиелiк серiктестiк жабық акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiк түрiде құрылатын және өз қызметiн жүзеге асыратын коммерциялық
ұйым. Несиелiк серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан
астамы мемлекетке жататын өкiлеттi атқарушы және сот билiгiнен, қаржылық
капиталы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тiркеген
мемлекеттiң заңымен сәйкес келетiн оффшорлық аймақтағы компания статусы бар
заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент
еместер) болуы мүмкiн.
Несиелiк серiктестiктердiң жарғылық капиталы пай қосу және мiндеттi кiру
жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшелiктен шығып
қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелiк серiктестiктердiң мүшелерiне
кооперативтер, жалгерлiк кәсiпорындар, банктер, шағын және орта бизнес,
жеке тұлғаларыф кiредi. Несиелiк серiктестiктердiң Қазақстан
Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын,
өкiлеттiлiктерiн және еншiлес серiктестiктерiн ашуға құқығы болмайды.
Несиелiк серiктестiк туралы ҚР заңына сәйкес несиелiк серiктестiк – бұл
оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық
көмек көрсету барысындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында заңды
және жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банк
болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкiнiң лицензиясы негiзiнде жекелеген
банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Несиелiк серiктестiктердiң мынандай түрлерi болады:
Несиелiк-депозиттiк серiктестiк – заңды тұлғалардың қабылдау мүмкiндiгi;
Ауыл несиелiк серiктестiгi - өзара несие беру үшiн, оның қатысушыларының
ақшаларын жинақтау жолымен ерiктi түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара
бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банктiң жекелеген операцияларының түрлерiн
жүзеге асыратын заңды тұлға. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық
және мамандырылған банктер, үкiмет құрылымдары, заңы және жеке тұлғалар
бола алады. Олардың басты қызметi – ауыл шаруашылығы несие-еcеп айырысу
қызметiн көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу
шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелiк
серiктестiктерiнiң клиенттерiне шаруақожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл
шаруашылық кәсiпорындар жатады. Негiзгi операциялары: қысқа және орта
мерзiмге ссудалар беру және салымдарды қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл
шаруашылық несиелiк серiктестiктердi ұйымдастырудың басты ерекшелiгi –
олардың қызметiнiң бiрқатар салық жеңiлдiктерiне ие болу, сондай-ақ оларға
үлес қосушыларға да салықтық жеңiлдiктер болады;

1.2. Қаржы-несие мекемелерiнiң функциялары

Инвестициялық компания
Инвестициялық компанияның мынандай құқықтары бар: *
сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiне тиiстi акциялары
бойынша акционерлiк қоғамның басқаруына қатысуға;
басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелiн басқару туралы келiсм-шарт
жасауға;
басқа тұлғалардың барлығымен, соның iшiнде тiркеушi және кастодиандық
келiсiм-шарт жасауға, өзгертуге және қарым-қатынасты тоқтатуға;
инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiн басқаруға байланысты
қызметтi жүзеге асыруға кез келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан талап
етуге және алуға;
Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады:
акциядан басқа бағалы қағаз түрлерiн шығаруға;
банктерден инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнынан он пайыздан астам
мөлшерде, алты айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;
акцияның бақылау пакетiн сатып алуға күштi шектеу қоюға;
кез келген тәсiлде заемдар беруге;
қайта сатып алу шартымен өзiне тиiстi бағалы қағаздарды сатуға (РЕПО
операциясы);
Инвестициялық компанияға қойылатын ең маңызды шектеу – бұл оны өзiнiң
бағалы қағаздар портфелiнен басқарудағы қызметiн тәжiрибе жүзiнде айыруды
сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелiн басқаруға қатысты барлық қызмет
инвестициялық компанияны басқарушыға жүктеледi.
Несиелiк серiктестiк
Несиелiк серiктестiктердiң басты пассив операцияларына – салымдарды тарту
және займдарды орналастыпу; актив операцияларына – ссудалық, комиссиондық,
сауда-делдалдық операциялары жатады.
Несиелiк серiктестiктiң мынандай операциялары жүзеге асырады:
Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды сақтау, қабылдау, санау,
ұсақтау, сорттау, қаптау, айырбастау және т.б.;
Қарыздық операциялар: несиелiк серiктестiк қатысушыларына ақшалай формада
несиелер беру;
Аударымдық операциялар: ақша аудару бойынша несиелiк серiктестiк
қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
Сенiм (трастылық) операциялары: сенiм бiлдiрушiнiң (несиелiк серiктестiк
қатысушылардың) мүддесiне сай және тапсырмасы бойынша ақшаны басқару;
Несиелiк қатысушылар үшiн клирингтiк операциялар: төлемдердi жинақтау,
салыстыру, сұрыптау және растау, сонымен бiрге олардың өзара есепке алу мен
клирингке (несиелiк серiктестiк) қатысушылардың таза позицияларын анықтау;
Сейфтiк операциялар: сейфтiк жәшiктердi, шкафтар мен үй-жайларды жалға
берудi қоса есептегендегi клиенттердiң бағалы қағаздары, құжаттары мен
құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер;
Несиелiк серiктестiкке қатысушы заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн
қабылдау;
Несиелiк серiктестiкке қатысушыларының банктiк шоттары олардың тапсырмасы
бойынша есеп айырысу;
Аталған операциялардан басқа, несиелiк серiктестiктер Ұлттық банк
лицензиясы болған жағдайда төменде көрсетiлгендей операцияларды жүзеге
асыруға құқылы:
факторингтiк операциялар – төлемiн төлемеу тәуекелi қабылдануымен бiрге
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыларды төлемдi талап ету
құқығына ие болуы;
форфейтингтiк операциялар (форфейтирлеу) – сатушыға айналымсыз вексельдi
сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының
қарыздық мiндеттемесiн төлеу;
келiсiм-шарттың бүкiл әрекет ету мерзiмi iшiнде жалға берiлетiн мүлiкке
жалға берушiнiң меншiк құқығының сақталуымен мүлiктi жалға беру (лизинг);
Негiзгi операцияларына мыналар жатады:
Салымдарды тарту және займдарды шығару;
Өзiнiң мүшелерiне қамтамасыз етiлген ссудалар беру;
Сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар;
Кеңес беру және өз мүшелерiне аудиторлық қызмет көрсету;
Зейнетақы қоры
Зейнетақы қорының басы мiндеттерi:
Зейнетақы мен балаларға жәрдеақы төлеу үшiн мақсатты алым және қаражат
жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
Халықты әлеуметтiк қолдауға байланысты республикалық және аймақтық
бағдарламаларды қаржыландыруға келiсiм-шарт негiзiнде қатысуы;
Өзiн-өзi қаржыландыру қағидаларының негiзiнде қор қаражаттарының ұдайы
өндiрiсiн ұлғайту;

2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 Несие ұйымдарының қазіргі жағдайы

Әлемдік қаржы дағдарысы қаржылық-экономикалық саясаттағы
күрделі өзгерістермен бірге алғашқы кезекте банктік-несиелік секторды да
түрлендіре түсуге мәжбүрлегені анық. Өйткені, дамудың негізін
қалыптастыратын шағын және орта бизнесті қолдау, кез келген кәсіпті бастау
үшін де ең алдымен банктік-несиелік бағыттың орынды әрі қалыпты дамығаны
аса қажет. Сонымен бірге, кредиттік ресурстардың қолжетімділігі бизнес
субъектілерінің де серпінді дамуына септігін
тигізетіні айқын. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікпен қатар қарапайым шаруаның,
тұрмысы төмен жұртшылықтың жағдайын жақсартып, өмір сапасын арттыруда шағын
несие жүйесін дамытудың, сондай-ақ микрокредиттік ұйымдардың қызметін
жандандырудың маңызы зор. Бұл - мойындалған әлемдік тәжірибе.
Жақында ғана Елбасы ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп
әзірлеген қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын
бекіткен болатын. Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік-жеке әріптестік
институтын елдің экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі тетігі
ретінде пайдалану, экономикалық өсу кезеңінде реттеу мен қадағалаудың
қатаңдатылатын, ал құлдырау кезінде жұмсаратын қаржы секторын қадағалаудың
контрциклдық қағидатын қолдану шаралары көзделеді.  Бұл ретте микрокредитік
ұйымдар мәселесіне де баса назар аударылады. Сонымен бірге, жаһандық қаржы
дағдарысының сабақтарын негізге ала отырып, қаржы секторындағы қатынастарды
реттейтін заңнаманы қайта қарау болжанып отыр.  Бұдан бөлек ҚР Ұлттық
банкінің жақында жариялаған қаржылық ахуал жөніндегі мәлімдемесінде алдағы
уақыттағы микрокредиттік саясатқа баса мән беріліп отыр.
Шындығында да, ел дамуының бүгінгі жағдайында микрокредиттік
ұйымдардың маңызы төтенше зор. Өйткені іс қыламын, шаруа жасаймын дегенді
былай қоя тұрып, несиені  кім алады дегенге келсек, бүгінде қарызсыз жұрт
кем де кем. Несиені шаруасын кеңейтіп пайдасын еселегісі келетін
кәсіпкерлер де, түрлі жағдайда қажет болғандықтан орташа тап та, бір
жұмысты бастағысы келетін осал топқа жататын ынталылар да алғысы келеді.
Тіпті қажет болған жағдайда пайыздық өсімнің үлкендігіне, қойылатын шарттың
ауырлығына қарамай-ақ алып жататындар баршылық, жеткілікті. Ал бұндай
жағдайда микрокредиттік ұйымдарды дамытудың жұртшылық үшін ғана емес, жалпы
экономика үшін маңызы зор бола түсетіні айқын. Дегенмен де, бүгінгі таңда
Қазақстанда қызмет етіп отырған микрокредиттік ұйымдардың халыққа һәм
экономикаға пайдасы қаншалықты деңгейде екендігі жөнінде пікірлер әрқилы
болып отыр.
Көптеген мемлекеттерде тиімділігімен танылып отырған
микрокредиттеудің негізгі идеясы  - жұмыссыз қалған, бір жәрдемақыға күні
қараған жандарға, күнкөрісі төмендерге, тіпті босқындарға да өз істерін
бастау үшін азғантай бастапқы капитал ұсыну, яғни шағын кәсіпкерлерді ғана
емес, мұқтаж жандарды қамти отырып қолдау болып табылады. Осындай кредиттеу
арқылы әркімнің өзіне де, басқаға да пайдасы тиетін жұмыспен шұғылдануына 
көңіл бөлінеді. 2005 жылғы Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сүйенсек,
бүкіл әлем бойынша микрокредиттеу жүйесіне шамамен 80 млн-нан астам адам
қамтылған екен. Олардың арасында 54,8 миллионы халықтың төменгі, кедей
табына жатқанына қарамастан, бұлар микрокредит көмегімен жағдайларын
әжептәуір жақсартып алғандар қатарынан көрініпті.  Микрокредиттеуді алғаш
қалыптастырған кәсіпкер Мұхаммед Юнустің өзі кедейлікпен күреске қосқан
қомақты үлесі үшін Нобель сыйлығын иеленіпті.  Қолында түгі жоқтың да
кредит алуға толық құқы бар - деген қанатты сөз де осы Бангладештік
кәсіпкер М. Юнусқа тиесілі екен.
Қазақстанға келетін болсақ, статистикалық деректер 2009 жылғы 
маусым айындағы жағдай бойынша, елімізде  1 мың 610 микрокредиттік ұйым
тіркелгенін, олардың ішінде 1 мың 372 бірлігі (85 пайыз) нақты қызмет
ететінін көрсетеді. Ұйымдардың шамамен 80 пайызы қалаларда құрылған.
Қалғандары (270 бірлік) ауылдық жерлерде тіркелген. Бұндай микрокредиттеу
жүйесін құруда әлемдік тәжірибе ескеріліп, еліміздің ауылдарында несие
алушыларды кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету, кепілсіз әрі төменгі
пайыздық көрсеткішпен кредит алушылардың қолжетімділігін арттыру шарасы
көзделді. Осылайша, әлеуметтік проблемаларды қосымша жұмыс орындарын ашу
арқылы шешу, ауылдағылардың табысын арттыру және өңірлердегі кедейліктің
деңгейін төмендету шаралары мақсат етілген болатын. Мемлекеттік қолдаудың
нәтижесінде бұл идея жүзеге асқандай болды, қалаларда, ауылдық жерлерде
микрокредиттік ұйымдардың ауқымды желісі қызметке кірісіп те жатыр. Бірақ,
бұндай шағын несие ұйымдарының қазіргі қызметіне көңіл толмаушылық та соңғы
уақытта айқын аңғарылып отыр.
 Бүгінгі күні микроқаржылық ұйымдардың қызметі өте бұлыңғыр,
тіпті бұларды көлеңкелі банктік құрылымға айналып кетті десе де болады.
Бұндай Ұлттық банктің де, Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің де
бақылауынан тыс қалған ұйымдар өздерінің бастапқыда құрылған идеяларынан
ауытқып, мүлдем басқа бағыттағы қызметтермен айналысып отыр, дейді ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов. Оның айтуынша,
микрокредиттік ұйымдар әсіресе шалғайдағы халықтың қаржылық және құқықтық
сауатының төмендігін өз пайдасына орай икемдеп, тіпті бұндай ниеттерін
келісімшарттар барысында да анық көрсетіп отырған. Әсіресе кредиттік
ресурстарға қолжетімділік шектеулі болатын аймақтарда осындай жағдай
бұрынғыдан бетер белең алған көрінеді. Тіпті кейбір деректерге қарағанда,
былтырғы жылы микрокредиттік ұйымдардың атын  жамылып, қаржы пирамидалары
да қызмет атқарғанға ұқсайды.
  Сонымен бірге, депутат қазіргі елімізде қызмет етіп жүрген
микрокредиттік ұйымдардың келісімшарттарына сараптама жүргізе отырып, басым
жағдайда, тіпті онда көрсетілетін баптың барлығы бойынша заем алушының құқы
бұзылатынын, келісім тек біржақты мүддені көксейтінін анықтапты.
Ұйымдардың негізгі идеясы болып табылатын төмен пайыздық ставкалар мен
кредиттің қолжетімділігі деген мәселе мүлдем жоқтың қасы. Шындығында,
микрокредиттік ұйымдар ең алдымен халықтың осал топтарын қолдауы қажет еді.
Бұл бағыттағы шаралардың атқарылуы өте төмен десе де болады. Тіпті
Қазақстандағы барлық микрокредиттік ұйымдар жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер секілді қызмет етіп келеді. Ұйымдардың кредиттік пайызы
жылдық емес айлық сыйақы болып есептеліп, 3-5 пайыздық деңгейде
қалыптасады, осылайша жылдық сыйақысы  60 пайыз шамасын құраса, бұның өзі
банктер беріп отырған кредиттен төрт есеге артық деген сөз. Бұдан басқа,
көптеген микрокредиттік ұйымдар несие алушыдан түрлі комисияны ұстап
қалады, мәселен қаражаттың 10 пайызы кредиттік тәуекелдер ретінде алынса,
 0,25 пайызға дейін қызмет көрсету есебінен шегеріледі, дейді А. Жамалов.
Бұдан бөлек келісімшарттарда мерзімінде құйылмағаны үшін
айыппұлдық төлемдер мөлшері өте жоғары болса, уақытынан бұрын борышты
жабуда төлеушіге ешқандай жеңілдіктер қарастырылмайды, нәтижесінде кредит
алушы қаражаттың әу баста белгілеп берген пайызын бәрібір де өтеп шығатын
болып отыр. Өйткені көптеген ұйымдарда несиені өтеу кестесі осындай есеппен
жасалады. Ал кәсібін бастағысы келетін азаматтың да, кредитке мұқтаждығы
зор қарапайым жұрттың да бұнымен келіспеске амалы қалмайтындай. Қаржылық
сауаттылықтың төмендігін пайдаланып, жұрттың жағдайын жақсартуға емес
керісінше халықты тонауға икемді етіп құрылған бұндай шарттар барлық дерлік
микрокредиттік ұйымдардың типтік  келісімшарттарында қамтылып отыр. Осындай
баптарды қолдану арқылы микрокредиттік ұйым өзінің негізгі құрылу
мақсатынан ауытқып, керісінше жұртты жоқшылыққа ұшырататын шығынға батырып,
кіріптарлық мәмілелерді жүзеге асыруда, дейді А. Жамалов.
Тоқтала кететін тағы бір жайт, әлемдік тәжірибеде микрокредит
ұғымы 1-10 мың долар арасындағы соманы қамтуы тиіс. Негізі шағын
несиеліктің өзі осындай соманы ғана алдыға елестетеді. Елімізде алғашқы
кездегі микрокредиттік ұйымдар ұсынатын несие 1 мың айлық есептік көрсеткіш
немесе 7 мың 266 доллар шамасын құраған болса, қазіргі күні шағын несиенің
сомасы 8 мың АЕК-ні немесе 76 мың 897 долларды құрап отыр. Яғни,
микрокредиттік ұйымдар басқаны былай ысырып, екінші деңгейлі банктердің
қызметімен айналыса бастады деген сөз. Өйткені, бұндай сома шағын несиеге
жатпайды, бұл банктердің шағын және орта бизнес субъектілеріне ұсынатын
сомасының деңгейін білдіреді.
 Жалпы, жоғарыда атап өтілгендей кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік
ұйымдар еліміздегі қаржы делдалдығы жүйесін дамытуда негізгі рөл атқаруы
тиіс. Яғни, мұндай ұйымдар мөлшері жағынан шағын, кредиттік тәуекелі жоғары
қызметтерді қамтиды әрі халықтың қалың жігіне қызмет етуі қажет. Ендеше бұл
кредиттер ең алдымен ауылдық жерлерге, жұртшылықтың табысы төмен тобына
арналған қызметіне байланысты нақты қайта қаралуы шарт. 

2.2 Халық Банкіне экономикалық сипаттама

Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің
құрылу және даму тарихы. Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының
негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында
қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан
кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде,
Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру және
индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында
КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан
кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 –
ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы
барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса
салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды
неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт
фабрикалардың өзінен, колхоз - совхоздарда, байланыс мекемелері мен
кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық және
қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі
салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің
орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан
тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының,
басқа да бағалы қағаздарының кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен
айналысты. Сондай – ақ оларға қор операцяларын, басқа да бірқатар қаржылық
және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ
ісінде мемлекеттік несие беру қалыптасып, біртіндеп дами бстады. Ол жылдары
сегіз рет мемлекеттік қарыз шағарылды, оның үшеуі – натуралдық түрде болса,
екеуі алтынмен есептелген болатын.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770
мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның
бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны
1950 – 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805 – ке
жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат
жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде
халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс
жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде
еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44
пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлестеріне
тиді 1960 жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге,
коммуналдық қызметтерге төлейтін төлем ақыларын қабылдау операцияларын
жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт –
фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек
кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы
шоттарын жүргізу берілді.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы
зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын
бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен,
көздеген мақсатқа қол жеткізілмейді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы
қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін
ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан
шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы
бұдан былай банктің несие ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 1960 –
жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі
болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына несие беруге күрделі капитал
қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ
салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру
көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары КСРО Жинақ банкінің айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға
қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол
жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл
осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және
функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика
талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың
қаңтарында – ақ Қазақ ССР – індегі банктер және банк қызметі туралы деген
заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа
жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми
түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан
Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық
иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы жинақ банкі
Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым –
Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық
тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк
басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.
Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп
алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді,
банкингтегі ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың соңғы
жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып
келеді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда – саттық аукционында
Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцианың бақылау пакетін
сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі
жетекші коммерциялық бантердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам
клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
2005–2007 жылдардағы Халық Банкінің даму стратегиясының негізгі
міндеті – Қазақстанда және онымен шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы
нарығының барлық сегменттерінде : банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы
қағаздар және лизинг саласында қызмет көрсететін әрі клиенттер мүддесін
көздеуге бағытталған қаржылық топ құру.
Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету нарығында жетекші банк атану. Ең
бастысы – сатулар жүйесін құру, оның арқасында банктің кеңінен таралған
бөлімшелер желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы
ұсынылады;
Активтерді басқару нарығындағы өз айқындамасын күшейту (кең
мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру
компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі
бөлімшелерді қоса алғанда);
Жалпы сақтандыру нарығында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу;
Нарықтың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті
иемдену;
Шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру нарығында жетекші банктің бірі
болу;
Ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде жеткілікті айқындама жасау;
Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі құрылымдық
өнімдер бойынша бизнес ашу;
Стартегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті
қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі
үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым – қатынасқа оның ішінде
шекаралық саудаға қызмет көрсету бизнесін құру;
Қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды жалғастыру.
Негізгі қаржылық көрсеткіштері: - салық төлемі шегерілген
таза пайда көлемі 72% - ға ұлғайып, 27,159 млн теңгеге дейін өсті.
Операциялық табыс 66% - ға өсіп, 64,572 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық
табыс 98% - ға дейін ұлғайып, 38,132 млн теңгеге жетті. Таза пайыздық маржа
7,0% - операциялық шығысоперациялық табыс- 36,8%. - ROAE – 4,6 пайздық
пункте өсіп, 41,8% - ға жетті. Жалпы активтер көлемі 77% - ға өсіп, 991,359
млн теңгеге жетті. Капиталдың жетімділік коэфициенті: 1- деңгей бойынша –
14,0%, 2 – деңгей бойынша – 17,1%.
Комиссиялықтар мен алымдар түріндегі таза табыс операциялық
табыстың 33 пайызын құрады әрі 2006 жылы 39% - ға өсіп, 2008 жылғы 15,248
млн теңгеден 21,135 млн теңгеге дейін жетті. Бұл табыс бойынша өсімге
зейнетақылық активтер мен есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету арқылы
алынған табыс нәтижесінің артуы арқылы қол жеткізілді. Операция шығыс
көлемі 2009 жылы 48% - ға ұлғайды және 2008 жылғы 19,560 млн теңгелік
шамадан өткен жылы 28,971 млн теңгеге дейін артты, бұл қызметкерлер
санының, жалақы деңгейінің өсуімен және басқа да әкімшілік шығынның
артуымен байланысты.
2009 жыл Халық Банктің банктік қызметтер нарығында шапшаң
талпыныс жылы болды. Бұл туралы Халық банкінің бухгалтерлік балансымен
куәләндырады.

Бухгалтерлік баланс.
31 желтоқсан
2009 ж 2008 ж
Клиенттік қарыз нетто 596,216 411,097
Барлық актив 991,359 559,665
Клиенттік депозиттер 597,935 323,515
Барлық міндеттемелер 870,732 495,221
Барлық меншікті капитал 120,628 64,444
Барлық меншікті капитал және 991,359 559,665
міндеттемелер

Банктің жалпы активтерінің шамасы 2009 жылы 77% - ға өсті және 991,359 млн
теңгеге жетті, 2008 жылғы 31 желтоқсанда көрсеткіш 559,665 млн теңге
болған. Мұндай шамаға ұлғайту негізінен несие портфелі мен инвестициялық
бағалы қағаздар портфелі ауқымының артуы нәтижесінде мүмкін болды. Несие
портфелінің өсімі 2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 45% - ға артып,
596,216 млн теңгеге жетті, 2008 аяғында бұл көрсеткіш 411,097 млн теңге
болған, аталған өсім Банктің несие беру қызметінің айтарлықтай
жандандырылуымен, әсіресе, бөлшек несие беру мен шағын және орта бизнес
саласындағы несие берудің белсенді түрде жүргізілуімен тығыз байланысты
деуге болады. Мұнымен қатар Банктің инвестициялық бағалы қағаздар
портфелінің көлемі де өсіп отыр: 2008 жылғы 12,099 теңгеден 2009 жылы
123,338 млн теңгеге дейін өсті сонымен ақша мен оның балама құралының, оның
ішінде мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың ауқымының өсімі 2008
жылғы 57,102 млн теңгеден 2009 жылы 127,799 млн теңгеге дейін жетті, бұл
жағдай өткен жыл ішіндегі депозит базасын жоғары қарқындылығы нәтижесінде
Банк өтімділігінің шамадан тыс артуымен байланысты болды. Бөлшек (жеке
тұлғалар) банкинг жалпы несие портфелінің 31 пайызын құрайтын бөлшек несие
портфелі 2008 жылғы 130,602 млн теңгеден 2009 жылы 197,181 млн теңгеге
жетіп, өсім 51% болды. Ипотекалық несиелер бөлшек несиелердің жалпы
көлемінің 56% құрады және ауқымы өткен жылы 40% - ға артты, ал тұтыну
несиелері портфелінің көлемі 67% - ға өсті. Бөлшек несие бойынша түскен
табыс 2009 жылғы жалпы пайыздық табыс ауқымының 41 пайызын құрады, 2008
жылы бұл көрсеткіш 36 пайыз болған.
Меншікті капитал 2009 жылдың аяғында Банктің меншікті капиталының
көлемі 2008 жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87% - ға ұлғайып,
120,628 млн теңгені құрады. Мұндай нәтижеге жарғылық капиталды толықтыру
және бөлінбеген табыс пен өзге де резервтерді ұлғайту арқылы қол
жеткізілді. Банктің жарғылық капиталы 2008 жылдың аяғында 29,016 млн теңге
болса, 2009 жылдың басында айырбасталатын артықшылықты акцияларды
орналастырғаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Қарыз капиталының қорлануы
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Қарыз капиталы өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі
Пәндер