Депозиттік операциялар есебі туралы ақпарат



КІРІСПЕ
I.ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Депозиттер түрлері
1.2 Депозиттерді сақтандыру қорлары және сақтандыру жүйесі
II.ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Тарту және қайтару есебі
2.2 Пайыздарды есептеу есебі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
• банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
• басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
• депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талп ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
1. депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
2. депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операция –лар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
3. депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз етуі қажет;
4. депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігінің жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше анзар аударған жөн;
5. депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
6. депозиттерді тартуға әсер ететін банк қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
1. Әбдіманапанов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. Алматы: 2001-238б.
2. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті», 2001.
3. Беспалова Е, Разьяснения на Международные Стандарты Финансовый Отчетности. Алматы: 2002.
4. Гетман В.Г. Финансовый учет: Учебник.- М.: Финанси и статистика, 2002.-640с.
5. Кеулімжаев К.К. және т.б. Қаржылық есеп: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2001-330б.
6. Нидлз, Хендриксен, Ван Бреда. Принципы бухгелтерского учета. М.: 1996.
7. Қазақстан Республикасы Призидентінің 28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» заңдық күші бар Жарлығы, өзгертулері және толықтырулармен бірге.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Депозиттік операциялар есебі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I.ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Депозиттер түрлері
1.2 Депозиттерді сақтандыру қорлары және сақтандыру жүйесі
II.ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Тарту және қайтару есебі
2.2 Пайыздарды есептеу есебі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті
операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды
қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін:
• банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен
аударулар;
• басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
• депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талп ету салымы бойынша
банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
1. депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда
табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
2. депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операция
–лар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі
нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
3. депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен
несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну
операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын
қамтамасыз етуі қажет;
4. депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының
өтімділігінің жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге
ерекше анзар аударған жөн;
5. депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы
бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға тартылмаған) ең аз болуына
талпынуы керек;
6. депозиттерді тартуға әсер ететін банк қызметтерді дамыту және
қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын
қарастырған жөн.

I. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Депозиттер түрлері

Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындан
мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын
орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын
қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген
жеке тұлғалар , іскер фирмалар , акционерлік компаниялар, жеке
кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар , үкімет мекемелері , мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге
салады.
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозитер төрт топқа бөлінеді:
• талап етілмелі депозиттер;
• жинақ салымдары;
• бағалы қағаздар;
мерзімді депозиттер.
Бірінші топ – талап етілмелі депозитер, олар сондай-ақ чектік
депозиттер деп те аталады. Талап ету днпозиті түрінде қаржы тарту кезінде
банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады. Чектік депозит – бұл
міндетті түрге өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.
Чектік днпозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу
арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар
бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік
днпозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің
айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін
төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер
саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір
көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын
жергілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл
төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының еркшеліктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
• ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
• ақша шоттан қолма-қол түрде , сондай-ақ чектер көмегімен алынуы
мүмкін;
• шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін
коммисия төлеуі;
Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда
үлкен үлесінің сақталуы. Талап ету днпозиттерінің бір түрі банктің
клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент – бірыңғай шот
болып табылады. Контокоррентке банк қарыздары , сондай-ақ шоттан клиент
тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым , аударым және т.б
түрде барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік
белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты
қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде
әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған
келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндік бар.

Талап ету депозиттеріне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын
жатқызуға болады, овердарфт – банк пен клиент арасындағы келісімге
сәйкес , банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық
соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды
білдіреді. Овердрафтың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипата
болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар
ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды
тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бір түрі – нау шоттар – пайыздық
мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни қалқымалы болуы мүмкін.
Супернау-шоттар – бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу
қызметтер кешенің ұсынады.
Депозиттік келесі түрі – автоматтық аудару шоттары (ATS-шоттар). Жинақ
шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін,
чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің
түрі.
Куәландырылған чектер – банк қызметкерлері беретін төлемі
кепілденген чектер. Талап ету депозиттері бойынша экслициттік (анық
түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің
көптеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін
төмендетуге тырысады.
Депозиттің келесі тобы – жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы
келісім негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі
жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ сасалымының жағдайы туралы жазбасы
бар шоттар, сондай ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз
әкелетін чектік емес депозиттер.
Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
• банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап
етуге құқылы болса да , бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол
талапты аз қояды;
• шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
• салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың
барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
• шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың
болмауы.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ
салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы
шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық
мөлшерінің өзгеруімен реттелетігін жәнә бұл шоттады қолдану кезінде
операцияларды тіркеу үшін жинак кітапшасының қосылмайтындығын есептемегенде
көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:
• бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
• салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
• бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген,қазір
банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы:
• осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санулы шектелген санын жазуға
құқылы;
• бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес,жинақ мақсатында
қолданады;
• банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем
алынады;
• егер салымшылар – корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша
белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең тараған топтардың бірі – мерзімдік салымдар, оған мерзімдік
салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді.
Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге
салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз
алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде
қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында
толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит
туралы келісім жасалынады. Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4
топқабөлінеді:
• 30 күннен 89 күнге дейін;
• 90 күннен 179 күнге дейін;
• 180 күннен 359 күнге дейін;
• 360 күннен жоғары.
Депозиттердің төртінші тобы – бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде
былайша бөлінеді:
• аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кооперативтің,
акционерлік қоғамдар мен компаниялар акциялары және облигациялары;
• сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
• шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар ( шетел
валютасындағы аккредетивтер);
• депозиттік сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кен тараған түрі.
Депозиттік сертификат – эмитент банктің ақша қаржыларының салымдары
туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым
бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша
куәлік.
Депозиттік сертификат - кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол
себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу
немесе төлем құжаты болып саналмайды. Талап ету құқығын ұсыну – цессия, ол
депозиттік сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмлемен рәсімделеді: өз
құқығын ұсынушы тұлға- цедент пен құқық алушы цессионарий. Банк талап ету
құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуы, сондай-ақ өкілетті
тұлғалар аты жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді.
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
• Жолданбайтын – салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенде банкке
ұсынылады;
• Жолданатын – екінші нарықта сатылуы немесе басчқа тұлғаға өтуі мүмкін
;
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез-келген мерзімге
тиімді инвистициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда
сертификаттарды тез қолма – қол ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгірері бойынша бөлінеді:
• Шығарылуы бойынша: бір рет , сериямен шығарылады.
• Рәсімдеу тәсілі бойынша: арнайы, ұсынушыға.
• Төлеу шарттары бойынша: анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға
дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы
және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі
тиіс.
Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
• аты;
• сертификатты ұсыну себебі;
• ұсыну күні;
• салым сомасы;
• депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;
• сертификат сомасын талап ету күні;
• пайыз мөлшері және мекен жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін);
• банк мөрмен бекітілген ,осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі
тұлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару
орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттарын тиімді
орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:
• инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі:
• салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
• пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмін;
• шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б);
• номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілділігі;
• кең жарнаманы.
Сертификаттар табыстаған , азаматтардың талап етілмелі шоттары
мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.
Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың
жетіспеушілігін оны эмиссиясымен байланысты банктің жоғары
шығындарының болуы.

1.2 Депозиттерді сақтандыру қорлары және сақтандыру
жүйесі

Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл.
Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ,
Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс
істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама
қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр.Яғни, егер депозиттер
сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Басқа банктерден алынған несиелік операциялар есебін ұйымдастыру
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру туралы
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Пассивті операциялар
Банктің депозиттік операциялары
Пәндер