Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері


МАЗМҰНЫ
I
1. 1
1. 2
ЗОРОАСТРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 11
Зороастризмнің пайда болуы және ерекшеліктері 11
Авеста - Зороастризмнің киелі кітабы 21
II
2. 1
2. 2
ЗОРОАСТРИЗМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ 33
Қазақ халқының исламға дейінгі діни наным-сенімдері 33
Қазақ халқының дүниетанымындағы Зороастризмнің орны 45
III
3. 1
3. 2
ЗОРОСТРИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІНДЕГІ КӨРІНІСІ 54
Наурыз тойының шығу тарихы және мәні 54
Қазақ салт-дәстүріндегі наурыздың тойлануы 63
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертация Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдерін зерттеуге арналған. Оның ішінде Зороастризмнің қалыптасуы, қазақ халқының наным-сенімдері мен дүниетанымы қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі . Бүгінгі таңда кең байтақ Еуразия алқабын бізге мұра етіп қалдырған бабаларымыздың мол дүниетанымға толы ілім-білімі мен мәдени құндылықтарының сырын ашуда этнология ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Аталған проблемалар жалпы түркі жұртына ортақ мұра. Бұл мәселенің маңызды екендігін елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің мынадай сөздерімен айқындап бергендей: «Біздің кіндігіміз жеті атамызбен ғана жалғасып жатқан жоқ, онан арғы Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен жалғасып жатыр. Осынау қанатын кең жайып, жанарын алысқа салатын қазақ рухы әзірше өз деңгейінде парақталмай келеді. Арийлер деген атпен ұлы мәдениеттер жасап, ұлы мемлекеттеп құру үшін бір кезде Үндістанға қарай бет алған тайпалар . . . «Авестада» айтылатын арий, тур, дах және дайлардың тікелей ұрпақтары болып табылады» [1, 24 -77 б. ] . Демек, өркениеттің шыңына шыққан түркі халықтарының мұрасы қазіргі таңда кімді болса да қызықтырмай қоймасы анық.
Қазіргі жаһандану мен интеграциялық қоғамда рухани дүниетанымымыз бен мәдениетіміздің ерекшелігін көрсетіп, оны толықтай дәйектер негізінде жариялау мәселелері де туындап тұр. Сол мұралардың негізі - халықтық дүниетаным негізінде жатыр. Сандаған ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының дүниетанымы табиғатпен етене өмір сүруінің нәтижесі болды.
Әлемдік мәдениеттің үшінші мыңжылдыққа енуі барысында өткен тарихи-мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау заңды. Ұлттық сана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор, өйткені өткенді сана талқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға болуы тек саяси-экономикалық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Осы орайда Гегельдің рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы, тарихи жады. Империялық отарлық саясат халықты осы жадыдан айырып, өзіндік санасын уландырып келді. Еркін ойды алқымынан алып, тұншықтырып келген тоталитарлық жүйе ыдыраған соң, жан-жағымызға қарап, оң-солымызды аңғарып, ұмытқанымызды еске алып, жоғалтқанымызды табуға ұмтылып тарих қойнауларына үңілу уақыт талабы, тарихи қажеттілік. Тоталитарлық саяси жүйенің ауыр зардаптарының бірі - халықты дүниетамынынан айыру, оны мәңгүрт, алып механизмнің тетіктеріне айналдыру болды. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, діни наным-сенімдері ескінің сарқыншағы саналып, одан арылу болашақтың даңғыл жолына түсудің бірден бір жолы деп табылып, ескіден арылу қажеттігі ұранға айналды. Бұл халықтың өзіндік санасына шабылған балта болды. Өзінің саяси-идеологиялық, рухани үстемдігін орнықтыру мақсатында кеңестік тоталитарлық жүйе қазан төңкерісіне дейін көшпенді халықта жазу-сызу болмаған, олар ұлы, алдыңғы қатарлы халық мәдениетімен араласу барысында көзін ашты деп келді, сөйтіп көшпенді халықтар туралы жаңсақ пікірлер мен тұжырымдар орын алып, халық санасына сіңірілді.
Еліміз тәуелсіздігін алып өткен тарихымызды ашық түрде зерттеу мүмкіндігін алған уақытта жоғалтқанымызды қайта қалыптастыру қажет. Сондықтан, адамдардың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі - зороастризм.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығын қорытындылай келе, түйетініміз тақырып бүгінгі күннің кезек күттірмес келелі мәселесі. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің айғағы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зороастризмді және оның киелі кітабы - Авестаны зерттеуге жетелейтін көптеген себептердің бірі - оның ежелгі шығыстың және адамзаттың мәдени құндылықтарының ішінде алатын ерекше орны. Зороастризм мәселелері XVIII ғасырда-ақ Еуропа ғалымдарының назарын аударған еді. ХVІІІ ғасырдан - ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы аралығында француздық ғалым Анкетиль Дюперрон (1731 -1805) «Авестаны» алғаш оқып, оның мазмұнын түсіндіруге тырысты. «Авестаның» толық аудармасын жариялау ғылыми ерлік және жаңалық болды. Сонымен қатар ағылшындық ғалымдар У. Джонс, Ричардсон, Эрскайн және неміс ғалымдары Майнерс пен Болен кеңінен зерттеді. Ф. Ницше және Г. Риттер көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы зороастризмнің зерттелуіне үлкен үлес қосты.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан 80-ші жылдарына дейінгі аралықта француздық ғалым Э. Бюрнуфтың (1801-1852) көзқарасы зерттелудің жаңа кезеңіне аяқ бастаса, Ф. Боин, Ф. Шпигель, Ф. Юсти, В. Гейгер, П. Рот және тағы басқаларда елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегі аралығындағы Х. Бартоломе, М. Мюллер, М. Хаут, К. Гельднер, Дж . Дармстетер, Л. Милльс зерттеулерініңде маңызы зор еді.
Революцияға дейін жарық көрген еңбектердің ішінде А. Л. Погодиннің «Религия зороастра» еңбегін атап өтуге болады. Автор зороастризмді діни жүйе ретінде қарастыра отырып, оның тарихи-мәдени бастауларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындауға талпынады.
Кеңестік дәуірде зороастризмді зерттеуде Е. Э. Бертельс [2], И. С. Брагинский [3], В. И. Абаев [4], Э. А. Грантовский [5], И. М. Стеблин-Каменский [6], С. П. Толстов [7], В. В. Струве [8] сияқты ғалымдардың еңбектерінің айрықша үлес қосқанын атап өтуге болады. Алайда аталған ғалымдар зороастризмді Ежелгі Шығыс, Ежелгі Иран тарихи контексінде қарастырады, олардың ғылыми мақалалары көптеген құнды мәліметтер бергенмен, зороастризм туралы тұтас түсінік қалыптастырмайды. Зороастризм туралы монографиялық еңбек жазған кеңес ғалымы Е. А. Дорошенко [9] болды.
Зороастризмді жан-жақты қарастыруға бағытталған ағылшын ғалымы М. Бойстың «Зороастрийцы. Верования и обычай» [10], Л. А. Лелековтың «Авеста современной науке» [11] атты еңбектері айрықша орын алады. Ағылшын ориенталисі зороастризмнің пайда болуынан бастап қазіргі күндерге дейінгі даму кезеңдерін қарастырады. Л. А. Лелековтың еңбегі қазіргі ғылымда қалыптасқан Авеста мен зороастризм туралы көзқарастар мен тұжырымдарды талқылауға арналған. Зороастризмге байланысты еңбектердің шет тілдерден аударылмағанын ескерсек, автордың зерттеуі бірден-бір құнды еңбек болып табылатындығын атап өткен жөн.
1998 жылы Санкт-Петербургтен шыққан «Авеста в русских переводах» атты жинақта 1861-1996 жылдар аралығындағы Иран тайпаларының ежелгі діні, зороастризмнің пайда болуы және таралуына кеңінен сипаттама жасала отырып, зороастризмнің Отанын анықтауға тырысты. Жинақта «Авестаның» негізгі төрт бөліміне аударма жасалынып, олардың әр қайсысына жан - жақты сипаттама беріліген [12] .
И. В. Рактың «Мифы древнего и ранневекового Ирана» атты еңбегінде Заратуштра өмірі, Ахеменидтердің діні, пехлевилік әдебиетке талдау жасалынып, зороастризмнің бізге таныс емес тұстары кеңінен көрсетілген [13] .
«Авеста»: Избранные гимны» атты жинақты жариялауда И. М. Стеблин -Каменскийдің қосқан үлесі зор. «Авестаның» зерттелу кезеңдеріне сипаттама жасап, Заратуштра өмірін, дінді таратудағы уағыздарын және барлық ән ұрандарының орысша аудармасын берді. Иран тарихына салыстырмалы талдау жасау арқылы діннің қалыптасу және таралу кезеңдерін ашып көрсетті [14] .
Л. С. Васильевтің «История религий Востока» атты шығармасы 1988 жылы Москвада жарық көрді. Еңбекте діннің пайда болуы мен бүкіл шығыс халқының діни наным - сенімдері және ежелгі ирандықтардың діні - зороастризмнің қалыптасу ерекшеліктерін көрсеткен. «Зороастризмнің мәні - жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресіне саяды. », - деп көрсете отырып, «жақсылықтың жеңіске жетуі» діннің негізгі мақсаты ретінде атап өтілді [15] .
Әр халықтың өзінің төл дүниетанымына негізделген әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері, діни жоралары болғандықтан М. Қараманұлының «Тәңірге тағзым» атты кітабында түркі халықтарының ежелгі сенімі - Тәңір діні, оның пайда болуы, қастерлі қағидалары мен өзге жұрттың діни наным - сенімдерінен айырмашылығы жайында сөз қозғалады [16] .
А. Г. Косиченко, А. Н. Нысанбаев, Д. А. Кенисарин, Е. В. Мельниктердің авторлық бірлестігінің негізінде жазылған «Ислам и христианство: возможность духовной консолидации народов Казахстана» атты монографияда, Қазақстандағы ірі екі дін ислам және христианның ел халқының діни топтасуына қосқан үлесі және осы діндерге дейінгі ежелгі түріктердің наным - сенімдері мен әдет - ғұрыптарына тарихи -мәдени, діни баға берілген [17] .
В. Тимошиновтың «Культурология: Казахстан - Евразия - Восток - Запад» деген оқу құралында әлемдік өркениеттің негізігі даму кезеңдері, адамзаттың іс әрекетінің қалыптасуы, рухани және материалдық мәдениеттің дамуы көрсетіліп, соның ішінде шамандықтың қалыптасуына баса назар аударылған [18] .
Қазақ ғалымдарының ішінде зороастризмнің қазақ мәдениетіне ықпалы туралы алғаш пікір айтқандар А. Х. Қасымжанов, М. С. Орынбеков, С. Н. Ақатаев, А. К. Ақышев болды. А. Х. Қасымжанов «Духовное наследие казахского народа» атты еңбегінде: «Іс жүзінде қазақтардың ежелгі дүниетанымы негізінен заратуштралық болған және оның іздері отқа табынудан, тазару рәсімдерінен, су мен топырақты пайдаланып емдеуден көрінеді», деп жазады. Сонымен қатар, автор қазақ халқының рухани дамуындағы, менталитетіндегі зороастризмнің алатын орнына көп көңіл бөлген [19] .
М. С. Орынбековтың «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» атты монографиясында қазақ жерінде Қазақстан жерінде зороастризмнің таралуына тоқталып, бұл діни жүйенің кейбір элементтерінің қазақ топырағында ежелден болғанын атап көрсетеді [20] .
Көптеген діни ескерткіштер діни қызметтік мақсаттары болса да, дүние-жүзілік мәдениеттің жетістіктерін құрайды. Оларды жасақтауға данышпан сәулетшілер, фрескалық сурет шеберлері, икона жазушылар, композиторлар қатысты. Сөйтіп, дін көркемөнердің барлық түрлерін дамытуға аса зор үлес қосты, яғни мәдениетті дамытуға ат салысты.
Жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың - шамандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік текстерінде кам деп аталған. Шамандар сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған.
Затов Қ. А. «Зороастризм және мәдениеттер диалогы» атты мамандығы философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияның авторефератында зороастризмге дейінгі наным-сенімдерді талдап, олардың қазақтардың ілкі тектерінің /сақтардың/ діни көзқарастарымен байланысын көрсетеді[21] . Белгілі археолог А. К. Ақышев «Искусство и мифология саков» атты еңбегінде қазақ халқының ілкі-тегі болып табылатын сақтар дүниетанымын, өнерін, діни наным-сенімдерін түсіндіруде Авесталық параллелизмдер мен зороастризмдік рәсім-рәміздерге жүгінеді [22] .
Досмұхамед Кішібековтың «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» деген еңбегінде сан ғасырлар бойы мал өсіруді кәсіп ету арқылы көшіп - қонып өмір сүрген қазақ халқының ата - бабаларынан бастап қалыптасқан шаруашылығы, әдет - ғұрпы, тілі, дүниетанымы сияқты бірқатар мәселелер сөз болады [23] .
Абаста деген атпен С. И. Оспанов ғылыми мұраны қазақ тіліне аударған. Бұрын парсы, араб, орыс тілдерінде жарық көрген Авестаға негізделіп, осы кітапты аударған [24] . Сонымен қатар, аталған автордың «Арғытектану негіздері: тәңірлік пен жаратуштралық ілімді зерттеудің ғылыми-практикалық мәселелері» атты монографиялық еңбегі жаңа пайымдаулармен жазылған. Арғы түрік-қазақ халықтары үшін ықылым заманнан терең құндылығы бар Тәңір құдіретіне және, барлық әлемге сәуле қызу беретін, Күн-от тегіне таңдана табыну дәуірлерінде қалыптасқан тек, ар, намыс сияқты түсініктердің ұлттық тарихи-рухани-мәдени-ділдік құндылықтар жүйесіне айналу үдерісін зерттеудің онтологиялық, социологиялық, философиялық талдаудың әдіснамалық қисыны жүйеленіп, соларға сай, мазмұны тың зерттеу жүзеге асырылған [25] .
Сондай-ақ, белгілі археолог-ғалым У. Х. Шәлекеновтің «Орталық Азиядағы ариилердің өркениеті» атты еңбегі тың тұжырымдарымен құнды болып табылады. Автор зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» кешенді негізделіп, ариилер этносының пайда болып дамыған орталығы Орталық Азия екендігін дәлелдейтін деректер келтірген. «Авестадағы» мәліметтерге жан-жақты қарап, ариилердің табиғи-географиялық өрбіген орталығына, шаруашылығына, археологиялық ескерткіштеріне, этнологиялық наным-сенімдеріне, дініне, жалпы рухани мәдениетіне көңіл бөлініп, жан-жақты қарастырылған [26] .
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қолда бар деректерді толық пайдалана отырып, зороастризмнің қалыптасуын және оның қазақ діни наным-сенімдеріндегі алар орнын зерттеу тақырыптың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру басшылыққа алынады:
- зороастризм және қазақ халқының діни наным-сенімдерінің зерттелуін таратып көрсету; зороастризмнің пайда болуы және ерекшеліктерін анықтау; зороастризмнің қасиетті кітабы - Авестаға жан-жақты тоқталу; қазақ халқының исламға дейінгі діни наным-сенімдеріне сипаттама беру; қазақ халқының дүниетанымындағы зороастризм көріністерін талдап көрсету; наурыз мерекесінің шығу тарихын қарастыру; қазақтың салт-дәстүріндегі наурыздың тойлануын талдау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық жұмысымыздың дерек көзі ретінде пайдаланған материалдарды бірнеше топтарға бөлуге болады. Олардың негізісі осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың іргелі еңбектері және C. И. Оспановтың аудармасымен «Авеста» еңбегі басты деректер ретінде пайдаланылды [24] .
Деректер тобына жарыққа шыққан географиялық, энциклопедиялық жинақтардың материалдарын жатқызуға болады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында дерекнамалық материалдарды жинастыра отырып, олардың этнологиялық тұрғыдан алатын маңызын анықтауға тырыстық. Бұл ретте баспадан жарық көрген материалдар нысанаға алынып отырды. Дерек ретінде БҒСБК аясында жарыққа шығатын ғылыми және ақпараттық мәліметтерге бай мерзімдік басылымдардың материалдарын да негізге алдық.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері зерттелу негізінде салыстырылып көрсетілді. Нәтижесінде зороастризм мен қазіргі кездегі наным-сенімдерінің дәрет алуы, отпен аластауы тағы басқа ұқсастықтарын салыстыра зерттеу қолға алынып отыр. Ислам діні дүниеге келгенше көптеген этностарда, соның ішінде түрік тілдес халықтардың тұрмыстарында ұзақ жылдар қолданып келген зороастриялық діннің қалдықтары әлі күнге дейін салқыншақ діни ретінде сақталған. Бұл діннің қалдықтары қазақ халқының тұрмысында да молырақ сақталып, ислам дінімен қатарласып өмір сүріп жатыр. Біздіңше, көне діннің қалдықтары біздің халықтың арасында сақталуы біркелкі емес. Әсіресе, зороастризмнің салқыншақтарын Орталық Азияның оңтүстігінде, батысында көбірек кездесетін көрінеді. Оның себебі, зороастризм дінінің алғашқы өрбіген, кең тараған аймақтары осы аттары аталған географиялық өңірлер болса керек. Бірақта, Орталық Азияның басқа да бөліктерінде жоқ деген пікірлер тумайды. Ол географиялық аймақтарда да бұл діннің қалдықтары кездесіп отырады. Сөйтіп, жарық көрген ғылыми әдебиеттерде, артефактлерде зороастризм дінінің алғашқы дүниеге келгенін, оның жер бетіндегі әлемдік буддизм, христиан және ислам діндерінің негізі осы зороастризм дінінен бастау алады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.
1. Заратуштра жұмақ пен тозақ туралы, адамның өз жанының тағдыры үшін жауапкершілігі, жан мен тәннің қайта қосылуы туралы адамзат тарихында ой қозғаған алғашқы пайғамбар болды. Әрине, оның бұл көзқарастары кейінгі ізденушілерді толғандырмай қойған жоқ. Пайғамбардың аталмыш түсініктері иудаизм, христиан, ислам діндерінде қабылданды. Бірақ, М. Бойстың айтқанындай, бұл түсініктер тек зороастризмде бір-бірімен толық логикалық байланыста болады. Заратуштраның пікірінше әрбір адамның аман қалуы, оның игі ойлары, игі сөздері, игі істерінің жиынтығына байланысты, яғни адам өміріне, тағдырына құдайлар қол сұқпайды. Әрбір адам қиямет-қайым күні істеген істері үшін жауап береді және барлық адамзатпен әлем тағдыры үшін жауапкершілікті бөліседі.
2. «Авестаның» Отаны - Орта Азия, соның ішінде Хорезм өңірі. Сондықтан бұл қасиетті мұра парсылар мекендеген жерде жасалмаған, Иранға, өзге көрші елдерге түркілер арқылы жетіп, кейін солардың игілікті қазынасына айналған. Қысқасы, түркілердің, соның ішінде қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, наным-сенімі, кәсібі, діні, тарихы, өмір сүру ережелері, философиясы - бәрі қамтылып жазылған.
3. Қадым замандарда көне түркілер жері, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Жоғарыда аталған діндердің ешқайсысы түркілердің руханилығында олардың көне сенімдерін ығыстырып шығара алмады. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана көне түркі сенімдерімен іштей синтезделіп, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.
4. Ислам діні дүниеге келгенше көптеген этностарда, соның ішінде түрік тілдес халықтардың тұрмыстарында ұзақ жылдар қолданып келген зороастриялық діннің қалдықтары әлі күнге дейін салқыншақ діни ретінде сақталған. Бұл діннің қалдықтары қазақ халқының тұрмысында да молырақ сақталып, ислам дінімен қатарласып өмір сүріп жатыр. Бізіңше, көне діннің қалдықтары біздің халықтың арасында сақталуы біркелкі емес. Әсіресе, зороастризмнің салқыншақтарын Орталық Азияның оңтүстігінде, батысында көбірек кездесетін көрінеді. Оның себебі, зороастризм дінінің алғашқы өрбіген, кең тараған аймақтары осы аттары аталған географиялық өңірлер болса керек. Бірақта, Орталық Азияның басқа да бөліктерінде жоқ деген пікірлер тумайды. Ол географиялық аймақтарда да бұл діннің қалдықтары кездесіп отырады. Сөйтіп, жарық көрген ғылыми әдебиеттерде, артефактлерде зороастризм дінінің алғашқы дүниеге келгенін, оның жер бетіндегі әлемдік буддизм, христиан және ислам діндерінің негізі осы зороастризм дінінен алады- деген пікірге қосыламыз.
5. Зороастризмнің сарқыншақтарының бірі - қазіргі кездегі мұсылмандардың Жаңа жылы - Наурыз мейрамы. Ең әуелі ол - Ахура- Мазданың мейрамы. Кеңес дәуіріне дейін бұл дәстүр Орта Азия мен Қазақстан халықтары арасында берік сақталды. Мереке күні өсіп келе жатқан жеті дәнді дақылмен болашаққа болжам жасап, салт-жоралғы тағам - сималакты жеті ақ табаққа салып әкелді және де осы күні егіс алқабына егін салынды. Әр түрлі бояумен боялған жұмыртқалар таратылып, бәйге және жарыстар ұйымдастырылды
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны - зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері: зороастризмнің қалыптасуы, қасиетті кітабы - Авеста, исламға дейінгі діни наным-сенімдер, қазақ халқының дүниетанымындағы зороастризм көрінісі және наурыз мейрамының қалыптасуы талданады. Зерттеудің субьектілері - Заратуштра, миссионерлер, шамандар және т. б. болып табылады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Зерттеліп отырған тақырыбымыз Зороастризмнің бастаулары мен қазақ халқының діни наным-сенімдері тұрғыда зерделенетіндіктен, оның хронологиялық мерзімді шегін белгілі бір уақыттың деңгейінде көрсету өте қиын, тіпті мүмкін емес. Себебі, қазақ халқының дүниетанымы, діни наным-сенімдері ықылым дәуірден бастау алып, қазіргі кезеңге дейінгі үрдістерді қамтиды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Аса ауқымды кеңістік пен уақыт аясында болып өткен тарихи оқиғаларға дұрыс баға берудің қалыптасқан дәстүрлі тәсілі - топтап жинақтау, салыстырып сараптау арқылы ғылыми қорытынды жасауға ұмтылдық. Түп нұсқалық материалдар негізінен жаулаушы империялардың орда бітікшілері қолымен жазылғандығын ескеріп, оның әсіре саясиланған, державалық сипатына нақтылы талдау жасай отырып, тарихқа, ғылымға, адал болу принципін негіз етіп алдық. Этникалық атаулардың түпнұсқалық қалыбын орнына келтіру үшін түркологиялық-лингвистиканың тарихи салыстырма тәсілін ұтымды қолдануға тырыстық.
Зерттеудің әдістемелік негізіне нақтылық, тарихилық, салыстырмалы талдау қағидаларын, назарда ұстай отырып, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасына» сәйкес, отандық этнология ғылымында мемлекеттіліктің дәстүрлі жалғастылығы тұғырнамасын орнықтыру мен тәуелсіздікті одан әрі дамытып, көркейту идеясы басшылыққа алынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz