Акустикалық ластану


Жоспар

  1. Кіріспе бөлім

Акустикалық ластану туралы жалпы түсінік.

  1. Негізгі бөлім:

а) Акустикалық ластанудың шығу көздері.

ә) Акустикалық ластанудың түрлері.

б) Акустикалық ластанудың адам ағзасына әсері .

  1. Қорытынды

Акустикалық ластанудан қорғану жолдары.

4) ) Қолданылған әдебиеттер.

Акустикалық ластану

Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады. Бірінші кезекте акустикалық ластанудың сер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады .

Адамзат барлық уақытта дыбыс пен шу дүниесіне өмір сүріп келе жатыр. Адам құлағы кабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц -20 Гц, инфрадыбыс - 16 Гц - тен төмен, ультрадыбыс - 21 кГц- 1ГГц. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адмның құлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады.

Ультрадыбыстың жиілік диапозоны - төменгі жиілікті жне жоғарғы жиілікті болып бөлінеді. Ультрадыбыстарды газдар сұйықтарымен салыстырғанда бірнеше ес жақсы сіңіре алады. Мысалы, ауада ультрадыбыстың сіңу коэффициенті сумен салыстырғанда 1000 есе жоғоры. Ультрадыбыс өнеркәсіпте тексеру-өлшеу мақсатында қолданылады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процестерді жүргізуге жне күшейтүге. Ультрадыбыс диффузия процестерін ерітуді және химияық реакцияларын жылдамдатуға да пайдаланылады.

Ультрадыбыстың басқа сияқты адам ағзасына тигізетін зиянды әсері бар. Ол нерв жүйесінің бұзылуына, тамырдағы қысым мөлшерінің, қанныңқұрамы мен қасиетінің өзгеруіне себебін тигізеді. Ультрадыбыс ауа немесе сұйық және қатты орта арқылы өтеді. Адам организіміне түйіскен байланыс арқылы өткен ультрадыбыс өте қауіпті келеді.

Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Шу адамзаттың өмір серігі. Деңгейіне карай шу адамға қолйлы және қолайсыз әсер тигізеді. Табиғи нәзік шулар - жапырақтың сылдыры, өзен ағысының дыбысы, құстар әні, жне т. б. адамға олайлы әсерін тигізеді, нерв жүйесінің ауруларын емдеуге қолданады. Ал қатты шулардың пацда болуы адамдардың есту қабілеттерінің төмендеуіне жне әр түрлі нерв жүйе ауруларының көбеюіне себеп болады. Ұзаққа созылған қатты шулар журектің, бауырдың жұмыс істеу қабілеттерін бұзады және нерв клеткаларын тоздырады. Нервтік жүйе клеткаларының әлсіреуіне байланысты бүкіл ағзаның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, әр түрлі патологиялық өзгерістер орын алады. Қатты шулар тек адамдарға ғана емес өсімдіктер мен жануарлар леміне де қолйсыз әсерін тигізеді.

Әр турлі механикалық, аэродинамикалық және электр магниттік құбылыстар шудың пайда болуына себеп. Машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде олрдың бөлшектері бір-біріне соғысу мен қажалудың арқасында және өндірістере қолданылатын соғылысу процестерінің нөтижесінде шудың механикалық түрі орын алады. Аэродинамиалық және гидродинамикалық шулар газдар мен сұйықтар аққанда пайда болады. Ал элетр магниттік шулар әр түрлі электрлік қондырғылардың жұмыс істегенінде жарыса қабаттаса шығады.

Шу деңгейі дыбыстық қысыммен өлшенеді, өлшем бірлігі децибел (дБ) . Шу әсерінің шекті рауалы деңгейі децибелмен бегіленеді. Шудың мөлшері 20-30 дБ-ге дейін болса ол адам ағзасына зиянын тигізьейді. 130 дБ шамасындағы шу адамға қолайсыз сер етеді. Шу 150 дБ аса, оны ағза көтере алмайды. Шудың шектік деңгейі 80 дБ.

Өте қатты шу есірткі секілді әсер етіп, адам масаяды. Қазіргі электр музыкаға елігушіліктің бір себебі болып осы шуылдан масаю болып саналады, оның шуы уырсындыратн шектен асып, 130 дБ- ге дейін жетеді. Түнгі уақыттағы 30-40 дБА деңгейінлегі шу адамды қатты мазалайтын факторға жатады.

Әр көзден шығатын шу деңгейі әр турлі : жапырық сылдыры мен тыныш жағдайдағы теңіз толқынының шарпыны 20 дБ, ақырын баяу сөйлескенде 40-45 дБ, қатты сөйлегенде 60-70 дБ, шаңсорғыштікі 70-80 дБ, қоңырау сағаттікі 80-95 дБ, мотоцикл, автокөлік жне басқа көліктердікі 80-100 дБ, өндірістегі зат үгітетшн агрегаттық 100 дБ, күн күргірегенде 130 дБ, реактиві ұшақтікі 150 дБ үстінде, космотық ракеталардікі 175 дБ шамасында. Қаладағы тіршілікке шудың негізгі көзі - автокөлік болып табылады.

Қазіргі кезде барлық үлкен қаларда шу деңгейі жоғарылай түсуде. Дүние жүзінде ең шулы қалаға Рио-де- Жанейро жатады. оның көптеген аудандарында шу мөлшері 80 дБ үстінде. Шулы қалалар қатарында Египет астанасы Каир да кіреді. Оның негізгі көшелерінде шу күші кейбір кезде 100 дБ- ге дейін жетеді.

Әр адамның шуды қабылдау қабілеті әр түрлі, ол олардың жасына, өткір мінезділігіне, денсаулығына байланысты. Күннен күнге техниканың дамуына байланысты күшті шу көздері көбейіп, адамды үйде де, өндіріс мекемелерінде е жиі мазалауда. Сондықтан шу проблемасы шешуді қажет ететін маңызды мселелердің біріне айналып отыр. У сияқты шу әсері адамға белгілі бір із қалдырады.

Өндірістік шудан қорғану үшін шусыз технологиялық процестерді, шусыз көлік пен құралдарды пайдалану, шуды азайтатын арнаулы асфальттан жол қаптамасын жасау, құрылыстарда дыбыс сіңіргіш материалдарды қолдану, жасыл желек жолақтарын өсіру, шулы өндірістерді елді мекендерден сыртқа қарай шығару, шуға қарсы арнаулы экрандар құрастыру қажет.

Шуды азайтуға қолданылатын ең тиімді әдіс - шу шығаратын көздің тікелей өзінде оның күшін төмендету. Шу күшінің деңгейі (L) келесі формуламен өлшенеді :

L= 10 LgP/P

Шудың механикалық түрі мынадай жолдармен : машиналар мен механизмдердің конструкцияларын жақсарту, металдан жасаған бөлшектерді пластмассаға ауыстыру, соғылу процесіне бағытталған технологияларды соғыспацтын түрлерге ауыстыру, қатты дыбыс шығаратын тісті дөңгелектерді басқа түрлерге, бір- бірімен үйкесіп қажаланатын бөлшектерді майлау арқылы төмендетуге болады.

Аэродинамикалық және гидродинамикалық шуларды азайту үшін негізінде газдың немесе судың кедергілерді айнала ағатын жылдамдықтарын төмендету, дененің аэродинамикасын жақсарту, сұйықтарды айдайтын насостардың оптималдық ражимін табу т. б көптеген ұсыныстар жасалды. Мысалы, шу шығаратын көзді жекелендіру, сөндіргіштерді орнату.

Электр магниттік шулармен куресу үшін электрлік машиналардағы бөліктердің айналуын теңестіру, электрлік қозғалтқыш щеткасын қысылып жабысып тұратын етіп орнату және т. с.

Егерде кейбір қондырғылардан шығатын шудың белгілі бағыты болатын болса, онда шу деңгейін төмендету үшін қолданылатын әдістің бірі оның шығатын бағытын өзгерту болып табылады.

Шудың таралу жолын қорғайтын бқгет жасау арқылы да оны төмендетуге болады. Бөгеттің шуды төмендететін қабілеттілігінің шамасын (R, дБ) есептеуге қолданылатын формула:

R=10 lg 1/r,

Бір қабаттық қоршаудың шуды жекелендіретін қабілеттің іс жүзінде келесі формуланы қолданумен табылады:

R= 20 lg (mf) - 47. 5,

Дыбысты жекелендіріп ұстайтын материалдар ретінде бетонды, темірбетонды, кірпішті, керамикалық блоктарды, ағаш, шыныны қолдануға болады.

Адам денсаулығына қолайсыз әсер тигізетін факторлардың біріне инфрадыбысты да жатқызуға болады. Инфрадыбыс жер қозғалғанда, дауыл көтерілгенде, теңіз дауылдары тұрғанда пайда болады . Инфрадыбыс толқындары шығатын көздерге компрессорлар, турбина дизель қозғалтқыштары, электровоздар, кондиционерлік жүйелер, желдеткіштер және әр түрлі механизмдер жатады. Адам физиологиясына әсерін тигізетін дыбыс мөлшері 20-70 Гц арасында.

Белгілі көздерден шыққан төменгі инфрадыбыстар су және жер қыртысы арқылы алшақтығы айтарлықтай алыс жерге таралады. Осы сбепке байланысты жер сілкінер алдында жануарлар мен бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мазасызданады. Оның басталуынан бірнеше сағат бұрын олар өздерінің індерін тастап, қауіпсіз жер іздеуге талпынады.

Инфрадыбыс қай жолмен пайда болса да тірі организмдерге қолайсыз әсер тигізеді. Мысалы, қала көліктері жұмыс істегенде орын алатын жиілігі төмен инфрадыбыс теңселуі адамдардың жүйкесін тоздырып, әр түрлі органдардың жұмыс істеу қабілетіне кері әсер етеді.

Инфрадыбыстан қорғану үшін шудан сақтануға болатын кейбір ұқсастығы бар әдістер пайдалану жатады. Мысалы, инфрадыбыс деңгейі көзден шығар кезінде тұншықтырғыштарды пайдалану арқылы төмендетіледі. Сонымен қатар кейбір шуды бәсендететін жекелендіру немесе сіңіру әдістері инфрадыбысқа қолдану тиімсіз келеді. Ең тиімді ұтымды жол - дыбыс шығатын көзбен күресу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Булану бөлмелері
Акустикалық факторлар бойынша еңбек шартын анықтау
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
ШУДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ
Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы
Дыбыстық ластану
Табиғи ластану
Қоршаған ортаның физикалық ластануы
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz