Валюталық реттеу және валюталық бақылау


1. Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Валюта - мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде немесе оны қолма-қол және қолма-қол жасамайтын нысандардағы, банкноттар, қазынашылық билеттер мен металл ақша, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған ақша түрiндегi (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбастауға жататындарын қосқанда) ресми стандарттар ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi, сондай-ақ шоттардағы, оның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражат.
Ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы.
Шетелдiк валюта - шет мемлекеттерiнiң валютасы.
Валюталық құндылықтарға:
- шетел валютасы;
- номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
- тазартылған құйма алтын;
- ұлттық валюта, резиденттер мен резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда, номиналы ұлттық валютада көрсетiлген баҚалы қаҚаздар мен төлем құжаттары жатады.
Валюталық бақылау валюталық реттеу жүйесiндегi маңызды құрам болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары мен агенттiктерi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыруға құқылы мемлекеттiк органдар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, кеден органдары және басқалары) болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өздерiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн валюталық бақылау агенттерiн тартуға және олардың мiндеттi орындауы үшiн жекелеген тапсырмалар беруге құқылы.
Валюталық бақылау агенттерi уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ олар операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының сақталуын бақылау мiндеттi жүктелген басқа да ұйымдар болып табылады.
Уәкiлеттi банктер - банк заңдарында көзделген операциялар жүргiзуге Ұлттық Банкi берген лицензиясы бар және валюта операцияларын, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша жүзеге асыратын банктер.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банк болып табылмайтын, шетел валютасында банк операцияларын жүргiзуге Ұлттық Банк берген лицензиясы бар заңды тұлғалар болып есептеледi.
Валюталық реттеу елдiң төлем балансының нығаюын, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюталық рыноктың дамуын қамтамасыз ету мақсатында валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және оның сақталуына бақылау бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының (валюталық реттеу органдарының) қызметiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеу функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеу және бақылау саласында мынадай функциялады жүзеге асырады:
а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
ж) мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
л) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
м) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады.
Валюталық реттеу объектiлерi Қазақстан Республикасының валютасы, Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар мен валюта операциялары болып табылады.
2. Валюталық реттеу және бақылау мақсаттары мен мiндеттерi
Валюталық реттеудiң негiзгi мақсаттары - ұлттық валютаны қорғауды және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, төлем балансының тұрақтылығын қолдау, iшкi валюта рыногын қалыптастыру және дамыту.
Валюталық реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын жүзеге асыру принциптерi мен тәртiбiн, валюта операциялары субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;
- Валюта заңдарының сақталуын бақылау (валюталық бақылау) ;
- Республикада жүргiзiлетiн валюта операциялары туралы ақпарат жинау, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау болып табылады.
Валюталық бақылау валюталық реттеу жүйесiнiң маңызды құрамы болып табылады.
Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының валюта рыногының субъектiлерi валюта операцияларын жүзеге асырған кезде олардың заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың негiзгi мiндеттерi:
- жүргiзiлетiн валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiгiн және оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензиялар мен тiркеу куәлiктерiнiң болуын анықтау;
- экспорт түсiмiнiң толық және уақтылы түсуiн, импорт мақсатына шетел валютасымен жасалған төлемдердiң құқықтылығы мен негiздiлiгiн, оның iшiнде олардың сыртқы экономикалық келiсiм-шарттардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
- валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толық және объективтi болуын тексеру.
3. Валюталық реттеудiң әдiстерi
Валюталық реттеу мәселелерiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мынадай негiзгi әдiстердi қолданады:
- валюта операцияларының субъектiлерi мен объектiлерiн айқындауды, валюта операциялары субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта операцияларының жiктеуiн, валюталық құндылықтар айналысының (иелiк ету, пайдалану, басқару) ережесiн белгiлеудi көздейтiн валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және басқалары;
- валюталық щектеулердi енгiзу - валюта операцияларының сипатына, субъектiлерiне, объектiлерiне, операциялар көлемiне қарай белгiленген валюта операцияларын жасауға шектеулердi (тыйым салуларды) белгiлеу және т. б. ;
- валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау;
- капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды тiркеу;
- валюта операциялары туралы есептердi жинау және талдау;
- валюта заңдарының сақталуын бақылау, оның iшiнде экспорт-импорт мәмiлелерiн паспорттау рәсiмiн белгiлеу және тексерулердi (инспекцияларды) жүргiзу арқылы (ҚРҰБ Басқармасының 05. 09. 01 ж. №343 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты және ҚРҰБ Басқармасының 13. 06. 02 ж. №229 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн қараңыз) ;
- валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық.
Валюталық реттеудiң негiзгi әдiстерiнiң бiрi валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу болып табылады, ол валюталық реттеу мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлердi басу арқылы жүзеге асырылады. Негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасының валюталық рыногы субъектiлерiнiң валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн сақтауын қамтамасыз ету.
Мұндай валюта операцияларына:
- валюталық құндылықтарға меншiк құқығының және өзге де құқықтардың көшуiне байланысты мәмiлелер;
- валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жiберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу жатады;
Резиденттер және резидент еместер арасында валюта операциялары:
- ағымдағы операцияларға;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлiнедi.
Ағымдағы операцияларға:
- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемдi не аванстық төлемдi 180 күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдыруды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
- 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу;
- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша дивидендтер, сыйақы (мүдде) және өзге де кiрiстердi аудару және алу;
- гранттарды, мұрагерлiк сомаларды, жалақыны, зейнетақыны, алименттердi аударуды және басқаларын қоса алғанда, сауда сипаты жоқ аударымдар;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларға датпайтын барлық өзге де валюта операциялары жатады.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- интеллектуалды меншiк объектiлерiне қатысты айрықша құқықтарды толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
- жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтар үшiн ақы төлеу аударымдары;
- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемдi не аванстық төлемдi 180 күннен асатын мерзiмге кейiнге қалдыруды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
- 180 күннен асатын мерзiмге кредиттер беру және алу;
- зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiлелер бойынша халықаралық аударымдар;
- жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар;
- валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға беру жатады.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау.
Ұлттық Банк республика аумағында валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензия беруге уәкiлеттi жалғыз лицензиар болып табылады. Қазiргi уақытта мынадай операциялар лицензиялауға жатады:
- бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасы үшiн қызмет көрсету;
- резиденттердiң шетел банктерiнде және осы қаржы институттары тiркелген мемлекеттiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыру құқығы бар өзге де қаржы институттарында шоттар ашуы (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы шоттарды қоса алғанда), бiрақ
- банктердiң;
- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кiретiн және рейтинг агенттiктерi бiреуiнiң талап етiлетiн ең төменгi рейтингiсi бар елдердiң шетел банктерiнде жеке тұлғалар-резиденттердiң;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс, оқу, емделу немесе демалу мақсатымен уақытша жүрген жеке тұлғалар-резиденттердiң шоттарын ашуын қоспағанда;
- резиденттердiң шетелге инвестициялары:
- банктердiң дилерлiк қызметiн;
- Қазақстан Республикасының валюта және банк заңдарында белгiленген талаптарға жауап беретiн резидент еместердiң бағалы қағаздарға инвестицияларын;
- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) немесе Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттарды жасаған әрi ратификациялаған елдерге заңды тұлғаларының жарғылық капиталына инвестицияларды қоспағанда, олардың нәтижесiнде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестициялау объектiсiнiң 50% және одан астам дауыс беретiн акциялары ( қатысушылардың 50% және одан астам дауыстары) тиесiлi болады;
- резиденттердiң резидент еместердiң пайдасына жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтардың көшуiн көздейтiн мәмiлелердi төлеу үшiн аударымдары;
- резиденттердiң 180 күннен асатын мерзiмге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспортына ақы төлеу үшiн резиденттердiң валюталық түсiмдер алу мерзiмi тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортталған күннен бастап 180 күннен астам күнге кешiктiрiлген кезде аванстық төлем көзделетiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысу үшiн резидент еместердiң пайдасына жасалған аударымдары;
- егер тауарлар экспортының және экспорттық түсiмдi алу күнi арасындағы мерзiм 365 күннен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жекелеген тауарлар тiзбесiнiң экспорты бойынша резиденттердiң резидент еместерден төлемдердi алуы;
- резиденттердiң (банктерден басқасы) резидент еместерге 180 күннен асатын мерзiмге кредиттер беруi;
- валюта заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, резиденттiң кредит ретiнде резидент еместен алған шетел валютасын Үшiншi тұлғалардың шоттарына есепке алу;
- резиденттердiң резидент емеске валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға беруi жатады.
Капитал қозғалысына және шетелде шоттарды ашуға байланысты валюта операцияларын тiркеу
Мыналар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде тiркелуге жатады:
- Қазақстан Республикасына мүлiктiң (қаражаттың) келiп түсуiн және 100 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада резидент емеске қаражатты қайтару бойынша мiндеттемелердiң туындауын көздейтiн капитал көзғалысына байланысты валюта операцияларын:
- қаржы лизингiн қоса алғанда, резидент еместерден 180 күннен астам мерзiмге кредиттер алу;
- резидент еместердiң экспорт-импорт мәмiлелерiн кредиттеуi;
- халықаралық капитал рыноктарында резиденттердiң бағалы қағаздарын бастапқы орналастыруын қоса алғанда, резидент еместердiң Қазақстан Республикасына тiкелей және портфельдiк инвестициялар нысанында инвестициялары, оның iшiнде резиденттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттардың шығарылуы;
- резиденттердiң интеллектуалдық меншiк объектiлерiне қатысты айрықша құқықтарды толық беруi үшiн резидент еместердiң жасаған аударымдары;
- жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарды төлеу үшiн резидент еместердiң жасаған аударымдары;
- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) немесе Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттарды жасаған әрi ратификациялаған елдерге кiретiн елдерге резиденттердiң тiкелей инвестициялары, олардың нәтижесiнде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестициялау объектiсiнiң 50% және одан астам дауыс беретiн акциялары (қатысушылардың 50% және одан астам дауыстары) тиесiлi болады;
- жеке тұлға-резиденттердiң шетелде, егер шетелдiк банк “А”-дан (“Standart&Poor’s” немесе “Fitch” рейтинг агенттiктерiнiң жiктеуi бойынша) немесе “А2”-ден (“Moody’s Investors Service” рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингiге ие мемлекетте тiркелген және орналасқан болса және ЭЫДҰ-ның мүшесi болып табылатын шетелдiк банкте шоттар ашуы.
Валюта операциялары бойынша есептердi белгiлеу. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болатын валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп беру тәртiбiн және нысандарын белгiлейдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz