Бизнес жоспар жасау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім
І тарау. Бизнес жоспардың құрылымы, тарауларының
мақсат міндеттері мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ІІ тарау. Бизнес жоспар жасау кезіндегі маркетингтік
бақылау және оқырман сұранысын зерттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... 35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ...55

ХХІ ғасырда адамзат өркениетке қол жеткізді, ғылым мен техника дамуының шырқау шыңына көтерілді дей тұрғанмен қоғам рухани жағынан байыды ма, ішкі жан дүниенің, жан сарайының байлығына қол жеткізді деп айта қою қиын. Рухани мұраның қайнар көзі, сақтаушысы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізушісі кітап десек, қай кезде болса да, кітапсыз рухани байлықсыз өмір мәнсіз екенін бұрынғы даналар да айтып кеткен ғой. Абай бабамыз «артық білім кітапта» десе, француз ойшылы Дидро «кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» депті. Дүниеде зұлымдық пен ізгілік деген екі күш болса, әзәзілдердің әрекетімен теледидардың басым көпшілік өнімдері біздің қоғамды азғыру жолына түсіріп отыр. Ал кітап адам баласы жаратылып, көзін ашып, оқу білгеннен бастап, оның рухани байлығы болып келе жатқан дүние еді. Қазіргі қоғам осындай асылды, теледидардағы сойқан бағдарламалардың құрбандығына шалып отыр. Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен шығатын әр кітап екі мың тираждан аспайды. Бүкіл Қазақстанға оның ішінде 8 миллион қазаққа, ал оның ішінде кітап оқиды-ау деген 4млн. қазаққа бар-жоғы 2 мың тиражбен кітап шығару кітап басу ісінің мүшкіл ахуалынан хабардар етеді.
Кітап басу ісі қай кезеңде болмасын қазақ қаламгерлерінің назарына тыс қалған емес. Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатов «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақта баспахана жоқ. Кітап, газет-журналдарымыз ноғай, орыс, еврей баспаларында басылады.Пайданың көбі солардың қалтасында қалады. Баспахана ісімен таныстығы жоқ кісілерден 1-2 есе қымбат алады. Егер баспахана ашуды пайдалы кәсіп екенін аңғарған қазақ байлары, саудагерлері болса, бұл істен қазаққа пайда көп болар еді»/ 1/«Қазақ» газеті. Құраст. Ү.Сұбханбердина, С. Дәуіт, Қ. Сақ.: қазақ энциклопедиясы,1998ж/деп сол тұстағы арта қалып отырған кітап шығару мен тарату мәселелерін қабырғасы қайыса жазады. Кітап шығару, сату ісін дамытуға шақырады.

1. “Қазақ” газеті. Құраст. Ү. Сұбханбердина, С. Дәуіт, Қ. Сақ.: қазақ энциклопедиясы, 1998ж
2. Бұл да сонда, 55-б
3. Баспа және БАҚ туралы заң
4. Дүйсенбаев, Нысанбаев, “Макетинг негіздері”
5. Бұл да сонда, 78-б
6. С. Р. Есімжанова, “Маркетинг”, А: 2005ж, 466-б
7. Ф. Котлер, “Основы маркетинга”, М: 1995г, 121-б
8. Бұл да сонда, 156-б
9. Ж. Сүндетұлы, “Әлеуметтік экономикалық дамуды баолау жоспарлау”, А: 2002ж, 104-б
10. С. Сейітжан “Маркетинг-нарықтау”, А: 1999ж, 285-б
11. Бұл да сонда, 303-б
12. С. Сатыбалдыұлы “Маркетинг-нарықтау”, А: 1999ж, 159-б
13. С. Р. Есімжанова, “Маркетинг”, А: 2005ж, 352-б
14. Гордон Грэм, “Книжный бизнес” М: 1999г, 55-б
15. Бұл да сонда, 67-б
16. Б. Н. Исабеков, “Кәсіпкерлік құрылымдардың бизнес жоспарды жасау процесінің методологиялық негізі”, Түркістан: 2004ж, 148-б
17. Бұл да сонда, 157-б
18. С. Р. Есімжанова, “Маркетинг”, А: 2005ж, 364-б
19. В. Г. Поляков, В. Д. Маркова, “Бизнес планирование:Практическое руководства”, Новосибирск, ЭКОР, 1993г, 79-б
20. Е. И. Комаров – Н. П. Маковеев, “Эффективное издательство”, М: 2000, 82-б
21. Бұл да сонда, 91-б
22. С. Р. Есімжанова, “Маркетинг”, А: 2005ж, 401-б
23. Бұл да сонда, 408-б
24. С. Сатыбалдыұлы “Маркетинг-нарықтау”, А: 1999ж, 205-б
25. Ф. Котлер, “Основы маркетинга”, М: 1995г, 158-б
26. С. Сейітжан “Маркетинг-нарықтау”, А: 1999ж, 299-б
27. “Хабаршы” журналы, №2. А: 2006ж, ҚазҰУ
28. А. Ваксин “Книготорговый бизнес”, М: 2001ж, 11-б
29. “Хабаршы” журналы, №2. А: 2006ж, ҚазҰУ
30. Е. И. Комаров – Н. П. Маковеев, “Эффективное издательство”, М: 2000ж
31. Интернет сайты: www.google. Kz “Қазақта кітап жоқ па, әлде оны насихаттайтын құлық жоқ па?”
32. Айқын газеті.№75 26-сәуір “Отандық баспа ісінің халі мүшкіл”

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім
І тарау. Бизнес жоспардың құрылымы, тарауларының
мақсат міндеттері мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ тарау. Бизнес жоспар жасау кезіндегі маркетингтік
бақылау және оқырман сұранысын зерттеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... 3 5
Қорытынды

... ... ... ... ... 52
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ...55
Кіріспе
ХХІ ғасырда адамзат өркениетке қол жеткізді, ғылым мен техника
дамуының шырқау шыңына көтерілді дей тұрғанмен қоғам рухани жағынан байыды
ма, ішкі жан дүниенің, жан сарайының байлығына қол жеткізді деп айта қою
қиын. Рухани мұраның қайнар көзі, сақтаушысы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізушісі
кітап десек, қай кезде болса да, кітапсыз рухани байлықсыз өмір мәнсіз
екенін бұрынғы даналар да айтып кеткен ғой. Абай бабамыз артық білім
кітапта десе, француз ойшылы Дидро кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да
тиылар едік депті. Дүниеде зұлымдық пен ізгілік деген екі күш болса,
әзәзілдердің әрекетімен теледидардың басым көпшілік өнімдері біздің қоғамды
азғыру жолына түсіріп отыр. Ал кітап адам баласы жаратылып, көзін ашып, оқу
білгеннен бастап, оның рухани байлығы болып келе жатқан дүние еді. Қазіргі
қоғам осындай асылды, теледидардағы сойқан бағдарламалардың құрбандығына
шалып отыр. Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен шығатын әр кітап екі мың
тираждан аспайды. Бүкіл Қазақстанға оның ішінде 8 миллион қазаққа, ал оның
ішінде кітап оқиды-ау деген 4млн. қазаққа бар-жоғы 2 мың тиражбен кітап
шығару кітап басу ісінің мүшкіл ахуалынан хабардар етеді.
Кітап басу ісі қай кезеңде болмасын қазақ қаламгерлерінің назарына тыс
қалған емес. Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатов Қазақ газетінде
жариялаған мақаласында Қазақта баспахана жоқ. Кітап, газет-журналдарымыз
ноғай, орыс, еврей баспаларында басылады.Пайданың көбі солардың қалтасында
қалады. Баспахана ісімен таныстығы жоқ кісілерден 1-2 есе қымбат алады.
Егер баспахана ашуды пайдалы кәсіп екенін аңғарған қазақ байлары,
саудагерлері болса, бұл істен қазаққа пайда көп болар еді 1Қазақ
газеті. Құраст. Ү.Сұбханбердина, С. Дәуіт, Қ. Сақ.: қазақ
энциклопедиясы,1998ждеп сол тұстағы арта қалып отырған кітап шығару мен
тарату мәселелерін қабырғасы қайыса жазады. Кітап шығару, сату ісін
дамытуға шақырады.
Елбасымыз айқындап берген, дамыған елу елдің қатарына қосылу сынды
мақсатқа жету үшін, келешек жастарды елін, жерін сүйетін азамат етіп
тәрбиелеуде кітаптың берері мол. Ахмет Байтұрсынұлы Мәдениет күшейеді-
өнер, білім күшімен. Өнер білім күшейеді – оқумен, оқу күшейеді
мәдениетпен. Мәдениет күшейеді әдебиетпен. Қазақтың асылы мәдениетте
2деген екен. Мәдениет пен білімді дамытудың кілті кітап екенін түсіндіріп
жату да артық болар.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық қатынастарды дамытып, нарық
талабына бейімделуге тура келді. Бұл жағдай кітап басу ісін де айналып
өтпеді. Баспагер кадрларын дайындауда жаңа заман талабына сәйкес
өзгерістер енді. Мысалы, баспа менеджменті мен маркетингі саласы мен
кітап саудасын жетілдіру мәселесі күн тәртібіне шықты. Жекеменшік баспалар
мен баспаханалардың көбеюі баспа ісіне үлкен өзгеріс әкелді. Бұл жерде
Елбасының 1991 жылғы 28 маусымда қол қойып, бірінші тамыздан бастап күшіне
енген Баспа және БАҚ туралы заңының әсері күшті болды. Онда заңды түрде
бұл органдардың статусы белгіленіп, қоғаммен қарым қатынасы айқындалды.
Мемелекеттің қамқорлығына үйреніп қалған баспалар үшін бұл алғашқы уақытта
қиын болғанымен өз бетімен өмір сүруді мемлекеттік баспалар да үйренді.
Дегенмен, табыс табу үшін даму сатысының белгілі бір кезеңінен өту керек
болды. Ең бастысы мемлекетке емес, өз күшіне сенім артыла бастады. Батыс
елдерінде кітап бизнесі саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды
қолдануға деген талпыныс байқалды.Бұл еліміздегі баспа ісінің дамуы үшін
алға жасаған үлкен қадам болды.3
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - тәуелсіз қазақстанда жаңа нарықтық
экономикалық қатынастардың қалыптасып, қоғамның саяси жүйесінде
демократиялық процестердің біршама дамуына байланысты жаңа терминдер мен
ұғымдар пайда болды. Еркін экономикалық қатынастар кезеңінде әр бір
экономикалық субьектінің, соның ішінде, баспаның өз қызметін ұйымдастыруда
жемісті нәтижеге қол жеткізуі үшін бизнес жоспардың сәтті құрылуының маңызы
зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – осыдан келіп шығады. Баспа
өнімдерін сапалы шығару, оны таратуды жолға қою, кітап бизнесін дамытудың
өзегі бизнес жоспардың дұрыс құрылуы.
Дипломдық жұмысымның негізгі міндеттері:
• Баспадағы бизнес жоспардың кітап бизнесін дамытудағы ролін,
маңызын айқындау;
• Бизнес жоспар тарауларының маңызы мен мәнін, стратегиялық
мақсатын анықтап, мысалдар келтіріп сараптама жасау;
• Бизнес жоспарды жүзеге асыру кезіндегі проблемалар, олардың шешу
жолдарын қарастыру;
Дипломдық жұмысым ІІ тараудан тұрады. “Бизнес жоспардың құрылымы,
тарауларының мақсат-міндеттері мен маңызы” деп аталатын тарауда
теориялық тұрғыдан бизнес жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны
жасаудың принциптеріне тоқталдым. Сондай-ақ маркетинг теориясының
негізінде бизнес жоспардың тараулары: резюме тауар рыногындағы
жағдайға талдау, маркетинг жоспар, өндірістік жоспар, ұйымдастыру
жоспары және менеджмент, қаржы жоспары және қаржыландыру стратегиясы,
қауіп-қатер және сақтандырудың мөлшерін бағалау, заңдылық аспектілері,
жоспардың орындалуын бақылау және бағалау сынды мәселелерді
қарастырдым. Соның ішінде баспадағы бизнес жоспардың құрылымдық
ерекшеліктеріне тоқталып, талдау жасадым.
“Бизнес жоспар жасау кезіндегі маркетингтік бақылау және оқырман
сұранысын зерттеу мәселелері” деген тарауда бизнес жоспардың бір
тармағы маркетинг жоспар стратегиясы және оқырман сұранысын зерттеуді
теориялық тұрғыдан қарастырдым.
І ТАРАУ. Бизнес жоспардың құрылымы, тарауларының мақсат міндеттері мен
маңызы
Бизнес - істі жүргізу мен адамдардың іскерлік қатынастарының жүйесі.
Маркетинг мәселесін зерттеушілер Дүйсенбаев пен Нысанбаев өздерінің
Маркетинг негіздері атты еңбектерінде бизнестісубьектісіне және меншік
нысанына қарай оның мынадай түрлерге бөледі4.
1. Кәсіпкерлік бизнес, ол жеке меншік өндіріс құрал-жабдықтарына
негізделген. Одан қазіргі таңдағы мемлекеттік емес жаңа меншік түрлері
(топтық, ұжымдық, кооперативтік, акционерлік, пайлық) өсіп шықты.
Кәсіпкерлік бизнестің негізгі бағыттары: өнім шығару, коммерция (сауда)
және коммерциялық делдалдық.
2. Тұтынушы бизнес ол жеке меншікті тұтыну және қызмет көрсетусаласына
негізделеді. Тұтынушы бизнеске қатысушылар- барлық азаматтар, сонымен қатар
басқа фирмалардың өнімдерін тұтынушы ретіндегі кәсіпкерлер.
3. Еңбек бизнесі, ол жеке меншіктік жұмыс күшіне негізделеді. Бұл
бизнестің субьектісі - жұмысшылар, олар өз еңбегін жалға сатады, шарт
бойынша еңбек етеді.
4. Мемлекеттік бизнес, ол мемлекет меншігіндегі өндіріс құрал-
жабдықтары, ақпарат, интелектуалды еңбек өнімі, құнды қағаздар, ақша
ресурстары, т.б. негізделеді. Мұнда мемлекеттік органдар басқа
қатысушылармен іскерлік қатынастар арқылы тепе-тең әріптес ретінде қызмет
етеді.
Нарықтық экономикада кез-келген бизнестің стратегиясы және тактикасы
болады. Бизнестің стратегиялық мақсаты-өндірісті, жұмысты (қызметті) жүзеге
асыру процесінде пайданы (табысты) молайту (максимизациялау). Тактикалық
мақсаты - осы стратегиялық нұсқаманы әр әріптеспен және клиентпен нақты
жұмыс істеу барысында белгілі мәмлені жүзеге асыруда қолдану. Бизнестің бір-
бірімен байланысты, бірін – бірі толықтырып отыратын шаралар және
операциялар жолы арқылы бірте-бірте ойлаған мақсатқа жеткізетін әрекет
жоспарлары (жобалары) немесе бағдарламалары шетел тәжірибесінде бизнес
жоспар деп аталады5.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың мазмұны орталықтанған
жоспарлаудан әлдеқайда кең. Ол мынадай негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік
береді:
• Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу, мақсатты
рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау.
• Рынок қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін
өнімнің (жұмыстың, қызметтің) қажетті көлемі мен сапасын дәлелдеу,
өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау.
• Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау, баспа
кадрларын еңбек етуге ынталандыру.
• Баспаның рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын: жарнама,
сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу каналдары т.б.
анықтау. Баспаның өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы
нәтижелерінің көлемін анықтау. Келешек және жылдық бизнес жоспарларда
тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, аймақтағы экологиялық хал-ахуалды
жақсарту шаралары қарастырылады.
Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес- жоспар төрт түрлі
функция атқарады.
Бірінші функция бизнестің концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын
дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорныды құру
кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек
инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймай,
толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық
және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-
экономикалық негіздемесі берілуі шарт.
Екіншісі жоспарлау функциясы. Ол баспаның (кәсіпорынның, кәсіпкердің)
мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ
мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарын даму
мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін
төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға
қажетті ақша қаражаттарын, ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға, жаңа
технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге
және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы
және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері (несие
қарыздар, үлестік қатынастар, т.б.) анықталады.
Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс
жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технологиясын қоса алатын
әріптес тартуға мүмкіндік береді.
Кез келген әріптес (инвестор) ең әуелі (көбіне жобаны жасаушылармен
кездеспей тұрып) бизнес жоспар негізінде компанияның даму бағыттарына
сәйкес фирманың мүмкіндіктерін (қаржыны қайтарып алу, кепілдіктің шын
болуы, сақтандыру және басқа жағдайлар) мұқият зерттеп алады. Бұл жағынан
алғанда бизнес жоспар талдау құжаты және жарнама құралы қызметін атқарады.
Сонымен, бизнес-жоспар баспаның тұрақты жұмыс құжаты болып табылады. Ол
баспаның стратегиялық бағытын (даму тұжырымдамасын) анықтап қана қоймай,
кәсіпкерліктің барлық салаларындағы қызмет ету процесін де сипаттайды. Ол
баспа ішінде қолданылумен қатар, сыртқы байланысқа да қызмет етеді.
Нарық экономикасы дамыған елде капитал, ресурстар, технологияны ұсыну
мәселелерін шешу тек белгілі мерзімге арналған, баспаның даму бағытын
көрсете алатын бизнес- жоспар болғанда ғана жүзеге асады. Баспалардың
көпшілігі бизнес жоспарды бір жылға жасайды. Оларда фирма қызметі айлық не
тоқсандық мерзімге бөлініп көрсетіледі. Көптеген фирмалар 3-5 жылға, тек
кейбірі (аса ірі компаниялар) ғана бес жылдан артық мерзімге жасайды.
Бизнес - жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың
принциптері:
• Сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет.
• Барлық жағдайдың (көрсеткіштердің) нақтылығы және дәлелділігі.
• Бизнес жоспардың маңызды тарауы маркетингтік саясат болып келеді.
• Айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре алатындығы.
• Қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында жасау
және мақсатына қарай бейімдеу.
• Арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны
қажетсінетін адамға жеткізу.
Бизнес жоспарды тікелей басшы кәсіпкер, менеджер, фирма қызметкерлері
немесе көмек көрсетуші (ақылшы) кәсіпорын жасайды.Негізгі қызметтеріне
қарай бизнес-жоспарды жасау және жүзеге асыру бірте-бірте, кезең-кезеңімен
жүзеге асырылады.6
Бірінші кезеңде даму тұжырымдамасы жасалып, мақсаты анықталады.
Екінші кезеңде жоба, яғни өндірістік және инвестициялық даму
бағдарламасы жасалады.
Үшінші кезеңде жоба талданып, түпкілікті бекітіледі.
Төртінші кезеңде бизнес-жоспарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар
(рәсімдеу, көшірме жасау, жан-жаққа тарату) белгіленеді.
Бизнес- жоспардың құрамы мен құрылымы, оны нақтылау деңгейі
кәсіпорынның көлемі мен оның мүдделік салаларына байланысты болады. Әрбір
нақты жағдайда ол фирманы қызмет етіп отырған жердегі өзгерістерге
байланысты толықтырылып немесе нақтыланып отырылады.
Бизнес жоспар бірінші (титулды) беттен басталады, онда мыналар
көрсетіледі: кәсіпорынның, жоба инициаторының аты, жобаның және авторының
аты, берілген құжаттың дайындалу мерзімі мен орны.
Бизнес жоспардың негізгі тараулары:
1. Кіріспе бөлім( фирманың мүмкіндігі, резюме –атқарушылық
түйіні).
2. Осы саладағы және тауарды (қызметті)өткізу рыногындағы жағдайға талдау.
3. Маркетинг жоспары.
4. Өндірістік жоспар
5. Ұйымдастыру жоспары және менеджмент.
6. Қаржы жоспары және қаржыландыру стратегиясы.
7. Қауіп-қатер (тәуекелділік) және сақтандырудың мөлшерін
бағалау.
8. Заңдылық аспектілері.
9. Жоспардың орындалуын бақылау және бағалау.
Кіріспе бөлім (түйін) жобаның мәнін сипаттайды және ол қысқа түрде
беріледі( 3беттен аспайды). Онда басымдық негізде қызметтің барлық
бағыттары, олар бойынша мақсатты рыноктар, осы рыноктардағы фирманың орны,
стратегиялық мақсаттар және оларға жету жолдары анықталады, сонымен бірге
фирма мен оның қызметі туралы мәлімет беретін ақпарат жазылады. Резюме(
түйін) басқа тараулар бойынша толық мәлімет анық болғанда, бизнес-жоспардың
ең соңында жасалады. Кіріспе бөлімнің мазмұнына орай фирманың беделі,
жобаның сапасы анықталады және жоспарды аяғына дейін оқуға уақыт жұмсау
керек пе жоқ па –сол шешіледі.7
Саладағы және тауар(тауар) өткізу рыногындағы жағдайға талдау
тарауында екі үлкен міндет шешіледі:
• Инвестиция нысаны ретінде саланың жағдайы және даму тенденциясын
қарастыру;
• Өндіріс көлемі болжау үшін бастапқы ақпарат алу, бәсекелестікті есепке
ала отырып кәсіпорын өнімін өндіру және өткізу көлемін анықтау,
қызметін іске асыру(бәсекелес бола алатындар және тұтынушылар
анықталады).
Бірінші міндетті орындау үшін саланың өткеніне талдау жасап,
оның даму мүмкіндігінің тенденцияларын көрсеткен дұрыс. Сонымен бірге сала
кәсіпорнның сипаттамасын беріп, жоспарланып отырған өнім өткізу
аймақтарында – ел ішінде және шетелдерде тап осындай өндіріс орындарының
дамуын анықтау қажет. Мұнда мынадай көрсеткіштерді көрсеткен маңызды:
негізгі өнім мен қызмет тізілімі; өндірістің аймақтық құрылымы ( өндіріс
қуаттарын аймақтарға бөлу); саланың қазіргі және болашақтағы шикізат
базасы; сала кәсіпорындарының негізгі қорлары және материалдық-техникалық
базасы. Инвестициялық ахуал жөніндегі ақпараттың да (кәсіпорын жұмыс
істейтін нарық сегменті, сала бойынша сауданың жалпы көлемі және кәсіпорын
саудасының көлемі, негізгі тұтынушылар тізілімі) үлкен мәні бар.8
Екінші міндетті шешу үшін мына айқындамалар бойынша ішкі және сыртқы
нарықтағы негізгі бәсекелестердің қызметіне талдау жасау қажет: шығарылатын
өнім атаулары және көлемі; оның бәсекелесу қабілеттілігі;бәсекелестер жұмыс
істейтін рыноктар және олардың осы рыноктағы үлестері; бәсекелестердің
өндірістік базаларының жағдайы; баға саясаты және өткізу саласындағы
саясат; бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтары (олардың өнімдері мен
тұтынушылары, жарнамалық қызметі, бағалары, сауда көлемі, атағы, орналасқан
жері және т.б.). Бұл тарауда сонымен бірге ұсынылатын өнімнің тұтынушылық
қасиетіне қысқаша сипаттама беріліп, осындай өнімдердің нарықтағы
салыстырмалы талдау нәтижелері де көрсетіледі. Ұсынылатын өнімдер
(қызметтер) сипаттамасына мыналар енеді: бұйымның аты және оның ерекшелігі;
функционалдық бағыты мен қолдану салалары(өнім қандай тұтынушыларға
арналған); негізгі техникалық, эстетикалық және басқа сипаттамалары;
технологиялық және әмбебаптық көрсеткіштері; стандарттарға және
нормативтерге сәйкестігі; құндылық сипаттамасы. Сонымен бірге өнімге
байлатысты патенттік лицензиялық қорғау, сауда белгілері, авторлық құқықтар
және басқа да интеллектуалды меншік нысандары туралы мәліметтер өткізу де
маңызды. Өндірілген өнімнің соңғы 5-10 жыл ішінде нақты және құндық
көрсеткіштері, оның құрылымы жөнінде де мағлұматтар берілгені жөн.
Бизнес жоспардың маңызды тарауы маркетинг жоспары болып табылады, ол
сауда және қызмет көрсету, баға, жарнама салаларының бизнестің барлық
кезеңдеріндегі -өнімнің пайда болуынан сатуға дейінгі және сатқаннан
кейінгі стратегиясын анықтайды. Мұнда мынадай принциптерді басшылыққа алу
қажет:
1. Тұтынушыны түсіну принципі нарық өзгерісінің
(коньюнктура)динамикасын және қажеттілікті есепке алуға
негізделеді.
2. Тұтынушылар үшін күрес принципі рынок пен тұтынушыға барлық
мүмкін тәсілдер(тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету, баға және т.б.)
арқылы әсер етуді жүзеге асырады.
3. Өндірістің нарық талаптарының ыңғайына барынша бейімделуі принципі
бойынша фирманың барлық қызметі тұтынушы сұранысын және оның
келешекте өзгеруін білуге негізделеді.
Маркетинг жоспар тарауы бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде
рынок құрылымы, бәсекелестердің ұқсас өнімдері, баға бойынша сұраныстың
икемділігі, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық үдерске нарықтың
реакциясы анықталады, өнімді тарату каналдары және оны тұтыну қарқыны
сипатталады. Нарықтың ауқымы (белгілі аймақтың тұтынушылары) сатып алатын
тауардың жалпы құны және кәсіпорын өніміне сұраныс оның негізгі сандық
сипаттамасы болып табылады.9
Сұраныс дегеніміз - ағымдағы сұраныс көлемін, құрылымын және келешекте
өзгеруін бағалау. Ағымдағы сұраныс белгілі мерзімде (әдетте 3-5 жыл ішінде)
нақты бір рынокта белгілі бағамен сатылған өнімнің жалпы көлемімен
анықталады. Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде берілген ақпарат ағымдағы
сұраныстың көлемі мен құрылымын, сонымен бірге нарықтың негізгі
сегменттерін географиялық бөліктер мен тұтынушылар санаттары бойынша
бағалауға мүмкіндік береді.
Өнім өткізудің болжалды рыногын суреттегенде мыналарды көрсету қажет:
нарықта жұмыс істеуші негізгі кәсіпорындар, бәсекелестер өнімінің
сипаттамасы; оның ерекшеліктері (өнімнің тұтынушылық қажеттілігі және оны
қанағаттандыру деңгейі; демографиялық факторлар, географиялық орны,
мерзімдік тенденциялар) және көлемі (сатып алушылардың жалпы саны, өнімді
не қызмет түрлерін сатып алудың жылдық көлемі, географиялық ауданы).
Рынокқа шығудың болжамын (рыноктың үлесі, өнімді сатып алушылардың жалпы
саны, өнімді не қызмет түрлерін сатып алудың жылдық көлемі,географиялық
ауданы). Рынокқа шығудың болжамын (рыноктың үлесі, өнімді сатып алушылардың
саны, қамтылған аймақ, ауқымға дендеп ену негіздемесі)сипаттаудың маңызы
зор. Бұл әлеуетті сатып алушымен өзара шартқа отыру стратегиясын және
олардың баға деңгейіне қарамай өнімді сатып алуға дайындығын, сатып
алушыларға өнімді жеткізіп беру жүйесін және ақпаратты ұсыну жолдарын
(бастапқы тапсырыстар, қайта тапсырыстар, көп топтамалы сатып алу және
т.б.) қамтиды.
Болашақ серіктесті таңдап алу тәсілдерін (анықтамалар, жарияланымдар,
үкімет құжаттары және басқа да ақпарат құралдары бойынша) көрсеткен де
абзал.
Тараудың екінші бөлімінде рыноктағы бәсеке жағдайындағы кәсіпорынның
артықшылығын (нарықтың сұранысын қанағаттандыру және оған дендеп ене білу,
қаржы жағдайының тұрақтылығы, кәсіпорынның жетекші қызметкерлерінің
біліктілігі) көрсете отырып сипаттау қажет.
Рынокты игеруде мүмкін кедергілермен (мысалы, құқықтық шектеулер)
бірге жеңіске жету факторларын да (қажеттілікті жақсы қанағаттандыру,
өнімді жеткізудің тиімділігі немесе қызмет көрсету, кадрларды іріктеу,
географиялық орны) көрсету қажет.
Тараудың үшінші бөлімінде өнімнің (қызметтің) бәсекелік сапаның,
маркетингтің баға мен өткізу стратегиясының әзірлемесіне зор ықпалын
тигізетін және өндіріс жоспарын қалыптастыруда қолданылатын нәтижені
келтіру керек. Өнімнің бәсекелік қабілетіне талдау жасау тұтыну сапасы мен
құндық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі, ұқсас өнімдермен салыстыру арқылы
олардың ішінде алатын орны, өнімнің бастапқы болжамды құны анықталады.10
Маркетинг жоспардың келесі бөлімінде кәсіпорынның баға стратегиясының
сипаттамасы беріледі. Өнімнің бастапқы құны сұранысқа сәйкес өнімнің
өтімділігін талдау бәсекелестердің бағасына, өндіруге кеткен өндіріс
шығынының мөлшеріне және өнімді өткізуге негізделеді. Баға стратегиясы мен
баға әзірлеу әдістемесі негізінен екі фактор бойынша анықталады:
- нарықтың түрі (еркін бәсекелестер нарығы, олигополистік нарық,
монополистік нарық);
- кәсіпорын мақсаттарының сипаттамасы (оның негіздері: ағымдағы пайданы
барынша көбейту, базардағы негізгі үлесті жаулап алу, өнім сапасы
жөнінен алдыңғы орында болу).
Жоғарыда етілген нарықтың жағдайы мен оның нәтижесін талдау барысында
кәсіпорынның өнім өткізу (қызмет) жоспары, маркетинг стратегиясы
қалыптасады; бұл тараудың соңғы бөлімінде қамтылады, онда нарыққа дендей
ену, өнімді үлестіру арнасы (жабдықтау жылдамдығы, кепілді қызмет көрсету);
ішкі және сыртқы рыноктағы сатылған өнімнің бағасы мен көлемі; өнімнің
құнын төлеу және ынталандыру шаралары ( несиеге сату, аванстық төлем
пайызы, жеңілдік деңгейін көрсету, сатылған негізгі өнім, құнға қосылға
қосымшалар және т.б.) қоймадағы дайын өнімнің мөлшері мен өткізілген
өнімнің төлем уақытының кідіруі көрсетіледі. Маркетинг стратегиясында
тұтынушыларға сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету, жарнама және фирма мен
тауар туралы қоғамдық пікір ұйымдастыру ерекше орын алады.11
Өндірістік жоспар тарауында келесі мәселелер тиянақты баяндалады:
1. өндіріс бағдарламасы және кәсіпорынның өндірістік қуаты.
2. Өндіріс үдерісінің сипаттамасы(технологиялық жобалар).
3. Шикізат пен материал жеткізушілер және олармен байланыс.
4. Өндірістің шығыны.
Өндірістік бағдарлама белгілі уақыт ішінде шығарылатын өнімнің санын,
түрлері мен сапасын, нақтылы және құндық өлшемін көрсетеді. Сонымен қатар
өндіріс факторлары да (рынокқа жақындығына байланысты көмектесуші және
тежеуші өндірістің орналасқан орны, жұмыс күшінің жеткіліктілігі, көлік
мәселесі, сумен қамтамасыз етілуі, телекоммуникация және т.б.) есепке
алынады. Өндіріс қуатын бағалауда өндірістің негізгі құралдарының мөлшері
мен жабдықтың қуаты, пайдалану мерзімі, жаңғырту, қайта құру мен жаңарту
мүмкіндігі ескеріледі. Өндіріс үдерісі, яғни өндіріс технологиясы жан-жақты
сипатталады. Ол үшін қазір қолданылып жүрген ескі технологияның отандық
және шетелдік түрлерін атап көрсету, өндірісті әртараптандыру т.б. қажет.
технологияны ауыстырғанда жабдықты, еңбек ресурстарын өзгерту және жаңа
қуат көздері қажет болады, бұл өндіріс шығыны мен инвестиция мөлшерін
өсіреді. Технологияны таңдағанда ең алдымен бастапқы материалды, шикізатты
дұрыс іріктеу, жиынтықтау бұйымдары және олардың сипаттамасы (көлемі мен
құны)материал және жиынтықтау бұйымдарымен қамтамасыз етушілерді таңдап
алу, олардың қажет уақытта жеткізілуі, технология үдерісіндегі өндірістік
ағын жүйелерінің барлық кезеңде қамтамасыз етілуі керек. Өндірістік
жоспардың соңында, өткізу жоспарының негізінде, смета мөлшері тұрақты және
айнымалы, өндірістік және өндірістік емесшығындар көлемі, өндіріс қуаты мен
технологиясының есептері, өндіріс қоры мен ескеру жиынтығы, жеке өнімнің
өзіндік құні белгіленеді.12
Ұйымдастыру жоспары мен менеджмент тарауы бизнес-жоспардың негізгі
бөлімі болып есептелінеді. Ол мынылардан тұрады:
− баспаның ұйымдық құрылымы;
− басқару жүйесі;
− еңбек ресурстарын басқару.
Басқаруды дұрыс ұйымдастыру - жұмысы дұрыс жолға қойылып, алға басқан
бизнеске жақсы ойларды енгізудің кілті. Біз компанияға емес адамдарға
инвестиция жасаймыз деп инвесторлар жиі айтады. Фирманың ұйымдастырылу
құрылымына басқарудың сызба нұсқасы (атқарылымдық, бөлімшелік,
қалыптамалық) бөлімшелер құрамдары, олардың міндеттері мен өзара байланысты
қызметтерін үйлестіру енеді.
Ұйымдастырудың сызба нұсқасы мен шаруашылық нысаны меншік нысаны мен
фирманың мөлшеріне тәуелді. Негізгі құжат болып кәсіпорынның жарғысы
есептеледі, оның ішінде керекті ақпараттың бәрі бар: үлескер құрылтайшылар
мен акция иелері, бөлімшілер саны, олардың функциялары мен өзара
бағыныштылығы, т.б. туралы мәліметтер. Фирманы ұйымдастыруда кімнің немен
айналысатыны, барлық қызметтердің бір-бірімен байланыс қатынастары, олардың
іс-әрекеттерін үйлестіру және бақылау жолдары анықталады. Бұл орайда есте
ұстайтын мәселелер мыналар:
− басқарушылық нормасы (мөлшері), яғни қарамағындағы жұмыскерлер саны;
− ұйымдастырылу деңгейі (екі, үш, төрт және одан кңөп сатылар);
−жұмыстың бернесіне, үдерісіне, юабдық пен өнімнің түріне немесе
тұтынушылар категориясына (жоғары, орта, төменгі буын) байланысты қызмет
түрлері;
− міндеттер мен өкітеттікті бөлу,т.б.
Басқаруды ұйымдастыру құрылымының әлденеше түрі бар:
1. Функционалды ұйымдық құрылым –сфераларының бернелерге (қызмет түріне)
бөлінуі. Оның сызба нұсқасы төмендегідей:
Бұл құрылымның артықшылығы мынада: бернелерді (функцияларды)терең
мамандандыру, қабылданған шешімдерді сапалы орындаужәне көп салалы өндіріс
пен шаруашылық қызметін басқару мүмкіндігі . Кемшілігі - ұйымдастыру
бірліктерінің бір-бірімени әлсізх байланысы, әр бөлімнің ортақ нәтижеге
жауапкершілігінің төмендеуі .
2. Дивизиондық (бөлімшелік) ұйымдық құрылым салаларының өнім түрлері немесе
бөлімшелерге бөлінуі.
Құрылымның артықшылығы - қызметтің толық дербестігі. Кемшілігі -
бөлімшелер арасында байланыстың жоқтығы.
3. Ұйымның қалыптамалық (модельдік) құрылымының арнаулы тапсырыстарға және
топтарға бөлінуі.13
Құрылымның артықшылығы – икемділігі мен серпінділігі.
Кемшілігі – басқару қызметкерлеі санының өсу мүмкіндігі.
Ұйымдастыру мәселесінде кадрларды іріктеу, орналастыру және
пайдаланудың үлкен мәні бар. Бұл жағдайларда кадрлардан біліктілікті талап
ету, лауазымдық нұсқаулықтар және басқа да барлық құжаттардың, сондай-ақ
жалға алу тәртібі, пайдалану, жұмыстан шығару, еңбекақы төлеу, кадрлар
даярлау жөніндегі іс-қағаздарының дұрыс болуы басты мәселе саналады.
Басқарма қызметкерлерін арнаулы мамандық бойынша кәсіби жоғарлату және
ынталандыру жүйесін қолдану оларды фирманың жоғары экономикалық нәтижеге
(акция иемдену, табыстан үлес алу және т.б.) жетуіне мүдделі етеді.
Бизнес жоспардағы Қаржылық жоспар және қаржы стратегиясы тарауы
баспаның қаржымен қамтамасыз ету және жоспарланған мерзімде ақша
ресурстарын тиімді пайдалану туралы мәселелерді қарастырады. Қаржы жоспары
төмендегідей есеп беру, жоспарлау құжаттары болғанда ғана сапалы жасалады:
1. Оперативті жұмыс жоспары ( есеп беру) фирманың әрбір кезеңдегі іс-
қимылының нәтижесін көрсетеді, сонымен қатар әрбір тауар мен
мақсатты нарықтардың өзара байланысын білдіреді. Ол маркеоинг
қызметі арқылы әзірленеді.
2. Өндіріс тауарларының пайдасы мен шығыны туралы жоспар (есеп беру)
бойынша фирманың әр тауардан қанша түсім (пайда) табатыны не
таппайтыны айқындалады. Бұл құжатты экономикалық қызмет мамандары
жасайды.
3. Ақша қаражаты қозғалысының жоспары (есеп беру) фирма қызметінде
ақшаның түсуі мен жұмсалу үдерісін көрсетеді. Ол фирманың төлем
қабілеттілігін айқындайды және фирманың қаржы қызметі арқылы
әзірленеді.
4. Баланстық есеп беру фирманың есепті мезгіліндегі үнемдеу және қаржы
жұмысының қорытындысын көрсетеді. Мұны бас есепші дайындайды.
Бұл есеп беру жоспарлау құжаттарында жоспарланған (1-5 жылға) және
есеп беру кезеңінде нақтыланған көрсеткіштер көрсетіледі. Осылардың
негізінде өндірістің қаржы ресурстарына талдау жасалады және қаржыландыру
көзі таңдалады. Кәсіпорынның қаржыландыру жағдайының тиімділігін көрсететін
негізгі көрсеткіштер мыналар:
− пайдалылық және табыс деңгейі кәдімгі әдістемелермен анықталады;
− кәсіпорынның төлем қабілеттілігі міндеттемелер (қарыздар) бойынша
төлеудегі қолма-қол ақша ағынымен (кассадағы және есеп айырысу шотындағы
ақшамен, банкноттармен, қазнашылық билеттермен) сипатталады;
− кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы активтер (экономикалық ресурстар,
меншік) және пассивтер ( міндеттер, берешектер) балансымен сипатталады,
халықаралық стандарттар негізінде құрылады. Бұл құжат фирманың таза бағасын
және өнімділігін көрсетеді.14
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда қаржы
коэффициентінің мынадай үш сатысы қолданылады:
1. Жойылу (өтімділік) және несиені өтеу қабілетінің коэффициенті
кәсіпорынның ағымдағы жағдайын және оның қаржылық сенімділігін
көрсетеді.
2. Тиімділік коэффициенті активтерді қолдануды, басқарушының шығынды
бақылап, қорды жұмсай білуін сипаттайды.
3. Пайдалылық коэффиценті кәсіпорынның табыстылығын және оның жұмсалымын
көрсетеді.
Бизнес жоспардағы қаржы стратегиясының басты мәселесі –инвестиция
көздерін (кәсіпкерлер, банктер және инвесторлар) тауып таңдау. Тәжірибеде
оның әр түрлі нұсқалары кездеседі:
− қаржы ресурсын акциялар шығару арқылы алу (ірі жобаларды іске асырудың
алғашқы кезеңінде қаржыланудың ең көп тараған және өзгеден артық түрі).
Акционерлік капитал кәдімгі және артықшылықты (привилегиялық) акция шығару
жолымен қалыптасады.
− борышқорлық қаржыландыру ( коммерциялық банктерден ұзақ мерзімді несие
алу, мемлекеттік құрылымдардан несие бөлінуі, шетелдік инвестициялар,
ипотекалық несие, борышқорлық міндеттемені дербес орналастыру). Бұл нұсқаны
таңдаған кезде несие нарығындағы несие беру жағдайымен (несиені төлеу
мөлшерлемесі, борышқорлық міндеттеме мерзімінің өтуі, несиеге қызмет
көрсету) санасу қажет;
− лизингілік қаржыландыру (мысалы лизингілік компания тауар дайындаушыдан
қажетті негізгі құралдарды сатып алып, өнеркәсіпке уақытша қолдануға жалға
береді).15
Өзіндік және қарызға алған капитал ақшаны тегіс мөлшерінің көлемін
жабуға жобаның кез келген уақыт кезеңінде жеткілікті болуы тиіс.
Әрбір қаржыландыру жобасы қолданылуы бойынша бағалануы және
есептелінуі тиіс. Мысалы, жұмыс істеп жатқан байырғы фирмалар өндірісті
кеңейту жөніндегі жобаларын несие арқылы қаржыландыруды артық көреді (
банктер мұндай фирмалардан несие үшін мөлшерлемені көбейтуді талап етпейді,
өйткен тәуелділігі үлкен емес), ал жаңа фирма құруға немесе техникалық
жаңалықты өткізуге арналған жобаға қаржыландыру көзі ретінде акционерлік
капитал (серіктестер мен акционелерден алынған қаражат) тиімді болады.
Инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі екі топпен
беріледі: кәсіпорынның қаржы жағдайының көрсеткіші және инвестицияның
тиімділік көрсеткіші, олар дисконттық мөлшерлемемен таңдап есептелінеді.
Бірінші топтағы көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің инвестициялық жобаны
жүзеге асырудағы, ағымдағы тиімділігін көрсетеді.Олар: жобаның пайдалылығы,
капиталдық рентабельділігі, финанс қызметінің көрсеткіштері - өтімділік
және қаржы тұрақтылығы.
Екінші топ жобаға жұмсалатын инвестициялардың тиімділігін көрсетеді.
Олар:
− өзін-өзі ақтау мерзімі (жобаға жұмсалған қаржының қайтарымы және оның
тәуекелділік жағдайы);
− таза табыс мөлшері (жаңа өндірістен алынатын табыс көлемі);
− жобаның пайдалылық индексі;
Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш-
рентабельділік нормасы (инвестициялық табыстың сипаты).
Бұл көрсеткіштерді есептеу кезінде дисконттық төлемді (ставканы)
анықтау қиындық келтіреді. Оның мөлшері кәдімгі қолданылып жүрген немесе
келешекте берілген банк несиелерінің немесе депозиттерінің пайыздарымен,
болмаса инвесторлардың тәжірибесі бойынша өзінің бағалауымен анықталады.
Ерекше жағдай - тәекелділікті дұрыс есептеу және сол арқылы пайыздық
ставкілерге өзгерістер енгізу. Өнеркәсіп кәсіпорындары үшін дисконттық
ставка әрбір инвестицияның түріне қарай шамамен 0-25пайыз есебінде болады.
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдерінің бірі - инвестордың шығынын
қайтару жағдайлары. Ол әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Көбінесе инвестиция
қайтарымы ақшалай беріледі. Осы жағдайда инвестицияны пайдаланғаны үшін
төлейтін пайыздық ставкалар, төлемнің алғашқы және соңғы мезгілдері
ескеріледі.
Екінші әдіс бойынша инвесторларға инвестициялық жоба жүзеге асқан
кезде алынатын өнімнің белгілі бір бөлігі меншікке беріледі. Ол үшін жоспар
жасағанда инвесторға қайтарылатын өнімнің мөлшері мен бағасы анықталуы
қажет.
Үшінші әдіс бойынша инвесторға пайдалануға берілетін объектіні бірге
иемдену, жұмсау және пайдалану құқығы беріледі. Оның мөлшері инвестордың
акционерлік капиталдан алынатын табыстағы және пайдадағы үлестеріне сәйкес
көрсетілуі керек. Сонымен қатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін
қаржының мезгілімен қайтарылуына кепілдік берілуі қажет. Оған жергілікті
басқару органдары, әр түрлі банктер, инвестицияны сақтандыру компаниялары
қатысады. Сонымен қатар жер және мүліктер де ипотекалық кепілдікке
беріледі.16
Сақтандыру және тәуелділікті бағалау тарауында бизнес жоспар жүзеге
асырылған кезде болуы мұмкін қауіп - қатер және олардың қорғану әдістері
көрсетіледі. Қауіп қатердің (тәуекелділіктің) түрлері өте көп: табиғи
апаттар(жер сілкіну, өрт т.б.), экономикалық(дағдарыстар, валютаның
өзгеруі) және саяси ( ұлтаралық араздық, митингілер, өзгерістер т.б.)
Осылардың бәрін белгілі бір топтарға: техникалық, қаржылық, экологиялық
және әлеуметтікқауіп-қатерге жатқызуға болады.олардың әрқайсысы
ресурстардың жойылуы, табыстың азаюы, қосымша шығындардың көбеюі т.б.
тәрізді қолайсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан бизнес-жоспар
нарық жағдайында мүмкін болатын қауіп-қатердің сандық және сапалық
талдауларын жүргізуді қажет етеді.17
Сапалы талдаудың міндеті- тәуекелділіктің факторын анықтау.
Мөлшерлік(сандық)таңдау, яғни тәуекелділік мөлшерін анықтау - әр түрлі
тәсіл қолданып шешетін кұрделі мәселе. Бұның ең бастысы мыналар:
− статистикалық тәсіл (шығын шығу мүмкіндігін есептеу үшін әр түрлі шаралар
тиімділігінің статистикалық деректері талданады, тәуекелділік ауытқымасы
сызылады);
− шыққан шығынның тиімділігін талдау (тәуекелділіктің ауытқымасы бойынша
және қаржының тұрақтылық деңгейі мен мүмкін болатын шығындарға байланысты
өнеркәсіптің қаржы жағдайы және әлуетті тәуекелділік аймағы анықталады);
− сарапшылық (эксперттік) баға тәсілі;
−ұқсастықты қолдану әдісі.
Тәуекелділіктің зиянын азайту үшін әр түрлі талдамалы анықтамалық,
инвестиция нәтижесінің сенімділігін жоғарылататын әдістер қолданылады.
Бұған математикалық статистика және экономикалық- математикалық үлгілеу
әдістерін қолдануға болады. Қаржы тәуекелділігін жорамалдау үшін
кәсіпорынның сенімділігін (залалдылығын) білу керек. Оның мақсаты-жобаның
қаржылық нәтижесіне тікелей факторлар әсерінің деңгейін анықтау.
Бағаланатын тұтқалы көрсеткіш ретінде интегралдық тиімділік
көрсеткіштерінің біреуі (жоба мерзімінің өтемділігі, пайда индексі, таза
кірістің көлемінемесе пайдалылықтың ішкі мөлшері) алынады. Сенімділікті
талдау үдерісінде таңдалған сыни фактордың мәні өзгереді және басқа
өзгермеген параметрлердің жоба тиімділігінің тұтқалы көрсеткішіне
тәуелділігі осы өзгеріске сәйкес анықталады.
Тауар өндірушілердің негізгі сыни (тікелей) факторлары болып мыналар
есептеледі:
− өнім өткізудің көлемі;
− өнімнің бағасы(құны);
− өндірістің шығыны;
− өткізілген өнім төлемінің кешігу уақыты;
− капиталдың қалыптасу жағдайы;
− қордың қалыптасу жағдайы (шикізат, материалдар мен жиынтықтау бұйымдары
және дайын өнімдер);
− инфляция көрсеткіштері, т.б.
Сенімділікті талдау дегеніміз- бизнес жетістіктеріне сенімсіздік
туғызудың тұтқалы параметрлерін анықтау. Мысалы, өнімді сату көлемінің
залалдық нүктесі, сатудан түскен кіріс тауарды сатуға кеткен шығынға тең.
Сату көлемі (және осыған байланысты өндіріс) осы нүктеден төмен түссе, онда
кәсіпорын залал шегеді, ал бұл нүктеден жоғарыласа - пайда көреді.
Инвестициялық жобаның сыни факторларға сенімділігін анықтау үшін
залалды азайту шаралары әзірленіп, инвестициялық жобаның оңтайлы нұсқасы
таңдап алынады. Мысалы, темір жолмен тасымалдау қауіпті болған жағдайда
жүкті автомобиль немесе әуе көліктерімен тасымалдау мәселесі қарастырылуы
керек.
Бөлімнің соңында кәсіпорынды және фирма қызметкерлерін сақтандыру
(мемлекеттік және комерциялық, ерікті және міндетті) жүйесі сипатталады.
Бизнес - жоспардың Заңдық аспектілері бөлімінде кәсіпорынның құрылуы
мен құқықтық қамтамасыз етілуі барлық ақпарат беріледі. Сонымен бірге жеке
меншік және шаруашылық жүргізу түрлерінің таңдауы дәйектеледі, құрылтайшы
құжаттар мен басқа құжаттар (келісімдер, өзге ұйымдар мен шарттар,
патенттер, сауда маркалары мен белгілері) әзірленеді, меншік нұсқасы мен іс
ұйымдастырудың келещектегі өзгерістері көрсетіледі.
Сондай-ақ бұл бөлімде баспа жұмысын, оның басқа кәсіпорын және мемлекеттік
ұйымдармен қарым-қатынасын реттейтін барлық құқықтық, нормативтік актілер
қамтылуы тиіс.
Бизнес-жоспардың Жоспар орындауды бақылау мен бағалау бөлімінде
жоспардың орындалуын бақылау жүйесі беріледі:
− қорды бақылау. Қор деңгейін бақылау арқылы фирма өзін ғана емес,
тұтынушының да қамын ойлайды, өйткені шикізаттан дайындалған материалдар
мен қоймадағы дайын өнімдерге жұмсалған ақша неғұрлым тезірек өтелсе,
соғұрлым фирма тауар мен қызметті өз тұтынушыларына көбірек ұсына алады:
− өндірістік бақылау. Бұл − бақылаудың жоспарда көрсетілген есеп беру
сандары бойынша шағын деңгейін салыстыруды болжайтын түрі; мұнда мынадай
көрсеткіштерге ерекше назар аудару қажет: станоктар мен құралдардың толық
пайдаланылуы, жұмыспен өтелген адам сағатының саны, өндірістік кезеңнің
ұзақтығы, болжал уақыт, бос кеткен уақыт;
− сапаны бақылау. Сапа бақылауы көп жағдайда өнеркәсіптің тұрпатына
байланысты болады, бірақ оның мақсаты біреу ғана - үздіксіз тауар шығаруды
қамтамасыз ету;
− сатуды бақылау –сату көлемі туралы ақпарат (заттай құндық көрсеткіштер),
ол сатып алнған заттың орташа құны, дер уақытында жеткізілуі, несиеге
сатылған тауар саны және басқа да көрсеткіштер арқылы фирма жұмысының
деңгейін айқындайды. Уақыты өткен шоттар менг үмітсіз қарыздарды болдырмау
үшін төлемнің түсімін бақылайтын сенімді жүйе құрудың маңызы зор;
− шығынды бақылау. Бұл әрбір жаңа кәсіпорын өте маңызды шаруа, қанша ақша
және қандай мақсатпен жұмсалғанын анықтауға мүмкіндік береді. Алынған
ақпаратты бақылау және талдау барысында мақсаттан ауытқымай жету жолдарын
өзгерту арқылы, жоспарға түзету енгізіледі, яғни кәсіпорынның табысын
арттыру мүмкіндігі ұлғаяды.
Нарықтық экономика жағдайында әрбір кәсіпорын ( баспа), әсіресе
үлкен корпорациялар өзінің өндірісін тұрақты және ұзақ мерзім бойы жүргізу
үшін стратегиялық жоспар жасауы тиіс.
Стратегия деген сөз – грек тіліндегі соғыс терминін, генералдың
өнері деген мағынаны білдіреді. Стратегиялық жоспар − алға қойылған
арнаулы мақсатқа жетудегі шаралар жиынтығы. Ол фирманың ғылыми-техникалық
мүмкіндігін және тауардың (жұмыстың, қызметтің) өндірістегі өткізу
технологияларын толық қанағаттандыруы тиіс. Шын мәнінде стратегиялық жоспар
басқару органдарының дұрыс шешім қабылдауы үшін қажет. соған сәйкес төрт
түрлі басқару қызметтері жүргізіледі:
− ресурстарды толықтыру және дұрыс бөліп жұмсау;
− сыртқы ортаға бейімделу жағдайларын ескеру;
− ішкі фирмалық үйлесімді қамтамасыз ету;
− ұйымдық мәселелерді алдын ала стратегиялық талапқа сай көре білу.18
Кәсіпорын басшылығы дұрыс және жүйелі түрде жоспарлы шешім қабылдау арқылы
мүмкін болар қауіп-қатердің әсерін азайтады. Қазіргі кезде стратегиялық
жоспар жасаудың белгілі бір үлгісі (моделі) қалыптасты.
Кәсіпорынның жалпы мақсаты (миссиясын) анықтағанда тек қана пайда
мөлшерімен шектелмеген жөн. Бизнес жоспардың бір тармағы стратегиялық
жоспарда үш бағытқа мән берілуге тиіс:
1. Кәсіпорынның шығаратын негізгі өнімдеріне (жұмыстар, қызметтер), негізгі
өткізу рыноктарына және негізгі технологияларына;
2. Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы орта жағдайларына;
3. Ұйымдастыру мәдениетіне. Кәсіпорынның ішкі жұмыс жағдайына.
Осыларға сәйкес басымдық міндеттер анықталады. Олар: өндірістің
тиімділігін арттыру, фирманың тұрақтылық жағдайын сақтау және дамудың жаңа
бағыттарын айқындау. Стратегиялық жоспарда осылардың әрқайсысын орындау
үшін нақтылы көрсеткіштері есептеледі, орындау мерзімі белгіленеді және
жету жолдары көрсетіледі.
Сыртқы ортаны талдау кезінде фирманың қызметіне әсер ететін саяси-
экономикалық жағдайлар, аймақтағы қауіп-қатер туғызатын факторлар
анықталады. Олардың әсерін азайтудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар
кәсіпорынның өз ішіндегі барлық мүмкіндіктер ескеріліп, фирманың
артықшылықтары мен кемшіліктері сараланады. Ол үшін маркетинг зерттеулер
мен өндіріс ресурстарына (ақша-қаражат мәселелері, адам күші, өндірістік
қорлар, технологиялар) толық талдау жүргізіледі. Стратегиялық жоспарда әр
түрлі баламалы (жан-жақты) ізденістер де болуы шарт. Оның төрт бағытын
атап айтуға болады.
Бірінші бағыт стратегиялық қарқынның өткен жылдармен салыстырғанда
жылдам өсу деңгейін қарастырады. Ол технологияларды тез алмастыру
нәтижесінде іске асуы мүмкін.
Екінші бағыт стратегиялық өсу қарқынын өткен жылдармен салыстырғанда
азайту мақсатын көздейді. Бұл бағыт көбінесе дамыған және тұрақты
технологиялар қолданылатын өндірістерде белгіленеді. Үшінші бағыт- соңғы
қор, яғни қысқарту стратегиясы. Бұл басқа өндіріске ауысу, өндірісті
шағындау немесе жабу стратегиясына сәйкес жүргізіледі.
Төртінші бағыт- жоғарыдағы үш стратегияны аралас пайдалану. Ол әр
түрлі салаларды қамтитын үлкен фирмаларда жүргізіледі.
Бизнес жоспардың бір тармағы болып табылатын стратегиялық жоспар
жасау кезінде әр түрлі жолдар мен әдістер қолданылады. Олар: стратегиялық
мақсатқа сәйкес келетін қысқа мерзімдік тактика, жоспарды орындау саясаты
(бәріне ортақ және тең мүмкіндіктер беру), іс-қимыл жүргізу тәртібі
(процедура) және тапсырмаларды орындау ережелері. Стратегиялық жоспарды
іске асыру және оның орындалуын бақылау кезінде басқару орындары әр түрлі
тапсырмалар мен өкілеттік құқықтар беру жолдарын және жауапкершілік
міндеттерін дұрыс анықтаулары қажет. Ол үшін фирма мен оның бөлімшелерінің
арасында қызметтік функциялар әр түрлі жолмен бөлінеді:
1. Жоспарлаудың орталық қызметі. Ол тек кәсіпорынның өзінде
болады, стратегиялық жоспар осында жасалады.
Орталық жоспалау ызметі жоспар жасауға қатысатын ұйымдық бөлімшелерге көмек
береді.
2. Стратегиялық жоспар тармақтанған әдіспен жасалады. Яғни әрбір
бөлімше басшыларына өздері орындайтын жұмыстардың жоспары
тапсырылады.
Маркетинг саясатында баспаның материалдық мүмкіндігін есептеп, кіріс
шығысты жобалап отыратын арнайы ақпараттық құжат-бизнес жоспар деп аталады.
Мамандардың айтуынша, бизнес жоспар әзірлеуде мынадай принциптерге жүгінген
жөн.
• Қысқа жазыңыз, бірақ сіздің бизнесіңізге қатысты еш нәрсені де
қалдырмаңыз.
• Өз тауарыңы бен өндірісіңізді сипаттағанда тым нақты, айқын болудан
қашыңыз. Мейлінше жалпығаортақ терминдерді пайдаланғаныңыз дұрыс.
• Өз бизнесіңіздің мүмкіндіктеріне баға бермес бұрын, рынок жағжайын
зерттеп алыңыз.
• Нақты бизнесіңізге цифрлаға сүйеніп нақты сипатама беріңіз. Келесі
жылда табыс көлемі екі есеге артады деген желдірме сөздерден аулақ
болыңыз.
• Алдымен кәсіпорын ішінде аз мерзімде іске асырылатын кішігірім
бизнес –жоспар жасағаныңыз дұрыс. Содан кейін ғана сыртқы
инвесторларға арналған бизнес- жоспар жасау керек.
Әрбір бизнес жоспар кәсіпорын бағытына, тауар сипатына қарай өзінше
ерекшеленеді. Дегенмен, бизнес жоспар белгілі бір талаптарға сәйкес
жасалынады. Бизнес жоспар мәтінінде сізбен одақтас болуға ынталы тұлғаларды
қанағаттандыратын мәліметтер толық көрсетілуі тиіс. Мәселен баспаның
комерсиялық мүмкіндігінің деңгейі, жобаның мақсат-міндеті, мақсатқа
жетудің стратегиясы және тактикасы, жобаға қанша қаржы қажет және ол қаржы
қалай жұмсалынады, шығын қашан және қалай кәсіпорынға оралады.Орыс
зерттеушілері В. Г. Поляков, В.Д. Маркованың Бизнес планирование:
Практическое руководства.-Новосибирск, ЭКОР, 1993. С:79 деген еңбегінде
бизнес жоспар сызбасы былай көрсетіледі.
Бизнес жоспар перспективалы құжат. Әдетте мамандар оны үш-бес жылға
жасауды ұсынады. Алайда алғашқы кезеңдерде бір айға немесе кварталға
жасаған дұрыс. Тек үшінші жылы ғана бір жылдық бизнес жоспар жасауға
болады. Әмбебап баспаларға қарағанда салалық немесе жоғарғы оқу
орындарындағы баспаларға бизнес жоспар түзу жеңілдеу. Жоғарғы оқу
орындарындағы баспалардың бизнес жоспар құрылымы мынадай:
1. Резюме
2. Баспаны дамытудың мақсаты
3. Баспа ісінің бағыттары
4. Өндіріс сипаттамасы және сұранысты жобалау
5. Бәсекелестердің өндірістік жағдайы
6. Басылымды тарату20
7. Қаржы (финанстық) жоспары
Бизнес жоспар резюмесінде нақты әрі қысқаша баспа мүмкіндіктеріне
сипаттама беріледі. Резюме инвесторлардың қызығушылығын тудыратын, бизнесте
одақтастар табатындай айқын әрі тартымды жазылғаны дұрыс. Бизнес жоспар
резюмесінде мына мәселелер қамтылуы тиіс:
• Жоба мақсаты. Қанда жобамен шұғылданатыныңыды суреттеңіз. Сіз
өз өнімізбен тұтынушылар сұранысын қалай қанағаттандырасыз.
Сіздің өнімізге сұраныс бар ма? Табысқа жету кілтін
көрсетіңіз.
• Баспа ісінің бағыты. Баспа шығаратын өнім түрі және ол
кімдерге арналған екенін көрсету, әсіресе сыртқы рынокта. Осы
арқылы баспа бағытынан хабардар етесіз.сапаты өнім шығару
үшін баспа және полиграфияның базалық мүмкіндігін де осы
тұста қамтисыз.
• Өндіріс рыногын талдау және сұранысты жобалау.қысқаша сыртқы
өндіріс рыногын суреттеңіз. Негізгі тұтынушыларыңызды нақты
анықтаңыз. Басылымның бір данасының бағасы. Сіздің баға
саясатыңыз сондай-ақ ойдағыдай баға мен жоғарғы сапаға қалй
қол жеткізітініңді қысқа әрі нақты сипаттаңыз.
• Бәсекеге қабілеттілік. Сіздің өніміңіз басқа баспаолар
шығарып отырға өнімдерден қандай ерекшелігі бар, тұтынушы
сіздің өніміңізді сатып алғанда неден ұтады. Бәсекелестердің
осал тұсы. Ол кемшілік сіздің тауарыңызда жоқтығын дәлелдей
ссипататма бересіз.
• Басылымды тарату. Бұл бөлімде сыртқы рынокқа сәйкес өндіріс
жүйесін ұйымдастыру принциптерін қарастыру қажет.
Өндірістік жүйе қандай принциптер негізінде ұйымдастырылады. Бұл
шараларға қандай ақпараттық және транспорттық қолдау көрсетіледі.
• Жобаланытын финанстық нәтижелер. Баспа ісінің экономикалық және
финанстық жақтарын қарастырады. Мәселен кіріс пен шығысты теңестіруге
қол жеткізуге қажетті уақыт мөлшерін.
2. Баспаны дамыту мақсаты. Жобаның мақсатын анықтаудың бизнесте маңызы
өте зор. Аталмыш мәселе ұжымның нақты мақсаттарды шешуге
бағытталуына әрі күш салуына мүмкіндік береді.
Бизнес жоспар түзуде жоба мақсаттарын анықтауға мына сауалдар көмектеседі:
1. Баспаның негізгі жалпы( уставті) мақсаты қандай?
2. Сіздің коммерциялық баспалық қызметіңіздің негізгі мақсаты қандай?
3. Сіздің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz