Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жазушы шығармаларының жанрлық, тақырыптық болмысы
Прозалық шығармаларының жанрлық сипаты
Прозалық шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері
Қаламгер шығармаларындағы заман көрінісі
Жазушы шығармаларындағы философиялық мәселелер және психологизм
Т. Әбдіков прозасының көркемдік ерекшеліктері
Жазушының шығармаларындағы экзистенциализм
Жазушының стильдік және тілдік ізденістері
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы бар, шығармашылық деңгейі жоғары қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдіков. Жазушы прозалық шығармаларында әрқилы тақырыптарды өрбіту арқылы қазақ халқының кеңес дәуіріндегі тақсіретін астарлы түрде болса да сабақтастыра білген. Ұлтымыздың жоғала жаздаған тілі мен дәстүрін, мінезі мен табиғи қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға ұмтылуы – жазушы шығармашылығының негізгі арқауы. Жазушы қазақ әдебиетіндегі «қос тұлғалылық», «жатсыну» теорияларын жаңа тұрғыдан шығармалары («Оң қол» әңгімесі, «Парасат майданы» повесі) арқылы дамыта түсті. Т. Әбдіков шығармаларындағы образдар жүйесінің байлығы, тіл көркемдігі, сурет, бейне, мінездеу, психологиялық иірімдер, ішкі монолог пен диалог – түгелдей әдебиеттің классикалық үлгілерін үйренуден, оны өз жолымен дамытудан туған жаңалықтар. Аталған жұмыста Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларының тақырыптық, жанрлық сипаты, идеялық-көркемдік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлт болашағы оның тәуелсіздігінде екенін уақыт шындыққа шығарып берді. Кез келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны баршамызға мәлім. Міне, жазушы Т. Әбдіков жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, ой ағымына, түс көруді талдауға және де психологиялық сыртқы детальдарға бірден-бір ерекше көңіл аударатындығын ескере отырып, қаламгердің прозалық шығармаларының өзіндік сипаты, өзіндік қолтаңбасы мен стилі бар екендігін дәлелдеуге тырыстық.
Төлен Әбдіковтің шағын жанр – әңгімеден бастап, повестері мен романы жеке дара түбегейлі ғылыми тұрғыдан сараланбаған. Тек тәуелсіздік жылдардан бастап прозалық шығармалары салыстырмалы түрде ішінара қарастырыла бастады. Алайда жазушының прозалық шығармаларындағы әлеуметтік ахуал мен кейіпкер характері, тілі мен жазушының өзіндік стилі жүйелі түрде жан-жақты сөз болып, ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына айналмағандықтан, қаламгердің прозалық шығармалары толығымен өз тиесілі бағасын ала қойған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, суреткер қаламынан туған шығармалардың мазмұны мен құрылымын, көркемдік ерекшеліктерін, шеберлік сырларын зерттеу – қазақ әдебиеті ғылымы үшін аса маңызды істердің бірі болып табылады. Өйткені жазушы Т. Әбдіков прозасында қазақ баласына рухани азық болатын өзіндік ерекшелігі бар. Қаламгер шығармаларында тоталитарлық саясаттың қыспағы ашық та, айқын берілген. Біз Т. Әбдіковтің проза жанры саласындағы шығармаларын уақыт талабы тұрғысынан танып, талдау, бағалау мақсатын алдымызға қойып отырмыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері ішінара зерттеу объектісіне алынғанымен, әлі де саралауды қажет етеді.
1 Әбдіков Т. «Оң қол» менің өзге шығармаларынма обал жасап жүрген секілді... // Қазақ әдебиеті. – 2000. – 22 қыркүйек.
2 Хамзина Қ.М. Қазақ повестеріндегі көркем уақыт және кеңістік
(ХХ ғ.70-80жж): филол.ғыл.канд.автореф.: – Алматы: 2004. – 30 б.
3 Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде (1991-2001жылдар).
– Алматы: Алатау, 2006. – 352 б.
4 Әбдікұлы Т. Әке. – Алматы: Қайнар, 2005. – 376 б.
5 Тұрғалиев О. Пенделік мұң мен періштелік үміт жаршысы. – Алматы: Жалын, 1997. – 255 б.
6 Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. – Алматы: Ғылым, 1982. – 148 б.
7 Әбдіков Т. Оң қол. – Алматы: Ата мұра, 2002. – 378 б.
8 Керейқұлов Қ. Теңізге түскен жел қайық. – Алматы: Жалын, 1985.
– 328 б.
9 Исабеков Д. Адами парасат, әлеуметтік тереңдік //Заман Қазақстан.
– 2002. – 6 қыркүйек. – 14 б.
10 Әбдіков Т. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1969. – 146 б.
11 Байғұт М. Ақпандағы мысықтар. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2000. –328 б.
12 Әбдік Т. // Айқын. – 2005. – 3 наурыз. – 9 бет.
13 Әбдіков Т. Өліара. − Алматы: Жалын, 1985. − 394 б.
14 Әбдік Төлен. Бәріміз де Оңтүстіктенбіз (Сұхбат) // Оңтүстік Қазақстан. – 2007. – 18 қаңтар. – 2 б.
15 Литературный энциклопедический словарь. – Москва: Советская энциклопедия, 1987.
16 Базарбаев М. Заман тудырған әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1997.
– 504 б.
17 Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері. Әдеби сын. Зерттеу. Сұхбаттар.
– Алматы: М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, 2001. – 276 б.
18 Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы: Филол.ғыл.доктор.автореф.: – Алматы, 1997.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ

1 Т. Әбдіков прозалық қазақ шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері / Қазақстанның ғылыми әлемі. – №3(13)- №4(14). – 43-45 бб.
2 Төлен Әбдікұлының шығармашылық нысаны / Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008.  №9. - 121-125 бб.
3 Т. Әбдіковтің «Өліара» романындағы заман шындығы / Инновациялық технологияны тиімді қолдану негізінде педагог кадрларын даярлау сапасын жетілдіру: Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - ІІ том. - Шымкент, 2007. - 71-75 бб.
4 Т. Әбдіковтің әңгіме-хикаяларының тақырыптық ерекшеліктері // Қаз ҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. - 2008. - №4(112). - 78-80 бб.
5 Жазушы Т. Әбдіковтің шығармашылығындағы стильдік, тілдік ерекшеліктер сипаты // Қар МУ Хабаршысы. Филология сериясы. - 2009. - №1(53). - 61-66 бб.
6 Т. Әбдіковтің «Өліара» романындағы тарихи шындық // Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ҰУ Жаршысы. Гуманитарлық ілімдер. - 1 серия. - 21-25 бб.
7 Т. Әбдікұлының «Өліара» романындағы образдар жүйесі / ХХ ғасыр қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеуідің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2008. - 251-255бб.
8 Т. Әбдікұлының жазушылық шеберлігі / Әуезов оқулары – 7: М. Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Шымкент, 2008. - 233-237 бб.
9 Т. Әбдіковтің прозасындағы модернистік сарын / ХХІ ғасырдағы жоғары кәсіби білімді мамандар даярлаудың мәселелері: кешегісі, бүгіні және болашағы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Шымкент, 2009. -183-186 бб.
10 Т. Әбдіковтің шығармаларындағы заман көрінісі / Қазақ мемлекеттілігі және түркі әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - І том. - Шымкент, 2009. - 255-259 бб.
11 Т. Әбдіков прозасының тіл өрнегі, стиль ерекшелігі / Х. Сүйіншәлиев және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - 2 кітап. - Алматы, 2009. – 204-209 бб.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 821.512.122.09 Қолжазба
құқығында

ТАНАБАЕВА ГУЛЬМИРА ТУЛЕБАЕВНА

Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және
көркемдік ерекшеліктері

10.01.02 – қазақ әдебиеті

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

Жұмыс М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшілері: филология ғылымдарының докторы,
профессор
К.Сыздықов

филология ғылымдарының докторы,
профессор
Қ. Әбдезұлы

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор Д. Ысқақұлы

филология ғылымдарының кандидаты
А. Мәуленов

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті

Диссертация 2010 жылы ___ ____________ сағат ____ әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14А.02.22 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде
қорғалады.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Қаз ҰУ,
филология факультет, 312-дәрісхана.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық ниверситетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы __ __________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор З. Бисенғали

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы
бар, шығармашылық деңгейі жоғары қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдіков.
Жазушы прозалық шығармаларында әрқилы тақырыптарды өрбіту арқылы қазақ
халқының кеңес дәуіріндегі тақсіретін астарлы түрде болса да сабақтастыра
білген. Ұлтымыздың жоғала жаздаған тілі мен дәстүрін, мінезі мен табиғи
қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға
ұмтылуы – жазушы шығармашылығының негізгі арқауы. Жазушы қазақ
әдебиетіндегі қос тұлғалылық, жатсыну теорияларын жаңа тұрғыдан
шығармалары (Оң қол әңгімесі, Парасат майданы повесі) арқылы дамыта
түсті. Т. Әбдіков шығармаларындағы образдар жүйесінің байлығы, тіл
көркемдігі, сурет, бейне, мінездеу, психологиялық иірімдер, ішкі монолог
пен диалог – түгелдей әдебиеттің классикалық үлгілерін үйренуден, оны өз
жолымен дамытудан туған жаңалықтар. Аталған жұмыста Т. Әбдіковтің прозалық
шығармаларының тақырыптық, жанрлық сипаты, идеялық-көркемдік ерекшеліктері
жан-жақты қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлт болашағы оның тәуелсіздігінде
екенін уақыт шындыққа шығарып берді. Кез келген ұлттың, халықтың тағдыры,
басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол халықтың әдебиетінде із
тастайтыны баршамызға мәлім. Міне, жазушы Т. Әбдіков жеке адамның
санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық,
философиялық құбылыстарды, ой ағымына, түс көруді талдауға және де
психологиялық сыртқы детальдарға бірден-бір ерекше көңіл аударатындығын
ескере отырып, қаламгердің прозалық шығармаларының өзіндік сипаты, өзіндік
қолтаңбасы мен стилі бар екендігін дәлелдеуге тырыстық.
Төлен Әбдіковтің шағын жанр – әңгімеден бастап, повестері мен романы
жеке дара түбегейлі ғылыми тұрғыдан сараланбаған. Тек тәуелсіздік жылдардан
бастап прозалық шығармалары салыстырмалы түрде ішінара қарастырыла бастады.
Алайда жазушының прозалық шығармаларындағы әлеуметтік ахуал мен кейіпкер
характері, тілі мен жазушының өзіндік стилі жүйелі түрде жан-жақты сөз
болып, ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына айналмағандықтан,
қаламгердің прозалық шығармалары толығымен өз тиесілі бағасын ала қойған
жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, суреткер қаламынан туған шығармалардың мазмұны
мен құрылымын, көркемдік ерекшеліктерін, шеберлік сырларын зерттеу – қазақ
әдебиеті ғылымы үшін аса маңызды істердің бірі болып табылады. Өйткені
жазушы Т. Әбдіков прозасында қазақ баласына рухани азық болатын өзіндік
ерекшелігі бар. Қаламгер шығармаларында тоталитарлық саясаттың қыспағы ашық
та, айқын берілген. Біз Т. Әбдіковтің проза жанры саласындағы шығармаларын
уақыт талабы тұрғысынан танып, талдау, бағалау мақсатын алдымызға қойып
отырмыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының
жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері ішінара зерттеу объектісіне алынғанымен,
әлі де саралауды қажет етеді.
Қазақ әдебиетінде көркем прозаның даму тарихын зерттеген ғалымдар мен
қаламгерлері М. Әуезов, Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, Е. Ысмайылов,Т.
Нұртазин,
С. Қирабаев, М. Қаратаев, З. Ахметов, М. Дүйсенов, Т. Кәкішев,Р. Нұрғали,
Ж. Дәдебаев, С. Әшімханова, С. Әшімбаев, Б. Майтанов, Г. Пірәлиева, Қ.
Әбдезұлы, М. Хамзин,
Ө. Күмісбаев, З.-Ғ. Бисенғали, Ж. Тілепов, Б. Әбдіғазиұлы, Д. Ысқақұлы, Р.
Тұрысбек,
С. Негимов, А. Жақсылықов, Т. Есембеков, З. Сейітжанов, Т. Рахымжанов, А.
Ысмақова,
Д. Хамзабекұлы, Қ. Жанұзақова, Т. Тебегенов, Р. Тұрысбек, Ө. Әбдиманұлы,
Қ. Мәдібаева т.б. еңбектері мен мақалаларында құнды-құнды пікірлер
баршылық.
Жазушының шығармашылығы хақында пікір айтқандарӘ. Нұрпейісов, О.
Бөкеев,
Д. Исабеков, Б. Майтанов, Қ. Жанұзақова, Г. Пірәлиева, М. Хамзин, О.
Тұрғалиев,
С. Асылбекұлы, Ш. Елеукенов, Қ. Хамзина, Е. Жеңісұлы, Ж. Әбдіхалық, Н.
Халикова және т.б.
Серік Асылбекұлы Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы (1970-1989
жылдар) атты кандидаттық диссертациясында Т. Әбдіковтің повестерін
замандастары О. Бөкей, С. Мұратбеков, Ә. Кекілбаев, А. Сүлейменов, Д.
Исабеков, Ә. Тарази т.б. шығармаларымен салыстырмалы түрде қарастырады.
Хамзин Мәуеннің 60-80 жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы
атты докторлық диссертациясында жазушының Өліара романына талдау
жүргізілсе, Мақтагүл Социалқызының Көркем прозадағы шығармашылық тұлға мен
авторлық позицияның арақатынасы 1980-2000 жылдар әдебиет бойынша атты
жұмысында Өліара романын
Т. Жұртбайдың Жер бесік, З. Жәкеновтің Зұлмат, С. Ерубаевтың Ақ боз
үй,
Б. Мұқайдың Жалғыз жаяу секілді романдарымен салыстырмалы түрде талдау
жүргізген. Жансая Жанғазыұлының 70-80 жылдар қазақ прозасындағы адам
концепциясы (2001), Нүргүл Қайырбекқызының Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі
тартыс табиғаты (2006) атты кандидаттық диссертацияларында жазушының
прозалық шығармаларына экзистенциалистік тұрғыда Д. Исабековтің, Ә.
Кекілбаевтің,
О. Бөкейдің, Ә. Таразидің шығармаларымен қатар талдау жүргізілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Диссертациялық жұмыстың негізгі
мақсаты – Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде
қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы
көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам
мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін жете
зерттеп, оларды бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша бағамдау. Әсіресе, Т.
Әбдіковтің оқырманға ой тастап, психологиялық, философиялық тұрғыдан
жазылған прозалық шығармаларының жанрлық-тақырыптық ерекшеліктерін айқындау
барысында өз замандастарының шығармаларымен саралауға, салыстыруға айрықша
мән берілді. Осыған орай аталған мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай нақты
міндеттерді белгіледік:
– Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық табиғатын ашу;
– қаламгердің прозалық шығармаларының тақырыптық болмысын
айқындау;
– кең танылған күрделі философиялық, әдеби ағым –
экзистенциализмнің
Т. Әбдіковтің прозасындағы орнын көрсету;
– қаламгер Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларындағы өмір құбылыстарын,
адамның ішкі жан дүниесін, көңіл-күйді бейнелеудегі өзгешелігін,
ерекшеліктерін нақтылы талдаулар негізінде көрсету;
– прозалық шығармаларының композициялық құрылысы мен сюжет
өрбіту, образ сомдаудағы сырын саралау;
– суреткердің көркем ойды астарлап жеткізудегі стильдік, тілдік
шеберлігін көрсету;
– жазушының прозалық шығармалардағы өзіндік қолтаңбасын
айқындау;
– прозалық шығармаларының көркемдік табиғатын таныту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазіргі таңға дейін біршама ғылыми
еңбектерде жазушы шығармалары талданып, жетістік-кемшіліктері айтылып,
жоғары бағаланғанымен, жазушы еңбектері өз бағасын толыққанды алды дей
алмаймыз. Жалпы, Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларын жанрлық, тақырыптық,
көркемдік тұрғыдан арнайы қарастырылған алғашқы еңбектердің бірі
болғандықтан, жазушының суреткерлік шеберлігіне, прозалық шығармаларының
жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне, өмір шындығын толыққанды көркем
бейнелерімен жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аудардық. Зерттеу
жұмысында Т. Әбдіков қазақ әдебиетінің тарихына өзіндік стиль алып келген,
ерекше қолтаңбалы жазушы екеніне айрықша көңіл бөлдік. Қазақ әдебиетіндегі
экзистенциалистік ағымда жазатын жазушыларымыздың ішінде өзіндік орнын
айқындауға тырыстық.
Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларындағы дүниетаным туралы
зерттеушілердің еңбектеріндегі пікір қайшылықтарын саралай келіп, өз
көзқарасымызды білдірдік. Жазушы шығармашылығына қатысты мерзімді баспасөз
беттерінде, зерттеу еңбектерінде айтылған тұжырымдар мен ой-пікірлер
бүгінгі күн талабына сай жүйеленді және жаңа дерек-пайымдаулармен
толықтырылды. Жазушы шығармаларының көркемдік құндылығы жан-жақты
қарастырылды.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде ҚҰ мұрағаты деректерін, еліміздің
кітапханаларындағы құжаттар мен жазушы мұрасын, БАҚ жүйесі материалдарын,
зерттеушілер еңбектерін негізгі назарда ұстадық. Т. Әбдіковтің Көкжиек
(1969), Күзгі жапырақтар (1971), Ақиқат (1974), Айтылмаған ақиқат
(1979), Таңдамалы (1992) шығармаларын, Оң қол (2002), Әке (2004)
әңгіме-повесть жинақтарын, Өліара (1985), Ақшоққыда қыс қатты (1987),
Парасат майданы (2002) туындылары және архив материалдарын деректілік
негіз ретінде пайдаланылды.
Зерттеу пәні. Т. Әбдіковтің қаламынан туған прозалық шығармаларының
барлығы дерлік зерттеудің пәні болып табылады.
Зерттеу әдістері. Шығарманың тууына себеп болған автор идеясын тану
үшін жазушының көркем шығармасын талдау, басқа жазушылармен салыстыру,
сараптау, топшылау әдістері қолданылды. Сонымен қатар Т. Әбдіковтің
прозалық шығармаларын талдау барысында объективті-аналитикалық талдау
тәсілі пайдаланылса, шығармаларын саралауда кешенді тәсілдер қолданылды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеуді жазу барысында
әдебиет теориясы туралы іргелі зерттеулердегі, тақырып және жанр жөнінде
айтылған пікірлер мен қаламгерлер стилі туралы озық ойлар негізге алынды.
Т. Әбдіковтің шығармашылығына қатысты еңбектердің нәтижелері қажетіне
қарай пайдаланылды. Осы ретте М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З.
Қабдолов,
С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, Б. Майтанов, М.
Хамзин,
Ш. Елеукенов, Қ. Әбдезұлы, Ж. Тілепов, Ж. Дәдебаев, З.-Ғ. Бисенғали, Г.
Пірәлиева,
Ә. Нұрпейісов, Д. Исабеков, Ә. Әзиев, М. Оразбек, С. Әшімбаев, Ө.
Күмісбаев,
Д. Ысқақұлы, Р. Тұрысбек, С. Негимов, А. Жақсылықов, Т. Есембеков, З.
Сейітжанов,
Т. Рахымжанов, А. Ысмақова, Д. Хамзабекұлы, Қ. Жанұзақова, Т. Тебегенов,
Ө. Әбдиманұлы, Қ. Мәдібаева, С. Асылбекұлы, Ж. Жарылғапов, Е. Аманшаев,
Б. Құралқанова, Н. Смағұлова, т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық
пікірлері мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Шетелдік зерттеушілер В.Г.
Белинский, Г. Гегель, М. Хайдеггер, М.М. Бахтин, Н.П. Утехин, Л. Тимофеев,
И. Виноградов т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері қамтылды. Сондай-ақ, алыс-жақын
елдердің осы бағытта тұрақты еңбектеніп жүрген ғалымдарының еңбектеріндегі
теориялық пікірлер мақсатымызға орай қолданылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысында алынған
ғылыми нәтижелер мен тұжырымдарды әдебиеттің теориялық мәселелерін
оқытқанда, орта мектептердің жоғарғы сыныптарында және жоғары оқу
орындарының филология факультеттерінің қазақ бөлімдерінде қазақ әдебиеті
тарихын оқыту барысында, қазіргі заман әдебиеті курсы бойынша, арнаулы
курстар мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ гимназия, лицейлерде, қазақ тілі
мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын мектептерге оқулықтар, оқу
құралдарын, көмекші құралдар жазуда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Т. Әбдіковтің прозасы ХХ
ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде елеулі рөл атқарды,
жазушы туындыларының құрылымы, образдар жүйесі, өзіндік стилі немесе
қолтаңбасы басқа қаламгерлердің жетілуіне негіз қалады.
– Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларын жаңа көзқарас пен уақыт талаптары
тұрғысынан зерделеу, жанрлық тұрғыдан талдап, саралау;
– жазушының қоғам, замана келбетін айқын ашатын тақырыптарды терең және
дер кезінде көре білуі, соларды көркемдік тұрғыдан жинақтап, шынайы
суреткер ретінде негізгі мақсат пен идеяға жету жолындағы ізденістерінің
қыр-сырын талдау;
– Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларын замандастары Ә. Нұрпейісов, Д.
Исабеков, О. Бөкей, М. Байғұт, С. Мұратбеков, А. Сүлейменов, Ә. Кекілбаев,
Т. Нұрмағамбетов және т.б. шығармаларымен өзара тақырыптық тұрғыдан талдап,
ерекшеліктері мен сабақтастығын салыстыра отырып айқындау;
– Т. Әбдіковтің әңгіме-повестері мен романындағы психологиялық
иірімдер, философиялық толғаныстарының қазақ прозасының дамуына үлкен үлес
қосқандығын айқындау;
– кейіпкер бейнесін сомдаудағы қаламгердің суреткерлік шеберлігі мен
тақырыпты көркемдік мақсатта зерттеп-зерделеу, сол арқылы қолданысқа енгізе
алған өзіндік жазушылық әдіс-тәсілдері, дара қолтаңбасы және жазушылық,
стильдік ерекшеліктерінің сырын ашу;
– қаламгер қолтаңбасын даралап тұратын өзіндік тақырыптық-идеялық
ізденістері, қаламгердің шығармашылық үдерісіне оңтайымен және сәтті,
жемісті қолдана алған тілдік өрнектері, сөздік қоры нақты мәтіндік талдау
негізінде сараптау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Диссертацияда жазушы шеберлігі мен
прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері, өмір шындығы,
қаһарманның көркемдік әлемі өзара байланыста қарастырылды. Жиырмасыншы
ғасырдың соңғы ширегіндегі жазушылардың шығармаларымен өзара байланысы,
ерекшеліктері әр алуан зерттеулермен, дерек көздерімен байытылды.
Диссертацияда М. Әуезовтің еңбектерін, З. Қабдоловтың Әдебиет
теориясының негіздері (1971), Арна (1988), Сөз өнері (1992), Қ.
Жұмалиевтің Әдебиет теориясы (1960), С. Қирабаевтың Кеңес дәуіріндегі
қазақ әдебиеті (1998), Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет (2001), Т. Шаңбаев,
З. Ахметовтің Әдебиеттану терминдерінің сөздігі (1998), Т. Кәкішұлының
Дәуір дидары (1985), Жанр жайлауы (2007), Санадағы жаралар (1992), Б.
Майтановтың Қазақ прозасындағы замандас бейнесі (1982), Қазақ романы
және психологиялық талдау (1996), Монолог құрылымы (2006), Портрет
поэтикасы (2006), Р. Бердібаевтың Әдебиет және өмір (1964), Р.
Нұрғалиевтің Телағыс (1986), Г. Пірәлиеваның Әдебиет өрнектері, Әдеби
сын. Зерттеу. Сұхбаттар (2001), Ш. Елеукеновтің Қазақ әдебиеті
тәуелсіздік кезеңінде (1991-2001жылдар) (2006), С. Әшімбаевтың Талантқа
тағзым (1982), Азаматтыққа адалдық. Әдеби сын мақалалар, зерттеулер,
толғаныстар (2007), Ж. Тілепов Тарих және әдебиет (2001), Ж. Дәдебаевтың
Жазушы еңбегі (2001), Шымырлап бойға жайылған (1988), Қ. Әбдезұлының
Тарих және тағдыр (2004), З.-Ғ. Бисенғалидің ХХ ғасыр басындағы қазақ
романдары (1997), Ө. Әбдиманұлының ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті
(2002), Ө. Күмісбаевтың Терең тамырлар (1994), Б. Сарбалаевтың Ақиқат
алдында: Әдеби-сын мақалалар (1986), Б. Кәрібаеваның Қазіргі қазақ
әдебиетіндегі көркемдік даму арналары (2001), Б. Шалабаевтың Көркем проза
тілі (1994), С. Асылбекұлының Қазақ мәдениеті – қазақ мемлекетінің
жүрегі (2003), Б. Құралқанованың Қазіргі қазақ повестері (2007) және
тағы да басқа ғалымдардың еңбектерін басты назарға алдық.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мазмұны мен
нәтижелері, оның тарауларында айтылған негізгі мәселелер ХХ ғасыр қазақ
әдебиетін оқыту мен зерттеуідің өзекті мәселелері халықаралық ғылыми-
теориялық конференциясында (Алматы, 2008), Әуезов оқулары – 7: М. Әуезов
және қазақтанудың өзекті мәселелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясында (Шымкент, 2008), ХХІ ғасырдағы жоғары кәсіби білімді
мамандар даярлаудың мәселелері: кешегісі, бүгіні және болашағы халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Шымкент, 2009), Қазақ мемлекеттілігі
және түркі әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясында (Шымкент, 2009), Х. Сүйіншәлиев және қазақ
әдебиетінің өзекті мәселелері халықаралық ғылыми-теориялық
конференциясында (Алматы, 2009) баяндалып, Қаз ҰУ Хабаршысы, Қар МУ
Хабаршысы, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ҰУ Жаршысы, Қазақстанның ғылыми
әлемі, Қазақ тілі мен әдебиеті журналдарда басылған мақалаларда
тұжырымдалған.
Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда зерттеу тақырыбы
бойынша 11 мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы: Диссертация кіріспе, екі бөлімнен, әр бөлім бірнеше
тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы, зерттелу
деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны,
теориялық және әдістемелік негіздері баяндалады. Қорғауға ұсынылатын
негізгі тұжырымдар анықталады.
Бірінші бөлім – Жазушы шығармаларының жанрлық, тақырыптық болмысы деп
аталады. Бөлім екі тараудан тұрады, екінші тарау екі тараушаға жіктелген.
Прозалық шығармаларының жанрлық сипаты деп аталатын тарауда проза
жанрының туу, дамуы, қалыптасуы туралы зерттеуші-ғалымдарның еңбектері
негізге алынады.
Коммунистік партия мен кеңестік үкімет қанша қырағы бақылауға
алғанымен, кеңес халқының, сонымен бірге оның алдыңғы қатарлы өкілдері –
ұлт зиялыларының қоғамдық ой санасы революциялық романтикаға көзсіз
табынған балаң қалпында мәңгіге қалып қоя алмайтын еді. Сондықтан ол да
барша қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар секілді уақыт алға озған сайын жаңа
мазмұнмен, тың идеялармен қаруланып, өсе берді. Сол кездегі қалыптасқан
идеологиялық штамптар тұрғысынан біршама тосын, әрі тың құбылыс –1970-1980
жылдары жарыққа шыққан таңдаулы қазақ повестерін, олардың авторлары Ә.
Кекілбаев, Д. Исабеков, С. Мұратбеков, М. Мағауин, Т. Әбдіков,
Қ. Мұқанбетқалиев, Т. Нұрмағамбетов, Б. Нұржекеев, О. Бөкей, А. Сүлейменов,
Ж. Түменбаев т.б. талантты өнерпаздарымызда ұлттық көркем өнеріміздің
сахнасына шықты.
Уақыт ағымына, шығармашылық үдерістің даму үрдісіне орай, жазушының
шығармашылық тұлғасы, авторлық позициясы соны қырынан көріне алды. І.
Есенберлин, Ә. Нұрпейісов, С. Жүнісов, Ә. Әлімжанов, Т. Әлімқұлов, С.
Мұратбеков, Ә. Тарази, М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, Қ. Ысқақов, Қ. Жұмаділов,
О. Бөкеев, Т. Әбдіков, Д. Исабеков, К. Сегізбаев, Б. Мұқаев т.б.
жазушылардың шығармаларында дәстүр жалғастығы мен жаңашылдығы өзгеше
өріспен өрнектелді. 1980-2000 жылдар әдебиетінде де дәстүр өзінің канондық
қасиеттерін сақтай отырып, тыңнан соқпақ салуға талпынды.
Т. Әбдіковтің прозалық шығармалары жанрлық тұрғыдан бай. Әңгіме
жанрынан бастап, роман жанрына дейін қалам тербеген. Т. Әбдіковтің прозалық
шығармаларының жанрлық сипаты әр алуан болып келеді. Қазіргі таңда
жазушының Райхан, Екі кездесу, Сәндікөл, Қайырсыз жұма, Қонақтар,
Бас сүйек, Оң қол, Жат перзент, Бір күндік ашу, Көктерек, Сәби
туралы сыр, Қарасын, Қойшығұл, Таласбай және тағы да басқа
әңгімелері, Күзгі жапырақтар, Парасат майданы, Әке, Оралу,
Ақиқат, Қыз Бәтіш пен Ерсейіт, Тозақ оттары жымыңдайды повестері,
Өліара романы бар.
Т. Әбдіков – әңгіме жанрының қас шебері. Оның әңгімелері адам мінезінің
құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан
қарауымен ерекшеленіп оқшауланады. Әңгімелері жалаң идеяға құрылмаған,
сюжет желісі бір арналы, тақырыбы мен идеясы айқын. Сан алуан өмір
құбылысын суреттеуде де шеберліктің барлық мүмкіндіктерін ыждаһаттылықпен
жұмсай біледі. Қысқа әңгіме шеңберіне көл-көсір мән-мазмұн сыйғызуға
болатындығын Т. Әбдіковтің кез-келген шағын туындысы арқылы көз жеткізуге
болады. Жазушы өзі суреттеп отырған ең ұсақ оқиғаның өзіне әлеуметтік мән
беруге ұмтылады. Қаламгер өмірдің нұры мен сәулесін, шындығы мен сырын
зерттейді. Өзін де, өзгені де толғандырған сұраққа жауап іздейді.
Шығарманың көркемдік сапасы, идеялық мазмұнның қоғамдық әлеуметтік қыры
күрделі шындықтарды көтерумен байланысты. Байыпты ойлар мен түйіндер осы
мазмұннан туындайды. Т. Әбдіковтің бұл бағыттағы жетістігінің көрінісі
ретінде Қайырсыз жұма әңгімесін атауға болады.
Қаламгердің қазақ әдебиетінде Оң қол әңгімесінен кейін өзіндік
қолтаңбасы пайда болды. Бұл жайында жазушының өзі бір сұхбатында:
Кейінірек үш-төрт жинақ шығарып үлгерген кезде көбіне Оң қол деп
аталатын әңгіменің авторы ретінде ауызға алынып жүрдім. Әрине, ол әңгімені
жақсы көрген оқырманға мен дау айта алмаймын. Талғам үшін таласуға
болмайды. Алайда олардың пікірлеріне қосылмауға менің де қақым бар.
Керісінше, Оң қол менің көптеген басқа шығармаларыма обал жасап, атақ-
дәрежеге бір қол жеткізіп алған адамның қайта-қайта көзге түсіп, өзінен
артық жігіттердің бағын байлап жүрген секілді елестейді [1, 4 б.], – деп,
Оң қол әңгімесі шығармаларының ішіндегі өзіндік орны ерекше шығарма
екендігін атап өтеді. Расында да, жазушының өзі айтқандай әңгімелерінде өз
кейіпкерлерін кең парасатты түрде бейнелейді. Т. Әбдіковтің әңгімелері
тақырыбы жағынан алуан түрлі, ата-дәстүрін, салтын қадірлеу, заман көрінісі
тұрғысында да (Қонақтар, Қайырсыз жұма, Жат перзент, Таласбай),
философиялық-психологиялық сарында да (Оң қол, Бассүйек, Көктерек,
Қарасын, Бір күндік ашу) жазғандығын көреміз.
Қазіргі қазақ повестеріндегі сюжеттің құрамдас бөлшектерінің өзара
байланысы белгілі бір заңдылыққа бағынбайды, сондықтан шығармадағы оқиғаның
баяндалуында, хронологиялық тәртіптің сақталмауы заңды құбылыс. Бұл
ерекшелік жазушының повестерінде де (Әке, Оралу) кездеседі. Осы
ерекшелік авторлық ұстаным сипатына, уақыт – кеңістік фактор рөлімен
түсіндіріледі. Бұндай жағдай да сюжеттен тыс элементтердің маңызы өте зор.
Т. Әбдіковтің орта көлемді туындылары: Күзгі жапырақтар, Әке,
Оралу, Қыз Бәтіш пен Ерсейіт, Ақиқат, Тозақ оттары жымыңдайды,
Парасат майданы. Адам санасындағы өткен уақыт жаңғырығы, оның адам
характерін өзгертумен бірге, тұғырыққа тірейтінін бейнелеу қаламгер
повестеріне тән.
Шығармада суреттелген оқиғалардың хронологиялық бірізділігінің
сақталмауын жазушының ретроспекция тәсілін қолдануымен түсіндіруге болады.
Әке повесінде екі сюжеттік желі тартылған: біріншісінде бас кейіпкердің
қазіргі хал жағдайы баяндалса, екіншісі оның өткен өмір елестерін
суреттейді. Екі сюжеттік желі авторлық ұстаным арқылы біріктірілген.
Ақиқат повесінде бас кейіпкердің көріпкелдік қасиеттері, ақылдан
азап шегуі, сау жүріп жындыханаға түсуі, асылып өлуі – шығармадағы негізгі
оқиғалар осы. Зерттеуші Қ. Хамзина [2] Ақиқат повесін жанрлық түрі
жағынан фантастикалық деп атағанымен, шығармада бүгінгі заман шындығы бар
екенін жоққа шығармайды. Расында да, шығарманы философиялық фантастика
жанрында жазылған шығарма десек дұрыс болар. Себебі повестің негізгі
арқауын Роберттің көңіл-күйіндегі өзгерістер, оның адамзат тарихы, сана,
бақытсыздық, ғылым мен өркениет туралы философиялық ой-толғаныстары
құрайды.
Т. Әбдіковтің үздік шығармаларының бірі – Парасат майданы повесі.
Ғалым Ш. Елеукенов бұл повесть жайында: Жазушы Т. Әбдіковтің жаңа
шығармасы соңғы жылдары өнер атаулыны жайлап алған постмодернистік деп
аталатын ағыммен айтысқа түсіп отыр. Айтыс болғанда, бұл – философиялық
айтыс. Постмодернизм адамгершілік, әділет туралы түсініктерді қайта қарауға
шақырады. Сонау Ренессанстан бері қарайғы адами идеал атаулыны жоққа
шығарғысы бар [3, 177 б.], – деп жазды. Яғни, повестің негізгі темірқазығы
– адамгершілік идеал, ізгілік, рухани құндылықтар екенін атап көрсетеді.
Жалпы Т. Әбдіков повестерінің негізгі жанрлық белгілері сюжет құру
шеберлігінен және көркем уақыт пен кеңістіктің берілу сипатынан байқалады.
Т. Әбдіковтің 1985 жылы жарық көрген Өліара романының бірінші
кітабында психологиялық сарындар кездеседі. Әрі бұл – Т. Әбдіковтің роман
жанрындағы алғашқы қадамы. Романның аты айтып тұрғандай, мұнда қыс пен
көктем арасындағы өліара емес, қоғамдағы өліара өзек етіледі. Ұлы төңкеріс
жеңісін баянды ету мақсатында жүргізілген қазақ даласындағы ұжымдастыру
кезеңі, сол бір аумалы-төкпелі шақтағы таптық күрестің шиеленісе дамуы,
байларды кәмпескелеу, жер бөлісу секілді саясаттарда асыра сілтеушіліктің
болуы секілді талай тарихи шындықтың бет-пердесін ашады.
Т. Әбдіковтің аталған шығармасында ашқан ешбір жаңалығы жоқ. Бәрі
бесенеден белгілі, халықтың бойында бұрыннан бар, ғұмыр жолында кездескен,
тағдырына жазылған шынайы да көркем көне шындық. Жазушының шығармашылық
жолы – әуелгі әңгімесінен соңғы романына дейін осы мақсатқа арналғандығын
атап өту қажет.
Екінші тарау Прозалық шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері деп
аталады. 1969 жылы жарық көрген Оң қол әңгімесінен бастап қаламгердің
өзіндік шығармашылық ішкі тақырыбы қалыптасты. Ол қаламгердің Бассүйек,
Парасат майданы, Ақиқат, Тозақ оттары жымыңдайды секілді
шығармаларында жалғастығын тапты. Бұған жоғарыда келтірілген шығармалары
дәлел. Сонымен қатар Т. Әбдіковтің қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігіне,
халқымыздың дүрбелең кезеңдеріне арналып жазылған шығармалары бар екендігін
білеміз. Дегенмен жазушы шығармашылығының басты тақырыбы – адамгершілік.
Қазақ әдебиетінде 1970-1980 жылдар аралығында дүниеге келген таңдаулы
қазақ повестерінің авторлары болашақ шығармаларының тақырыптарын өз көзімен
көрген, жүректерінен өткізген өмір құбылыстарынан іздеді, сол ізденіс
жолында тақырыпты ашатын сиқырлы алтын кілтті тапты да. Олардың
шығармаларының басты тақырыбы – қырда жатқан қазақ ауылдарының тыныс-
тіршілігі болды. М. Мағауиннің Тазының өлімі мен Қара қыз, Ә.
Кекілбаевтың Шыңырауы мен Автомобилі,
С. Мұратбековтың Жусан исі мен Үшқарасы, Т. Әбдіковтің Ақиқаты мен
Әкесі, Оралуы, Б. Нұржекеевтің Кінәлі махаббаты, Д. Исабековтің
Тіршілігі, Дерменесі, О. Бөкейдің Қар қызы мен Қайдасың, қасқа
құлынымы,
Т. Нұрмағамбетовтың Түкпірдегі ауылы мен Қош бол, атасы, Ж.
Түменбаевтың Ауыл шетіндегі үйі секілді қазіргі кәсіби прозаның әлемдік
стандарттарына толығымен жауап бере алатын повестері нақ осы тақырыпқа –
ауыл өміріне арналған болатын.
Жазушының прозалық шығармаларын тақырыбына қарай екі топқа бөлуге
болады: 1) Заман көрінісі сипатталған шығармалары; 2) Философия-
психологиялық тақырыптағы шығармалары. Бірінші топтағы жіктеуге қазақ
халқының ХХ ғасырдың басындағы күйі, 70-80 жылдардағы ауыл көрініс, жастар
иделогиясы, тәрбиесі, заман көрінісі сипатталған шығармаларды енгіздік
(Райхан, Екі кездесу, Сәндікөл, Қонақтар Бір күндік ашу,
Таласбай, Көктерек, Қарасын, әңгімелері, Сәби туралы сыр эссесі мен
Күзгі жапырақтар, Әке, Оралу повестері және Өліара романы); екінші
топтағы жіктеуге адам санасындағы психологиялық иірімдер шебер көрсетіліп,
философиялық астар жатқан шығармаларын жинақтадық (Оң қол, Бас сүйек,
Жат перзент, Мансап, Қайырсыз жұма әңгімелері мен Ақиқат, Тозақ
оттары жымыңдайды, Парасат майданы повестері).
Екінші тараудың бірінші тараушасы Қаламгер шығармаларындағы заман
көрінісі деп аталады. Жұмысымыздың бұл тараушасында жазушының халқымыздың
басындағы түрлі тарихи оқиғаларға байланысты жазылған, яғни заман көрінісін
сипаттаған прозалық шығармаларын топтастырып қарастырамыз. Себебі бұл
шығармаларда бір тақырыптағы шығармада екінші тақырыпта кездеседі немесе
үндесіп жатады. Мысалға, Әке повесі Қонақтар әңгімесінің жалғасы
іспетті, тақырып сабақтастығы сезіледі. Ал, Өліара романындағы тарихи
оқиғалар Әке повесінде де ұшырасады. Бұл топқа мына төмендегі
шығармаларды жатқыздық: Райхан, Екі кездесу, Сәндікөл, Қонақтар
Бір күндік ашу, Таласбай, Көктерек, Қарасын, әңгімелері, Сәби
туралы сыр эссесі мен Күзгі жапырақтар, Әке, Оралу повестері және
Өліара романы.
Т. Әбдіковтің Қонақтар, С. Мұратбековтың Ата, Д. Исабековтің Қара
шаңырақ, Т. Нұрмағанбетовтің Ата қоныс әңгімелеріне ортақ сарын ұрпақ
бойындағы жасанды мінез-құлық, басқаға еліктеу, өзінің төл әдет-ғұрпынан
безу, жатсыну мәселелері ұрпақ санасына сырттан келген жат идеяның әсер
етуі болып табылады. Әсіресе, Қонақтар әңгімесінде кездесетін мына бір
кейіпкер психологиясын ұмыта алмаймыз. Қалада жұмыс істейтін, оқыған, жанұя
құрған баласын сағынған Ерғабыл шал (пәруайсыз ұлы бұл кезде әке-шешесін
естен шығара бастаған) дүниеден өткенде ел-жұртының өзін қалай шығарып
салатынын ойлайды:
Әлдеқайда шалдың көз алдына өлгеннен кейін мұны жұрттың қалай шығарып
салатыны елестеді. Елестегенде құданың құдіретімен өткендегі Айтыбай
шалдың сүйегін шығарғандағыдан бір айнымайды. Бірақ мұның жұртқа
үлестіретін киімі одан көп екен. Аққұдық пен Сарыөзек тегіс келген секілді.
Бата оқырын бергеннен кейін атпен жарысып мүше алып қашқандар да бар.
Жұрттың бәрі:
– Е-е, қайран дүние кімге опа берген, бұл кісілер де кетті-ау дүниеден.
Мұндай кісілер енді тумайды, – деп аза тұтып, енді біреулер:
– Шіркін бала деген осы ғой! Сапабек әкесін қандай ғып жөнелтті, ә!
Ойпырмай, мұндай ұлы дүбірмен біздің елде әлі ешбір шал аттанбаған шығар,
–десіп таңқалысып бара жатқанға ұқсайды [4].
Сонымен қатар бұл топтағы Т. Әбдіковтің көлемі шағын Сәндікөл, Екі
кездесу, Бір күндік ашу, Көктерек, Қарасын, Таласбай, Қойшұғыл
атты әңгімелері қазіргі кезде назарсыз қалып жүр. Шығармалар қазақ ауылы
өмірінен алынған. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері де таңсық емес. Суреткердің
шеберлігі де осында жатыр. Мұнда жазушы кіші ғана әңгімелерге үлкен
философиялық астар сыйғызған.
Жазушы шығармаларында ұлттық мүддені жоғары қояды. Адамның парасаты
жазушы үшін алдына қойған үлкен мақсат сияқты. Халықтың жаны мен арманы
әңгімедегі бас кейіпкерлердің атынан шебер беріледі. Өз дәуірінің жастары
алдындағы мәселені қозғай отыра автор жас жігіт пен қыздар бейнесі арқылы
әр адамды қоғам мен өмірдегі өз орнын тауып, адамгершілік қасиетті жоғары
ұстауға шақырады. Парыз бен мансап, ар мен ұят, еңбексүйгіштік пен
арамтамақтық арасындағы арпалыста бірінші қасиеттің жеңіп шығуы –
қаламгердің негізгі тақырыбы.
Т. Әбдіков кешегі сұрапыл соғысты көрген жоқ. Соғысқа қатыспаса да,
балалық шағы соғыс отына шарпылды. Осы буын өкілдерінің шығармашылықтарында
соғыс тақырыбы міндетті түрде кездеседі.
Әке повесінің ерекшелігі жайында Оңай Тұрғалиев: Қазақ прозасында
әке тақырыбына қаншама шығармалар жазылса да Төленнің Әке повесінің
көркемдік деңгейіне көтерілгендері шамалы.
Повесть деп аталса да романның жүгін көтерген шығармадан әке өмірін
саралау арқылы үш ұрпақтың өмір сүрген дәуір кейпін көрсету көркемсөздің
шын жүйрігінің ғана өресі жетер тірлік демекпіз [5, 255 б.], – деген еді.
Жазушы Әке повесінде біздің қоғамымыздың өсу, есею жолының
қиыншылықтарын жеке адам тағдырлары арқылы көрсеткен. Жармағамбеттің бес
баласының (Нұржан, Қажаттар, Әбсаттар, Дүйсен) төртеуі Азамат соғысынан
бастап, жаңа қоғам үшін күрестің әр дәуірінде белсенді көрініп барып, қаза
табады. Үлкен ұлы Нұржан казактардың қолынан қаза тапса, екінші ұлы
Қажаттар қорған салып, оны байлардан қорғап жүріп қаза табады. Үшінші ұлы
Әбсаттар ашаршылық кезінде отбасымен қырылып кетсе, төртінші ұлы Дүйсен
Кеңес үкіметінің орнауы үшін талай қиын кезеңдерді басынан өткеріп, ақыр
соңында халық жауы деген жала жабылып, мерт болады. Ең кішісі Сейсен –
жасарын жасап, асарын асып, хәл үстінде жатқан кісі. Жазушы Сейсеннің ойы,
өз өмірінің қиын күндерін еске түсіру арқылы шығарманы өрбітеді. Әдебиет –
тірі процесс болғандықтан, бұл – шығармада күрес қайшылығын тағдыр тартысы
арқылы бейнеленген, күрестің философиялық маңызы мен сыры суреттелген.
Шегініспен берілетін Әке шығармасы арқылы жазушы дәуірлер шындығын,
адамдар еңбегін еске түсіреді.
Қыз Бәтіш пен Ерсейіт повесі шындығымен тұла бойыңды шымырлататын
дүние: жалғыз баласынан айрылған Қожабек қарт қалада баласының көңілдесінен
ұрпақ қалыпты деген қауесетті естіп соны іздеуге шығады. Баласының құрбы
қыздары Валяға, Сәулеге, Гүлсімге жолығады. Сәуле шынында да, бала көтерген
екен, бірақ бір жастан асқанда шетінеп кетіпті. Содан Гүлсімге жолығады.
Сол сәтті қаламгер былай береді: Мұның кім екенін түсінген Қожекең басын
көтеріп, оның бетіне тура қарады. Тура қарады да, қыздың сұлулығына қайран
қалды. Апырмай, ажары келіскен бала екен, осынша қор болғанын қарашы? [4,
229 б.]. Қожекең ақырында осыншалық әдемі қыздың тағдырын тас-талқан етіп
кеткен өз ұлы екенін түсінгенде ұнжырғасы түсіп ауылына қайтады.
Соның бәрін өз құлағымен естіп, өз көзімен көріп қайтқан Қожекең
баласының басына келіп. Бәрі қолыңнан келгенде, қиянат қылмау қолыңнан
келмегені ме, жарығым-ау... Қалайша түсінбедің, құлыным-ау! Хайуанның да
обалы жібермейді деуші еді, адам обалы қайтіп жіберсін... – Қожекең
көріскен адамдай құлпытасты құшақтап алды. – Құлыным-ау... – деп налиды
[5, 233 б.]. Баласынан қалған ұрпақты іздеп шыққан қарт одан қалған
қиянатпен ұшырасады.
Осы орайда қаламгердің Қыз Бәтіш пен Ерсейіт атты шығармасы оның
Әке туындысымен ұқсас, бағыттас екенін айту қажет. Жазушы күнделікті
болып жататын оқиғалардың бірін өз шығармасына арқау етсе де, шығарма
идеясы біртін-біртін ұмытылып бара жатқан ұлттық болмыстағы әдет-ғұрып,
салт-дәстүрдің озық үрдістерін санада жаңғыртуға арналған. Сол арқылы Әр
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, қанына сіңген болмысы бар еді ғой, адам
қаншама жерден уақытқа тәуелді болса да, сол бір асылын ұлттық белгісі
ретінде сақтап қалуы керек емес пе? деген шиеленісті көтереді. Неге
қарияның төрінен көрі жақын қалғанда, тағдыр оған ерекше сый әзірлеп қойды?
Неліктен қағынан жеріген құландай оның перзенті өз әулетіндегі ұрпақтар
тобын жалғастыратын сәбиден безді? Құдайым-ау, келін, ата-баба салтымен оң
аяғымен аттаушы еді ғой, үлкендердің, аузы дуалы қариялардың батасын алушы
еді ғой. Қарияны егілтіп, еңіретіп тұрған жайттар осы. Оқиға шиеленісіп,
дамыған сайын жазушының қай өреден бұлт етіп шешім табатынын күтесің.
Балалық шақтан санада жатталған таныс ауыл көріністері Оралуда
кейіпкер жан әлемінің қабылдауы арқылы тіршілік қамы үстіндегі
қарбаластарымен, күнделікті дағды-машығымен баяндылық танытатын типтік
детальдар ретінде бейнеленеді. Белгісіз сағыныш, мұң мұнарымен оранған
жігіт сезіміндегі психологиялық дәлдік кейіпкердің өзіне-өзі сұрау қойып,
жауап алатын сыршыл табиғатына тән биязы үнмен жарасымды бірлік табады.
Қазіргі қазақ прозасында психологизм мәселелерін терең зерттеп жүрген
көрнекті ғалым Б. Майтанов: қазіргі қазақ әдебиетінде, әсіресе лирикалық
прозада кездесетін бір мәнді белгі – қаһарманның туған жер, ұшқан ұя туралы
аса ықыласты көңіл-күйін бейнелеу, сюжеттік жүйеде кейіпкердің елге келу
эпизодтары мен ой әлеміндегі бұрынғы көріністердің қабаттас орналасуы,
кешегі күн мен бүгінгі таңның салыстырмалы сипат алуы. Бұл сәтті адамның
рухани өміріне бастау – бұлақ болған әлеуметтік – ұждандақ өлшемдерге қайта
үңілуі, қазіргі жағдайына байырғы уақыттардың моральдық-этикалық
нормаларымен баға беруі, болашаққа адамгершілік ізденістеріне күнәсіз
балалық шақтағы жарқын мұраттар сәулесінен нұр алуы десе де болады.
Кейіпкер іштей ар, парыз, мақсат талқысына түседі. Содан тазарып, алдағы
күндердегі тіршілік күресіне жаңа қуат, соны ынтамен аттанады, – дей
келіп, Балалық шақтан санада жатталған таныс ауыл көріністері Оралуда
кейіпкер жан әлемінің қабылдауы арқылы тіршілік қамы үстіндегі
қарбаластарымен, күнделікті дағды-машығымен баяулық пен біршама баяндылық
танытатын, типтік детальдар ретінде бейнеленеді. Белгісіз сағыныш, мұң-
мұнарымен оранған жігіт сезіміндегі психологиялық дәлдік, кейіпкердің өзіне-
өзі сұрау қойып, жауап алатын сыршыл табиғатына тән биязы үнмен жарасымды
бірлік табады [6, 136-137 бб.],-деп шығарма сюжеті мен кейіпкер характерін
психологиялық тұрғыдан жасаған көркемдік ізденістеріне терең үңіледі.
Жазушының Өліара романындағы айтылған ақиқатты біраз жазушылар енді
жазып жатыр. Сонау жылдары сормаңдай қазақ қынадай қырылып, жер аударылып,
халық жауы ретінде ұсталып, атылып, айдалып кеткен аласапыран заманды
қаламгер шебер бейнелеген. Өліара романы – жазушының көлемді жанрдағы
тырнақалды шығармасы. Сондықтан да романда жазушының осыған дейінгі шағын
жанрда қалыптасқан стилі бірден көзге түседі. Оқиғаны асқынтпай, бірқалыпты
беру, кейіпкерлерінің диалогы, монологы арқылы олардың болмыс-бітімін
көрсету, ал, сол арқылы ұлттық мінезді, оған тән аңқаулық, аңғалдық,
ақкөңілдік, баршаға дос көңілмен қарайтын қадір-қасиеттерді індете көрсету
– Т. Әбдіковтің қаламгерлік стиліне тән ерекшеліктер. Қаламгер проза
жанрына жаңа тыныс, тіпті жаңа көркемдік бағыт ала келді десе де болады.
Жазушы, ең алдымен, пішіндік әрі мазмұндық ізденістер арқылы адамның жан
дүниесіне мейлінше дендеп ене білді.
Екінші тарауша Жазушы шығармаларындағы философиялық мәселелер және
психологизм деп аталады. Т. Әбдіковтің бұл топтағы шығармаларында
психологизм мәселесі мен философиялық астар жеткілікті. Оған, Оң қол,
Бас сүйек, Жат перзент, Қайырсыз жұма, Мансап әңгімелері мен
Ақиқат, Тозақ оттары жымыңдайды, Парасат майданы повестерін енгіздік.
Жазушының Оң қол әңгімесі 1970 жылдардың бас кезеңінде жазушылар мен
оқырмандар арасында бірталай айтыс пен шу туғызған еді. Бұл әңгіме адам
психикасының сан мың алуан екенін көрсетеді. Әңгіме дәрігердің айтуымен
беріледі. Жап-жас сұлу қыздың жаңа басталған өмірі тек қана үрей мен
қорқыныштан тұрады. Осы ауруды емдеп жүрген жас дәрігер қыздың мына сөзін
дәлме-дәл келтіреді:
Маған қастандық жасаған мынау, бұл менікі емес, мүлде бөтен қол, мені
өлтіргісі келіп жүр, – деп өзінің оң қолын көрсетті [7, 326 б.]. Одан соң
дәрігер тілінде бұндай аурудың түрін ішкі тұлғаның екіге жарылуы деп
атайды. Яғни бір дененің бойында екі түрлі жан иесінің кезектесіп, қатар
өмір сүруі.
Адам баласының бойына ұлттық рух туған жердің киелі топырағынан
беріледі. Туған жер топырағының киелі болатындығы онда ата-баба рухы
мәңгілік тыныштық табатындығы шығар. Қаламгерлеріміз оқырманды ойланту
мақсатында өз шығармаларына қарапайым адамдардың аруаққа адалдық, оған
табыну әрекеттерін көрсетеді. Кейбір көзі ашық, оқыған азаматтардың
қолынан бұндай іс келмей жатқан тұста С. Мұратбеков Бекеннің құбылыстары
әңгімесіндегі Бекең, Т. Әбдіковтің Бассүйек әңгімесіндегі Мұқаш шал қабір
көрсетуге барған шоқша сақал қарт бейнелері арқылы өткенді қадірлеу,
ардақтау, оған адал болу керектігін аңғарамыз.
– Осы, – деді шоқша сақал қарт кісі. – Қабірі осы. Ал енді сендер
бара тұрыңдар, мен аруақтарға арнап бірдеңе оқи қояйын [4, 210 б.]. Бұл
жерде қарт аруақтардан кешірім өтінгендей, қабірді қайта ашу, аруақтардың
мазасын алу ұлтымыз үшін жат. Бірақ өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді
жандырамыз деп келген Хамит сөзі ел ақсақалын екіұдай күйге салады. Өткен
ата-бабаларымыздың бейнесін жасау – біздің міндетіміз. Ол кезде суретке
түсіру болмаған. Бабаларымыздың қандай екенін ешқайсымыз да білмейміз. Мен
соларды тірілту үшін келдім. Бірақ бұл өліктің бас сүйегінсіз іске аспайды.
Жаубөрінің қабірін ашуға сіздерден көмек қажет деген сөз толық болмаса да,
көкейіне ептеп ұялағандай болып еді. Бірақ мына қазіргі мінезі – қабірден
қорықпағаны, қасиетті батыр-ау деп именбегені біртүрлі қорлағандай болып
отыр. Қазақтың баласы емес пе, шіркін, тіріні сыйламаса да өлікке деген
инабат болмаушы ма еді [4, 212 б.], – деген үзінді осыны аңғартады.
Игілікті іс деп қарт қуанбайды, қайта іштей күйзелетін сияқты.
Сонымен қатар бұл − әңгіме логикасынан туатын түйін. Өмір мен өнер
байланысын қаламгер көркем бейнелеген. Қ. Керейқұлов бұл әңгіме жайында:
Әңгіменің өн бойынан анық көретін бір нәрсе – көркем творчество
психологиясы. Ғылыми предметінің (бассүйектің) жұмбақ сырын біле алмай
монолог арқылы бірде автор баяндауы арқылы ашылады [8, 156 б.], – деп
орынды айтқан. Д. Исабеков естелік мақаласында: ...Оның Бассүйек деген
әңгімесі бәрімізді елең еткізді. Ол әңгімесі тек жастардың, студенттердің
арасында ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті
Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары
ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМА МӘТІНІНДЕГІ ТІЛДІК ІЗДЕНІСТЕР
Ұлттық публицистика дәстүрі
ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ
Жазушы Төлен Әбдікұлының көркемдік әлемі
Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері
Пәндер