Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі


Мазмұны
Кіріспе
- Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібінің теориялық негіздері1. 1 Жүкті Кеден кодексіндегі кедендік декларация түсінігі, мазмұны, тәртібі. 1. 2 Жүкті кедендік бақылау принциптері, нысандары мен тәртібі.
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін жүкті кедендік декларация мен кедендік бақылау механизмін талдау2. 1 Кеден органдарының кедендік декларация мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі. 2. 2 Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін жүкті кедендік декларация мен кедендік бақылау механизмі (Қызылорда облысы бойынша) .
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін жүкті кедендік декларация мен кедендік бақылауды жетілдіру жолдары3. 1 Кедендік декларация мен кедендік бақылау процедураларын жетілдірудің кейбір аспектілері. 3. 2 Қазақстан Республикасының интеграциялық қауымдастықтарға кіруде кедендік декларация мен кедендік бақылауға өзгеріс енгізу шаралары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі экономикалық даму ұлттық экономикалардың елдер арасындағы аймақтық және бірлескен шаруааралық кешенге интеграциялаудың айқын көрінетін тенденциямен, сондай-ақ кең еркін сауда аумағын құруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді айырбастау, қаржылық ресурстардың қозғалуы бойынша халықаралық келісімдер маңыздылығын арттыруға ұмтылумен сипатталады. Материалдық құндылықтар мен қаржы құралдарының айналымын реттейтін жалпыға ортақ ережелері бар қаржы нарығы қалыптасып келеді. Барлық елдерде ұлттық экономика біршама ашық бола келе, әлемдік еңбек бөлінісі мен халықаралық бәсекелестікке қосылуда.
Кеден органына кедендік декларацияны бермегені үшін тауарларды өткізетін тұлға немесе шарт бойынша осы тұлға уәкілеттік берген кеден брокері жауапты болады.
Кеден брокері кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде кеден брокеріне кедендік мақсаттар үшін берілген қажетті мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін беруші тұлға жауапты болады.
Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша, конклюденттік, электрондық) мәлімдеу жолымен жүргізіледі.
Тауарларды декларациялаудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі кедендік операцияларды және салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай түрлері қолданылады:
1) жүктің кедендік декларациясы;
2) жолаушының кедендік декларациясы.
Жүктің кедендік декларациясы - декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер:
1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса;
2) тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе;
3) өзге де жағдайларда беріледі.
Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезінде, сондай-ақ уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолданылуы мүмкін.
Жүктің кедендік декларациясын уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолдану жағдайлары көзделген тәртіппен белгіленеді.
Еркін нысанда жасалған өтінішті және (немесе) тауарларды бірдейлендіру және шығару үшін қажетті мәліметтері бар көліктік, коммерциялық құжаттарды жүктің кедендік декларациясы немесе уақытша кедендік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.
Жолаушының кедендік декларациясы - Қазақстан Республикасының Кедендік Кодексінде көзделген оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат.
Кедендік декларациялардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы тауарды межелі кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі.
Егер жүктің кедендік декларациясын беру мерзімінің аяқталуы кеден органының жұмыс істемейтін күніне орайлас келсе, кеден органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып саналады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге дейін беріледі.
- Жүкті кеден шекарасы арқылы Өткізу тӘртібінің теориялық негіздері
1. 1. Жүкті Кеден кодексіндегі кедендік декларация түсінігі, мазмұны, тәртібі
Сыртқы экономикалық қызмет және ең алдымен сыртқы сауда елдің кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың жүкті өткізуімен тығыз байланысты. Сонымен қатар тауарлар мен көлік құралдары кедендік декларация мен кедендік бақылаудан өткізіледі. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік декларация механизмі мен мәнін түсіну үшін осы процестермен байланысты негізгі терминдер мен түсініктердің мағынасын ескерген жөн:
Қазақстан Республикасының кедендік аймағын құрлық аймағы, аймақтық сулар (теңіз) мен ішкі сулар, оның үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік шельфінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және кеден ісі аймағындағы Қазақстан Республикасының ерекше заңнамасы бар басқа да объектілер құрайды.
Кедендік шекара - бұл Қазақстан Республикасының кедендік аймағының шектерін айқындайтын түзу және оның үстімен өтетін вертикальды кеңістік. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасының, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлерінің шектері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады.
Тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін заттар, соның ішінде ақпарат тасушылар, валюта құндылықтары, электр, жылу және тағы басқа энергия түрлері, көлік құралдары.
Көлік құралдары - халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолданылатын теңіз, ішкі сулар, әуе кемелері, механикалық көлік құралы және де сол көлік құралдарымен бірге тасымалданатын олардың техникалық паспорты немесе техникалық формулярында көрсетілген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтары мен жабдықтары, құятын сиымдылықтардағы жанармай материалдары мен суытатын сұйықтықтар.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүкті өткізу - Қазақстан Республикасының кедендік аймағына кез-келген әдістермен жүкті әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан әкету әрекеттерін жүзеге асыру, сонымен қатар халықаралық пошта жөнелтулері, құбыр көлігін және электр тасымалдауын қолдану.
Қазақстандық тауар - Қазақстан Республикасында толықтай жасалған, Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеу шарттарға сәйкес қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аймағына еркін айналым үшін шығарылған, Кеден кодексіне сай мемлекет меншігіне айналған тауар.
Шетелдік тауар - қазақстандық емес тауар.
Тауар тасымалдаушы тұлға - өз атынан немесе басқа бір адамның нұсқауымен сыртқы экономикалық келісім-шарт жасайтын адам; егер Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарды өткізу қазақстандық тұлға сыртқы экономикалық келісім-шартты жасамай жүзеге асырса, кедендік бақылаудан өтіп жатқан тауарды Қазақстан Республикасы аумағында пайдалану және иелену құқығы бар адам болып табылады.
Мәлімдеуші - жүкті өткізетін тұлға немесе жүкті өз атынан мәлімдейтін, ұсынатын өкілді кеден брокері.
Сыртқы экономикалық қызмет немесе сыртқы сауданы жүзеге асыру кезінде пайда болатын жағдайлар, қатынастар мен байланыстардың көптүрлілігі әр түрлі тауарлар, тұлғалардың құқықтық мәртебесін, олардың өзара, мемлекетпен, оның органдарымен, соның ішінде кеден органдарымен қатынасының тәртібін айқындайтын заңдылықтар мен нормативтік актармен реттеледі.
СЭҚ арқасында мемлекеттің бюджетке табыс түсіру, қажетті құрал-жабдықтар, шикізат, материалдар, алдыңғы қатарлы технологиялар мен өз экономикасын қайта құру үшін, халықты қамсыздандыру үшін басқа да тауарларды сатып алу, өз тауарларын экспорттау, өз қызметтерінің басқа да бағыттарымен келістіре отырып өзінің сыртқы саясатын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Сондықтан да мемлекеттің СЭҚ белгіленген тәртіпке сай жүзеге асырылуында қызығушылығы бар.
СЭҚ заңды сақтайтын қатысушылар оны жүзеге асырудың белгіленген тәртібін біле тұра, оны орындап жүруі міндетті. Ең алдымен бұл кедендік бақылау пәні болып табылатын және жүкті дұрыс кедендік декларация үшін қажетті мәселелерге қатысты:
- шаруашылық субъект ретінде сәйкес мемлекеттік органдарда тіркелу жолымен СЭҚ айналысуға рұқсат алу;
- тауарды өндіру, сатып алу, сату туралы, тауар айырбастау (бартерлік) операциялар туралы, тасымалдау, тиеу-түсіру, сақтандыру және тауарларды сақтау, сараптаумен, т. с. с. байланысты басқа да операциялар туралы келісім-шарттар, соның ішінде халықаралық контрактілер жасасу;
- белгілібір тауар түрін импорты немесе экспортына сәйкес лицензиялар, белгілібір тауар санын немесе белгілібір (сандық немесе құндық квоталардың) сомасын әкетуге немесе әкелуге, яғни экономикалық саясат шараларын орындауға рұқсат алу;
- ТМД СЭҚ ТН сай тауардың атауына, сапасына, санына, жіктелуіне, құнына, оның құрамдық элементтеріне, жеткізу, сақтандыру, тасымалдау және т. с. с. шарттарға қарай бүкіл қажетті мәселелерді көрсететін тауармен бірге жүретін, көліктік және тағы басқа құжаттарды декларация;
- тиісті салықтар, кедендік баждар мен жиналымдарды төлеу немесе оның кепілдігін ұсыну;
- тауарлар мен құжаттарды келісілген жерге және уақытында жеткізу;
- кедендік бақылау мен кедендік декларацияді жүзеге асыру үшін кеден органдарына тауарларды мәлімдеу;
- жүкті уақытша сақтау қоймасына немесе кедендік бақылау аймағының басқа орындарына, сол кезеңдегі сақтау, тасымалдау, айналым және т. с. с. орындарға орналастыру;
- тауаларды еркін айналымға шығарғаннан кейін немесе басқа кедендік режимге орналастырғаннан кейін тауарларды билік ету және т. с. с.
Кедендік режим - бұл Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не оның шекарасынан тыс жерде тасымалдау, қолдану мақсатына байланысты жүктіың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден ісі аймағындағы мәртебесін айқындайтын Кеден кодексінде белгіленген нормалар жиынтығы.
Белгіленген тәртіпті орындаған кезде тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасынан кедергісіз өте алады.
Бірақ тәжірибе көрсеткендей, СЭҚ жүзеге асыру тәртібіне қатысты мемлекет белгілеген талаптарын адал орындауға СЭҚ қатысушыларының көбісі ұмтылғанымен, олардың бір бөлігі әдейі немесе білмегендікпен қателіктер жіберіп, нормалар мен ережелерді орындамайды. Бұл республикалық кірістерді жоғалтуға, кеден органдары мен басқа да республикалық ведомстволар жұмысының ұйымдаспаушылығына және т. б. әкеліп соғады.
Мемлекет сыртқы, ішкі, экономикалық, қаржы, салық, сыртқы сауда, кедендік, әскери саясатты, сондай-ақ мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа қауіпсіздік түрін қамтамасыз ету аймағындағы саясатты жүзеге асыруға ұмтылғандықтан, ол кедендік бақылау мен кедендік декларацияді жүзеге асыратын кеден органдарының көмегімен СЭҚ барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау ғана емес, оларға жүктелген міндеттерді адал орындауын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Кедендік декларация - жүкті Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тұлғалар жүзеге асыратын әрекеттер мен процедуралар жиынтығы1.
Кедендік декларация СЭҚ қатысушыларының барлық жүкті міндетті түрде мәлімдеу (кеден органдарына мәліметтерді ұсыну) туралы заңдылығының талаптарын орындауға негізделеді. Мәлімдеу ауызша, электрондық немесе жазбаша түрдегі кедендік мәлімдемесін, кедендік декларация мен кедендік бақылау үшін қажетті басқа да құжаттар мен мәліметтерді ұсыну болып табылады.
Жүкті әкелу, әкету және транзиті кезінде мәлімдеушілердің әр түрлі жағдайлармен қақтығысуына байланысты нысаны, мазмұны, уақыт аралығы және т. б. бойынша, соның ішінде мәлімдеуші таңдаған кедендік режим түріне байланысты мәлімдеу процесінің қатты өзгешілігі болуы мүмкін. Сәйкесінше кедендік декларация процесі де әрбір нақты жағдайда ерекше болады, бірақ та жалпы алғанда оның маңызы өзгермей қалады - тауар жөнінде мәліметтерді, оны кеден шекарасы арқылы өткізу туралы қабылданған шешімдерді, оны әрі қарай бақылау процедурасы немесе еркін айналымға шығаруды құжаттық бекіту.
Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік операциялардың және салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындау жүргізілетін кеден органдарында жүзеге асырылады.
Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзімін бұзуға әкеп соқпауға тиіс.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде есепке қою кезінде ресімделетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден органдарында есептік тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын кеден органы мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу куәлігін;
статистикалық басқарма беретін статистикалық карточканың көшірмесін;
заңды тұлғаның банк шоты ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы;
салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:
жеке тұлғаның жеке куәлігін;
салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бір жұмыс күні ішінде береді.
Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын берген кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.
Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшірмесін және осы бапта көзделген кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.
Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.
Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады.
Егер тауарлардың кейінгі легіне кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындау жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.
Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары, кедендік операциялардың және салықтардың төленгенін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс және жүктің кедендік декларациясы тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
Бұл орайда кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындау мақсаттары үшін осы құжаттармен бірге декларант куәландырған көшірме тапсырылуға тиіс.
Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына қатар табыс етілуімен жүргізілуге тиіс:
1) декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясын беруге өкілеттігін растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындау бойынша маманның біліктілік аттестаты;
2) кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындауге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты), кеден органдарымен алдын-ала операцияларды тағайындауге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;
4) тауарлардың кедендік құнын растайтын - шот-фактура (инвойс), шот-проформа, арнайы тізбе және тауарлардың кедендік құнын анықтау және мәлімдеу үшін көзделген өзге де құжаттар;
5) тауарлардың шығуын растайтын - тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;
6) кедендік режимнің талаптарына және кедендік операцияларды және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік операцияларды және салықтарды төлеуді немесе олардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын:
қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - кеден органының, банктің кассалық кіріс ордеріне берілетін түбіртек;
кедендік бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзімді ұзартуды (мәулеттік төлеуді) растайтын құжаттар;
7) тауарларды межелі жерге жеткізуді растайтын - тауарлар жеткізуді бақылау құжаты не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;
8) валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын - Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар;
9) мәлімделген кедендік режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растайтын - фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетілген сертификаттар оларға сертификаттар беру міндетті тауарлар үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;
10) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы.
Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі:
1) еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
өлшеу құралдары үлгісін бекіту туралы немесе өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес метрологиялық қадағалау қолданылатын тауарлар үшін жұмыстар атқару шарты;
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін - лицензия;
2) тауарлар экспортының кедендік режимі:
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін - лицензия;
3) тауарлар кері импортының кедендік режимі:
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкетуді растайтын жүктің кедендік декларациясы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің кедендік баждары төленгенін растайтын құжат;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
4) тауарлар транзитінің кедендік режимі:
осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік мөрлер мен пломбаларды қойып тауарларды тасымалдау үшін көлік құралын (контейнерді) жіберуді растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар транзитіне рұқсат;
5) кеден қоймасының кедендік режимі - тауарларды сақтауға кеден қоймасының иесімен жасалған шарт;
6) бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган таныған шетел сертификаты;
7) кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі - тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;
8) еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі - тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;
9) кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі:
тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы қорытындысы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz