Экономикалық жүйедегі өндірістің орны
Жоспар
Кіріспе 3
1 Экономикалық жүйедегі өндірістің орны.
1.1 Өндіріс және оның ерекше формалары. 5
1.2 Өндіруші күштер және өндірістік қатынастар 9
1.3 Өндірістік функция 12
2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары.
2.1 Өндіріс факторлары 13
2.2. Өндіріс факторындағы өнім сапасы 19
3 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау 23
Қорытынды 31
Әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс – адамдардың өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.
Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Бұндайда өндірістік күштер өндіріс тәсілінің материалдық-заттық мазмұнын, ал өндірістік қатынастар – олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік-экономикалық нысанын құрайды.
Бұндай өзара байланыс жұмыс күшіне ие адам бір жағынан, өндірістік күштер элементі, екінші жағынан – экономикалық қатынастар субъектісі болып табылатынына тәуелді.
Өндірістік күштер бұл адамның өз өндірісі мен тұтынуы үшін бейімдей алған күштері. Олардың ішкі құрылымы бар. Олардың іштерінде ең алдымен өндіріс құралдары мен жұмыс күші бөлінеді. Өндіріс процесінде адамдар арасындағы қатынастар, яғни өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіріс процесінде ресурстар пайдаланылады. Ресурстар – материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Ресурстар өндіріс факторлары, өнім жасау факторлары ретінде көрінеді. Әрбір өнімнің өндірілуіне қажетті өзінің факторлар жиынтығы бар.
Нарықтық экономикада табыстарды түсіндіру өндірістің барлық факторларын 4 топқа бөлуден тарайды. Әрбір фактордың табыс әкелуге қабілеті бар.
1) Жер. Өндірістің тап осы факторыәкелетін табысты рента деп атайды.
2) Адам еңбегінің ресурстары. Ол ресурстардың көлемі биологиялық және әлеуметтік процестермен анықталады. Өндірістің осы факторы әкелетін табыс – жалақы. Бұған дене еңбегі жұмыскерлерінің жалақысы секілді, ақыл-ой қызметкерлерінің жалақылары да кіреді.
3) Кәсіпкерлік қабілеттер жеке топтарға бөлінеді. Олар қалыпты немесе кәсіпкерлік пайда тудырады.
4) Капитал – ол күрделі игілік (ғимараттар, өндіріс құралдары).
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өндіріс жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық өндіріс мәселесіне айналып келеді.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы
Алматы: Экономика, 2003ж.
1) Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы
Алматы: Экономика, 2002ж.
3) Әмірбекұлы Е. автореферат
«Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру»
Алматы, 2004ж.
4) Мәуленова С.С, Бекмолдин С.Қ. Экономикалық теория
Алматы: Экономика 2003ж.
5) Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері
Алматы, 2002ж.
6) Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А.
Экономикалық теория Астана, 2002ж.
7) Шүменов З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жаңағұлов А.Ш.
Экономикалық теория Қарағанды, 2005ж.
8) Есқараев Ө.Қ.
Қазақстан республикасының нарығын мемлекеттік реттеу
Алматы: Экономика 2007ж

3
1 Экономикалық жүйедегі өндірістің орны.
1.1 Өндіріс және оның ерекше формалары. 5
1.2 Өндіруші күштер және өндірістік қатынастар 9
1.3 Өндірістік функция
12
2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары.
2.1 Өндіріс факторлары
13
2.2. Өндіріс факторындағы өнім сапасы 19
3 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау 23
Қорытынды
31
Әдебиеттер тізімі
33
Кіріспе
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар
өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық
игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге
тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс – адамдардың өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктер
мен қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.
Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндірістік күштер мен
өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Бұндайда
өндірістік күштер өндіріс тәсілінің материалдық-заттық мазмұнын, ал
өндірістік қатынастар – олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік-
экономикалық нысанын құрайды.
Бұндай өзара байланыс жұмыс күшіне ие адам бір жағынан, өндірістік
күштер элементі, екінші жағынан – экономикалық қатынастар субъектісі болып
табылатынына тәуелді.
Өндірістік күштер бұл адамның өз өндірісі мен тұтынуы үшін бейімдей
алған күштері. Олардың ішкі құрылымы бар. Олардың іштерінде ең алдымен
өндіріс құралдары мен жұмыс күші бөлінеді. Өндіріс процесінде адамдар
арасындағы қатынастар, яғни өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіріс
процесінде ресурстар пайдаланылады. Ресурстар – материалдық және рухани
игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі
өндіріс элементтерінің жиынтығы. Ресурстар өндіріс факторлары, өнім жасау
факторлары ретінде көрінеді. Әрбір өнімнің өндірілуіне қажетті өзінің
факторлар жиынтығы бар.
Нарықтық экономикада табыстарды түсіндіру өндірістің барлық
факторларын 4 топқа бөлуден тарайды. Әрбір фактордың табыс әкелуге қабілеті
бар.
1) Жер. Өндірістің тап осы факторыәкелетін табысты рента деп
атайды.
2) Адам еңбегінің ресурстары. Ол ресурстардың көлемі биологиялық
және әлеуметтік процестермен анықталады. Өндірістің осы факторы
әкелетін табыс – жалақы. Бұған дене еңбегі жұмыскерлерінің
жалақысы секілді, ақыл-ой қызметкерлерінің жалақылары да кіреді.
3) Кәсіпкерлік қабілеттер жеке топтарға бөлінеді. Олар қалыпты
немесе кәсіпкерлік пайда тудырады.
4) Капитал – ол күрделі игілік (ғимараттар, өндіріс құралдары).
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ
басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі
экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту
мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын
өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін
тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өндіріс жеке мәселе ғана емес. Ол
біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық өндіріс мәселесіне айналып келеді.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына
басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның
өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы
бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Экономикалық жүйедегі өндірістің орны.
Өндіріс және оның ерекше формалары.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер
жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің
дамуы ұзақ мерзімді қамтиді – жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі
техникалық жүйелер, өзгерістрге икемді кешендер, есептеу машиналар
өндірістеріне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау
тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің
өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады.
Бұл жалпы ұлттық масштабтағы дамуда басты экономикалық көрсеткіштердің
біреуіне айналады. Сонымен, қоғамның қандайында болмасын өндіріс түбінде
қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмететеді. Қажеттіктер – бұл жеке
адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін
қолдап орындау үшін керектер болып табылады. Қажеттіктер белсенді іс-
қимылдардың ішкиім пульсі. Тек осылар өндірістің дамуының бағытталуын
болжап отырады.
Бастапқыда, алғашқы қауымдық қоғамда, адамдардың тіршілік
әрекеттерінің барлығы материалдық өндірісті дамытуға жұмсалған, өйткені
материалдық игіліктердің өте төмен деңгейінде қамтамасыз ету мүмкін
болмаған. Адамзат қоғамының және өндірістің келесі сатыларында
интеллектуалдық қажеттіктер пайда болады, тұтыну көлемі өсіп оның құрылымы
күрделене түседі, адамдардың тұрмыс деңгейі жоғарылайды. Жетілген жоғары
дамыған индустриалдық өндіріс жағдайында, адамзат қалыптасқан,
қажеттіктерінің:материалдық, рухани және әлеуметтік, барлық түрлерінің
елеулі дәрежесін қанағаттандыруға мүмкіндік алады.
Адамдардың тұрмыс деңгейінің жақсаруы тамақ өнімдеріне, киімге және
аяқ киім мен тұрғын үйге матеиалдық қажеттіктердің, еңбек шарттарына және
басқа өмір үшін керек игіліктерге қажеттіктердің қанағаттандыруы арқылы
байқалады. Осымен қатар, өзін-өзі дамытуға бағытталған рухани
қажеттіктердің қанағаттандырылу деңгейі, адамның мәдени даму дәрежесінің
өсуін сипаттайды. Қоғамдық ұжымдық әрекеттенудегі әлеуметтік қажеттіктердің
өсуі қоғам процесін көрсетеді.
Қажеттіктердің ерекшілігіне олардың қайталанбайтығын жатқызу
керек:қандай ситуация болмасын, олар қарқындылықтың осы немесе басқа
дәрежесінде әдетте тек бір бағытта - өсу бағытында,өзгеріп отырады.
Жиынтығы жағынан қажеттіктерде шек болмайды.Бұл мына жағдайды
дәлелдейді:тауар мен қызметтерге материалдық қажеттіктерді,сан алуан
рухани қажеттіктерді толық қанағаттандыру мүмкін емес. Сонда да адмзат
қажеттіктерді барынша толық қанағаттандыруға тырысады, өйткені ол
қарамағындағы шектелген ресурстарды қолданып, өндірісті дамытуға тиісті.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамның табиғатпен қатынасы,байланысы
болып табылады.осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді.
Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі
элементтердің жиынтығы болып табылады,бұл материалдық және рухани игіліктер
мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін.
Табиғат ресурстары – бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық
шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын
қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су
ресурстары, пайдалы қазбалар.
Табиғи ресурстар сарқылмайтын және сарқылатын болып бөлінеді.
Сарқылмайтындар өз кезегімен жаңғыртылмалы және жаңғыртылмалы емеске
бөлінеді. Адамзатқа қарсы кездескен мәселелердің ең күрделісі, ең ауыры
және жауапкершілігінің ең жоғарғысы – ол табиғи ресурстардың көбінің барған
сайын сарқылуы мен жаңғыртылмастық мәселесінің ықтималдығы. Адамдар өзінің
іс - әрекеттері үшін табиғи ресурстарды көбіне қолданылады. Нәтижесінде
биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай
көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді.
Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары
жәнезаттары) нәтижесі болып табылатын, құрал-жабдықтардың барлығы жатады.
Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы
адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы,
квалификациясы, білім дәрежесі, еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.
Қаржы ресурстары өндіріс процесі үшін қоғамның бөлгент ақша құралдары
болып табылады. Бұлардың көзіне инвестициялық құралдар, бағалы қағаздар,
салықтар, ақша жинақтары, мемлекеттік қарыздар жатады.
Информациялық ресурстар – бұл автоматттанған өндірістің қызмет етуі
үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар.
Экономикалық теория ресурстардың шектелуі абсолюттік және салыстырмалы
деп бөлінеді. Абсолюттік шектелу деп қоғам мүшелерінің барлық қажеттерін
бір мезгілде қанағаттандыру үшін өндірістік ресурстардың жетімсіз болуы
түсініледі. Егер қажеттердің аясын қысқартып ықшамдағанға, қажеттіктердің
абсолюттік шектелуі салыстырмалыға айналады, өйткені қажеттіктердің
шектелген көлемі үшін ресурстар салыстырмалы шексіз мол болады.
Абсолюттік шектелу көбінесе табиғи және еңбек ресурстарына тән болады;
салыстырмалы шектелу – материалдық, қаржылық, информациялық рсурстарға тән.
Өндіріс процесі бір мезгілде тұтыну процесінің болуын талап етеді.
Өндіріс пен тұтыну байланыста болатынын есепке алып, өнім осы екі кезеңнің
динамикасымен өзара алмасуының нәтмжесі деп тұжырымдауға болады.
Егер экономиканы өндіріс пен тұтынудың біртұтастығының нәтижесі деп
қарасақ, онда өндіріс пен тұтыну табиғат пен оның қорларымен байланысы жоқ
өзіндік жабық процесс деген ұғым пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдай
басқаша. Адам өндіріс үшін тұрақты түрде табиғат заттарын алып тұрады және
қайтарып қалдықтар тастап отырады. Тұйық жабық экологиялық-экономикалық
цикл туындайды. Тұтыну сферасына жетуден бұрын заттар өндіріс сферасында
өңдеуден өтуге тиісті.
Егер табиғат заты өндірулен өтпей тұтынуға жарамды болса, онда ол
экономикаық игілік емес категориясына жатады.
Өндіруші күштер және өндірістік қатынастар

арасындағы қатынастар, яғни өндірістік қатынастар қалыптасады.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп
қажет етуге жұмылдырылған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың
болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат
күштері, адамның өндіргіш күштері болып табылады.
Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінің өндіріс
құралдарын және жұмысшы күшін атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық және қатынастар қалыптасады. Өндіргіш
күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар
өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады., өздеріне жаңа
технологияларды, жаңа материалдарды және тағы басқаларды қажет еттіреді.
Экономиканың қалыпты дамуы үшін өндіріс және тұтыну белгілі тәуелділікте
және бір-бірімен белгілі қатынаста болуы қажет. Технологиялардың ауысуы
өндіріс пен тұтынуды өзгертеді, бірақ өзімен-өзі бұлардың арасында дұрыс
қатынастар орната алмайды. Осыдан мынаны байқауға болады: өндіріс прцесінде
тағы бір сфера құрылу керек – экономикалық қатынастар сферасы. Бұл сфера
өзеріп тұратын тұтынудың арасында өзара тәуелділік орнатады. өндіріс және
тұтыну арасындағы экономикалық қатынастар, өз ретімен өздері нарықтың
конъфигурациясына, қоғамның мақсаттарынан қамтамасыз етулу дәрежесінен т.б.
тәуелді болатын реттеушілер және стимулдар болып табылады. Сонымен, өмір
үшін жүретін іс-әрекет процесінде адамдар арасында экономикалық, саяси,
құқықтық, технологиялық, ұйымдастыру, этникалық және әлеуметтік қатынастар
қалыптасады. Бұлар қоғамның жүйелік байланыстарын көрсетеді. Экономикалық
ғылым игіліктер және қызметтермен байланысты қатынастарды зерттеуге назарын
аударады. Бұларды ұйымдастыру – экономикалық қанынастар деп атайды.
Олардан басқа, қоғамның экономикалық даму барысында технологиялық
потенциялды қолдануда пайда болатын, техникалық-экономикалық қанынастарды
айыра білу керек. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін
алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларды
материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы
өндірістік технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың
негізінде қалыптасатын қатынастар қоғамның және экономиканың даму дәрежесін
индикаторы болып табылады.
Өндірістің қандайының болмасын, оның өзінің ерекше формалар ыболады.
Осы мәлеле туралы зерттеушілердің көз қарастары бірдей емес. Барлық мәселе,
өндірістің әлеуметтік формаларын айқындауда, жіктеудің қандай белгілері
негіз деп алынуымен байланысты. Егер жіктелу негізі деп өндіргіш күштердің
даму сатылары мен дәрежесін алсақ, онда осы критерий бойынша өндірістің
мынадай формалары болады:
• Индустриалдыққа дейінгі өндіріс, бұнда ауыл шаруашылығы және қол
еңбегі үстемдік етеді;
• Индустриалдық өндіріс, бұнда ірі механикаланған машина өндірісі
үстемдік етеді;
• Постиндустриалдық (индустриалдықтан кейінгі) өндіріс, бұнда қызметтер,
ғылым, білім, т.с. сфералар үстемдік етеді.
К.Маркстың формациялдық бағытына сәйкес, өндіріс алғашқы қоғамдық, құл
иемденушілік, феодалдық, капиталаистік, комунистік болып бөлінеді. Маркстік
концепция бойынша, капиталистік өндірістің мақсаты – жұмысшыларды қанау
арқылы қосымша құн алу. Постиндустриалдық қоғамның мақсаты – экономикалық
өсуді, жұмыспен қамтуды, бағаны тұрақтандыру, табыстарды әділетті бөлуді
және т.с. қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірістік функция
Өндіріс факторының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы
өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас
өндірістік функцияны сипаттайды. Өндірістік функция ресурстардың шығындары
мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық тәуелділікті көрсетеді.
Осыны изокванта сипаттайды - өндіріс факторларының бір көлемі өнім шығару
үшін бір –бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды.
Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік
функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі
технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса
комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары
көтере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа
өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны, тауарлардың
көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының
төменін анықтап білу үшін қолдануға болады.
Егер өндіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын
еңбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік
функцияны былайша жазып көрсетуге болады:
Q = F(L, K, N),
бұнда Q – берілген технологиялда және еңбектің L, капиталдың K,
жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі.
Өндіріс факторлары
Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады.
Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің
материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді.
Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті
әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өңдеу болып табылады. Өндірістің
осы қызметі оның әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады.
Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды
мәселе болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен
нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті,
өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар
өте көп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік
факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет.
Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.
Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек
құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы –
жұмыс күші және өндірістің заттық факторы – еңбек заттары және еңбек
құралдары болып бөлінеді.
Қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның
еңбекке деген физикалық және интелектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады.
Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы
жатады.
Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды.
Оның тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды.
Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді.
Ол өңдеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін,
формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді.
Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер,
еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне
жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға
болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кеңдер жатады. Осы категорияға
егістік жер, ормандар қосылады.
Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде
пайдаланатын мүліктердің жиынтығы – капитал жатады: машиналар, жабдықтар,
қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. олардың
техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне,
оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Еңбек – игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған
интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады.
Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне,
денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды.
Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы
өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) көбейеді. Осы күнгі адам
капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез
арада өзін-өзі ақтап отыр.
Кәсіпкерлік іс-әрекет – бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор
өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты,
жауапкершілікті, тәуелдікті кең пайдалануда талап етеді.
Кәсіпкерлік қабілет – адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер
мен қызметтерді жасуда қоладанылатын, өндірістің барлық факторларының бір –
бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам
ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынады: олар қауіп-қатерлікке, шығынға
ұшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне,
коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін өнімнің жаңа түрін, алдыңғы
қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу
болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан
квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.
Өндіріс факторларын топтастырудың айырмашылықтары:
1. Марксистік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық
категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Осылай,
өндіріс процесінің алғашқы негізінен бастап, қоғамның таптық құрамы
қалыптасады және таптардың әділеттік үшін куресінің болу
мүмкіндігі дәлелденеді. Ал маржиналистер факторларды өндірістің
жүруіне қажет тек жалпы техникалық-экономикалық элементтер деп
қарайды.
2. Маржиналистер капитал деп еңбек құралдары мен заттарын түсінеді, ал
табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер табиғат шартын,
еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп
біріктіреді. Егер іңгіме өндірістегі өзгеше табиғат жағдайлары
туралы болса, олардың ерекшелігі рента арқылы есепке алынуы керек.
Олардың тұжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның басқа саласы
айналысуы керек.
3. Маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса,
марксистер оны жоққа шығарады.
Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі –
қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзқарастың қолданылуы.
Өндіріс факторлары қоғамның даму прцесінде өзгері тұрады, сондықтан
оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайды. Постиндустриалдық қоғамда
өндіріс факторы деп информациялық және экологиялық факторлар аталады.
Осы екі фактордың пайда болуы, осы замандағы ғылымның
жетістіктерімен тығыз байланысты. Ал ғылымның өзі жекедара фактор болып
отыр, өйткені өндірістің тиімділігіне, жоғарғы квалификациялы жұмысшы күшін
дайындауға, адам капиталының потенциалдық мүмкіндігін жоғарылатуға, оның
әсері шешуші болып отыр.
Бүгінгі өндірісте өндірістің экологиялық факторының маңызы өсіп
келеді. Бұл фактор кейбір технологияның қоршаған ортаға зиянды
болғандығынан, соның қызметіне кедергі туғызады, басқаша жағдайда ол
экономикалық өсудің дем беруші рөлін атқарады.
Факторларды талдауға қортынды жасай келе мына жағдайды тағы айта
кетейік: өндіріс процесіне барлық фактрларды жұмылдырғанда ғана өндіріс
болуы мүмкін. Белгілі бір затты, қызметті өндіру үшін факторлардың белгілі
тобы қажет. Ал өндіріс факторларының бастылары жер, және капитал және
кәсіпкерлік. ?Олар әрекеттерін бір-бірімен байланысып және бірін-бірі
толықтыра отырып атқарады.
Кәсіпкер өндіріс шығындарын төмендету қажет екенін мойындай отырып,
өндіріс факторларының әрқилы кобинациясын пайдалануға мәжбүр болады.
Топтастыру қандай болса да, түбінде өндіріс факторлары өнім шығаруға
пайдаланылады. Айтайық, өте жабайы өндірісте бір фактор бір өнім жасауға
қолданылсын.
Q=F(A),
Q – өнім
A – өндіріс факторы
F – функция
Бұл жағдайда өнім бір фактордың функциясы болып табылады. Шындығында
өндіріс процесі күрделі болады, оның қортындысы (өнім) көп факторларды
қолданудың нәтижесі болып табылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz