Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама 4
1.1 Омыртқалы жануарлардың жіктелуі 11
2 Қауырсын қанаттылар 12
2.1 Қауырсын қанатты балықтардың систематикасы 12
2.2 Қауырсын қанаттылар өкілі . алабұға 14
2.3 Алабұғаның ет және нерв систематикасы 23
III Қорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Курстық жұмыстың өзектілігі: Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata, Cranіata) – хордалы жануарлардың тип тармағы. Қазба қалдықтары ордовик – төменгі силур кезеңдерінен белгілі. Омыртқалылардың 40 – 45 мыңдай түрі белгілі. Оларды 7 класқа жіктейді: дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Омыртқалылар жер бетінде кең тараған, оларды әлемдік мұхиттардың түбінен бастап, биік таулы аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден кездестіруге болады. Омыртқалылардың биосферада алатын орны зор, әдетте бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік) тізбекті аяқтайды. Омыртқалылардың адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі көпшілігі жатады. Омыртқалылардың арасында ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын түрлері де жетерлік.
Қауырсын қанаттылар өте қарапайым құрылысты, өткен мезазой дәуірінде кең тараған балықтар. Осы кезде әр түрлі отрядқа жататын екі түрі ғана тіршілік етеді.Өзіне тән ерекше-лігі ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде арте-рияльдық конусы болады.
Алабұға - алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Қазақстанның барлық су айдындарында тараған. Тұрқының ұзындығы - 40-50 см, салмағы - 2 кг-ға дейін. Сәуір - мамыр айларында судың жылуы 7-8'С-қа жетісімен өсімдіктердің үстіне уылдырық шашады. Балқаш пен Алакөлде жергілікті Балқаш алабұғасы өседі. Оның түсі ашықтау, арқасындағы қанаты аласалау, қабыршағы ірілеу болады. Жас шабақтарының жемі насекомдар личинкасы мен шаян тәрізділер, ересектері жас балықтарды жейді. Алабұғаың кәсіптік маңызы бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама беру, оларды кластарға жіктеу, қауырсын қанаттыларға талдау жасау, алабұға ет және нерв систематикасын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама беру;
Қауырсын қанаттыларға талдау жасау;
Алабұға ет және нерв систематикасын зерттеу;

1. Зоолгия-Омыртқалы жануарлар. С.М.Махмұтов. Алматы,1995 ж.
2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
3. Омыртқалылар зоологиясы К.Б. Олжабекова 1-кітап, - Алматы Эверо. -2014. – 3-13 б.
4. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық. К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов. -Алматы:Эверо,2011.-400б.
5. Олжабекова К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім: оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов - Алматы:Эверо,2011.-368с.
6. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
7. Қазақстан сүтқоректілері. Бекенов А.,Есжанов Б. Алматы, «Ғылым»,1995ж.
8. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
9. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
10. Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.
11. Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. Практикум по зоологии позвоночных. – М.: Высшая школа, 1976.
12. Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.
13. Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.
14. БанниковА.Г., Денисова М.Н. Очерки по биологии земноводных.– М.: Учпедгиз1956.
15. Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973
16. Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың
өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы тақырыбында орындалған.
Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама берілді. Оларды кластарға
жіктелді. Қауырсын қанаттыларға талдау жасалды. Алабұға ет және нерв
систематикасы зерттелді.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 4 суреттен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама 4
1.1 Омыртқалы жануарлардың жіктелуі 11
2 Қауырсын қанаттылар 12
2.1 Қауырсын қанатты балықтардың систематикасы 12
2.2 Қауырсын қанаттылар өкілі - алабұға 14
2.3 Алабұғаның ет және нерв систематикасы 23
III Қорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata,
Cranіata) – хордалы жануарлардың тип тармағы. Қазба қалдықтары ордовик –
төменгі силур кезеңдерінен белгілі. Омыртқалылардың 40 – 45 мыңдай түрі
белгілі. Оларды 7 класқа жіктейді: дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар,
сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және
сүтқоректілер. Омыртқалылар жер бетінде кең тараған, оларды әлемдік
мұхиттардың түбінен бастап, биік таулы аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден
кездестіруге болады. Омыртқалылардың биосферада алатын орны зор, әдетте
бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік) тізбекті аяқтайды. Омыртқалылардың
адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл
шаруашылығы жануарларының негізгі көпшілігі жатады. Омыртқалылардың
арасында ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын
түрлері де жетерлік.
Қауырсын қанаттылар өте қарапайым құрылысты, өткен мезазой дәуірінде кең
тараған балықтар. Осы кезде әр түрлі отрядқа жататын екі түрі ғана тіршілік
етеді.Өзіне тән ерекше-лігі ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы және
жүрегінде арте-рияльдық конусы болады.
Алабұға - алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Қазақстанның барлық
су айдындарында тараған. Тұрқының ұзындығы - 40-50 см, салмағы - 2 кг-ға
дейін. Сәуір - мамыр айларында судың жылуы 7-8'С-қа жетісімен өсімдіктердің
үстіне уылдырық шашады. Балқаш пен Алакөлде жергілікті Балқаш алабұғасы
өседі. Оның түсі ашықтау, арқасындағы қанаты аласалау, қабыршағы ірілеу
болады. Жас шабақтарының жемі насекомдар личинкасы мен шаян тәрізділер,
ересектері жас балықтарды жейді. Алабұғаың кәсіптік маңызы бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама беру,
оларды кластарға жіктеу, қауырсын қанаттыларға талдау жасау, алабұға ет
және нерв систематикасын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама беру;
– Қауырсын қанаттыларға талдау жасау;
– Алабұға ет және нерв систематикасын зерттеу;
1 Омыртқалылар зоологиясына жалпы сипаттама
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп
атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардын, үлкен маңызы бар.
Бұлар ең жоғары ұйымдасқан, күрделі құрылысты, алуан түрі орталықта
тіршілік ететін (40 мыңға жуық түрі бар) жануарлар. Хордалылар құрылықты,
суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер
шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана
олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінін,
түрліше екендігінде емес, сол сиякты олардын, тіршілік ету ортасымен өз ара
қарым-қатысының да күрделене түсуінің, нәтижесінен болады.
Омыртқалылардың халық шаруашылығыньщ түрлі салала-рын дамытуда үлкен
практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады.
Олардын. ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері, жүн беретіндері де, көлік
және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлері де бар.
Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малда-рының жаңа,
пайдалы тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып саналады. Сондай-ак,
жабайы омыртқалыларды жоспар-лы түрде аулай отырып, ет, май, бағалы терілер
сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз [1, 36 б].
Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және олардын, қолда
өсірілетін жақа түқымдарын шығару жұмысы-на біздің елімізде үлкен маңыз
береді. Мұның өзі мемлекеттің табыстың басты көзі болып есептеледі.
Хордалылардьщ пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың
көптеген түрлері ауыл шаруашылық зиянкестері. Оларға саршұнақтар,
тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т. б. жатады. Хордалылардың өзі ауру
қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба,
туляремия, энцефалит, бруцеллез т. б.) тасымалдаушы, таратушы болып
саналады.
Омыртқалылар — қаншама күрделі және көп түрлі болға-нымен толык, әрі жан-
жақты зерттелген жануарлар. Хордалы-лардың түрлері, сипаты мен мақсаты
түрліше ғылми зерттеу-лердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы
зерттеудің нәтижесінде систематиканың, салыстырмалы анатомияның,
гистологияның, экологияның, зоогеографияның, палеонтологияның,
филогенетиканың көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.
Омыртқалылар зоологиясыньщ осы замандағы биік шыңына көтерілуіне көптеген
совет оқымыстыларының (Н.М.Книпович, В.К.Солдатов, А.Н.Державин, Б.М.Житков
және т.б.) қажырлы еңбектері негіз болды.
Совет зоологиясының негізгі мақсаты — омыртқалылардың ұйымдастыру
заңдылықтары мен тіршілік әрекеттерін зерттеп қана қоймай, жануарлар
дүниесін халық шаруашылығында пайдаланудың жоспарлы, ғылми негізін жасау
болып табылады.
Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata, Cranіata) – хордалы жануарлардың
тип тармағы. Қазба қалдықтары ордовик – төменгі силур кезеңдерінен белгілі.
Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы
хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда
пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен.
Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен
балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған.
Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың
құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар –
ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал
мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста
сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық
Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен
сипатталады. Дене тірегі – хорда, эволюциялық даму процесінің барысында
ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда,
көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан).
Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене
түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары
сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі
(құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус,
артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен. Су
Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы – желбезек, ал
құрлықтағы Омыртқалыларда қос өкпе болады. Көру, есту, сезім және иіс сезу
органдары жақсы дамыған. Жүйке жүйесі ми, жұлын және шеткі жүйке
түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Зәр шығару органы – қос бүйрек.
Омыртқалылардың барлығы да даражыныстылар, жыныс безі екеу, бірақ
балықтарда гермафродитизм байқалады. Кейбіреулері жұмыртқа салып,
екіншілері ұрпақтарын тірідей туып көбейеді [2, 142 б].
Омыртқалылардың 40 – 45 мыңдай түрі белгілі. Оларды 7 класқа жіктейді:
дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер,
бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Омыртқалылар жер
бетінде кең тараған, оларды әлемдік мұхиттардың түбінен бастап, биік таулы
аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден кездестіруге болады. Омыртқалылардың
биосферада алатын орны зор, әдетте бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік)
тізбекті аяқтайды. Омыртқалылардың адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені
Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі
көпшілігі жатады. Омыртқалылардың арасында ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын түрлері де жетерлік.
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалылардың құрылысы
анағұрлым күрделі болады. Омыртқа-лылардың көпшілігі бір жерден екінші
жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет
етеді.
Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың
морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы,
олардың бас миы жақсы жетілген. Соншашалықты жетілген сезім органдарының
денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппаратының, сүйек скелетінің,
жүрегінің және бүйректерінің болуы, омыртқалылардың эволюциялық даму
сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, сезім мүшелері,
әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының
болуы сияқты ерекшеліктер бір-бі-рімен тығыз байланысты дамиды. Аталған
органдар дұрыс қызмет ету үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және
орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып, желбезек
аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде
омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық скелеттер және аяқ скелеттері
пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен
қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті
жоғарылай бастайды. Денесінде, зат алмасу күшейе түсуіне байланысты,
денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды
денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі [12, 87 б].
Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөңгелек ауыздылар
(сусlоstоtаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіbіа), бауырымен
жорғалаушылар (rерtilіа), құстар (ауез), сүт қоректілер (mаmmаlіа).
Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы кейде бассүйектілер деп те
аталады. Өйткені омыртқалыларда миды қорғайтын бассүйегі болады.
Омыртқалылардың денесінде бас, мойын, тұлға, құйрық және екі жұп аяқтары
болады.
Жақ сүйектерінің болу-болмауына байланысты омыртқалыларды жақсүйексіздер
және жақауыздылар деп бөледі. Жақсүйексіздерге көбінесе теңіздерде тіршілік
ететін миногалар мен миксиндер (сүлікауыз) жатады. Қазіргі кезде
жақсүйексіздердің дөңгелекауыздылар деп аталатын бір класының өкілдері ғана
кездеседі. Дөңгелекауыздылар класына жататын Каспий миногасы Қазақстанның
Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Кәдімгі көздің алдыңғы жағында көз бұршағы
жоқ көзі болғандықтан, минога үшемкөз деп те аталады. Омыртқалы жануарлар
түрлері (1-сурет).
1-сурет. Омыртқалы жануарлар.
Шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар және
сүтқоректілер – жақауыздылар тобына жататын жануарлар.
Омыртқалылар дене температурасына байланысты 2 топқа бөлінеді.
Олар салқынқанды және жылықанды жануарлар деп аталады. Салқынқандылардың
дене температурасы тұрақсыз, яғни қоршаған ортаның температурасына сәйкес
өзгереді. Дөңгелекауыздылар, шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер
және жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар.
Минога және оның аузы
Дене температурасы тұрақты омыртқалылар жылықанды жануарлар деп аталады.
Олардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз.
Құстар мен сүтқоректілер жылықанды жануарлар.
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге
бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Балықтың жаны – суда
деген халық даналығы соның айғағы [3, 54 б].
Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі
мекендейді Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология
(грекше ихтис – балық, логия – ілім, ғылым) деп аталады.
Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас
бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек,
құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар
құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен
қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе-теңдігін
сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына
көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан-жағына бұрылады. Арқа және аналь
жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық
жүзбеқанаттары бағыт береді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.
Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек
шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған.
Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары
жатады.
Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні
барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді.
Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен.
Сондықтан олар су түбінде мекендейді.
Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака – тік ішектің кеңейген бөлігі.
Қазіргі уақытта ғылымға омыртқалы жануарлардың 43 000 түрі белгілі. Олар
6 класқа жіктеледі: Дөңгелек ауыздылар класы; Балықтар класы; Қосмекенділер
класы; Бауырымен жорғалаушылар класы; Құстар класы; Сүтқоректілер класы.
Қандай да бір тірі жәндік болмасын, қай-қайсысы болса да өз тіршілігінде
даму сатыларынан өтіп жетіліп отырады. Омыртқасыз жануарлардың кластарға
жіктелуі олардың ерекшеліктеріне байланысты болса, сол ерекшеліктердің
қатарында олардың дамуы да елеулі орын алады.
Миногаларда даму түрленіп жүреді. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек
миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Құмқазғыштар
көпшілік уақытта топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар бірнеше жыл
өмір сүреді (2-5 жыл), сол жылдардың ішінде олар ересек миногаларға
айналады. Құмқазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда (эндостильдің
болуы), тіршілік ету тәсілдеріне қарағанда ланцетниктерге ұқсайды.
Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар да тура дамиды. [10, 120
б].
Шеміршекті балықтардың дамуы әр түрлі жолдармен өтеді. Көпшілігінде сары
уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктеріне
түсіп, қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек
күйге жеткенше жатып дамиды. Екінші бір түрлерінде сары уызға өте бай
болады да, сыртына қатты қабық түзілмей, уылдырық түтіктерінің арт жағында
дамиды. Дамудың мұндай әдісін жұмыртқадан тірі туу немесе тірі жұмыртқа
туушылық (яйце живорождение) деп айтады.
Кейбір түрлерінде нағыз тірі туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында
қоректік заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктерімен
жылжы отырып, оның кеңейген жеріне бекініп даму үшін қажетті заттардың
барлығын содан алады. Тірі туатын түрелірінің жұмыртқасының сыртында қатты
қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолдарында дамығанда, ұрықты
анасының денесімен тығыз байланыстыратын сары уыз плаценттері (желточный
мешок) болады.
Сүйекті балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездері болады. Жыныс
түтікшелерінің құрылысы әр түрлі топтарында түрліше. Уылдырықтары ұсақ,
оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық жыныс мүшесінде
емес, одан тыс су ішінде болады.
Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бір жерге салады, содан
кейін еркегі ішінде шәуеті (спермотозоид) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтіп
ұрықтану болады. Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттік) өте сирек
кездеседі. Бірақ ат теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болады. Балықтар
уылдырықты су ішіндегі өсімдіктерге шашады (сазан, табан, т.б.) –
фитофильдік, уылдырығын тасқа шашатындар (бекіре тұқымдасы, албырттар,
т.б.) – литофрильдік, суға қалқыған түрінде шашатындар (чехонь, т.б.) –
пелагофильді, т.б. балықтар деп аталады.
Уылдырықтар ұрықтанысымен бірте-бірте өзгере отырып дамиды да, одан кейін
личинка өсіп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су ішінде
болғандықтан гаметалар ұрықтар мен шабақтардың көбі табиғаттың қолайсыз
жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өліп қалады. Осыған
байланысты сүйекті балықтардың түрді сақтап қалу мақсатында өсімталдылығы
(плодовитость) өте жоғары. Мысалы, тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады,
шортан – 1 млн, (треске) нәлім және (угорь) жыланбалықтар – 10 млн уылдырық
шашады. [4, 63 б].
Бізде мекендейтін балықтардың уылдырықтары (егер суы жылы болса) көктем
мен жазда 8-9 күнде дамиды, ал күз бен қыста уылдырық шашса албырт
(лосось), лаха (калин), т.б. дамуы көктемге дейін созылады. Уылдырықтарды
завод жағдайында қолдан да ұрықтандыруға болады. Ол үшін аздаған су қосып
уылдырықты балықтыі тұқымымен араластыру қажет, содан кейін ұрықтанған м
белгілі бір қолайлы жағдайда шабаққа дейін дамиды. Шабақтар өөз бетімен
қоректене алатын халге жеькенде оларды арнайы су қоймаларына жібереді.
Қазіргі уақытта осындай әдіспен кәсіптік маңызы бар балықтардың санын
қалпына келтіруде кең қолданылуда.
Қосмекенділердің сумен байланыстылығы көбею кезінде өте айқын көрінеді.
Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы да суда өтеді.
Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де біріне-бірі
жабысады да, үлкен түйір пайда болады. Екі үш аптадан соң уылдырықтан
бақаның личинкасы – итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде
жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені оның әлі аузы
болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың
астындағы өсімдіктерді кеміреді.
Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртына көрінбейді.
Сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы
кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады.
Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың
денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу қызметін
құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің
дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бітеле бастайды, мұнымен бір
мезгілде өкпелері дамиды (ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан
айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші шеңбері түзіледі. Перде
жүрек құлақшасын екі жартыға бөледі, енді жүрек үш бөлімнен тұрады. Аяқтары
өсіп жетіледі. Итшабақ аяқтарының көмегімен бақаша жүзе бастайджы. Құйрығы
барған сайын кішірейе береді. Ақыр соңында, өте кішкентай бақалар жағаға
жорғалап шығады. Құйрығының қалдығы біраздан кейін ол да жоғалады.
Итшабақ кішкентай бақаға айналады. Ол кезінде шөптектес заттармен
қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді. Итшабақтың
дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға соызылады. Өмір сүру
ұзақтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайсыз
жағдайларынан уылдырықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты
жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетінін айту керек. Табиғатта
олар көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы,
құрбақа – 20 жыл, бақа – 10 жыл тіршілік етеді.
Баурымен жорғаушылар тура дамиды. Оларда личинка болмайды. Кейбір
түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа
шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек мұндай түрлер үшін
(жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқадан тірі туу тән сипат алады. Мысалы,
жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда, солтүстік суық жерлерде тіршілік
ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында кең тараған (медянка, тірі
туатын кесіртке, тибетская круглоголовка, теңіз жыландар, т.б.). Бауырымен
жорғалаушылардың арасында көпшілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де
(кроркодилдер, көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салуы мен
оның дамуы тек қана құрлықта өтеді [10, 41 б].
Құстар шағылысқаннан кейінгі ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана құстың
ішінде басталып, сыртқа шыққаннан кейін де дами береді. Барлық құстар
жұмыртқа басады, демек денесінің жылуымен оларды жылытады. Әдетте
жұмыртқаны ұрғашы басады, кейде екеуі де (еркегі және ұрғашысы) немесе
еркегі ғана басады. Эмбриондардың даму ұзақтығы әр құстың түрінде түрліше.
Мысалы, тауықта – 21 күн, құстың үлкені түйеқұста – 55-60 күн, ал ең
кішкентай құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрізді құстардың
жұмыртқаларының даму мерзімі – 9-14 күн, қарғалардікі – 17-20 күнде,
бүркіттігі – 44 күнде, кекіліктер – 21 күнде, қырғауыл – 21-25 күнде,
жабайы үйректер – 24-28 күнде балапан шығарады.
Құстар қағанақтыларға (амниота) жатады, сондықтан ұрықтың қабығы болады,
демек, амнион сироз және аллантоис. Ұрықта өкпе пайда болған кезде
аллантоис керек болмай кеуіп қалады. Дамып жетілгшен балапан ерекше
тұмсығындағы өскін жұмыртқа тіспен жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады.
Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі әр түрлі болады. Осыған
сәйкес үлпілдек жүнді, ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа
балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапандар жұмыртқадан
шыққанда көзі ашық, денесі мамықпен жабылған, өзі жүріп жемді тауып жей
береді. Құстардың бұл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін тауық
тәрізділер, дуадақтар, қаз тәрізділер жатады.
Әлсіз қызылшақа балапандар жұмыртқадан шыққанда жалаңаш, көзі жұмулы,
әлсіз болады. Сондықтан біраз уақыт ата-аналары ғана қоректенеді.
Балапандары әлсіз құстарға торғайтәрізділер, тоқылдақтар, сұрқарлығаштар,
көгершщіндер, көкқарғалар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштар да әлсіз
қызылшақа балапан шығарады. Бірақ ат бұларда біршама жетіліп, көзі ашық
болып туады. Олар ұяларын ағаш басына, жерден биік жерлерге салады.
Сүтқоректілерде ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында
ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың
дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ
уақыт ұрықт ы ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық
ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып
кетеді, ал кейбіреулері соқыр және жәрдемсіз болып туылады. Барлық
жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады.
Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау
сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар
мен қосмекенділермен салыстырғанда сан жағынан аз бала табады [16, 95 б].
Жан-жануарларды эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты жіктеу олардың тек
қана сыртқы морфологиялық, ішкі анатомиялық құрылысына, физиологиялық
құрылысына байланысты емес, сондай-ақ даму барысындағы ерекшеліктеріне де
байланысты. Төменгі сатыдағы мен жоғары сатыдағы жануарлардың дамуындағы
ерекшеліктеріне сонымен мыналарды жатқызуға болады:
• Эволюциялық сатыларға көтерілген сайын түрленбей тура даму қалыптаса
бастаған;
• Жоғары сатыдағы жануарлар төмен сатыдағыларға қарағанда саны жағынан
аз бала табады;
• Төменгі сатыдағы жануарлар дамудың алғашқы сатыларында қамқорлықты
қажет етпейді, өздігінен тіршілік етуге бейімделген;
• Төменгі сатыдағы жануарлардың дамуы барысында өліп қалу қауіпі жоғары.
1.1 Омыртқалы жануарлардың жіктелуі

2 Қауырсын қанаттылар
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 про-центінен астамы
осы класс тармағына жатады [7, 134 б].
Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр
түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы
сулардан — өзендерден, бұ-лақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге
болады. Қауырсын қанаттылардын, барлық түрлеріне тән дене құрылысында
мынандай белгілері бар. Дене скелеті .толығынан сүйектен тұрады, ал
шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте
базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан
балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын
қанаттылардың өкілі ретінде алабұға балығының, құрылысын қарастырамыз.
2.1 Қауырсын қанатты балықтардың систематикасы
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 процентінен астамы
осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер
мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген
түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұлақтардан, көлдерден,
бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардың, барлық түрлеріне
тән дене құрылысында мынандай белгілері бар.
Дене скелеті .толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана
сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары
бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан балықтың, бұл класс тармағын
қауырсын қанатты балықтар деп атайды.
Сәулеқанатты балықтар (Actinopterygii) класстармағына - көптеген теңіз,
тұщы су балықтары жатады. Тіршілігінің саналуандығына байланысты сыртқы
пішіні де әр түрлі. Бұлар орта девоннан бері белгілі. Тұщы су қоймаларында
пайда болуы мүмкін. Ашық суларда мекендеушілер болған және жақсы жүзушілер.
Девонда сәулеқанаттылар көпшілік жағдайда ганоидты балықтар болған, бұлар
пермь мен триаста гүлденген. Сонан соң олардың саны қысқарып, б.з бар-жоғы
50-ге жуық түрі жеткен. Орта триаста ганоидтылардың орнын сүйекті балықтар
(Teleostei) басты, қазір олардың 20-мыңнан астам түрі бар. Сәулеқанатты
балықтар кластармағының систематикасы әлі де болса анықталмаған.
Кластармағына 10-12 отрядүсті біріктірілетін 35-40 отряд жатады. Топтар
арасындағы туыстық қатынастар әлі де толық зерттелмеген.
Қауырсын қанатты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-от-ряд үсті —
сүйекті ганоидалар (Ноіоsіеі), 2-отряд үсті — көп ка-натты балықтар
(Роіурtегі), 3-отряд үсті — сүйекті балықтар (Теіеоstіеі) [11, 78 б].
1-отряд үсті. Сүйекті ганоидалар.

жүрегінде арте-рияльдық конусы болады. Қабыршақтары ганоидалы немесе
сүйекті (циклоидты) болып келеді. Скелеті шеміршек тектес сү-йектерден
пайда болған. Бірақ та жоғарғы шүйде сүйегі бол-майды. Жүзу торсылдағы
болады. Осы кездегі өкілдері Солтүстік Американың тұщы суларында тіршілік
ететін — кайманов, немесе сауытты шортан (Lеріdіоsіеиs) мен амия (Аmіа
саlvа) балығы. Бұлардың омыртқаларының арт жағы ойыс, алдыңғы жағы дөңес,
болып келеді. Мұндай омыртқаны опистоцельді омыртқа деп атайды.
Қабыршақтары ганоидалы болады. Денесінің ұзындығы 2,5—3 м, ал кейбір
түрлері 6 м-ге дейін жетеді.
2-отряд үсті. Көп қанаттылар.
Бұл сан жағынан аз болса да құрылысында өздеріне тән ерекше белгілері бар
тұщы су балықтары. Денесі ромб тәрізді Ірі, өз ара қозғалмалы болып
байланысқан қабыршақтармен хабылған. Арқа қанаты көптеген ұсақ қанаттардан
тұрады, со-ған байланысты бұларды көп қанатты балықтар деп атаған. Көкірек
қанаттарының түбінде етті алақаншасы болады. Жүзу торсылдағы ерекше
құрылысты болады. Оның оң жақ бөлімі үлкен, ал керісінше сол жақ бөлімі
кішірек болып келеді. Екі бөлімі де жалпы канал арқылы ішекпен жалғасып,
қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Әйткенмен, қос тыныстылар
мен саусақ қанаттылардан ерекшелігі — көп қанаттылардың ішкі танау тесігі
болмайды.
Көп қанатты балықтар тропиктік Африкада таралған. Олар өзендердің
түбінде, ылайлы (илистый) бөлімінде тіршілік етеді. Негізінен жануар текті
қоректермен қоректенеді. Дамуы — өзгеру арқылы орындалады. Личинкаларында
өте жақсы дамыған сыртқы желбезектері болады. Кәсіптік маңызы жоқ. Қазір
көп қанаттылардың он шақты түрі белгілі. Қазба қалдықтары түрінде әлі
анықталмаған.
3-отряд үсті. Сүйекті балықтар.
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, те-ңіздерде және тұщы
суларда кездеседі. Түрлі тіршілік жағдай-лары мен тіршілік ету тәсіліне
байланысты, бұл балықтардың. сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді.
Құрылысындағы жалпы ортақ белгілері: қабыршақтары (бола қалса) сүйекті
циклоидты, немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцер-калды. Қөкірек
қанаттарының скелетінде базалиялары болмай-ды, ол тек қана радиалия мен
тері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz