Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері


АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс « Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері» тақырыбында орындалған.
Алабұта тұқымдасына жалпы сипаттама берілді. Олардың тіршілік формалары, гүлдері, жемістері зерттелді. Алабұта тұқымдастарының шаруашылықтағы маңызына талдау жасалды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 11 суреттен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 27 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Алабұталар тұқымдасы (Chenopodіaceaе) - Қызылқұйрық тұқымдасының (лат. Amaranthaceae) тұқымдас тармағы, тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Алабұта тұқымдасы жер шарына тараған бір жылдық немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады. Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, 2-3, кейде 4-5 жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты. Жемісі - жаңғақша немесе тұқымша.
Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі.
Адамзат өмірінде алабұта тұқымдасына жататын өсімдіктердің алуан түрлі маңызы бар. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, cораң, т. б. ), сондай-ақ отын (ақ жəне қара сексеуіл) ретінде пайдаланады, қолдан да өсіреді. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдалынады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып алады. Көптеген түрінен медицинада дəрі-дəрмек дайындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Алабұта тұқымдасына жалпы сипаттама беру, олардың тіршілік формаларын, гүлдерін, жемістерін зерттеу, алабұта тұқымдастарының шаруашылықтағы маңызына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алабұта тұқымдасына жалпы сипаттама беру;
- Олардың тіршілік формаларын, гүлдерін, жемістерін зерттеу;
- Алабұта тұқымдастарының шаруашылықтағы маңызына талдау жасау;
1 Қосжарнақтылар класына сипаттама
Қос жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) - гүлді өсімдіктердің екі класының бірі.
Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 - 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органикалық затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі [1] .
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - қамбий болады.
Көкнәр тұқымдастар. Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде өсетін қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлар - біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Ғаламшарда 700-ге жуық түрлері бар. Қазақстанда көкнәр тұқымдастардың 44 түрі өседі. Жапырағы кезектесіп орналасады. Бөбешік жапырақшалары болмайды. Сүтті шырын бөліп шығаратын өзекті жүйелері жақсы дамыған. Көкнәрлардың гүлі қосжынысты. Тостағанша жапырақшасы - 2, гүлі ашылғанда дереу түсіп қалады, күлтесі - 4. Ол екі шеңбер бойына орналасқан. Аталығы көп; аналығы да көп жеміс жапырақшасынан құралған. Жемісі - қауашақ, тұқымдары - ұсақ, түсі қара болып келеді. Сирек кездесетіндіктен, жіңішке көкнәр (мак тоненький) Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Ол - шөптекті көпжылдық өсімдік. Биіктігі 30 сантиметрден аспайды. Гүлсидамы жіңішке және тік өседі. Жапырақтары сағақты, гүлсидамынан 2-3 есе қысқа. Қазақстанда Қарқаралы тауларында, әсіресе Кент және Қызылрайда бірлі-жарымнан кездеседі. Қорғауды қажет етеді.
Көкнәр ауланы сәндеу үшін үлескілерде әдейі өсіріледі. Жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп - бұлар да көкнәр тұқымдас өсімдіктер. Көкнәр тұқымдас үлкен сүйелшөп - улы өсімдік. Ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланылған. Сондықтан « сүйелшөп» аталған. Көкнәрлар тұқымдасының формуласы: жабайы көкнәр Т 2 К 2+2 А ∞ Ж ∞ .
1. 1 Алабұталар тұқымдасына жалпы сипаттама
Алабұталар тұқымдасы (Chenopodіaceaе) - Қызылқұйрық тұқымдасының (лат. Amaranthaceae) тұқымдас тармағы, тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Алабұта тұқымдасы жер шарына тараған бір жылдық немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады. Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, 2-3, кейде 4-5 жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты. Жемісі - жаңғақша немесе тұқымша [2] .
Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі.
Көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Түссіз ұсақ гүлдері гүлшоғырына топтасып масақша құрайды. Жемісі - жаңғақ. Тұқымы сақиналы болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т. б. ), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. А. т-ның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай бұйырғыны - сирек кездесетін өсімдіктер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. [1]
Алабұталар тұқымдасы (Chenopodіaceaе) - тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Түссіз ұсақ гүлдері гүлшоғырына топтасып масақша құрайды. Жемісі - жаңғақ. Тұқымы сақиналы болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т. б. ), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. А. т-ның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай бұйырғыны - сирек кездесетін өсімдіктер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1 500-ге жуық түрлері бар.
1. 2 Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Дүние жүзi бойынша алаботалар тұкымдасына 1600түр, 105- туыс жатады. Қазақстанда алаботалар тұқымдасының 225 түрi кездеседi. Олар негiзiнен субтропикалық, климаты құрғақ және топырағы тұзды келетiн шөлдi аймақтарда кең таралған. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерi Орта Азияда, Солтүстiк және Оңтүстiк Америкада, Австралияның орталық аудандарында көптеп кездеседi. Алаботалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң iшiнде қос жынысты және дара жынысты өкiлдерi бар. Олардың барлығының гүлдерi ұсақ, көрiксiз, дұрыс гүлдер. Мұндай гүлдердiң гүл серiгi қарапайым, тек 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Қос жынысты гүлдердiң 5 аталығы тостағанша жапырақшаларына қарама- қарсы орналасады. Аналықтары өзара бiрiккен 2 жемiс жапырақшасынан тұрады. Жоғары жатынды гүл. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жартылай бұталары, бұталары, аздап ағаштары да кездеседi [7] .
Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көпшілігі көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Бөбешіксіз жапырағы кезектесіп орналасады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасатын да түрлері бар. Кейбіреулерінің жапырақтары жойылып, қабыршаққа немесе тікенекке айналған. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды. Олардың түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдердің жеке-жеке де, масақ тәрізді, шашақтанып, сыпыртқыгүл тәрізді шоғырланып өсуі мүмкін. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостаған жапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Тостаған жапырақшасы нешеу болса, аталығы да сонша, тіпті жалғыз (ебелек) да болуы мүмкін. 2, кейде 3-4 немесе 5 жеміс жапырақшалардан түзілген жатыны бар. Аналық мойындарының аздап немесе мүлде тұтасуы да мүмкін. Жемісі қақырамайды. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.
2 Алабұта тұқымдастары
2. 1Алабұта туысына сипаттама
Алабұта (Chenopodіum) - алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы (1-сурет) . Ол көбіне өзен-көл жағаларында, сор, сортаң, жерлерде өседі. Қазақстанда 20 түрі бар. Алабұтаның биіктігі 5 - 300 см-дей. Гүлі қос жынысты, шашақты гүлшоғырына топталған. Алабұтаның ең жиі кездесетін түрлері кәдімгі Алабұта және иісті Алабұта . Кәдімгі Алабұтаның биіктігі 10 - 300 см-дей. Тік бұтақты сабағына ақтүкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қосжынысты, ақшыл сары түсті келеді. Маусым - тамызда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып, малға береді. Иісті Алабұта сары жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15 - 60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым - тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, демікпе ауруларын емдеуге және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады [10] .
1-сурет. Алабұта
Алабұта туысы (марь - Chenopodium) . Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі.
Оған бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер мен бұталар жатады. Жапырақтары сабаққа кезектесiп орналасады. Гүлдерi қосжынысты, топтасып жиналып масақ немесе сыпырғы тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүл серiгi қарапайым 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Аталығының да саны 5, аналығы 2. Жемiсi тұқымша. Сиректеу шырынды жемiстiлерi де болады. Алабота гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: * ? ? ГС·5 А5 Ж(2)
Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады. Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабұта ортаңғы (марь белая - Ch. album) (227-сурет) және дуал алабұтасы (марь стенная - Ch. murale) . Ақ алабұтаның гүлінің формуласы мынандай:
Ақ алабұта
Аса кең тараған өкiлiнiң бiрi ақ алабота (марь белая - Chenopodium album) (2-сурет) . Ол бiржылдық өсiмдiк. Жапырағы сопақтау - ромба тәрiздi, шетiнде ойыстау тiсшелерi болады. Сабағын және жапырақ тақтасының астыңғы бетiн ақ ұнтақ тұтып тұрады.
2-сурет. Ақ алабұта
Ақ алабота жаз бойы гүлдейдi және көп мөлшерде дән байлайды. Бiр өсiмдiк жылына шамамен 20 мыңға дейiн тұқым бередi. Олардың бiразы мәдени өсiмдiктерден өнiм жинағанға дейiн жерге шашылып үлгередi. Келесi жылы көктемде, әсiресе айдалған жерлерде ақ алабота қаптап өседi. Осылайша егiстiктi арамшөп басады. Ақ алабота топырақтан тамырлары арқылы азот, калий, фосфор секiлдi заттарды көп мөлшерде сiңiредi. Нәтижесiнде топырақ құнарсызданады. Мұның өзi мәдени өсiмдiктердiң түсiмдiлiгiнiң едәуiр төмендеуiне әкелiп соқтырады. Сонымен бiрге ақ алабота зиянкес насекомдардың мекендейтiн орны болып табылады [15] .
2. 2 Көкпек
Көкпек (Atrіplex) - алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдік (3-сурет) . Жер жүзіне белгілі 225 түрінің 25-і Қазақстанның барлық аймағына тараған. Биіктігі 10 - 150 см, жапырақтары кезектесе орналасқан, олардың табақшалары тегіс, кейде тілімделген. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық гүлдері 3 - 5 мүшелі гүлсерікті, 5 аталықты, аналық гүлдері негізінде гүлсеріксіз болады. Қазақстанда жиі кездесетін түрі - боз Көкпек, алабота (A. сana) . Ол жазық далалы аймақтарда, тау бөктерлерінде, борпылдақ, сортаң топырақты, сазды ойпаң жерлерде, өзен, көл аңғарларында өседі. Биіктігі 20 - 50 см бұташық. Сабағының түп жағы тармақты, сұрғылт қоңыр түсті. Жапырағы сопақша келген, едәуір қалың, кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры жапырақсыз. Шілде - қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы жирен түсті, жалпақ, дөңгелектеу. Тағамдық (бақ көкпегі) - мал азықтық, дәрілік, бояулық, тех. өсімдіктер. Шөл далалы аймақтарда Көкпекті адамдар отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.
3-сурет. Көкпек
Көкпек туысы (лебеда - Atriplex) . Туыстың өкiлдерi алаботаға көп ұқсайды. Олардан гүлдерiнiң дара жынысты болуымен ажыратылады. Көкпектер бiр үйлi, сиректеу екi үйлi өсiмдiктер. Аналық гүлiнiң гүлсерiгi болмайды, оны бiрiккен жабындық жапырақтары алмастырады. Көкпектер өзен жағасында, сүдiгерге жыртылған жерлерде, қара-қоқыстың айналасында қаптап өседi. Сонымен бiрге олар шөлдi және жартылай шөлдi аймақтардың сор және сортаң топырақтарында көптеп кездеседi. Туыстың кең тараған өкiлiнiң бiрi жылтыр көкпек (лебеда лоснящая - Atriplex nitans) . Ол егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Үш бұрышты жапырағы сабаққа кезектесiп орналасады. Жапырағының түп жағы сүңгi тәрiздi болып келедi. Жылтыр көкпектiң гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: Аналық гүлiнiң формуласы: * ? Гс· 0 А0 Ж(2) ; аталық гүлiнiң формуласы: * ? Гс(5) А5 Ж0
Жемiстерi жаңғақша, кеибiреулерiнде - тұқымша [8] .
Көкпек туысы (лебеда - Artiplex) . Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая - A. cana) - жартылай бұта, ол Орта Азияның жартылай шөлдерінде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая - A. hortensis) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся - A. nitens) (228-сурет) біржылдық арамшөптер болып табылады. Жылтыр көкпектік гүлінің формуласы мынандай:
2. 3 Сексеуiл
Сексеуiл - лат. Haloxylon діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк (4-сурет) . Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр [6] .
4-сурет. Сексеуіл
Ерекшеліктері- Ақ сексеуiл - бойы 1, 5-тен 2, 5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.
- Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.
Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы [13] .
Қазақстанда қолданылуы мен жойылуыАна бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Арғы жылдарды былай қойып, 2007 жылды тiлге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуiл кесушiлер ұсталған. Мұның өзi табиғатты қорғаушылардың қолға түсiргендерi ғана. Ал тұзаққа түспей жүргендерi қаншама. Қосқұдық орман мекемесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда Жамбыл облысының Шу қаласына жақын орын тепкен Ақкөл елдi-мекенi арқылы күн сайын 90 жүк автокөлiктерi заңсыз қырқылған сексеуiлдердi алып өтедi екен. Сексеуiл тұқымын қорғап қалу мәселесiне байланысты Республика Үкiметiнiң 2002 жылғы "Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуiлдi қорғау шаралары туралы" қаулысы қабылданғанға дейiн сексеуiл кесудiң белгiлi бiр мөлшерде лимитi болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейiн 1630 текше метр жердiң сексеуiлдерi кесiп алынды. Өкiнiштiсi сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейiн, сол жылдың өзiнде-ақ облыс көлемiнде сексеуiлдiң санитарлық кесу көлемi 8701 текше метрге өсiп кеттi. Негiзiнен санитарлық кесуге ауырған және отыз жылдан асып шiри бастағандары жатады. Соншалық көлемдегi сексеуiлдердiң ауырып, шiруi мүмкiн емес қой. Негiзiнен Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуiлдi алқаптарды аралап, кесу лимитiн нақты анықтауы қажет едi. Олардың түрлi себептермен (көлiктердiң аздығы, жанар-жағар майдың жетiспеушiлiгi) алқаптарға жиi-жиi барып, қадағалап тұрмауынан осындай келеңсiздiктерге жол берiлген. Қоршаған ортаны қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда, бүгiнде кейбiр алыс қашықтықтардағы елдi-мекендерде сексеуiл кесушiлердiң жасырын пункттерi бар көрiнедi. Олардың анықталғандарына салынған айыппұл заңсыз табыстарынан әлдеқайда төмен [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz