Астық тұқымдастарына сипаттама


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс «Астық тұқымдастарына сипаттама» тақырыбында орындалған.

Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама берілді. Олардың құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайы зерттелді. Астық тұқымдастар тармағына талдау жасалды.

Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 9 суреттен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 29 беттен тұрады.


МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
І Кіріспе: ІІ Негізгі бөлім
3: 4
І Кіріспе: 1 Астық немесе қоңырбастар тұқымдасына сипаттама
3: 4
І Кіріспе: 1. 1 Құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайы
3: 6
І Кіріспе: 2 Астық тұкымдас тармағы
3: 7
І Кіріспе: 2. 1 Күріш
3: 7
І Кіріспе: 2. 2 Құмай
3: 15
І Кіріспе: 2. 3 Бидай
3: 17
І Кіріспе: 2. 4 Арпа
3: 20
І Кіріспе: 2. 5 Сұлы
3: 22
І Кіріспе: 2. 6 Қоңырбас
3: 24
І Кіріспе: 2. 7 Бидайық
3: 25
І Кіріспе: 2. 8 Арпабас
3: 26
І Кіріспе: 3 Бидай морфологиясы
3: 27
І Кіріспе: III Қорытынды
3: 28
І Кіріспе: IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 29


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7, 5-10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде. космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор.

Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабастардың малазықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыстан қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сүрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жұмсалады. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.

Курстық жұмыстың мақсаты: Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама беру, олардың құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайын зерттеу, астық тұқымдастар тармағына талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама беру;
  • Олардың құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайын зерттеу;
  • Астық тұқымдастар тармағына талдау жасау;


1 Астық немесе қоңырбастар тұқымдасына сипаттама

Астық тұқымдасы, қоңырбастылар (лат. Poaceae) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (1-сурет) . Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар [1] .

http://itest.kz/upload/images/1350366584.7.jpeg.png

1-сурет. Астық тұқымдасы

Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т. б. ) . Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас) . Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек) . Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс. : бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т. б. ), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т. б. ), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т. б. ) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.

Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7, 5-10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде. космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің үзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз түптенген, сирек түптентен және тамырсабақты деп бөледі (251-сурет) . Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының түп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды [7] .

Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың, сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған болып келеді.

Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің және борыққамыстың) буынаралықтары да үлпалармен толтырылған болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының түп жағында орналасқан, және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жерінде пленка тәрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаньщ арасьша судьщ өтуіне мүмкіңцік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын - масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын - күрделі масақ, сыпырғы түзеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік әрбір масағының түп жағында екі масақтык қауызы бола­ды (чешуи) . Масақтарындағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасының көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы және бір аналығы болады. Соңғысының, яғни аналығының сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце) . Гүл түйіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Масақшасының және гүлінің құрылыстары сызбанүсқа және диаграмма түрінде 253-суретте берілген. Гүлінің формуласы: http://ok-t.ru/studopedia/baza11/2791577708489.files/image453.png .

Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір тұқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жатпайды, ол оған бүйір жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз молшерде тұқым деп атайды, ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды [10] .

Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы.

1. 1 Құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайы

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсім-діктер. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар да астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады) . Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармап, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ, және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Даражынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. 3 жемісжапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді екі телімді болып келеді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек.

Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж 2 А 3 Ж (3) (Гж - гүлжарғақ) . Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ.

Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабастардың малазықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыстан қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сүрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жұмсалады. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер [4] .

Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқымдастар бар. Оңтүстік Америкада өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 см болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте өсе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.

2 Астық тұкымдас тармағы

Масақшасының 2 масақтык қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына экономикалық жағынан маңызы аса зор тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын және нан пісіруге қажетті үн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады [1] .

2. 1 Күріш

Күріш (лат. Oryza) - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.

Oryza sativa - Köhler–s Medizinal-Pflanzen-232.jpg

2-сурет. Күріш

Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі.

Күріш қолдан б. з. б. 2000 - 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар.

Б. з. б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы - Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі [7] .

Бұл деректер Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе Күріш (satіva) - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі.

Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңдікке дейін кетеді) . Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар.

Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.

Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.

Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін күріштің биологиялық сипаттамасы

Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл - екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңд. дейін кетеді) . Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды.

Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.

Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғары жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.

Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар [2] .

Қазақстанда көбірек таралғаны - Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты - Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 - 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты - Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш - негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.

Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты (аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің әр түрлі болуы болып табылады.

Күріш қорегінің маңызды элементі фосфор болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер береді. Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды [14] .

Құрамында қоректік элемент - азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот - тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03, NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар - ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15-16% болады. Аммоний сульфатында (NH4) 2S04 21%-ке дейін коректік элемент - азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі- карбамид (мочевина) CO(NH2) 2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.

Фосфор - барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді

Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә. Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә. Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді. Калий. Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар - қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз - калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl, . Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады [12] .

Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кг/га минералды тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін авангард, 140-180 кг/га және кеш пісетін ақмаржан пен кенже сорттарына 180-200 кг/га минералды тыңайтқыштарды себеді. Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.

Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді. Осы пікірге В. П. Савчукта келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз мөлшерін - 60-90 кг/га ұсынады.

Парожняя З. Н. тіпті басқа пікірде, оның айтуынша тұзды топырақта азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді. Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.

Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қажет.

Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек.

Сонымен топырақтың құрамында 30 мг/ кг дейін жылжымалы фосфор болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кг/га болуы керек.

Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарғақ қанаттылар отряды - hymenoptera
Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы
Бүлдірген дақылын өсіру технологиясы
Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктің түрлері
Бұршақтұқымдас шөптерге сипаттама
Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері
Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы
Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасауға пайдаланатын көпжылдық өсімдіктеріне сипаттама
Көпжылдық өсімдіктер морфологиясы
Жарма технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz