Балдырларға жалпы сипаттама



І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Балдырларға жалпы сипаттама 4
1.1 Сары.жасыл балдырлар бөліміне сипаттама 7
1.2 Диатомды балдырлар бөліміне сипаттама 8
1.3 Қоңыр балдырлар бөліміне сипаттама 10
1.4 Қызыл балдырлар бөліміне сипаттама 12
1.5 Жасыл балдырдар бөліміне сипаттама 14
1.6 Протококты балдырлар класына сипаттама 17
1.7 Синфонды балдырлар класына сипаттама 18
1.8 Хара балдырлар бөліміне сипаттама 20
1.9 Көк . жасыл балдырлар бөліміне сипаттама 21
III Қорытынды 27
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Курстық жұмыстың өзектілігі: Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы формаларынан көпклеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциацияланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен (гигантский) өсімдіктерге дейін жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтардан (жгутиковых – Flagellatae), яғни суда өмір сүрген 1 – 2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофильдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кезедеседі. Ьұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын, жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балдырларға жалпы сипаттама беру және олардың өкілдерін зерттеу. Таралуына, экологиясына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Балдырларға сипаттама беру;
 Өкілдерін зерттеу;
 Таралуына, экологиясына талдау жасау;
1. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.
2. Абдрахманов, О. Төменгi сатыдағы өсiмдiктер систематикасының практикалық жұмыстары.-Алматы: Қазақ университетi. 2 бөлiм: Саңырауқұлақтар мен қыналардың лабораториялық жұмыстары.-2004.-126 бет
3. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы мектеп 1972.
4. О. Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы Төменгі сатыдағы өсімдіктер Алматы “Ғылым” ғылыми баспа Орталығы 2003ж.
5. Жатканбаев Ж. Биология, өсімдіктер систематикасы, экологиясы. т.1
6. Абдрахманов, О. А. Практические работы по систематике низших растений.-Караганда:Изд-во КарГУ. Ч.2:Лабораторный практикум по грибам и лишайникам.-2001.-146 с.
7. Назарбекова С.Т. Краткий курс лекции по систематике низших растений учебное пособие Алматы изд «Қазақ университеті» 1992г 129с.
8. Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Систематика бактерий:Учебное пособие.-Алматы:Қазақ университетi,2003.-150с.
9. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника : Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
10. Курс низших растений (под ред М.В.Горленко) М. Высшая школа 1981 с520.
11. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие Петрозаводск, 1992, изд. ПГУ с 111.
12. Лемеза Н.А. Шуканов А.С. Малый практикум по низшим рестениям учебное пособие Минск университетская 1994 с288.
13. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника:Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.
14. Агелеуов Е., Дөненбаева К.т.б. «Ботаника өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» Алматы., Санат 1998ж.
15. 2.Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. – Минск.: Новое издание, 2002.
16. Старостенкова М.М., Лысогор А.И. Практические работы по систематике растений. - М., 1981.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс Балдырларға жалпы сипаттама тақырыбында орындалған.
Балдырларға жалпы сипаттама берілді және олардың өкілдері зерттелді. Көбею жолдары жыныстық процестері, таралуы, экологиясының мазмұны талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 8 суреттен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 27 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Балдырларға жалпы сипаттама
4
1.1 Сары-жасыл балдырлар бөліміне сипаттама
7
1.2 Диатомды балдырлар бөліміне сипаттама
8
1.3 Қоңыр балдырлар бөліміне сипаттама
10
1.4 Қызыл балдырлар бөліміне сипаттама
12
1.5 Жасыл балдырдар бөліміне сипаттама
14
1.6 Протококты балдырлар класына сипаттама
17
1.7 Синфонды балдырлар класына сипаттама
18
1.8 Хара балдырлар бөліміне сипаттама
20
1.9 Көк - жасыл балдырлар бөліміне сипаттама
21
III Қорытынды
27
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы формаларынан көпклеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциацияланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен (гигантский) өсімдіктерге дейін жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтардан (жгутиковых - Flagellatae), яғни суда өмір сүрген 1 - 2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофильдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кезедеседі. Ьұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын, жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балдырларға жалпы сипаттама беру және олардың өкілдерін зерттеу. Таралуына, экологиясына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Балдырларға сипаттама беру;
Өкілдерін зерттеу;
Таралуына, экологиясына талдау жасау;

2 Балдырларға жалпы сипаттама

Балдырлар (Algae) -- жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары теңіз капустасы деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) теңіз салаты деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады. [1]
Бұл тармақтың құрамында балдырлар деген жалпы атпен белгілі өсімдіктердің суда өсетін 9 бөлімі және қыналар бөлімі кіреді.
Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы формаларынан көпклеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциацияланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен (гигантский) өсімдіктерге дейін жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтардан (жгутиковых - Flagellatae), яғни суда өмір сүрген 1 - 2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофильдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кезедеседі. Ьұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын, жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.
Классификациясы:
1. Дробянкалар бөлімі - Schizophyta
2. Көк - жасыл балдырлар бөлімі - Cyanophyta
3. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі - Chrysophyta
4. Сары - жасыл немесе әр түрлі талшықты балдырлар бөлімі - Xanthophyta
5. Диатомды балдырлар бөлімі - Diatomophyta
6. Пирофитті балдырлар бөлімі - Pirrophyta
7. Эвгленалы бардырлар бөлімі - Euglenophyta
8. Қоңыр балдырлар бөлімі - Phaeophyta
9. Қызыл балдырлар бөлімі - Rhodophyta
10. Жасыл балдырлар бөлімі - Chlorophyta
11. Хара балдырлар бөлімі - Charophyta
Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары да аз болмайды.
Құрылысы. Талломы бірклеткалы , колониялы, клеткаланбаған және көпклеткалы болады. Сонымен бірге олар клеткаларының орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді болып келеді. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынан целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою - өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүкіл қуысын толтырады немесе онң қабырғасында жақын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Клеткада бір немесе бірнеше ядросы бар құрамында пигменттреі бар, хроматофорлары болады. Хроматофорларының формалары алуан түрлі - пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б.болып келеді (1-сурет). Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілері болып табылады. Кейбір балдырлардың хроматофорасында пиреноидтар деп алынатын ерекше беклоктік денешіктер болады, олардың айналасында артық қор жиналады. [1,2]
Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді. Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп жүреді, ал екіншілері судың түбінде бос жатады немесе субстратқа бекініп тұрады. Соңғылары бентостың балдырлар 100 - 200 метрге, ал жекеленген түрлері 500 метрге және оданда көбірек терңдікке дейін өседі.
Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзінде тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Мысалы, полярлық ендікте және таулардың биік белдеулерінде (альпалық, субальпалық) балдырлар қардың үстінде өседі және оларды қызыл, жасыл, қоңыр, сары түстерге бояйды (қар хламидомонадасы).

1-сурет. Балдырлардың өмірлік циклындағы диплоидты және гаплоидты фазалардың ара салмағы: А - улотрикс; Б - ульва; В - ламинария

Балдырлар топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарында, тіптен атмосфералық ауада (хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді. Балдырлардың жекелеген түрлері бактериялармен бірге өнім бермейтін, құнарсыз субтраттарға түсіп, оларды алғашқы мекендейтін пионерлер болып табылады. Олардың көпшілігі топырақ түзу процесіне актипті түрде қатынасады. Азотты ауадан бойына сіңіруге қабілетті балдырлар, топрыақты азотпен байытады. Жасыл балдырлардың кейбір түрлері комплексті организмдердің - қыналардың құрамына кіреді.
Балдырлар суды оттегімен байытып қана қоймайды, соынмен бірге балықтардың, суда жүзетін құстардың жемі болып табылады. Балдарлардан дайындалған ұнмен ауылшаруашылық жануарларын қоректендіреді. Балдырларды тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Қоңыр және қызыл балдырлардан кондиттер өнімдерін өндіруге және микробиологиялық өндірістерге қажетті агар алынады, ал олардың күлі бром және йод алуға қажетті шикізат болып табылады. [3]
Балдырлар (Algae) -- жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді.
Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары теңіз капустасы деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) теңіз салаты деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады. [3]

2.1 Сары-жасыл балдырлар бөліміне сипаттама

Бұл бөлімге 2,5 мыңдай түр жатады. Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т.б. болып келеді. Сары-жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу түзщы суларды мекендейді. Бұл жерлерде олар плактондардың, кейде бентостардың да маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге сары-жасыл балдырлар топыраұта да жіне тастың бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлоза аз болады. Ядросы көп жаңдайда біреу, ал клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хроматофорында хлорофиллден басқа, толломға сара-жасыл түс беретін каратиноидтар болады. Пиреноидтары болмайды. артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейкозиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады. Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі негізінен изогамиялы, сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтаоының ұзындыұтары әртүрлі екі талшығы болады: оның білеуі қысқа, түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын жіне қауырсынды олып келеді.
Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6кластан тұрады: ксантомонадалылар класы(Xaanthomonodophyceae), ксантоподалылар класы (Xanthopodophceae), ксантокапсалылар класы (Xanthocapsophyceae), ксантококкалылар класы (Xanthococcophyceae), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceae), ксантостфонлыдар класы (Xanthosiphonophyceae). Осы .кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы. Сондықтан осы класқа қысқаша тоқталамыз.
Бұл класқа сифанды құрылысы, басқаша айтқанда талломы клеткаланбаған сары-жасыл балдырлар жатады. Кластың негізгі туысының бірі - вошерия (Vaucheria) (2-сурет).

2-сурет. Вошерия

Вошерия туысын соңғы уақыттарға дейін жасыл балдырлар бөліміне жатқызып керген. Алайда пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының қнеімдеріне қарай систематиктер бұл туысы сара- жасыл балдырларға жатқызуға мәжбүр болды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларынң жағалауларында қара - көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы, диск тәрізді көптеген ұсақ хроматофорлары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген, екеу-екеуден жұптасқан, талшықтары бар бәр ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогомиялы. Антередиийі мен оогонийі бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң, зигота редукциялық жолмен бөлңгедң де, өсіп жығы особьқа айналады. [11]

2.2 Диатомды балдырлар бөліміне сипаттама

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бәр клеткалы, кейде колония түзетін оргнизмдер (3-сурет). Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі.

3 - сурет. Диатомды балдырлар: А - плеуросигма; Б - цимбелла; В- навикула; Г -синедра; Д- табелляция; Е - меридион; Ж- циклотелла; З- диатома: 1- тігіс; 2- түйін.

Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабақшасына, сырт жағынан кремнезем ( ) сіңеді де, қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан жіне астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайрылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді . Эпиканың белдеуі гипотиканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері-поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы аоуан түрлі болып келеді жәнк оныұ систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. [4]
Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы(Pennatophyceae), центрикалық диатомдылар класы (Centrophyceae). Бірінші класқа 4 катар, ал екінші класқа 5 қатар жатады.
Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пиннаттылап класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтидесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртынлдағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.
2.3 Қоңыр балдырлар бөліміне сипаттама

Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып таылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара- қаңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті) араласып келуінің нәтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады.
Олардан эволюцияның жамыун микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен (гигантский), кейде тіптен 60-100м жететіндеріне дейін (Macrocystis) кездестіруге болады. Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалаодың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді жіне көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық) және өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация таллмның әртүрлі қызмет атөаратын участоктерге - ризоидтарға, өстік бөлікке ("сабаққа") және филлоидтарға ("жапырақтарға") бөлінуіне байланысты болса керек (4- сурет).
Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп дағдайда диск тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид), маннит (сахароспитр) және шыны май тамшылары түрігде жиналады. Пектинді - целлюлохды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристамасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады.

4 - сурет. Қоңыр балдырлар.

Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді - Fucales қатары) көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралар бір клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады ( диктиоталарда - Dictiotales қатары). [11,12]
Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100м дейін барады (макроцистик туысы). Сондықтан оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тастайды, үлкен параходтардың (судно) жүрісін тежейді және суға қонатын самолеттердің қонуына едәуір кедергі жасайды.
Классификациясы. қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар класы (Isogeneratae), гетерогенераттылар класы (Heterogeneratae) және цикласпораларкласы (Cyclosporeae). Алайда біздер тек гетерогенераттылар класының кейбір кең таралған өкілдеріне тоқталумен шектелуді жөн көрдік.
Сонымен Ресейдің Қиыр Шығысындағы теңіздерде және сотлтүстік мұзды мұхиттың теңіздерінде аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария (Laminaria) өседі. Оның талломасы су астында жатқан тасқа немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза" - тамыр және "идос" - кескін деген сөздерңнен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100см-ден аспайтын цилинд формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы ьолып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ тәрізді пластинканың арасында интеркалиарлық өсу зонасы орналасады (басқаша айтқанда меристеманың участогі). Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыстап щшығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді (солтүстікендікте - қаңтар - ақпан айларында). Көетемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.
Ламинария жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею органы болып зооспорангиялар саналады. Жапырақ тақтасы үзіліп түсер алдында, онда көптеген бір клеткалы зооспорангиялардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоралар жетіледі. Ал балдырдың әрбір особынан миллиардтаған зооспоралар пайда болады. Зооспоралар біраз жүзіп жүргеннен кейін қозғалысын тоқтатып, судың түбіне шөгедіде ұсақ аталық және аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді. Аталық өскінше тарамдалған жіпшелерден тұрады, одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде біпнеше клеткадан тұратын қысқаша жіпшелер. Олардан аналық жыныс органы оогонилер жетіледі. Әрбір оогониде бір- бірден жұмыртқа клеткасы болады. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы жалаңаш күйінде оогониден сыртқа шығып, оның үстіне бекініп тұрады. Осы жерде оны антеридийден босап шыққан аталық жыныс гаметасы (сперматозоид) келіп ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зтгота түзіледі. Зигота тыныштық кезеңіне ауыспай- ақ өсіп диплоидты өсімдік (спорофит) береді. Әдетте лиаминария күн сәулесі жаұсы түсетін, судың онша тенең болмайтын қабаттарында өседі. [3,4]
Қоңыр балдырлар орман түзетін ерекше үлкен түрлеріне макроцистис (Mfcrocycstis,60-100м), нереоцистис(Nereocystis, 25м), лессния(Lessonia, 4м) және тағы басқалар жатады. Мұнда аса ірі балдырлар оңтүстік және солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Оңтүстік Африканың батыс жағалауында, Алясканың, Алеут, Командор және Куриль аралдарының жағалауларында өседі.
Қоңыр балдырлар су астында ас көп мөлшерде фитомасс беретін шалғын түзеді. Оларды жем- шқптік, азық- түліктік. дәрілік және техникалық өсімдіктер ретінде маңызы жыл санап арта түсуде. Әсіресе тамаққа ламинария жиі пайдаланылады, оны теңіз капустасы деп атайды.

2.4 Қызыл балдырлар бөліміне сипаттама

Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде, кейде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да кқптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі. қызыл балдырлардың талломы ұзындығы 2м дейін жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құраламнан тұрады. Қоңыр балдырлар секілді бұларда да, ұлпаларға дифференциациялану байқалады.
Қызыл балдырлар багрянкалар (Rhodophyta)- теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі (5-сурет). Қызыл балдырлар теңіздерде су асты жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ, қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі балдырларға жабысып өседі.
Негізінен 20 -- 40 м, ал қолайлы жағдайларда 100 -- 200 м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы суларда кездеседі. 2 класқа (бангия, флоридия), 600-ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері бар. Қазақстанда Қызыл балдырлардың 22 түрі анықталған, оның 16-сы Каспий теңізінде кездеседі. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан ерекшелігі -- құрамында биллипротеиндер -- қызыл фикоэритрин мен көк фикоцианин пигменттері болады. Осы пигменттердің мөлшерлік ара-қатынасына байланысты оның түсі ашық қызылдан көкшіл жасыл және сары түске дейін өзгеріп отырады. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі анатом. және морфологиялық құрылыстары күрделі көп клеткалы ірі өсімдіктер. Тек аздаған түрлері ғана өте қарапайым бір клеткалы немесе шоғыр (колония) түзуші организмдер. Аналық көбею органы -- оогомияларының құрылысы, зиготаның даму процесі күрделі. Споралары мен гаметалары талшықсыз, яғни өздігінше қозғала алмайды. Талломдары көлемі, құрылысы, пішіні жағынан балдырдың түріне қарай әр түрлі [жіпше, таспа, цилиндр, қабыршақ, торсықша, маржан (коралл) тәрізді] тілімделген және тарамдалған. Вегетативтік (су түбіне жайылған негізгі өркендерге жаңадан сабақтар пайда болуы арқылы; бір клеткалы немесе шоғыр түзетін түрлер клеткаларының екіге бөлінуімен), жыныссыз (моно-, ди-, тетраспораларымен) және жынысты (оогамия) жолдармен көбейеді. Даму циклінде осы жолдар бір-бірімен байланысты, кезектесе ауысып отырады. Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының басым бөлігін құрап, су жануарларының негізгі қоректерінің бірі болып табылады. Көбею клеткалары -- тетраспораларының, карпоспораларының өте көп пайда болуы нәтижесінде жаға маңы суларында фитопланктонның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Көк – жасыл балдырлар туралы ақпарат
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Жиі пайдаланылатын әдістер
Көк жасыл балдырлардың мутуалистік типтері
Көк-жасыл, қоңыр және жасыл балдырлар
Топырақ профиліне орналасқан балдырлардың жалпы сипаттамасы
Хара балдырлар бөлімі
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Пәндер