Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы


АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс «Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы» тақырыбында орындалған.
Балдырларға жалпы сипаттама берілді және олардың классификациясы зерттелді. Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 1 суреттен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 29 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Балдырлар (Algae) - жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta) . Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балдырларға жалпы сипаттама беру, олардың классификациясы зерттеу, балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызын талдау.
Курстық нжұмыстың міндеттері:
- Балдырларға жалпы сипаттама беру;
- Олардың классификациясы зерттеу;
- Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызын талдау;
1 Балдырларға жалпы сипаттама
Өсімдіктер дүніесінің ең ерте пайда болған тобы. Балдырлар суда пайда болған. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Балдырлар бір клеткалы, колониальды және көп клеткалы жіптәрізді және пластинка төрізді өсімдіктер болып келеді. Балдырлардың ұзындығы микроскопиялықтан бастап ондаған метрге дейін созылады.
Қоректенуі. Бардырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және олар автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде тіссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жонуарларға жақын.
Құрылысы. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынап целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою-өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүткіл қуысын тайырады, немесе оның қабырғасына жықын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ядросы және құрамында пигменттері бар, хроматофоралары болады. Хромотофораларының формалары алуан түрлі- пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т. б. болып келеді. Кейбір балдырлардың хроматофорасында «пиреноид» деп аталынатын ерекше белоктік денешектер болады, олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын көмірсулар жиналады. Крахмалдан басқа артық қор заттары ретінде шынымайлары, липопротеид лейкозин, волютин ақуызы жиналады. [1]
1-сурет. Балдырлар
Балдырлар (Харовые водоросли) - жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында, Йеллоустон саябағының ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады және теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз жерлерде де өсе береді. Қзіргі кезде балдырлардың 20 000-нан асатам түрлері анықталып отыр.
Балдырлардың құрылысына тоқталатын болсақ, олардың құрылымы болмайды. Негізінен бір клеткалы және көп клеткалы түрлері болады. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардын тұрады. Клеткасы егізінен бір ядролы цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, хромотофора сияқты органоидтары және бос қуысы боладыды.
Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көп жасушалы жасыл балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті балдыр (Prochlorophyta), қызыл балдыр (Rhodophyta), жалтырауық балдыр (Chrysophyta), диатомды балдыр (Dіatomeae), криптофитті балдыр (Cryptophyta), динофитті балдыр (Dіnophyta), қоңыр балдыр (Phaeophyta), сары-жасыл балдыр (Xanthophyta), эвгленді балдыр (Euglenophyta), жасыл балдыр (Chlorophyta), хара балдыр (Charophyta) . Бұлардың 30 мыңға жуық түрлері белгілі. Қазақстанда 1 мыңнан астам түрлері кездеседі.
Кәзіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек балдыларды талшықтылардан, яғни суда өмір сүрген 1-2талшығы бар бір жасушалы ағзалардан шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофилдері бар ( автотрофты) және түссіз ( гетеретрофты) ағзалар кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдектерге, ал соңғылары жануарларға жақын . Сондықтан көптеген систематиктер талшылықтыларды өсімдіктермен жануарлардың арасын, жалғыстарып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады. [1, 2]
Көбеюі. Көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады. Вегетативтік көбею бір клеткаларда клетканың екіге бөлінуі, колониялылар - ұсақ колонияларға ыдырауы, көп клеткалылар - талломасының бөліктерімен, кейде вегетативтік көбеюге арналған органдары (хараларда - түйнектері) арқылы жүзеге асады.
Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары немесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегетативтік клетканың ішінде немесе ерекше органдарда: зооспорангиларда немесе спорангиларда, олардың ішіндегі заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зооспоралар түзілгеннен кейін, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып, жана особьқа айналады.
Жыныстық көбеюі изо-, гетерогамия және оогамиялық формаларда жүзеге асады. Изо-және гетерогаметалары қатардағы вегетативтік клеткалардан түзіледі. Жұмыртқа клеткасы оогогилерінде, сперматозоидтары энтеридилерінде жетіледі. Жұмыртқа клеткасы біреу, немесе бірнешеу болады, ал сперматозоидтары - көп. Балдырларда тіркесу арқылы көбеюі- коньюгация немесе зигогамия жиі кездеседі. Бүл жағдайда екі вегетатівтік клетканың ішіндегі протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кезгелгені зиготаның түзілуімен аяқталады. Зиготадан редукциялық бөліністің нәтижесінде төрт зооспора түзіледі. Олардын келешекке жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеніне көшпей ақ редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьқа аналады. Бұл жаңа особьтар, тағында жаңа жыныстық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жыныссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келуі, көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза- спорофит (2n) түзіледі, ал онда жыныссыз көбею органы - зооспорангий түзіледі. Гаметофит қос жыныстыда дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік циклінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы болмайды, ал екіншілерінде спора - және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады.
Жазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз. Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды. Суды жасыл түске енгізетін солар. Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар, толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер-бұл балдырлардың шоғыры болып табылады.
Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп. Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі. Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да бар. Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп, оның бетін түрлі түске бояйды. [3]
Түсі жөнінен жасыл көк, жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар болады. Жасыл көк балдырлар тек суда ғана өспейді. Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде олар топырақ бетінде кездеседі. Бұл жерлерде жаңбыр жауатын көктем мен күзде жасыл көк балдырлар барынша көбейеді, ал құрғақ кезде қабыршаққа айналып топырақ бетін жауып тұрады. Жел бұл қабыршақтарды жан-жаққа ұшырып әкетеді. Жаңбыр жауса болғаны- жасыл көк балдырлар қайта жанданады.
Жасыл балдырларда топырақ бетіне өсе алады, бірақ олар көбінесе суда тіршілік етеді. Олардың арасында бір клеткалы балдырлар да бар- олар су бетінде қалқып жүреді, ал ірі балдырлар су түбіне бекиді. Қоңыр балдырлардың бәрі ірі өсімдіктер. Олар теңіздер мен мұхиттарда су асты орманын-нағыз джунгли түзеді. Саргасс теңізінде саргасс балдырлары өседі. Теңізде соған орай Саргасс аталған. Бұл балдырлар теңіз жағасында су түбіне бекиді, ал ашық теңізде қалқып жүреді-ығады. Балдыр қалың болған кезде, тіпті олар кемелердің жүзуіне кедергі жасайды.
Қызыл балдырларда теңіздер мен мұхиттарда өседі, бірақ олар ыға алмайды, жартастарға, бақалшақтарға немесе басқа балдырларға бекиді. Су бетінде қалқып жүретін ұсақ балдырлар ескек аяқты шаяндар мен жәндіктерге қорек болады. Ал бұл теңіз жәндіктерінің бірін көптеген балықтар өз кезегінде сүйсіне қорек етеді. Міне, сондықтан да балдырлары бар жерде балық аулау тиімдірек болады.
Алайда балдырлар тек теңіз жануарларына азық болып қана қоймайды. Олар суды оттекпен байытады және оны шіріту бактерияларынан тазартады.
Адам көптеген балдырларды тамаққа пайдаланады. Олардың ішінде біздің солтүстік теңіздерімізде өсетін ламинария да бар.
Балдырлар -үй жануарлары үшін жақсы азық. Олар тіршілігін жойған соң су қоймаларының түбінде қалың тұнба қабат-сапропель түзеді. Бұл үй жануарларына азыққа жарайды, сонымен қатар өте жақсы тыңайтқыш болып табылады.
Балдырлар (Algae) - жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta) . Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары «теңіз капустасы» деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) «теңіз салаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады. [1]
Бұл тармақтың құрамында «балдырлар» деген жалпы атпен белгілі өсімдіктердің суда өсетін 9 бөлімі және қыналар бөлімі кіреді.
Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы формаларынан көпклеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциацияланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен (гигантский) өсімдіктерге дейін жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтардан (жгутиковых - Flagellatae), яғни суда өмір сүрген 1 - 2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофильдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кезедеседі. Ьұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын, жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.
1. 1 Балдырлар классификациясы
Қоңыр балдырлар (Phaeophyta) - бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар болып табылады. Ол 6 отрядқа бөлінеді: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрін тамаққа пайдалануға, отряд ішіндегі ламинарияны медициналық диетада қолдануға, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырларды тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт өндіруге болады. Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға біргетін 240 туысы, 1, 5 мыңға тарта түрлері белгілі. Бұның ішінде Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінде 2 түрлері анықталған болатын . Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері болып келеді. Олар барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6-15м жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлар көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар. Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қоңыр балдырлардың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақ тәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қоңыр балдырдың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекіп тұрады. Олар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қоңыр балдырлар-судағы негізгі органикалық зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажетті тұз) алынады, маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария) пайдаланылады.
Теңіздің тұзды суылда өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған - қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі. Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетелі. Ең ірілерінің талломы (денесі) тарамдалып тұрады. [7]
Қоңыр балдырдың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапта лған. Жасушасы - бір ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Сілемейлі қабықша теңіз толқынының күшіне төтеп беріп, су қайтқанда балдырларды құрғап кетуден сақтайды. Майда вакуольдердің құрамында илік заттары бар. Олардың дән тәрізді хроматофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасады. Хроматофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары (пигменттері) болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін фотосинтезге күннің ультракүлгін сәулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Жасушаның қор заты - полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмірсулар) .
Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т. б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Оның сыртқы құрылымы гүлді өсімдіктерге ұқсас. Ламинария су түбіндегі төсемікке тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) бекініп өседі. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жоғары қарай созылған бөлімі болады. Одан ұзындығы 3-4 метрдей жалпақ таспа тәрізді өсінділері жетіледі. Солтүстік ендіктердегі түрлерінің жалпақ таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады.
Жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетінде дақтар пайда болады. Сол жерде тізілт эллипс, цилиндр тәрізді біржасушалы зооспорангийлер (зооспора түзілетін қалта) түзіледі. Зооспорангийдің әрқайсысынан екі талшықты зооспоралар дамиды. Қозғалып жүріп төсемікке бекінеді де талшығын жойып, бірнеше жасушаға бөлінеді. Жынысты ұрпағы өскіншеге айналады. Оларда жыныстық мүшелерінде түзілген жыныстық жасушалары (гаметалар) қосылып, зигота түзеді. Ол бөліне бастайды да қайтадан ірі ламинарияға айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz