Азиядағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық төңірегіндегі мәселелер


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Азиядағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық төңірегіндегі мәселелер

Америка (НАФТА, УНАСУР), Африка (Африкалық Одақ) және Еуропадағы (Еуроодақ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі) құрылымдық ұйымдардың пайдалы тәжірибесі, Азияны өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың біртұтас органдарын құруға біртіндеп ынталандырады. Алайда, осындай бірігуге қатысты сын айтушылар Азия елдерінің географиялық, тарихи, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени әртектілігінің дәрежесі Еуропа, Америка немесе Африка елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екендігі туралы жиі айтады. Сондықтан да осындай экономикалық және саяси негіздің әртектілігі құрлықтық ұжымдық қауіпсіздік құрылымдарды құруға бөгет жасайды. Сонымен бірге, адамдық, мәдени, экономикалық және де, өкінішке орай, қақтығыстық, табиғи апаттық, дәстүрлі емес қауіптердің зор әлеуеті бар Азия құрлығы дәйекті түрде әлемдік саясат назарының орталығына айналуда. Сол себептен Азияның саясаткерлері мен халықтары бүгінгі күннің сын-қатерлеріне, жаһанданудың артықшылығы мен оның теріс әсерін азайтуда барабар елеуге және қарсы тұру мақсатында әлемнің осы ең үлкен бөлігіндегі барлық елдердің бірлесіп күш салуын талап ететінін сезініп отыр.

1992 жылы 5 қазанда БҰҰ-ның 42-ші Бас Ассамблеясында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру туралы ұсынысы осы бағыттағы елеулі қадамдардың бірі ретіндегі алғашқы ірі бастама болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының мінбесінен 1992 жылы бірінші рет тәуелсіз жас Қазақстанның басшысы ретінде сөз сөйлей отырып, Президент Н. Назарбаев Азиядағы қауіпсіздік жүйесінің болашағы туралы өз көз-қарасын жеткізді. «Бүгінгі күні әлем, болашақтың анық және күңгірт сын-қатерлері біздің бірлескен жігеріміздің үйлестіру мен ұйымдастырудың жаңа сапалы түріне көшуіне мұқтаж етіп отырған шегіне жетті» - деп айтты ол өзінің баяндамасында. Сол кездегі қиын жағдайда осы құрылықтың мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін тетіктердің бірі ретінде АӨСШК-ні шақыру туралы бастаманы ұсыну саяси көрегендікті және табандылықты талап етті.
«Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен және шапшаң өзгеріп отырған геосаяси және геоэкономикалық үрдістерінің барысында АӨСШК-ін шақыру туралы пікір құрылықта саяси климаттың қалыптасуында елеулі роль ойнайтын бірнеше елдердің тарапынан қолдау тапты. Қазақстан және АӨСШК үрдісін қолдаған мемлекеттер, қиын құрылықта мұндай құрылымды құру жағдайының ерекше ауыртпалығын нақты түсінген болатын. Сонымен қатар, ұзаққа созылған тарихи қақтығыстарға және қалыптасқан сенімсіздікке байланысты Азияның кейбір аймағындағы шиеліністер дәрежесін атамай өтуге болмайды. Дегенмен, сол уақытта қауіпсіз және тұрақты ортада сұхбат пен ынтымақтастық Азия өңіріндегі жаһанданудың артықшылығын пайдалану мен жаңа сындар мен қауіп-қатерлерге қарсы күресудің жалғыз жолы екендігі туралы түсіністік пайда болды.

Жоғарыда аталған өзіндік салдарға байланысты өңірлік ұйымдардың, мысалы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ, Еуроұйым), қағидаларымен жүру жөнінде мәселе тіпті қарастырылмады. Қатысушы елдерге қағидалары мен іс-әрекеттер механизімдері тиімді болатын жаңа құрылым құру керек болды. ҚР Президентінің тарихи бастамасының негізі берік, ал ең бастысы, азиялық құрылықта тиімді болып табылатын алдын алу дипломатиясы тетігін құруда болды. Сонымен қатар, бастама азиялық мемлекеттердің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар үдерісін жандандыруды, ал болашақта, президенттің сиымды айтуы бойынша «еуразиялық құрылықта бірегей қауіпсіздік белбеуін» құруды көздеді. 1999 ж. 14 қыркүйекте Алматы қаласында өткен АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі осы салада істелінген жұмыстарды мойындау мысалы болып, оның нәтижесі бойынша АӨСШК-ға мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы қабылданды. Бұл бірінші ресми құжат Кеңес үдерісін келешекте дамытудың негізін қалады. Декларацияға « . . . жалпы танылған халықаралық қауіпсіздіктің қағидалары кірді: АӨСШК мүше елдерінің тәуелсіздігін және барлық құқықтарын қадірлеу; аумақтық тұтастығын сақтау, және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау; дауларды бейбіт жолмен шешу, күш қолданудан бас тарту, қарусыздану мен қарулы қүштерді бақылау; сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салада ынтымақтастықты іске асыру, БҰҰ және халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес адамның негізгі құқықтарын қадірлеу». 2002 ж. 4-ші шілдеде Алматы қаласында өткен АӨСШК-ге мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының бірінші саммиті - Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты тереңдету мақсатындағы көпжақты форумның - Азиядағы өзара сенім мен ынтымақтастық кеңесінің ресми түрде туындауын белгіледі. Аталған шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстанның елбасылары, Әзірбайжан мен Үндістанның Премьер-министрлері, Иран, Египет, Палестина және Израилдің құзыретті ресми тұлғалары, бақылаушы елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

1-ші Саммиттегі азиялық елдер басшыларының сұхбат барысында сенім, құрмет пен ынтымақтастық негізінде Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңа ұстанымдар жөнінде әңгімелесті. Бұл қағидаттар форумның қорытынды құжаттарында - Алматы актісі мен Лаңкестікті жою мен өркениеттер арасындағы сұхбатқа ықпалдасу декларациясында орын тапты. Самиттен кейін АӨСШК-ің нақты іс-әрекеттерінің негізі болып табылатын - «АӨСШК Сенім шаралар тізімдемесі» бойынша жұмыс басталды. 2004 жылы өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында қабылданған бұл құжат Кеңеске мүше елдердің айқын еңбегі ретінде санауға болады, өйткені ол өз еркімен қандай да бір елге өзіне тиімді экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемде нақты сенім шараларын таңдауға мүмкіндік береді.

Азиялық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың пікірінше, 2004 ж. 22 қазанда АӨСШК Сенім шаралар каталогының қабылдану маңыздылығын бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Азиялық құрылықтың тарихында бірінші рет тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша кең спектрде көпжақты ынтымақтастықты қамтитын осындай ауқымды құжат пайда болды. Әдетте сенім шаралары ретінде, мемлекеттердің арасында орын алып отырған қауіп пен сенімсіздікті, соның ішінде соғыс қауіпін азайту бойынша мемлекеттің іске асырып отырған шаралары танылады. Сенім шаралар тұжырымдамасы «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінде кездейсоқ жағдайда немесе апат салдарынан болып қалуы мүмкін ядролық соғыстың алдын алу мақсатында іске асырылған талаптар барысында пайда болды. Негізінде сенім шаралары мемлекеттер арасында шиеліністі азайту мақсатында әскери-саяси саладағы ынтымақтастық ретінде қарастырылған.

АӨСШК сенім шаралары, алайда, дәстүрлі тұжырымдамалардың шегіне сыймайды. АӨСШК-ге мүше елдердің басшылары 21-ші ғасырдағы өзара байланысты және өзара тәуелді әлемде әлеуметтік-экономикалық өлшемдегі сенім шаралары да әскери-саяси саласындағыдай маңызды екенін мойындады. Сондықтан АӨСШК Сенім шаралар каталогы сенім шараларын іске асырудың бес өлшемін белгілейді: (І) әскери-саяси, (ІІ) жаңа қауіп қатерге және сын-қатерлерге қарсы тұру, (ІІІ) экономикалық, (ІҮ) экологиялық, және (Ү) гуманитарлық. Азияда сауда, экономика, қоршаған ортаны қорғау, апатты жағдайлардың салдарын жою, көлік, энергетика, мәдени алмасу, өркениеттер арасындағы диалог және жаңа қауіптер мен қыр көрсетулерге қарсы тұру сияқты салаларда өзара ынтымақтасу үшін зор әлеует бар. Осындай кең форматтағы сенім шараларының жиынтығы осы күнге дейін тек ЕҚЫҰ құжаттарында, соның ішінде 1990 жылғы Вена құжатында бекітілген. Азиялық өңірде сенім шараларын дамыту әрекеттері Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен АСЕАН өңірлік форумы (АӨФ) шеңберінде жасалуда.

«Шанхай бестігі» форматында 1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған «Шекара аймағындағы әскери салада сенім шараларын нығайту туралы келісім» ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты қалыптастырған келісімдердің бірі болып табылады. Қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандырылған АӨФ 1994 жылы құрылған. АӨФ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін Азиятынықмұхиты өңірінде талқылайтын бірегей құрылым болып табылады. Форум Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Шығыс Азия елдері, сондай-ақ АҚШ, Канада, Еуроодақ, Ресей, Аустралия мен Жаңа Зеландия секілді АСЕАН серіктестіктерін біріктіреді. 2007 ж. бастап АӨФ-ға жаңа мүшелерді қабылдауға үзіліс жарияланды. 1998 жылы Қазақстан АӨФ-ның құрамына кіруге өз өтінішін білдірді және оны алуға үміткерлердің ішіндегі алдыңғы сапта тұр. Біздің мемлекетімізден басқа АӨФ-ның құрамына кіруге Ауғанстан және Қырғызстан да үмітті.

ҚР АӨСШК-нің бастамашысы, НАТО бағдарламасының мүшесі, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және тағы басқа халықаралық ұйымдардың қатысушысы ретінде өзін өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің белсенді жақтасы ретінде көрсете білген біздің мемлекетіміздің өтінішін оңтайлы қарастыру аса объективті шешім болып табылар еді. ҚР-ың АӨФ-ке қатысуының «географиялық» факторы жағынан дәлелдеме ретінде біздің мемлекетіміздің Ресей мен Қытай аралығындағы өңірлік стратегиялық жерде орналасуы Форумның толық мүшесі болуына жетелейді. АСЕАН-ның Бас Хатшысы Онг Кенг Йонг Қазақстанның АӨФ-ке кіруі АӨФ - Азия кеңесі - Еуроұйым еуразиялық «қауіпсіздік белбеуін» құруға жағдай тудыратынын мәлімдеді.

АӨФ-ың сенім шаралары оның 1995 жылғы Тұжырымдамалық құжатында көрініс тапқан және іс жүзінде әскери-саяси және экологиялық, сондай-ақ жаңа қарсыластар мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласында ду-факто орын алған әртүрлі 15 бағыттағы ынтымақтастықты қамтиды. Аталған құжат қауіпсіздік мәселелерін кезеңді әдістеме бойынша іске асырады: 1-ші кезең - сенім шараларын дамыту; 2-ші кезең - алдын алу дипломатиясы тетігін дамыту; 3-ші кезең - қақтығыстарды тоқтату тетігін дамыту. Осы күні АӨФ сенім шаралары кезең бойынша тек қана Азияның үш кіші өңірінде (Оңтүстік-Шығыс, Шығыс және Оңтүстік Азия) іске асырылуы жоспарлануда. АӨФ пен салыстырғанда АӨСШК үдерісі азиялық құрылықтық (көрсетілген кіші өңірлер + Орталық және Батыс Азия) барлық ауқымдарын түгел қамтып іс-қимыл жасауға бейімделген. Алайда, АӨСШК мен ЕҚЫҰ құзырына қарағанда АӨФ-ың қауіпсіздік өлшемдері шексіз болып табылады.

Азиядағы сенім шараларын дамыту бойынша жұмыс атқаратын бағыттардың бірі 2000 ж. құрлықтың беделді саяси жетекшілерінің бастамалары бойынша құрылған Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы (АСПХК) болып табылады. Оның Бас Ассамблеясы отырыстарында азиялық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуында саяси партиялардың өңірлік ынтымақтастығы мен қатысуы қарастырылады. Сенім шаралары тұрғысынан соңғы - 2006 жылғы «Азияның бейбітшілігі мен көркеюі» атты АСПХК Сеул декларациясы аса маңызды болып табылады. Оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері одағын құру және Орталық Азиядағы ядролық қарусыз аймақ келісімі туралы Қазақстанның бастамасы қолдау тапты. 2006 жылғы 17 маусымда өткен АӨСШК екінші басқосуы сенім шаралар механизмін дамыту мақсатын алға қойды. Екінші Саммиттің барысындағы сөйлеген сөздерінде мемлекет және үкімет басшылары АӨСШК үдерісінің одан әрі дамуына өз қызығушылықтарын білдірді. Екінші басқосудың барысында АӨСШК Хатшылығы туралы Келісімге қол қою маңызды оқиға болды. Бұл құжаттың басты мақсатының бірі АӨСШК-ге төрағалық ететін мемлекетке қолғабыс көрсету болып табылады.
2007 жылы наурыз айында Бангкок қаласында АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК) нақтыланған тұжырымдама және қызметтің тетігі - «Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен тәсіл» атты құжатты қарап, қабылдады. Аталған құжат АӨСШК-нің Сенім шаралары тізімдемесін және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға және Тізімдеменің жеке бағыттарындағы жұмыстарды айқындауға арналған әр түрлі жобаларды іс-жүзіне асыруға жол ашты. Күрделі жағдайда өткен Бангкоктық АЛТК отырысы үдерістің жаңа деңгейге - мүше мемлекеттерімен сенім шараларын жақындастыру және нығайту бойынша нақты іс шараларын өтілдік іске асыруға көшкенін көрсетеді.

Сенім шараларын іске асыру үдерісі төрт әлеуметтік-экономикалық саладан басталды. Сенім шараларын іске асыру бойынша жеке жобалардың үйлестіруші мемлекет ретінде сегіз мүше мемлекет: Әзірбайжан - қауіпсіз және тиімді көліктік дәліздерін дамыту саласында; Иран Ислам Республикасы - есірткіні бақылау және төтенше жағдайлар мәселелері; Қазақстан - гуманитарлық салада; Корея Республикасы - энергетикалық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық; Монғолия - экологиялық салада; Ресей Федерациясы - экономикалық аспектісіндегі ынтымақтастық; Тәжікстан - туризм саласындағы ынтымақтастық; Түркия - жаңа қарсыластар мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласында пікір білдірді. Кеңестің 15-жылдығына арналған 2007 жылғы 17 қазан айында өткен АӨСШК АЛТК отырысында Үндістан, Оңтүстік Корея және Әзірбайжанмен энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша және қауіпсіз және тиімді көліктік дәліздер салаларында сенім шараларын іске асырудағы тең үйлестіруші ретінде қатысуға шешім қабылдады. Израиль өзінің су қорларын басқару, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар, дүлей апатын басқару салаларындағы тәжірибесімен бөлісуге ниет білдірді.

Мерйтой отырысының барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі М. Тәжин белгілегендей: « . . . АӨСШК-нің тартымдылығы мен бірегейлігі Азия құрлылығының өмірлік өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарды салыстыру және бастамаларды бірлестіру үшін жалпы платформа болып табылатын форумның рухы мен форматында». 2007 жыл желтоқсанда АӨСШК БҰҰ Бас Ассамблеясының бақылаушысы мәртебесіне ие болды. Бүл халықаралық қоғамдастықтың мойындауы болып табылады. 2010 жылы болатын АӨСШК Үшінші Саммитіне дайындалу шеңберіндегі маңызды іс-шаралардың бірі 2008 жылғы 25 тамыздағы Алматыда өткен Кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 3-ші отырысы болды. Кездесуде Бірлескен тәсілді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу аса нәтижелі өтті: Иордания мен Біріккен Араб Әмірлігі Кеңес құрамының толық мүшесі, ал Катар бақылаушы мемлекет мәртебелеріне ие болды. «АӨСШК-ің сенім шараларды іске асырудағы алға жылжуы» Декларациясы және Министрлік кездесудің Тұжырымдамалы шешімдері қабылданды. ҚР Президенті қазіргі лауазымдағы Төраға ретінде сенім шараларын гуманитарлық, экономикалық және экологиялық, сондай-ақ жаңа қарсыластар мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес салаларында іске асырудың басталуын қолдап, келешекте АӨСШК-ің маңызды бағыттарының бірі болып табылатын әскери-саяси саладағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бойынша практикалық жұмыстарды іске асырудың қисындылығы туралы айтты. ҚР СІМ АӨСШК-ге мүше мемлекеттермен ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Декларация және Тұжырымдамалық шешімдердің мәтініне АӨСШК-ің бағыттарына сәйкес олардың қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық бастауының маңыздылығы туралы ереже енгізе алды, оның арқасында әскери-саяси саладағы ынтымақтастыққа жол салынды. Аталған саланы іске асыруға үнді және мысыр тараптары белсенді қарсылық көрсеткен болатын. Алайда да Қазақстан бұл салада бастапқы қадам жасай алды: 2009 ж. 20 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Ермекбаевтың төрағалығымен АЛТК-ің кезекті отырысында осы маңызды саладағы ынтымақтастықты бастау үшін «Төрағаның тұжырымдамалық көзқарасы» атты құжатты Қазақстанның дайындайтыны туралы шешім қабылданды. Қазақстанның төрағалық мандаты 2010 жылы бітетіні белгілі. Осыған орай 2008 ж. сәуірде ҚР Елбасы Н. Назарбаев түрік әріптесі А. Гүлге Кеңестің келесі төрағалығын Түрік Республикасы өзіне алуы жөнінде ұсыныс айтып, хат жіберген болатын. 2009 ж. қаңтардағы жауап хатында түрік тарапы 2010 жылы Төраға лауазымын алуға дайын екендігін білдірді. Ү. ж. 20 ақпанда Делиде өткен АЛТК отырысында Түркия өз кандидатурасын АӨСШК Төрағалығына ресми түрде ұсынды. Ү. ж. 1 наурыздан бастап екі айлық дипломатиялық арналары арқылы Түркия кандидатурасын мүше мемлекеттерімен келісу үдерісі басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы саяси қатынас.
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Орталық азия мемлекеттері мен европалық одақтың өзара қатынас перспективалары
Қазақстанның халықаралық жағдайының нығаюы және қарым қатынастағы ролінің артуы
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Федерациясымен қарым - қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz