Қазақ және ағылшын тілдерінде бұйрық мәнінің білдірілуі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақ және ағылшын тілдерінде бұйрық мәнінің білдірілуі.

Жұмыстың көлемі: 57 бет.

Пайдаланған әдебиеттер саны: 46.

Тірек сөздер: бұйрық модальдігі, грамматикалық формалар, бұйыру модальдігінің семантикалық-функционалдық ерекшеліктері, имплицитті құрылымдар.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста негізгі екі тілдің бұйыру мәнінің грамматикалық формалары, бұйрық мәнді сөйлемдердің семантикалық-функционалдық ерекшеліктері, синтаксистік құрылымы салыстырылып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылады.

Жұмыс екі тараудан тұрады. Алғашқы тарауында екі тілге генеалогиялық, типологиялық сипаттама, бұйыру мәнінің зерттелуі және екі тілдегі бұйрық модальдігінің грамматикалық формалары туралы ғылыми ақпараттар беріледі. Ал екінші тарауда екі тілдің бұйыру мәніндегі эксплицитті және имплицитті синтаксистік құрылымы қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысымның негізгі мақсаты - қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық модальдігінің синтаксис-морфологиялық құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсат тұрғысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық модальдігінің даму сатысындағы өзіндік ерекшеліктерін, қалыптасу жолдарын, тарихи лингвистикалық негізге саралап, айырмашылықтардың себептерін түсіндіру міндеттері алға қойылды.

Жұмыста қолданылған әдістер. Диплом жұмысымда салғастырмалы әдіс, синхрондық зерттеу, сипаттау, семантикалық талдау, қарама-қарсы қою арқылы салғастыру әдістері пайдаланылды.

Пайдаланған дереккөздер мен материалдар. Жұмыста тұжырымдар жасауға, тілдердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтауға негіз болған материалдар, орыс, ағылшын ғалымдарының және қазақ тіл білімінің зерттеушілерінің еңбектері пайдаланылды. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеу тілі, газет-журналдар, көркем әдебиеттер бұйрық модальдігі бойынша мысалдар жинастыруда материалдар ретінде пайдаланылды.

Диплом жұмысының нәтижесі мен практикалық маңызы.

- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық модальдігінің білдірілу жолдары топтастырылды.

- Әр түрлі типті екі тілдегі бұйрықты сөйлемдердің синтаксистік-құрылымдық, функционалдық-семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары сарапталды.

- Екі тілдің сөйлем құрылымын салыстырып, әр тілдің сөйлем құрылымының варианты көрсетілді.

- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық мәнді сөйлемдері салғастырмалы әдіс негізінде талданып, сөйлем құрылымының әр түрлі ерекшеліктері айқындалды.

Диплом жұмысының практикалық маңызы қазақ және ағылшын тілдерін екінші тіл немесе шет тілі ретінде меңгеру барысында бұйрық модальдігінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырумен байланысты анықталады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТІЛДЕРДІҢ ЖІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ БҰЙЫРУ МОДАЛЬДІГІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ . . . 6

1. 1 Қазақ және ағылшын тілдерінің генеалогиялық, типологиялық сипаттамасы . . . 6

1. 2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйыру мәнінің зерттелуі . . . 9

1. 3 Сөйлем мақсатының модальділігі . . . 13

1. 4 Бұйрық модальдігінің грамматикалық формалары . . . 19

1. 4. 1 Қазақ тіліндегі бұйрық мәнінің білдірілуі . . . 20

1. 4. 2 Ағылшын тіліндегі бұйрық мәнінің білдірілуі . . . 28

1. 4. 3 Ағылшын тіліндегі бұйрық мәнінің білдіріуіндегі рай категориясы . . . 35

2 БҰЙЫРУ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИМПЛИЦИТТІ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 39

2. 1 Бұйыру мәнінің хабарлы сөйлемде берілуі . . . 39

2. 2 Бұйыру мәнінің сұраулы сөйлемде берілуі . . . 41

2. 3 Бұйрық модальдігінің ашық, қалау және шартты рай тұлғалары арқылы білдірілуі . . . 45

2. 4 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық мәнінің салғастыру сипаттамасы . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Жалпы ұлттық мектептерде үйреніп жүрген ана тілінің ерекшелігі өзге тілдің грамматикасын үйренгенде байқалады, ана тілі оны түсінуде негізгі құралға айналады және грамматикалық жүйелер туралы алғашқы түсініктер ана тілінде келеді. Бұл дегеніміз ана тілі мен үйренілетін тілдерде тек грамматикалық айырмашылық қана емес, семантикалық ерекшеліктер бар екенін білдіреді. Алайда бұл әр түрлі жүйелі тілдердің арасындағы ортақ элементтерді де анықтауға түрткі болады.

Ағылшын тілі екінші тіл не шет тілі ретінде оқытылатын болса, ана тілінің яғни қазақ тілінің атқаратын рөлі маңызды. Екінші тіл оқытылып жүргенде алғашқы түсініктер, ойлар ана тілінде келеді. Тілдің морфологиялық, синтаксистік жағы тілдің негізгі және маңызды бөлігін құрағандықтан, тілдерді салғастыруға алып келеді.

Салғастырылып отырған екі тіл, яғни қазақ және ағылшын тілдері - әр түрлі тілдік жүйе мен семья тобына жатады. Қазақ тілі - Алтай семьясына, оның ішінде, түркі тілдерінің батыс хұн бұтағының қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Ағылшын тілі шығу тегі жағынан үнді-европа тілдер семьясына, оның ішінде Батыс герман тілдер тобына жатады.

Қазақ тілі құрылымдық-типологиялық жағынан агглютинативті тілдер қатарына жатады. Ал ағылшын тілі морфологиялық топтастырылуына сәйкес флективті тілдерге кіреді. Яғни, қазақ пен ағылшын тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаттамасы әр түрлі болып келеді.

Диплом жұмысында негізгі қолға алынып отырған әдіс - салғастырмалы әдіс.

Салғастырмалы әдіс тілдерді олардың туыстығына, өмір сүру кезеңіне, аймақтық бөлінуіне қатыссыз зерттейді. Ол тілдердің жалпы, ортақ және спецификалық қатынастарын айқындауға және салғастырмалы тілдердегі тілдің типі негізінде шынайы өмір сүретін құбылысты көрсетуге ұмтылады. Салғастырмалы тілдердегі тілдік құралдарды пайдаланудағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау және типологиялық талдау жасау, салғастырусыз байқалмайтын екі тілдің де нақты ерекшеліетерін зерттеу, салғастырылған тілдерде айқындалған белгілердің жүйелілігін табу негізгі міндеттері болып табылады.

Салғастырмалы әдіс - екі немесе одан да көп тілдерді шығу тегінің ортақтығына немесе әр түрлілігіне қарамастан, арасындағы салғастырылатын тілдердің айырмашылықтарын айқындау үшін салыстырудың ғылыми әдісі. Кез-келген тілдер генеалогиялық арақатынастары мен типологиялық құрылымдарына қарамай салғастырудың зерттеу объектісі болып табылады. Тілдердің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау негізгі мақсаттары болып табылады. Салғастыру әдісі үшін тілдің құрылымдық сәйкестіктері мен өзгешеліктерін белгілеу бірдей маңызды. Тілдің түрлі деңгейлері мен элементтері - грамматикалық құрылым, құрылымдық-семантикалық ұқсастықтар мен ерекшеліктер, тілдің лексика-семантикалық категориялары бір мазмұнның түрлі тілдерде берілу тәсілдері және басқалар бір-бірімен салғастырылады. Тілдердің жүйелі түрде сипаттауды синхронды тұрғыда жүзеге асыра отырып, салғастырмалы әдіс олардың өзіндік белгілерін немесе жүйелі идиомалылығын айқындайды.

Сонымен қатар, жұмыста синхрондық зерттеу түрі де негізгі әдістердің бірі болды. Ол тілдің тарихи дамуында тіл құбылыстарының бір дәуірде өмір сүру сипатын, заңдылықтарын зерттейді. Бұл кезеңдердің әр қайсысы тарихи даму процесін хронологиялық дәйектіліктің бөлініп алынған бір бөлшегі болып табылады. Мысалы, біздің жұмыстағы қазақ тілі және ағылшын тілдерінің қазіргі дәуірін, оның даму заңдылықтары мен негізгі жүйесін зерттеу.

Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық модальдігінің грамматикалық формалары, синтаксистік-құрылымдық, функционалдық-семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі кейінгі даму сатысындағы өзіндік ерекшеліктерін, олардың қалыптасу жолдарын тарихи лингвистикалық негізге саралап, айырмашылықтардың себептерін түсіндіру.

Диплом жұмысының міндеттері.

- Синтаксис бөліміне, оның ішінде, бұйрықты сөйлемдердің зерттелу тарихына шолу жасау;

- Бұйрықты сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуіне сипаттама беру;

- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі синтаксистік айырма белгілерін салыстыру;

- Екі тілдің сөйлемдеріндегі етістіктің бұйрық рай формаларының жасалуындағы грамматикалық ерекшеліктер;

- Ортақ бұйрықты сөйлемдердің семантикалық дамуына сипаттама беру.

Жұмыстың нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрықты сөйлемдер.

Жұмыстың пәні. Бұйрық модалдігінің грамматикалық, синтаксистік-құрылымдық, функционалдық-семантикалық ерекшеліктері.

Диплом жұмысының нәтижесі.

- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық модальдігінің білдірілу жолдары топтастырылды.

- Әр түрлі типті екі тілдегі бұйрықты сөйлемдердің синтаксистік-құрылымдық, функционалдық-семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары сарапталды.

- Екі тілдің сөйлем құрылымын салыстырып, әр тілдің сөйлем құрылымының варианты көрсетілді.

- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұйрық мәнді сөйлемдері салғастырмалы әдіс негізінде талданып, сөйлем құрылымының әр түрлі ерекшеліктері айқындалды.

1 ТІЛДЕРДІҢ ЖІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ БҰЙЫРУ МОДАЛЬДІГІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Қазақ және ағылшын тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаттамасы

Қазақ тілі Алтай семьясына жатады және ондағы түркі тілдерінің батыс хұн бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшық-ноғай тармағына кіреді. Қазақ тілі құрылымдық-типологиялық сипаттамасы негізінен оның Агглютинатив (жалғалмалы) тілдерге (лат. agglutinatio - жабысу, жабыстыру) жататындығымен байланысты [1, 155-156] . Тілдердің агглютинативті типінің негізгі белгілері: сөзжасам және сөз түрлендіруші Аффикстердің дамыған жүйесі, Септеу мен жіктеудің біріңғай типі, аффикстердің грамматикалық бір мағыналылығы, аффикстердің жалғауының қатаң орын тәртібі, Морфемалар арасындағы әлсіз байланыс, фонетикалық сәйкессіз алломорфтардың болмауы. Яғни, Негізге не Түбірге жалғанатын Сөзжасам немесе Сөз түрлендіретін Аффикстер жалғану арқылы жасалған сөзжасамның немесе форма жасамның бір түрі.

Қазақ тілі жалғалмалы типке жататындықтан аффикстер тек постпозитивті түрде жалғанады: бала-лар-ымыз-дан, сөз-дік-тер-іміз-ден т. б. Түркі тілдерінде негізге (түбірге) қосымшалар жалғануының өзіндік ерекшелігі, ереже-тәртібі бар [1, 21-22] .

Қазақ әдеби тілі әдеби Шағатай тілінен (XV-XVI ғғ. көптеген түркі тілдерінің «Койнесі» ) бастау алады және XVIII-XIX ғғ. диалектілерден үстем жалпы халықаралық негізде қалыптасты. Көне түркі жазба рун ескерткіштері VII ғ. қатысты. 1929 жылға дейін қазақ жазуы негізінде консонантты араб графикасы орын алды, 1929 және 1940 жж. кезеңінде латын графикасы қолданылды. Қазіргі Қазақ тілі 1940 жылдан бастап кирилл графикалық жазу жүйесіне ауыстырылды.

Қазақ тілі - түркі тілдерінің бірі. Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі. Қазақ тілінде сөйлеушілердің саны 10 миллионнан асады. Бұл тілде сөйлеушілер Қазақстаннан басқа Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Ресейде, Қытайда, Монғолияда, Түркияда т. б. мемлекеттерде тұрады.

Қазақ тілі - өзіндік көне тарихы бар ежелгі тілдердің бірі. Диалектік ерекшелігі жоққа тән, монолиттік тіл. Қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс гүн тармағының қыпшақ тілдік тайпалық бірлестігінің құрамында қалыптасқан. Тарихи тағдыры жағынан қарақалпақ, ноғай тілдеріне жақын. Тілдің негізгі ерекшеліктері: 9 дауысты дыбыс бар, аффикстер құрамында еріндік дыбыстар айтылмайды, созылыңқы дыбыстар жоқ, буындық, дыбыстық, үндестік заңы қатаң сақталады, сөз басында ж, қ, к, т дыбыстары жиі жұмсалады, фузияда л-д-т сәйкестігі бар, сөз соңында тек с (ш емес) айтылады. Лексикасы негізінен жалпы түркілік сөздерден құралған да, саяси, мәдени, әлеуметтік жағдайлардың көрінісінде араб, парсы, орыс тілінен неген сөздер кездеседі. Қазақ тілі жазуы араб, латын графикасында болған, 1940 жылдан бастап орыс графикасына көшірілген. Қазіргі қазақ тілі графикасында негізінен орыс грамматикасына еліктеу салдарының көптеген шешілмеген теориялық мәселелер бар.

Қазақ тілін зерттеудің негізі М. Қашқаридың «Дивани лұғат-ит түрк» еңбегінен бастау алады да, орыс, батыс ориенталист ғалымдарының ғылыми-зерттеулерімен жалғасады: Г. Д. Клапрот (1875), Н. М. Ильминский (1861), М. А. Терентьев (1875), Я. Я. Лютен (1883), И. Н. Березин (1890), В. В. Григорьев (1862), П. М. Мелиоранский (1894-97), В. В. Катаринский (1897), В. В. Радлов (1888) т. б.

Қазақ тілін жүйелі зерттеу А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамбетов, Н. Төреқұлов еңбектерінен басталып, кейін С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың өзіндік ғылыми мектептері қалыптасады: фонетика мен лексика саласы бойынша - І. Кеңесбаев, синтаксис пен стилистика саласынан - М. Балақаев, морфология саласы бойынша - А. Ысқақов шәкірттері қазақ тілінің даму заңдылықтарын айқындау жолында қажырлы еңбек етуде.

Ағылшын тілі шығу тегі жағынан үнді-европа тілдер семьясына, оның ішінде Батыс герман тілдер тобына жатады [1, 37] . Тілдердің морфологиялық (типологиялық) топтастырылуына сәйкес ағылшын тілі флективті тілдер (лат. flexio - иілу) тобына кіреді. Тілдердің флективті ерекшеліктеріне түбірдегі өзгерістердің фонетикалық сәйкессіздігі, Септелу мен Жіктелудің фонетикалық және семантикалық жағынан уәжденбеген типтерінің көптігі, сөз құрамындағы Морфемалардың тығыз бірлігі тән. Квантитативті типология тұрғысынан қарағанда, тілдің флективтік дәрежесі Флексиялар саны Мәтіннің белгілі бір бөлігіндегі сөздің қолданыс жиілігіне қатынасымен айқындалады [1, 407-408] .

Ағылшын тілі негізінде материктен Британияға қоныс аударған көне герман тайпаларының (англ, сакс, ют) тілдері жатыр. VII-XI ғғ. англосаксон тілінде 4 диалект болған: нортумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. IX-XI ғғ. скандинавтар жасаған жорықтардың нәтежесінде Британияның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтары әлсіреп, Уэссек корольдігінің экономикалық-саяси ықпалы арта түседі. Осы кезеңде уэссек диалектісі әдеби тілдің негізі болып алынды. VI ғасырдан бастап Англияға христиан дінімен бірге латын сөздері де келеді. Британияны мекендеген жергілікті халықтың - кельттердің тілі, тек географиялық атауларда ғана сақталып қалған. 1066 жылы Англия дат короліне бағынышты болған, сондықтан Ағылшын тілі скандинав тілінің әсері бар, ал 1066 жылы норман тайпаларының жорығы Ағылшын тілі француз лексикасының енуіне себеп болды. Қазіргі Ағылшын тілінде бірнеше диалекті бар: Ұлыбританияда - шотланд, солтүстік, орталық, оңтүстік, оңтүсті-батыс диалектілері. Әдеби Ағылшын тіл негізіне Лондон тілі алынған (орталық-шығыс диалект) . Әдеби Ағылшын тілінің варианттары бірінен-бірі лексикасымен және айтылуымен ерекшелінеді. Ағылшын тілінің жазуы VII ғасырларынан белгілі. Ең көне ескерткіш - руникалық жазу үлгісінде жазылған (VII) .

Ағылшын тілі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Америка Құрама Штаты, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және Индия мемлекеттерінің Ресми тілі. АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия т. б. елдерде ағылшын тілі көптеген Варианттары және Диалектілік ерекшеліктері бар. Аналитикалық тілдер қатарына жатады. Грамматикалық мағыналар көбінесе Аналитизм тәсілі арқылы, яғни Аналитикалық формалар, Көмекші сөздер, Сөздердің орын тәртібі және Интонация (дауыс ырғағымен) арқылы жүзеге асады. Жазуы латын графикасы негізінде жасалған [2, 99-102] .

1. 2 Қазақ және ағылшын тілдерінің бұйыру мәнінің зерттелуі

Тіл білімінің басқа салалары (фонетика, лексикология, морфология) секілді синтаксис те көптен бері зерттеліп келеді. Бұл сала бойынша жетістіктеріміз де аз емес. Мәселен, қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуіне және оның ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар ретінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Ә. Хасенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Ә. Аблақов, Т. Сайрамбаев т. б. атауға болады.

Қазақ тілі грамматикасы, оның ішінде синтаксис саласы Қазан революциясынан бұрын да зерттелген болатын. Алайда бұл кездегі зерттеулер ғылыми дәрежеге көтеріле алған жоқ. Нақты зерттеудің басталуы, яғни кешенді зерттеу Қазан революциясынан кейінгі уақытта ғана қолға алынды. Түркологиялық ілімнің дамуы және ұлттық кадрларымыздың шыға бастауы мұны жеделдете түсті.

Демек, қазір қазақ тілінің синтаксистің әр түрлі мәселері біршама зерттелді. Бірақ оның әлі де қарастырылмай немесе жан-жақты терең зерттелмей жатқан мәселелері де жеткілікті.

Бұйрықты сөйлем туралы еңбектерді қарастыра келе байқағанымыз - қазақ тіл білімінде бұл сөйлем жөніндегі зерттеулер жоқ екендігіне және әлі де толық қарастырылмаған. Қазақ тіліндегі бұйрықты сөйлем жайындағы ең алғаш мағлұматты А. Байтұрсыновтың [4, 198] еңбегінен кездестіреміз. Ол, негізінен алғанда, бұл сөйлемге анықтама берумен шектелген. Одан кейінгі басқа зерттеулерде оның жасалу жолдары мен интонациясы ғана сөз етіледі. А. Байтұрсынов сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай сұраулы, лепті, тілекті жай сөйлемдер деп бөледі. Байтұрсынов бұйрықты сөйлемді тілекті сөйлемдер деп қарастырған.

1961-66 жылғы “Қазіргі қазақ тілі синтаксистеріне” бұйрықты сөйлемді профессор М. Балақаев [5, 45-46] енгізді. Бұрын сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып үшке бөлініп, бұйрықты сөйлем лепті сөйлемнің құрамында қарастырылып келді.

Бұйрықты сөйлем лепті сөйлем құрамында үш-ақ түрі қамтылып келді. Мысалы, “Қазіргі қазақ тілінде” (1954) бұйыру, ұран, үндеу, өсиет, қорқыту сияқты түрлері ғана берілген.

Ғ. Әбухановтың еңбегінде де бұйрықты сөйлемдерді жеке дара бөліп қарастырмай, лепті сөйлемге енгізеді [5, 38-40] .

Қазақ тілі мамандарының көпшілігі лепті сөйлемді мақсат мәнді бір сөйлем типі ретінде таниды. Соның өзінде оны біраз авторлар (С. Аманжолов, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаев, Ә. Хасенов) лепті сөйлемнен ажыратпай қарастырады. Ал М. Балақаев, Т. Қордабаевтың “Қазіргі қазақ тілінде” бұйрықты сөйлемнің: тілек, өтініш, сес көрсету, қорқыту, талап, сыпайы бұйыру т. б. мағыналық түрлерін ажыратып, олардың жасалу жолдарын айқындады.

Бұйрықты сөйлем ерік-талапты білдіреді. Оның өзі көп ретте айтушы эмоциясына ұласып беріледі. Сонымен бірге, бұйрықты сөйлемнің де, кейбір арнаулы лепті сөйлемдердің де негізгі қалыптасу тәсіл-тұлғасы бұйрық райлы етістік болады. Бұдан бұйрықты сөйлем мен жалпы лепті сөйлем тепе-тең деген түсінік тумауға тиіс. Өйткені бұйрықты сөйлем ерік-талапты білдіру үшін айтылады. Ол мағынасы мен құрылымы жағынан да біркелкі емес, соған сәйкес, әрқашан бір дәрежеде эмоциялы болып келе бермейді деп қарастырып келген Р. Әміровтің “Жай сөйлем синтаксисі” деген кітабында да солай тұжырымдалған.

Бұйрықты сөйлемдер туралы қазіргі азды-көпті зерттеулерге қарасақ, қызық жайды байқауға болады. Ол қызықты жай деп отырғанымыз бұл түрінің табиғатының ашылып, даралықтарының айқындалуына байланысты пікірлерге байланысты болып отыр.

Зерттеушілердің бірі бұйрықты сөйлемнің айтылу мақсатына қарай жеке сөйлем түрі екенін және оның атының басталуын профессор М. Балақаевтың есімімен байланыстырады; екінші бір зерттеуші әдістемеге қатысты кітабында мектеп оқулықтарында бұйрықты сөйлемнің 70-жылдардан бері ғана орын алып келе жатқандығын ескертеді. Екеуі де шындық. Демек, қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаевтың 1959 жылғы орыс тілінде жазылған кітабында қазіргі ұрпақ өкілдеріне бұйрықты сөйлем деген терминді ұсынып, оның сұраулы, хабарлы және лепті сөйлемдерден айырмашылығын ашып көрсетті. Содан кейін мектеп шәкірттерінің де тиісті оқулықтары арқылы сөйлемнің бұл түрімен таныса бастағаны да рас. Дәлірек айтқанда, 50-жылдардың соңына дейін бұйрықты сөйлемге қатысты зерттеудің болмағаны да көзіміз анық жетеді. Ал, әділдікке келетін болсақ, бұйрықты сөйлем мәселелерін 1925 жылы Қызылорда жарық көрген “Тіл-құралында” қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынов біршама түсіндірген болатын [4] . Рас, ғалым оны бүгінгі атап жүргеніміздей, бұйрықты сөйлем демейді, тілекті сөйлем дейді. Мұндай атаудың да, бір қарағанда, айта қаралықтай ерсілігі жоқ, өйткені орыс тілінің мамандары да бірді побудительное предложение, енді бірде повелительное предложение деп әртүрлі атап жүргенін жақсы білеміз. Ең басты - Ахаң бұйрықты сөйлемнің анықтамасын береді де, мағыналық түрлерін жіктеп қарастырады. “Нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын сөйлем түрлері тілекті деп аталады”, - делінген [5] . Алғашында лепті сөйлеммен алмастырып алатындай әсер болады, өйткені қимыл-әрекеттің орындалуы туралы сөйлемнің айтушының көңілімен байланыстырады. Үңіле қарағанда, лепті сөйлемге берген анықтамасынан ол күдік сейіле бастайды, яғни бұйрықты сөйлемнің табиғаты мен өзіндік даралығы бірте-бірте ашыла түседі.

Бұл қазақ тіліндегі бұйрықты сөйлемінің зерттелу тарихы болды, ал енді ағылшын тіліндегі бұйрық мәнінің зерттелу тарихына тоқталсақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Етістікті болымсыз сөйлемдер
Етістік оның мағанасы
ТИПТІҢ АТЫ ТИП
Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Көрнекті тілші-ғалым филология ғылымдарының докторы профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мақалаларының жинағы
Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлем
Диуани-хикмет” ескерткіші тілінің грамматикалық ерекшеліктері (тәуелдік, жіктік және көптік жалғауларының қолданылуы)
Қазақ тіліндегі рай категориясы
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz