Балалар бағдарламасы қандай болуы керек?


Балалар бағдарламасы қандай
болуы керек?
Болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беру - адамзат баласының алға қойған ең басты мақсаты. Енді ғана тебіндеп өсіп келе жатқан бүлдіршін - әрбір үйдің көз қуанышы, көңіл медеті. Ендеше, оған алдағы өміріне деген дұрыс бағыт бере білудің өзі ата-анадан, қала берді баланы тәрбиелеуші қоғамнан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің өзі осымәселеге байланысты балаға ғылым үйретпестен бұрын, дұрыс тәрбие беру керек екенін, әйтпесе, ол ғылымның түбі адамзатты үлкен апатқа әкелетінін ескерткен. Дана халқымыздың "өнерді үйрен, үйрен де жирен" деген сөзінің астарында осы мәселе жатса керек.
ХХ ғасыр басында әлем есігін ашқан теледидардың да ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны орасан. Күні бойы анасының жанында еңбектеп, болмаса шапқылап ойнап жүретін бүлдіршіннің көңілін аудару мақсатында көптеген отбасылар теледидарды көмекші құрал ретінде қуана пайдаланады. Кейбір үйлерде таңертең ұйқыдан тұрғаннан жарға басы жастыққ тигенше "көк жәшіктің" қызметі бір рет те толастамайтыны рас. Әрине, балаңыз ісіңізге кедергі келтіріп, аяғыңызға оралмай, өзімен-өзі отырғанына не жетсін?! Дегенмен, қанша қиындық туғызғанымен, бір сәтке болса да, бөбегіңіздің әлеміне көз салып, көкейіндегісін біліп, жан-дүниесіне үңілу, оның қиындығымен бөлісіп, қол ұшын беру ешқашан артық етпейді. Көршілес Ресей елінде тек қана балалардың мүддесіне қызмет ететін арнайы бірнеше телеарналары бар. Онда көрсетілетін бағдарлама, мультфильм, кино болсын кез келген өнім тек балаларға арналған. Соған қарамастан, бұл елдің көптеген мамандары теледидардың бала психикасына тигізетін кері әсерін айтып дабыл қағуда. Олардың айтуынша, баланың денсаулығына теледидардың зияны үлкен. Экраннан жиі жылжып өтетін қанық, әрі түрлі түсті картиналар оның көзіне, ал түрлі бейнелердің лезде ауысуы олардың иммундық жүйесіне кері әсер етіп, жүрек пен мидың жұмысын жеделдетіп, баланың бір нәрсеге деген назар аударуын төмендетеді дейді. Осыған орай Ресейде ата-аналарға деген арнайы ереже ұсынылған. Оған тоқтала кетсек:
- Өте кішкентай бөбекке теледидардың мүлде керегі жоқ. Одан да оны өзге пайдалы әрі қызықты ойындармен ойнатқан дұрыс.
- Жеті жасқа дейінгі балаға күніге бір сағат қана теледидар көрсетіңіз.
- Баланың экраннан көргенін міндетті түрде онымен бірге талқылаңыз: қандай кейіпкер ұнады, неліктен, кейіпкердің басты ерекшелктерін қарастырыңыз. Бала кімге ұқсағысы келетінін және неліктен екенін сұраңыз.
- Баланы теледидардың алдында жалғыз қалдырмаңыз, оған жарнама мен музыкалық клиптерді көруге рұқсат бермеңіз. Сондай-ақ, оған таңдаулы бағдарламаларды ғана көрсетіңіз.
- Телевизор экраны көздің деңгейінде немесе төменірек орналасуы керек. Телевизормен арасындағы қашықтық кем дегенде - 2-2, 5 м-де болуы қажет.
- Теледидарды жатып не тұрып емес, отырып көрген дұрыс.
Қарап отырсаңыз, қарапайым ережелер болғанымен, біз күнделікті күйбең тірлікте оларға мән бере бермейміз. Дегенмен, бұл қағидаларды орындауда біздің балалардың да болашағына тигізер пайдасы мол екені анық. Жалпы алғанда, бүлдіршіндердің психикасына теледидардың тигізер зияны жайлы еліміздің ақпарат құралдарында аз айтылып жатқан жоқ. "Теңіз тамшыдан құралады" демекші, осы мәселелерді әрбір отбасы қатаң қолға алса, тау қопарғанмен тең іс болар еді.
Келесі бір кезек күттірмейтін мәселе - балаларға арналған бағдарламалардың сапасында. Көгілдір экранда ағылып жатқан ақпараттар тасқынының бәрі үйдегі кішкентай бүлдіршін үшін түсінікті деп айту қиын. Бала оның бірін қабылдаса, бірін қабылдай бермейді. Бүлдіршіндер өздерінің ұғым-түсініктеріне лайық дүниелерді ғана түсіне алады. Сондықтан, балалар бағдарламасына қойылатын алғашқы талап - баланың ұғымына сай тілде жасалуында. Осы кезекте балалар жазушысы Ескен Елубаевтың: "Балаларға жазу үшін балаларша ойлай білу керек" деген сөзі еске түседі. Шындығында да, кішкентай бүлдіршінге ересек адамдардың барлық әңгімесі түсінікті бола бермейді. Сол себепті олардың бағдарламаларының да тілі жеңіл, түсінуге оңай болуы шарт. Мәселен, "жолда жүру ережелерін қадағаламау - бүгінгі күнде адамзат баласы үшін үлкен қауіп төндіруде. Қарапайым мысал, көшеден өтерде төрде тұрған бағдаршамды көзге ілмеу кейбір адамдарды мәңгілік өкінішке ұрындрады" - деген мәтін ересек адамның жан дүниесін селт еткізіп, ойландыруы мүмкін. Ал, бүлдіршін болса, оны жете ұғына бермейді. Ол үшін: "Үлкен көше бойында жолдан өту үшін арнайы жол белгісі - бағдаршам орналасқан. Оның үш көзі бар. Қызыл жанғанда - тоқтау керек, сары жанғанда дайындалып, жасыл жанғанда жолдан өтуге болады. Бұл ережені сақтамаған жағдайда жолдағы көлік адамды қағып кетуі мүмкін" - деген мәтінге арнайы көріністер таңдалып алынса, бала оны жақсы ұғынады. Балаға түсінікті тілде жазылған сценарийлерге келгенде, соңғы уақыттары "Қазақстан" ұлттық арнасынан беріліп жүрген бағдарламаларды үлгі етуге болады. Мәселен, "Еркетай", "Айгөлек", "Білім арнасы" секілді бүлдіршіндер аудиториясын қамтитын бағдарламалардың тілі өте қарапайым, жеңіл тілмен жазылғаны бірден байқалады.
Екінші негізгі тала - көріністік қатар. Бұл жерде режиссердің үлкен көрегендігі мен шеберлігі ауадай қажет. Тартымды түрде жазылған сценарийді ойнатуда, яғни баланың ұғымына жеткізуде көріністік қатардың орны ерекше. Осы ретте балалар психологы А. В. Запорожец: "Жаңа туылған бала әлемді ең бірінші аузымен, кейін - қолымен және ең соңында барып көзімен қабылдайды" - дейді. Демек, көру арқылы да біраз нәрсе баланың жадында өмір бойы сақталуы мүмкін. Мәселен, жақында қаламыздың №159-мектеп-гимназиясының 2-сыныбында сауалнама жүргіздім. Онда балалардан қандай бағдарлама ұнайтынын сұрағанымызда олардың жауаптары түрліше болды. Медет есімді бала "Маған "Қазақстан" арнасындағы білім туралы бағдарлама ұнайды. Өйткені, ондағы барлық көріністер Әліппенің ішінен шығады" дейді. Сөйтсек, бұл "Білім арнасының" Әліппеге арналған кезекті хабары екен. Онда балаларға бұл алғашқы оқулық жайлы мағлұмат береді және әрбір сюжет көрсетілерде бірінші Әліппе оқулығы ашылады да, ішінен сюжеттер көрсетілед. Бұл да бір режиссерлік шеберлік деуге болады. Яғни, балаға неғұрлым есте қалатын көріністер болғаны дұрыс.
Көріністік қатарға қатысты келесі бір мәселе - балалардың жас ерекшелігінде. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалардың көріністі қабылдауы жайлы А. В. Запорожец мынандай мысал келтіреді: "Мысалы, төрт жасар бала алдыңғы планда баланы, ал артқы планда - үйді көріп (перспектив заңдылықтарына байланысты кішірейтілген) : "Мынау үлкен бала және кішкентай ойыншық үй", - деп жауап берген. Және осы балаға бір аяғы жерде, екінші аяғы көтерліп жүгіріп бара жатқан балалардың суретін көрсеткенде, оларды өзгеше қимылда тұр деп ойлаған бала, "олар дене шынықтыру жаттығуларымен айналысып жатыр", - деген. Мектепке дейінгі балаларға иллюстрация таңдағанда олардың жасындағы көріністі қабылдау қабілетін ескерген жөн дейді. Демек, балаларға арналған сюжеттің білім беретін, баланың таным көкжиегін кеңейтетін артықшылықтары болуы тиіс.
Бүгінгі таңда бір өкініштісі, еліміздің арналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың санаулы ғана болуы. Бұған кейбіреулер қаржы мәселесін алға тартса, енді біреулер балалар өнімдерін шығарудың қиын екенін айтады. Рас, балалар жарнаманы қажет етпейді. Сондықтан, бұндай сипаттағы бағдарламаларға жеке коммерциялық ұйымдар қаржы бөлуді онша қалай бермейтіні де жасырын емес. "Қазақстан" ұлттық арнасында "Айгөлек", "Еркетай", "Білім арнасы", "Хабарда" жасөспірімдерге арналған интеллектуалдық "ХХІ ғасыр көшбасшысы" бағдарламасы, "Еларнада" орыс тіліндегі Топ-малыш", "НТК" арнасында "Балақай" атты орыс тіліндегі бағдарлама, "КТК"-да орыс тіліндегі "Дочки-сыночки", "ТАҢ" телеарнасында "Өнерпаз болсаң", "Балбұлақ" бағдарламалары, ал "31арнаның" балаларға арналған "Самый умный", "Кто умнее пятикласника" бағдарламалары Ресейдің "СТС" арнасының өнімдері. Яғни, біздің бүкіл арналарымыздағы бағдарламаларымызды қосқанда өзге елдердегі балаларға арналған арналардың бір күндік эфиріне де жетпейді. Сондай-ақ, біздің еліміздегі телеарналардың балалар бағдарламаларының көпшілігі орыс тілінде жүреді. Біздің елімізде әлі күнге дейін балаларға арналған бағдарламаларға деген бақталастық жоқ. Мәселен, Ресейде бір ғана 2007 жылы президент Владимир Путиннің тікелей қолдап, қаржы бөлуіне байланысты екі бірдей "Теленяня" және "Бибигон" арналары ашылды. Әрі бұл елде ең үздік балалар бағдарламаларына арнайы "ТЭФИ" премиясы ұсынылады. Ал Нидерландияда әлемдік деңгейде "Синекид" фесивалі өтіп тұрады. 1987 жылы аймақтық деңгейде ғана ұйымдастырылған бұл фестиваль еуропалық киностудиядағы басты оқиғаға айналды. Мұнда жыл сайын "Баллаар фильмі", "Балаларға арналған телебағдарлама", "Балаларға арналған жаңа БАҚ (медиа) деген сияқты номинациядағы түрлі әлемдік премьералар болып тұрады. "Синекид" фестивалының мақсаты:
- Балаларға арналған БАҚ өнімдерінің сапасын арттыру;
- БАҚ өнімдерін жасауға балалар мен жеткіншек жастарды ынталандыру;
- Балаларға арналған БАҚ-ты әлемдік нарықта реттеу болып табылады.
Демек, біздің елде де балалар бағдарламасын жасауға телеарналарды қызықтыратын белгілі бір шаралар ұйымдастырылуы керек.
Балалар бағдарламаларына қойылатын тағы бір негізгі әрі басты шарт - олардың шуақты, бала көңіліне жағымды әрі жылы болуында. Мәселен, 2008 жылдың басында Times газетінің корреспонденттері телевидение жұлдыздарын анықтауға кірісті. Олар оншақты жылдардан астам уақыт бойы көрермендердің ықыласына бөленіп келген әр елдердегі бағдарламаларды қарастырды. Бір таң қаларлығы, ең үздік орындарды атыс-шабыс мультфильмдері, немесе секеңдеген жалаңаш денелер емес, талай жылдар бойы өз аудиториясынан қол үзбей үнемі шығып тұрған әр елдің ұлттық мәдениетін насихаттаушы, әрі балаларға жылылық сыйлаушы бағдарламалар болған. Мәселен, олардың бірнешеуіне тоқтала кетсек. Әрбір жексенбі күндері 11. 30-да Германияның көптеген отбасылары өз балаларын теледидар алдына жайғастырып, "Капитан Блаубар" бағдарламасын тамашалатады. Онда капитан фуражкасын киген аю балаларға түрлі қызықты оқиғалар айтып береді. Бұл кейіпкердің бейнесі жасаған Вальтер Моерс атты суретші. Бұл бағдарлама тек көңіл көтеріп қана қоймай, Батыс және Шығыс Германияның бүлдіршіндерін біріктіріп, елдің бірлігін жарастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп келеді. 16 жылдан бері эфирден түспей келе жатқан бұл бағдарламаның аудиториясы ешқашан азайған емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz