Ауылдық елді мекен аумағын жалпы ұйымдастыру



1 Елді мекендерді аймақтарға бөлу
2 Ауылдық елді мекендерді қызметтік аймақтарға бөлу.
3 Құрылыстық аймақтарға бөлу.
4 Қоғамдық орталықтарды орналастыру және жобалау
5 Жол торабы және алаңдар.
6 Ауылдық елді мекеннің негізгі бөліктері мен элементтерін орналастыру жағдайлары.
Қалалық немесе ауылдық түрдегі әр елді мекенде тұрғын үйлерден басқа, белгілі бір өндірістік кәсіпорындар болады. Бұл кәсіпорындардың елді мекен аумағында орналасуына оның санитарлық-гигиеналық жай-күйі, онда тұратын тұрғындардың еңбек және тұрмыс жағдайы біршама байланысты болады. Өндірістік кәсіпорындар өздерінің жұмыс барысында әртүрлі газдар мен ластанған су шығарады. Газдар шықпен, тұманмен, жаңбырмен және қармен араласып қышқыл түзеді, ал ластанған су топырақ пен су айдындарын улайды. Мұның бәрі «санитарлық зияндылық» болып саналады және адамдар мен жануарлардың денсаулығына, өсімдіктердің жай-күйіне теріс әсер етеді. Түзілген қышқылдар ағашты, металл мен тасты жеп жібереді, бұл ғимараттар мен құрылыстардың қызмет ету мерзімін қысқартады. Мал шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлерде ауа аммиакпен қанығып, тітіркендіргіш қолайсыз иістер пайда болады.
Санитарлық зияндылықтарға өндіріспен қатар жүретін түтін, күл, шаң, шу да жатады.
Санитарлық зияндылықтардың алдын алу үшін, жұмысшылар кенттерін салу кезінде жаңа ірі кәсіпорындар аудандарында елді мекендер аумағын аймақтарға бөлу принципі енгізілді, кейін ол ауылдық елді мекендерге де таралды. Қалалардың аумағы бес аймаққа: өнеркәсіп, көлік, тұрғын, жасыл (қорғаныш) және ауыл шаруашылығы аймақтары болып бөлінеді. Бұл аймақтар «қызметтік аймақтар» деген атаққа ие болды.
Қызметтік аймақтарды орналастыру халықтың еңбегі, тұрмысы мен демалысына арналған жақсы санитарлық-гигиеналық жағдай, өндірістік кәсіпорындардың қызметіне арналған қолайлы жағдай және еңбеккерлердің өндіріспен ыңғайлы байланысын құруға ықпал етуі тиіс.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ауылдық елді мекен аумағын жалпы ұйымдастыру

1 Елді мекендерді аймақтарға бөлу

Қалалық немесе ауылдық түрдегі әр елді мекенде тұрғын үйлерден басқа,
белгілі бір өндірістік кәсіпорындар болады. Бұл кәсіпорындардың елді мекен
аумағында орналасуына оның санитарлық-гигиеналық жай-күйі, онда тұратын
тұрғындардың еңбек және тұрмыс жағдайы біршама байланысты болады.
Өндірістік кәсіпорындар өздерінің жұмыс барысында әртүрлі газдар мен
ластанған су шығарады. Газдар шықпен, тұманмен, жаңбырмен және қармен
араласып қышқыл түзеді, ал ластанған су топырақ пен су айдындарын улайды.
Мұның бәрі санитарлық зияндылық болып саналады және адамдар мен
жануарлардың денсаулығына, өсімдіктердің жай-күйіне теріс әсер етеді.
Түзілген қышқылдар ағашты, металл мен тасты жеп жібереді, бұл ғимараттар
мен құрылыстардың қызмет ету мерзімін қысқартады. Мал шаруашылығы
құрылыстары орналасқан жерлерде ауа аммиакпен қанығып, тітіркендіргіш
қолайсыз иістер пайда болады.
Санитарлық зияндылықтарға өндіріспен қатар жүретін түтін, күл, шаң, шу
да жатады.
Санитарлық зияндылықтардың алдын алу үшін, жұмысшылар кенттерін салу
кезінде жаңа ірі кәсіпорындар аудандарында елді мекендер аумағын аймақтарға
бөлу принципі енгізілді, кейін ол ауылдық елді мекендерге де таралды.
Қалалардың аумағы бес аймаққа: өнеркәсіп, көлік, тұрғын, жасыл (қорғаныш)
және ауыл шаруашылығы аймақтары болып бөлінеді. Бұл аймақтар қызметтік
аймақтар деген атаққа ие болды.
Қызметтік аймақтарды орналастыру халықтың еңбегі, тұрмысы мен демалысына
арналған жақсы санитарлық-гигиеналық жағдай, өндірістік кәсіпорындардың
қызметіне арналған қолайлы жағдай және еңбеккерлердің өндіріспен ыңғайлы
байланысын құруға ықпал етуі тиіс.

2 Ауылдық елді мекендерді қызметтік аймақтарға бөлу. Елді мекеннің
жоспарлау құрылымын, ең алдымен, оның аумағының қызметтік ұйымдастырылуы,
яғни қызметтік аймақтардың өзара байланысқан орналасуы айқындайды. Қ ы з м
е т т і к а й м а қ - бұл белгілі бір нысаналы мақсаты бар, елді мекен
аумағының бір бөлігі. Қызметтік аймақ бір жерде тығыз немесе бірнеше
учаскелерде шашыраңқы орналаса алады.
Ауылдық елді мекеннің негізгі қызметтік аймағы болып, тұрғынды немесе
селитебтік және өндірістік аймақтар табылады.
Елді мекеннің көлемі мен оның кескініне (конфигурациясына),
шаруашылықтың өндірістік бағытына, қоныстану жүйесіндегі орналасуына,
табиғи жағдайлары мен өзге де жағдайларға байланысты, санитарлық-қорғаныш
аймағы, коммуналдық-қойма және сыртқы көлік аймағы құрылуы мүмкін.
Селитебтік аймақта тұрғын үйлер мен жер учаскелері бар қоғамдық
ғимараттар, көшелер мен алаңдар, жасыл ағаштар, спорттық ғимараттар мен
санитарлың шектеулігі жоқ өндірістік объектілер орналастырылады. Өндірістік
аймақта өндірістік мақсаттарға арналған объектілер шоғырландырылады.
Санитарлық-қорғаныш аймағы санитарлық елді мекенді жақсарту үшін
құрылады: өндірістік аймақ жағынан санитарлық зиянды заттарды немесе
автомагистраль жағынан машиналардан шығатын газдарды ішінара тоқтату.
Коммуналдық-қойма аймағында тұрақтар, қоймалар, монша-кір жуу үйі және
коммуналдық мақсаттарға арналған өзге де объектілер орналасады.
Сыртқы көлік аймағы елді мекен темір жол бекетінің, кеметұрақтың,
автобекеттің және т.б. маңында орналасқан жағдайда құрылады.
3 Құрылыстық аймақтарға бөлу. Елді мекеннің тұрғын аумағын тұрғын үйлердің
типі мен қабаты, құрылыс материалдарының түрі бойынша бөлек бір аймақтарға
бөлу, құрылыстық аймақтарға бөлу деп аталады. Құрылыстық аймақтарға бөлу
елді мекеннің тұрғынды құрылысын реттеуге құрылыстық-техникалық тәртіп
енгізеді.
Құрылыстық аймақтарға бөлу сызбасын әзірлеуде тұрғын үйлердің қабатын,
кварталдар аумағының шаруашылықтық пайдаланылу сипатын белгілейді, олардың
орналасу тығыздығын анықтайды.
Ауылдық елді мекен аумағында тұрғынды құрылысты орналастыру кезінде
негізгі үш құрылыстық аймақты айқындайды:
- 2-5 қабатты секциялық құрылыс аймағы;
- екі деңгейлі пәтерлері бар блокталған үйлер салынған аймақ;
- жеке үйлер салынған аймақ.
Құрылыстық аймақтарға бөлудің міндеті құрылыстық аймақтар арасындағы
шекараны белгілеу, олардың бір-біріне жанасу сипатын анықтау болып
табылады. Екі варианты болуы мүмкін: біріншісі, шекара квартал бойынша,
екіншісі – көше бойынша өтетін кездер (7-сур.).Бірінші жағдайда көшенің екі
жағына да қабаттары бірдей үйлер салынады, бұл оларды дұрыс ұйымдастыруға,
сәулеттік біртұтастыққа жетуге, көркейту мен инженерлік жабдықтау
мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл жағдайда
кварталдар аумағын ұйымдастыруда қиындықтар туындайды, өйткені оның бір
бөлігі жалпы пайдалануға арналады (балалар және спорт алаңшалары, қоғамдық
демалыс орындары), ал бір бөлігі мекен-жай маңы учаскелері, бау, бақшалар
және шаруашылық құрылыстары үшін пайдаланылады. Бұл кемшілікті жоюға
болады. Ол үшін құрылыс аймақтары арасындағы учаске шекарасы бойынша жасыл
екпелер жолағын орналастырады.
Құрылыс аймағының шекарасы көше бойымен өткенде, кварталдың сәулеттік
ұйымдастырылуы мен оның пайдаланылуының біртұтастығы қамтамасыз етіледі,
бірақ бұл жерде көшенің сәулеттік сапасы төмендейді, өйткені онда биіктігі
мен көлемі бойынша әртүрлі ғимараттар салынады. Бұған қоса, инженерлік жүйе
толық пайдаланылмайды, себебі оған көп пәтерлі үйлер қосылады. Ауылдық елді
мекендерде сәулеттік ерекшелік пен қоғамдық орталықты айқындау мақсатында
шағын мөлшердегі көп қабатты тұрғын үйлер салу кезінде оларды орталық
бөлікте шоғыралған түрде орналастырған дұрыс және мұнда бірінші кезектегі
көркейту (су құбыры, канализация, жылу, газ және т.б.) ескеріледі.
Ауылдық елді мекен аумағын жалпы ұйымдастыру мәселелері шешімдерінің
нәтижесі болып, жоспарлаудың жалпы сызбасы табылады. Бұл сызбаның бірнеше
вариантын әзірлеу және оларды әртүрлі көрсеткіштері (экономикалық,
техникалық, санитарлық-гигиеналық және сәулеттік) бойынша салыстыру
ұсынылады.

4 Қоғамдық орталықтарды орналастыру және жобалау
Қоғамдық орталық – бұл әкімшілік, мәдени-ағарту, сауда, қоғамдық
тамақтандыру және т.б. сияқты басты қоғамдық ғимараттар шоғырланған
селитебтік аумақтың бір бөлігі. Бұл ғимараттар әдетте алаң шетімен немесе
басты көшеде орналасады. Қоғамдық орталық бір мезгілде селитебтік аймақтың
сәулеттік-жоспарлау композициясының орталығы бола отырып, үлкен қызметтік
маңызға ие. Сондықтан қоғамдық орталықты орналастыру туралы мәселе өте
мұқият ойластырылуы тиіс. Оны шешу барысында елді мекен ішіндегі және
қоныстандырудың жалпы жүйесіне кіретін өзге елді мекендермен көлік
байланысын ескерген дұрыс. Қағида бойынша, ауылдық елді мекенде бір
қоғамдық орталық болады, бірақ селитебтік аймақтың созыңқы немесе күрделі
кескінінде (конфигурациясында) неғұрлым тығыз салынған жерлерде жергілікті
орталықтар құрған да мақсатқа сай келеді.
Елді мекен аумағында қоғамдық орталықты орналастыру кезінде, оның
эстетикалық жағын да ескерген дұрыс, себебі қоғамдық ғимараттар өзінің
сәулеттік бейнесімен тұрғынды құрылыстан ерекшеленіп тұрады.

5 Жол торабы және алаңдар. Көшелер мен алаңдар елді мекеннің негізгі
сәулеттік-жоспарлау құрылымы болып саналады. Ауылдық елді мекендегі жол
торабы, жол қатынасының бірыңғай жүйесі түрінде болуы, мүмкіндігінше
қарапайым сызбада және селитебтік аймақ ішінде және өндірістік аймақпен,
сыртқы жолдармен неғұрлым қолайлы байланысты қамтамасыз етуі қажет.
Неғұрлым қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайларды құру және көлік
қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басты және тұрғынды көшелер
транзиттік магитралдармен бірікпеуі керек. Беткі суларды бойлық еңістер
құру жөніндегі жер жұмыстарын жүргізусіз бөліп жібері үшін, жол торабы
жергілікті жер бедерімен жақсы үйлестірілуі тиіс.
Көшелер елді мекеннің кейбір бөліктері арасында байланысты қамтамасыз
етеді әрі бір мезгілде өрт қауіпсіздігі мен санитарлық барьерлер болып
саналады, сондықтан олардың ені құрылыс сипатына (ғимараттың өртке
төзімділігі мен оның биіктігіне) байланысты болады.

6 Ауылдық елді мекеннің негізгі бөліктері мен элементтерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Алматы облысындағы шағын елді-мекенді жобалау
Алаңдарды және тұрғын аймақтарды жоспарлау және салу
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Арман елді мекен территориясын жоспарлау
Елді мекендердің жерлері
Ұзынкөл ауылы халықының жынысы бойынша динамикасы
Жобалау сатысы - Жерге орналастыру жобасы
Жерге орналастыру жұмыстары жүйесіндегі жерді түгендеу орны
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Пәндер