Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері


КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелеріне арналған. Жұмыста ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастардың ерекшеліктері зерттелген.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Ауыл шаруашылық шарттық қатынастардың ерекшеліктері құқықтық реттеу саласындағы өзекті мәселелердің қатарына кіреді. Ауыл шаруашылығындағыда тауар өндіру қызметі шарт жасау арқылы жүзеге асады. Ауыл шаруашылығында шарттық қатынастар маңызды орын алады. Нарықтық қатынастар жағдайына сай агроөндірістік кешеннің дамуы ауылшаруашылық өндірісінің деңгейінің жоғарылауы және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қатынастардың дамуына тікелей әсер етеді. Елбасы өзінің биылғы Жолдауында да аталған саланы дамыту ісіне барынша мән беріп. «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында бізбір мезгілде еліміз оның арқасыда біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз», деп атап көрсетті. Үкіметке тауарлы сүт фирмасын, құс фабрикасын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастырумен дамыту, тамшылатып суаруды қолдануарқылы жеміс-көгеніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өндіру өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, астық экспортының инфроқұрылымдары мен оны тереңдетіп өңдеу ісін жетілдіру бағытында тапсырмалар берілді және мұнддай жобаларды қаржыландыру ісі жалғаса беретінін айтылды. Жалпы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін Үкімет соңғы бір, екі жылдық ішінде айрықша щұғылдануда. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу ісіне ерекше мән берілуде. Бұл ретте кәсіпорындарға берілетін банкттердің несиелерін сыйақы ставкаларын төмендетуге, лизинг бойынша жаңа техналогиялық құрал жабдықтар сатып алып беруге ерекше мән берілуде. мұның сыртында мемлекет тарапынан бірінші кезекте қажет болатын азық-түлік түрлерінің тұрақтандыру қорлары құрылып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен осы қорларға бидай, күріш, өсімдік байы, құрғақ сүт, ет, мал майы секілді өнімдер сатып алынды. Ел үшін ауыл шаруашылық өнімдерін экспортын әртараптандыру ісі ерекше маңызды болып отыр [1] .
Қазіргі күнде әлем елдері ауыл шаруашылығындағы саласын дамытуға ерекше назар аударуда, жер бетінде өмір сүріп жатқан халық санының өсуі, қалалардың, өнеркәсіптік орындардың өсіп, мал мен егін өсіретін алқаптар көлемінің тарылуы, экологиялық жағдайлардың бұзылуы, әлем бойынша жылыну деңгейінің жоғарылап, осының салдарынан кейдір өңірлерде құрғақшылық орнығуы, су көздерінің азайуы секілді көптеген факторлар қосыла келіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету ісіне төтенше сипат беруде. Сондықтан, мамандар бұл мәселені жаһадық деңгейде аса үлкен проблема ретінде жарияланып отыр. Осындай жағдайда орай алдағы уақытта ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасының өсе түсіндегі байқалады. Ал бағаның өсуі ауыл шаруашылығының абыстылығын арттырып оны мұнай-газ, туризм секілді безнес үшін ерекше тартымды салалардың қатарына теңестірілгендігі белгілі. Әлемде етек ала бастаған осындай құбылысты ескере отырып ел басы үкіметке еліміздің ауыл шаруашылығы саласын басымдылықпен дамыту саласын басымдылық дамыту міндетін қойды. Сөйтіп, бұл салаға бөлінетін мемлекеттік инвестициялардың ауқымы бұрнағы жылдармен салыстырғанда әлд еқайда артты [2] .
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеу объектісі. Нарық жағдайында ауылшаруашылық өндірісі саласындағы кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Диплом жұмысының зерттеудің пәні. Нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастарды жүзеге асырудың құқықтық механизмі болып танылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Ауыл шаруашылығында шарттық қатынастардың ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес дипломлық жұмыстың міндеттерін мыналар құрайды:
- Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастардың түсінігі мәнін анықтау;
- Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау;
- Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастардың субьектілері мен обьектілерінің құқықтық мәртебесін зерттеу;
- Ауыл шаруашылығындағы шарттың жасау тәртібін анықтау;
- Шарттардың жекелеген түрлеріне жеке сипаттама беру.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қазақстандық және ресейлік ғалым-заңгерлердің шарттар, шарттық қатынастар, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастарды құқықтық реттеуге байланысты ғылыми еңбектері.
Дипломдық жұмыстың қайнар көздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының жер кодексі, кәсіпкерлік туалы, астық турулы, мақта туралы т. б, ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастардағы заңдар, Қазақстан Республикасының президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларын құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ШАРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Ауыл шаруашылығындағы шарттардың түсінігі және ерекшеліктері
«Шарт» термині азаматтық заңдарда әр түрлі қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факт; сол шарт міндеттемерің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдейтін құжат [3, 727-б] . Ауыл шаруашылығында барлық шаруашылық қатынастар шарттық негізде болады. Ауыл шаруашылығы шарттық қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, ауыл шаруашылығындағы шарт тараптар үшін оны жасасу кезінде қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті ережелерге сәйкес келуі тиіс. Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгіленгіден басқа жағдайларда өз күшін сақтайды. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық шарттық қатнатарында да Азаматтық кодексінің шартқа қойылатын талаптапры мен ережелері қолданылады, екі немесе оданда көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу өзгерту немесе тоқтатату туралы келісім шарт деп танылады. Тиісті шарттардың мазмұны шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді шарттардың елеулі ережелері тараптар арасында шарттың барлық ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп танылады. Ауыл шаруашылығындағы шарттың мәні туралы ережелер заңдарда елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісуге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады.
Шарттың ауыл шаруашылық аясында атқаратын функциялары. Серіктестер арасындағы қалыптасатын экономикалық қатнастарды заңи бекітеді, оларға заң күшімен қорғалатын орындауға міндетті нысан берді.
Ауыл шаруашылық тауарларға нарықтағы нақты қажеттілікті анықтау құралы ретінде болады.
Шарттық қатынас қатысушылардың мүлделерін экономикалық қорғау тәсілін қарастырады.
Ауыл шаруашылық кешенді шарт байланысының жүйесі келесі топтардан тұрады, бірінші, жалпы азаматтық шарттар: сатып алу-сату, тасымалдау, кепілге салу, сақтау шарты, банктік несиені жатқызуға болады. Екіншіден, экономиканың ауыл шарушылық секторына бейімделген арнайы шарттар: ауылшарушылық өнімдеріне контрактация шарты, ауыл шарушылық мақсатына арналған жерді жалға беру, ауыл шарушылық өндірісі аясында қоланылатын қызмет көрсету шарттарымен әртүрлі мердігерлік шарттар. Үшіншіден, ауылшарушылық коммерциялық ұйымдарда ішкі шаруашылық және еңбек қатынастарын реттейтін шарттар. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасауға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан, талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептелді.
Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастар екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. «Шарт» термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат. Келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi. Егер келiсiм-шарт жасасу шартында өзгеше көзделмесе, дайындаушы өндiрушiден ауыл шаруашылық өнiмiн оның тұрған жерiнде қабылдауға және тасып әкетудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдау дайындаушы орналасқан жерде немесе ол көрсеткен өзге орында жүзеге асырылатын жағдайда дайындаушының келiсiм-шарт жасасу шартының талаптарына сәйкес келетiн және дайындаушыға шартта келiсiлген мерзiмде берiлген ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Дайындаушы өнiм сапасын стандарттарға сәйкес дәл анықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастар келiсiм-шарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндiрушiге оның талап етуi бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгiленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару мiндетi көзделуi мүмкiн. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi дайындаушыға өсiрген ауыл шаруашылық өнiмiн мөлшерi, сапасы мен түр-түрi келiсiм-шарт жасасу шартында көзделгендей етiп беруге мiндеттi мiндеттеменi орындамаған немесе мiндеттеменi тиiстi түрде орындамаған ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзiнiң кiнәсi болған жағдайда жауапты болады. Ауыл шаруашылығындағы шарт- құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығындағы шарттар Азаматтық кодекске сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Ауыл шаруашылығындағы шарттың басқа мәмілерден және басқа заңдық факторлардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың кеелісімі. Ауыл шаруашылығындағы шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп таптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет [4, 234 б] .
Ауыл шаруашылығындағы шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет болады. Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік айда болады. Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдауға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық шарттық қатнатарында да жария шарт туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қоя ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бәрлескен қызметтуралы шарттан ортақ меншік обьектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы шарттан авторлық қатынастар, өнертапқыштық қатынастар туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды. Ауыл шаруашылығындағы шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпыы ереже қолданылады, себебі Азаматтық кодексінің шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың Азаматтық кодекстерінде көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ереже өзгедей көзделмеген. 379-баптың 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық факторлардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану Азаматтық кодекдегі шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер шарттардың кейбір түрлерінде басқаша шешіледі. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының мәнінен шарт жасаумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар Азаматтық кодекстің 2 және 12-тарауларында немесе шартта Азаматтық кодекстің 22-тарауында қарағанда басқаша шешіледі. Ауыл шаруашылығындағы шарт Азаматтық кодекстің 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы е режелерді қолдану туралы мәселені шешпейді, мұны Азаматтық кодексінде елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады. Ауыл шаруашылық шарттық қатнатарында да шарт еркіндігі қолданылады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасауда еркіндік берілген Азаматтық кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттеме, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Ауыл шаруашылық шарттық қатнатарында да шарт еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.
Ауыл шаруашылық шарт еркіндігі Азаматтық кодекде бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады. Ауыл шаруашылығындағы шарты Азаматтық кодекстің 380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықталады, соларға сәйкес шарттар жасалынады. Шартта формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге барілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді. Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады. Ауыл шаруашылығындағы міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер Азаматтық кодекстің арнайы бабында жинақталған. Шарт жасау міндеті Азаматтық кодексінде егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген [5, 110 б] .
Ауыл шаруашылығындағы өнімдерін сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабаның 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 23-бабыннда бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатып алушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасауға міндетті [ 6 ] .
Ауыл шаруашылығындағы шарт жасау міндеті еркімен қабылдаған міндеттемелерден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандару міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Ауыл шаруашылық шарт еркіндігі қағидасы тараптардың заңдарда көзделген шарты да, көзделмеген шарты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай - 380-баптың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шаттардың жаңы түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады [7, 111-б] .
Ауыл шаруашылық шарттық қатнатарында да тараптар заңда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ереже «азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негідерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздер мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады» делінген. Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуіді көздейді. Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір ғана шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Ауыл шаруашылығы шаруашылықтың барлық санаттарына ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтары және үй шаруашылықтары жатады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік және олардың негізінде құрылған басқа өндірістік шаруашылықтар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады. Үй шаруашылықтарына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бау-бақшалар, саяжай учаскелері жатады. Шаруа (фермерлік) қожалықтары - өмірлік мұраға қалдырылған қожалық, немесе жерді жалға алып пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын еркін кәсіпкерлік нысаны. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі күнтізбелік жыл бойындағы өткізудің нақты орташа салмақтандырылған бағасы бойынша өсімдік пен мал шаруашылығының өндірілген өнімдерінің ақшалай көрінісін білдіреді. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін есептеп шығару үшін оның көлемінің салыстырмалы бағалардағы көрсеткіші қолданылады. Мал мен құсты өткізу бойынша мемлекетке, тұтыну кооперацияларына, базарда, өзінің сауда желісі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары арқылы сойып сату, баспа-бас айырбастау операциялар бойынша айырбас және басқалары келтіріледі. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін есептеп шығару үшін оның көлемінің салыстырмалы бағалардағы көрсеткіші қолданылады. Сүт өндіру сатылғанына немесе бір бөлігінің шаруашылықтағы бұзаулар мен торайларды суаруға жұмсалғанына байланыссыз нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, бие сүттерімен сипатталады. Еміп жүрген бұзаулар емген сүт өнімге кірмейді және сиыр өнімділігін есептегенде есепке алынбайды. Жұмыртқа өндіруге жыл бойы үй құсының барлық түрінен, құсты ұдайы өндіруге кеткен жұмыртқаны қоса (инкубация және басқалары), алынған жиыны кіреді. Мал шаруашылығы өнімін өндіру. Үй шаруашылығы мен шаруа (фермерлік) қожалықтары бойынша бұл көрсеткіштер көптеген елдерде қолданылып жүрген тәжірибеге сәйкес Агенттік өңдеген әдістеме негізінде ай сайын есептеледі. Бұл есептеулер (бағалаулар) негізіне мал мен құстың жыл сайынғы есебі (санағы), үй шаруашылықтары мен шаруа (фермерлік) қожалықтарының қызметтерін ішінара тексеру және басқа ақпарат көздері алынған. Әрбір аудандағы және облыстағы мал шаруашылығы өнімінің көлемін және мал санын анықтағанда олардың қозғалысының барлық баптары бойынша топталған мал мен құстың әр түрі бойынша ай сайын табын айналымы құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz