Италияның кітап басу ісінің шығу тарихы



Жоспар:
I.Кіріспе: Италияның кітап басу ісінің шығу тарихы
II. Негізгі бөлім:
а) Алғашқы баспалар мен баспагерлер
б) Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия баспалардың жағдайы
в) XX ғасырдағы Италия баспаларына шолу
г) Кітап шығарылымдарының құрылымы
д) Қазіргі кездегі заманауи баспалар
III. Қорытынды
Италияның қолжазбалық алғашқы кітабы кешеуілдеп дамыған антикалық дәуірден басталған. Мазмұны жағынан шебер жазылған кітаптардың бірі алғаш Оңтүстік Италияда VI ғасырда дүниеге келген. Кітапты жазып, жарыққа шығарған остготтардың королі Теодорих Кассиодормен жақын араласқан христиандық жазушы болды. Теодорих Кассиодордың нұсқауымен қаланған Визариум шіркеуінде рухани кітаптар мен классикалық ежелгі шығармалар өте бағаланатын. Кассиодордың еншісінде Еуропадағы орта ғасырлық таптырмас 12 томдық «Тарих дайын» және «Рухани және саяси оқытылымға нұсқау» атты кітаптар бар.
Италияда орта ғасырларда алғашқы кітап өндірісі Боббио, Верона, Монтеккасино қалаларындағы шіркеулік скрипторияларда қарқынды дамыды. Ол жерлерде библиялық мәтіндер, шіркеу папасының жинақтары, полемиялық әдебиеттер, антикалық және орта ғасыр жазушыларының шығармалары жарыққа шығып жатты.
Шіркеулік кітаптармен қоса, бай-феодалдарың саяси көзқарастары жайында да кеңінен кітаптар басылды.
Италия мемлекетінде кітап басу ісінің алға жылжуына қалалар мен университеттердің қарқынды дамуы әсер етті. Мәдениеттің алдыға қарай қарыштап өрлеуіне Флоренция, Венеция т.б. қалалары өз үлестерін қосты. XII- XIV ғасырларда кітапқа деген сұраныс халық арасында лезде өседі және оның тақырыбы мен мазмұндық жағынан сапасының біршама өсуі кітап басу ісінің бет-бейнесін өзгерте түседі. Пергаментті кодексті қағаз кітап алмастырады. Бұған себеп болған Италиядағы XIII ғасырдың соңында пайда болған қағаз фабрикалары. Айтарлықтай деңгейде заң, философия мен жаратылыстану ғылымдары жайындағы әдебиеттер, сонымен қатар орта ғасырдағы философтар мен теологтардың, ғалымдардың кітаптары оқырмандар сұранысына ие болады. XIII ғасырда география ғылымы қарыштап дами бастайды. Венециялық Марко Поло Қытай мен Солтүстік Үндістанға жасаған саяхаты жайында толықтай мағлұмат беретін шолу кітап жазады.
Ең негізгі кітап орталықтарының бірі – университеттер болады. Олардың көзінше философиялық трактаттар мен әдебиеттер жазылған скрипториялар пайда болды.
Егер бұрында көркем әдебиет тек латын тілінде жарық көрсе, енді ана тілінде жарық көру мүмкіншілігі туады.
Итальяндық кітаптың жаңа қарқынмен дами бастауы қайта өрлеу заманымен тұспа-тұс келді. Осы заманда антикалық ескеркіштер мен әдебиет, классикалық көне әдебиетке деген сұраныс өсе түсті. Антикалық авторлар мен олардың ескеркіштерін, жинақтарын зерттеген ғалым-оқымыстылардың арқасында Ежелгі Греция мен Римнің ақын-жазушылары мен драматургтарының еңбектеріне даңғыл жол ашылды. [1]
1. Орысша-қазақша аударма сөздік. 2 том.

2. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990 (22 бет)

3. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990 (23-25 бет)

4. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(26 бет)

5. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(27 бет)

6. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(28-29 бет)

7. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(30-33 бет)

8. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(33-35 бет)

9. Интернет мәліметтері:www.google.ru
www. vikipedya.ru

10. Дубровский О. «Стоимость научных изданий в Западной Европе и США» СП: БАН, 1992. (40-45 бет)

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.Кіріспе: Италияның кітап басу ісінің шығу тарихы

II. Негізгі бөлім: а) Алғашқы баспалар мен баспагерлер

б) Екінші Дүниежүзілік соғыстан
кейінгі Италия баспалардың жағдайы

в) XX ғасырдағы Италия баспаларына
шолу

г) Кітап шығарылымдарының құрылымы

д) Қазіргі кездегі заманауи баспалар

III. Қорытынды

Кіріспе.
Италияның қолжазбалық алғашқы кітабы кешеуілдеп дамыған
антикалық дәуірден басталған. Мазмұны жағынан шебер жазылған кітаптардың
бірі алғаш Оңтүстік Италияда VI ғасырда дүниеге келген. Кітапты жазып,
жарыққа шығарған остготтардың королі Теодорих Кассиодормен жақын араласқан
христиандық жазушы болды. Теодорих Кассиодордың нұсқауымен қаланған
Визариум шіркеуінде рухани кітаптар мен классикалық ежелгі шығармалар өте
бағаланатын. Кассиодордың еншісінде Еуропадағы орта ғасырлық таптырмас 12
томдық Тарих дайын және Рухани және саяси оқытылымға нұсқау атты
кітаптар бар.
Италияда орта ғасырларда алғашқы кітап өндірісі Боббио, Верона,
Монтеккасино қалаларындағы шіркеулік скрипторияларда қарқынды дамыды. Ол
жерлерде библиялық мәтіндер, шіркеу папасының жинақтары, полемиялық
әдебиеттер, антикалық және орта ғасыр жазушыларының шығармалары жарыққа
шығып жатты.
Шіркеулік кітаптармен қоса, бай-феодалдарың саяси
көзқарастары жайында да кеңінен кітаптар басылды.
Италия мемлекетінде кітап басу ісінің алға жылжуына қалалар мен
университеттердің қарқынды дамуы әсер етті. Мәдениеттің алдыға қарай
қарыштап өрлеуіне Флоренция, Венеция т.б. қалалары өз үлестерін қосты. XII-
XIV ғасырларда кітапқа деген сұраныс халық арасында лезде өседі және оның
тақырыбы мен мазмұндық жағынан сапасының біршама өсуі кітап басу ісінің бет-
бейнесін өзгерте түседі. Пергаментті кодексті қағаз кітап алмастырады.
Бұған себеп болған Италиядағы XIII ғасырдың соңында пайда болған қағаз
фабрикалары. Айтарлықтай деңгейде заң, философия мен жаратылыстану
ғылымдары жайындағы әдебиеттер, сонымен қатар орта ғасырдағы философтар мен
теологтардың, ғалымдардың кітаптары оқырмандар сұранысына ие болады. XIII
ғасырда география ғылымы қарыштап дами бастайды. Венециялық Марко Поло
Қытай мен Солтүстік Үндістанға жасаған саяхаты жайында толықтай мағлұмат
беретін шолу кітап жазады.
Ең негізгі кітап орталықтарының бірі – университеттер болады.
Олардың көзінше философиялық трактаттар мен әдебиеттер жазылған
скрипториялар пайда болды.
Егер бұрында көркем әдебиет тек латын тілінде жарық көрсе, енді
ана тілінде жарық көру мүмкіншілігі туады.
Итальяндық кітаптың жаңа қарқынмен дами бастауы қайта өрлеу
заманымен тұспа-тұс келді. Осы заманда антикалық ескеркіштер мен әдебиет,
классикалық көне әдебиетке деген сұраныс өсе түсті. Антикалық авторлар мен
олардың ескеркіштерін, жинақтарын зерттеген ғалым-оқымыстылардың арқасында
Ежелгі Греция мен Римнің ақын-жазушылары мен драматургтарының еңбектеріне
даңғыл жол ашылды. [1]
Италияда кітап басу ісі XV ғасырдың 60-шы жылдарында пайда
болды. Рим қаласының жанында орналасқан Субияко шіркеуіне жазушы және
кітапқұмар Иоанн Турреккрамат кардиналдың шақыруымен Германиядан Гутенберг-
Фуст баспаханасынан Конрад Свингейм мен Арнольд Паннартц келеді. Олар жаңа
полуготикалық романдық нұсқадағы итальян қолжазбаларындағы қаріптерге
ұқсайтын қаріп түрлерін қалыптайды сонымен қатар, алғаш рет құймалы грек
әріптерін енгізеді. Осы қаріп түрлерімен олар 1464 жылы жарық көріп,
қазіргі кезде біздің қолымызға жетпеген Доната кітабын шығарады. Сондай-
ақ, шіркеу папасы мен Цицеронның біршама таңдамалы шығармалары да
(Лактнция мен Августин) жарыққа шығады.

Негізгі бөлім: а)Алғашқы баспалар мен баспагерлер
Кітап басу ісі әсіресе, Венеция қаласында жақсы дамиды. 1469
жылы кітап басуға Шпейерден шыққан (Спира) Иоганн атсалыса бастайды. Ол
екі басылымды (Цицеронның Достарыма хат пен Плинияның Кәдуілгі тарих)
жарыққа шығарады. Спира бет сандарын нөмірлеген кезде тұңғыш рет ыңғайсыз
рим сандарынан бас тартып, араб сандарымен нөмірлеуді жөн көреді. Өзі
бастаған істі артынан інісі Венделин жалғастырады. 1467 жыл ішінде ол 17
кітап басып шығарады. Оның ішінде ең негізгілер: антикалық авторлардың
мәтіндері, Петрарканың Сонеттері мен Дантенің Құдіретті комедиясы.
1470 жылы Венецияға француз Николай Иенсон (Жансон) көшіп
келеді де, тұрғылықты тұра бастайды. Ол барлық еуропалық қаріптердің үлгісі
болатын жаңа қаріп түрлерін енгізе бастайды. Германиядағы Кобергер
тәріздес, Иенсон да баспахана патшасы атағын иемденеді. 10 жыл ішінде ол
өз заманының барлық ғылымдарынан мағлұмат беретін 100 кітап басып шығарады.

35 жыл ішінде Италияда кітап басу ісі 35 қалада қарқынды дами
бастайды.
1500 жылға дейінгі жарық көрген Еуропадағы барлық көркем
әдебиеттің 50 пайызы Италияның үлесіне тиеді. Осы тұста XV ғасырда Италияда
қолжазба газеттердің шыға бастағанын айта кету керек. Венецияның магистраты
барлық елшілерден әр түрлі мағлұматтар мен жаңалықтарды бүкіл әлемге
хабарлау үшін жинады. Жеке тұлғаларға осы газеттерден көшірме жасалынып
беріп отырды. Газета сөзінің өзі майда тиын (гацета) деген мағынаны
білдіреді. Яғни алғашында осындай қолжазбаларды халық азын-аулақ тиынға
сатып алғандықтан, атауы да солай майда тиын газета болып аталып кеткен.
XV ғасырдың соңында Италияда атақты Альд фирмасының аты дүрілдеп
шыға бастайды. Оның негізін қалаған – XV ғасырдың 90-шы жылдары Венецияда
алғаш баспахана ашқан Альд Пий Мануций (1449-1515). Альд мамандығы бойынша
элиннист болады. Және оның негізгі мақсаты – грек және Рим авторларының
мәтіндерін жарыққа шығару еді. Ол алғашқы басылымдарында әсемдік пен
эстетикалық талғампаздығын кеңінен көрсетеді. Жаңа қаріптерді, оның ішінде
курсив пен италик қарпін халыққа кеңінен паш етеді. Бұл қаріптің үлгісі
ретінде папаның кеңсе хаты алынады. 1499 жылы Альд өзінің шедевр болып
саналатын Полифилдің махаббат пен ұйқы арасындағы күресі атты еңбегін
жарыққа шығарады (Гипперотомахиа). Гипперотомахиа XV ғасырдың
баспаханалық өнерінің қорытындысы болып есептелінеді. [2]
Осы тұста нарықта жақсы редакцияланған, бағасы да арзандау,
сапасы мен бағасы бір-біріне пара-пар кітапқа сұраныстың көптігін байқаған
Альд өз басшылығымен Альди Неакадемиа ұйымын құрады. Бұл ұйымға шығарылып
жатқан кітаптарды үнемі жіті тексерістен өткізіп отыратын отыз редактор
енеді. Альдтің қызметкері – Франческо Гриффо майда қаріп түрлерін
қалыптайды. Бұл қағаз бетінің сегізден бір бөлігін алып жататын қаріп
түрлері антиква венециандық стильдегі қаріптер болып аталады. Арзан
бағада in octavo ыңғайлы форматында Альд баспасынан шығып жатқан грек және
рим классиктерінің шығармалары мен оқулықтары сәтті тек Отандық баспалар
мен қатар Еуропалық баспалармен бәсекелес бола білді. Альд баспасының
эмблемасы – дельфинмен біріккен якорь болды. Эмблеманың негізгі ұраны –
тез асық деген мағынаны білдіретін.
Альд Пий Мануций (1449-1515) 153 басылымды жарыққа шығарды. Ол
өмірден өткеннен кейін, оның өндірісін қайын атасы мен әріптесі Андреа
Торрезини (1515 жылдар мен 1529 жылдар аралығы) басқарды. Кейіннен
баспахана 1533 жылға дейін уақытша жабық тұрды да, дәл осы жылы атақты
филолог Альдтің ұлы Павл Мануцийдің бастамасымен ашылды. Баласы мен
кейіннен немересі Пий II аталарының өнеркәсібін жүз жылдай басқарып, 1597
жылға дейін 952 басылымды жарыққа шығарды. Альд Мануций кітап басу ісінің
нарықтық негізін салып, Отандық баспагерлермен қатар, Еуропалық
баспагерлерге бәсекелес бола білді. Максим Грек арқылы ол Ресей мемлекетіне
де кітап сатты.
XVI ғасырдың ортасына таман Альдтердің баспаханасы құрдымға кете
бастады да, оның ізін жаңадан дамып келе жатқан Габриело Джолито де
Ферраридің баспаханасы басты. Бұл Альдтерден кейінгі Италиядағы ең танымал
баспагер еді. Оның баспаханасы Венецияда 856 шығарма басып шығарған. Ол
Реннесанс бағытындағы ұлттық итальян әдебиетін жасап шықты. Әсіресе ол аса
үлкен ынтызарлықпен Ариостоның атақты Ролланд жайындағы жырын және
көптеген басқа да шығармаларын халықтың назарына ұсынды. Ферраридің
баспасынан Пертарка мен Бокаччоның шығармалары тамаша иллюстрациялар мен
орнаментпен жарық көрді. Инквизицияның сотынан қауіп-қатер төнгендіктен, ол
1560 жылдан бастап өз баспасының бағытын өзгертеді. Енді ол діни католиктік
жинақтар мен литургиялық әдебиеттерді қолға ала бастайды. 1559 жылы ол
бірінші Index Librorum prohibitorum – Котоликтік шіркеу тыйым салған
тізім атты кітапты шығарды. Оның баласының кезінде де баспа бәсекеге
қабілетті жұмыс істеді. [10]
XVI ғасырда да Венеция Италияның ең басты кітап басу ісі
бойынша көшбасшылар қатарында болған қалалардың бірі. Қалада ірі
баспаханалар мен кітап дүкендері болды. Венеция басқа қалаларға қарағанда
айтарлықтай деңгейде көп кітап шығарып отырды. Мысалы, XVI ғасырда
Италияда Ариостоның Ролланд жайындағы жыры 213 рет жарық көрген болса,
оның 191 Венецияда шыққан.
Флоренцияда Филиппо Джунттың баспаханасы танымал болды. 1497
жылдан грек авторларының шығармаларын шығарған. Ал, 1503 жылы олар
Альдтерден көшірме жасап, латын және итальян классиктерінің шығармаларын
басады. Филиппо Джунттың кейбір отбасы мүшелері Венеция, Лиона т.б. бірнеше
Испания қалаларында жұмыс істейді.
Италияның кітап басу ісіне айтарлықтай XVI ғасырдың
ортасында белең алған католиктік реакция әсер етті. Иезуиттер ордені
тұтқындалады (1534), жоғарғы инквизациялық трибунал (1542), алғаш рет папа
тыйым салған кітаптардың индексі (1559) жарық көреді. Индекске енген
кітаптардың мемлекет шекарасынан өтуге қатаң түрде тыйым салынды.
Нәтижесінде шығарылып жатқан кітаптардың репертуары мен таралымы күрт
азайды.
XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Отандық жазушылар
мен философтардың шығармалары тек шет елде жарық көретін болды (Англия,
Швейцария, Германия, Франция, Польша, кейіннен Нидерланды). Мысалы Джордано
Бруноның, Т.Кампанелланың, Галилео Галилейдің еңбектері басқа мемлекеттерде
шығады.
Қатаң түрдегі цензураның әсерінен қолжазба кітаптың жаңа екінші
деммен қарқынды, қаулап өсуіне жол ашылды. Шіркеу тыйым салған көптеген
үнпарақтар мен қолжазбалар халық арасына кеңінен таралды. 1626 жылы Римде
миссионерлік қызметтің дамуына байланысты Дінді насихаттау конгрегациясы
негізінде ірі Типографиа делла Конгрегационе де пропаганде Фиде атты
баспахана ашылады. Ол әлем тілдерінде шіркеулік қызметті мақтап,
мадақтайтын шіркеу кітаптары мен сөздіктерді, анықтамалықтарды шығарады.
Бұл баспахана қазіргі таңда да өз жұмысын тоқтатқан емес. Напалеон екі рет
баспадан қаріп қалыптарын тартып алады да, бірақ кейіннен қайтарып береді.
1910 жылы Пропагандалық баспахана мен Стампер Ватикан бірігеді де,
Ватикан полиглотының баспахасына айналады.
XVII ғасырда Италияда қолжазба кітаптардың орнына
баспаханалық газеттер шыға бастайды. Рим қаласында Рим хабаршысы газеті
қала халқының өмірінен сыр шертеді. Осы тәріздес газет Неапольда да шыға
бастайды.
XVII ғасырдың орта шенінде Италияның демократтық қозғалысы
үдеп тұрған кезде, мемелекеттің кітап басу ісі жаңа дәуірді басынан
кешіреді. Жас буржуазияның өкілдері – итальяндық ағартушылар ғылыми қоғам
құрып, баспа ісімен айналыса бастайды.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Италияда француз
ағартушыларының идеялары кеңінен халыққа таныс боп, сіңісіп кеткен еді. Екі
рет итальян тіліне аударылған Дидроның Энциклопедясы мен Д'Аламбераның,
көптеген тыйым салуларға қарамастан, Монтескье, Вольтер, Руссо, Гельвеция
шығармалары жарық көреді. Итальяндық атақты К.Гольдони мен К.Гоцци есімді
жазушылар мен драматургтардың да еңбектері көптеген Еуропа елдерінде
сұранысқа ие болды. [3]
XVIII ғасырда бүкіл Еуропа елдерінде белең алған кітап басу
ісіндегі реформалар итальяндық Джмибатиста Бодонидің еңбек жолында айқын
байқалды. XVIII ғасырдың атақты баспагерлерінің бірі Бодонидің (1740-
1813) әкесі де баспагер болған. Дінді насихаттау конгрегациясы деп
аталатын Римдегі ірі баспада жұмыс істеп жүріп, өзінің осы салаға деген
бейімін байқайды. 1768 жылы Парм патшалығының баспаханасын ашу мақсатында
оны Парм қаласына шақырады. Бұл жерде ол ағайынды Амореттилермен бірге
жүздеген әсем латын, француз және басқа да қаріптерін қалыптайды. Жаңадан
пайда болған, тек Бодонидің өзіне ғана тән кітап стилі Европада ерекше
бағаланатын. Мұның себебі, кітаптардың қағазының ақтығы, бояудың қанықтығы,
нақты, бір ізгілікте жазылған қаріп түрлері сөз жоқ оқырман көңілін
аулайды. Оның шығарған кітаптарының ішіндегі ең атақтыларының бірі – 1793
жылы жарық көрген Виргилий атты кітап. Бұл кітаптың әр беті аса мұқият
зергерлік жұмыспен орындалған. 1808 жылы Гомерді грек тілінде шығарады.
Бодони кітап басу ісіне қызыққан адамдарды үйретуден жалыққан емес. Бодони
өз еңбектерінде 250-ге жуық қаріп түрлерін қолданған.
1721 жылы Миланда қаланған Социета-Палатина баспасы сол
кездегі қоғамда үлкен ғылыми жаңалық ретінде есептелді. Осы баспадан шыққан
маңдайалды еңбектердің бірі – Л.А.Мураторидің Rerum Italicarum scriptores
(1723) шығармалар жинағы. Сонымен қатар ежелгі Римнің көне туындыларын
жарыққа шығаруда Джованни Баттист Пиранезидің баспасы оқ бойы озып тұрды.
1750 жылы Миланда балалар әдебиеттерін, көркем әдебиеттерді, сөздіктер мен
анықтамалықтармен халықты кеңінен қамтамасыз еткен Антонио Валларди
баспасының негізі қаланды.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Италияда екінші Ұлы Отан
соғысына дейін көптеген баспалар өз жұмыстарын қарқынды жүзеге асырып жатты
(Ле Моннье, Франческо Валларди, Р.Х.Данес және т.б.).
XIX ғасырдың екінші жартысында жаңбырдан кейін жауған
саңырауқұлақтардай жаңа баспалар тым көбейіп кетті де, әмбебап кітаптар
шығара бастады. Олардың өнімдерінің ішіндегі ең алдыңғы орындарды көркем
әдебиет, мәдениет, философия, ғылыми әдебиеттер, ғылыми-танымдық әдебиеттер
алып жатты. Халықты арзан кітаптармен Каса эдинтриче Нербини (1897 жылы
негізі қаланған), Каса эдинтриче Адриано Салани (1862 ж), балалар мен
жасөспірімдерді Личинио Каппали (1880 ж) баспалары қамтамасыз етті. Ал,
техникалық әдебиеттерді Личинио Каппали (1880 ж) мен Ульрико хельпи
баспалары шығарды.
1869 жылы Италияда баспагерлер мен кітап сатушыларының ұйымы
құрылады (Ассоциционе Либререиа Италиана). 1883 жылдан бастап аталмыш ұйым
Джорнале делла Либрериа атты басылымды шығара бастайды. Ұйымның
бастамасымен 1900 жылы Джорнале делла Либрериа басылымының катологын
жасау қолға алынады да, 10 жылдан кейін катологтың жаңа басылымы жарық
көреді.
XIX ғасырдың аяқ жағы мен XX ғасырдың басында барлық Еуропа
мен Америка мемлекеттегідей Италияда да, баспа ісі өте қарқынды дамып,
нәтижесінде жаңа баспалар мен баспаханалардың, кітап фирмаларының саны күрт
өсті. Сондай-ақ осы кезде кітап ісінде монополиялау басталды. Яғни
бәсекеге қабілетсіз ұсақ кітап дүкендері мен баспалар өздігінен ірі кітап
өндірушілердің қыспағына шыдай алмай, жойылып кетіп жатты. Әсіресе, 20-шы
жылдары яғни, Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әмбебап баспалар
сұранысқа ие болды.
1908 жылы ашылған жас жазушылар мен ақындардың жинақтарын
шығарған Валекки Эдиторе баспасы мен баспаханалық жұмыстың қызығы мен
шыжығын сипаттайтын кітаптарды кеңінен шығарған Рафаэлло Бертиери
баспалары халық арасында зор ілтипатқа ие болды. Энциклопедиялар, анықтама-
сөздіктер мен заңнамалар 1925 жылы негізі қаланған Институто Джованни
треккани баспасынан жарық көрді.
1924 жылы 12 ақпанда Милан қаласында Италияның Коммунистік
партиясының тұңғыш Унитасы басылды. Дәл осы жылы Милан қаласындағы
Унита баспагерлік ұйымы құрылды. Ұйым КПИ-дің мекемесі, Ленинизм –
теория мен тәжірибе және басқа кітаптарды жарыққа шығарып, соңында
қызметкерлерінің басым бөлігі кәмпескеленді. Коммунистік партияны, саясатты
жарнамалайтын баспадан басқа, кітап дүкендері де болды.
1926 жылы Төтенше заңнамалар қабылданады да, фашизмді
насихаттайтын көптеген баспалардың ғұмыры осылай тәмәм болады. Барлық
оппозициялық баспалар мен ұйымдар жабылып, Мемлекетте бейбітшілік орнату
трибуналы жұмыс істеді.

Б)Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі баспалардың жағдайы
Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде кітап таралымы азайған. (М: 1918
жылы 5400 аталыммен кітап шыққан). Тек 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы
жылдардың ортасы кітап ісінде өрлеу кезеңі болып есептеледі. Италиядағы
сол кездегі кітап таралымы төмендегі кестеде көрсетілген:


Жылдар 1927 1928 1929 1930 1932

Аталым саны 6533 7318 8442 11949 12545

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Италия Фашистік Германия қарамағында
болуына байланысты, кітап ісі тағы да қиын кезеңдерді басынан кешірді. 1939
жылы 9683 аталыммен кітап шығарылды. Кітап басу ісі бойынша Италия әлемде
жетінші орынға ие болды. 30-шы жылдардың соңында Италияда 620 кітап
шығаратын баспа мен баспаханалар тіркеледі. Оның 250-і ірі баспалар.Атап
айтатын болсақ, 120 – Ломбардияда, 57 – Римде, 33 – Пьемонтеде, 26 –
Тосканда, 7 – Сицилияда, 6 – Венецияда орналасқан еді. [4]
Екінші Дүниежүзілік соғыс тәмамдалғаннан кейін Италияның баспа ісі
кеңінен қанат жайды. Бірақ қанша айтқанымызбен, соғыс жылдарына дейінгі
көрсеткішті итальян баспагерлері қайтадан бағындыра алмады.

В)XX ғасырдағы Италия баспаларына шолу

Италия баспа ісінің заманауи кезеңі
Италия әлемде баспа ісі жақсы дамыған мелекеттердің бірі. 1983 жылғы
ақпаратқа сүйенетін болсақ, мемлекетте 1400 полиграфиялық мекеменің 9096-сы
кітап, журнал шығарумен айналысқан. Танымал кітап фирмалары мен
полиграфиялық концерндер әлемдік кітап нарығында нықтап орын алған.
Олардың қатарында: Арти Графиче Амилькаре Пицци, Риццоли, Мондадори,
Фрателли Фабри, Де Агостини, Набиоло, Церутти, Андресотти және
т.б.
Миланға жақын жерде Арти графиче Амилькаре Пицци бірлестігі
орналасқан. Бұл баспаның негізгі ерекшелігі – материалдарының жоғарғы
сапасы мен керемет деңгейдегі полиграфиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германияның баспа саласы
Әлем журналистикасының тарихы
Италия әдебиетінің басу ісінің шығу тарихы
Кітап тарату ісі
Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні
Ғылымның негізі - кітапта
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы
Орта ғасырдағы Италияның өнері
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы орны
Пәндер