Атмосфералық ауаның ластануы. Климаттың ғаламдық өзгерістері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.Атмосфералық ауаның ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. ‘Көшетқана эффектісі мен климаттың ғаламдық өзгерістері ... ... ... ... ..
3.Озондық тесіктің пайда болу себептері, оның зияндық әсерлері мен оларды болдырмау әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.Қышқылдық жауын.шашындар, олардың себептері мен зиянды
әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Атмосфералық ауаның ластануы экожүйемізде едәуір өзгерістерге ұшыратады. Ауаның ластануынан тек қана адамдар емес сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер де зиян шегеді. Бұл бүкіләлемдік адамзаттың проблемасы болып тұр, әсіресе қазіргі технология, өндіріс пен өнеркәсіптердің даму кезінде. Ауаға көптеген қалдықтар мен химиялық зиян заттар шығарылуда.
Осы жұмыста ауаның ластану жолдары мен тигізетін әсерлері және оларды қалай алдын алу жолдары көрсетілген. Біздің әлемімізде назар аударарлық көптеген экологиялық апаттар бар болуда. Сол туралы біз не білуіміз қажет және өзімізді өзіміздің қоршаған ортамызға қалай қарауымыз туралы түсініктеме берілген. Атмосфера – ауадан, химиялық қоспалардан және су буларынан тұратын күрделі жүйе. Ол – метрологиялық режимнің маңызды факторы мен биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процесстердің жүру ортасы. Атмосферадағы әр-түрлі компоненттердің қатынасынан оның радиациялыққа, жылулыққа және ылғалдыққа әсері, өзін-өзі тазарту мүмкіндігі қалыптасады. Атмосфераның газды құрамы, ондағы су буы мен әр түрлі заттар күн радиациясының Жер бетіне өту деңгейін жер айналасындағы жылуды ұстап тұрады. Егер де атмосферада бұл әр түрлі қоспалар болмағанда, онда Жер бетіндегі орташа жылдық температура емес болар еді.
Атмосфераның өте маңызды қасиеттеріне оның тез араластыру мен үлкен қашықтықтарға орын алмастыру мүмкіншілігі, оның басқа да сфералармен және мұхитпен байланыстылығы жатады.
Бұл қасиеттер және оның ластаушы заттарды жинақтап сақтау эффектісінің жоқтығы, бір жағынан атмосфералық процесстердің ғаламдық әсерін, екінші жағынан өзін-өзі тазартуға деген жоғары мүмкіншілігін қамтамассыз етеді. Мысалы, мұхиттармен байланысы арқылы мұхит сулары атмосферадан көміртегтің қос тотығы мен жай тотығының, күкіртты газды және тағы да басқа газдарды өте көп мөлшерде өзіне сіңіріп алады. Атмосфераның көп қоспалары өсімдіктермен сіңіріледі, топырақтық зат айналым процессіне түседі. Ауа массаларының жеңіл орын алмасуы нәтижесінде ауадағы ластаушы заттар таралып кетеді, бірақ осының нәтижесінде жергілікті ластаулар ғаламдық ластаулылыққа қосылады.
Адам атмосфераның қасиеттері мен әр түрлі параметрлеріне, оның химиялық құрамына, жылулық режиміне, ауада қозғалуына, радиоактивтілігіне, электромагниттік фонына және т.б. әсер етеді. Ол, су сияқты, литосферадан бұрын ластана бастады. Сондықтан тда ең алғашқы тиым салу шаралары ауа мен суды ластауды тоқтатуға байланысты болады. Мысалы, ғ. Англияда үлкен қалаларда көмірді отын ретінде жағуға тиым салынды.
1. З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев, С.Д.Фазылов. “Экология негіздері” Қарағанды 2002
2. Бейсенова А.С.,Мелдебаев Ж.Б., Сауатбаев П.З. “Экология негіздері” Алматы, Ғылым 2001
3. Соданов А.К., Сванбаева З.С. “Экология” Агроуниверситет, Алматы 1999

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.Атмосфералық ауаның
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ‘Көшетқана эффектісі мен климаттың ғаламдық
өзгерістері ... ... ... ... ..
3.Озондық тесіктің пайда болу себептері, оның зияндық әсерлері мен
оларды болдырмау
әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
4.Қышқылдық жауын-шашындар, олардың себептері мен зиянды

әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Атмосфералық ауаның ластануы экожүйемізде едәуір өзгерістерге
ұшыратады. Ауаның ластануынан тек қана адамдар емес сонымен қатар жануарлар
мен өсімдіктер де зиян шегеді. Бұл бүкіләлемдік адамзаттың проблемасы болып
тұр, әсіресе қазіргі технология, өндіріс пен өнеркәсіптердің даму кезінде.
Ауаға көптеген қалдықтар мен химиялық зиян заттар шығарылуда.
Осы жұмыста ауаның ластану жолдары мен тигізетін әсерлері және оларды
қалай алдын алу жолдары көрсетілген. Біздің әлемімізде назар аударарлық
көптеген экологиялық апаттар бар болуда. Сол туралы біз не білуіміз қажет
және өзімізді өзіміздің қоршаған ортамызға қалай қарауымыз туралы
түсініктеме берілген.

Атмосфераның ластануы

Атмосфера – ауадан, химиялық қоспалардан және су буларынан тұратын
күрделі жүйе. Ол – метрологиялық режимнің маңызды факторы мен биосферадағы
физико-химиялық және биологиялық процесстердің жүру ортасы. Атмосферадағы
әр-түрлі компоненттердің қатынасынан оның радиациялыққа, жылулыққа және
ылғалдыққа әсері, өзін-өзі тазарту мүмкіндігі қалыптасады. Атмосфераның
газды құрамы, ондағы су буы мен әр түрлі заттар күн радиациясының Жер
бетіне өту деңгейін жер айналасындағы жылуды ұстап тұрады. Егер де
атмосферада бұл әр түрлі қоспалар болмағанда, онда Жер бетіндегі орташа
жылдық температура емес болар еді.
Атмосфераның өте маңызды қасиеттеріне оның тез араластыру мен үлкен
қашықтықтарға орын алмастыру мүмкіншілігі, оның басқа да сфералармен және
мұхитпен байланыстылығы жатады.
Бұл қасиеттер және оның ластаушы заттарды жинақтап сақтау
эффектісінің жоқтығы, бір жағынан атмосфералық процесстердің ғаламдық
әсерін, екінші жағынан өзін-өзі тазартуға деген жоғары мүмкіншілігін
қамтамассыз етеді. Мысалы, мұхиттармен байланысы арқылы мұхит сулары
атмосферадан көміртегтің қос тотығы мен жай тотығының, күкіртты газды және
тағы да басқа газдарды өте көп мөлшерде өзіне сіңіріп алады. Атмосфераның
көп қоспалары өсімдіктермен сіңіріледі, топырақтық зат айналым процессіне
түседі. Ауа массаларының жеңіл орын алмасуы нәтижесінде ауадағы ластаушы
заттар таралып кетеді, бірақ осының нәтижесінде жергілікті ластаулар
ғаламдық ластаулылыққа қосылады.
Адам атмосфераның қасиеттері мен әр түрлі параметрлеріне, оның
химиялық құрамына, жылулық режиміне, ауада қозғалуына, радиоактивтілігіне,
электромагниттік фонына және т.б. әсер етеді. Ол, су сияқты, литосферадан
бұрын ластана бастады. Сондықтан тда ең алғашқы тиым салу шаралары ауа мен
суды ластауды тоқтатуға байланысты болады. Мысалы, ғ. Англияда үлкен
қалаларда көмірді отын ретінде жағуға тиым салынды.
Адамның іс-әрекеті ауа құрамындағы негізгі элементтер – азот пен
оттегінің мөлшеріне көп әсер етпейді, себебі олардың мөлшері ауада көп
(азот – 78,09%, оттегі – 20,95%). Ал көміртегінің қос тотығына келсек (оның
ауадағы негізгі мөлшері 0,03%), оның мөлшері тым жылдам көбейіп келеді,
бұдан басқа да ауада зиянды заттар пайда болуда. Адамның атмосфераға зиянды
әрекеттері оның биосфералық процесстерге араласып, ормандарды өртеу, жер
жырту, жер құрғату, суару, қала мен өндіріс орындарын салу тағы сол сияқты
әрекеттерінен кейін тым жылдам қарқынмен өрлей бастады.

1 кесте
№ Ластаушы заттар Млн.тжыл
1. Көміртек қос тотығы 6000
2. Түтіннің қатты 580
3. бөлшектері Көміртек 360
4. тотығы 320
5. Жеңіл көмірсутектер 160
6. Күкірт тотықтары 110
7. Азот тотықтары 18
8. Фосфор қосындылары 10
9. Сутекті күкірт 8
10. Аммиак 1
11. Хлор 1
Фторлы сутек

Ауаға шығып жатқан көлемі бойынша ең бірінші орынды көміртегтің қос
тотығы алады. Бұл химиялық заттың қауіпті әсері үлкен болмағанмен, оған
ауада ұзақ сақталу мен жинақталу қасиеттері тән. Оның биосфераға негізгі
әсері ‘көшеткі эффектісі’ арқылы болады. Бұған қарағанда СО газының улылығы
үлкен, бірақ та ол ауада тұрақты емес және олСО2 айналып кетеді.
Осы газдардың ішінде үлкен қауіпті болып күкірттің қос тотығы (SO2)
немесе күкірттің ангидриді. Бұл түссіз өткір иісті газ, оның ауадағы су
буларымен қосылыстары (күкірт және күкірт қышқылдары) адамның тыныс
жолдарын қабындырып, ауруға шалдықтырады. Ұзақ уақыт бойы осы заттармен
улану қан айналымын бұзып өлімге де әкеледі. өсімдіктер күкіртті газға өте
сезімтал болып келеді. Бұл газ оларға жеке газ түрінде де, сумен қосылған
түрінде де үлкен зиян тигізуде. Осындай қасиеттері үшін бұл газды әлемдік
ластаушы деп атайды.
Ауада күкірт ангидридінен басқа күкірттің басқа да қосылыстары пайда
болуда. Олардың бірі шіріген жұмыртқаның иісі сияқты исі бар күкіртті сутек
(H2S). Бұл газбен улану өкпе ісінуіне, тынысалу мен жүректің тоқтап қалуына
әкеледі. Келесі улы зат, бұл күкіртті көміртек (CS2) – түссіз оңай жанатын
сұйық зат. Адам организміне ауа мен тамақ арқылы түсіп, нерв жүйесін
бұзады. Бұл зат химия өндірісінде көп қолданылады.
Күкірт туындылары ауаға негізінде антропогенді түрде әр түрлі жанармай
түрлерін жаққан кезде өтеді. Мысалы, көмірлерді, мұнай мен табиғи газдарды
қолданғанда және күкіртті рудаларды өңдеген кезде. Германияда ауадағы
күкірт ангидридінің 63%-тін энергетика өндірісі, 23%-тін өнеркәсіп береді.
Ауаны ластайтын зиянды заттарға азот тотығы, көмірсутектер,
бензопирен, хлор, фтор және басқалар жатады. Бұлардың атмосфераға әсері
негізінен биосферадағы жылулық балансты өзгерту мен озонды жою (фреондар,
азот тотықтары) арқылы көрінеді.
Атмосфера ауасының ластауы
Автомашилардың ауаны ластауы. Атмосфера ауасын ластайтын негізгі
фактор автомобиль болып табылады. Мыңдаған автомашина қымбат бағалы
жанармайды ысырап етіп, ауаны ластап жатады. Автомобиль бөліп шығаратын
газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе
шала жанған көмірсутектері. Шала жанған көмірсутектері машинадан шығатын
түтіннің құрамында машина моторы баяу істеп тұрғанда әсіресе көп
бөлінеді. Сапалы бензин құйылып тоқтаусыз жүрген автомашинаның сыртқы
шығаратын газының құрамында 207 пайыз жанбайтын көмірсутегінің оксиді
болады. Машина жылдамдығын баяулатқан сайын оның мөлшері 6,9 пайызға
артады. Бұдан көрінетіміз даладан гөрі қалады машинаны баяулату жиі
болғандықтан қала ауасына көміртегінің оксиді көп бөлінеді. Бұд зат адам
организміне енетін болса қан гемоглабинімен байланысып, оның оттегін
маталарға жеткізуіне кедергі жасайды. Машина газының құрамында
альдегидтер бар, оларға акролендер және формальдегид жатады. Бұл
заттардың өткір иісі болады. Бұдан басқа газ құрамында азот оксиді,
ажырамаған көиірсутектері – гексен, пентен бар.
Автомобиль адамның еңбегін оңайлатып, қимылын тездетіп жақсы жағымен
бірге, улататын зиянды жағы тағы бар. Бір жеңіл машина жылына төрт тонна
оттегін сіңіріп, бөліп шығаратын газбен бірге шамамен 800 кг көміртегінің
тотығын, 40 кг азот тотығын және 200 кг әр түрді көмірсутектерін бөліп
шығарады.
Атмосфера ауасының өндіріс қалдықтарымен ластануы. Атмосфера ауаны
ластануына себепші болатын негізгі фактордың бірі түсті металлургия
өндірістері. Металлургия заводтарында алюминийді электролиз жолымен алу
кезінде ауаға көп мөлшерде газ және шаң түрінде фторлы қосылыстар шығады.
Жанармай алатын және жанармай өңдейтін химиялық заводтар бөліп шығаратын
заттарда көміртектері, күкіртсутегі жіне иісі сасық заттар өте көп. Бұл
заттар өндіріс технологиясында процесс жүретін жолдар мен ыдыстардың
бекітілуінің нашарлығынан ауаға шығады.
Атмосфера ауасының ластануының сыртқы ортаға және адам организміне
әсері. Ауаның ластығынан жануарлар мен өсімдіктер, бағалы ескерткіштер
зардап шегеді. Афина қаласында жаңбырмен бірге көп мөлшерде күкірт
қышқылы да жауып, ертедегі грек шебері жасаған қайталанбайтын
ескерткіштерді бүлдірді. Ауаның ластығының зардабы барлық өндітісі
дамыған мемлекеттерде байқалады. Афина қаласына жылына 150 мың тонна
күкіртті ангидрид төгіледі.
Шанхайдың фабрмкалары мен заводтарында газ тазалайтын құрылымдар
жоқтың қасы. Сондықтан өндірістерден ауаға жыл сайын 20 миллион тонна
күйе, 15 миллион тонна күкірттің қос тотығы, көптеген миллион тонна көмір
шаңы шығады. Кейбір жел жоқ күндері қаланы басқан қарақошқыл тұманнан
жарығын қосқан машинаның өзі әсер қозғалады.
Күкіртті газ ауада көп сақталмайды, көп болса үш апта сақталдаы.
Алайда ло ауадағы атмосфера суымен әрекеттесіп күкірт қышқылының
ерітіндісіне айналады. Бұдан қауіп артады. Ауадағы күкіртті газ алдымен
адам мен жануарлардың тыныс жолдарын зақымдайды, өсімдіктердің
жапырақтарындағы хлорофилл дәндері бұзылады. Бұдан өсімдіктердің
фотосинтез және тыныс қызметі нашарлайды. Бұл өсімдіктің өсуін баяулатып,
ағаштардың сапасын нашарлатады және ауыл шаруашылық өсімдіктердің өнімі
төмендейді. Ластану мөлшері күшейе беретін болса өсімдік өліп қалады.
Ауадан түскен химиялық заттар топырақтың қышқылдығын арттырады, сөйтіп
егістікке берілген тыңайтқыштардың әсерін төмендетеді, шабындықтардағы
мал азықтық шөптердің бағалы түрлерінің құруына әкеледі. Ауадағы күкірт
қосылыстары метолдардың коррозияға ұшырауын тездетіп, құрылыстарды,
үйлерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді бүлдіреді, өндіріс
металлдарының сапасын нашарлатады.
Ауаның ластануы адам мен жануарлардың денсаулығына әсерін тигізіп қана
қоймай, көп мөлшерде зиян келтіреді. Құрама Штаттарда ауадағы улы заттар
үй жануарларын уландырады, үйлерді бүлдіреді, Лос-Анджелестен 60 шақырым
жердегі қарағайлар, Техастың айналасындағы жеміс бақтары күннен-күнге
құрып бітуде. Ауаның ластығынан қорыққан Япония, АҚШ, ФРГ мемлекеттері
өткізгішті приборлар және аса таза металдар өндіретін өнеркәсіптерін алыс
түкпірдегі ормандарға немесе тауларға көшіруге мәжбүр болып отыр. Бұл
үшін қыруар қаржы кететіндігін түсіну қиын емес. Құрама Штаттарда ауаның
ластануының салдарынан болған шығын 30 миллиард долларға жетіп отыр. Ал
адамның денсаулығына келген зиян, өлімнің көбеюі өшқандай доллармен
есептелмейді.
Ауаның ластануының артуы адамдарды оның зиянды әсерінен қорғау
проблемасын туғызды. Ғалымдар адам организміне енетін лас газдың шегін
(предельно допустимая концентрация, ПДК) белгілеуге мәжбүр болды. Бұл
норма бойынша адам организміне өтетін лас газ мөлшері адамды
уландырмайтын, денсаулығына, хал-жағдайына, мінез-құлығына тура да,
жанама да әсер етпеуі тиіс.
Ауадағы улы заттардың ПДК-дан үздіксіз артып тұруы адам организмі үшін
қауіпті. Түтін, ыс және басқа механикалық түйіршіктер өкпеге еніп
альвеоланы қаптап алады. Нәтижесінде бронхит, эмфизема, астма, тіпті өкпе
рагы аурулары пайда болады. Медициналық статистика АҚШ пен Англияның
өндіріс орталықтарында рактан өлген адамдардың санының көбейіп келе
жатқандығын көрсетіп отыр.
Автомобиль газымен бірге шығатын көміртегінің оксиді адам үшін мүлде
зиян. Мұны қауіптілігіне байланыты ыс газы (угарный газ) деп бекер
атамаған. Ол адам қанындағы гемоглабинмен қосылып эритроциттердің оттегін
қабылдауын тежейді. Осыдан организмде оттегі аштығы пайда болады.
Өсімдіктер үшін ауаға өткен зиянды заттарға күкіртті газ, фторлы
сутек, азот, хлор, қорғасын, сынап, мышьяк және басқа заттар жатады.
Мысалы, күкіртті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауаның ластануы туралы
Атмосфералық ауаның ластануы
Атмосфераның ластануы туралы
Ауа райы және климат
Атмосфераның химиялық ластануының ғаламдық әсерлері
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Қауымдастық (бірлестік) экологиясы
Антропогендік әсердің атмосферада біліну
Пәндер