Ежелгі вавилон патшалығының өрлеуі. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І Тарау. Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі.
1. 1. Б. з. д. ІІ мыңжылдықтағы Қосөзенде орын алған саяси бытыраңқылық.
1. 2. Ежелгі Вавилон патшалығының Қосөзендегі саяси үстемдікке ие болуы.
1. 3. Ежелгі Ассирия мен Хетт патшалығының саяси тарихы.
ІІ Тарау. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау.
2. 1. Ежелгі Вавилонның экономикасының тұрақтылық сипатқа ие болуы.
2. 2. Ежелгі Вавилонның қоғамы және оның әлеуметтік құрылымы.
2. 3. Ассирия мен Хетт заңдары.
2. 4. Ежелгі Шығыс елдерінің заңдарын мектепте оқыту әдістемесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі дүние тарихы - ең бірінші таптық қоғамның пайда болу, өсу, даму және құлауының тарихы. Бірінші тапқа бөліну, таптық езу, қанаушылық, құл иеленуші қоғамда: меншік иесі, құл иесі - толық құқықты еріктілер мен еріксіз, өзі біреудің меншігі болған құлдар арасында болды, ежелгі дүние тарихы осы құл иеленуші қоғамның, құл иеленуші елдердің (Шығыстық, Батыстық), мемлекеттердің тарихы.
Ежелгі дүние тарихын оқығанда осы құл иеленуші қоғамның, таптық қоғамның қалай пайда болғанын, қандай түрде болғанын, әр елдер үшін өзіндік қандай ерекшеліктерінің, өзгешеліктерінің, әлеуметтік - экономикалық және саяси дамудағы айырмашылықтардың немен байланысты болғанын түсіну жалпы заңдылықтарды аңғару - негізгі мақсат. Онсыз адам қоғамының даму процесіндегі көптеген күрделі мәселелерді экономикасының дамуындағы, саяси биліктің түрлеріндегі айырмашылықтарды, тарихи даму заңдылықтарын түсіну қиын болар еді.
Құл иеленуші қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму дәрежесіне қарай: төмеңгі, жоғарғы екі сатысы болды. Бірінші төмеңгі сатысы - шығыстық патриархалдық құлдық деп аталды. Онда құл негізгі өндіргіш күш емес, негізгі өндіруші күш ерікті қауым мүшелері - шаруалар, жаулап алған елдердің бағынышты тұрғындары /түрліше салықтар төлеп, көптеген міндеткерліктер атқаратын/ қаналушы тап, мұнда құлдардың еңбегі шаруашылықта қосымша орында ғана болды. Құл еңбегінің шаруашылықтың барлық саласында да кеңінен, көптеп пайдаланылып, құлдардың негізгі өндіргіш күшке айналғаны антикалық /Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим/ көне заманда болды.
Соңғы уақытта біраз Шығысты зерттеуші тарихшылар Хаммурапи патшаның тұсындағы Вавилонда да классикалық құл иелену болды дегенді айтып жүр. Сонымен құл иеленуші қоғамның жоғарғы классикалық, төмеңгі - патриархалдық сатылары болды. Осы жағдайға лайық мемлекеттің - саяси биліктің де түрліше формалары болды. Бұл арада егіншіліктің бірінші шарты - жерді қолдан суландыру, яғни ирригациялық жүйелер, ал оның өзі не қауымның, не провинциялардың, не орталық үкіметтің ісі болып табылады. Шығыстық биліктің әрқашанда да үш мекемесі болды; олар қаржы мәселесі /ел ішіндегі қанау/, соғыс /ел ішіндегі және бөтен елдерді қанау/ және қоғамдық жұмыстар /ұдайы өндіріс қамы/.
Ертедегі көне заманнан сақталған жазба деректерді табу, оқып түсіну, өз жұмысына қажетті мәліметті танып ала білу тарихшы үшін оңай жұмыс емес, ол үшін алдымен өз тақырыбына байланысты классиктердің пікірін, әсіресе ертедегі шығыс қоғамы - антикалық қоғам, бұл қоғамдардағы өндіріс тәсілі, өндіргіш күштер, меншік, жерге меншіктің шығыстық бірінші түрі, антикалық, екінші түрі туралы деректерді; таптық қоғам, таптар мен топтар, олардың ара қатынастары соғыс, оның түрлері, сипаттары туралы саяси құрылыс, оның негізгі түрлері туралы әр түрлі ғылыми еңбектерді оқып, пайдалану тарихи - қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсініп, өз мамандығында, зерттеу жұмысында пайдалана отырып Ежелгі Вавилонның Хаммурапи патша тұсындағы әлеуметтік - экономикалық және саяси сипатын анықтау біздің зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтайды.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Ежелгі Вавилон тарихынан көп, кеңінен мағлұмат беретін деректер көзі негізінен материалдық мәдениеттер ескерткіштері болып табылады. Сонымен қатар, әр түрлі шаруашылық құжаттары, хаттар, әдеби шығармалар мен антикалық авторлардың еңбектері де Хаммурапи патша тұсындағы Вавилон туралы құнды да қайталанбас мәліметтер береді.
Европалық ғалымдар Ж. Опперт пен Э. Хинкс және тағы басқа ғалымдар бірлесе отырып, ХІХ ғасырдың 40 - жылдары Месопотамия жерінен табылған қыш тақтайшалардағы аккадтық сына жазудың кілтін тапты. Аталған жәйт, Ежелгі Вавилон тарихын оқып - зерттеуде үлкен бет - бұрыс жасап, Месопотамия тарихының зерттелуін біршама жоғары деңгейге көтерді.
Хетт тарихын зерттеу кешігіп басталды. Рас, өткен ғасырда табылып зерттелген египет және аккад текстерінде, Египетпен, Вавилонмен және Ассириямен әскери қақтығыстары және дипломатиялық байланыстары болып тұрған Ұлы Хетт патшалығы туралы дерек ұшырасады. Кіші Азия мен Сирияда шашырап жатқан хетт ескерткіштерімен танысу әлі үстірт және материалдық мәдениетті зерттеу түрінде болатын.
Тек, 1906 жылы ғана шығысты зерттеуші неміс ғалымы Г. Винклер Богазкеой төбесін (осы күнгі Анкараның шығысында) жүйелі түрде қазуға кіріседі, оның астында Хетт астанасы Хаттусаның қалдығы бар болып шығады. Хетт патшаларының сарайлары қазылып, одан сына жазу текстері бар ежелгі шығыс халықтарының әр түрлі тілдерінде жазылған саз балшық тақталары табылған.
1915 жылы бұл жазуларды оқудың және түсінудің кілтін тапқан чех ғалымы Б. Грозныйдың еңбегі зор болды.
Бұл арадан көп мөлшердегі сына жазба құжаттарымен бірге едәуір мөлшерде хеттардың иероглиф жазулары да табылған. Сырт көріністері жағынан олар египет иероглифтерімен ұқсас болғанымен, жақынырақ танысып қараған адам оның өзіндік ерекшеліктерін де байқай алады. Хетт иероглифтері сирек, көбінесе хетт елінің орталығында емес, шығыс аймағында қолданылған. Хетт жазу-сызуын және тарихын зерттеу ісінде көптеген ғалымдар ат салысты. В. В. Струве хеттарда құл иеленудің үлкен рөл атқарғанына көңіл аударды.
І. ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОН ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІ.
1. 1. Б. з. д. ІІ мыңжылдықтағы Қосөзенде орын алған саяси бытыраңқылық.
Солтүстігінде Армения тауларынан бастап, оңтүстігінде Парсы шығанағына дейін, ал шығысында Иранның таулы аймақтарынан батысында Сирия-Месопотамиялық далаға дейін созылған кең алқапты алып жатқан территорияны ежелгі грек географтары Месопотамия деп атаған. Көне грек тілінен аударғанда Месопотамия атауы «Қосөзен» деген мағына береді. Орыс тілді әдебиеттерде көбінесе «Қосөзен» (екі өзен атауы - Евфрат және Тигр) атауы кеңінен қолданылады.
Ежелгі Месопотамияның байырғы тұрғындары Евфрат пен Тигр өзендерін «Ащы өзен» деп атаған. Евфрат өзенінің екі ірі салалары - Балих және Хабур, ал Тигр өзенінің ірі салалары - Жоғарғы және Төмеңгі Заб, Диялы өзендері болып табылады.
Ежелгі Месопотамия жерін адамдар ежелден, жаңа тас ғасырынан (неолит) мекен еткен. Алғаш мекен еткен шумерлік субарей тайпалары болып табылады. Олардан хассун және халаф сияқты археологиялық мәдениет ескерткіштері қалған. Олардың тілдері шығыссемиттік аккад тілдер тобына жатады. Олардың тілдері бірнеше диалектіде болған. Оңтүстік Месопотамияда вавилондық диалекті болса, керісінше Солтүстік Месопотамияда ассириялық диалекті болған. (4; 120) .
Екі мыңжыл бойы Шығыстағы ежелгі өркениеттердің ірі орталығы болып келген Вавилонның пайда болуы мен өрлеуіне Месопотамиядағы өте шиеленіскен бірқатар саяси оқиғалар легі өз әсерін тигізбей қойған жоқ. ІІІ Ур династиясы құрған бір орталықтанған мемлекеттер - Шумер және Аккад патшалықтары б. з. д ІІІ мыңжылдықтың аяғы мен б. з. д. ІІ мыңжылдықтың басында батыстан, Сирия даласынан келген мал шаруашылығымен айналысатын батыссемиттік сути тайпаларының күшті соққысынан құлады. Аккадтықтар оларды аморей тайпалары деп атады. Аккад тілінен аударғанда «Амурру» атауы, «Сирия» немесе «батыс» деген ұғымдарды береді.
Сонымен қатар жеңіл олжадан оңтүстік Месопотамияға басып кірген эламиттер де бас тартқан жоқ. Ур династиясының соңы элам басып алуымен аяқталды, Ибби-Суэн патша тұтқынға түседі. Ур династиясының құлауымен Вавилонияның бірлігі, ынтымағы уақытша тоқырауға тап болады. Гегемондыққа бір уақытта екі қала, орталық Вавилониядағы Исин қаласы және оңтүстіктегі Ларс қаласы таласты. Екі қаланың династияларының атауларына баса назар аударатын болсақ, олар семиттік атаулар. Бұдан біздің байқайтынымыз Шумердің интенсивті түрде семиттену құбылысы.
Исин патшалары әлсіз билеушілер болды, олар шығыста эламиттермен күрес жүргізсе, батысында аморейлермен, өз ішінде сеператистік ағымдармен күрес жүргізулеріне тура келді. Дәл осындай қауіптер Ларс патшаларына да төнген болатын. (2; 48) .
Кейін келе патшалар Урукта пайда болды, солтүстікте Сумуабума негізін салған династия көтерілді. Сол кездегі патша аттарына мұқият көңіл бөліп қарайтын болсақ, олардың шыққан тектері аморей тайпасынан болатындығын байқаймыз.
Аталған осы Сумуабума династиясының өкілдері Вавилонды Азияның астанасы ретінде атағын шығарғандар болды. Сумуабума патшаның ұлы Сумалаилу Вавилонды Азияның басты қаласы, негізгі орталығы етуге тырысып, осы мақсат жолында бірқатар шараларды іске асырды.
Атап айтсақ, ол ұсақ аморей патшалықтарының түгелдей басын біріктірді, және өзінің патшалығына Киш және Сиппар патшалықтарын қосып алды. Сумалаилу құрған патшалықта өзге жерлік династия өкілдері болған жоқ, ол таза аморей династиясынан құралды.
Сумалаилудың ұлы оның мұрагері Забум жергілікті Мардук құдай құрметіне «Эсагила» храмын тұрғызған болатын.
Осы патшалықтың солтүстігінде жаулап алушылық, басқыншылық пиғылдағы басқа да семиттік патшалықтар орналасқан болатын. Диалы (Гинда) өзенінің басқы ағысында Хольвандағы Серипул-Зохаба таулы аймағында, Тигр алқабынан Элам жеріне өтер жерде Анубанини патша өз барельефін салған болатын.
Бұл патша Загра таулы жоталарын мекен ететін семиттік луллубей тайпаларының патшасы болатын. Барельефте орналасқан бейне суреттерді сипаттайтын болсақ, өз жауларын тықсырып жеңіске жеткен патшаның жауынгер Иштар құдайдың қолынан жеңісті алу кезін бейнелеген.
Негізінен көптеген тарихшылардың пайымдауынша осы таулы аймақта шумерлік ықпалы бар семиттік тайпалардың осындай сипаттағы, яғни көп жағдайда соғысты бейнелеген рельефтердің көптеп табылуы осы кезеңнің басты сипаты саяси бытыраңқылықты меңзейді деп ой қорытады.
Осы Тигр алқабынан Элам жеріне өтер жердегі рельефтерден бүтіндей семиттік таулы патшалықтар құрылып Сеннаара мәдениетінің негізін салады.
Дәл осындай сипат негізінен эламиттерге де тән болып келеді. Аталған осы кезеңде эламиттер өздерінің басты мақсаттарын жүзеге асыруға тырысқан болатын. Сеннаараның құлдырауы, оның орнындағы үлкен империяның орнына өзара жауласқан ұсақ патшалықтардың пайда болуы эламиттер үшін өте оңтайлы сәт болғаны белгілі. (1; 19) .
Сол кезеңде семиттік тайпаларда саяси бытыраңқылық, жалпы құлдырау байқалатын болса эламдықтарда керісінше саяси өрлеу, өзара ынтымақ, бір орталыққа жиналу байқалды. Сеннаараның әлсіреуіне байланысты эламиттер қолайлы сәт туғанын сезіп Лугальзагисси мен Саргонның ізінше батысқа бет алды. Сонымен қатар эламиттерге Башашушинак және Идадуушинак қалаларын тастап кеткен исактар (патесилер) қосылған болатын,
Алайда көп жағдайда эламиттердің өзара бірлесуі бейбіт түрде жүріп отырды, мәселен Суз қаласының әміршілеріне (эламиттер) Қосөзен Туплиашамен шектесіп жатқан исак (патесилер) өз еріктерімен қосылды.
Сеннаар билеушісінің асқан қатігездігі мен қаталдығынан ығыр болған патесилер өз тағдырларын осылайша шешті. Дегенмен де эламиттердің саяси бір орталыққа бірігуі соғыстар нәтижесінде болғаны белгілі.
Элам билеушісі Кудурнахунди көптеген ірі басқыншылық соғыстар жүргізіп, бұрыңғы семиттік билеушілерді өз артықшылықтарынан айырып төмендетіп жіберді. Осыдан бастап эламиттердің батысқа жылжуы еш кедергісіз, өте қолайлы сәттерде өтті.
Ежелгі қасиетті қалалар Урук пен Ниппур толықтай тоналды, Ниппур қаласында орналасқан храм кітапхана жермен жексен етілді. Кейін төрт мың жыл өткеннен кейін американдық археологтар осы храм кітапхананы тауып сол кезеңнің өте бір үлкен мәдениетін ашты.
Ларс патшасы Арадсин Эмутбала далалық аймағындағы билік етуші Кудурмабук патшаны өз әкесіне балайды. Кудурмабук патша өзін «адда» деп, яғни бүкіл аморейлік батыстың әкесімін деп санайды. Негізінен ежелгі Қосөзен, сонымен қатар бүкіл алдыңғы Азия ежелгі Эламға вассалды қатынаста, яғни тәуелді болды. Эламиттер тіпті ежелгі қалаларға өз патшаларын қойып отырған. (3; 47) .
Кудурмабук патша Ур қаласында Сину храмын тұрғызған болатын. 1912 жылы Лувр мұражайынан Кудурмабук патшаның ежелгі соғыс құдайы Нергалуге арнаған арнауының жазбасы жарыққа шықты. Ол жазбада Кудурмабук патшаның Казаллу қаласының билеушісі Мутибалды жеңгені туралы және де Ларс қаласын басып алып жергілікті династия билігін құлатқаны туралы аса мақтанышпен айтып жазылған.
Аталған жазбада эламдық билеуші өз әрекетін Ларса тағы үшін кек қайтарғанын жазған. Кейіннен ол Ларса тағына, қаланы қалпына келтіргеннен кейін өзінің ұлы Арадсинді отырғызған.
Ал кейін келе Арадсиннің інісі Римсин өзіне Ниппурды және тағы да басқа оңтүстік қалаларды бағындырды, Урук патшалығын талқандайды, және де жақсы қаруланған әскерінің арқасында Ану, Энилиля мен Эаны басып алады. Ол өзін бүкіл Сеннаара билеушісі деп атап, Вавилондық патша Синмубаллит оның вассалы ретінде эламдық аптша билігін мойындайды.
1. 2. Ежелгі Вавилон патшалығының Қосөзендегі саяси үстемдікке ие болуы.
Ірі патша шаруашылықтарына арқа сүйеген экономикалық жүйеде орын алған дағдарыс, ІІІ Ур династиясының құлауы, аморей тайпаларының Шумер және Аккад мәдениетінің орталықтарын қиратуы Месопотамия территориясында орталықтанған мемлекеттің уақытша құлдырауына алып келіп, саяси бытыраңқылыққа жол берді.
Осындай жағдайлар ағымында жаңа орталық - Вавилонның ролі мен маңызы арта түсті.
Оңтүстік Қосөзен қоғамы үлкен әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарысты бастан кешіріп, өзінің тарихи дамуында жаңа күш ала бастады. Ирригациялық жүйедегі жаңа жетістіктер, сауда мен қала өмірінің жандануы барлығы да айқын байқалды.
Вавилонның өрлеуі, кемелденуі І Вавилон династиясының алтыншы патшасы Хаммурапидің (б. з. д. 1792 - 1750 жж) билік еткен жылдарымен тұспа-тұс келді.
Хаммурапидің жеке тұлғасына келетін болсақ, ол аса дарынды саясаткер, қоғам қайраткері, өте қырағы, қу дипломат, білімді стратег және шебер ұйымдастырушы болған.
Хаммурапи өз мақсатын іске асыруда өзі уақытша құрған әскери одақтарды тиімді пайдалана білді. Алғашында Хаммурапи Ларс мемлекетімен өзара көмек жөнінде келісімге қол қойып өзіне қауіпсіз жағдай туғызып алған болатын.
Өзіне уақытша көмектесетін серік тапқан Хаммурапи өз кезегінде оңтүстік қалаларды жаулап ала бастады, алдымен Урукты бағындырған ол кейіннен Иссинді басып алды. Келесі кезекте оның назары Ассирия билігінен енді ғана босаған Мари мемлекетіне ауды. Тағында жергілікті династия өкілі Зимрилим отырған Мари мемлекетімен Хаммурапи достық, бейбітшілік келісім-шартқа отырған болатын. (7; 125) .
Мари мемлекетімен арадағы одаққа сүйенген Хаммурапи Ассирия мемлекетімен одақтасқан Эшнунну мемлекетін басып алды. Мари мемлекетінің басшысы Зимрилим бұл жеңісте Хаммурапимен бәсекелесуден бас тартып, Хаммурапиге былай деп хат жазды: «Өзің биле не болмаса өзің қалайтын біреуді қой».
Ендігі жерде одақтастар Ларса патшалығына соққы берді. Ларс патшалығының билеушісі Рим-Син жеңіліс тауып Эламға қашып кеткеннен кейін оның да патшалығы Хаммурапиге қалды.
Осыдан бастап Месопотамия территориясында екі ірі мемлекет қалды: Өзінің қол астына елдің барлық оңтүстік және орталық бөлігін қаратып алған Вавилон, және оның оның одақтасы өзін «Жоғары елдің билеушісі» деп санаған Мари патшалығы қалды.
Мари патшалығы Вавилон үшін күшті және қауіпті бәсекелес болды, Евфрат өзенінің орталық ағысында орналасқан Мари мемлекеті өзінің маңайына Евфрат жағалауындағы қалаларды (ең ірісі - Терка) біріктірді, Сирия-Месопотамиялық далалардағы бірқатар көшпелі тайпаларды (дидандар, ханейлер) өзіне бағындырды, шығысжерорта теңізі мемлекеттерімен: Библ, Угарит, Каркемиш, Ямхад және Кипр, Крит аралдарымен сауда-саттық және дипломатиялық байланысқа түскен.
Терке қаласынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде египет қоңыздары мен хеттік мөр табылған.
Зимрилим патшаның билігі кезінде Мари қаласында алып жатқан көлемі төрт гектар болатын, үш жүзден асатын тұрғылықты, шаруашылық және мәдени сипаттағы бөлмелері бар алып сарай тұрғызылды. Ол сарай әр түрлі фрескалармен, көптеген мүсіндермен әшекейленді, террактылы ванналармен, канализациялармен, шетелдік елшілерге және жаушыларға арналған бөлмелермен, шаруашылық және дипломатиялық архив қорларымен жабдықталған. (13; 156) .
Өз уақытында бұл сарай «Әлем кереметіне» теңелген, сарайды көруге саяхатшылар Угарит, Ямхад және Вавилоннан келіп отырған.
Зимрилимді Хаммурапимен салыстырғанда әлсіз билеуші деп айтуға болмайды. Вавилонда әруақытта да Зимрилим патшаның елшілері мен барлаушылары болды. Вавилондағы Зимрилим патшаның елшілері мен барлаушылары екі ел арасында бейбіт өмір кезінде де одақтастар әрекетін мұқият бақылап отырған. Осының барлығын Зимрилим патшаның сарайындағы архивтегі хаттар дәлелдей түседі.
Вавилон, Ларса, Эшнунна және Ассирия патшалықтарымен қарым-қатынастағы көптеген өзгешеліктерді Зимрилим патша бұрыннан сезген болатын. Сондықтанда ол Ларса патшалығында вавилондық әскерлермен бірге соғысып жатқан өз әскерін бірден қайтарып алады.
Алайда бұл тактикалық қадам үлкен стратегиялық есептеуді айналып өте алмады: бұл арада Вавилон Мариден өз айласын асырып кетті.
Б. з. д. 1759 жылы жағдайға қолайлы себеп тапқан Хаммурапи Зимрилим патшамен арадағы келісім-шартты бұзып, Мари қаласын шабуылдап, осы бір ірі мемлекетті басып алады.
Кейіннен Зимрилим патшаның көтерілісіне байланысты Хаммурапи патша мемлекетті толықтай жойып, патша сарайын өртеп жібереді. Осы жеңілістен кейін Мари мемлекеті өзінің өмір сүруін тоқтатты, алайда Мари қаласының қалдығы (б. з. д. ІІІ ғ) шейін өмір сүрді.
Солтүстікте өз одақтасынан айрылған әлсіреген Ассирия, ірі қалалар (Ашшур, Ниневия және т. б. ) барлығы да Вавилонның билігін мойындады.
Хаммурапи патшаның билік еткен 35 жылы бүкіл Месопотамияның территориясына жайылған Вавилон державасын құруға кетті. Осы жылдары Вавилон кішкентай қаладан жаңа ірі мемлекеттің астанасы ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар Алдыңғы Азияның ірі экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналған болатын. (22; 78) .
Хаммурапи патшаның заманында Вавилонда ежелгі шығысқа тән қаталдық қалыптасты. Ежелгі Вавилон мемлекеті типі жағынан ерте шығыстық деспотизмге жақын келді. Ел басқару ісі қатаң тәртіпке бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлығы Хаммурапи патшаның қол астына жинақталды.
Патша жерінің қоры өте үлкен болды: мәселен, Ларста патша жері барлық өңделетін жердің 30-50 пайызын қамтыды. Алайда, дегенмен мемлекеттік шаруашылық құрылысы салыстырмалы түрде алғанда ІІІ Ур династиясы кезімен салыстырғанда өзгеріске ұшыраған болатын.
Бір орталықтанған күшті Вавилон мемлекетінің күшейіп, өрлеуі діни сипатта басымдылыққа ие болған болатын. Ежелгі Вавилонда пантеонға Вавилон қаласының қорғаушысы жергілікті құдай Мардук мүсіні орнатылған болатын. Ол құдай мифтерге сүйенетін болсақ, Әлем мен адамзат баласын жаратушы, құдайлар патшасына теңелген.
Хаммурапи патшаның өз шенеуніктерімен жазысқан қатынас қағаздарына қарағанда, басқару ісінің әр түрлі тарауларына, атап айтқанда, қолдан суландыру ісін ұйымдастыруға патшаның өзі басшылық еткен.
Атына жазылған әр түрлі даулы істер мен шағым арыздарды Хаммурапи патшаның өзі қарастырып отырған. Аталған істер жөнінде Хаммурапи патшаның өзі қарар шығарып, өзінің шенеуніктеріне тиісті жарлықтар беріп отырған.
Хаммурапи патша тіпті ерекше жарлықтар арқылы күнтізбеге қажетті түзетулер еңгізіп отырған. Ел билеу ісінде патша күрделі және бір орталыққа бағынған төрешілдік аппаратқа сүйенді. Көптеген шенеуніктердің бірі орталық басқарманы басқарса, енді біреулері Хаммурапи патшаның наместнигі ретінде Сиппар, Ларс, Мари сияқты ірі қалаларды басқарды. (35; 175) .
Көбінесе ірі қалаларды шакканум деген атағы бар ірі шенеуніктер басқарды. Ал керісінше кішігірім, ұсақ қалалар мен аймақтарды рабианум деген атағы бар шенеуніктер басқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz