Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы
Жоспар
Кіріспе
I.Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік.экономикалық мәні мен рөлі.
1.2.Сақтандырудың салалары, сыныптары және түрлері.
II.Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы.
2.1. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
2.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
2.3 Медициналық сақтандыру
III.Қазіргі жағдайдағы Қазақстан сақтық рыногының даму ерекшеліктері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясын басынан кешіруде. Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтерін көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бәрі 40 түрін қамтиды. Өмірді сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтерінің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен қатар актуариилерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Ерекше сақтық қатынастарын, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңи тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы Алматы,2002
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы: Қазақстан,2000.-96 бет.
4. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана:2001.-37 бет.
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі).-Алматы: ЮРИСТ,2002. – 230 бет.
6. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. – М.:Приор, 2000.-256с.
7. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.-527с.
8. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
9. Заяц Н. Е.., Фисенко М.К., Бондарь Т.е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. – Мн.:Высш. шк.,1998.-368с.
10. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы.-Алматы: Мерей, 2000.-154бет.
11. Құлпыбаев С., Баязитова Ш., Баязитова А.Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001. – 176 бет.
12. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов.- Алматы:2001.-512с.
13. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.-285 с.
14. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях. – Алматы:Центраудит – Казахстан,2002.-728 с.
15. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М.В. Романовского. – М.:Перспектива/ ЮРАЙТ, 2001. – 520с.
16. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под ред. О.В. Соколовой. – М.: ЮРИСТ,2001. -784 с.
17. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под ред. Л.А. Дробозиной. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 479 с.

1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөлі.
1.2.Сақтандырудың салалары, сыныптары және түрлері.
II.Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы.
2.1. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
2.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
2.3 Медициналық сақтандыру
III.Қазіргі жағдайдағы Қазақстан сақтық рыногының даму ерекшеліктері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясын басынан кешіруде.
Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген
заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді.
Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтерін көрсетудің
ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бәрі 40 түрін
қамтиды. Өмірді сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген
түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне
байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және
пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары
өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі
және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада
тұрақты жайғасымдарды алып отыр.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы
сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді,
сақтық қызметтерінің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік
сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық
рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен
қатар актуариилерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық
есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар
мен басқа мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Ерекше сақтық қатынастарын, сақтық қызметінің рыногын дамыту,
азаматтар мен заңи тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау Сақтық
қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері
жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау
департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
I.Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үдерістерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резервтік және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда –
мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке
адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыруды – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
залалды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан
болған залалдың орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы
мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық
қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл
қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше
уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты
жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден,
Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға, келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды -
әлуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс,
үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдісі
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде,
яғни бір шаруашылық жүргізуші субъектінің немесе азаматтың шегінде ақша
қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар – жемшөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекетік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі.
Рыноктық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін
рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың
сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық
қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға
жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін
тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын
төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы
сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың
салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін
тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың рыноктық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің
дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы
болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде
ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
үдерісінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін
болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін
қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының денгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес
сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі
сақтық ісі ретінде болады.
„Сақтық қызметі туралы” заңға сәйкес сақтандыру деп сақтық ұйымы өз
активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру
келісімшартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған
кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін қорғауға
байланысты қатынастар кешенін айтады.
Сақтандыру үдерісі сақтандыру келісімшарты негізінде не өзара
сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық
сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы)сақтық
жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт
жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың
(сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар шетелдік заңи тұлғалар,
соның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасы
азаматтарымен және заңи тұлғаларымен бірдей пайдаланады.
Заңи тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан
Республикасы аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан
Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін
сақтандыру тек қана сақтық ұйымы – Қазақстан Республикасының резиденті
жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтық ұйымдарымен, жұмыс
істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғаларымен – Қазақстан
Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде
уақытша болу кезеңіне ғана сақтық келісімшарттарын жасауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының екінші деңгей банктеріне және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және заңи
тұлғалардан – Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан
Республикасының бейрезиденттерінің пайдасына сақтық сыйлықақыларын
(жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыркға тыйым салыныды.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды кіріктіреді: өмірді сақтандыру; аннуитеттік[1]* сақтандыру;
өмірде бегілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру; сақтандырушының
инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныда 17 сыныпты
кіріктіреді, соның ішінде: жазатайым жағдайлардан сақтандыру; ауырған
жағдайдан сақтандыру; көлік құралдарын(автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті залалдан сақтандыру
(көлік құралдары мен жүктерді сақтандыруды қоспағанда); көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; автомобиль, әуе
және су көліктері иелерінің жауапкершілігін қоспағанда, азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру; қарыздарды сақтандыру; ипотеканы сақтандыру;
кепілдік пен кепілгерліктерді сақтандыру; басқа қаржы шығындарынан
сақтандыру; сот шығыстарынан сақтандыру.
Бұдан басқа, мына критерийлер бойынша сақтандырудың нысандарын
айырады:
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша – жеке басты және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды
реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы
міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған
кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін
мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі
сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру
нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша
қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен
белгіленеді.
Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін – оған қатысты оның
өмірін, денсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке адамдардың
да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы –
азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде алдын ала
келісілген ақша сомасын төлеу.
Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ
оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек,
сақтандырудың объектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен
байланысты мүдделер болады.
Мына негіздемелердің: сақтандыру келісімшартымен белгіленген кезеңнің
өтуі бойынша, не сақтық жағдайы болған кезде кез келгені бойынша сақтық
төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру жинақтаушы болып
табылады.Олардың қайсысы бірінші болып келетініне қарай.
Жинақтаушы емес сақтандыру тек сақтық жағдайы болған кезде сақтық
төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру болып табылады.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін)
жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың
жекелеген сыныптары(түрлері) шеңберіндегі пруденциялдық нормативтер
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру келісімшартын
жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін
және беретін сақтық өнімі болып табылады.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып
табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және
оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар міндетті сақтандырудың осы
сыныбын реттейтін заңнамалық актімен белгіленеді.

Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық өндіріс үдерісіндегі залалдың орнын; егер бұл үдеріс
дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде
бұзылса – толтырумен байланысты. Залалдың орны ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы
(мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу
(жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік
игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру келісімшарты жарамсыз
болады.
Жазатайым жағдайдан(* сақтандыру(ауырған жағдайдан сақтандыру
қосылмайды), сақтандырылушы жазатайым жағдайдың кәсіби аурудың салдарынан
қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық
немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген
жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ауырған жағдайдан сақтандыру(жазатайым жағдайдан сақтандыру
қосылмайды) – сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге бұзылуына
байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе

түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін)
сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты
тұлғаның мүліктік мүдделеріне, соның ішінде айдап әкетуді немесе ұрлауды
қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан
келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және
өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану
әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе
су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы
салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы
болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (автомобиль, әуе немесе
су көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін), тасымалдаушының
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді
сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне
байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады
Заемдарды сақтандыру сақтандырушының (заемшының) кредитор алдындағы
міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік
мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда
заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді
орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды
ішінара немесе толық өтемі м өлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.
Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен
кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген
тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық
өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Басқа қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге
асыру нәтижесінде жұмыстан айрылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи
құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және
басқа да шығындар салдарынан шығын келтіру кезінде сақтандыру төлемдерін

Сот шығыстарын сқтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі
қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы
кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Ипотекалық, кепілдіктер мен кепілдемелердің басқа қаржы шығындарының
тәуекелдерін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандыру шығыстың өзінің
ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасының аумағында сақтық ұйымының қызметі „ өмірді
сақтандыру ”саласы бойынша лицензия немесе „ жалпы сақтандыру” саласы
бойынша лицензия негізінде сақтандырудың лицензияда көрсетілген тиісті
сыныптары шегінде жүзеге асырылады.
„Жалпы сақтандыру” саласындағы қызметті:
1) „өмірді сақтандыру” саласындағы қызметпен біріктіруге;
2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруғу болмайды. „өмірді
сақтандыру” саласындағы қызметті „жалпы сақтандыру” саласындағы қызметпен,
сонымен бірге сақтандырудың міндетті нысынындағы тиісті сыныптарды
біріктіре алмайды.
Сақтық ұйымы, өзінде сақтандырудың тиісті сыныптары көрсетілген және
сақтандыру заңнамасында белгіленетін сақтандыру сыныптарын біріктіру
жөніндегі шектеулер ескерілген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екі
және одан көп сыныптарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру
түрін әзірлеуге құқылы.
Сақтық ұйымдарының сақтандыру сыныптары шеңберінде тәуекелдерді
сақтандыру жөніндегі, сондай-ақ сақтандыру сыныптарының мазмұнын қосымша
ашу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етуіне байланысты талаптар уәкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру
жөніндегі қызмет – заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс. Сақтық
ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтық тәуекелдерін қайта
сақтандыруға беруді жүзеге асырады. Сақтық ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі
лицензия болғанда ғана сақтық тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға
құқылы.
„Жалпы сақтандыру” саласы немесе „ өмірді сақтандыру” саласы
лицензиясы бар сақтық ұйымы тек қана „ жалпы сақтандыру ” саласында
сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия
алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде
қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы
„өмірді сақтандыру” және „жалпы сақтандыру” салаларында сақтандырудың
барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату
бөлігіндегі сақтандыру заңының нормалары қайта сақтандыруды қызметтің
ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру,
олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.
2005 жылдың басынан бастап “Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры”
өзінің тікелей қызметін бастады. Қор “Сақтық төлемақыларына кепілдік беру
қоры туралы” заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық
қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары
сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары
болады. Бүгінде сақтандырудың оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға
сәйкес): әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, турагенттер мен
туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде жұмыскерлердің
өмірі мен денсаулығына залал келтіргені үшін жұмыс берушінің
жауапкершілігін сақтандыру, қызметі үшінші тұлғаға (зауыттар, скважиналар,
заправкалар және с.с.) залал келтіру қауіпі бар объектілер иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, өсімдік шаруашылығында сақтандыру,
экологиялық және медициналық сақтандыру.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек
қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің
көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін не сақтандыру келісімшартында белгіленген жасқа
дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына
байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған
жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан
айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента
түрінде келісімшартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-
кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Ануитеттік сақтандыру келісімшарттары
бойынша кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жағдайы
сақтандыру төлемдерінің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен
байланысты емес.
Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының
өмірінде алдын ала ескерілген оқиға(неке қию немесе бала туу) басталған
жағдайларда тіркелген сомада сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін
жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді
сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтық ұйымы қосымша сақтық
төлемдерін жүзеге асыру не сақтық сомасын ұлғайту арқылы алатын табысқа
сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етіле
отырып, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтық мерзімі аяқталғанға
дейін не сақтық келісімшартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген
жағдайда тіркелген сомада сақтық төлемін немесе зейнетақы немесе рента
түрінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтық
ұйымы алатын кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Өмірді сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру,
балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер
есебінен олардың жұмыскерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су
және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру
және т.с.с.
Өмірді сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауптылығы, әскери қызметшілердің
жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы
қызметкерлері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда
болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті сақтандыру болуы
мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері
мүлікті және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес
экономикалық категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік
береді.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандарудың
мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды,
құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның
ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы
операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және
тасымалдау жөніндегі) және т.б. сақтандару. Мүліктік сақтандыруға міндетті
нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-
құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы
өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және
жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз
табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан
міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
2.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру ― азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан
айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет
ұйымдастыратын, бақылайтын және керілдік беретін шаралардың жиынтығы,
азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының
бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек
қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру
әдістерімен қаланған,(13.3 бөлімді қараңыз).
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының
іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап
айтқанда, оның құрамды бөліктерінің бірінің – жұмыс күшінің ұдайы
толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін
қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен
қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс
істейді.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс
істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке
жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа
ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998
жылға дейін қолданылды;
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес
аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде
төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі
салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне
негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне
қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін
қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы
жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы дерективалық экономика, еңбекке қабілетті
халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау,
зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында
тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіби және әлеуметтік
санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен
сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік
сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің
базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға
оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің
болмауын да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының
төмен деңнейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар
алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар
қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы
қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қолар қаражаттарының аса
шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру
қажеттігін тудырады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған
екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес
азаматтар үшін ең аз белгілінген күнкөріс минимумын сақтау
жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа
нысандарын межелеу;
4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті
жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен
қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының
қауыпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың
мұралану құқығын белгілеу;
8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына
жәрдемседі.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік
емес зейнетақылық сақтандыру– зейнетақылық келісімшартқа сәйкес
жұмыскерлердің және(немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары
есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру және мамандандырылған мемлекеттік
емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақы төлеу жолымен азаматтарды
әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылды.
Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар
жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу
құқықтарын сақтау қажеттілігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы
келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті
зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан
зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын
зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы
реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік
зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде
мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
еңбек ету қабілетін жоғалытқан жағдай;
асыраушысынан айрылған жағдай;
жұмысынан айрылған жағдай;
Мыналар, міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып
табылады:
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға
мемлекеттің кепілдік беру;
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
заңға сәйкес әлуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz