ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы -30 жылдарының басындағы мал өнімдерін дайындау науқандарындағы сот процестері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Байменова Ғалия Адиханқызы

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті

Мамандығы 6N0203

ІІ курс магистратура.

ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы -30 жылдарының басындағы мал өнімдерін дайындау науқандарындағы сот процестері.

Кеңес Одағы тұсында жазылған Қазақстан тарихының ақтаңғақтарын саралауға қазіргі таңда кең мүмкіндік бар. Мұрағат құжаттарының негізінде коммунистік идеология көлеңкесінде қалып қойған ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы -30 жылдарының басындағы мал өнімдерін дайындау науқандарындағы сот процестерін зерттеу өзекті болып табылады.

Жаппай ұжымдастырудың басталуына байланысты БК(б) П Орталық Комитеті шешім қабылдаған алғашқы қаулыларының ішінде «Ет проблемасын шешуге байланысты шаралар» мал шаруашылығымен айналысатын қазақ шаруаларының тағдырында шешуші рөл атқарды. Мұнда «ірі ет өндіретін мемлекеттік совхоздарды ұйымдастыру», Колхоздардағы мал шаруашылығын өркендету және «ет өнеркәсібін жасау негізінде » мал шаруашылығы қайта құру кезек күттірмес міндет ретінде ұсынылды.

Қазақстанда 1925 жылдан 1927 жылға дейінгі аралықта үкіметтің тапсырмасын ет дайындаған Казмясопродукт ұйымы еттің бағасын белгілеп, етті базардан сатып алумен айналысқан. Жаппай ұжымдастырудың басталуына байланысты ет және мал өнімдерін дайындау жаңаша жолмен жүргізіле бастайды. Алғашқыда Кеңестер үкіметі ет дайындауды шарт жасасу (контрактация) арқылы шешуге күш салды. Бірақ шарт жасасу ісі алғашқы айлардың өзінде - ақ сәтсіздікке ұшырайды. 1929 жылдың қысы ерте түсіп, қуаңшылық болғандықтан кедейлер мен орташалар шартқа отырғызуға жататын малдарын базарға алып барып сатып, өздері тұтыну үшін сойып алады.

Мал етін дайындау науқанының жоспарын нәтижелендіре түсу үшін 1930 жылдың 16 қаңтарында ҚазАССР ОАК мен ХКК бірігіп «Малды жыртқыштықпен сойып тастаушыларға қарсы шаралар туралы» деген қаулы қабылдайды. 1930 жылдың 16 шілдесінен РСФСР ЮХК Прокуроры Крыленко ҚазАССР Бас прокурорына жолдаған циркулярінде « . . . КСРО мен РСФСР өкіметінің 16 қаңтар 1930 жылы қабылдаған «Малды жыртқыштықпен сойып тастауға қарсы шаралар» туралы қаулысы мал союды едәуір қысқартты. Малдың сойылуын толығымен жою үшін РСФСР Қылмыстық Кодексінің -79 бабымен сотталсын . . . Ауыл белсенділері арқылы малды жыртқыштықпен сою туралы мәлімет алынып тұруына барлық жағдай жасалсын . . . » деген нұсқаулар берілген. /2. 72 б. /

Қаулыда аудандық атқару комитеттеріне «өздері малды жыртқыштықпен өлтіріп жатқан немесе осыған басқаларды арандатушы кулактарды» жерден айыруға және олардың мал мүлкін түгелдей тәркілеуге рұхсат берілді.

Сонымен қатар осы тәркіленген мал иелері соттың шешімімен екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатын және басқа жерлерге жер аударылатын болды.

Қаулы жеке шаруаларды ғана емес, колхоз мүшелерінде жазықсыз жазалауға жол ашып берді. Онда «өздерінің малдарын сойып алған немесе сатып жіберген » шаруаларды колхоздарға қабылдауға тыйым салынды.

Оның үстіне осындай әрекетке барған колхоз мүшелері колхоздан шығарылуға тиіс болды.

Бірақ бұл қаулы меншік иелерін қуғын- сүргінге ұшыратудың жаңа науқанына негіз қалап қана қоймай сонымен қатар жергілікті жерлерде ет дайындау қарқынын төмендетуге де алып келді. /3. 66б. /

Бұл қаулыны орындау кезінде Қазақстанның барлық аудандарында жазалау, соттау науқандары күннен - күнге үдей түскен. «Малды жыртқыштықпен сойып тастауға қарсы күрес шаралары туралы» қаулы 1930 жылы жарияланғанымен, алдыңғы жылдары малдарын сатқан, сойған шараларды жазалау кеңінен жүргізіледі.

Тек, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан аудандардағы малшыларға үкімет пен партия ұйымдары астық дайындауды да жүктейді. Бұл жағдай малшы қазақтарды астық дайындау науқанының жоспарын орындау үшін, малдарын астыққа айырбастауға мәжбүр еткен. Өйткені астық дайындау науқанының жоспарын орындамағандар заң органдары тарапынан қатал жазаланғаны белгілі. Ендігі жерде «Малды жыртқыштықпен сойып тастауға қарсы күрес шаралары туралы» қаулы қабылданғаннан кейінгі мезгілде, малшыға жоспарланған астық жоспарын өтеу мақсатында, малын сатқаны үшін де соттық жауапқа тартылған. / 2. 72-73б/

Орталықтан келген мал дайындау науқанына байланысты үздіксіз тексерулер жекелеген аудандардағы заң органдарының жасаған жұмыстарына төмендегіше баға беріп отырған:

« . . . Міндетті шаруасын орындамаушы бай әлді шаруаларға тиісті кеңес органдары арқылы салынған айыптар түгел ендірілмеуімен қатар, малдарын сатып жоқ қылушыларға әкімшілік шаралар қолданылмаған. Бұл ретте Қ. К 79 бабы бойынша 3-ақ жұмыс сотта қаралған. Өлкелік дайындау орындарынан, немесе заң комиссариатынан ауданда дайындық жұмыстары нашар деп келген хабарлар бойынша 26. 10. 30 мал союзі және үш ауыл кеңестерімен сельсоветтің науқанға байланысты жұмыстары тексерілген. Бұл тексеру барысында табылған екі ауыл кеңесінің жұмысында міндетіне салқын қарағаны үшін, қылмыс қозғап тергеуге беріп, басқалары жайында тиісті нұсқау етілген. Жеке ауылдарға бай, әлді шаруаларға берілетін міндетті жоспардың мөлшері көрсетіліп берілмеген. Ауылдың өздерінде оларға берілген міндетті жоспардың орындалуын ауданда қорытып, бақылап отырған орындар кем болған. Мал дайындаудың барлық жұмыстары шартталған малды есепке алғанда аудан көлемінде 93% орындалған. Мұның тең жартысы шарт малы болғандықтан дайындық жұмыстарының қарқынын әлсіретпей, екінші тоқсанда жұмысты күшейтудің орнына аудан дайындық жұмыстарын ескерусіз тастаған.

Өлкелік партия комитетімен Халық Комиссарлар кеңесінің бұл жөніндегі деректері аудан жиналысында дұрыс талқыға салып, аудандағы барлық орындардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар істелмеген.

Мал дайындау жұмысына байланысты 41 жұмыс қаралған. Қ. К 61 бабы бойынша, оның ішінде 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар - 29, жер аударылғандар - 2, еріксіз жұмысқа қосылғандар - 17, айып салынғандар - 13, қосымша мал - мүлкі кәмпескеленгендер, жер аударылғандар - 35, тергеу орындары мал дайындау науқанына байланысты ешқандай іс бітірмеген. » /1. 1т-351 іс/

Осындай тексерулерден соң, көп кешікпей-ақ жергілікті органдар малды союға және мал тұрмақ тіптен ет өнімдерін сатуға тыйым салатын бұйрықтар шығарды. Сөйтіп кейбір аудандарда ет дайындаушылардың жұмыстары шын мәнінде тоқтап қалды. Сондықтан ақпан айында Өлкелік партия комитетінің хатшысы Құрамысов, Халком кеңесінің төрағасы Исаев, Сауда Халкомы Төреғожин қол қойған арнайы нұсқау барлық округтерге жіберілді. Онда «округтік атқару комитеті, аудандық атқару комитетінің төрағаларының жеке жауапкершіліктерін үзілді кесілді талап етеміз: халықтың соғымдық малын союына, сатуларына ешқандай кедергілер жасалмайтын болсын», - деп атап көрсетілген. Нұсқау берушілер малды сойып тастауға тыйым салушыларды жазалаудыда естен шығармаған: «Тексеріңіздер, кінәлілерді жауапқа тартыңыздар».

Сонымен қатар 1930 жылы 4 ақпанда «Союзмясоның», «Живсоюздың», «Потребсоюздың» жергілікті органдары, аудандық атқару комитеттерінің сауда бөлімдері өздерінің бастықтарынан шартқа тіркелген мал басының амандығын қамтамасыз етпегендердің «істерін прокуротураға тапсырыңдар олай етпеген жағдайда өздеріңіз жауап беретін боласыздар » деген жедел нұсқаулар алды. /3. 67б/

Осы жылғы заң органдары көрсетілген науқандар тәртібін орындай алмаған халықты жазалау жұмысы деңгейін, қанша адамның, қандай жазалау шараларымен сотталғаны туралы мәліметті ЮХК -ның өзі бере алмауы көрсетеді. Тек, 1930 жылғы 1 шілдедегі ЮХК мәліметіне сай, Қазақстан бойынша мал мен мүлікті ысырап еткені үшін 2662 адам сотталған, соның ішінде 7 округ бойынша сотталған орташалар мен кедейлер саны 350 болған. /2. 73б/

Қазақстан ЮХК-ты кулак үгітімен малын жыртқыштықпен сойып тастаған жеке меншік секторымен емес, орталықтағы өнеркәсіп орындарына ет дайындаумен айналысатын ұйымдармен күрескен деп сынай келе, ет дайындау науқанына қатысты прокурорлық бақылау жұмысын күшейту және ет дайындау науқанына жәрдемдесу үшін Қаз АССР ЮХК- на төмендегідей нұсқаулар беріледі. Олардың мазмұны төмендегідей:

3. Қатаң тапсырманы орындамаған, контрактация келісімін бұзғандарды Қ. К 61 бабымен, иал конрактация келісімін әдейі, қастандықпен орындамағандарды Қ. К 131 бабымен жауапқа тарту ;

4. Өткізілугі тиіс жас малдың орнына кәрі малды өткізу, малды жыртқыштықпен сойып тастау арқылы көрінетін кулак қарсылығына зор назар аудару; ОАК мен ХКК КСРО-ның 16. 1 және 1. ХІ. 1930 жылғы қаулысына байланысты, малын сойып тастағандарды әкімшілік және соттық тәртіпте жауапқа тарту;

. . . 8. «Союзмясоның» малды дайындау жұмысына қарсылық көрсеткен қызметкерлерді қызметінен алып, әкімшілік тәртіппен 1-3 апта мөлшеріне дейін тұтқындау;

9. Жабдықтау жоспарын бұзып, ет дайындау науқанына өткізуге бөлінген қаражатты жергілікті қажетке жұмсау; орталықтандырылған жоспарға байланысты басқа облыстар мен аудандарға ет жөнелту ісіне қарсы қаулылар шығарған жергілікті мекеме басшыларын жауапқа тарту»

Байқағанымыздай кеңестік заң органдары Конституциядағы белгіленген міндеттерінен алшақтап, кеңестік саясатқа қызмет етуге көшкен. Бұл тұжырымымызды барлық қала, аудан прокурорларына, халық соттарына, тергеушілерге ЮХК -ның 2. 11. 1931 жылы жолдаған циркулярі дәлелдей түседі . Онда:

1. Құс мамығын, тері шикізатын рұқсатсыз, мемлекетке салық төлемей дайындаушылармен аяусыз күрес жүргізіп, олардың істерін халық соттарына беру;

2. Осындай азаматтарды табу үшін прокуратура халық соттарымен, сауда бөлімдерімен, дайындау ұйымдарымен тығыз байланысты болсын;

. . 4. Қылмысты болғандарды аяусыз жазалау, қылмысты істі 5 күн ішінде қарап бітіріп, мүлкі түгел тәркіленіп, Қ. К 107 бабымен жазалансын;

5. Дайындаушылар арасында бәсеке болса, олар қызмет пұрсатын дұрыс пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылсын . . . », -- деп ЮХК және Республика Прокуроры қол қойған. /1. 257 іс/

Заң органдары осы жылғы ет дайындау науқанында кеңестік органдарының және дайындаушы ұйымдардың қызметкерлерін көптеп жазалайды. Атап айтқанда Зайсан ауданының агрономы Сарыполды деген азаматты аудандық мал совхозына салған ет жоспарының ауыр екенін айтқан шаруаларды жақтағаны үшін, Шелекте «бай- кулактарды міндетті жоспар беріп, оны орындату жөнінде көптеген аудандық кеңестердің, белсенділердің оңшылдыққа салынып кеткені үшін», «Іле ауданында бай- кулак шаруаларға берілген жоспарлардың қанша орындалғанын ауылдық кеңестің білмегені үшін», Павлодарда « жоспар көп мұны орындай алмаймыз деген оппортунистік ауыруға түскендіктері үшін » қатаң жазаға тартылды.

Халық соттарының 1931 жылғы қазан айындағы мәліметі бойынша, Қазақстанның 38 ауданынан ет дайындау науқанында 877 адам жазаланған, Бұл сотталғандардың толық емес саны. Олардың 877 адамнан көп болғанын ХЮК мойындаған. /2. 73-74б/

РСФСР бас прокуроры Вышинский қатаң тапсырманы орындамаған кулактарды Қ. К 61 бабының 1, 2 бөлімдерімен, ал өте қауіптілерді 3 бөліммен жазалуға құпия түрде бұйрық берген. Және контрактация талаптарын, контрактацияға байланысты өз міндеттерін орындамаған азаматтар, еңбек қожалықтарын КСРО- ның ОАК осы жылдың 11 сәуіріндегі қаулысына сай қоғамдық сот арқылы жазалауға, немесе Қ. К 61 бабының 1 бөліміне сәйкес әкімшілік айып салуға, ал контрактация талаптарын әдейі орындамағандарға халық соттары Қ. К 131 бабымен соттауға, дайындалған мал етін жұмсап жіберген қызметкерлер Қ. К 116 бабымен жазалауға, мал етін алып сатумен айналысқан жекешелер, алып, сатарлар Қ. К 107 бабымен айыптауға нұсқау берген.

Қазақстандағы мал етін дайындаудың аса қатал және қорқыту және қысым жасау әдістерімен және жартылай әскери тәртіппен жүргізілді. Пікірімізге дәлел ретінде «Союзмясоның» Қазақстандағы өлкелік кеңсесінің меңгерушісі Прокудиннің аудандық партия комитеттеріне ай сайын «мясное» деген бұрыштамамен үздіксіз жолдап отырған көп, шұғыл жеделхатының бірінің мазмұнымен толығырақ танысайық:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әртүрлі саяси шаруашылық науқандардағы жүргізілген сот істерін ғылыми еңбектер мен деректер негізінде зерттеу
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Орта жүздегі хандық билікті жоюдың құқықтық салдары
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы
Омбыдағы білім ордаларындағы қазақ жастары
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz