Банктік тәуекелдер түрлері және оларды басқару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ . . . 5

1. 1 Банктік тәуекелдер түрлері және оларды басқару . . . 5

2 БАНК ІСІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ . . . 20

2. 1 Kaspi bank-інің несиелік тәуекелдері . . . 20

2. 2 Тәуекелдерді бағалау картасы . . . 22

3 БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҚЫЛАУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ХЕДЖЕРЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31

КІРІСПЕ

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты. Бірақ банкілер өткізетін операциялар тәуекелдікпен жүргізіледі.

Тәуекел гректің «ridskon», «ridsa», италянның «risiko» және француздың тілінде «risqué» қазақша қауіп, қатер деген мағына береді. Ал латынша rescum сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.

Тәуекел- кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тәуекел деп- банк қызметінің операциясын өткізу жөніндегі қабылданған шешімі кезіндегі болжанған нәтижелерден теріс жағына ауытқу мүмкіндіктерін түсінеміз. Тәуекел пайданы жоғалтуға, едәуір шығындарға, ресурстық базалардың қысқаруына, өтімділіктен айырылуына, тіпті қиынырақ жағдайда банкроттыққа алып келуі мүмкін, банкіге қолайсыз сыртқы және ішкі жағдайлардың әсер етуі мен жиналуының ықтималдығымен көрінеді.

Тәуекелдерді қабылдау- банк қызметінің негізі. Банк ісінде тәуекел- белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді. Қабылданған шешімдер парасатты, басқаруға келетін және қаржылық мүмкіндіктер мен құзыры шегінде болатын болса ғана банкілер табысқа жетеді. Активтер қаржылардың қандай да болсын сыртқа кетуін, шығыстар мен зияндарды жаба алатындай жеткілікті өтімді болуы керек.

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Банк ісінің негізгі мағынасы мен рөлі- салымдарды жию және тартылған қаржының сенімділігін қамтамасыз ету (бастысы-депозиттер) және парасатты саясат арқылы бұл қаржыны епті қолдану болатын болса, қалған барлық қызмет түрлері екінші кезекте болады. Осыған сүйене отырып, банкіде әрдайым салымшылардың қаржыларын алғысы келетін тілектерін, займшылардың қажетті деңгейде қолданғысы келетін көкейкесті талаптарын қамтамасыз ететіндей жеткілікті қаржы болу керек. Сонымен, клиенттер де (салымшылар), реттеуші органдар да банкіге салынған қаржы қажетті ликвидтік деңгейі мен тәуекелді әртараптандыру деңгейінің арқасында сақталынады және қолда болады, қандай да коммерциялық қызметтің ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекел банк үшін ең төменгі деңгейде болуы керек деген екі негізгі жорамалға сүйенеді.

Қызмет барысында банкілер пайда болу орны мен уақыты арқылы ерекшеленетін, экзогендік (сыртқы, яғни, экономикалық орта, коньюктурамен байланысты) және эндогенді (ішкі, яғни банктің өзіндік қате қызметінен пайда болатын) факторлар жиынтығы бойынша ажыратылып, қиюласу деңгейіне әсер ететін, соған сәйкес оларды суреттеу мен сараптаудың түрлі тәсілін қажет ететін тәуекелдің алуан түрімен кездеседі. Сонымен қатар тәуекелдің барлық түрі бір- бірімен байланысты және олар банк қызметіне әдетте, бәрі бірге қосылып әсер етеді.

Халықаралық тәжірибеде тәуекелді басқару- негізгі тәуекелді бағалау, тәуекелді өзгерту, тәуекелге бақылау және тәуекел мониторингі сияқты төрт элементтен тұратын процесс. Тәуекелді басқару жүйесі банкіде банк душар болған тәуекелдің барлық түрін сәйкестендіруді, бағалауды, бақылауды және ізін бағуды қамтамасыз етеді және де банкіде осы тәуекелге пара- пар меншікті капиталының болуын қарастырады.

Банкілік тәуекелдерді басқару мен бақылаудың әлемдік тәжірибесін зерттеу; әр түрлі мемлекетте оларды дамытудың жинақтаған тәжірибесіне сын көзімен қарау; тәуекелдерді азайту жолдарын айқындау; банкінің кредиттері, депозиттері, басқа да міндеттемелері мен меншікті капиталдарының арасындағы оңтайлы арақатынасын сақтау өте өзекті болып табылады.

БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

Банктік тәуекелдер түрлері және оларды басқару олардың жіктелімі

Банкілік тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар. Өндірістік- коммерциялық қызмет немесе қаржы операцияларының жұмысы алғаш басталғанда немесе мәміле жасалған кезеңде тиімділігі толық белгісіз болатындықтан тәуекелді болып табылады. Банкілік кіріс пен капиталға болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да болмасын өзгерістер тәуекелдің көзі болады.

Банкілік операцияларды басқару дегеніміз- іс жүзінде банкілік қоржынға байланысты тәуекелді басқару.

Тәуекелді басқару функциясы банк қызметінің барлық бағытын қамтиды. Қаржы тәуекелінің бірқатары активті операцияларымен, бірінші кезекте кредиттік және инвестициялық қызметпен байланысты. Депозиттерге, құнды қағаздарға қаржы тарту қызметі де көптеген тәуекелдерге байланысты. Банкінің бір мезетте активті және пассивті операцияларды іске асыруы тәуекелдің қосымша факторларының пайда болуына және олардың әсерін шектеуге ерекше қарауды керек етеді. Сондықтан да тәуекелді басқару банкінің стратегиялық басқаруының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы және ол банкінің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамтуы керек. [1, 5 бет]

Банкілік тәуекелдер- банкілік қызметтердің ұсынылуы мен нашар менеджент нәтижесінде пайда болатын тәуекел екендігімен келісеміз.

Банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:

  1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы
  2. Банк клиенттерінің құрамы
  3. Банктік операциялар сипаттамасы
  4. Коммерциялық банктердің түрі

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.

Саяси- бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т. б. ), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т. б.

Құқықтық-банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу) . Бұл тәуекелге жеткілікті мөлшерде активтер берілмеген жағдайда және біліксіз құқықтық кеңестер мен құжаттарды қате жүргізудің нәтижесінде активтердің құны төмен, ал міндеттердің көлеміжоспардағыдан біршама көп болуымен байланысты тәуекелдер енеді. Мұндай жағдайға ұшыраған банкілер үшін де сот тартыстары күрделі мәселелер мен үлкен шығындарғаалып келуі мүмкін. Банкілік заңдылықтардағы өзгерістер де банк қызметіне әсер етеді.

Экономикалық:

  • Жалпы экономикалық тәуекелдер- экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;
  • Қаржылық тәуекелдер- ақша- несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;

Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей болып бөлінеді:

  • банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторигтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және т. б. ) ;
  • банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі) ;
  • банк өзінің активтері мен пассивтерің басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткізікіліксіздік тәуекелі) ;
  • қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелділік, жаңа енгізулер тәуекелділігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі) .

Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді мынадай түрлерге жіктеуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер.

Бірақ айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.

Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:

  • несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі) ;
  • пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі) ;
  • өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі) ;
  • капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі) .

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т. б. ) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

  • берілген кепілдер бойынша;
  • шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім- шарт бойынша;
  • несиелік міндеттемелер бойынша;
  • валюталық мәмілеге отыру бойынша.

Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторигтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.

Өтімділік тәуекелі және оны басқару

Қажетті көлемде өтімділік қаржысы бар, капиталы нарыққа еркін шыға алатын, төлем төлеу қабілетінің көрсеткіштері мен табыстылығы (рентабельдігі) жоғары, менеджентінің жоғары сапалы көрсеткіштері бар банк сенімді болып саналады.

Қаржы басқаруында тәуекел- кірістілік байланыстылық тұжырымдамасының маңызы өте зор. Кірісті көбейту үшін инвестордың үлкен тәуекелге баруына тура келеді. Бірақ нормативтік актілер банкілердің тіпті жоғары табыстарға жетуге, соған байланысты өте үлкен тәуекелдерге баруына шектеу салады. Көптеген шектеулердің болуына да қарамастан табыстың өсуі мен тәуекелдің біреуін таңдауға тура келеді. Бір жағынан банкілер коммерциялық кәсіпорын ретінде жоғары (максималды) табыс табуға ұмтылады. Сондықтан олар өздерінің ресурстарын тәуекелдік операцияларға бағыттауға тырысады. Жоғары тәуекелді операциялар жоғары түсімді болып табылады. Екінші бір жағынан алғанда, банк қауіпсіздік ұмтылуы керек. Банкілер үшін қауіпсіздік дегеніміз- өтімділік соманың жеткілікті болуы. Өтімділік термині тура мағынасында жүзеге асыру, сату, материалдық құндылықтар мен басқа да қаржы түрлерін ақша қаражатына айналдырудың жеңілдігі дегенді білдіреді. Енді бір тұжырым бойынша өтімділік- кредиттеуші мекеменің өзінің қысқа мерзімдік міндеттемелерін төлеу мүмкіндігі О. В. Ефимова Өтімділік- банкінің өзінің қысқа мерзімдік міндеттемелерін төлеуі- деп жазады. Оның пікірі бойынша, банк осы арқылы өтімділік төлем төлеу қабілеттімен ерекшеленеді. Осыған ұқсас көзқарасты И. Т. Балабанов та ұстанады. Ол «Банкінің өтімділігі дегеніміз- оның өзінің қарызын тез арада жабу мүмкіндігі» деп жазады. Ағымдағы активтерді жүзеге асыру, яғни, оларды қолма- қол ақшаға айналдыру арқылы өзінің қысқа мерзімдік міндеттерін атқара алса, субъект болып саналады. Бұл тжырым дегеніміз төлем төлеуге қабілеттіліктің бір тұжырымына жақын. Айырмашылығы- қолданылатын көрсеткіштер мен есептеудің тәсілдерінде.

Өтімділік дегеніміз- банкі кез келген уақытта, өзіне қабылдаған міндеттемелер бойынша қанағаттандыру мүмкіндігі, яғни барлық кредит берушілер мен салымшылардың алғашқы талаптары бойынша жауап бере алу мүмкіндігі. Тіпті жалпылама мағынада алғанда, өтімділік тәуекелі дегеніміз- банкінің өзіне алған міндеттемелерін орындай алмау қаупі. Нағыз керек сәтте парасатты баға бойынша алынған қаражатқа қол жеткізе алса, ибанк өтімді болып саналады. Бұл дегеніміз, банкіде өтімділік қаражаттың қоры бар, я болмаса ол займдарды немесе активтерді сату арқылы сол қаражатты таба алады деген сөз.

Өтімділікті дұрыс бағалау және оны тиімді басқару кредиттік ұйымдардың қызметінің неғұрлым маңызды мәселелерінің біріне жатады. Жекелеген банкідегі кредиттік ситуация өтімділікті нашар басқарудың салдарынан немесе оның активтерінің сапасының күрт төмендеуінен, алаяқтық мысалдарындағы сияқты басқа да ішкі себептердің нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар кредит беруші ұйымдарға деген жалпы сенімнің жоғалуынан туындаған да болуы мүмкін. Бірақ банкідегі қандай да болмасын нақты себептен шыққан дағдарыс пайда болса да, өтімділіктің тап өзі ғана туындаған мәселені шешу үшін банкінің қарамағындағы уақыт ресурсын айқындайды.

Нарықтың белгісіздік жағдайында ақша қаражатын тарту және оны жайластыруға байланысты операциялық қызметті іске асыру аздаған шығын тәуекелі немесе тіпті шығынсыз- ақ тез әрі жеңіл түрде қолма-қол ақшаға айналдыра алатын өтімділік форма түріндегі қаржы қажеттілігін тудырады. Өзінің сенімділігін сақтау үшін клиенттің қаржылық жағдайы нарықтың жай күйінің өзгеруімен және активтердің тәуелділігінің дәрежесіне байланысты болуы мүмкін, болжанбаған жағдайлар үшін белгілі мөлшерде өтімділік қаржысы болу керек. Өтімділік резерв іс жүзінде қандай да болмасын ойда болмаған қаржы мұқтаждықтарын қанағаттандыру (кредит және инвестициялау бойынша тиімді келісім жасау; кредитке деген күрделі және ойда болмаған сұранымның ауытқуларына өтемақы төлеу, салымдарды аяқ астынан алғанда қаржының орнын толтыру және т. б. ) үшін қажет.

Қысқа мерзімді пассивтерді салыстырмалы түрдегі ұзақ мерзімді активтерге трансформациялау банкінің пайда табуының негізгі тәсілі болып қызмет ететіні белгілі. Егер де банк активтер мен пассивтерді мерзімі бойынша сәйкеспеу деңгейін көтеріп жіберсе, ол өтімділік мәселесімен бетпе-бет келуі мүмкін. Ол тіпті ең жұмсақ деген түрде көрінсе де, банкіні ақша рыногынан кредит сұрауға мәжбүр етеді. Активтер мен пассивтердің мерзімі бойынша күрт сәйкес келмесе банкінің қаржы жағдайы мүшкілденіп кетуі мүмкін.

Өтімділік қаржыға деген сұранымның пайда болу себебінің бірі банкінің басқа банкілерден немесе мемлекеттің орталық банкісінен алынған займдар бойынша борыштарын өтеу болып табылады. Сонымен қатар жеке табыс салығы мен банкінің акциясын ұстаушыларға ақшалай дивиденттер төлеу де тез арада іске айналдыратын қаржыға деген сұранымды өсіреді.

Жұмыс тәжірибесі өтімділікті басқарудың тәуекелі құндық және сандық құраушылары бар екенін көрсетті. Баға құраушы актитер сатылуы мүмкін бағамен және пассивтер тартылуы мүмкін пайыздық мөлшерлемемен келісім жасалады. Сандық құраушы сатуға болатын активтердің, нарықтан қандай да болсын бағамен қаржы алатын мүмкіндіктердің болуымен айқындалады.

Өтімділікті басқаруда уақытша сипаттардың шешуші мәні бар. Сондықтан өздерінің тәжірибелік қызметінде коммерциялық банкілер лездік өтімділік пен орта мерзімді өтімділікті жеке- жеке қарастырады.

Лездік өтімділіктің тәуекелі- банк ресурстардың жетіспеушілігін сезініп, сол себепті клиенттердің талаптарын орындай алмау қаупі. Онымен банк күн сайын кездеседі. Қысқа мерзімді жоспарда өтімділікті басқару банкінің ақша қаражатын басқаруына байланысты болады. Бұл мәнде лездік өтімділік тәуекелі жоспарланған және шынайы түсімдер мен қаражатты алу арасында белгісіздік бар. Банк қаражаттың күн сайынғы қозғалысын 100 % дәлдікпен болжай алмайды.

Алайда тәжірибе лездік өтімділікті басқару ғылымға қарағанда өнерге жақынырақ деуге болады. Ол белгілі бір жағдайларда шешім қабылдау менеджердің ішкі сезіміне көп байланысты.

Орта мерзімді өтімділік тәуекел- активтерді сату арқылы я болмаса жаңа сырттан ауысу жолдары арқылы қалыпты баға бойынша ақша қаражатын алудағы банк қиындықтары тудырған жоспарланбаған шығындарды жоғалту тәуекелі. Орта мерзімді өтімділік тәуекелі банк пайдаға әсер етуші пассивтерді тарту немесе активтерді оңтайлы бағабойынша айырбастау (конвертациялау) жолдары арқылы жеткілікті қаражат таба алмаған кезеңде банкінің активтердің өсуін немесе пассивтердің азаюын теңгеруге қабілетсіздігі нәтижесінде туындайды. Өтімділікті қысқа мерзімдікке қарағанда, орта мерзімдік жобада басқару келесі міндеттерді шешуді талап етеді: тұтастай алғанда, банкінің шоғырдандырылған өтімділік құрылымына үнемі демеу жасау, теңгерімнің пассивтері мен активтерінің мерзімі мен көлеміндегі қауіпті ауытқуларды болдырмау; пассивтер серпіні, операциялар мен қызмет түрлерінің басымдылықтарын болжау серпінін есепке ала отырып, банк салымдары құрылымын орта мерзімді жоспарлау; пайыздық мөлшерлемелер серпінін болжау негізінде саясатты есептеу; банкінің әрі қарай дамуына ұзақ мерзімді банкілік инвестициялар мен салымдар есебін жасау.

Қаржы рыногында банкілердің операцияларына ұдайы жоғары тәуекелдің тән болуы қалыпты құбылыс. Тәуекел дегеніміз- нақты ақшадан айырылып қалу мүмкіндігі, сондықтан тәуекелді төмендету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Тәуекелдердің алдын алып, ізін бағу және бақылауға алу керек. Бұл жағдайда жеке капиталы бойынша талаптарды қоса алғанда, тәуекелді бақылау мақсатында пруденциалдық нормалар мен ережелерді жасау және атқару, қарыздар бойынша болуы мүмкін шығындар үшін резервтер жасау, активтердің, өтімділіктің шамадан тыс жиналуына жол бермеуде өкілеттік берілген банкілік бақылау органдары маңызды рөл атқарады. Бақылау органдарының мақсаты- банкілер өздеріне негізсіз қабылдайтын тәуекелдердің деңгейін шектеу. Бұл талаптар банк басшылығының шешімін айқындамауы керек. Олардың жолы- банкілік операцияларды ойдағыдай өткізуді қамтамасыз ететін ең төменгі (минималды) пруденциалдық стандарттарды орнату. Өз табиғатында серпінді банкілік іс бақылау органдарына мезгіл- мезгіл өз пруденциалдық талаптарын қайта қарап отыруды және шынайы қолданыстағы нормаларының сәйкестік дәрежесіне бағалау жасап отыруды, сонымен қатар жаңа нормативтік құжаттар әзірлеуді талап етеді.

«Пруденциалды» термині тәуекелді реттеу және басқару тәжірибесінде жиі қолданылады. «Пруденциалдық бақылау» түсінігі пруденциалдық, яғни сақтық мәселелерін шешуші, бақылау нысанының (банкі, кәсіпорын) « саналы тәртібін» бақылау болып табылады. Қабылданатын тәуекелдер жағынан қарасақ, қабылданатын тәуекелдердің парасаттылық деңгейі мөлшерлі болып тәуекел тиісінше басқарылып отырса, жағдайда экономикалық агенттің іс- әрекеті нәтижелі саналмақ. [1, 6-10б. ]

Несиелік тәуекел және оны басқару

Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел- қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несие берушілер өздері ұсынған несиенің немесе займының барлық сомасын және көпшілік жағдайдағы несие өтелгенше келісілген пайызын алып тұруды күтеді. Олар тәуекелден қашқақтайды және сондықтан өздерінің тәуекелге ұшырау мүмкіндігін немесе белгісіздік деңгейін минимумға дейін шектеуге тырысады. Банкирлер басқа кредит берушілерге қарағанда тәуекелге ұшырау мүмкіндігінен айналып өтуге көбірек тырысуы керек.

Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:

  • басқаратын субъекті;
  • басқарылатын объект.

Басқару субъекті- бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процесін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Отандық банктер тәжіребесінде несиелік тәуекелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Директорлар кеңесі;
  • Басқарма;
  • Несиелік комитет;
  • Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;
  • Тәуекел басқармасы;
  • Шағын және орта бизнесті несиелеу департаменті;
  • Ипотекалық несиелеу департаменті;
  • Ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;
  • Несиелік тәуекел басқармасы;
  • Проблемалық несиелер басқармасы;
  • Несиелік бөлімдер;
  • Несиелік менеджер;
  • Несиелік- тәуекел менеджері.

Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементіне жататындар:

  • Несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • Лимиттер белгілеу;
  • Несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
  • Несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • Несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
  • Несиелік шешімдерді қабылдау барысында құріретті бөлу- несиелерді амортизациялау;
  • Несиелік мониторинг;
  • Несиелік қоржынды басқару;
  • Проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк тәуекелдері туралы
Банктік тәуекелдер, банк тәуекелдерін басқару
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдердің экономикалық құрылымы
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Банктік тәуекелдер
Банк тәуекелдері
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz