Біртұтас педагогикалық процестің теориялық мәні


Біртұтас педагогикалық процестің теориялық мәні
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жеткілікті дәрежеде дәстүрлі орташа жай білім беруге жасалған білім беру моделінің тоқырауын кризисін жеткілікті дәрежеде анық көрсетіп берді. Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатаңдай түсуі мен білім беру кеңістігінде өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі:
- білім берудің статикалық моделінен оқушылардың ақыл - ой әрекетінің динамикалық құрылымының қалыптасуына көшу;
- оқытуда оқушылардың танымдық іс - әрекеттер тәсілдерін белсенді меңгеруге бетбұрыс;
- оқыту процесінің тұлғаның қазіргі қоғамның өзгеру жағдайларында барынша өзін-өзі жүзеге асыру перспективасына сай талап пен мүдесіне адаптациялау, үйрету.
Көрсетілген тенденциялар ұстаздардың педагогикалық технологияларды жасауға деген қызығушылығының өсуіне ықпал етті. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологияның өзіндік ерекшелігі бар; ол педагогикалық процесс субъектілерінің ұстаз және оқушы әрекеттерінің мәнін алдын ала анықтайды, онда тұлға іс - әрекет барысында қайта өзгереді.
Ұстазды дайындаудың технологиясындағы тек қана теориялық білімдердің белгілі бір деңгейін ғана емес, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудағы нақтылы практикалық міндеттерді шешуде өзінің кәсіби іс - әрекетінің объектісін өзгертуге алған білімдері үшін қолдана білуді көрсетеді. Көрсетілген көзқарас тұрғысынан педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді біртұтас педагогикалық процесті практика жүзінде жүзеге асыруға алмастырудағы бірізді комплексті әрекеттің мәні болады, ол ұстаздар мен оқушылар тұлғаларының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді, оның жүзеге асуын сатылы өлшеуге мүмкін болады және одан тұлғанында және коллективтің даму динамикасын көруге болады. Бұл анықтама жасалынатын педагогикалық жұмыстардың тиісті өлшемдерінің технологиясын анықтауға болмайды. (Н. Д. Хмель) :
а) айтылған ойдың концептуалдығы;
б) ғылыми жұмыс атқарушылардың өте анық методологиялық позициясы;
в) нақтылы педагогикалық құбылыстарды қарастырудағы жүйелілік;
г) технологияда педагогикалық процестің екіжақтылық сипатын көрсету;
д) педагогикалық процестегі субъектілердің орны мен олардың өзара әрекеттерін анықтау;
е) алынатын нәтижелердің өлшенетіндігі;
ж) қандайда болмасын оқу - тәрбие мәселелерінің жұмыс жайдайларында технологияларды қолданылатындығы.
Технология өндірістік іс - әрекеттегі мақсат пен жетістіктің ажырамас бірлігі болғандықтан жасалынатын педагогикалық технологиялардың сапасын бағалау мәселесін айтпай кетуге болмайды. Педагогикалық процесс дегеніміз “ұстаз - оқушылар” жүйе жағдайының алмасуы. Демек, педагогикалық процесте жүйе жасаушы фактор тұлға болды - ұстаз тұлғасы оқушылар тұлғалары. Егер педагогикалық процесте оқу орнының оқу - тәрбиелеу іс - әрекетінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жағдай болса, демек, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы нормаға сәйкес деген сөз.
Соңғы жылдары бірқатар педагогикалық құбылыстарды зерттеушілердің методология ретінде синергетиканы ғылыми орталық пән ретінде жүйе тұрақтылығы (физикалық, химиялық, техникалық, әлеуметтік ) проблемасы ретінде қарастыруы кездейсоқ емес.
Педагогикалық процесс әлеуметтік жүйелердің жеке бір бөлігі ретінде, ол өзін - өзі ұйымдастырушылық пен өзін - өзі жөнге салуға қабілетті. “Адам - адам ” жүйесіне тән және оның жеке бір бөлігі “ұстаздар - оқушылар” тиімді қызмет атқарылуының өлшемі ретінде адамның өзі болады, себебі, әлеуметтік жүйелерде тұлға жүйе жасаушы фактор болады. Егер адамның өзін - өзі жүзеге асырудағы және тұлға ретінде өз орнын табуы ( ол бұл ұстаздарға да, оқушыларға тең қатысты) мұқтаждылықтары қанағаттандырылса, онда өндіріс қызмет атқаруы тиісті “адам- адам” жүйесі қызмет күйзеліске ұшырайды. Демек, педагогикалық еңбекті технологиясын жетілдіре түсу проблемасы басқа да кәсіби іс - әрекет аймақтары сияқты көкейкесті болады.
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мынадай мазмұнды логикалық тізбекке сан түзейді. Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу ұстаз іс - әрекеті объектісінің идеалдық моделі - нақтылы оқу - тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалау өлшеу әдістемесін меңгеру - іс - әрекет объектісінің теориясын нақтылы процестің өзгерту жағдайын тұтасымен немесе оның аяқталған формасын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс -әрекеттерінің алгоритмі) .
Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, стилдерін (яғни технологияларын) таңдап алу білім беру саласынан, білім беру парадигмасынан дидактикалық концепциялардан неше оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.
Жоғары мектепті басқару функциялары
Жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура аспирантура, докторантура қызмет ете алады. Ал, жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол - адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді интернатура қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:
- оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялқ мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;
- отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны, Қазақстан Республикасына деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;
- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
- әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын, қазақ және басқада халықтардың салт-дәстүрлерін білу; мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену;
- білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
- оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
- еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;
- жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
- білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу;
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болады.
Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті таңдауын және таңдаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, шығаруға арналған дайындқ жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материлдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
«Білім туралың заң білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субъектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, студенттердің және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері арнайы ескерілген. Мысалы, білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стандарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға, оқу орындарын басқаруға қатысуға, еңбектен тыс өз мамандығының дәрежесін көтеруге, кәсіби беделі мен арын қорғауға құқылы. Педагогикалық қызметкерлер студенттердің арнайы стандарт деңгейінен төмен емес білім мен дағды, білік ауын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық бейімділіктерін дамытуға, олардың беделіне нұқсан келтірмеуге, педагогикалық этика нормаларын сақтауға міндетті. Педагогикалық қызметкерлерді олардың келісімінсіз басқа жұмыстарға тартуға, сондай-ақ студенттердің оқу-тәрбие жүйесінен тыс жұмыстарға міндеттеуге тыйым салынады.
Болашақ маман тұлғасының дамуы педагогикалық проблема ретінде студенттердің жас және дара ерекшеліктерін педагогикалық процесте есепке алу
Кез-келген курс студенті өзінің жас ерекшелік және дара ерекшелік қасиеттерінің дамуын бастан кешіреді. Осы ерекшеліктерді көп ғұламалар зерттеген. Солардың бірі Л. С. Выготский болды. Ол дамудың өзара байланысқан екі өрісі - актуальды және іргелес өрісі болатынын дәлелдеді.
Актуальды даму өрісі адамның игеріп үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз - адамның ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсаты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез-келгеннің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.
Тақаудағы даму өрісі актуальды даму өрісімен өзара қызметтесе отырады. Адам оны біртіндеп игереді. Сөйтіп адам актуальды дамудың жаңа сатысна көтеріледі де дамуға жаңа өріс ашылады.
Психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметі өрістеуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол бірінші жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезеңнің дамудағы іс-әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту кезеңі деп айтуға болады. Адамның патенциалдық күштері неғұрлым жан-жақты үйлесімді болса, келешекте оның қызметі соғұрлым мазмұнды табысты болады. Оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпімді меңгеріп жаңғырта алады.
Егер әрбір пәнді оқыту актуальды деңгейден озып тақаудағы даму өрісіндегі күштерді қозғалысқа келтірсе ғана, ол жеделдете даму болады. Л. С. Выготскийдің ойынша, адам өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген тенденциялардың деңгейінде болады.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынын кешіреді. Қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төменгі міндеттерді әрбір оқытушы орындау қажет:
- әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу;
- студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру;
- студенттердің әрбір пәнінің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық менеджмент
Қазіргі педагогикалық басқару - ұйымның белгілі мақсаттары шешілетін пелагог қызметінің арнайы облысы. Өзінің мазмұны бойынша басқару қызметі қөп уақыт пен жігерді қажет ететін сала.
Огарковтың пікірінше басқару білім жүйесінде мынандай қызметтер атқарады:
- білім жүйесінің сыртқы ортаға сәйкес құрылуы
- білім жүйесінің әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайлардың талаптарына орай дамуы
- білім берудің негізгі мақсаты -қоғамның дамуына қажет мамандар даярлау
Менеджментттің негізін салушы Анри Файоль: «Басқару дегеніміз - қолда бар ресурстардан мүмкіндігінше пайдаланап, ұйымды мақсатына жеткізу» деген болатын.
Білім беру ұйымдары менеджментті енгізуді кешірек бастап, бұл істе өнеркәсіп орындарынан кейін қалуда .
Соңғы жылдары біраз оң өзгерістер байқалып, білім жүйесіндегі менеджерлер дайындайтын оқу орындары, курстар пайда болды.
Жоғарғы оқу орындарындағы менеджмент деңгейлері:
Жоғарғы оқу орындарында (университеттерде, академияларда, институттарда) қызмет ететін әлеуметтік кәсіби топтарға мыналар жатады: оқытушылар, яғни профессор -оқытушылар құрамы, оқу процесін басқару қызметіндегі мамандар тобы (декандар, олардың көмекшілері, институттардың директорлары, олардың аппараттары, ректор) . Оқу орнының басшысы ректор және айтылған топтар университеттердің әлеуметтік-кәсіби құрамына кіреді.
Жоғары оқу орнында жұмыс жасайтын оқытушылардың өзіндік құрамы бар. Ол құрамды нерорхиялық құрам деуге де болады. Әрине, барлық оқытушылардың атқаратын жұмысы, функциясы біреу: ол - студенттерге дәріс оқу, білім беру, студенттерге әлеуметтік тәрбие беру, қысқаша айтқанда, студенттерге жоғары білім беріп, оларды маман етіп шығару. Ол барлық оқытушылардың басты міндеті, мақсаты. Ал дәреже жағына келгенде, егерде оны статус ретінде қарастырсақ, жоғары оқу орнының оқытушылары бірыңғай емес. Оқытушылық қызметтің дәрежелері, сатылыры: ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра менгерушісі. Жоғары оқу орнының оқытушылары кафедраларда жұмыс істейді. Аталған атақтарды кафедра ұсынады, одан кейін университеттердің басқару орындары бекітеді.
Аудиториядан тыс тәрбие жұмысының жүйесі мен түрлері. Куратор жұмысы.
Топ студенттері арасында қарым-қатынас өзара адамгершілік көзқарас негізінде қарастырылып, жоғары да терең білім алуда, мамандықты жетік меңгеруде, тәлім-тәрбие істерінде ауызбірлікке, достыққа қол жеткізу.
Қазіргі заман талабына сай өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті, білімді маман бола алатын, алдына қойған міндет мақсаттарын анықтай алатын, өмірдегі өз жолын таба алатын адам етіп тәрбиелеу.
Қоғам өміріндегі соңғы жаңалықтармен дер кезінде таныстыра отырып, студенттердің рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік, экономикалық ой өрісін байыту.
Өздерінің болашақ мамандықтарын сүйе білуге, оның бүгінгі өмірдегі рөлін тани білуге, мамандықтарына деген жауапкершілік пен мақтаныш сезімін арттыруға үйретіп, оны жүзеге асыруға жағдай жасау.
Топ студенттерімен жүргізілген тәрбие жұмыстарында ұлттық тәрбие элементтерін, халықтық педагогика тағылымдарын пайдаланып, соны негізге алу.
Студенттерге ұлтымыздың ата тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін және атадан қалған асыл мұраны қадірлеп, қастерлеп, бойларына сіңіріп, қадір тұта білуге үйрету.
Студенттердің өмірге деген көзқарасын, ақыл-ойын, сана-сезімін және басқаларға деген адамгершілік қасиетін арттыра білу.
Студенттердің өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы, мәдени өресі биік етіп тәрбиелеу.
Студенттерді сымбаттылыққа, тазалыққа жан сұлулығы мен тән сұлулығы қасиеттерін ұштастырып, оны жоғалтпай сақтауға, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.
Студенттерді ҚР жастарына, барлық азаматтарына арналған институт қабылдаған үндеуді орындау барысында іс-шаралар жүргізу.
Әр түрлі тақырыптарда өтетін шараларды үздіксіз, уақытында жүргізу. Ұйымдастыру - көпшілік жұмыстары:
Аптасына бір рет топ жиналысын өткізу;
Институт, факультет ішінде ұйымдастырылып жатқан шараларға қатысу;
Студенттердің аттестация, аралық бақылау, емтихан тапсыруының қорытындыларын талқылау;
Студенттердің жатақханаға орналасуына жағдай жасалуына бақылау жасау; Қысқы сессия қорытындысы;
Жазғы сессия қорытындысы;
Оқу үлгерімдері нашар, тәртіп бұзушы студенттермен жұмыс жүргізу.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытудың жүйесі.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Республиканың жоғарғы оқу орындарында кредиттік оқытудың Европалық жүйесіне алғашқы қадамдары жасалынды. Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарворд университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғарғы оқу орнына дейін енгізілді. 1988 жылы Европа елдері де кредиттік жүйеге ене бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Европалық мемлекеттердің білім министрліктерінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың Европалық жүйесін қабылдады. Халықаралық білім кеңістігінде кредиттік оқытудың ірі 4 жүйесі бар:
CATS - Британдық жүйе
ESTS - Европалық жүйе
USTS - Азия және Тынық мұхиты
USCS - Американдық
Қазақстандық білім беру жүйесі негізінен Европалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Европалық кредиттік жүйе бойынша Европадағы Ұлыбритания, Испания, Франция, Германия, Италия іргелі мемлекеттерде білім беріледі. Білім беруде кредиттік технологияға көшудің басты мақсаты Қазақстанда білім жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру болып табылыды. Қазақстан Республикасы және ғылым білім министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқытудың жүйесінің ережесі Балон деклорациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалған. Әлемдегі 12 мың университеттерде жоғары білім беру Европалық кредиттік жүйесі негізінде іске асырылады. Қазақстан Ж. О. О. әлемдік кеңістікке ену үшін төмендегі сатылар енгізіледі:
Бакалавриат 4 жыл (төменгі сатысы 2 жыл. Жоғарғы сатысы 2 жыл)
Магистратура (кәсіптік және ғылыми)
Докторлық бағдарлама 2 бағытымен іске асырылады: кәсіптік магистратурадан кейін 3 жыл, ғылыми магистратурадан кейін 2 жыл.
Докторлық бағдарламаны игеру үшін ізденуші бағдарламаны теориялық оқумен ғылыми зерттеу жұмысты орындап игеру керек. Докторант кәсіптік білім бағдарламасын ғылыми-жетекшісі басшылығымен іске асырады. Олар 2 ғалым болу керек: 1) Қазақстан республикасының, 2) шетел оқу орындарында еңбек ететін. Мемлекеттік білім стандарты талаптарына және жоспарланған кредиттерді орындағаннан кейін докторант қорытынды мемлекеттік аттестация, докторлық диссертация қорғаумен аяқталады. Кредиттік оқйту жүйесі- бір ізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бір ізді емес оқыту жүйесіне- оқу процесінің жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады. Кредиттік жүйе - қандай көлемде және қай салада жоғары білім алғанын көрсететін жүйе. Міндетті кредит саны бөлінетін міндетті курстар бар, бұл ең бірінші мамандық саласындағы пәндер. Кредиттік оқытудың сапасын 100 балдық Рейтингтік бағамен бағаланады.
Семинар - студенттердің теориялық білім және оқыту жұмысы мәдениетінің ұйымдастыру түрі.
Семинар -меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамалар мен рефе-раттарды ұжымдық талкылау формасында өтетін оқу дәрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісіндс тұңғыш дерек көздерінен. құжаттардан, қосымша эдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған студенттердің білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі және бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.
Жүргізу тәсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны - семинар-сұхбат: окытушының қысқа кіріс сөзі және қорытындылауымен жоспарға сәйкес кең әрі ашык сұхбат-әңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрактары бойынша барша оқушылардың мұкият дайындығы кажет, бұл такырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың әр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа студенттер тарапынан талқыланады әрі толыктырылады.
... жалғасыКейде семинар катысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тындалады және талкыланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz