Еліміздегі сақтандыру ісінің құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НЕГІЗДЕРІ 1. 1Сақтандырудың әлеуметтік мәні, оның механизмы . . . 7

1. 2Әлеуметтік сақтандырудың Қазақстандық моделінің ерекшелігі . . . 22

1. 3 Сақтандырудың түрлері . . . 28

1. 3. 1 Сақтандыру нысандарын ұйымдастыру негіздері . . . 40

2 САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 Сақтандыру қызметінің ұғымы . . . 55 2. 2 Сақтандыру қызметін басқару және қадағалау мәселері . . . 64 2. 3 Сақтандыру қызметін жүзеге асырудағы мемлекеттік бақылаудың рөлі . . . 67

2. 3. 1 Исламдық сақтандыруды құқықтық реттеудің даму тарихы мен қазіргі жағдайы . . . 77

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 86

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Сақтандыру - ісі кең мағынада бір нәрсенің жағымсыз салдарынан қорғау дегенді білдіреді. Бұл мағынада сақтандыру қоғаммен яғни, мемлектпен бірге пайда болып, оның табиғаттың ажырамас бір элементі болып табылады.

Уақыт өте сақтандыру қоғамдық өндіріске қызмет көрсететін арнайы салаға айналды. Осы орайда, сақтандырумен кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдар пайда болды.

Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. Соған байланысты сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.

Бүгінде сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін және сақтандыру заңнамасының мәселелерін зерделеу, зерттеумен айналысатын ғалымдармен практик мамандар осы сақтандыру құқығын сақтандырудың экономикалық, заңи, ұйымдастыру, техникалық және әлеуметтік проблемелар тығыз араласқан, өзекті теориялық практикалық мәселелері әлі де болса зерттелмеген, көп қырлы әрі аса күрделі құқықтық құрылым ретінде сипаттауда. Осыған орай сақтандыру құқығының ғылымы қазіргі заманғы ұлттық заңи зерттеудің басымда әрі іргелі бағдарына-мағынасына айналуға тиіс.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Сақтандыру ісін дамыту проблемалары көптеген ғалымдармен қарастырылған. Оның ішінде, Сман Б. У., С. М Найманбаев, О. Қағазов, Тагиев Г. М. және т. б. басқалар зерттеген.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Зерттеу жұмысының мақсаты еліміздегі сақтандыру ісінің құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:

- Сақтандырудың әлеуметтік мәнін, оныңмеханизмын зерттеу;

- Әлеуметтік сақтандырудың Қазақстандық моделінің ерекшелігін саралау;

- Сақтандыру нысандарын ұйымдастыру негіздеріне баға беру

- Сақтандыру қызметін басқару және қадағалау мәселері

- Сақтандыру қызметін жүзеге асырудағы мемлекеттік бақылаудың рөліне баға беру;

Зерттеу пәні , бұл сақтандыру қызметінің объектісі болып табылатын материалдық құндылықтар.

Сақтандырудың пәні:

  • Сақтандыру ісін ұйымдастыру қатынастары
  • Материалдық сақтандыру қатынастары

Сақтандырудың басты қызметі, бұл орнын толтырушы қызмет, яғни сақтандырылған тұлғаға сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру жағдайының нәижесінде оның мүлкіне немесе денсаулығына келген зиянның орнын толтырады.

Мемлекеттік сақтандыруға сақтандырудың алдын алу қызметі тән, яғни сақтандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру жағдайының пайда болуының немесе оның жағымсыз нәтижелерінің алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру қажет.

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі - жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т. б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алды. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар - кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастар орын алған кез келген өнеркәсіптік дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесін де маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты әлеуметтік қорғау механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда әкелмейтінен шешу мәселесін мемлекет өз мойнына алады.

Байқағанымыздай, әлеуметтік сақтандыру тарихы жүз жылдам астам уақытты қамтиды. Бұл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары және әдістері талай рет өзгерді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты - адамдардың өмірін жақсарту ешқашан өзгерген жоқ.

Әлеуметтік қамсыздандыру халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз байланысты. Қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін анықтайтын фактор болып әлеуметтік қорғау шараларын қаржыландырудың қайнар көзі, механизмі немесе кестесі табылады.

«Әлеуметтік қорғану» немесе «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігі алғаш рет АҚШ-та пайда болды және ол кез келген азаматты, тіпті елдің кез келген тұрғынын жұмыссыздықтың, табыстың жоғалуының немесе күрт азаюының, аурудың, бала туудың, өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурудың, мүгедектіктің, кәріліктің, асыраушысынан айырылуының салдарынан орын алған экономикалық немесе әлеуметтік қиындықтардан қорғайтын шаралар жүйесін білдірді.

Әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың мемлекеттік әкімшілік-биліктік жүйесі кезінде қаржылық ресурстардың басты субъектісі болып мемлекет табылады, яғни әлеуметтік қорғау шараларының жүйесін мемлекет қаржыландырады. Дәл осындай жүйе бізге бұрынғы Кеңестік Одақтан мұраға қалды.

Жұмыстың теориялық маңызы - Қазақстандағы сақтандыру ісі саласында жұмыс істейтін білім беру мекемелері үшін және де бұл саладағы зерттеулердің сапасын көтеруге себебін тигізу мүмкінділігімен түсіндіріледі.

Магистрлік жұмысының тәжірибелік маңызы - сақтандырудың әлеуметтік негізі-нарық қағидатарына сәйкес тіршілігі қайнап жатқан қазіргі қоғамда адамның жеке өміріне қауіп төндіретін және ондай қатерді жалғыз өзі түзете алмайтын жағдайлаарда болып жатады. Міне осындай жағдайларда олерға елімізде қалыптасқан әлеуметтік қорғаудың бір саласы болып табылатын әлеуметтік сақтандыру жүйесі көмекке келеді. Әлеуметтік сақтандыру ертенгі күнге деген сенімділік. Сақтандыру құқығы азаматтардың болашатағы кепілдігі. Әлеуметтік қамсыздандырумен әлеуметтік сақтандыру тығыз байланысты оның себебін мен былай түсінемін, егер азаматтар өздерін сақтандырса олар өздерін түрлі қоғамдық қауіп-қатедің алдын алуын қамсыздандырады

Әлеуметтік қамсыздандырудың мұндай жүйесі кезінде тараптар болып жұмыс істейтін азамат пен мемлекет табылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бұл үлгісі нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жедел реформалауды қажет етті. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы экономикалық тоқырау Қазақстандық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі қиындықтарды одан әрі өршіте түсті. Инфляция мен жұмыссыздықтың өсуі, өндірістің құлдырауы жұмыс істейтіндер санының күрт төмендеуіне әкеп соқты, ал бұл, өз кезегінде, қарт адамдар санының өсуімен бірге бір ұрпақтан (жұмыс істейтіндерден) екіншісіне (жұмыссыздарға) капиталдың ауысуының бірден азаюын білдірді. Жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер санының арақатынасында тепе-теңдіктің болмауы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының ақша қаражаттарының дефицитінің артуына және соған орай республикалық бюджеттің осы дефицитті жабуға бағытталған шығындарының көбеюіне әсер етті.

Реформалау үрдісі кезінде көмекке мұқтаж тұлғаларды жеткілікті түрде материалдық қамсыздандыруға жағдай жасайтын әлеуметтік қамсыздандыру үлгісін жасаудың қажеттігі туды ал әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік сақтандырумен тығыз байланысты.

Сөйтіп, әлеуметтік қамсыздандырудың қазақстандық үлгісі қалыптасты, оның ерекшеліктрі жөнінде біз төменде сөз қозғаймыз

Біздің мемлекетіміздің Әлеуметтік саясаты елімізде елімізде әлеуметтік қораудың мықты жүйесін құруға бағытталған.

Нақты бір қызметтерді атқарған әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеңес уақытындада болған, алайда ол кейбір сыртқы формальді белгілерімен ғана сақтандыру болды, мысалы ол арқылы уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі параққа төленді, өндірістегі өндірістегі бақытсыз жағдайларға, кәсіби ауруларға немесе басқада бір жағдайларға байланысты жәрдем ақылар рәсімделді. Өзіндік мәні жағынан бұл жүйе әлеуметтік сақтандыру емес әлеуметтік қамсыздандыру болды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар:

- Сақтандырудың түсінігін анықтау;

- Әлеуметтік сақтандырудың Қазақстандық моделінің тиімділігіне баға беру;

- Сақтандыру нысандарын ұйымдастыру негіздерін анықтау;

- Сақтандыру қызметін басқару және қадағалауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

- Сақтандыру қызметін мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, сегіз тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Диссертацияның көлемі қойылған талаптарға сай.

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

  1. Сақтандырудың әлеуметтік мәні оның іс-әрекет аясы

Сақтандыру қоғамдық-өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі болып табылады. Адамдар мүліктердің иелелері ретінде сақтандыруды өздерінің мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқада күтпеген жағдайда болатын шығындардан қорғану әдісі ретінде қолданып келеді.

Сақтандырудың әлеуметтік неіздерін ашпас бұрын, әлеуметпен сақтандыру ұғымын мағынасын ашып өткен жөн болар.

Әлеумет, социум (латынша socium-ортақ) -әлдебір мәнді қарым -қатынастағы адамдарың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым. Әлеуметтің ең жоғарғы түрі тұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам. Қазақ халқының дәстүрлі түсінігіндегі: жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым ол отбасынан, ағайнын, Туыс, жекжат-жұраттан бастап ел жұрт мағынасына дейін қамтиды.

Қоғам деп аталаттын адамдар қауымының күрделілігі көп қырлығы сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтікжүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес, оның алуан реттегі, әр қилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімімен құрылымы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен мен ұйымдар, әлеуметтәк топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар, тағы басқалары болып табылады. Олардың әр-қайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам. Олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әректтесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін еркін бейберекет жиылған тобырдан да өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеумететтік құбылыстарданда мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал әлеуметтік құрылым көп жағдайларда жуйе ретіндегі бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айәқындайды. Қоғам-жеке тұлғалардың олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әректтері мен қарымқатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтасжүйе ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адмдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды Әлеуметтік жуйе ретіндегі қоғам-өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік организм. Өзара табиғи байланыстарына қарамастан әлеуметтік құрылымдарға әлеуметтік жүйе атауы әлде қайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кірітін элементтердің бүкіл жиынтығын бір-бірімен тұтастай қоғаммен әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым-жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа тускен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ әлеуметтік жүйенің тұрақтылығымен қызмет атқаруының қамтамассыз ету тетітгін құрайтын негізі негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым-қоғамдағы әлеуметтік статуспен рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуеметтік жүйенің аса маңызды бөлігі, ұйытқысы, берік үстыны. Сонымен әлеуметтік жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара байланысып, әрекет етуші және бірегей әлкуметтік тұтастықты құраушы құбылыстармен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндезерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: қоғамды жалпы зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын әлеуметтік философиямен етене байланысты әрі оның жетекшілігімен зерделеуді, қоғамның нақты-тарихи, тұрпатын өркениетін даму сатыларын. [1, 660-б]

Зерттеуді жекелеген нақты қоғамды, яғни нақты өмір сүруші елдермен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды.

Сақтандыру ұйымдары сақтанушыларымен жеке заңды тұлғалар арасындағы сондай-ақ, сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқтық қатынастар.

Нарықтық даму жағдайындағы сақтандыру ісі сақтандыру қандай болмасын қоғамдық-құқықтық формацияларда тиісінше дамып қалыптасатын және асқан қажеттілігімен ерекшеленетін әрі тиісті сақтандыру салалары бойынша жұмыс істейтін, қоғамдық пайдалы шаруашылық жүргізуге, тұлғалардың еңбек қызметтік міндеттерін атқаруына, қоршаған ортаға байланысты орын алуы ықтимал орын алатын тәуекелдерге орай қатысушылары сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары, пайда алушылары нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері белгіленген материалдық мазмұнды қоғамдық қатынастар ауқымында мақсатты сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерін құруды, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесінде өтеу механизмін іске қосатын сақтандыру оқиғалары туындаған кезде тиісті заңнама және шарт негізде сақтандыру қорғауының қамтамасыз етілуін нысалайтын кәсіпкерлік сипатты - бағдарлы құқықтық институт болып табылады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы

18 желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабының 1-тармағында: «Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені» деген түсіндірме берілген. Осы заңның 2-тармағында: «Сақтандыру қызметі дегеніміз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты! Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлкеттік органның лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі» Демек, сақтандыру белгілі бір тәуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы оқиғалары басталған кезде заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүделлерін сақтандыру мүдделерін арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қор есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы мен сақтанушы, пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді. Сақтандыру сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды ақшалай нысанда өтеуді қарастырады. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру қатынастары сақтанушының өз қарамағындағы меншігіндегі мүліктерін немесе өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуге байланысты сактандыру мүддесінің болмысына орай туындайды. Бүгінде өркениет тарихында жинақталған әрі сынақтан өткен сақтандыру ісінің тәжірибесін және қалыптасқан сақтандыру құқығының механизмін қоғамдық-мемлекеттік мұделерге орай тиімді пайдалану мән-жайы казіргі нарықтық даму кезеңіндегі шаруашылық жүргізу және өндірістік катынастар денгейіне, меншік нысандарына, басқа елдермен экономикалық байланыстарды жандандыру дәрежесіне, коршаған табиғи орта жағдайына, сақтандыру заңнамамасы саласында жүргізіліп жатқан реформаларға және т. б. Факторларға байланысты Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі сақтандыруды және сақтандыру қызметін өркендетуге, ұлттық сақтандыру рыногын түрлендіруге, міндетті сақтандыру жүйесін құруға, құқықсаласы ретіндегі сақтандыру құқығының реттуші әлеуті ауқымын кеңейтуге, сақтанушыныі сақтандыруылушының мүліктік мүлдесін қорғауды тиісті заңнама және сақтандру шарттары негізінде кепілдендіруге, ықтимал сақтандыру тәуекелдерінің алдын алу арқылы сақтанушыға, сақтандырыған тұлғаға, үшінші тұлғаларға немесе қоршаған ортаға келтірілетін зиянды залалды шектеуге мүскіндік беріп отыр.

Сақтандыру қызметы - сақтандыру қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру қайта сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемелекеттік органның дицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі Сақтандыру қызметі сақтандыру қайта сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Сақгандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және « жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады . Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шеңберіндегі пруденциялдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады.

Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі қызметті уәкілетті органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Бұл ретте сақтандыру қағидаларының туындауы сақтанушының сақтандырылған мүліктік мүдделеріне зиян келтіруі ықтимал сақтандыру тәуекелінің ықтимал қауіпті оқиғаның немесе орын алуы ықтималдығына орай сақтандыру жүргізілетін қауіпті-қатерлі оқиғалар жиынтығының) мән-жайына байланысты сақтандыру жағдайының басталуы кезінде көрініс табатын келеңсіз экономикалық салдар залалын өтеуді нысаналайтын әрі әрқайсысы өз мүддесін көздейтін сақтанушы мен сақтандырушының арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған ерікті сақтандыру шартына, сондай-ақ міндетгі сақтандыру заңнамалық актілеріне не оларға сәйкес жасасылған міндетті сақтандыру шартына негізделеді. [2]

Жеке сақтандырудағы азаматтардың өміріне, денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне байланысты, мүліктік сақтандырудағы мүлікті иеленуге, пайдалануға әрі оған билік етуге байланысты, азаматтық-құқықтық сақтандырудағы заңды немесе жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына не мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүліктік мүдделер- сақтандыру қорғауымен қамтылады. Демек, сақтанушы, өзінің не үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне, мүлкіне байланысты сақтандыру мүддесін білдіретін мүліктік мүддесін сақтандыратын жеке немесе заңды тұлға ретінде заңнамалық актіге не жасалған сақтандыру шартына орай тиісті сақтандырушымен екі арадағы азаматтық кұқықтық қатынастарға қатысады. Осы орайда ескеретін маңызды жайт, сақтандырушымен жасалған ерікті немесе міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылған, былайша айтқанда сақтандырылған тұлға болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік ұғымы
Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
Мұрағаттарда құжаттарды сақтау
Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
Әкімшілік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер
Қаржылық менеджмент
Палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz