Фразеологизм және оның зерттелуі. Қазақтың би-шешендерінің тіліндегі фразеологизмнің қолданылуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Фразеологизмдердің зерттелу кезеңдері, зерттеудегі жаңа бағыттар ... ... ...12
1.2 Тұрақты тіркестердің көркем туындыларда қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ..14

2 ҚАЗАҚТЫҢ БИ.ШЕШЕНДЕРІНІҢ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Майқы би, Мөңке би Тілеуұлы, Ақтайлақ би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Көкенай би, Бәйдібек би, Сырым шешен, Жиренше шешен, Аяз би, Ескелді би, Досай би т.б. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Мөңке би Тілеуұлы, Ақтайлақ би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым шешен, Жиренше шешен, Ескелді би, Досай би т.б. мұраларындағы тұрақты тіркестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Би.шешендерінің тіліндегі тұрақты тіркестердің мағыналық топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Кез келген ұлттың фразеологизмдері аса құнды лингвистикалық мұра. Мұнда сол халықтың дүниетанымы, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі, сенімі, қиялы және тарихы жатыр.
Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін білуге болады. Сондықтан да болар фразеологизмдерді жан-жақты зерттеуге деген қызығушылық толастамайды.
Қазақ тілінің сұлулығы мен өткірлігіне, образдылығына ерекше назар аудару ерте басталған еді.
«Язык киргизов (казахов) плавен и красноречив, они остроумны и часто находчивы в вопросах и ответах, иногда даже удивительно ловки, и всяки, даже самый необразованный киргиз (казах) владеет языком в той силе, в какой мы это в Европе замечаем только у французов и у русских» [1, 70-б].
Қазақ сөз өнеріне осылай таңданған В. В. Радлов ХIX ғасырдың 70 жылдары-ақ сөз маржанын жинап, бастырып шығарған. Оның «Түркі сөздігінде» 7500-ден аса фразалық тіркестер кездеседі екен.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмді теориялық жағынан зерттеу ХХ ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Бұл мәселемен түбегейлі шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген академик — І. Кеңесбаев. Ғалым фразеологизмдерді танып білудің басты белгілерін көрсетіп, фразеологизмдер бұрын-соңды еңбектерде көбіне лексикология тұрғысынан зерттеліп келгендігін айтады. Фразеологизм байлығын тексеретін фразеология деген дербес лингвистикалық пән болатынын, ол пән болып қалыптасу үшін өз зерттеулерінде қазақ тілі фразеологизмдеріне тән белгілер мен сол белгілер негізінде оларды топтастыру, фразеологиялық синонимия, вариант, полисемия, омонимия т.б. мәселелерді қарастырады. Осы мәселелерді жан-жақты зерттеуді, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктерін, құрам сипатын, компоненттерінің байланысу тәсілдерін, параллельді фразеологизмдер, фразеологиялық оралымдар жайлы танып-білуді болашақтың ісі деп, тұрақты тіркестерді зерттеуші ғалымдарға бағыт берді.
Қазақ халқының рухани жан-жақты дамуына, ұлттық ерекшелікке, ұлттық болмысқа өз шығармаларымен зор үлес қосқан ақын-жазушылардың туындыларын зерттеп, олардың қаламына іліккен, қаламынан туған көркемсөз үлгілерін талдап, таразылап анықтау қазіргі кезде өзекті мәселе екендігіне дау жоқ. Ана тіліміздің сөз құдыретінен нәр алған әр қаламгер заман озған сайын тілдік қолданыстар, соның ішінде тұрақты тіркестерді құлпыртып, жаңғыртып, жаңартып қолданады.
«Фразеологизмдер — тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады» [2, 589-б].
1. Радлов В. В. Средняя Зеравшанская долина // Записки РГО. Отд. Этнографии. — 1880. — Т. 6. — 55с.
2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. — Алматы, 1977. — 712 б.
3. Серғаиев М. Көркем әдебиет тілі. — Алматы, 1995. — 172 б.
4. Авакова Р. Қазақ фразеогизмдерінің семантикасы. Фил. ғыл. канд.... авторефераты. — Алматы, 2003. — 11 б.
5. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. — Алматы, 2004.
6. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. — Алматы, 1997. — 212 б.
7. Сарекенова Қ. Қазақ фразеогизмдерінің стильдік саралауны. Фил. ғыл. канд.... авторефераты. — Алматы, 2001. — 25 б.
8. Авакова Р. Фразеогиялық семантика. — Алматы, 2002. — 150 б.
9. Махметова А. С. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы фразеогизмдер: дәстүр мен жаңашылдық. Фил. ғыл. канд.... диссертация. — Атана, 2006. — 129 б.
10. Балақаев М., Манасбаев Б., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ тілінің стилистикасы. — Алматы, 2005. — 107 б.
11. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. — Алматы, 1991. — 208 б.
12. Мамаева М. Қ. Фразеогизмді сөз тіркестері. Фил. ғыл. канд.... диссертация. — Алматы, 2004. — 127 б.
13. Серғаиев М. Сөз сарасы. — Алматы: Жазушы, 1989. — 151 б.
14. Виноградов В. В. О языке художественной литературы. — М., 1959. — 172 б.
15. Шалабай Б. Көркем проза тілі. — Алматы, 1994. — 125 б.
16. Ғұбайдуллин С. Қазақ тілі. — Алматы, 1995. — 155 б.
17. Копыленко М. М., Попова З. Д. Очерки по общей фразеологии. — Воронеж, 1978. — 163 б.
18. Қожахметова Х. Фразеогизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. — Алматы, 1972. — 127 б.
19. Смағұлова Г. Фразеогизмдердің варианттылығы. — Алматы, 1996.
20. Ожегов С. Н. Словарь русского языка. — М., 1989. — 712 с.
21. Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері. — Алматы: Рауан, 1997. — 151 б.
22. Сыздық Р. Сөз құдыреті. — Алматы: Санат, 1997. — 224 б.
23. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері (Оқу құралы). – Алматы: Білім, 20-03. – 260 бет.
24. Бұлдыбай А. С. Шешендік өнер: Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2003. — 84 б.
25. Билер сөзі /Құрас. Т. Кәкішев/. — Алматы: Қазақ университеті, 1992. — 160 б.
26. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 1993. — 496 б.
27. Жуков В. П. Русская фразеология. — М.: Высшая школа, 1986. — 309 с.
28. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. — Алматы, 1991. — 176 б.
29. Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы, 1991. — 463 б.
30. С. Сәтенова Қос тағанды фразеогиялық тіркестердің автордың қолданысына қарай өзгеруі // Тіл тарихы және сөз табиғаты. — Алматы: Ғылым, 1997. — 85-89 б.
31. Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер = Древний мир права казахов: Материалы, документы и исследования. 10 томдық. . — Алматы: Жеті жарғы, . — 2006. 8-том. — 424 б.
32. Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер = Древний мир права казахов: Материалы, документы и исследования. 10 томдық. . — Алматы: Жеті жарғы, . — 2004. 3-том. — 616 б.
33. Досмұхамедұлы Х. Аламан. — Алматы: Ана тілі, 1991.
34. Толыбаев Қ. Бабадан қалған бір байлық. — Алматы: Қазақстан, 2000 — 84 б.
35. Тіл білімі сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1998. — 544 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Фразеологизмдердің зерттелу кезеңдері, зерттеудегі жаңа
бағыттар ... ... ...12
1.2 Тұрақты тіркестердің көркем туындыларда
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... .14

2 ҚАЗАҚТЫҢ БИ-ШЕШЕНДЕРІНІҢ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Майқы би, Мөңке би Тілеуұлы, Ақтайлақ би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би, Көкенай би, Бәйдібек би, Сырым шешен, Жиренше шешен, Аяз би, Ескелді
би, Досай би т.б.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Мөңке би Тілеуұлы, Ақтайлақ би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым
шешен, Жиренше шешен, Ескелді би, Досай би т.б. мұраларындағы тұрақты
тіркестер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Би-шешендерінің тіліндегі тұрақты тіркестердің мағыналық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..42

Кіріспе

Кез келген ұлттың фразеологизмдері аса құнды лингвистикалық мұра.
Мұнда сол халықтың дүниетанымы, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі, сенімі,
қиялы және тарихы жатыр.
Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түп тамырын
ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін білуге
болады. Сондықтан да болар фразеологизмдерді жан-жақты зерттеуге деген
қызығушылық толастамайды.
Қазақ тілінің сұлулығы мен өткірлігіне, образдылығына ерекше назар
аудару ерте басталған еді.
Язык киргизов (казахов) плавен и красноречив, они остроумны и часто
находчивы в вопросах и ответах, иногда даже удивительно ловки, и всяки,
даже самый необразованный киргиз (казах) владеет языком в той силе, в
какой мы это в Европе замечаем только у французов и у русских [1, 70-б].
Қазақ сөз өнеріне осылай таңданған В. В. Радлов ХIX ғасырдың 70
жылдары-ақ сөз маржанын жинап, бастырып шығарған. Оның Түркі сөздігінде
7500-ден аса фразалық тіркестер кездеседі екен.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмді теориялық жағынан зерттеу ХХ
ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Бұл мәселемен түбегейлі шұғылданып,
арнайы зерттеу жүргізген академик — І. Кеңесбаев. Ғалым фразеологизмдерді
танып білудің басты белгілерін көрсетіп, фразеологизмдер бұрын-соңды
еңбектерде көбіне лексикология тұрғысынан зерттеліп келгендігін айтады.
Фразеологизм байлығын тексеретін фразеология деген дербес лингвистикалық
пән болатынын, ол пән болып қалыптасу үшін өз зерттеулерінде қазақ тілі
фразеологизмдеріне тән белгілер мен сол белгілер негізінде оларды
топтастыру, фразеологиялық синонимия, вариант, полисемия, омонимия т.б.
мәселелерді қарастырады. Осы мәселелерді жан-жақты зерттеуді,
фразеологизмнің стильдік ерекшеліктерін, құрам сипатын, компоненттерінің
байланысу тәсілдерін, параллельді фразеологизмдер, фразеологиялық
оралымдар жайлы танып-білуді болашақтың ісі деп, тұрақты тіркестерді
зерттеуші ғалымдарға бағыт берді.
Қазақ халқының рухани жан-жақты дамуына, ұлттық ерекшелікке, ұлттық
болмысқа өз шығармаларымен зор үлес қосқан ақын-жазушылардың туындыларын
зерттеп, олардың қаламына іліккен, қаламынан туған көркемсөз үлгілерін
талдап, таразылап анықтау қазіргі кезде өзекті мәселе екендігіне дау жоқ.
Ана тіліміздің сөз құдыретінен нәр алған әр қаламгер заман озған сайын
тілдік қолданыстар, соның ішінде тұрақты тіркестерді құлпыртып, жаңғыртып,
жаңартып қолданады.
Фразеологизмдер — тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену
жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға
тән ерекшеліктер бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз
тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді
халық орынды пайдаланады [2, 589-б].
Жұмыстың өзектілігі: Қазақ тіл білімінде фразеологизмді теориялық
жағынан зерттеу ХХ ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Бұл мәселемен
түбегейлі шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген академик — І. Кеңесбаев.
Тұрақты сөз тіркестерінің жан-жақты теориялық негізі түркітануда:
І.Кеңесбаев, З. Г. Ураксин, Г. Н. Ахунзянов, Ш. У. Рахматуллаев,
Г.А.Байрамов, М. Ы. Чернов, А. Нұрмаханов т.б.; қазақ тіл білімінде:
Ә. Т. Қайдаров, Р. Сыздық, Р. Сәрсенбаев, Ә. Болғанбаев, Ғ.
Қалиев, Ө. Айтбаев, Н. Уәлиұлы, С. Сәтенова, Г.
Смағұлова, Ғ. Сағидолда, Р. Авакова және т.б. еңбектерінде жасалды.
Қазіргі қазақ тілі оқулығына фразеология бөлімін енгізген Қазақ ССР
Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ. Мұсабаев фразеологизмдердің
ерекшелігіне көп көңіл аударған.
Фразеологизмнің мағыналық түрлеріне, көркем туындылардағы қызметіне,
лексика-грамматикалық ерекшелігіне, стильдік ерекшелігіне баса назар
аударылады. Соңғы кездері фразеологизмдерді зерттеуге Б. Уызбаева,
Қ. Қалыбаева, Қ. Сарыбасова, Қ. Сәрекенова т.б. диссертациялық
еңбектер жазды.
Қазақ әдеби тіліндегі көркемдегіш құрал ретінде жиі қолданылатыны —
тұрақты тіркестер. Осы тұрақты тіркестерге қатысты көптеген ғылыми
еңбектер, диссертациялар, мақалалар жазылғандығына көз жеткіздік.
Дегенмен, осы күнге дейін көркем әдебиеттегі фразеологизмдер
негізінен белгілі бір автор шығармасы негізінде қарастырылды. Ақын-
жыраулар тіліндегі фразеологизмдер қарастырылды. Ал би-шешендер тіліндегі
фразеологизмдер ғылыми негізде зерттелген емес. Жұмыстың өзектілігі де
сонда.
Зерттеудің дереккөздері: әр түрлі топтамада жарық көрген
би-шешендер сөздерінің жинақтары, тіл
білімі сөздігі, фразеологизмге қатысты ғылыми еңбектер мен мерзімді
басылымдар.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУІ

Қазақ халқының өткен өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен ақыл-
парасаты қазақ тілінде түйінделіп, көрініс тауып жатады. Бұл құбылыстың өз
халқымыздың салт-санасын, әдет-ғұрпын сипаттайтын, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан батырлық, ғашықтық жырлар мен тұрмыс-салт
өлеңдерінде, ертегі-аңыздарында, айтыстарында, халық арасында көптеп
таралған сөз зергерлері қалдырып кеткен мол мұралар да сақталып келе
жатқаны айдан анық.
Академик І. Кеңесбаев: Өмір шындығы тілдік лексика саласынан айқын
сезіледі. Өйткені қоғам өміріндегі түрлі құбылыстар, тарихи кезеңдер
белгілі бір лексикалық ұғыммен ұласып жатады. Ал лексикалық ұғым сөзбен,
сөз иағынасымен тығыз қарым-қатынаста болады. Халықтың белгілі бір
дәуірдегі саяси, шаруашылық, мәдени тіршілігі де, адамның ішкі рухани
дүниесі де, салты да тілдің дыбыс жүйесінен, тұлғасынан, сөйлем
құрылысынан гөрі сөз мағынасынан айқынырақ білініп тұрады, деп — нақты
тұжырымдайды [2, 4-б].
Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасаған
тілінен көрінеді. Кейде сол ұлттық тілінде ұлттық әлдебір қасиеттерін
өзгелерден оқшау етіп бағалайтын, анықтайтын тіркестер қалыптасады. Олар
ұрпақтан ұрпаққа сақталады.
Қазақ халқының тілі — әрі бай, әрі көркем тіл. Сан алуан көрікті де
қанатты сөздер, шешендік сөздер мен нақыл сөздер халық тілінде көркемдеп
бейнелеуші, өрнектеп мәнерлеуші тәсілдер де сонда, — дейді академик
М. Серғалиев [3, 60-б].
Тіл — ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс дер болсақ,
қазақ тілі осы ойдың айғағы бола отырып, өзінің бейнелілігі, көркемдігі,
экспрессивті-эмоционалды бояуларға толы фразеологизмдерімен ерекшеленеді.
Қазақ тілі, оның көркемдігі жайлы сөз еткенде фразеологизмдерге тоқталмай
кету жаңсақтық болар еді. Тіліміздің байлығын арттырып, ажарландырып
тұратын фразеологизмдерді әр жыр, әр дастан, әр ертегі, аңыздан кездестіре
аламыз.
Ата-баба дәстүріне сай ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тұрақты
тіркестердің тілімізде алатын орны ерекше құнды. Әдетте әр адам күнделікті
өмірде өзін толғантқан келелі ой-пікірлерін жеткізуде небір құрышын
қандырар, көңілін селт еткізер тұрақты тіркестерді қолданады. Халық
тілінің басқа элементтерімен біте қайнасып келе жатқан фразеологизмдерді
оқып танымайынша, оның табиғатына үңілмейінше тіл байлығын, тіл
ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.Ана тілінің байлығы мен әуезділігін
анықтауда фразеологизмдердің алтын орны ерекше. Сөз байлығы сөздің санымен
де, мән-мағынасымен де өлшенеді.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдени мұрасы және рухани байлығы,
экономикасы мен қоғамдық саясаты көрініс тапқан фразеологизмдерде қандай
да бір нақты құбылыстың, жағдайдың ерекшелігі көрініп тұрады. Тұрақты
тіркестер — кез келген халықтың рухани байлығының жемісі.
Тұрақты тіркестер фразеология саласының еншісінде. Осы жайында
Р. Авакова: Фразеология — құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде
қайта жасалынбай, даяр қалпын сақтай отырып қоолданылатын, мағына
тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі
күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы,— деген [4, 11-
б].
Осымен байланысты ұлттық дүниетаным мен ана тіліміздің сөз
құдіретінен нәр алып, ұлттық қасиеттерді бойына сақтап, сіңірген халықтың
сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып қалыптасқан асыл қазына — көркем сөз
үлгілерін заман озған сайын құлпырта қолданып, қырлап, жаңғыртып, жаңартып
отыратын ақын-жазушылардың шығармашылығындағы тұрақты сөздердің қолданысын
зертттеу — осы саладағы өзекті мәселенің бірі.
Соған қатысты тілші-ғалымдардың аса назар аударуға тиіс жағы —
тұрақты тіркестердің құрылымдық-функционалдық қыры және олардың тілдік
(узуалды) және сөйлемдік (окказионал) қолданысы. Қазақ тіліндегі тұрақты
тіркестердің тарихи қалыптасқан дағдылы түрлерін авторлық (окказионалдық)
қолданыс тәсілдермен байланыстыра қарастыру олардың тілдік табиғатының
мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге тілдік жағдаяттарға байланысты
құрылымдық-семантикалық өзгерістер мен мағыналастықтың ерекшеліктерін,
стилистикалық мақсаттар мен жеке авторлық қолданыс тәсілдерін, оларды іске
асыратын тілдік құралдары мен тілдік тетіктерін көрсетеді.
Фразеологизмдердегі бірінші компонент көбінесе фраза жасаушы ұйытқы
сөз болады. Бірақ бұл абсолюттік ұғым емес. Кез келген тұрақты тіркесте
сөз ұйытқы компонент бола алмайды. Тек халық тілінде ұзақ жасап келген
сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады.
Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының бірі тұрақты
тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тізбектер, қанатты сөздер
[5, 36-б].
Лексикология саласының мамандары Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы
фразеологияның шығу арналарын бөліп қарап, олардың негізгілері деп
төмендегі құбылыс, ұғым, түсініктерді атап көрсетеді: Көптеген
фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы
бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты)
деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың
бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен, қазіргі кезде ол
мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға байланысты айтылады. Сол сияқты
т.б. фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылған
құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады [6, 208-б].
Фразеологиялық тіркестердің ерекше бір қасиеті — оның эмоционалдығы.
Тілде тек номинативті функцияны ғана атқаратын жек сөздерден айырмашылығы
фразеологизмдер тілде де, сөйлеуде де эмоционалды тәсіл ретінде жұмсалады
[7, 59-б].
Тілімізде көкейге қонымды, көркем орамды алуан түрлі тұрақты сөз
тіркестері көп-ақ. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді
халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен пара-пар келетін бұл сөзж
орамдарын жоғары бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді. Сол сан-салалы
сөз орамдарын жинап, бір ізге түсірудің маңызы зор.
Фразеология грек тілінің сөйлемше және ұғым, ілім сөздері
бойынша жасалған. Фразеология термині екі түрлі мағынада қолданылады:
бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің
саласы деген ұғымда қолданылса, екінші мағынада бір тілдегі
фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.
Тіл біліміндегі фразеологияға қатысты кең мағынадағы түсінікке сай
сан түрлі тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер халықтың даналығын
сипаттайтын, тілімізге нәр беретін, бейнелі суреттеуге қажетті көркемсөз
құралы ретіндегі тіл байлығымыздың бір саласы болып саналатыны белгілі.
Осы жайында Р. Авакова былай дейді: Дербес мағыналы лексикалық бірлік
болып табылытын фразеологизмдер — тіл байлығы ғана емес, халықтың рухани
қазынасы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тарихтың куәсі. Сөз
байлығын ғылыми тұрғыдан зерттегенде, халық санасында, салт-дәстүрінде,
ауыз әдебиетінде сақталған информацияның барлығы сабақтастық жүйемен
игерілуі қажет. Тек сонда ғана халықтың болмыс-тіршілігінің, мәдениетінің
құпия сырлары толық, жан-жақты ашылады. Ұлттық өмірдің айнасы болып
табылатын фразеологизмдердің орны әлемнің тілдік бейнесін жасауда ерекше.
Оны танымдық тұрғыдан талдау — адамзат өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің
табиғатын ашуға мүмкіндік береді [8, 37-б].
Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология мәселелері
әжептәуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді, әсіресе, І.
Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегін
тек қазақ тіліне ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп
қарауға болады. Автор аталған сөздіктің Қазақ тілінің фразеологизмдері
туралы бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін
жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын
зерттеушілердің қай-қайсы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды [9,
9-б].
Қазіргі қазақ тілі оқулығына фразеология бөлімін енгізген Қазақ ССР
Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ. Мұсабаев та фразеологизмдердің
ерекшелігіне көп көңіл аударған.
Тұрақты сөз тіркестерінің жан-жақты теориялық негізі түркітануда:
І.Кеңесбаев, З. Г. Ураксин, Г. Н. Ахунзянов, Ш. У. Рахматуллаев,
Г.А.Байрамов, М. Ы. Чернов, А. Нұрмаханов т.б.; қазақ тіл білімінде:
Ә. Т. Қайдаров, Р. Сыздық, Р. Сәрсенбаев, Ә. Болғанбаев, Ғ.
Қалиев, Ө. Айтбаев, Н. Уәлиұлы, С. Сәтенова, Г.
Смағұлова, Ғ. Сағидолда, Р. Авакова және т.б. еңбектерінде жасалды.
Фразеологизмнің мағыналық түрлеріне, көркем туындылардағы қызметіне,
лексика-грамматикалық ерекшелігіне, стильдік ерекшелігіне баса назар
аударылады. Соңғы кездері фразеологизмдерді зерттеуге Б. Уызбаева,
Қ. Қалыбаева, Қ. Сарыбасова, Қ. Сәрекенова т.б. диссертациялық
еңбектер жазды.
Қазақ әдеби тіліндегі көркемдегіш құрал ретінде жиі қолданылатыны —
тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркестер ұзақ қолданыс нәтижесінде ғана
тұрақтылыққа ие болады. Жалпы фразеологизмдерді басқа тілдік бірліктерден
ажыратудың айырма белгілері деп зерттеушілер академик І. Кеңесбаев ұсынған
үш негізге сүйенеді.
1) Мағына тұтастығы (белгілі бір фразеологизмнің ішіндегі сөздер
бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады
да, шоғыр тіркес біртұтас мағына береді);
2) Тіркес тиянақтылығы (белгілі бір фразеологизмнің ішіндегі сөздер
бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді,
барлық жағдайда дерлік бір шоқ тіркесу өз қалпын сақтайды);
3) Қолдану тияақтылығы (белгілі бір фразеологизм әрдайым айна-
қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай
қайталана қолданылады) [2, 590-б].
Фразеологизмдерді сөзден де, сөз тіркесінен де ажырату үшін оған тән
белгілер мен қасиеттерді айқындап алу қажет. Профессор К. Аханов
фразеологизмдердің басты екі қасиетін айтқан:
1) Оның даяр күйінде жұмсалуы;
2) Мағына тұтастығы.
Фразеологизмдердің түрлері бір-бірінен әрқашан ашық, айқын ажыратыла
бермейді, осыған орай оларды классификациялау тіл ьілімінің өте күрделі
мәселесі болып отыр. Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестің біртұтас
мағынасы мен олардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп
бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі
мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тіл білімінде академик В. В.
Виноградов классификациясын негізге алып бөлсе, қазақ тіл білімінде де осы
классификациялауды бірден-бір арқау етіп келеді.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа
жіктеледі.
1) Фразеологиялық тұтастық — семантикалық жақтан бөлініп
ажыратылмайтын біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен
жуыспайтын фразеологиялық оралым. Бұл топқа фразеологизмнің
құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып
кеткен,олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын
тұрақты тіркестер жатады.
2) Фразеологиялық бірлік — фразеологиялық орамдардың бұл түрі де
фразеологиялық тұтастық сияқты семантикалық жақтан бөлінбейтін,
біртұтас единица. Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық
тұтастықтан айырмасы мынада: фразеологиялық тұтастықтың бір бүтін
мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен мүлдем жанаспайтын
болса, құрастырушы сыңарлардың мағыналарыбөлінбейтін мағынасы
құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіннің біртұтас келтірінді
мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады. Фразеологиялық
бірліктің мағынасы — біртұтас образды мағына, бірақ туынды мағына.
Оны құрастырушы сыңарлардың бәрінің де, әрине, қатысы бар, бірақ
бұл қатыстылық тікелей емес, жанама түрде болады.
3) Фразеологиялық тізбек — фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті
мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында,
тіркескен күйінде жұмсалады, яғни тұрақты тіркес сыңарларының,
бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға
жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз
бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол
тізбек күйінде қолданылады.
Профессор К. Аханов орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші
Н. М. Шанский атаған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық
оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше деп бөледі.
Фразеологиялық сөйлемше мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен
құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы:
Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады; Шегіркеден қорыққан егін екпес.
Ә. Қараев фразеологизмнің тағы бір ерекшелігін атап көрсетеді. Ол
фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аударуға болмайтындығы, яғни
аударуға икемсіз, тікелей сөзбе-сөз аударылмайды деген тұжырымға келген.
1997 жылы шыққан Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлының Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы атты оқулығында
фразеологизмдерді әр қырынан зерттеп, теориялық анықтамалар береді. Бұл
еңбекте фразеологизмдердің негізгі үш белгісі көрсетіледі. Олар:
1) Даяр қалпында жұмсалуы;
2) Мағына тұтастығы;
3) Тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық.
Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен
салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Бақыт ауылға жүрейін деп отыр
деген сөйлемді әркім неше жаққа жүгіртіп өзгерте беруге болады. Мысалы,
Бақыт ауылға бармақшы. Бақыт ауылға барам деген ойда т.б. Бұл сияқты
тіркестер қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады.
Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе өз еркі деген сөз. Ал тілдегі
фразеологизмдерді бұлай құбылтуға көнбейді. Мәселен, төбесі көкке жетті
дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге
болмайды. Оның сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем
ішінде қолданғанда біртұтас даяр қалпында жұмсалады.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі — мағына тұтастығы,
фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншіктік мағына болады. Ол
мағына тұрақты тіркесті құрастұрушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді,
оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян
тапқандай дегенннен — қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл
мағынада жер, жеті,қоян, табу деген төрт сөздің қаз-қатар жұптасып
қолданылуы арқылы бір мағына пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін
единица болып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица ретінде
көрінеді. Мысалы, кір жуып, кіндік кескен дер (атамекен, туған жер), екі
аяғын бір етікке тықты (састырды) дегендердің бәрі құрылым-құрылысы
жағынан әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің
біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегі әркімнің қолдануынша емес, қалыптасқан
белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып келген сөздердің жігі
ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға,
я болмаса тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке
көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән мағынасын бүтіндей
өзгертіп жіберді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.
Бұл үш түрлі (тұрақтылық, тұтастық, тиянақтылық) ерекшелік арқылы
фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-
бейнесімен дербес өмір сүреді.
М. Балақаев Қазақ тілінің мідениеті атты еңбегінде
фразеологизмдердің көркем әдебиеттегі қолданылу ерекшелігіне, стильдік
қатысына , сөйлеу мәдениетіндегі орнына ерекше назар аударады.
Б. Манасбаев фразеологизмдердің негізгі қасиеттерін былайша
тұжырымдайды:
1) Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2) Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3) Мағына бірлігі сақталады;
4) Екі сөзден кем болмайды [10, 107-б].
Фразеологизмдер — күрделі лингвистикалық бірліктер. Олардың
күрделілігі тек құрылымдық түрлері мен синтаксистік модельдердің
көпшілігімен ғана емес, сонымен қатар тематикалық және семантикалық
көпжақтылығымен , сондай-ақ ойдың түрлі эмоционалды-экспрессивті реңктерін
бейнелеумүмкіндігімен түсіндіріледі — деп тұжырымдайды академик Ә. Т.
Қайдар [11, 202-б].
Қазақ тіл білімінде, тюркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары
бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ.
Басқаша айтқанда, сан алуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу
объектісі болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалаларда
иллюстрация материалы дәрежесінде ғана қолданылып келді. Тіпті жалпы
тюркологияда елеулі орын алатын бұрынғы сөздіктерде де идиомдық және басқа
тұрақты сөз тіркестері тым сирек кездеседі. Тек соңғы кезде ғана қайсыбір
түркі тілдерінде осы салада еңбектер туа бастады. Фразеологизмдер —
тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына
тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшелікиері бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз
тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді
халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен барабар жоғары бағалап, оларды
қастерлей сақтап келеді. Сол сан-салалы тізбек, қалыптасқан сөз топтарын
жинау, бір ізге түсірудің мәні өзінен өзі түсінікті.
Тіл-тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан
(ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз
тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы
(лексикалық қор) деген топқа сөздіктерде қамтылған алуан түрлі
фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда
сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология дейтін болсақ,
фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау әбден орынды.
Бұл саладағы ғылыми топшылауларды 1944 жылы І. Кеңесбаев айтқан болатын.
Елімізге есімдері мәшһүр ориенталист ғалымдар — М. О. Әуезов,
С. Е. Малов, Н. В. Юшманов кезінде осы мәселе жөнінде өте құнды
пікірлер білдірген еді.
Әр тілдің заңдары, өзіне лайық ерекшеліктері бар; оларды зерттейтін
фонетика, морфология, синтаксис, лексика, семасиология тәрізді ярустары,
яғни тараулары бар. Фразеологизмдер бұрынды-соңды еңбектерде, көбіне, осы
лексика тұрғысынан зерттеліп келгенін жоғарыда атадық. Соның өзінде де екі
тілді сөздіктерде иллюстрация ретінде сөз болды.
Фразеологияның сыр-сипатын сөз еткенде оның тіл ярустарына, тілдің
құранды бөлшектеріне мүлде қатысы жоқ деп ешкім де айта алмайды. Тілдің
сол бөлшектеріне түбірлі айырмасын, бас белгілерін (релеванттық қасиетін)
бір-ақ ауыз сөзбен түйгенде мынадай жайт аңғарылады: Тұтастық, тұрақтылық
пен тиянақтылық фразеологизмнің басты, негізгі белгісі дегенде бұл
қасиеттерді өз дәрежесінде, өзге күйде тілдің басқа элементтерінен де
табуға болады. Мәселен, тілдегі ең кішкене бөлшек фонема, буын болсын,
немесе морфема мен түбір, оның негізгі, туынды түрлері болсын өзінің
тұлғалық тұтастығынғ тұрақтылығын сақтайды. Сөйлемнің әр алуан типтерін
алсақ, олар да өз құрылымының ерекшелігіне, шегі мен мөлшеріне, соларыдың
тұрақтылығы мен тұтастығына қарай бір-бірінен дараланып тұрады. Бұл
тұрғыдан қарағанда тұтастық, тұрақтылық қасиеттер тек фразеологизмге емес,
көптеген тілдік категорияларға ортақ тәрізді, яки тұтастық, тұрақтылық
тиянақтылық сипат алған нәрселердің бәрі бірдей фразеологизм бола
алмағанымен, фразеологизм үшін сол қасиеттердің болуы міндетті. Жоғарыда
аталған үш критерийді тұтас қамтитын тұтастық пен тұрақтылық кез келген
сөз элементінен немесе сөйлемнен табыла бермейді. Ал, ондай белгілердің
екеуі болып, бірі болмаса немесе біреуі ғана болып, екеуі болмаса, ешбір
лексикалық-грамматикалық тұлға фразеологизм дәрежесіне көтеріле алмайды.
Ал, фразеологизм категориясын алатын болсақ, ол аталмыш үш белгінің яғни
жоғарыдағы үш критерийдің үшеуіне бірдей ие, үш қасиеттің үшеуі бір-
бірінен ажырамай, іштей өзектесіп жатады. Міне, осыған орай фразеологизм
де тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен тіл
ішінде өмір сүреді, өз заңдылықтарын берік тұтынады.

1.1 Фразеологизмдердің зерттелу кезеңдері, зерттеудегі жаңа бағыттар

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы, теориялық тұрғыдан
зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай
келеді. Мамаева М. Қ. өзінің Фразеологизмді сөз тіркестері атты
кандидаттық диссертациясында фразеологизмдердің зерттелу кезеңін төрт
кезеңге бөліп, әр кезеңге жеке-жеке сипаттама береді: Осы уақыттағы
зерттеулерді біз төмендегідей 4 кезеңге бөлер едік:
1. ХХ ғасырдың ортасы — 40-50 жылдар — қазақ фразеологиясын теориялық
жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
2. 60-70 жылдар — қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке
авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
3. 80 жылдар — фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ
фразеологизмдерінің өзге тілге аударылуы мен басқа тілдегі
фразеологизмдердің қазақ тілдерінде берілу жайы.
4. ХХ ғасырдың соңғы он жылы — 1999-2000 жылдар — фразеологизмдерді
этнолингивстикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салғастырмалы
фразеология.
Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық
тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдардың дені түгел
назар аударған еді. Қазақ филологиясының тілші ғалымдары
Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ.
Мұсабаев, К. Аханов, Р. Сәрсенбаевтар фразеологизмдердің теориялық-
практикалық мәселелері бойынша алғашқы тұжырым жасаушылар болды.
Қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу
жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болса, С. Аманжолов
фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы, Н. Сауранбаев
фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударды. Қазіргі қазақ тілі
оқулығына (1954 ж.) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та
фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов өзінің Тіл
біліміне кіріспе атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының
лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың
классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев тұрақты тіркестердің
бір түріне жататын мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталады.
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде, 60-жылдары,
ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады
дегенге көңіл бөлді. Р. Сәрсенбаевтың Қазақ мақал-мәтелдерінің
лексика-стилистикалық ерекшеліктері атты кандидаттық
диссертациясында, С. Исаевтың Қазақ тілінің тұрақты сөз
тіркестерінің бір типі жөнінде мақаласында осы ерекшеліктерге назар
аударылған. Осы жылдарда жеке авторлардың шығармаларындағы
фразеологизмдердің қолданылуына да көп көңіл аударып, сөз таптарына
жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың
Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері, М.
Белбаеваның Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер мақалалары
мен осы жылдары қорғалған Х. Қожахметованың Ғ. Мұстафин шығармаларындағы
фразеологиялық орамдар, Е. Бектұрғановтың М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-
эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері кандидаттық диссертациялары сол
жылдардың ізденіс нәтижелері.
70 жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.
Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап, Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақова, А.
Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды.
Екінші кезеңнің тағы бір ерекшелігі 70 жылдардың аяғында қазақ
фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі
шығармаларды қазақ тіліне аударудағы фразеологизмдердің берілу жайы тілші
ғалымдар назарын аударды. Бұл ретте Ө. Айтбаевтың, К. Дүйсетаеваның
зерттеу еңбектерін атауға болады. Сондай-ақ осы жылдары көптеген зерттеу
мақалалар жарияланды.
І. Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі — он мыңнан аса фразаны
қамтыған Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі шықты.
Үшінші кезең — қазақ фразеологиясын жан-жақты зерттеу кезеңі. 80
жылдар алдыңғы кезеңдердегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ
фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу,
аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж. Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде салыстыра зерттесе, Д. Алтайбаева фразеологизмдердің
аудармадағы берілу жолдарына (калька жолымен, дәл баламасы берілуіне)
назар аударды. Ал, А. Тажмұратованың зерттеу жұмысы орыс және
қазақ фразеологизмдерінің тіл аралық қолдану ерекшеліктеріне арналған.
Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М. М. Копыленко мен
З. Д. Попованың жаңа әдісін (семемный анализ) қолдану тәжірибелері жүзеге
асты. Р. М. Таева мен Ф. Р. Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде
фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс —
компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі
пайдаланылған.
Үшінші кезеңде қазақ-орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу
нәтижесі Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік жасалды.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік — тұрақты тіркестердің тарихи қалпын
(диахронды зерттеу) зерттеуге көңіл аударылды. Р. Сыздықованың
Қ. Жалаиридің “Жами-ат-тауарих” атты шығармасындағы тұрақты тіркестер
еңбегі диахронды фразеологиялық зерттеу.
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 жылдардан бастап
бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы
саласында жан-жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің
этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды.
Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста
жатқан этнопсихологиялық және мәдени-танымдық аспектідегі зерттелуі
кейінгі он жылдықта академик Ә. Қайдаров пен оның шәкірттерінің
еңбектерінде көрініс табуда.
С. Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан
тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш. Сеитова өсімдікке байланысты
тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама береді, ал Қ. Ғабитханұлы
наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды, Б. Уызбаева
соматикалық-етістік фразеологизмдерді зерттейді.
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле зерттеу
— қазақ фразеологизмдерінің ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен
үлес. Осындай еңбектердің қатарына С. Сәтенованың Қазақ тіліндегі қос
тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты,
Г. Смағұлованың Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-
мәдени аспектілері докторлық диссертацияларын айтар едік.
ХХ ғасырдың аяғында 70 жылдардан басталған қазақ фразеологизмдерін
орыс тілімен салыстыра зерттеу орын алды. Бұл ретте М. А. Жақсыбаеваның
Этнографические фразеосочетания казахского и русского языков,
Ф. Н. Дәулетованың Қытай және қазақ тілдері
фразеологизмдеріне лексикографиялық салыстырмалы талдау, Ш. Қ.
Құрманбаеваның Түрік және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдерге
салыстырмалы талдау, М. Р. Есімжанованың
Межязыковые фразеологические соответствия (на материале англиского,
русского и казахского языков), Ж. Қ. Өміралиеваның Национально-
культурная специфика конвенциональных фразеологизмов с соматизмами (на
материале англиского, русского и казахского языков) атты диссертацияларын
атауға болады.
Төртінші кезеңдегі қазақ фразеологиясын салыстырмалы зерттеудің
нәтижелерінің көрінісі — Түрікше-қазақша фразеологиялық сөздік, Қысқаша
қытайша-қазақша фразеологиялық сөздік, Краткий англо-русско-казахский
словарь [12, 9-11б].
Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда,
оның объектілерін, тілдегі орны мен табиғатын, зерттеу әдістерін анықтауда
теориялық тұжырымдар жасап, іргелі еңбектер жазған үш мектеп өкілдері:
Мәскеу, Санкт-Петербург, Самарқанд мектептері болғанын фразеологияны
зерттеп жүрген ғалымдарымыз атап айтады.
Қазақ тіл білімінде, тюркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары
бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ.
Басқаша айтқанда, сан алуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу
объектісі болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалаларда
иллюстрация материалы дәрежесінде ғана қолданылып келді. Тіпті жалпы
тюркологияда елеулі орын алатын бұрынғы сөздіктерде де идиомдық және басқа
тұрақты сөз тіркестері тым сирек кездеседі. Тек соңғы кезде ғана қайсыбір
түркі тілдерінде осы салада еңбектер туа бастады. Фразеологизмдер —
тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына
тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшелікиері бар.

1.2 Тұрақты тіркестердің көркем туындыларда қолданылуы

Прозаик, ақын иә сыншы болсын қай-қайсы да жалпы халықтық тілді
пайдаланатыны баршаға мәлім. Солай бола тұра, жеке таланттың тілі деген
ұғымды қолданатынымыз да белгілі. Сол шарттылықтың өзінде шындық барын
тағы ескермеске болмайды, өйткені көпшілікке етене таныс сөздерді жаңа
қырымен, соны бояумен, өзгеше өңімен жұмсай білушілік — жазушы талантын
танытатын құбылыс. Әр қаламгердің сөйлем құру даралығы да осыны
дәлелдейді, — дейді академик М. Серғалиев [13, 134-б]. Міне, осындай
көзқарастар қазақтың би-шешендері тілін зерттеуге мүмкіндік, бағыт-бағдар
береді.
Орыс тіл білімінде көркем әдебиет тілін зерттеудің жеке ғылым саласы
ретінде бөліп қаралып, оның дәйекті дәлелдермен негізделуі академик
В. Виноградов еңбектерінен басталады. Осы мәселенің теориясына
арналған еңбегінде ғалым шығарманың авторы мен тілін бір бүтін ретінде
анықтайды: Образ автора — это индивидуальная словесно-речевая структура,
пронизывающая строй художественного произведения и определяющая
взаимосвязь и взаимодействие всех его элементов [14, 151-б].
Көркем шығармадағы тіл ерекшелігінің қазақ тіл біліміндегі шешімін
табу жайына қатысты қазақ тіліндегі көркем проза тілін зерттеуші-ғалым
профессор Б. Шалабай көркем әдебиет тілі сияқты біртұтас дүниені жете
түсіну және толық түсіндіру үщін Қазақ филологиясында көркем әдебиет
тілін зерттеудің қазіргі жағдайы көркем әдебиет стилистикасының жүйелі
ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасауды қажет етеді, — деген тұжырым
жасайды. [15, 4-б].
Ақын-жазушылар өз туындыларын жазу үстінде жаңа грамматикалық форма
іздеп отырмасы анық, өзіне таныс стилін, қолтаңбасын қай сөйлем мүшесін
жиі қолдануын, сөз байланыстарының қандай тәсіліне жиі жүгінетіндігінен
гөрі, бірден көзге ұрып тұратын және жиі пайдаланатын формалардан іздегені
жөн, — деп тұжырымдайды С. Ғұбайдуллин [16, 155-б].
Фразеологиялық тіркестер барлық стильдерде де қолданылғанымен,
бейнелілік пен экспрессивтілік, негізінен көркем әдебиетке тән және
көркемдік құрал автордың жан дүниесі, шығармашылық идеясымен астасып,
көркемдік құралы ретінде қызмет етеді.
Зерттеушілер фразеологизмдердің көркем әдебиетте жұмсалуын
қарастырғанда осы орайда, ең алдымен экспрессиялы-бейнелі реңктері бар,
поэтикалық сипаттағы түрлеріне назар аударады: В целях изучения
творчества писателей, сказителей индивидуальных особенностей стиля,
исследователь может ограничиться образной фразеологией [17, 15-б].
Тұрақты тіркестердің тілдік табиғатын тануда оның тілдік жүйедегі
дағдылы қолданысынан тыс функционалдық-стилистикалық қырларын да
зерттеудің мәні зор. Тұрақты тіркестердің бұл қырының жарқын көріністерін
сөз шеберлерінің тезінен өтіп, шығармашылық көгінде шыңдалған көркем
туындылардан және сөздері хатқа түспесе де кейінгіге үлгі-өнеге
болған,әділ шешім шығара білген би-шешендердің сөздерінен табамыз.
Тіліміздегі тұрақты тіркестер ойымызды әсерлі, бейнелі, көркем
жеткізуде тіліміздің ұшына орала кетеді. Тыңдаушысына ерекше әсер етіп,
ерекше назар аудартады. Бұл да сөйлеу мәдениетінің ұлтқа тән өзіндік
көрінісі деуге болады. Мұндай тіркестер ұлттың рухани қазынасына жатады.
Бұл тіркестердің поэзияда атқаратын қызметі зор.
Академик М. Серғалиев: Тұрақты тіркестер — әдеби тілдің ілгері даму
барысында қалам қайраткерлерінің әрекеті арқылы жанданған әсем кестелер.
Олар — сөз зергерлерінің ой-түйінін ықшамдап аңғартатын жинақылықтық
үлгісін көрсететін көркемдік құралы. Тұрақты тіркестерді қай жазушы болса
да өз шығармасында қажетіне қарай қолданады, — деген [3, 67-б].
Осы жайында Х. Қожахметова былай дейді: Көркем шығарма тіліндегі
фразеологизмдерді таңдап қарастыру — автордың өзіндік стиль жасаудағы
тілдік тәсілдерінің бояу өрнегін айқындау болып табылады.
Фразеологизмдердің стильдік бояуы жеке сөзбен салыстырғанда әлдеқайда
күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол. Осы қасиеттеріне орай
фразеологизмдер белгілі бір баяндауға, сөйленген сөзге стильдік әр береді.
Қалыптасқан бұл тұрақты тіркестердің көркем әдебиет тілінде атқаратын
қызметі алуан түрлі. Бұлар шығарманың идеясын беруге, образ, характер
жасауда, кейіпкерлердің өзін-өзі әшкерелеу сияқты тілдкі тәсіл болып
келеді. Осылар арқылы қоғам өмірінің сан құбылыстарын, табиғат көрінісін
бейнелі түрде бағалай, суреттей беруге болады [18, 55-б].
Г. Смағұлова: Қиыннан қиыстырған ой өрнектері өлеңде өз орнын
құлпыртып тұрған тұрақты сөз тіркестерінің мәнерлегіштік, бейнелегіштік
қасиеті айқын аңғарылады. Аз сөзбен көп сөздің түйінін түйген тұрақты сөз
тіркестерін поэзиялық шығармаларда қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Өлең қара сөздей емес, белгілі бір ырғаққа, ұйқасқа құрылады. Басы артық
селкеу сөз бен селдір шумақ бүкіл өлеңнің поэтикасына нұқсан келтіреді.
Сол себепті де ақындар дайын тіркестерді өлең жолдарына пайдаланғанда аса
үлкен жауапкершілік барын сезінеді.
Тұрақты сөз тіркестері құрылысы жағынан көп өзгеріске ұшырауы,
әсіресе, өлеңді сөзге тән құбылыс. Фразеологизмдер өлең жолдарына ерекше
поэтикалық қуат беріп, терең ой иірімдерін аңғартады [19, 103-б].
Көркем әдебиет шеберлерінің жазғандарында тұрақты тіркестерқұрамын
әдейі өзгертіп немесе араларына басқа сөздерді қосып айту кездеседі. Бірақ
олардың көбінде ерекше стильдік өң болады.
Ал, тұрақты тіркестерді өзгертіп айтуға ешқандай мағына болмаса,
оларды стильдік қате деп есептейміз [5, 56-б].
Ғалымдар тұрақты тіркестер құрамының өзгеруіне байланысты иынадай
тәсілдерді келтіреді:
1) Эллипсис — сөздерді тастап кету контекстегі айтылар ой,
фразеологизмдердің бірер мағынасы осы кескінді формасында да өз
мазмұнын жоймаған, қайта ой әсерлігі күшейе түседі.
2) Фразеологизмдердің лексикалық құрамын жаймалап қолдану. Үстеме
компоненттер фразеологизмдердің құрамына қосымша мән-мағына үстеп,
еселеп, проза тіоінің әр түрлі стильдік мұқтаждығын өтеуге қызмет
етіп тұр.
Мұнда қалыпты фразеологизм үстеме компоненттер арқылы жаңа түр,
ерекше мағыналық реңк алған. Олар қара сөздің тігісіне шебер
жатқызылған. Фразеологизмдердің құрылысы жағынан алшақтығы
байқалса да, түпкі мағынаға байланысты үзілмегенін байқауға
болады.
3) Фразеологизмдерді сыйыстырып қолдану кәнігі фразеологизмдердің
құрамындағы сөздер алмасып қолданылатын бұл тәсіл ғылым тілінде
контаминация деп аталады. В языкознании контаминация — это
возникновение нового выражения или формы путем объединения
элементов двух выражений и форм, чем-нибудь сходных [20, 924-б].
Контаминацияға ұшыраған фразеологизмдердің әрқайсысының өзіндік
мағыналық өзгешеліктері болып, әрқайсысы әр түрлі стильдік
мақсатына жұмсалады да, бірінің орнына бірі жүре бермейді
[21, 80-б].
Контаминация түрінде жұмсау жазушылардың айтатын идеясы мен
суреттейтін құбылысын неғұрлым дәлірек, мәнерлірек жеткізуіне
көмектеседі.
4) Дистант фразеологизм табиғатында құрылымы бітеу болып, сырттан
аталып сөз қосуға көне бермейтін тілдік категория. Ал кейбір
фразеологизмдердің құрылысы жағынан өзгеріске көп ұшырап, құрамына
қосымша сөз қосып алу әрекеті өлеңді сөзге тән құбылыс болып
келеді. Фразеологизмдердің арасына сөз сыналату туралы
І. Кеңесбаев былай дейді: Рас, көркем әдебиетте, оның ауызша,
жазбаша түрлерінде, халық тіліндегі белгілі бір фразеологизмді сәл
ұлғайтып немесе ықшамдап, өлең өлшеміне не көркем мәтінге
ұштастыра өріп қолдану сәттері болып тұрады... Бұл секілді саналы
әрекет жолымен болған өзгерістер бөгде сөздер емес, дистант
құбылыс деп аталады [2, 593-б].
5) Болымсыз мәндегі фразеологизмдерді керісінше қолдану.
Фразеологизмдердің мазмұнын полярлық қарама-қарсы мағынада
өзгертудің әсері айрықша. Өйткені, жұрт құлағы үйренген үйреншікті
сөзді, аксиомаға айналған ұғымды бұлайша терістеу оқырман назарын
бірден өзіне аударады [10, 67-б].
6) Инверсия (орын алмастыру).
Ақын-жазушы қаламына түскен халық мақалының бітімі одан сайын
мүсінделе, өткірлене түсіп, көркем туындының бейнелі, айшықты шығуына өз
дәрежесінде әсерін тигізбей қоймағанын аңғару қиын емес.
Фразаны (ойды, сөйлемді) бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді не
мәтінді жеке өз алдына аулақтатып орналастыру амалы. [22, 68-б].

2 ҚАЗАҚТЫҢ БИ-ШЕШЕНДЕРІНІҢ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМНІ ҚОЛДАНЫЛУЫ

2.1 Майқы би, Мөңке би Тілеуұлы, Ақтайлақ би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би, Көкенай би, Бәйдібек би, Сырым шешен, Жиренше шешен, Аяз би, Ескелді
би, Досай би т.б.

Ерте дәуірлерде қазақ елінде сөз өнерінен әлде бір өнер асады деген
түсінік, ұғым болмаған. Ел өзінің өткен тарихын, өз тұсындағы тұрмыс-
тіршілігінің барша саласындағы қуанышы мен ренішін, алдынан күткен,
іздеген арман-тілегін түгелдей сөз өнері арқылы танып, сөз өнері арқылы
танытқан. “Өнер алды — қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас
жарады”, “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген секілді асыл сөздер
халықтың тұрмыс-тіршілігінде сөз өнерінің алатын орны мен атқаратын
қызметінің маңызы мен мәнін ашатын сипатымен бағалы. Байырғы дәуірлерде
қазақ даласында кісінің атақ-даңқын асқақтата шарықтатқан санаулы ғана
өнер болған. Оның бірі — соғыс ісін жүргізу өнері; екіншісі — билік;
үшіншісі — сөз өнері. Осылардың бастысы да, бастаушысы да — сөз өнері.
Шешен сөздің майталман шеберлері өздерінің де, өзгелердің де атақ-даңқын
тұтас елге шығарғанда тіл өнерінің құдірет-күшіне, шешендік өнеріне, ақпа-
төкпе ақындық талантына, таным байлығы мен білім тереңдігіне бірдей
сүйенген.
Шешендік өнер философия, логика, этика, эстетика, тарих, этнография,
тіл, әдебиет, заң, психология секілді ғылым салаларымен тығыз байланыста
дамып отырған. Көрсетілген байланыстың табиғаты басқа құбылыстар арсындағы
байланыстар сипатынан мүлде бөлек, ол тұтастыққа ұласып кетіп отырады.
Мұндай байланыстың немесе тұтастықтың әрбір құрамдас саласын біліп,
игерудің өзі қыруар еңбек пен уақытты талап етеді. Ал аталған ғылым
салаларын, олардың өзара байланысу, үндесу жолдарын жете білудің үстіне
солардың бәрінің табыса, тоғыса келе біртұтас күрделі құбылысқа айналу
сырына бойлау ілуде біреудің ғана қолынан келеді. Ғалым мен батыр көп
болғанда, шешеннің саусақпен санардай аз болуының басты себебі осында.
Төле бидің: “Батыр деген — барақ ит: екі долы қатынның бірі табады. Би
деген — бір бұлақ: қатынның ілуде біреуі ғана табады”, — деген қанатты
сөзі де би мен шешеннің, шешендік өнердің болмыс-бітімін, дара табиғатын
терең танудан туған. Шешендік өнердің басқа өнер түрлерінен және ғылым
салаларынан айырмашылығы — оның пәнінде де, әдісі мен тәсілінде де
ешқандай шекара болмайды. Шешендік өнер үшін асуға болмайтын жалғыз-ақ
шекара бар. Ол — ақыл-ой, ар-ождан, абырой шекарасы. Ақыл-ойдан таятын, ар-
ожданнан аттайтын, абыройдан ажырайтын межеден арғы жерде шешендік өнер де
жоқ.
Шешендік сөздің тарихы мен теориясында қазақ халқының қиыннан
қиыстырып, суырып салып айту өнерінің маңызы мен мәні өте жоғары. Қазақ
шешендері өз сөздерін көне дәуірдің сауатты шешендері секілді жазбаша
дайындап, әр іс туралы айтар ойын алдын-ала кесіп-пішіп, тіпті сөзін жатқа
айтып жаттығып отырмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстары, олардың тарихи
болмысы мен тарихи сипаты, мазмұны мен мәні — қай-қайсысы да көне дәуір
шешендерінің қойын дәптерінде жүретін болса, қазақ шешендерінің ойында
сақталған. Қалыптасқан таным мен талғам талаптарына орай кез келген
құбылыс туралы тұжырымды, кесімді пікірді де олар табан астында айналасы
теп тегіс жұмыр пішінге, өлшемді, мөлшерлі түрге түсіре білген. Себебі ой
таза, жүрек таза. “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деп бекер
айтпаған. Қазақ шешендерінде ең бастысы — иман тазалығы болған.
Қазақ шешендерінің сөз майталманы ретінде қалыптасуы, өнерін өсіріп,
шеберліктерін шыңлауы арнаулы оқу орнында, шешендік өнер мектебінде, ұстаз
алдында емес, сахаралық тұрмыс-салт жағдайында өткен. Арнаулы мектеп,
үйретуден жалықпаған арнаулы ұстаз жоқ сайын даланың төсінен шыққан алуан
шешендердің, билердің сөздері бүгінде қазақтың өзін де, өзімен өзектес
басқа жұртты да таңдандырмай қоймайды. Өйткені қазақ шешендік өнері тапқыр
сөз, шешен сөйлеу ғана емес. Қазақ шешендік өнерінің әлеуметтік қызметі
де, мазмұн-мағынасы да, сыртқы ажар-көркі де өте күрделі, көп салалы, көп
қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер қазақ даласында бірнеше
қоғамдық ойдың міндетін қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Фразеологиялық айналым сөздердің классификациясы
Тұрақты тіркестерді оқыту
Бата, тілек, алғысқа байланысты айтылатын фраземалар және олардың мағыналық – тұлғалық ерекшеліктері
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы ақпарат
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Пәндер