Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
ТАРАУ 1. Нарықтың даму тарихы және теориясы.
1. 1. Нарық қатынастарының даму кезеңдері . . . 5
1. 2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және
түрлері . . . 8
1. 3. Нарықтық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының
жоғарғы баспалдағы ретінде . . . 13
ТАРАУ 2. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мәні
мен ерекшеліктері.
2. 1. Нарық механизмінің мәні мен ерекшеліктері . . . 16
2. 2. Нарықты реттеудің мәні және әдістері . . . 20
ТАРАУ 3. Қазақстан экономикасының нарыққа өту жолдары.
3. 1. Нарық дамуының қазіргі экономикалық
теориялары . . . 29
3. 2. Нарыққа өту кезіндегі Қазақстандағы экономикалық
және әлеуметтік жағдай . . . 32
Қорытынды . . . 36
Әдебиет тізімі . . . 37
Қосымшалар . . . 38
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары. Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат - нарықтық экономиканың мәнін, қажеттілігін түсіндіруден туындайды және біздің экономиканың нарықтық жолға өту кезеңін қамтитын сұрақтар мен мәселелердің шеңбері күрделі де ауқымды түрде көрсетілді. Мұнда сонымен қатар біздің экономиканың нарық қатынастарына көшуіне қатысты, нарықтың түрлері, атқаратын қызметтері және өмір сүру шарттары жүйелі сұрақтарды қамтиды.
Жалпы нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егерде мынадай жағдайлар айқын болжалынып және анықталса: қандай көлемде тауарлар және қызметтер өндіру керек, не өндіру керек, қоғамға қажет тауарлар мен қызметтерді қалай өндіру керек, өндірілген өнім кімге арналған, нарықтық жүйенің қоршаған ортаға тез және ұтымды бейімделуіне жету. Нарықтық қатынастар сұраныс пен ұсынысқа негізделінеді. Сұраныстың негізгі факторы - өнімнің бағасы, ал ұсыныстың мүддесі - пайда.
Нарыққа өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасы халық шаруашылығының тиімсіз құрылымы, төмен деңгейде нарыққа ену, экономиканы басқаруда салалық және әкімшілік дамыған бағыт, өндірісі және кәсіпорындары алыптылығы, орталықтан басқару деңгейінің жоғарылығымен сипатталынады. Республиканың нарыққа көшу Концепциясы мынадай міндеттерді шешуді қамтиды: экономикалық егемендікке жету, меншікті, банк, қаржы және ақша - несие жүйелерін реформалау, баға қоюды, сыртқы экономикалық әрекетті тұрақтандыру. Жұмыстың тақырыбы осындай сипатта жеткілікті дәрежеде көрініс тапқан.
Негізінен бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олардың бірінші бөлімі нарық қатынастарының даму кезеңдері мен атқаратын қызметіне, екінші бөлімі әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктеріне, үшінші бөлімі Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезеңдеріне арналған. Осы бөлімдерді жеке -жеке қарастырайық.
Бірінші бөлімде нарықтың даму тарихы және теориясы басты мәселе болып табылады. Сонымен қатар, әкімшілдік - әміршілдік жүйенің ұзақ жылға созылған үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіндіру және нарық экономикасындағы еркіншілдік туралы қарастырылды.
Ал, екінші бөлім жоспарда көрсетілгендей, нарықтың әлеуметтік - экономикалық мәні, ерекшеліктері қарастырылды. Бұл бөлімде сонымен қатар нарық жағдайындағы инфляция, салық салу, баға белгілеу, астыртын экономика және сұраныс пен ұсыныс теориясы сұрақтарына да ерекше көңіл бөлінген. Осы бөлімдегі нарықтың атқаратын қызметіне қысқаша тоқталсақ. Оның маңызды қызметтерінің бірі - ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету
дегі реттеуші ролі. Нарықтың реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Үшінші бөлімде Қазақстан экономикасының нарыққа өту жолдары туралы, нарық дамуының қазіргі экономикалық теориясы туралы қарастырылды. Мұнда нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибеде көрсеткеніндей, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік - экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен қатар жүретіндігін көрсетіп отыр.
Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет - республиканың өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, «технологиясын» талдау.
Курстық жұмысты орындау барысында Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ү. Байжомартов, Я. Әубәкіров, Ө. Шеденов, Б. Комягин, Б. Байжұмаев, Ф. Жақыпов, Т. Табеев, Қ. Нұрғалиев, С. Мәуленов, С. Бекмолдин, Е. Құдайбергенов сияқты экономика ғалымдарының еңбектері басшылыққа алынды.
1 ТАРАУ . Нарықтың даму тарихы және теориясы.
1. 1. Нарық қатынастарының даму кезеңдері.
Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда - саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне - көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде Қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен Бір тұтас болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе - теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2, балама - Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде «таза» құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланысады. Дүние жүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1- тауар емес балама - Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілері - несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит ( 1723 - 1790 ) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776 ж. ) деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арсындығы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге арласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпі қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «Laisser faire» ( «мейлі өзімен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А. Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын « жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықта реттеуге қабілеті болады - деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А. Смит нарықты экономиканың өзін - өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбарының пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми - техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО -ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраныс пен ұсыныс сұрақтары әкімшілік - әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы - несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама - ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек .
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты нарықтық ұйымдастырудың маңызы әрқилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар арасында жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады. [3]
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі нарықтық экономиканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Нарықтың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рыноктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық нарықтың қалыптасуына жол ашты. Енді нарықтық шаруашылық теориясының негізгі жағдайын айта кетелік.
Нарық дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқындайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы нарықтық қатынастардың элементтері: баға, сұраныс, және ұсыныс, бәсеке болады.
Нарықтың маңызды қызметі еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Нарық арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірірген тауарлар құрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкестендіреді.
Формациялық теорияға сүйенген кеңес елі, басқа да бұрынғы «социалистік» елдерде орныққан жоспарлы, бір орталықтан басқару жүйесі тарихта өз артықшылықтарын дәлелдей алмады. Сондықтан жоғарыда аталған елдер рыноктық қатынасқа көше бастады. [7]
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни шаруашылықты рыноқтық ұйымдастыру.
Сөйтіп, нарық адамзаттың ерекше өнер табысы болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады. Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері, шарттары, түрлері арқылы ашылады.
1. 2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлшектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды қасиеттерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) т. б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау, өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру, еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді.
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- нарық инфрақұрылымын жасау;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіз
дігі, олардың келісім - шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы (нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 проценттен асқанда жоғалта бастайды), олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарынан алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бір сыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы - публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Біздіңше бұл ұшқары пікір. Қазіргі кезеңде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір кездердегі жаппай национализациялау ( өндіріс құрал жабдықтарын мемлекеттік меншікке айналдыру ) және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт - ол өндіріс құрал -жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтың тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы манерв жасау кеңістігінен айырады, оның сұранысға икемділігін баяулатады. Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы, коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы: капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында акцияларды, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім - шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым - несие жүйесінсіз жұмыс істей алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық (ғылыми - техникалық) жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз, (ипотекалық) жылжымайтын мүліктердің (жер, құрылыс) кепілдігіне ақшалай қарыз беруші банкілер, сақтық компаниялары, әр түрлі қоғам, ұйымдардың қоры құрайды. Нарық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі - атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктердің қолшоқпарына айналар еді, ал мұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады, және де заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауды қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджеттің кірісі мен шығынын теңдестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
а) таза бәсеке ;
ә) монополиялық бәсеке;
б) олигополиялық бәсеке;
в) таза монополия.
Енді көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
1. Таза бәсеке нарығын бір - біріне ұқсас тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранысға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оны тастап кету де сондай оңай. Мысалы: АҚШ- тың ауылшаруашылығы өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкеністер мен жемістер) нарығы осыған дәлел бола алады.
2. Монополистік бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар бір-бірінен сапасы, қасиеттері сыртқы безендірілуі, сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы бойынша ерекшеленеді.
3. Олигополиялық бәсеке нарығында баға белгілеу саясатымен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі - оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады немесе дифференцияланады.
4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынадай түрлерге бөлінеді: дүниежүзілік нарық, еларалық бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық, аймақтық нарық және оқшауланған немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Қазіргі кезеңде нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда, соның ішінде әсіресе Шығыс Европа және Европалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭС), бұрынғы Совет Одағы құрамында болған, қазірде тәуелсіздік алған егеменді мемлекеттер арасындағы нарық қатынастары. Осының нәтижесінде шын мәніндегі бүкіл дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz