Оқыту технологиясын топтастыру



Техналогиялар туралы ұғымдар және оқыту технологиясына сипаттама
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Қазіргі оқыту технологиялары
Білім беру саласында компьютерлік технологияны енгізумен қатар »
технология» деген ұғымның кездесуі жиілеп, оқытудың технологиясы ұғымы
қалыптаса бастады.Бұл бағыт алғашқы кезде АҚШ пен Англия
мемлекеттерінде XX ғасырдың 60- шы жылдарында пайда болған.
Оқыту технологиясы XX ғасырдың 1 жартысында білімді тексеріп, бағалау
барысында пайдаланылып осы идея оқыту үрдісіндегі техникалық құрал-
дармен оқытудың негізін қалады. Көптеген уақыттар бойы оқыту техно-
логиясын сабақта техникалық құралдарды пайдалану деп түсінді.
Оқыту саласына «технология» деген сөзді Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор
индустриялдық технология деген пікірге негіздеп, оқытуда техникалық
жабдықтарды пайдаланумен байланыстырған болатын.
Түсіндірме еөздікте «Технология - қандайда болсын істегі, шеберліктегі,
өнердегі амалдардың жиынтығы « делінсе, Б.Лихачев: « бала мен мұғалімнің
үнемі түрленіп отыратын өзара қарым -қатынасының өзегі, мазмұнды
ұйымдастырушы құрылым « дейді.
Қазіргі кезде оқыту технологиясы білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен
бағаланады. Беспальқа: оқу мен тәрбие үрдісінде қолданған құралдар мен
әдістер жиынтығы, олар білім беру мақсатын тиімді жүзеге асыруға
мүмкіндік береді» деп анықтама береді.
. Оқыту технологиясы - педагогикалық қағидалардың зерттелуін, оқыту
жүйесінің әдіс-тәсілдерін қарастыратын дидактиканың бағыты болып
есептеледі.
Оқыту техналогиясының міндеті жүйелі мақсаты бар элементтерден тұра-
тын процесс болып саналады.
Оқыту технологиясы мынадай оқытудың негізгі құрамдарынан тұрады.
оқытудың мақсаттылығы - оқу құралдарының дайындалуы
білім дәрежесінің мерзімдік жэне қорытынды нәтижесін бағалауға ар-налған бағдарлама.
Оқыту технологиясы - оқушының біліктілігінің, ойлау қабілетінің, қабыл-дауының, іс-әрекетінің дамуынан шығады және оқу материалдарының толық қабылдануына жету мақсатына бағытталады. Сондықтанда оқыту жүйесінде пэндік тақырыпқа қойған мақсат нақтыланады. Бұған Б.Блумның таксномиясы жатады:
Білім- мұнда оқушы терминдердің мағынасын , негізгі ұғымдарды, ереже-лермен танысып,біледі. Түсіну-оқушы қүбылыстарды түсіндіре алады.

Қолдану-оқушы сабақ барысында алған білімін керек жағдайда қолдана
алады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі оқыту технологиясының теориялық негіздері. 1. Оқыту технологиясын
топтастыру.

Жоспар:
Техналогиялар туралы ұғымдар және оқыту технологиясына сипаттама
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Қазіргі оқыту технологиялары

Білім беру саласында компьютерлік технологияны енгізумен қатар
технология деген ұғымның кездесуі жиілеп, оқытудың технологиясы ұғымы
қалыптаса бастады.Бұл бағыт алғашқы кезде АҚШ пен Англия
мемлекеттерінде XX ғасырдың 60- шы жылдарында пайда болған.
Оқыту технологиясы XX ғасырдың 1 жартысында білімді тексеріп, бағалау
барысында пайдаланылып осы идея оқыту үрдісіндегі техникалық құрал-
дармен оқытудың негізін қалады. Көптеген уақыттар бойы оқыту техно-
логиясын сабақта техникалық құралдарды пайдалану деп түсінді.
Оқыту саласына технология деген сөзді Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор
индустриялдық технология деген пікірге негіздеп, оқытуда техникалық
жабдықтарды пайдаланумен байланыстырған болатын.
Түсіндірме еөздікте Технология - қандайда болсын істегі, шеберліктегі,
өнердегі амалдардың жиынтығы делінсе, Б.Лихачев: бала мен мұғалімнің
үнемі түрленіп отыратын өзара қарым -қатынасының өзегі, мазмұнды
ұйымдастырушы құрылым дейді.
Қазіргі кезде оқыту технологиясы білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен
бағаланады. Беспальқа: оқу мен тәрбие үрдісінде қолданған құралдар мен
әдістер жиынтығы, олар білім беру мақсатын тиімді жүзеге асыруға
мүмкіндік береді деп анықтама береді.
. Оқыту технологиясы - педагогикалық қағидалардың зерттелуін, оқыту
жүйесінің әдіс-тәсілдерін қарастыратын дидактиканың бағыты болып
есептеледі.
Оқыту техналогиясының міндеті жүйелі мақсаты бар элементтерден тұра-
тын процесс болып саналады.
Оқыту технологиясы мынадай оқытудың негізгі құрамдарынан тұрады.
оқытудың мақсаттылығы - оқу құралдарының дайындалуы
білім дәрежесінің мерзімдік жэне қорытынды нәтижесін бағалауға ар-
налған бағдарлама.
Оқыту технологиясы - оқушының біліктілігінің, ойлау қабілетінің, қабыл-
дауының, іс-әрекетінің дамуынан шығады және оқу материалдарының толық
қабылдануына жету мақсатына бағытталады. Сондықтанда оқыту жүйесінде пэндік
тақырыпқа қойған мақсат нақтыланады. Бұған Б.Блумның таксномиясы жатады:
Білім- мұнда оқушы терминдердің мағынасын , негізгі ұғымдарды, ереже-лермен
танысып,біледі. Түсіну-оқушы қүбылыстарды түсіндіре алады.
Қолдану-оқушы сабақ барысында алған білімін керек жағдайда қолдана
алады.
Талдау-құбылыстың ерекшеліктеріне жауап беріп, ойлауға дағдыланады.
Синтез- шығарма жазуда, мәселені шешуде алған білімдеріне сүйенеді.
Мектептерде көбінесе оқытудың дәстүрлі технологиясы қолданылады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясына XVII ғасырда Я.А.Коменский негізін
салған сыныптық -сабақ жүйесін жатқызады. Соңғы ғасырда сыныптық-
сабақ жүйесін жетілдіруде көптеген зерттеулер жүргізілген.
Дәстүрлі сабақтар негізін Я.А.Коменскийдің салған жүйесінің құрылымы-
мен- үйдің тапсырмасын сұрау, жаңа материалды түсіндіру,бекіту, үйге
тапсырма беру, бағалау арқылы жүреді.Педагогтар ғасырлар өте келе, қо-
ғамның даму барысына байланысты дәстүрлі сабақтың оқушылардың
өзбетінше дербестігіне нұқсан келтіретінін байқады. Себебі, оқытудың
мақсаты, мазмұнына байланысты дэстүрлі оқыту түлғаны дамытуға емес
көбіне білім мен дағдыны меңгертуді қарастырған. Дәстүрлі оқыту
технологиясы мұғалімнің авторитарлығын көрсетеді. Мүнда оқушы эрқашан
оқытушының түсінігімен санасады,
білімді меңгеру дайын білімдерді хабарлауға негізделіп, оны оқушы есте
сақтап қайталап беруін қадағалайды.
Дәстүрлі оқыту технологиясын екі түрлі топқа топтастыруға болады:
1 .Иллюстративті-түсіндіру әдістері: лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибе-
лерді көрсету, экскурциялар. Бұл кезеңдерде оқытушы материалдарды
көрнекілікті пайдалана отырып түсіндіреді.
2. Репродуктивтік әдіс: оқытушы білімді, іс-әрекет тәсілдерін, берген
тапсырмалардың шешлуініңінің жолдарын оқушы көз алдына елестету үшін
тапсырмаларды құрастырады. Мысалы: оқушылардың толық қанды жауабын
алатын сұрақтарды, есептерді дайындау.
Сонымен қатар дәстүрлі оқыту технологиясының көптеген жетістіктері бар.
Атап айтсақ. Оқу материалының жүйелі берілуінің анықтылығы, мұғалім
түлғасының оқушыларға тұрақты сезімдік ықпал етуі. Бүл технологияның
нашар жетілген түстары: біркелкілік, оқушыларда дербестіктің болмауы
және индивидуальді оқытудың жүйелі болмауында деп есептелінеді.
Жаңа оқыту технологиясына тоқталсақ, 1993 жылы Алматыда ашылған
жекеменшік Элко корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді.
Бүл мектепте тіл сабақтары, сөйлеу мәдениеті,эстетика пәндерінен сабақ
жүреді. Мектепте баға қойылмайды. Мектепті М.Монтессор ақыл - ойды
саусақтардың қозғалыстары, қолдың мәнерлі ырғақтарымен интенсивті
сенсорлық сезімдер арқылы дамыту негізінде салған.
Р.Штейнердің (1861-1925) идеясы Вольдорф мектептері айдарымен
Қазақстанда баланың рухани дүниесіне ықпал етуіне бағытталған.Мұнда
оқушыларға тіл пәндері терең оқытылады. Вольдорфтік педагогикасының
элементтері Алматы қаласының орта білім беретін мектептерінде
қолданылады.
С.Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелері Қазақстанда бастауыш сыныптарда
енгізілген. Мүнда мұғалім оқушының өзіне ғана тән қабілетіне сүйене отырып
дамытуына негізделген.

Сонымен қатар қазіргі жаңа оқыту технологияларына мәселелік оқыту
технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, жобалап оқыту
технологиясы, саралап оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру
технологиясы, озат оқыту технологиясы,модульдік оқыту технологиясы жатады.
Мәселелік оқыту технологиясының алға қойған мақсаты-оқушыны өздігінше
ізденуге үйрету,олардың бойында танымдық пен шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері: -оқушының
белсенділіктерін арттыру
-оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселені туындату -бұлда оқушы оқу
материалын сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймай, білім алу
мақсатындағы қажеттілігін қанағаттандыруында меңгереді. Тірек белгілері
арқылы оқыту технологиясының негізін салған В.Шаталов. Мұнда оқушының
бойында білімділік, біліктілік пен дағдыны қалыптастырып, оқытуды жеделдету
мақсатын көздейді. Оқытудың бұл технологиясының ерекшеліктері:
-үнемі қайталау,міндетті кезеңдік бақылау, тіректі пайдалану -жеке бағдарлы
қарым - қатынас, ықпал ету
-әр оқушының пікірінің, жобасының жариялануына, табысқа жетуіне жағдай
жасау
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі
Жаңашыл педагог С.Лысенкованың авторлығындағы оза отырып оқыту
технологиясының мақсаты - барлық оқушыны оқуда табысқа жеткізу.
Ерекшеліктері төмендегідей сипатталады: -оқу материалдарының жүйелілігі,
-әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы, -бағдарламадағы, тақырыптағы
қиындықты жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдістерін
пайдалану,сабақты пысықтауда озаттар, орташалар, нашар оқушылар ретімен
қатыстырылады.
-сыныпта түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым- қатынасты орнату,
-оқушының қателігіне ескерту жасағанмен жазғырмау, -үй тапсырмасын
оқушылардың мүмкіндігіне қарай беру. Ш.Амонашвили негізін қалаған оқытудағы
ізгілендіру технологиясының мақсаты- баланың танымдық күшін қалыптастырып
дамыту, жүрегіне жылылық ұялату болып табылады.
Модульдік оқытудағы мақсат - оқушының өздігінше жұмыс істей алуына
мүмкіндікті дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс
жасауға үйрету.
Қазіргі жаңа технологиялардың алдарына қоятын мақсаты - оқушылардың дербес
ерекшеліктерін ескере отырып, өзбетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды
көздейді.
Модульдік оқытудың технологиясы Жоспар:
1. Модульдік оқыту технологиясы ұғымына түсініктеме
2. Модульдік оқыту технологиясының қағидалары
3. Модульдік оқыту технологиясының әдіс – тәсілдері

Қазіргі кезеңдегі педагогика оқыту процессінде біліктілік пен дамыту
барысында модульдік оқытуды қолдануда.
Модульдік оқыту - XX ғасырдың 60 жылдарында АҚШ мемлекетінде бастау алып,
ағылшын тілдес Батыс Европаға тез тараған болатын.
Алғаш рет S.N Роstuwait оқытудың мазмұнына қарай оқу материалдарын
автономды етіп бөліп оқытуға болады деген идеяны енгізген. Сол кезде бүл
микрокурс немесе миникурс деп аталған. Олардың мазмұны дидактикалық
міндеттерге негізделген. Кейінгі кезде педагогикалық тәжірибелерде
қолданыла келіп модуль (module) оқыту модулі(modular instruction) деген
атқа ие болған.
Кеңес үкіметінің кезінде модульдік оқыту алғаш Литвада оқу процесіне
енді.Литвада бұл мәселемен шұғылданған Л.Йоваиша . Ал Қазақстанда модульдік
оқыту технологиясын зерттеген М. Жанпеисова. Бұл технология әдістері
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге,
қорытындылар жасауға жүйелі білім алуға негіздейді. Себебі, модульдік оқыту
технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық
т.б.) қолдануға мүмкіндіктері мол.
Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке - жеке тараулар
бойынша емес біртүтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушылар өзін
- өзі дамытуға, бірін - бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша
эдебиеттен білім алуға дағдыланады.
Модуль деп - дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты , өзіндік
іс - әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат
блогін атайды.
Модульдік оқытудың мақсаты- оқушының өздігінше жұмыс істей алуына
мүмкіндікті дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс
жасауға үйрету болып табылады.
Бұл технологияда мұғалім кеңесші, хабарлаушы ролін атқарады да шәкірттің
іске белсене араласуына жағдай жасайды.Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала
алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар:
Модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс - әрекет әдістері,жан
-жақты әдістемелік консультациялар беру.
Модульдікте тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен
әдістері белгіленеді.
Жүйелілігінде әлеуметтік сүранысқа қарай мазұмнына өзгерістер енгізе алады.
Н.Н. Нечаев оқыту іс - әрекетіндегі мәселелерді шешуді қарастыру барысында
нәтижесін көру жұмыстың іс - әрекет әдістеріне байланысты екеніне
тоқталады. Ол модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық жэне
ойлауды қалыптастыратын іс - әрекет әдістері деп түйіндейді. Тэжірибелі
педагогтар Ш. Амонашвили ,Л.С. Рубенштейн тэжірибелерінен әр оқушының
қабылдауы әр түрлі болатыны белгілі. Сондықтанда бүл технология жеке
түлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту процессінде әдістерді қолдануды
көздейді.
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты
танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін
түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге
байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытуды қүрастыру ережелері:
* Ақпарат материалының мақсаттылығы
* Жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы
* Модуль элементтерінің жеке даралығы
* Ақпараттық және әдістемелік материалдың оптимальды берілуі.
Мүғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты
қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Практикалық
жүмыстарға түсініктеме беріп, теориялық жэне практикалық тапсырмалар,
оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік
бақылаулар алынып оқшылардың игере алмаған тақырыптары байқалынып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқытудың жалпы мақсатын қою
Жаңаша оқыту технологиялары
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық инновация
Пәндер