Сүйінбай Аронұлының өмірі мен тарихи-әлеуметтік поэзиясы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Өмірбаяны

Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерде дүниеге келген. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол жасынан жыраулығымен елге танылған, өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Жамбыл ақын «Менің пірім- Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы- жауынгер, ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігіменел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арсына танылған. Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене қатысқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай- болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Қазақ халқының тарихи- қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан- жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиямен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді.

Бөрілі менің байрағым!

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен.

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен,

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен.

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза атамыз,

Қарасайлап шабамыз.

Қызыл қанға батамыз,

Бөрілі байрақ астында

Ту түсіріп жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрі басы- ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйінбай Аронұлының айтыстары: тарихи-әлеуметтік мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері
Сүйінбай Аронұлының айтыскерлігі мен шығармашылығы
Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы мен Сүйінбай Аронұлының айтыстары
Сүйінбай Аронұлының Бөрілі менің байрағым өлеңіндегі елдік пен ерлік мотивтерінің талдауы
Сүйінбай Аронұлы: айтыс өнері, әлеуметтік әділет және поэтикалық өлшем
Сүйінбай Аронұлы шығармаларындағы философиялық сарын
Сүйінбай Аранұлы (1822-1895): өмірі, шығармашылығы және әдеби мұрасы
XV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы: тарихи-әлеуметтік мәні мен көркемдік ерекшеліктері
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы: зар заман поэзиясы және әлеуметтік-саяси сыны
Абай Құнанбайұлы: өмірі, поэзиясы және әдеби-тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz