Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары. Оқушының математикалық сауаттылығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру

Еліміздің экономикасы артып, мектептің техникалық базасы нығайып арнайы компьютерлік технологиялармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталып, интернет электрондық оқулық, т. б. кеңінен қамтамасыз етілуде. Осыған орай, жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып сабақ өткен кезде оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы - 9%, сипап сезу арқылы - 1%. Көптеген оқушылардын есте сақтау қабілетінің ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылады [6] .

Сонымен адам баласының қабылдауын терең зерттеген физиологтардың еңбегіне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үлгісінде қолданылатын компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалана отырып, мұғалім сөзі мен сабақтастырған жағдайда сабақты меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.

Педагогикада дидактика жөнінде былай делінген: дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos-үйретуші. didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді.

Дидактика-білім беру, оқытудың теориялық, әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дедактика білім беру мен оқытудын мазмұнын, оқьп принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670) . Оның «Великая дидактика кітабында (1632) оқьггудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған [5] .

Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ.

Оқытудың техникалық құралдарынын ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, окьту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз.

Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылыстың бейнелеуден яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үнгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады. Мектеп практикасында көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.

Ауызша және жазбаша сөздің дамуы көрнекілікпен оқыту әдісінін, таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағыналы және эмоциональды бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың "Утопия" атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірак, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай-ақ көрнекілікпен окьпуды қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза керу түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінін негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Коменский. Я. А Коменский көрнекілікке анықтама берді, оны біз "Дидактиканың алтын ережесі " дейміз. Дәл осы мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп, көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды.

Педагоикадағы дидактикалық принциптер:

1. Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;

2. 0қытудың ғылымилық принципі;

3. Тусініктілік принципі;

4. Жүйелілік принципі;

5. Саналылық және белсенділік принципі;

б. Көрнекілік принципі;

7. Педагогикалық процестің бағыттылық npuнципі.

Осыладың ішіндегі көрнекілік принципі туралы: көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, кернекілік - балалардың психологиялы ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Экранды - динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке аудио дискілер, радио қабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:

1 . Ғылымилық принципі;

2. Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі;

3. Математиканы оқытудағы саналылық және белсенділік принципі;

4. Математиканы оқытудағы жүйелілік және реттілік принципі;

5 . Математиканы оқытудағы түсініктілік принципі.

Осы принциптердің ішіндегі математиканы оқытудағы көрнекілік принципі, ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы кұрал- жабдықтар жасауды қажет етеді геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кино фильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар және т. б.

Оқьпудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компыотерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді камтиды:

1 . Оқушыларга оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;

2. . 0қытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі турде түсіндіруге қол жеткізеді;

З. Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

4. 0қушылардың ғыльши дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, шардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

5 . Мұғалімдерді техникалық, жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен , жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

6. Мұгалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:

1. Ондағы қолданылатын материлдарға байланысты (сөздік және бейнелік) ;

2. Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру-есту) ;

З Материалды беру тәсіліне қарай (техшкалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа) ;

Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық кұрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған) .

Оқытудың техникалық кұралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:

1. Оқытудың экрандық құралдары;

2. Оқытудың дыбыстық құралдары;

З. Оқытудың экрандық - дыбыстық кұралдары.

Ал, компьютерлік техника (акпараттық және коммуникаииялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Экрандық оқу кұралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай-ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.

Оқу диапозитивтері - оқу және тәрбие мақсатына қолдануға арналған бейнелер топтамасы, Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.

Транспаранттар - полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттарды графопроектор көмегімен де-монстрациялап көрсетеді.

Эпиобъекті - экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т. б) .

Оқу диафильмдері - оку ақпаратын алдын-ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.

Оқытудын дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналар) . Оқытудың экрандық-дыбыстық кұралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді. Кинооқулық - бұл кино-таспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердін позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, кино-үзінділер жатады. Бейнежазбалар - бұл арнайы магниттік баспа бейнемагнитофон мен теледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады.

Енді, математика сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдалану әдістемесіне тоқталайық. Oқыту құралдарының кешені деп оқу бағдарламасының қандайда бір тақырыбын оқуға арналған қажетті және жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үрдісінде қажетіне қарай, дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір-бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдымен ескеретін жәйт, олардың дидактикалық мүмкіндігі, сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек. Әрбір кешендік оқыту құралдарын пайдаланар уақытта бірін -бірі толықтырып отыруы тиіс.

5-6 сынып математика курсында өтілетін тақырыптарға қатысты кешенді түрде қолданылатын оқыту құралдарының тізімін жасау аса қажетті. Мысал келтірейік. 5-сынып математика курсындағы "Жай бөлшек" тақырыбын өткен кезде жаңа материалдар түсіндірген уакытта оқушылармен әңгіме сабағын өткізе отырып, проблемалық жағдай туғызып, тарихтан мысал келтіре кетіп, оларға сұрақтар қою қажет. Тарихи оқиғаларды суреттеп көрсету үшін сабақтың алғашқы уақытында эпипроектор пайдаланамыз. Жай бөлшектерге амалдар қолданғанда тақта мен бор немесе кодоскоп пен фломастер пайдалануға болады. Сабақта компьютерді тиімді қолдана отырып, алдын-ала әзірленген "Жай бөлшектерге" арналған оқу бағдарламасын қолданамыз. "Қырық бес жыл мұғалім болсаң да қырық бес минуттық сабаққа мұқият дайындал" дегендей әр сабақтың қызықты да тартымды, сапалы өтуі үшін үлкен дайындық қажет.

Математикалық сауаттылықты қалыптастырудағы оқушы білімін жүйелеудің маңызы

В статье рассмотрены различные формы работы cucематизации знаний учащихся в подборе и составлении yстных упражнений и некоторые формы организации творческих работ учащихся.

In the article are considered a deferent forms of the work to systematizate of the pupils' knowledges in selecting and scheduling the spoken exercises and some forms to organizations of the creative pupils' work.

Мектеп математикасын оқушының толық меңгеруi дегеніміз - математиканың мектеп көлеміндегі барлык бағыттары бойынша толық білім, білік дағдыларын игеру деген сөз. Демек, оқушы математикалық білімнің кез келген бағыттары бойынша кез келген уақытта талдау жасай білуі керек. Ал, оқушы мектепте меңгеруі тиіс болатын математикалық білім төмендегі бағыттармен анықталады:

1 Сандар және оларға амалдар қолдану;
2. . Теңбе-тең түрлендірулер;

  1. Функциялар;
  2. Координаттық әдістер;
  3. Теңдеулер мен теңсіздіктер;
  4. Геометриялық фигуралардың қасиеттері;
  5. Геометриялық салулар;

8. Геаметриялық турлендірулер;

9. Геометриялық шамалар;

10. Нүктелердің геометриялық орыны және арақашықтықтар;

11. Векторлар;
12. Дәлелдеулер, символика : т. б.

Жоғарыда айтылғандай, осы бағытарды толық меңгеру үшін, бұл бағытардың әр қайсысын жүйелі түрде қайталап отыру керек. Әйтпесе, білімді жүйелеу сабақтарында оқушы санасына үлкен салмақ түсіріп, оның
соңы оқушының мәнсіз жаттап алуына соғады. Ал жаттап оқу аз уақыттан соң із-түзсіз ұмытылатыны белгілі. Бұл күңделікті көз көріп жүрген жай. Оқушы білімдеріндегі олқылықтардың көптігі сондай тіпті мектептегі математика курсын математикалық жүйе емес, жәй құрылым деп қарауға болады. Бұл құрылымда математикалық білімдер қысқа мерзімге
ғана есте сақталады. Ал, ұзақ уақыт орнықты есте қалатындай етіп оқытатын құрылым әзірге жоқ. Есесіне жоғарыдағы құрылымдар ағымдағы программалармен, оқулықтармен, дидактикалық материалдармен соған сәйкес сабақ құрылымдарын ұйымдастырып оқытумен қолдауға ие.

Ендеше осындай құрылымда шығармашылықпен ойлауға, алған білімді ұмытпай сауаттылықпен қолдана білуге әсерін тигізіп, жоғарыдағы бағыттардың өзара мазмұндық қабысуын және байланысын, әрі бұл бағыттардың әрқайсының қажеттілігін тудыратын шығармашылық тапсырмалар сериясын әр сабақта үнемі қарастырып, қайталап отыруға тура келеді.

Мұндай тапсырмаларға жоғарыдағы бағыттардың элементтерін қатыстыра отырып құрастырылған:

-ауызша есептер;

-күрделендірілген комплексті есептер;

-ойлау операцияларын пайдаланып орындайтын есептер құрастыру;

-математика курсының жоғарыдағы барлық бағыттарына өзара байланысты болатын есептер;

-математикалық білімді басқа пәндерге қолдану (физика, сызу, техника, биология, география, астрономия, социология т. б. ) жатады.

Оқушының осылай жәйімен «зерттеушіге» айналуы баланың келешек тағдырына да үлкен бетбұрыс жасауы әбден мүмкін. Ал, оқу материалын еш қиындықсыз, онсыз жеңіл игеруі - осы пәнге деген қызығушылықты жойып, үйреншікті әдетке айналуы мүмкін.

Сондықтан шығармашьшыққа баулып, математикалық сауаттылықты қалыптастыруда төмендегі мәселелерді ескерсе жүйелі әрі тиімді болады деп ойлаймын.

1. Әр тақырыпты өтер алдында кіріспе сабақ өткізу қажет. Бұл сабақтар осы тақырыпты оқып үйренудің перспективасын ашып, баланы еліктіруі қажет. Тақырып соңынан алған білімді жүйелейтін, тереңдететін қорытынды сабақтар өткізу қажет.

  1. Сынақ, бакылау жұмыстарына үнемі алдынғы өткен тақырыптардан сұрақтар, есептер келтіріп отыру керек. Сонымен бірге жоғарыдағы бағыттардың мазмұны қамтылған аралас есептерді үнемі қарастыру кажет.
  2. Түрлі ұғымдарды, бағыттарды белтілі бір ортақ белгілері немесе негіздері бойынша жинақтап дидактикалық ірілендірілген бір бірлікке біріктіру керек.

Жоғарыда оқушы білімін жүйелеудің бірнеше принциптерін қарастырдық. Енді соны нақтылайтын мысалдарды қарастырайық.

1-мысал. Жоғарыда айтылған бағыттардың бірнешеуін қамтитын ауызша есептер тобы. «Пифагор теоремасы» бойынша.

а) Тікбұрышты үшбұрыштын гипотенузасы 6-ға, катеттерінің біреуі 2-ге тең. Екінші катеттің ұзындығы

\[4\times{\sqrt{2}}\times{\widehat{\sigma}}=32\]
тендеуінің түбірі бола ма?

Жауабы: иә, себебі

\[\tilde{\sigma}=4\sqrt{2},\hat{a}\dot{e}(4\sqrt{2})^{2}+4=36\]

ә) Қабырғалары

\[\sqrt{20}\]
, 4, 2 болатын үшбұрыш тікбұрышты бола ма? Неге?

Жауабы: Иә, Пифагор теоремасына кері теорема бойынша тікбұрышты үшбұрыш болады.

б) Теңдеуді шеш: Жауабы:

\[\tilde{\sigma}_{1}=2,\tilde{\sigma}_{2}=-2\]

в) Ромбының қабырғаларының біреуіне түсірілген орта перпендикуляр қарама-қарсы қабырғаның ұшы (соңы) арқылы өтеді. Ромбының сүйір бұрышының косинусы неге тең?

Жауабы:

\[\frac{\prod}{\sim}\]

г) у=х 2 және у=х функцияларының графиктерінің қиылысу нүктелерінің координаталарын табындар. Қиылысу нүктелерінің координата остерінен қашықтықтары қандай?

Жауабы: (0; 0), (1; 1) . Р=0; Р 2 =1

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ
Математика сабағында көрнекілік принципті қолдану технологиясы
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz