Жастар проблемалары және социологиядағы білім беру



1. Жастар — әлеуметтік.демографиялық топ. Қылмыстың жасалу проблемалары
2. Білім берудің мәні және функциялары. Қазіргі білім беру жүйесіндегі үрдістер
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді: қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әртүрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшеліктері және психологиялық қасиеті бар жастық топ ретінде ғана қарамау кажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық қатынастардың тарихи айқындалған (жастар таптан тыс санат емес) сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың рөлін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің рөлін толық құқықты тасымалдаушы болып табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды (Г.Шилский). Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілісінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды «жаңа тап» деп айтады, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар «біз» деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы және сапасы дербес жөне қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырылады.
Жастардың социологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық жақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» деген ұғымдар жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн «ұрпақ» терминінің көпмағыналығына назар аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖАСТАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ СОЦИОЛОГИЯДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

1. Жастар — әлеуметтік-демографиялық топ. Қылмыстың жасалу проблемалары

2. Білім берудің мәні және функциялары. Қазіргі білім беру жүйесіндегі
үрдістер

1.Жастар — әлеуметтік-демографиялық топ. Қылмыстың жасалу проблемалары

Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде
айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы
проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді: қоғам
жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әртүрлі әдістері
бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық
ерекшеліктері және психологиялық қасиеті бар жастық топ ретінде ғана
қарамау кажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық
қатынастардың тарихи айқындалған (жастар таптан тыс санат емес) сипатына
негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас
баланың рөлін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің рөлін
толық құқықты тасымалдаушы болып табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық
базасы болып табылады деп санайды (Г.Шилский). Жастардың барлық
проблемалары кедейшілік құрылымды бейтарап аумақтың мәртебесіндегі
үздіксіздік үзілісінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та
осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды жаңа тап деп айтады, олардың
өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері
дәл келеді. Жастар біз деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты
білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы
және сапасы дербес жөне қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік
ретінде қарастырылады.
Жастардың социологиялық теориясында ұрпақ, жас ерекшелік табы,
жастық жақ, жастар, әлеуметтік жасы келгендік қарттық деген ұғымдар
жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн ұрпақ терминінің көпмағыналығына назар
аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың жиынтығын ұрпақ
деп санайды.
Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ
деп айтады.
Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының
туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30
жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасының жасару үрдісі, ата-аналар
мен балалардың арасындағы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы
байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы үш емес, төрт
ұрпақтың бірмезгілде өмір сүруіне әкеледі.
Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе
қауымдастығының, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар
туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, бағалардың,
дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы
бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты
шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды,
құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы
мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы
әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар,
жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып
бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер
жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы
кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта
отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығындағы жас жасөспірім шақ ұғымымен біріктіріледі
және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына
әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан
бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде
құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты
теңестірумен және заңды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу,
армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және
құқықтық мәртебесі бойынша дифференциациясы неғұрлым нақты болады. Осы
кезеңді Л. Розенмайер жас ересектер (young fdult) деп айтады. Егер
бірінші кезеңде бұл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас
аралығындағы халық гетерогенді (біртекті емес). Бұл құрдастар тағдырының
айырмашылығына байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін
ерекше мүдде.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың
саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір толығу шегіне
жылдам жақындайды.
Социолог В.Н. Боряз толығу шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас
ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі —
әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға
арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы
адамдарды кіргізеді.
Көптеген социологтар адам жасы тек есептегіш, өмір сүрген жылдың
көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды.
Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар.
Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары,
іс-әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезенде
дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы
тұтастықта зерттеуді ұсынады.
Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында
жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта
болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның спартаға, ал іс-әрекет
спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар
екенін атап айтады.
Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет
атап көрсетілді. Ол адамның өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде
жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А.
Шопенгауэрдің Адамның жастары туралы еңбегінде нақты көрсетілген, онда
ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының
өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.
Аналогия үшін Шопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді.
Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және
жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі
болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. Осы жылдары махаббат
құдайы Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік
жасайды. 30 жылдары оны Марс ауыстырады, он адамға табандылық, батырлық,
күш, батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке
шақырады. Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас
иеді. Веста оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды,
Юнона сияқты оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер
билік көрсетеді, адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге
бай, беделге ие, басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн
өзінің қорғасындай ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғындығымен әсер
ете бастайды.
Шопенгауэр өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың
қанағаттандырылмауымен айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік —
бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның
жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім
шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта
адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл - күйі
масаттану мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін
өзгеріп отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады,
көңіл-күйі неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы
сақталса, онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз
етілгенін, қолайлылықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.
Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді.
Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына
қатысты екені атап көрсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете
алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағынбайды. Есейген шақ — іс-қимыл
жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ — алғашқы масаттану және
бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне
қарамастан, өнімін тек шыңы таным ағашының түбірі болып қалады.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделлеріне,
құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен
ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек
қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.
Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің
төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі — жастар есебінен болады: Бүгін жұмыспен
қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі (16-29
жас). Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың
экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің
жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993
жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрады.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды өзгерту үшін үнемі әрекет
жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі болмады. Осындай шаралардың
бірі жастар кәсіпорындарын, кооперативтерді құру, олар үшін салық
жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау
жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын үй салуға және
сатып алуға, жол жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білімі алуға, жас
отбасылары үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен жалпы
экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық қамтамасыз
етуге кедергі болды.
Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының нашарлауы олардың
әлеуметтік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан әрі тартылуының басты себебі
болуы мүмкін.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының
жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің
жартысы (54 проценті) — 14 пен 30 жас арасындағы жастар, барлық
қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар
құрайды, Қазақстанда тиісінше — 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция
қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл
1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған
студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың
оқушылары — 23 процентке көбейді.
Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы
жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету,
тонау, ұрып кету, бұзақылық — бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың
өзіндік жиынтығы. Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады.
Мұндағы барынша еңбек электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі,
олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі.
Ең басты батырдың жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен
ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.
Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы ересек қылмыстық мінез-
құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа
шығармай, жиі түрде өзінің кінәсін мойындайды немесе іс жүзіңде жоққа
шығармайтын құқықтық тыйьм салуды бұзады. Осындай мінез-құлықты түсіндіру
үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің өзіне қатысты
жеңілдету жағдайларының іс-әрекетін санасыз түрде кеңейтуге, өзінің
әрекетін ақтауға және тіпті оның тиімділік элементтерін енгізуге ұмтылады.
Сұраулар жасөспірімдердің көпшілігі өзінің қылмысының себебін сыртқы
жағдайлардан көретіндігін айтады, сұралғандардың ширегі: осындай жағдайда
кім де болмасын осыған баратындығына сенімді. Келтірліген зиянды қате
бағалау да тән.
Өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде заңдық практиканың
және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім
қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға
жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың жасару себептерінің бірі болып
табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. Жазаңызды өтеп келгеннен кейін
қылмыс жасайсыз ба? деген сұрақтың жауабы да қарапайым: Жоқ — деп
сұралғандардың тек 45% ғана жауап
берлі, Қалай боларын білмеймін — деп кәмелетке толмаған
қылмыскерлердің 32% жауап берді.
Есірткіге байланысты жасалған қылмыстардың жайы жастар жасаған қылмысқа
қатысты аса қорқынышты болып көрініп отыр. Олардың тіркелген саны қылмысты
жалпы бөлгенде есірткіге байланысты қылмыс ұрлықпен, тонаумен және шабуыл
жасаудан кейін соңғының алдында тұрса да екі есеге жуық өсті.
Жағдайды қалай түзетуге болады? Әртүрлі деңгейдегі түрлі рецептер
ұсынылуда. Көпшілік заңгер сарапшылар кәмелетке толмаған қылмыскерлерді
тәрбелеу және олардың әрекеттері үшін жазалау жүйесіне түбегейлі өзгерістер
қажет деп санауға бейім.
Бүгін кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты кейбір өзгерістер жаңа
Қылмыстық кодексте және Қылмыстық процессулдық кодексте көрініс тапты.
ҚК-те кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жауапкершілігін қарайтын барлық
баптар жеке бөлімге бөлінген. Онда қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған,
бірақ 18 жасқа толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері көрсетілген. Айыппұл,
белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айыру, қоғамдық жұмысқа тарту,
түзету жұмыстары, қамау, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеу
арқылы бас бостандығынан айыру сияқты жазалаудың түрлері де көзделген.
Нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2000 жылғы 17 ақпанда ҚР
Президенті нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі агенттік
құру туралы жарлыққа қол қойды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасында
мектеп оқушыларының үлесі біршама ұлғайды (1998 жылмен салыстырғанда 1999
жылы олардың кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасындағы саны 23 процент
болды), ал тізесі бүгілген орта мектеп өз тәрбиеленушілеріне тиісті
дәрежеде ықпал жасауға дәрменсіз. Республикалық қоғамдық, пікірді зерттеу
орталығының деректері бойынша Қазақстанның 6 қаласының (Алматы, Астана,
Петропавловск, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент) жоғарғы сынып оқушыларының 60
проценті темекі тартып көрген, 70 проценті бір кезде спирт ішімдіктерін
ішкен және де осы жаман әдеттермен таныстық 8-сыныптан бұрын болған.
Жоғары сынып оқушыларының 20 проценті жиі темекі тартады, 13 проценті
алкоголь ішімдіктерін ішеді. Зерттеушілер мынадай қорытынды жасайды: осы
зиянды әдеттердің болуы есірткі заттарын қолдану мүмкіндігін біршама
арттырады. Егер сұралғандардың барлығы бойынша 12 проценті есірткімен таныс
болса, темекіні көп тартатындар 42 процент, алкогольді пайдаланушылар 48
процент.
Сонымен қатар мектепке бармайтын балалар саны өсіп келеді. 1998 жылғы
қаңтарда ҚР Білім, денсаулық сақтау және мәдениет министрлігі мектеп
жасындағы 17 мың баланың сабаққа қатыспайтынын (бұқаралық ақпарат
құралдарының мәлімдеуінше бұл төмендетіп көрсетілген сан), сонымен қатар
Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Қоғамы халықаралық ұйымы 400 мың баланың
мектептен қол үзгені жөнінде айтады (сол бұқаралық ақпарат құралдарының
түсініктері бойынша артық көрсетілген сан).
Осындай жағдай басқа елдерде де байқалуда. Мысалы, Ресейде мектеп
жасындағы екі миллионға жуық бала оқымайды. Олар қаңғыбастыққа салынған,
ұрлықпен күнелтеді. Ғалымдардың, ең алдымен, заңгерлердің, социологтардың
міндеті қоғамның назарын экологиялықпен қатар осы ауқымды апатқа аудару.
Рухани қайыршылық факторы қылмыстық мінез-құлыққа қаржылық қайыршылықтан
кем әсер етпейді.
Қазақстанның қазіргі жастарының үлкен бөлігінде қандай құндылықтар бар,
олар неменеге ұмтылады? Алматы жастарының арасында сұрау жүргізген (554
адам сұралған) зерттеушілер мынадай жауап береді: сұралғандардың үштен
екісі банктік ірі шот, сәтті тұрмысқа шығу, дискотекалар, казино және
жағажай, сондай-ақ білім алу, инфляцияға да, деноминацияға да илікпейтін
тұрақты капитал туралы армандайды. Олардың өз елінде осы капиталға ие болуы
көрнекті. Білімге басты құндылық ретінде үлес бере отырып респонденттер
жеке құндылықтар шкаласында ой өріс сияқты сапаға жетінші (соңғының
алдындағы) орын бергендері қызықты оқига. Ал олар ең алдымен шынайылықты,
адалдықты, мейірімдікті, сенімді, сенімділікті, түсінікті, ой өрісті және
қалжыңбастылықты бағалайды (тиісті ретімен).
Басқа зерттеушілер ауылдан шыққан қазақ студент жастарының құндылық
бағдарларына назар аударады және жоғары оқу орындары жастарының арасында
мәдени-тұтынушылық бағдар басымды, және де ауылдан шыққандардың
арасындағы қала жастарына қарағанда үлкен дәрежеде. Рухани әлемді
қалыптастыру маргиналдық жағдайдың салдары болып қалады деген пікірмен
келісу қажет: ауылдық және сол сияқты қалалық субмәдениет (ағылшынша
subculture — мәдениеттегі мәдениет) құндылықтарының өзара әсері қарама-
қайшы. Ауылдан шыққан студент ауылдық субмәденит құндылықтарының, нормалары
мен дәстүрлерінің қысымында бола отырып ұзақ уақыт бойы өзін қаламен
біріктіре алмайды. Бірақ ол жалпы алғанда жақсы оқиды, аса толық ойлайды,
тәртіпті, жауапты, оқуды сабақтын тыс уақытпен жиі үйлестіреді.
Зерттеушілер тұтас алғанда жастардың субмәдениетінің өзінің
дүниетанымын, аға ұрпақтың оппозициялық дүниетанымын міндетті қалыптастыру
әрекетімен сипатталатын атап көрсетеді. Жастар субмәдениеті мінез-құлықтың
өзіндік үлгісін, демалысты өткізу нысандарын, киімнің, шаш қою үлгісін
ұсынады.
Жастардың сәні — бұл жеке әңгіме, себебі ол жастардың әлеуметтенуіне
оның әсерін біржақты бағалауға болмайтынын көрсетеді. Осы феноменді
жақынырақ ойласақ сәннің тарихта дәлелденген мынадай дефиницияларын табуға
болады: сән — бұл құрдастарға эксаумақтық сипаты бар еліктеу, сән — бұл
өзін-өзі көрсету және Менді нығайту; сән - бұл жақын арадағы өткенмен
ажырасу мүмкіндігі және жақын арадағы болашаққа дайындалу. Қазіргі
замандағы жастар субмәдениетінің маңызды элементі, мысалы, рок-мәдениет.

2. Білім берудің мәні және функциялары. Қазіргі білім беру жүйесіндегі
үрдістер

Бүгінгі күні жастардың көп бөлігі білім алуда (орта, жоғары). Осы
әлеуметтік институт білім беру социологиясын зерттейді, ол социологиялық
білімнің білім беру жүйесінің әлеуметтік жүйе ретінде қалыптасуының және
дамуының, сондай-ақ оның қоғаммен өзара әрекеттестігінің заңдылықтарын
зерттеу мәні болып табылатын саласын білдіреді.
Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының
әр түрлі даму кезеңдерінде нақты әлеуметтік-мәдени контекске негізделген
білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған. Құл иеленушілік қоғам екі үлгімен
көрінді: антикалық және римдік. Бұлар әртүрлі үлгілер болды, олар үшін
білім берудің элитарлығы жалпы болып табылды, ғылыммен және өнермен
айналысу еркін туғандардың артықшылығы болып саналды.
Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикалық қосымшасын лайықты
емес сабақ деп қарастырған кезде әр түрлі өнер мен философияны оқуға
басымдық берілді. Антикалық білім алуда білім алудың еріктілік және
еркінділік принциптеріне ерекше мән берілді.
Білімнің римдік үлгісінің утилитарлық сипаты болды және өзіндік
нормативтік-құндылық бағдарымен ерекшеленді. Римдік білім беру тәртіп
сияқты әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын берді. Білім берудің
басты мақсаты әскери басшылар мен мемлекеттік қайраткерлерді даярлауға
байланысты болды.
Орта ғасыр, әсіресе проблеманы зерттеушілер атап көрсеткендей орта
ғасырдан Жаңа уақытқа өту кезеңі білім беру институтын дамытуға қомақты
үлес қосты. Бастапқыда монастырь ретінде пайда болған университеттерді құру
осы уақыт жетістіктерінің бірі болды.
Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі XVIII ғасырдың соңында және XIX
ғасырдың басында қалыптасты, ол классикалық деген атқа ие болды. Білім
берудің классикалық парадигмасы еуропалық мәдениет пен өркениет
жетістігінің кепілі болып табылды. Міндетті бастауыш және орта білім беру
принципі әлемнің көптеген дамыған елдері үшін нақты факт болды. XX ғасырдың
соңындағы әлем халқының 80 процентінің сауатты болуы факт болды.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің ішкі даму заңдылықтарының әсерімен
және сол сияқты білім беру жүйесінің әсерімен өзгерсе де білім беру қоғамды
пайда қылмайтыны, ал қоғам білім беру жүйесін өзгертетіні негізгі
объективті заңдылық болып табылады.
Мамандар білім беруде байқалған қазіргі заманғы үрдістердің бірқатарын
атап өтеді: білім берудің негізгі парадигмасын ауыстыру (білім берудің
классикалық үлгісі мен жүйесінің дағдарысы, білім беру философиясы мен
социологиясының маңызды жаңа идеяларын әзірлеу, экспериментті және балама
мектептер құру және т.б.) білім беруді тереңдету, бұл оқытудың қарқынды
әдістемелерін енгізуді жобалайтын ірі ақпарат массивінің өсуінің және
жинақталуының салдары болып табылады; білім беру интернационализациясы
(бірлескен халықаралық ғылыми зерттеулер, студенттер мен оқытушылардың
алмасуы); үздіксіз білім беруді дамыту (ақпараттық шу, сондықтан жоғары оқу
орнында 4-5 жыл оқытумен шектелмеу керек). Тұтас алғанда білім беру адам
өмірінің бөлігі сияқты оның ажырамас құқықтарының бірі ретінде танылады.
Адамдарға білім беру - білім берудің басты функциясы; білім беру
адамзат үшін мәдени және тәрбиелік сияқты маңызды функцияларды орындайды.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторларының бірі ретінде бола тұрып, білім
беру қоғамның бір адамнан немесе топтан басқасына құңдылықтарды, шеберлікті
және білімді өткізетін (коммуникативтік функция) процесті білдіреді. Мәдени
және таным институттары сияқты білім беру де белсенді және шығармашылық іс-
қимылға икемді тұлғаның көпжақты дамуының қалыптасуына бағдарланған.
Жас ұрпақтың өнегелі, ойлау және дене даму процестеріне әлеуметтік
бақылау жасау білім берудің әлеуметтік маңызды функцияларының бірі болып
табылады. Осы функция әсіресе бастауыш білім беру кезеңінде пайда болады.
Адамдар алған білімді құжаттың (диплом, аттестат) көмегімен
куәландырумен қатар білім адамды алған кәсіби даярлығына сәйкес әлеуметтік
жүйедегі орнын қамтамасыз ете отырып әлеуметтік мәртебені қалыптастыруға
белгілі түрде әсер етеді. Білім беру осылайша субъектінің қоғамдағы
әлеуметтік қозғалысына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Орта мектеп өсіп келе жатқан қозғалмалық үшін тепе-тең мүмкіндіктер мен
жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, себебі бұл жерде оқудағы жетістіктер
бойынша бағалайды.
XX ғасырда жоғары білім жоғары топтың артықшылығы болудан қалуы
уақыттың белгісі болды. Дамыған елдерде орта мектепті бітіргендердің
көпшілігі колледждер мен жоғары оқу орындарына барады. Статистикада жапон
жұмысшыларының жұмысқа алғашқы орналасқандарыньщ 93 процентінің толық орта
және жоғары білімдері бар екенін қуаттайды және олардың 38 проценті жоғары
оқу орнында білім алған. АҚШ-та барлык сатушылар мен жүмысшылардың 25
проценті — жоғары білімді адамдар.
Кезіңде КСРО білім бойынша әлемдегі жетекші орындардың бірінде болды
(мысалы, бұл 60-жылдары әлемдегі 3-орын болды), 70 жылдары осы елде білім
үшін мемлекетік бюджеттің 12 проценті жұмсалды, 80-жылдары білім беру екі
есе қысқарды, ал ел 3-орыннан 53-орынға төмендеді. Ресейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым және білім жүйесіндегі қазіргі жастар
Отандық ғалымдардың кедейлік мәселесін зерттеуі
Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық мағлұмат беру
Білім беру социологиясы
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Отбасы әлеуметтануы
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау
Неке құруға студенттердің көзқарасы
Газет менеджерінің функциялары
Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
Пәндер