Құқық социологиясы мен саяси социология мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰҚЫҚ СОЦИОЛОГИЯСЫ МЕН САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Құқық социологиясы пәнінің объектісі мен өзіндік ерекшеліктері

  1. Құқық шығармашылығы қызметінің негізгі әлеуметтік факторлары. Құқықтың әлеуметтік функциялары
  2. Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар проблемасы: социологиялық тұжырымдамалар
  1. Құқық социологиясы пәнінің объектісі мен өзіндік ерекшеліктері

Құқық социологиясы - өмірмен, әлеуметтік практикамен байланысты құқық жүйесін қарастыратын жалпы социологияның бағыты. Құқық социологиясы - мысалы, отбасы социологиясы, білім социологиясы, еңбек социологиясы және с. с. секілді сала.

Құқық жүйесі - күрделі әлеуметтік құбылыс, мұнда қоғамдық өмірдің заңдылықтарын нормативтік формада көрсетеді және бекітеді. Тарихи тұрғыда барлық құқық жүйесіне шартты түрде жеке өзіндік және көпшілік құқық кіреді.

Дәстүрлі түрде жеке өзіндік құқыққа жеке тұлғалардың мүдделерін қамтамасыз етуге жұмылдырылған салалар жатқызылады (азаматтық, банктік, сақтандыру, патенттік құқық және басқалары) .

Көпшілік құқыққа мемлекеттік, әкімшілік және қылмыстық құқықтар жатқызылады.

Қазіргі қоғамның құқықтық жүйесі мынадай негізгі салаларды біріктіреді:

  1. Мемлекеттік (конституицялык) құқық - бұл елдің қоғамдық және мемлекеттік негізін белгілейтін құқық саласы, азаматтардың, мемлекет органдары жүйесінің құқықтық жағдайының негізі және олардың негізгі өкілеттіктері.
  2. Әкімшілік құқық мемлекеттік органдардың атқарушылық-басқарушылық қызметін жүзеге асыруы барысында жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
  3. Қаржы құқығы қаржылық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдіреді.
  4. Жер құқыгы адамзат қоғамының өмір сүруінің материалдық негізі болып табылатын жерді, оның қойнауын, суды, ормандарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
  1. Азаматтық құқық - әр түрлі мүліктік және сонымен сабақтас жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалары меншіктің әр түрлі формасын бекітеді және қорғайды, тараптардың мүліктік қатынастардағы құқықтары мен міндеттерін анықтайды, өнер, әдебиет туындыларын және т. б. жасауға байланысты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық азаматтың немесе ұйымның ары мен абыройы секілді жеке мүліктік емес құқықтарды да қорғайды.
  2. Еңбек құқығы - бұл адамның еңбек қызметі барысындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығы нормасы, мысалы, жұмысқа қабылдау шартын анықтайды, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын, еңбек шартының қауіпсіздік ережелерін белгілейді.
  3. Отбасы құқығы - неке-отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы. Оның нормалары некеге тұру шарттары мен тәртібін белгілейді, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, ата-анасы мен балаларының бір-біріне деген қарым-қатынастарын анықтайды.
  4. Азаматтық-іс жүргізу құқығы соттардың азаматтық, еңбек және отбасы қарауы барысыңда туындайтын қатынастарды реттейді.
  1. Қылмыстық құқық қандай қоғамдық құлықтың қылмыстық болып табылатынын және оның жасалғаны үшін қандай жаза қолданылатынын белгілейтін нормалардың кешенін білдіреді. Қылмыстық құқықтың нормалары қылмыс ұғымын анықтайды; қылмыс топтарын, қылмыстық құлық және басқалары үшін жазалау түрлері мен мөлшерін белгілейді.
  2. Қылмыстық-процессуалдық құқық қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін анықтайды. Осы саланың нормалары алдын ала тексеру тергеу органдарының, прокуратураның, соттың қызметін және олардың тергеу кезінде, сот талқысы барысында және қылмыстық істерді шешуі кезінде азаматтармен өзара қарым-қатынасын реттейді.
  3. Еңбек-түзету құқығы қылмыстық жазалау және еңбек-түзету арқылы ықпал етуге байланысты шараларды орындау кезінде құралатын қатынастарды реттейді. Осы саланың нормалары сотталғандардың өздеріне тағайындалған қылмыстық жазалау шараларын өтеп шығу тәртібін белгілейді, сондай-ақ жазасын өтеу кезінде сотталғандарды түзету жөніндегі қызметті реттейді.

Құқықты қоғам тудырса да, барлық заңдық құбылыстар осы немесе өзге дәрежеде әлеуметтік құбылыс болып табылады және сондықтан құқық социологиясының объектісі болып табылады.

Заң, com және әкімшілік шешім бастапқы заңдық құбылыс ретінде анықталады, өйткені олар құқықты жасайды немесе дұрысырақ айтқанда олар құқықпен бірегейленеді (ұқсайды) . Құқық социологиясы өзінің тар ұғымында осы саламен шектеледі.

Тар мағынада құқық социологиясының мәні әлеуметтік институт ретінде және заң нормаларымен реттелетін әлеуметтік қызмет формасы ретінде. Сондай-ақ әлеуметтік институттар жүйесінде құқықтың қызмет етуінің әлеуметтік және әлеуметгік-психологиялық механизмдері ретінде құқық жүйесі болады.

Мұнда зерттеушілердің қарастыру назарына заңның функциясы, оның мәртебесі (құрметі), заңды білу туралы (хабардарлық), көпшіліктің соттар туралы білуі, олардың әлеуметтік жағдайы туралы, соттың баяулығы туралы және т. б. секілді проблемалар ілінеді.

Кең мағынасында құқық социологиясының мәні - құқық жүйесінің қоғаммен ғаламдық әлеуметтік жүйе ретіндегі өзара байланысы мен өзара әрекеті. Сондықтан құқық социологиясы (заңи социология) кең мағынада бастапқы заңи құбылыстарды, сол сияқты отбасы, меншік, шарт, жауапкершілік және т. б. секілді қосалқы, туынды құбылыстарды да қамтиды.

Заңи социологияның негізгі міндеті құқықтың әлеуметтік әрекет ету заңдылықтарын зерттеуден, әлеуметтік субъектілердің микро және макро деңгейлердегі мінез-құлқының әлеуметтік қызметі мен бағыттылығын реттейтін құқық нормаларының даму генезисін, құрылымын, динамикасы мен үрдістерін талдаудан тұрады.

Социологияның мәні мен құқықтанудың мәні тек қана тоғысып қана қоймайды, сонымен бірге ішінара сәйкес келеді. Сонымен қатар әрқайсысы өзіндік ерекшелікке ие.

Құқықтық ғылымды бірінші кезекте тиісті қоғамдық қатынастардың құқықтық формасы, құқық мазмұны мен оның субъекттерінің міңдеттері қызықтырады. Социология болса әрқашан осы немесе өзге қоғамдық құбылыстардың әлеуметтік тамырларын (генезисін), әлеуметтік орнын және әлеуметтік функциясын анықтайды. Егер заңгер отбасы-неке қатынастарын сипаттай отырып басты түрде назарын ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайына, балалар мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне аударатын болса, ал социолог бірінші кезекте, отбасы мүшелерінің нақты өзара қарым-қатынастарына: олардың бір-біріне деген симпатиясы мен антипатиясына, өзара бағалауларына, бауыр басу сезімдеріне, сүйіспеншілігі мен достығына және осы сезімдердің адамдар мінез-құлқында көрінуіне, отбасы ішіндегі экономикалық байланыстарға және басқа қатынастарына қызығушылық танытады.

Осылайша, заңи ғылым (құқық нормаларымен қатар) құқықтық қатынастарды зерттейді, ал социология болса адамдардың нақты қоғамдық қатынастарын зерттейді.

Социология ғылымының пайда болуына мұрындық болған О. Конт заңның априорлық ұғымдардан емес (a priori - тәжірибеден тыс бастапқыға тән деген латын сөзінен шыққан), тәжірибеден (қоғам өмірінен) тууы тиіс деп санайды. Ол өзінің субъективті құқыққа қатынасын былайша білдірген: "Ешкім де әрқашан өзінің борышын орындау құқығынан басқа құқық иеленбейді". Объективті құқыққа келетін болсақ, ол "азаматтық тәртіп" деген атпен оның жүйесінде үнемі бірге жүреді.

Жалпы социология да, сол сияқты оның саласы да (осы жағдайда: құқық социологиясы) теңдей жалпы зерделенетін құбылысты зерттейді, бірақ әрбір сала мұны өз жолымен жасайды. Сөйтіп, мысалы, некені- қарастыратын болса, жалпы социология, ең алдымен, демографиялық, құлықтық, экономикалық факторлармен шұғылданады. Заңи нормалар бұл үшін небәрі отбасы өміріндегі мүмкін болатын ширығыстармен ғана байланысты және соншалықты назар аударуды қажет етпейтін құбылыс болып табылады. Ал заңи социология осы нормалардан шығады және содан кейін барып олардың өз мазмұнында құлықтармен, экономикамен және т. б. қалай қамтамасыз етілгені (немесе, керісінше деформацияланғаны) туралы мәселеге келеді.

Жалпы социология мен құқық социологиясы тәсілдерінің айырмашылықтары француз социологы Ж. Карбоньенің тұжырымдауынша, бұл ақыр соңында құбылысты жақсы түсінуге әкеледі. Оқымысты Э. Дюркгеймнің кеңесін келтіреді. Ол социологтарға құқық нормаларын мұқият зерттеуді ұсынған болатын. Дюркгейм олардан әлеуметтік факторлардың объективтік көрсеткіштерін көрген болатын.

Э. Дюркгейм қылмыстық құқық социологиясына қомақты үлес қосты. Ол қылмыс дегеніміз қоғамның осындай деп анықтағаны деп санайды. Жазалау, әрине қылмыскерді жазалауды, түзетуді немесе оны мүмкін болатын еліктегіштерден қорқытуды мақсат етеді, бірақ бастысы бұл емес. Жазалаудың нақты мәні неде? Дюркгейм жазаның нақты функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруін және оның санасының тиісті деңгейде болуын қамтамасыз етеді деп тұжырымдайды. Ол қазіргі қоғам егер сот тәртібін сыйлайтын болса, тұрақтылықты сақтай алады деп есептейді.

Макс Вебердің құқық социологиясының негізгі ережелері оның басты еңбегі "Шаруашылық және қоғам" деген кітабында айтылған. Мұнда М. Вебер құқықтықтың мәнін ашуға талпыныс жасаған. Мұндағы шешуші ұғым: "құқықтық қызметкер", яғни қоғамның белгілі бір нормаларды сақтауды қамтамасыз ету және оларды бұзғаны үшін санкциялар қолдануы үшін шығарған қоғамның мүшесі болып табылатындардың бәрі (басшы, сот, заңгер және т. б. ) . Оқымысты тарихи даму барысында құқықтық қызметкер ертедегі қоғамдардың иррационалдық типінен (харизматикалық лидер) қазіргі қоғамның рационалдық типіне (заңгер, басқарушы) ұмтылады. Бұл қорытынды оған "Вебер заңы" деген белгілі ережесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол бойынша құқықтың прогрессивтік дамуы оның рационалдануына (мамандануға және бюрократтануға) қарай бағытталуда. Оқымысты XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы қоғамды зерттей отырып бюрократиялық биліктің ұзақ уақыт сақталатынына, бірақ қайткенмен XX ғасырда шенеунік диктатурасы күтіп тұрғанына көз жеткізді.

Құқықтың социологиялық ұғымдарын жасауға өз уақытында орыстың социологиялық мектебінің жетекші теоретиктері: М. М. Ковалевский, Н. М. Коркунов, С. А. Муромцев, Н. Н. Караев және басқалары талпыныс жасаған. Ресей профессорлары СА. Соловьев пен Н. М. Капустин қоғамдағы құқықтың қызметімен адамдар өміріне қолайлы жағдай жасауды байланыстырды. Осы идеяны дамыта отырып A. M. Горовцев құқықтың негізінен, олардың таптық жағдайларына қарамастан қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін біріктіргіш функциясын дәлелдеді.

Құқық зерттеушісі П. И. Стучкидің теориялық кредосы мынадай ережеде айтылған: " . . . құқықтың негізгі мәні занда емес, құқықтық қатынастарды жатыр". Құқық теориясының басқа ресейлік өкілі Е. Б. Пашуканис құқықтың объективті өмір сүруін тұжырымдау үшін оның нормативтік мазмұнын біліп қоюдың жеткіліксізддін, сонымен бірге осы нормативтік мазмұн өмірде, яғни әлеуметтік қатынастарда жүзеге аса ма жақ па соны білу керектігін айтады. Осылар жөнінде оқымысты құқықтануды догмаға айналдыруға қарсы шықты, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеу керек, өйткені олар өз сенімдерін ресми идеологияға қарсы қоя білді және кейіннен "халық жауы" деп жарияланды деп есептейді.

Р. Паунд (1870-1964) американдық социологияның негізін салушы деп саналады. Ол құқықты "кітаптар мен кодекстерде көрінетіндей" емес, "әрекетте", әлеуметтік контексте зерттеу туралы мәселе қойды. Паунд құқықты әлеуметтік бақылау құралы ретінде қарастыруды қажет деп есептейді. Құқық социологиясы зандардың әлеуметтік нәтижелерін, сондай-ақ заңдардағы өзгерістер туғызған қоғамдық өзгерістерді анықтауға және талдауға бағытталуы тиіс. Осы ыңғайда құқық шығарушылықтың қоғамдағы экономикалық факторлармен сәйкестігін қарастырған жөн. Оқымысты құқықтың іске асуына тікелей ат салысатын заңгерлердің, әсіресе соттардың қызметін зерттеудің қажеттілігіне назар аударады.

Осы қысқаша тарихи экскурс құқық социологиясының пайда болуы мен дамуының адамзат білімінің тарихи дамуы нәтижесі, осы білімдердің дифференциясы екендігін көрсетеді.

Заңи социология мен догмалық юриспруденция (құқық) арасындағы айырмашылық.

Осы контексте біз құқық ретінде заңи ғылымды, оның дәстүрлі заң жоғары оқу орындарында оқытылатынындай, сондай-ақ соттар пайдаланытындай, яғни құқық догмасы деп аталатындай түрде түсінеміз. Құқық догмасы сондай нормаларды зерттейді, ал заңи социология осы нормалар тудыратын әлеуметтік себептерді, сол сияқты осы нормалардың әлеуметтік тиімді жақтарын ашуға ұмтылады. Заңгерлердің осы немесе басқа заңды қабылдаудан бұрын әлеуметтік сұранысты және әлеуметтік салдарларды да зерттеп алады. Сондықтан догма мен құқық социологиясының айырмашылығы бұл көзқарас пен қай тұрғыдан қараудың айырмашылығы. Догмалық юриспруденция сол объектіні ішінен зерттесе, заңи социология сыртқы жағынан қарастырады. Егер құқықтың заңи догматикалық өкілдері үшін бұл құдай болса, ал социолог методологиялық атеизмді басшылыққа алу қажет деп есептейді. Сөйтіп, социолог зерттелетін объектіден (объективтілік әдісі) ара қашықтық сақтайды.

Кез келген басқа ғылыми пән секілді заңи социологая ғылыми және практикалық функция атқарады. Заңи құбылыстарды анықтау және бәсең хаттамалау (яғни білім алу) - жеткіліксіз. Зерттеушілер осы құбылыс неліктен және қалай пайда болғанын білгісі келеді, яғни түсінікті талап етеді. Соңдықтан құқық социологиясы себеп салдарлық заңдылықтарды анықтаумен шұғылданады.

Құқық социологиясының маңызды компоненттері социологиялық зерттеу болып табылады, ол құқықтанудың фактологиялық базасын қамтамасыз етеді, оның практикамен байланысын күшейтеді.

Құқық саласындағы социологиялық зерттеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтың әлеуметтік функцияларын және заңи нормалардың барлық деңгейде: қоғам деңгейінде, әр түрлі әлеуметгік таптар деңгейінде, ұжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез-құлыққа трансформациялануын анықтау болып табылады.

Құқық социологиясы зерттейтін проблемалар тобы:

1) құқықтың әлеуметтік көздері және құқық
шығарушылықтың тиімділігі;

  1. құқықтың әлеуметтік функциясы және құқық нормалары қызметінің тиімділігі;
  2. әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай-күйі, қоғамдық пікір мен құқық, құқықты білу және заңның мәртебесі (құрметі) ;
  3. моральдық және заңи нормалардың өзара әрекеті, құқық және құқықтық субмәдениет;
  4. құқық саясатының мәселелері, заң органдары қызметінің социологиясы;
  5. құқық тәртібінің жай-күйі және құқық бұзушылықтың әлеуметтік себептері, олардың профилактикасы, жазалау мен қоғамдық ықпал жасау шараларының тиімділігі.

Құқық социологиясында пайдаланылатын зерттеу әдістері бірінші кезекте, жалпы социологияда қолданылатын әдістерді: байқауды, құжаттарды талдауы, интервью, сауалнаманы, сараптамалық сауалнамаларды, адамдардың практикалық қызметіне талдауды, мысалы, осы немесе басқа мәселе бойынша сот практикасына талдауды, жалпы көпшілік талқылауды, ғылыми-теориялық конференцияларды білдіреді.

Құқық социологиясы таңдауды анықтау кезінде (зерттелетін объектінің бөлігі: тұлғалар немесе фактілер кешені) бірқатар ерекшеліктер тән. Француз оқымыстысы Жан Карбонье көрсеткен олардың бірі - зерттеудің мәні оның елдің барлық ересек халқын қамтитынын талап ететін жағдай. Зандарға қатысты қоғамдық пікірді зерттейтін зерттеулер осындай.

Стилі бойынша олар референдумға ұқсайды. Осы зерттеулер референдумға қаншалықты жақын болса, олар соғұрлым шынайы. Сондықтан демократиялық құрылымдағы елде зерттеліп отырған жиынтық барынша электоратқа жақындауы, ал іріктеу бүкіл халықты қамтуы тиіс. Францияда, мысалы, Ж. Карбонье бүкіл ересек халыққа қатысты мұндай репрезентативтіліктің іріктеуде жасы, жынысы, әлеуметтік және кәсіби жағдайы, аймақтық қажеттіліктері бойынша 1800-ден 2000-ға жуық адам санын болатынын айтады.

Ерекшеліктердің тағы бірі - сауалнаманың қандай ортада - заңгерлердің немесе маман еместердің ортасында жүргізілгеніне байланысты. Бір жағынан, елде жалпы азшылық болып табылатын әр түрлі саладағы заңгерлер бар. Екінші жағынан - заңгер еместер, профандар, басқаша айтқанда - көпшілік халық.

Сондай-ақ зерттеу үшін кәсіби ортада ғана қарым-қатынас жасау барынша табиғи болатын проблемалар да бар, мысалы, қажетті фактілер тек кәсібилерге ғана белгілі болған жағдайларда. Егер неке шартына отырғандардың қаншадан келетінін білігісі келсе, нотариустардың арасында сауалнама жүргізген ақылға сыйымдырақ болмақ. Ал халықтың неке шартына жасауына қатысты халықтың өзінен сұрап білген жөн.

Оқымысты сонымен бірге іріктеп анықтау кезінде мынадай жайтқа назар аударады: сотқа жүгінген, тіпті азаматтық істер бойынша тұлғалар өздерінің өткеніне қайтарғысы келетін сауалнамаға анық қатысқысы келмейді.

Жақсы құрылған сауалнамада құқық социологиясы проблематикасына орай объектісі бойынша сұрақтардың үш түрін бөлуге болады.

Бірінші - білімі, нақтырақ айтқанда, құқықтық білімі туралы сұрақтар.

Мысал: "Сіз қалай ойлайсыз, егер ерлі-зайыптылар неке шартын жасамаған болса, әйелінің жеке мүлкінен түскен кіріс кімге тиесілі?" Басқа мысал: "Сіз қалай ойлайсыз, адам өз өсиеті арқылы немесе сыйлау арқылы өз балаларын немесе олардың біреуін мұрагерліктен айыруына қолданыстағы заң рұқсат бере ме, болмаса тыйым сала ма?" Бірінші сұраққа сұралғандардың 80 процентке жуығы дұрыс жауап берді (дұрыс жауап бермегендері - 9 процент, қалғаңдары ешқандай жауап берген жоқ) . Екінші сұраққа дұрыс және дұрыс емес жауаптар тиісінше 74 және 21 процент болды.

Осы тектес сұрақтардың неге қажет екендігін түсіндіре отырып Карбонье мұның тікелей мәні мынада екеңдігін айтты. Осы сұрақты қою арқылы жалпы қоғамдағы заңды білу деңгейін, сол сияқты оның жекелеген жас, әлеуметтік және басқа топтарының білімін бағалауға мүмкіндік аламыз.

Заңды білудің заңи презумпциясы қолданылады - "ешкім заңды білмеуге жүгіне алмайды". Алайда презумпция - бұл бір басқа, ал нақты білу (мамандығы бойынша заңгерлердің өзі де) бір басқа. Жақында қабылданған заң туралы сөз болғанда, мұндай сұрақтар арқылы заңи ақпараттың қандай жылдамдықпен таралуын анықтауға болады.

Құқық туралы білімін зерттеу сондай-ақ жанама түрде көрінуі де мүмкін, тап басып айтқанда сұрақтардың басқа түрі -фактілер мен пікірлер туралы сұрақтарды тексеру тәсілі қызметін атқарады. Респондент бірнеше рет сыйлаушы ретінде әрекет еттім десе, онда әрқашанда осы сыйлау мен өсиетке қалдырудың арасын айыра алды ма?

Сондай-ақ жанама түрде құқық білімін зерттеу бірқатар жасырын ұстанымдарды көруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, занды білмеу жасырын түрде онымен келіспеудің салдары болуы мүмкін. Ол осы заңмен құқыққа жататын қандай да бір норманың бәсекеге түсуін көрсетеді. Карбонье Францияда айрылысу туралы сауалнама жүргізілген кезде респонденттердің 55 проценті айырылысу үшін негіз ретінде ерлі-зайыптылардың заң таныған келісімін атағандығын мысалға келтіреді. Яғни олар заң мен орын алып отырған (бірақ заңға негізделмеген) сот практикасын шатастырған. Сұралғандардың қомақты бөлігі (32 процент ерлер және 37 процент әйелдер) ерлі-зайыптылардың бірінің бедеулігі айырылысуға заңды негіз болып табылады деп санайды.

Екінші қатарда - фактілер туралы сұрақтар. Кез келген сауалнамаға сәйкес келетін респонденттің жеке басына қатысты сұрақтармен бірге (жасы, кәсібі, тұрғылықты жері) соңынан нәтижелерді жіктеуге мүмкіндік беретін сұралушылардан өзі қатысушысы немесе куәсі болған құқық саласына қатысты мынадай фактілер туралы сұрауға болады. Мысалы, "сіздің өсиетіңіз жасалған ба?" немесе "сіз азаматтық істер бойынша сот мәжілістеріне қатыстыңыз ба?".

Статистиканың қарастыру аймағына кірмейтін интимдік қасиеті немесе маңызы аз фактілері бар фактілер кездеседі. Мұңда әсіресе, сауалдар маңызды. Интимділік қасиеті сұралушыдан қорғаныс реакциясын туғызатыны рас, ал фактілердің елеусіздігі олардың тез ұмытылатынына алып келеді. Алайда, қиындықтың осындай түрі заңи социологияда социологияның басқа салаларына қарағанда елеусіздеу.

Үшінші түрі - пікірлері туралы сұрақтар. Сұралушыдан мұнда қолданыстағы заң туралы, заң жобасы туралы, сот практикасында орын алып отырғандар туралы, істің белгілі бір санатын қалай шешкен жөн екендігі туралы құндылықтық пайымдары күтіледі.

Сұрақтардың бұл түрі кез келген заңи социологияның қарапайым құралдары болып табылады. Алайда оларды пайдалану бірқатар қиындықтарға тап болады.

Мысалы, қауіптенеді, респондент өз жеке пікірін білдірумен бірге оны қолдайтын әңгіме айтылған кезде құқықтық нормалар мазмұнымен танысқаннан кейін шектеліп қалады. Алайда мұндай заңи конформизм тіпті міндетті емес, көп жағдайда кері ұстаным байқалады.

Сонымен бірге жиі назар аударылатын басқа қауіптер де бар. Ол сұрақтарға адамның проблемаға қатынасын сыртқары, үстірт жауап беруіне байланысты. Жауаптар жалаң сипатқа ие болады және респонденттердің нақты ұстанымына сәйкес келмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Адам және саясат туралы
Құқық әлеуметтанушы
Құқық социологиясы
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Социология ғылымы жайында
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Еңбек социологиясы
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Дін және мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz