Қоғамдағы демографиялық процестер



1. Демография нені зерттейді?
2. ТМД.ға демографиялық процестердің ерекшеліктері (Ресей мен Қазақстанды мысалға алып)
Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым — демография шұғылданады. «Демография» терминінің шығу төркіні грекше: «демос» — «халық», «графия» — «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин XIX ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде XX жүзжылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы, жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын: тууын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қоның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін, сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы: тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін, урбанизацияны, еңбек ресурстарын, кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.
«Тұрғындар» термині көп мағыналы, социологтар оны демографияның зерттелетін аспектісіне қатысты түрлі мағынада қолданады.
Жас және жыныс — тұрғындардың құрамына әсер ететін ең басты факторлар. Осы элементтердің тепе-тендігі бұзылған қоғам айрықша проблемаларға тап болады. Бұл 50-ші жылдардың соңында КСРО-да, соғыстың және сталиндік «тазалаудың» салдарынан байқалды және елде жалғыз басты әйелдер (оның ішінде көптеген жесірлер) мен әкелерінен айырылған балалар көп болды.
Тұрғындарды жіктеудің басқа түрі — орналасу, отбасылық жағдайы және шығу тегі (туған жері, этникалық тегі, ана тілі).
Демография елдегі туу жағдайы сияқты факторды зерттейді. ()сы тұрғыда «фертильдік деңгейі» ұғымына назар аударылады. Фертильдік деңгейі — әйел өз өмірінде туатын (социологияда бұл - 15-45 жас) балалар саны. Халықтың тууының жалпы деңгейі қоғамда түрлі әлеуметтік және экономикалық факторларға қатысты өзгеріп отырады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

1. Демография нені зерттейді?
2. ТМД-ға демографиялық процестердің ерекшеліктері (Ресей мен
Қазақстанды мысалға алып)

1. Демография нені зерттейді?
Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым — демография
шұғылданады. Демография терминінің шығу төркіні грекше: демос —
халық, графия — жазамын деген ұғымды білдіреді, бұл термин XIX
ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның
қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын
білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде XX жүзжылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары
қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада
пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы,
жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын: тууын,
қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қоның сандық және
сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси,
медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін,
сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық
проблемалардың жиынтығы: тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын
жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін, урбанизацияны, еңбек ресурстарын,
кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.
Тұрғындар термині көп мағыналы, социологтар оны демографияның
зерттелетін аспектісіне қатысты түрлі мағынада қолданады.
Жас және жыныс — тұрғындардың құрамына әсер ететін ең басты факторлар.
Осы элементтердің тепе-тендігі бұзылған қоғам айрықша проблемаларға тап
болады. Бұл 50-ші жылдардың соңында КСРО-да, соғыстың және сталиндік
тазалаудың салдарынан байқалды және елде жалғыз басты әйелдер (оның
ішінде көптеген жесірлер) мен әкелерінен айырылған балалар көп болды.
Тұрғындарды жіктеудің басқа түрі — орналасу, отбасылық жағдайы және
шығу тегі (туған жері, этникалық тегі, ана тілі).
Демография елдегі туу жағдайы сияқты факторды зерттейді. ()сы тұрғыда
фертильдік деңгейі ұғымына назар аударылады. Фертильдік деңгейі — әйел өз
өмірінде туатын (социологияда бұл - 15-45 жас) балалар саны. Халықтың
тууының жалпы деңгейі қоғамда түрлі әлеуметтік және экономикалық
факторларға қатысты өзгеріп отырады.
Демографтар әрбір жылы адамзат 80 млн. адамға көбейетіндігін айтады, ал
планетамызда жыл сайын 50-ден 55 миллионға дейін адам қайтыс болады.
Елдердің даму үлесіне 12 миллион қайтыс болудан келеді (олардың 750 мыңы —
күш көрсетудің салдарынан, 130 өзіне-өзі қол жұмсау, қалғаны — әртүрлі
аурудан).
БҰҰ-ның есебі бойынша тұрғындар өсуінің ең жоғары көрсеткіштері әлемнің
кедей аймақтарында байқалады. Мысалы, 1995 жылы 90 миллион жаңа туған
балалардың 80 миллионы қамтамасыз етілу мүмкіндігі төмен елдерде. Мысалы,
Африканың Сахарадан төмен елдерінде тұрғындардың өсу қарқыны әлемдегі ең
жоғарылардың бірі. Бұл жерлерде әрбір әйел алтыдан көп бала туады.
Адамдардың көпшілігі қиындыққа қарамастан (кедейшілік, ауыз су
ресурстарының жалпы жетіспеуі және басқалары) көп балалы отбасы болғанын
қалайды. Бұл жерде көпшілігі: Бір бала бала емес, екі бала бір балаға,
төрт бала екі балаға тең — дейді. Бұл осы жердегі жаңа туған балалар
өлімінің әлемдегі ең жоғары деңгейде екенін білдіреді.
Өлім деңгейінің тұрпайы бағалануы — өлімнің әрбір 1000 адамға
шаққандағы саны. Өлім деңгейіне қоғамда екі фактор әсер етеді өмірдің
орташа ұзақтығы, тірі қалған 1000 жаңа туған балаларға шаққанда осы жылы
қайтыс болған жас балалар apaсындағы өлім деңгейі.
Демографиялық статистиканың деректері бойынша өмірдің ең жоғары
ұзақтығы бүгінгі күні Жапония (78 жас), Канада, Швеция (77 жас), Франция
(76 жас), АҚШ, Ұлыбритания, Германия (75 жас) сияқты елдерде байқалады. Бұл
сандар түрлі елдердегі денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйін ғана емес,
сонымен қатар бірінші кезекте олардағы өмір сүру деңгейін сипаттайды.
Адамдарға ұзақ өмір сүру үшін тек жақсы медициналық көмек жеткіліксіз,
сонымен бірге еңбек пен демалыстың тиісті жағдайы, сапалы тамақтану және
көптеген басқа факторлар қажет. Қоғамның адам алдындағы жауапкершілігі жеке
адамның құқықтарына (экономикалық, әлеуметтік, заңдық) кепілдік беруді
нығайтуға тікелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, өмір сүру деңгейі — демографияның маңызды
санаттарының бірі. Бүгінгі күні ғалымдар негізгі үш белгіні айқындады: өмір
сүрудің орташа ұзақтығы, білім алу және кіріс. Тек осылардың негізінде ғана
елдегі өмір сүру сапасын талқылауға болады.
Жағдайы жақсы елдердің тізіміне бүгінгі күні Канада, Норвегия, Швеция,
Жапония, Франция, Швейцария, Финляндия сияқты және тағы басқа елдер кірді.
Соңғы 50 жыл ішінде ПРООН мәліметтері бойынша осы индустриясы дамыған
елдердегі өмір сүру ұзақтығы өсті.
Әлеуметтік кепілдік беру бұл — қоғам мүшелерінің әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-саяси құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін материалдық және заңдық құралдар. Өркениетті қоғам адамға жұмыспен,
білім алуға қол жеткізумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз
етілуне кепілдік беруге қабылетті.
Демографиялық ресми статистика және сол сияқты қазіргі замандағы БАҚ-та
келтірілген көптеген фактілер куә болын отырғандай экономикалық жағдайы
жақсы барлық елдердің тұрғындарының құрылымындағы қарт адамдардың санының
өсуі жалғасуда. Мысалы, тұманды аймақ Альбионнан мынадай демографиялық
болжамдар түсуде: XXI ғасырда ағылшындар зейнеткерлікке 80 жаста шығатын
болады, себебі бұл елдегі орташа өмір ұзақтығы 120 жасқа ұлғаяды. Кішкентай
ағылшындар мектепке 3 жастан бастап-ақ баратын болады, ал 60 жасқа жеткен
соң қайтадан оқиды, себебі ғылыми-техникалық прогрестің қарқыны олардан
кәсібін кемінде үш рет ауыстыруды талап етеді. Міне, қарт адамдарды
материалдық қолдау, арақатысы Батыс Европа елдерінде бүгінгі күні үштен
бірін құрайтын зейнеткерлердің дәстүрлі лайықты өмір сүру деңгейін
қамтамасыз ету мәселесі тұрған экономикалық дамыған елдердің қазіргі
жастары осындай проблемаларға тап болуда.
Социологияда қарт тұрғындардың мәселесімен оның арнайы саласы —
геронтосоциология немесе әлеуметтік геронтология шұғылданады. Осы бағыттағы
зерттеушілер қартаюдың демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни
және басқа да аспектілеріне байланысты проблемалардың тұтас кешеніне назар
аударуда.
Батыс социологтарының осы жастағы адамдардың мінез-құлқындағы
әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерді ашатын түрлі тұжырымдамалары
бар. Азаттық теориясында (Э. Камминг және У. Генри) жеке адамды
зейнеткерлік жасқа жетуіне босатудың екі жақты сипаты бар екендігі атап
көрсетіледі: бір жағынан бұл жұмыстан босату процесінде қоғам, ал басқа
жағынан жеке адамның өзі қатысады. Осы теорияның авторы қария адамдар
өзінің бұрынғы әлеуметтік рөлдерден босату процесіне жақсы пікірмен
қарайды. Оңтайлы қартаюдың белсенді теориясы деген атқа ие болған басқа
тұжырымдамада (Хавигхарст, Ньюгартен, Тобин және басқалары) керісінше, қарт
адамдардың еңбек ету әрекетінің тоқтауы салдарынан әлеуметтік өзара
қатынастың нашарлауы олардың қалуына қарсы шығады және оларды қоғамнан
аластату фактісінен туындайды.
Қолданбалы геронтосоциология бірінші кезекте жеке адамдар өмірінің
қартаю циклінің ерекшеліктеріне, мысалы жаңа рөлдерге бейімделуін;
мотивацияның өзгеруіне, ішкі және сыртқы ынталандыру; мүдденің ауысуына,
осы жастағы өмірлік мақсатқа назар аударады. Осы бағыттағы социологтарға
қоғамның жас құрамын, оның еңбек ресурстарын, тұрғындар табысының
құрылымын, қоғамның геронтосоциологиялық проблемаларды шешуге арналған
мүмкіндіктерін зерттеу біршама қызықты. Қоғам өзінің қарт тұрғындарына
қалай қарайтынын біле тұра, ол туралы көп айтуға болады.

2. ТМД-да демографиялық процестердің ерекшеліктері (Ресей мен
Қазақстанды мысалға алып)

Қазақстандағы реформа кезеңіндегі, отандық ғалымдар (Н.Айтов, Ә.
Ғалиев, М. Тәтімов) назар аударып отырған қазіргі замандағы демографиялық
жағдайдың ерекшеліктерінің бірі реформалау процесі тұрғындардың айрықша
этнодемографиялық құрылымында жүзеге асырылатындығынан тұрады.
Бұл бірегейлік объективтік, сондай-ақ субъективтік, кезінде жасанды
түрде болған жағдайларға орай қалыптасқан. Кеңестік алғашқы бесжылдықтардан
бастап иңдустриялық даму орталықтарына мақсатты қоныс аудару (негізінен
орыс халқы) көбейді. Біздің республикамыздың екі аса ірі этносының
проценттік арақатысы өндірістік халық пен аграрлық халықтың бар екені
жөнінде айтуға негіз (М.Төтімов) береді, себебі Қазақстан аумағында тұрып
жатқан орыстардың 80 проценті ірі қалаларға шоғырланған, ал қазақтардың 75
проценті ауылдарда және кіші қалаларда тұрады.
Халықтың этникалық құрамындағы қазақтар ел халқының жартысынан (53,2)
астамын құрайды; басқа этностардың арасында азаю байқалды (негізінен көші-
қон есебінен); немістер 47 процентке, орыстар 7 процентке, басқалары 6
процентке азайды.
Ұлттық құрам былайша болжанады: түркі тілдес халықтар қазір 55 процент
және 2000 жылға қарай олар қазақтармен бірге республика халқының 60
процентін құрайтын болады, барлық славян тілдес халықтар 35 процентке дейін
төмендейді.
Қазақстан халқының жалпы саны бүгінгі күні 14,9 млн. адамға жуық
(салыстыру үшін: 1992 жылы Қазақстанда 17 млн адам тұрған) олардың ішінде
балалар мен жасөспірімдер 33 процент, 12 проценті еңбек жасынан асқандар.
Барлық жастағы әйелдер — 51 процент, 30 жасқа дейінгі еркектер - 48,7
процент, осы жастағы әйелдер 51,3 процент, 60 жастан асқан әйелдер саны тым
көп екені байқалуда (соғыстың кесірі); жастардың 60 проценті (16-30 жас)
қалада тұрады.
Демографиялық жағдайдың ерекшеліктерін түсіну үшін ғалымдар мынадай
аспектілерді ескеруді ұсынады. Жұмыс істеп жүрген қазақтар арасындағы үлес
салмақтың (30 процент) орташа процентке (40 процент) қарағанда аздығы
олардың құрылымының тым жас екенімен түсіндіріледі: балалар мен
жасөспірімдер көп, яғни еңбек жасына дейінгілер. Осы тұрғыдан қарағанда
орыс халқы ересек, ал қазақтар жас ұлт болып табылады.
Қазақстан адамзаттың даму индексі бойынша 93-орында. Мұндай қорытындыны
БҰҰ-ның адамзаттың 1998 жылғы дамуы жөнінде кезекті ауқымды есеп шығарған
мамандары мен сарапшылары жасады.
Бүгінгі күні Қазақстанда балалар өлімінің жоғарылығы байқалады: ресми
статистика бойынша ол республика бойынша орташа алғанда 1000 жаңа туған
балаға 27,5-тен (ресми емес статистика бойынша - 40-тан) келеді. Соңғы
жылдары өлімнің жалпы коэффициенті 10 процентке ұлғайды және де қаладағы
өлім ауылдық жерге қарағанда жоғары.
Қазақстанда ер адамдардың өлуі әйелдерге қарағанда жоғары. Өлімнің 44,5
проценті орыс ұлтты адамдардың үлесінде, 33,3 проценті қазақтар. Статистика
еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы 59,8 ал әйелдердікі 61 жыл екенін
көрсетеді. Демографтар 90- жылдардың басымен салыстырғанда біздің елімізде
орташа өмір ұзақтығы 5 жылға азайғанын, туудың 25 процентке төмендегенін
атап көрсетеді. Өлімнің туудан жүйелі түрде асуына әкелетін процесс
демографияда депопуляция деп аталады. Қазақстанның демофаф ғалымы М.
Тәтімов бүгінгі күні депопуляцияның Қазақстанның барлық халқына қатысты
екенін айтады, бұл негізінен еуропалық диаспораға қатысты, мысалы орыстар
арасында өлім тууға қарағанда 2 есе жоғары.
Депопуляцияны тоқтату үшін әрбір отбасының, әдетте, үш баласы болуы
қажет. Сонымен қатар некесіздіктің, бала болмаудың, ауру адамдардың және
т.б. болуын ескеру қажет. Тағы да маңыздырақ факторлар. Қазіргі
жасөспірімдердің 25 проценті, қыз балалардың 15 проценті балалы болуға
мүмкіндігі жоқ, міне, осының кесірінен біздің жастарымыздың 30-35 проценті
мүлдем баласы жоқ. Сонымен бірге жасы асып үйлену сәнге айналып бара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазақстандағы демографиялық процестер
Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Қоғам туралы Батыс Европа елдерінің ғалымдарының тұжырымдамалары
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Көші - қонның шарықтау шегі
Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
Қазақ әлемі
Жастар субмәдениетінің рухани адамгершілік құндылығына әлеуметтанулық талдау
Пәндер