Отбасы социологиясы


ОТБАСЫ СОЦИОЛОГИЯСЫ
1. Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы
Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары, олардың даму үрдісі
2. Некелесу себептері мен сапасы, отбасының қызметі мен оның құрылымы туралы қоғамдық пікірге талдау жасау.
Неке келісімшартының социологиялық қыры
1. Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы
Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары, олардың даму үрдісі
Социологияның негізін салушы О. Конт қоғамды зерттеу үшін, алдымен, отбасына көңіл болу керек деп есептеді. Ол қоғамды индивид бағыну мен басқаруға үйренетін кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О. Конттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді.
Отбасы социологиясы - отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т. б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы - адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы - ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".
Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархалды (әйелі басшы), құрамына қарай - отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу тәртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі коп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындағы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.
Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік- экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық, тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік - мәртебелік, демалыс және т. б.
"Отбасы" ұғымы "неке" ұғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз - отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.
Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Куропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке) .
ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.
Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия (неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады) .
Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке-келісімшарт, неке-мәртебе, неке - сыбайластық .
Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режимін белгілеу мүмкіндігі жазылады.
Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.
Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.
Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарга жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.
2. Некелесу себептері мен сапасы, отбасының қызметі мен оның құрылымы туралы қоғамдық пікірлерге талдау жасау. Неке келісімшартының әлеуметтік қыры.
Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік- экономикалық, саяси, нақты-тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде қоғам өмірінің барлық салаларында дәстүрлі құндылықтарға қайта баға берілуде. Осыған байланысты әлеуметтік зерттеулерде мынадай негізгі сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардагы отбасы қызметі неке сапасы, билік құрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа өзгерді? Социологтарды сондай-ақ біздің елімізде болып жатқан оқиғалардың бүтіндей отбасылық идеологияны қандай дәрежеде өзгертетіні қызықтырады. Жаңа жағдайлар мысалы, неке табысына, тұрақтылығына әсер етті ме? Бүгінде некеге отыру үшін адамдарға не әсер етеді?
Социологиялық сауалнамаға әр түрлі әлеуметтік топтардан: үй шаруасындағы әйелдер, жеке фирмалар мен банк қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер және т. б 300 алматылық қатысты.
Алынған жауаптарға талдау жасау некелесудің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
- Өзін түсінетін және өмірдің кез келген жағдайында қолдау көрсететін адамның үнемі қасында болуы.
- Өзін біреуге керекпін деп сезіну, біреуге қамқорлық жасау тілегі.
- Тұқымды жалғастыру;
- Сүйген адамнан ажырамау үшін,
- Жалғыз болмау үшін;
6. Жабдықталған, жайлы үй болуы үшін.
Байқағанымыздай, басқа адамнан тірек, қолдау, қорғау табуға ниет білдіру басым, бұл біздің әлеуметтік қиын уақытта әбден түсінікті.
Лонгитюдті зерттеулер неке-отбасылық қатынастарға айрықша мән берілетінін көрсетіп отыр. Біздің респонденттеріміздің жауабы отбасы мен неке құндылығының халықтың барлық тұрғындары үшін өз маңызын жоймағанын; әйелдер санының арту үрдісін көрсетеді. Әйелдар үшін отбасы - бірінші кезектегі құндылық, әйтсе де біздің қоғамымызда жұмысқа да, отбасына да бірдей қарайтын әйелдер саны көбірек (80 процентке дейін) . Отбасын құру, некелесу себептері прагматизмінің өсуіне қарамастан, респонденттердің көп бөлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және жоғары сезімдер көзі" және "бүкіл қоғамдық өмірдің негізі".
Отбасын құрудағы заңды және нақты көзқарасын зерттеулер барысында адамдардың некенің тұрақты болуы бірлесе өмір сүру кезіндегі ("сынама неке") таныстығының ұзақтығына байланысты еместігін көрсетеді. Жауап берушілер некені тіркеу қажет деп есептейді: "бірлескен өмірдің басында" (63 процент), бір жыл өткен соң" (32 процент), "2 жылдан соң" (2, 5 процент), "5 жыл өткен соң"(2, 5 процент) .
Барлық сұралған респонденггердің тек 23, 3 проценті ғана әлеуметтік және білім деңгейі күйеу мен қалындық үшін кедергі болады деп есептейді. Некеге дейінгі бұл фактордың құндылығына жоғары білімді 51, 4 процент респондент және 44, 2 процент орта білімі барлар (оның ішінде арнайы білімі барлар) жауап берді. Көпшілігі (60 процент) некеге тұру кезінде әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейіндегі айырмашылықты ескермеу керек деп есептейді.
Отбасындағы психологиялық ахуал қандай факторларға байланысты? "Жұбай таңдау теориясы" деген бар, бұл бойынша, жұбайлардың өздері отбасында қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл рольдер: а) ана мен бала қарым-қатынасына біреуге арқа сүйегісі келетін күйеуіне қамқорлық жасайды; ә) күшті де, қабілетті күйеуіне жар және көнгіш, мәпелеуді қажет ететін кішкене қуыршақ тәрізді әйеліне қамқорлық жасайды; б) қожайын мен қызметші әйелдің иерархиялық қарым-қатынасына ұқсас, яғни мейірімді күйеуіне қабілетті әйелі күтім жасайтын отбасы; в) іскер әйелі қорқып және көңілі қалған еріне басшылық жасайтын отбасы.
Отбасының маңызды қызметі репродуктивті және тәрбие беру болып саналады. "Бүгінде қанша бала болған жақсы?" деген сұраққа: сұралғандардың жартысы екеу десе, 41 проценті - біреу, 7 проценті - үшеу, 2 проценті - төрт және одан да көп бала болтаны жақсы десе, 0, 3 проценті "біреуі де болмағаны жақсы" деп сеніммен айтады. Басқа бір социологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша, отбасындағы баланың тууын жоспарлауға мүмкіндік бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен көрсетілген) :
- материалдық жағдай мүмкіндік бермейді-26, 4;
- некеде тұрмаймын-15, 6;
- денсаулығым көтермейді-15, 4;
- тұрғын үй жоқ - қалғандары.
Отбасы мүшелерінің санының аз болуын қалайтындар тек "бюджеттегілер" (мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және т. б) ғана емес, кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бар.
Неміс ғалымдары қызықты формула шығарды: ананың жасы әкесінің жасының жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек.
Зерттеушілердің байқауынша, ата-аналары неғұрлым үлкен және даналау болған сайын, тәрбиелеу факторы соғұрлым салмақты, баланың таланты байқалып, дами алу мүмкіншілігі көп болады. Ф. М. Достоевскийдің "Алдымен -университет, сосын бала ту", -деген сөзінің жаны болса керек.
Балалар үшін отбасындағы психологиялық климат, әсіресе, маңызды. Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің не шешесінің болмауы немесе олардың адамгершілікке жат қылығы жеке тұлғаның девиантты (ауытқу) мінез-құлықпен қалыптасуына ықпал ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы құрамы аса маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең маңыздысы - балаға эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай тұлға алатыны оның қабылдауы мен қабылдамауына байланысты. Бала жасыңда қандай психологиялық қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты ортаның әсері қабылданады. Қолайсыз адамгершілік әсер кезіндегі психологиялық, эмоционалдық жайсыздық, өмірлік міңдеттерді шешуде иңдивидтің қоғамға қарсы тәсілдерді игеруі қылмысқа ұрындыруы мүмкін. Бала отбасында неғұрлым жайсыз тұрған сайын, соғұрлым қоғамның өзінде мәселелер күрделене түседі. Социологтар өз зерттеулерін жүргізе отырып, қоғамға қылмыс жасауға бейім балалардың саны артып келе жатқанын ескертеді. Белгілі бір шамада тұрақты болып есептелген 1991 жылы "Артекте" демалып жатқан пионер жасындағы балалардың 20 проценті қылмыс жасауға қабілеттісің бе деген сұраққа сенімді түрде жауап берді (8 проценті ескертумен, 12 проценті ешқандай ескертпесіз) .
Кеңейтілген отбасы ұйымшылдығы мәселесі қойылды, өйткені отбасының үлкендерінің (ата-аналарында) өз өмірінің соңына дейін балалары мен немерелерімен қалуға мүмкіншілігі шамалы: 57 проценті "жас отбасы ата-анасымен бірге өмір сүрмеуі керек" десе, 34 проценті тек обьективті жағдайларда, яғни "тұрғын үй жоқ болса" (20 процент), ата-анасының денсаулығына байланысты (14 процент) деп жауап берсе, қалғандары (аз бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін және "ата-анамен бірге түру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.
Кең тараған феминистік тұжырымдамаға сәйкес, отбасы табиғатын шын мәнінде түсіну - бұл эмоционалдық не туыстық қарым-қатынасқа талдау жасау, ал отбасының өзі -бұл әр мүшесінің мүддесі мен басқа мүшелердің және бүтіндей қоғамның мүддесімен кикілжіңге түсетін "күрес орны". Қазіргі әлемде "ұрыс алаңын" "отбасы идиллиясы алаңына" болмаса да, ең болмағанда, жұбайлық кикілжіңдердің уытын басып, қажетшілік болып жатса, ажырасу салдарын жеңілдеу көтеруге мүмкіндік беретін арнайы механизмдер жасалуда.
Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе жатқан және кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар санасына тек Голливуд жұлдыздары мен мұхиттың арғы бетіндегі миллиардерлерде болады деп қабылданған неке келісімшарты институты. Бұл елдерде азаматтардың келісімі сияқты некенің барлық маңызды мәселелері келісіледі, некенің бұзылу салдарларын, тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке толмаған балалардың ажырысқан жағдайда қай ата-анасымен тұратынын, ықылассыз жұбайға қандай айыппұл салынатынын түгел көрсету қабылданған.
Сәтті құрылған отбасыларда неке келісімшарты жұбайлық өмірдің мүмкін болатын қиын-қыстау кезендердің алдын алуға арналады, яғни бұл некені неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға арналады. Мысалы, Питебургтағы жас жұбайлардың неке келісімшарты 27 беттен тұрады, сондықтан "Гиннес рекордтар кітабына" енген, осы келісімшарттағы мына бір пункттің несі жаман: "Бюджетті қатаң сақтау, жеке қажеттіліктер мен ойын-сауыққа аптасына 20 доллардан артық жұмсамау"? Бұл пункт өте пайдалы, әрине, оны экономикасы құнсызданбайтын елде ғана шын мәнінде жүзеге асыруға болады.
Орта топтағы адамдар некеге кіруде қазір көбіне неке келісімшартына отырады. Әрине мұның негізгі себептерінің бірі ажырасудың санының артуына, соған сәйкес өзін егер неке сәтсіз болып жатса, моральдік болмағанымен, материалдық шығыннан сақтауға ұмтылған адамдардың санының артуына байланысты.
Неке келісімшарты отбасылық қатынастардың бастамасын анықтайды, бірақ некелесуге міңдетті шарт бола алмайды. Заң бойынша неке келісімшарты некелесуді тіркегенге дейін де, некелік өмірдің кез келген кезеңінде де жасалады. Неке келісімшарты жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды түрде ресімделеді. Жұбайлардың барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлері мен әр жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік не бөлістік мүлкі болады. Неке келісімшартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.
Мамандар неке келісімшартын құқықтық қырынан басқа құқықтық емес, яғни әлеуметтік, психологиялық және этикалық қырларын да көрсетеді. Мәселен, зерттеу барысыңда анықталғандай, екінші не келесі некеге тұратындар - бірінші некеден, "кемесі қайырылғандар". Неке келісімшартына отыруға әр жұбай кәсіпкер болып, жеке бизнесі болғанда қызығушылық танытады. Неке келісімшартына жоғарыда аталған санаттардан басқа ері мен әйелінің жас айырмашылығы едәуір болып, ерінің (не әйелінің) экономикалық базасы берік және алдыңғы некедегі ересек балаларының мүліктік мүддесі олардың ата-анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.
Психологиялық қыры: неке келісімшартында ажырысқан жағдайда әркімге тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан, яғни осындай нәтиже жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай ма, неке келісімшарты - ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.
Неке келісімшартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз жағдайға қалдырмау мүмкіндігіне байланысты. Әр жұбайда жасалған келісімшарттан жұбайының құқы мен мүддесіне нұсқан келтіру жолымен өзіне пайда табуды көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісімшартқа отыруда екі жақтың бір-бірінің құқына құрметпен қарауы сақталуы керек. Егер келісімшартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес, сонымен бірге екінші жұбайдың мүлкіне қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке келісімшартының мақсатына қарсы некедегі мүліктік қатынастарды реттеудің не ажырасу кезінде қолданылатын өркениетті әдісі болуы керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың бұзылуына әсер ететін шектен асып кетпеу керек.
Неке келісімшартына отыру маңызды қызмет атқарады: ол -білімділік қызмет, өйткені "Неке мен отбасы туралы" заң мазмұнымен танысу қолданыстағы заңдылықтар арқылы отбасылық өмір туралы шынайы түсінік береді; реттегіштік қызмет - отбасылық қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің тұтас жиынтығы қарастырылады. Заң отбасыңдағы тараптардың тендігінен шығады, бірақ көбінесе некедегі жұбайлардың бірі кедей, бірі дәулетті болады. Бұл әсіресе, ажырасудан соңғы материалдық жағынан, айырмашылық әсіресе кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларынан байқалады.
Мүліктің құқықтық режімінен басқа неке келісімшартына азаматтық айналыстағы (акциядан дивиденттер, салым проценттері, усадбалық учаскедегі өнімді тапсырудан түскен өнім жоне т. б) заттар мен ақша түріндегі отбасы кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, заңгерлердің пайымдауынша, отбасы шығыны кең де заңда толық қамтылмағанына қарамастан, оны бөлу тәртібі де қарастырылады. Шығыңдар отбасының материалдық қамтылуы мен мұқтаждықтарына сәйкес (тұрғын үй, көлік, тамақпен қамтамасыз етілуі, саяжайды күтуге, сондай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс және т. б қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шаруашылығын басқарудан бастап, қандай да бір капиталға ие болуға дейінгі отбасы шаруашылығының көп түрлілігі келісімшарттағы заңды негіздемені талап етуі мүмкін.
Үй шаруашылығын басқарудан бастап қандай да бір қаржыны иелік еткенге дейінгі шаруашылық қызметтердің әр түрлілігінің кең ауқымы заңды келісілген негіздемені талап етуі мүмкін.
Отбасы өміріндегі кең тараған жағдайлардың бірі әйел күйеуге шығып, бала туған кезде ұзақ уақытқа дейін аяқталмаған білімі немесе біліктілігінен айырылуы нәтижесінде үй шаруасындағы әйел болады. Неке бұзылған сәтте мұндай әйел өте ауыр жағдайда қалды: балаларды күтуге бөлінетін алимент аз және әсіресе, біздің кезімізде жүйелі төленбейді. Сонымен бірге алименттер ресми танымал көздерден түскен пайдадан есептеледі, бірақ жұбайының шынайы табысы одан асып түсуі мүмкін. Сондай кезде жасалған неке келісімшарты балалар мен жұбайының алдындағы экономикалық жауапкершілігін арттырып, неке сәтсіз болған жағдайда мүліктік мәселелерге, жақын адамдарға байланысты жұбайлардың қаржылық мәселелері ақылмен шешілуі керек.
ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 каңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіндегі жұбайлардың мүліктік қашықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz