Социология және әлеуметтік психология: жалпы және ерекше



1. Әлеуметтік психология Ғылым ретінде. Батыс мектептеріндегі әлеуметтік психологияның қалыптасуы
2. Ресей әлеуметтік психологиясындағы ғылыми зсрттеудің ерекшеліктері
3. Қоғамдық пікір социологиясы
Әлеуметтік психология (грек, psyc —. жан және logos -сөз, ұғым, ілім) - топтардағы және қоғамдағы адамдардың ішкі, психологиялық себептері, әлеуметтік мінез-құлық механизмдері және заңдылықтары, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың, топтардың, қауымдастықтардың психологиялық сипаттары туралы ғылым.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдері:
1. Әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттары.
2. Тұлға психологиясы.
3.Адамдардың бірлескен қызметіндегі араласу және өзара әрекеттестік заңдылықтары.
4.Түрлі қауымда қалыптасқан тұлғалар арасындағы қатынастар.
Әлеуметтік психологияның философия ғылымының құрамында бұрынғы ұзақ тарихы және біршама қысқа – жүз жылға жуық - дербес ғылыми пән ретінде даму жолы бар.
Әлеуметтік-психологиялық тұжырым бастапқыда түрлі философиялық ағымда жасалды. Әлеуметтік психология дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында негізгі екі «негізгі» пән: психология және социология пәндерінің ішінде қалыптасты, оның элементтері тіл тану, этнография, антропология, криминология сияқты нақты ғылымдардың ішінде де қалыптасты.
Социология табиғатты және қоғамдық, топтық және жеке нормалар мен құндылықтарды қарайды.
Әлеуметтік психология адам тұратын микро және макро ортаның әсерін және оның тұлғасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың қалыптасуының нақты механизмдерін зерттейді.
Социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің көздерін зерттейді. Әлеуметтік психология осы белсенділіктің пайда болу жолдары мен заңдылықтарын зерттейді.
Социология тұлғалар арасындағы байланыстардың әлеуметтік мәнін қарайды. Әлеуметтік психологияны әрбір жеке адамның немесе жеке әлеуметтік топтың қызметінде осы мән қалай және қандай нысандарда пайда болатынын қызықтырады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
СОЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ: ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ

1. Әлеуметтік психология Ғылым ретінде. Батыс мектептеріндегі
әлеуметтік психологияның қалыптасуы
Ресей әлеуметтік психологиясындағы ғылыми зсрттеудің ерекшеліктері
Қоғамдық пікір социологиясы

1.Әлеуметтік психология ғылым ретінде. Батыс мектептеріндегі әлеуметтік
психологияның қалыптасуы

Әлеуметтік психология (грек, psyc —. жан және logos -сөз, ұғым, ілім) -
топтардағы және қоғамдағы адамдардың ішкі, психологиялық себептері,
әлеуметтік мінез-құлық механизмдері және заңдылықтары, сондай-ақ жекелеген
тұлғалардың, топтардың, қауымдастықтардың психологиялық сипаттары туралы
ғылым.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдері:
Әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттары.
Тұлға психологиясы.
3.Адамдардың бірлескен қызметіндегі араласу және өзара әрекеттестік
заңдылықтары.
4.Түрлі қауымда қалыптасқан тұлғалар арасындағы қатынастар.
Әлеуметтік психологияның философия ғылымының құрамында бұрынғы ұзақ
тарихы және біршама қысқа – жүз жылға жуық - дербес ғылыми пән ретінде даму
жолы бар.
Әлеуметтік-психологиялық тұжырым бастапқыда түрлі философиялық ағымда
жасалды. Әлеуметтік психология дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында
негізгі екі негізгі пән: психология және социология пәндерінің ішінде
қалыптасты, оның элементтері тіл тану, этнография, антропология,
криминология сияқты нақты ғылымдардың ішінде де қалыптасты.
Социология табиғатты және қоғамдық, топтық және жеке нормалар мен
құндылықтарды қарайды.
Әлеуметтік психология адам тұратын микро және макро ортаның әсерін және
оның тұлғасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың қалыптасуының
нақты механизмдерін зерттейді.
Социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің көздерін зерттейді.
Әлеуметтік психология осы белсенділіктің пайда болу жолдары мен
заңдылықтарын зерттейді.
Социология тұлғалар арасындағы байланыстардың әлеуметтік мәнін қарайды.
Әлеуметтік психологияны әрбір жеке адамның немесе жеке әлеуметтік топтың
қызметінде осы мән қалай және қандай нысандарда пайда болатынын
қызықтырады.
XIX ғасырдың ортасында Еуропада тіл тану да ерекше көп дамыды. Осы
уақыттағы капитализмнің жылдам дамуы, елдер арасындағы экономикалық
байланыстың көбеюі халық миграциясының белсенділігін арттырды. Сондықтан
тілдік қарым-қатынасты және халықтардың өзара әсерін, халық психологиясының
түрлі компоненттерімен тілдің байланысын зерттеу қажеттілігі пайда болды.
Осы проблемаларды тіл танудың өз құралдарымен шешуге жағдайы жоқ.
Осы уақытта жинақталған фактілерді ғылыми зерттеу үшін әлеуметтік
психологияның қызмет көрсетуіне мұқтаж болған антропология, этнография және
археология салаларында да едәуір фактілер жинақталып қалды. Ағылшын
антропологы Э. Тайлер алғашқы қауымдық мәдениет туралы жұмысын аяқтады,
америка этнографы және археологы Л. Морган үндістердің тұрмысын зерттейді,
француз социологы және этнографы Леви-Брюль алғашқы қауымдық адамның ойлау
ерекшеліктерін зерттейді. Осы барлық зерттеулерде жекеленген этникалық
топтың психологиялық сипаттарын, мәдениет өнімдерін дәстүрлі салттармен
байланысын және т.е. есепке алу талап етілді.
Капиталисте қоғамдық қатынастардың дамуы құқыққа қарсы мінез-құлықтың
жаңа нысандарын тудырды және оның криминология себептерін түсіндіру үшін
әлеуметтік қатынастар саласында ғана емес, сонымен бірге адамдардың мінез-
құлқының психологиялық сипаттарынан іздеуге тура келді.
Жаңа ғылыми проблемаларды зерттеуге тура келген, әлеуметтік
психология деген атқа ие болған жаңа ғылымның қажеттілігі пайда болды. Осы
қажеттілік әлеуметтік психологияның тікелей ата-анасы болып табылатын сол
екі: психология мен социология ғылымдарының дамуында өзін аса айқын
көрсетті.
XIX ғасырдың ортасында психология бізді қызықтыратын тұрғыдан алып
қарағанда жеке адамның психологиясына мән бере отырып дамуымен сипатталды.
Тек оның жекелеген бөліктерінде ғана, ең алдымен патопсихологияда,
адамдардьщ өзара әрекет жасауының, олардың өзара әсер етуінің өзіндік
нысандары туралы болашақ тұжырымдамалар өсіп шықты. Осы тұрғыдағы ерекше
серпін психиатриялық практиканың дамуын берді, ішінара алғанда гипнозды
сендірудің өзіндік нысаны ретінде пайдалану. Жеке адамның мінез-құлқын
психикалық реттеудің басқа жеке адам тарапынан басқару әсеріне тәуелді болу
фактісі ашылды. Осылайша зерттеу әлеуметтік психологияның құзыретіне
қатысты проблемаға тығыз келді.
Әлеуметтік психологияның ата-анасының ата-анасы — социология тек ХІХ
ғасырдың ортасында ғана дербес ғылым ретінде қалыптасты. Социология өзінің
пайда болуының ең басынан бастап білімнің басқа салаларынан алынған заңдар
арқылы бірқатар әлеуметтік фактілерге түсінік беруге тырысты. Мысалы,
психология заңдары.
Әрбір қоғамдық құбылыстың психологиялық жағының болу фактісі
социологтарды, ең алдымен, жеке психикаға алып келді. Мысал ретінде француз
социолога Габриэл Тардтың тұжырымын алуға болады. Оның пікірінше, қарапайым
әлеуметтік факт бір ми шегінде ғана емес, бірнеше ойдың қиылысуында және
интерментальдық (менталитет — белгілі қоғамда тамыры жайылған түсініктер,
құндылықтар, мақсаттар кешені) психологиямен зерттелуі тиіс. Әлеуметтік
жалпы модельді Тард біреуі екіншісіне еліктейтін жеке адамның өзара
қатынасы ретінде түсіндірді.
Осындай түсіндіру модельдері қоғамдағы болып жатқан процестерді шынайы
және толық аша алмады. Сондықтан кейіннен әлеуметтік заңдары ұжымдық
психиканың заңына ұласты. Әлеуметтік білім жүйесіндегі ерекше бағыт —
социологиядағы психологиялық бағыт осылай ресімделді.
Оның негізін қалаушы америкалық ғалым Лестер Франк Уорд (1814-1913)
назарды қоғамдық өмірдің психологиялық механизмдерін зерттеуге
шоғырландырды. Оның пікірінше, табиғи процестерден әлеуметтік өмірдің
айырмашылығы бар. Бастапқы әлеуметтік күш ретінде Уорд аштық, шөл, жыныстық
қажеттілік сияқты табиғи импульстерді көрсететін ықыласты атап көрсетті.
Олардың негізінде іске асырылуы адамның шығармашылық іс-әрекетінде болатын
және қоғамның дамуын қамтамасыз ететін (жеке телезис деңгейінде) аса
күрделі ойлау, моральдық және эстетикалық қажеттіліктері қалыптастырылады.
Ұжымдық телезисті негізгі тасымалдауыш ретінде ол, Уорд бойынша, таптар,
құқық, және т.е. сияқты институттармен қатар нәсілдер күресінен туындайтын
мемлекетті қарады.
Уордтың психологиялық эвюлюционизм идеялары оның отандасы Франклин
Генри Гиддангстің (1855—1931) жұмыстарында одан әрі дамытылды. Оның
пікірінше, бастапқы әлеуметтік факт жеке адамды, халықтық рухты емес,
рудың сезімі (яғни, адамдардың өзара түсінігін және коммуникациясын
қамтамасыз ететін ұжымдық сана) дегенді құрайды. Осыдан — әлеуметтік факт
бұл әлеуметтік парасат. Оны зерттеумен қоғамның психологиясы немесе
социология шұғылдануы тиіс. Ғалымның пікірінше, қоғам — физико-психикалық
организм, аздап санасыз эволюцияны, аздап саналы тұрғыны білдіретін
ерекше түрдегі ұйым. Сондықтан қоғамдық процестерді социологиялық талдау
объективті-табиғи және субъективті-психологиялық факторларды зерттеуді
біріктіруі тиіс.
XIX ғасырдың екінші жартысына халықтар психологиясы (М. Лацарус, X.
Штейнталь, В. Вундт), бұқара психологиясы (С.Сигеле, Г. Лебон),
әлеуметтік-психологиялык тұжырымдарын, У. Мак-Дугаллдың әлеуметтік мінез-
құлықтың сезімдері теориясын құрудың алғашқы қадамдары жатады.
Әлеуметтік социологияның бар болуындағы өзіндік нүктесін есептеу 1908
жылдан басталады, сол кезде Мак-Дугалл мен Росстың атында әлеуметтік
психология термині кірген жұмыстары бірмезгілде пайда болды. Әлеуметтік
психологияға жалпы психологиялық проблемалардың белгілі бір аспектілерін,
сондай-ақ социология мен психологияның арасында қалған құбылыстар мен
процестер шеңберін жатқыза бастады. Әлеуметтік психология зерттейтін
құбылыстар жиынтығы белгілі бір жүйені білдіреді.
Әлеуметтік-психологиялық құрылым ретінде тұлға (әлеуметтік жеке адам)
және оның әлеуметтік мінез-құлқының психологиялық механизмдері орталық,
жүйе құрушы элемент ретінде болады.
Бірінші реттегі шағын жүйе — араласу және жекелеген әлеуметтік жеке
адамдардың өзара іс-әрекетінің байланыстарымен құрылған шағын топтардың
(отбасы, ұйым) әлеуметтік психологиясы.
Екінші реттегі шағын жүйе — үлкен топтар (таптар, ұлттар), әлеуметтік
институттар, адамдардың ұйымдасқан қауымы (саяси партиялар).
Ең соңында, үшінші реттегі шағын жүйе — бұқара, бұқаралык, қозғалыс,
психиканың жаппай құбылысы (сән), қоғамдық пікір және жаппай саяси көңіл,
жаппай коммуникациялық процестер және жаппай стихиялық мінез феномендері
(тобыр, өсектер).
Зерттеушілер соңғы кезде кері реттегі үрдістің күшейіп бара жатқанын
айтады, ол бірінші орынға бұқараның және бұқаралық көңілдің әлеуметтік
психологиясын, одан кейін үлкен топтарды, шағын топтарды және тұлғаны
қояды.
XX ғасырда әлеуметтік психологияның біршама дамуы АҚШ- та болды.
Зерттеушілер оның экспериментальдық дәстүр ағымында дамығанын, нақты
міндеттерді шешуге бағдар жасағанын атап көрсетеді, мысалы шағын топтардың
құрылымы мен динамикасын, топтың жеке адамға өзара әсері нысандарын,
тұлғаның әлеуметтік мақсатын қалыптастыруды, топтық шешім қабылдау
тәсілдерін, коммуникация құралдарын зерттеуде.
Бірақ жалпы теориялық білімді жете бағаламау әлеуметтік психологияның
қолданбалы салаларға: әлеуметтік басқару психологиясы, жарнамалар, насихат
және т.с., бөлшектене бастауға алып келді. Әлеуметтік психология үлкен
топтарды, қауымдарды және бұқараны талдау дәстүріне шығын келтіре отырып
жекелене бастады.
Ғалымдар наным, теріс түсіну (ағыл. — prejudice) сияқты әлеуметтік
стереотип проблемасына, этноцентризмнің пайда болу нысанына едәуір назар
аударды. Нанымды әлеуметтік құбылыс ретінде еуропа философиясындағы
алғашқылардың бірі болып Фома Аквинский зерттеді, ол оған мынадай анықтама
берді: Нанымдар - бұл жеткіліксіз негізде басқа адамдар туралы жаман ой.
Қазіргі заманғы батыс социологиясында наным этнологиядағы және
әлеуметтік психологиядағы арнайы зерттеудің мәнін құрайды. Наным әлеуметтік
стереотип ретінде топтар арасындағы әлеуметтік қашықтықтың сақталуына
мүкіндік жасайды; осы тұрғыда нанымдар нәсілдік, этникалық, діни және әрине
әлеуметтік болып бөлінеді. Әлеуметтік психологтардың көпшілігі нанымда
иррационализмнің белгілі бір элементтерінің болуы оның міндетті белгісі деп
санайды, және де бұл одан наным жасайды. Наным тек әлеуметтік қашықтықты
сақтауға мүмкіндік қана жасамайды, сонымен қатар өзі де көп жағдайда осы
қашықтыктын өнімі болып табылады.
Әлеуметгік психологияда наным проблемасының екі қарама-қарсы тәсілі
бар. Бір зертгеушілер (Н.Аккерман, Т.Адорно) нанымның бар болуы және пайда
болуы адамның қалыпты психикасының бұзылуына байланысты, ал басқасы
(М.Шериф) наным топтық нормаларды және құндылықтарды интернализациялау
процесінің қалыпты бөлігін құрайды деп санайды.
Әлеуметтік психология бұрын педагогика аударған проблемаларды зерттеуді
белсенді қолға алды: әрекетті зерттеу — объектісі шағын әлеуметтік
топтардағы адам әрекеті болып табылатын әлеуметтік зерттеу түрі. XX
ғасырдың 50 жылдарының басында осы проблеманы А. Керл мен М. Аргайл
енгізді. Әрекетті социологиялық бағдарланған зерттеу әдетте ұйымдық
құрылымдардың, топтық қатынастардың, еңбекті ынталандырудың жетілдірілуіне
арналды және не кәсіпорын иелеріне, не менеджерлерге бағытталды. Әрекетті
зерттеудің өзіндік ерекшеліктері екі өзара негізделген сәтті құрайды: (1)
танымдық және сол сияқты әлеуметтік - практикалық нәтижелер жетістіктерін
тепе-тең бағдарлау; (2) зерттеушілердің зерттелетіндермен кейде өзара
зерттеуге және кейбір жағдайларда зерттеу объектісін зерттеу субъектісіне
айналдыра алатын тығыз коммуникациялық байланысы. Әрекетті зерттеудің
проблемалығы теориялық көзқарас тұрғысынан алғанда, мамандардың пікірінше,
оның әлеуметтік-экспериментальдық сипатынан тұрады.
Әлеуметтік психологтар (Г.Олпорт, М.Смит, К.Ховланд және б.) әлеуметтік
мақсаттың табиғатын зерттеуге шешуші үлес қосты, оны жеке тұлғаның және
әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі тұрғысынан талдады, психология
шеңберінде мақсат (zet) психофизиологиялық фенемон ретінде зерттелді.
Әлеуметтік мақсатты зерттеудегі маңызды ролді оны сандық көрсетуге әрекет
жасау (мақсатты өлшеу) алды. Осы міндетті шешу үшін бірнеше арнаулы мектеп
құрылды (Л.Терстоуннің, Р.Ликерттің, Л.Гурманның және б.). Әлеуметтік-
психолгиялық зерттеу шеңберінде әлеуметтік мақсаттың үш компанентті
тұжырымдамасы қалыптасты: бірінші компонент — аффектілік — субъекті
эмоционалдық бағалауға байланысты, екіншісі — когнитивтік — адамның
әлеуметтік мақсатты тануын білдіреді, үшіншісі — мінез-құлықтық — объектіге
бағытталған нақты әрекетті білдіреді.
Батыстағы әлеуметтік психологияның қазіргі жай-күйін зерттеушілер
қарама-қайшы деп айтады. Негізгі теориялық бағдарлар ретінде
необихевиоризм, неофрейдизм, когнитизм және интеракционизм қатар жүреді.
Необихевиоризмде (ағыл.behavior — мінез-құлық) екі бағыт бар, олар, ең
алдымен, К. Халлдың (аралық өзгерістегі идеяларды енгізу) және Б.Скиннердің
(классикалық бихевиоризмнің неғұрлым оргодоксалдық нысандарын сақтау:
ынталандыру — реакция, яғни ғылым тек тікелей байқалатынды (позитивизмнің
әсері) сипаттауы тиіс) аттарымен байланысты. Бихевиоризмнің негізгі
жорамалы: психология сананы емес, мінез-құлықты зерттеуі тиіс. Мінез-құлық
белгіленетін ынталандырудың жинағына әсер етудің байқалатын жиынтығы.
Талдаушылар осы ағым шеңберінде әлеуметтік контекст аз байқалатынын және
әлеуметтік психологияның аз әлеуметтік түрі бар екенін ескереді.
Неофрейдизмде (Л. Байон, В. Беннис, Э. Фромм, Дж.Салливан, Г.Шепард, Л.
Шутц және б.) тек диадикалық өзара әрекеттестіктен ғана кетуге және көп
неғұрлым көп санды топта бірқатар процесті қарауға әрекет жасалады. Дәл осы
ағым шеңберінде адамдардың бір біріне әсер етуінің әлеуметтік-психологиялық
механизмдері пайдаланылатын Т-топтары (яғни тренинг топтары) деп
аталатындарды құру практикасы туды.
Тұтас алғанда неофрейдизм психоанализдің жекелеген ережелерін зерттеу
практикасына қосуды білдіреді. Бұның мысалы Т. Адорноның басшылығымен
жасалған Авторитарлық тұлға жұмысы болып табылады, бұнда фрейдизмнің
фашизмнің пайда болуының психологиялық алғышарттарын анықтау үшін ересек
тұлғаны балалық тәжірибемен алдын ала айқындау туралы идеясы пайдаланылды.
Психоанализ психологиялық біршама жаңа ағым гуманистік психологияға да
серпін берді (А. Маслаоу, К.Роджерс), ол едәуір дәрежеде тренинг тобының
теорияына және практикасына сүйенеді не оның негізінде өзінің, жеткілікті
тармақталатын проблематикасын құрады. Қазіргі уақытта гуманистік психология
өзінің белгілі болуында жетекші орындардың біріне үміттенеді.
Әлеуметтік мінез-құлықты жеке адамның танымдық, когнитивтік процестерін
көзқарасынан қарау когнитивизмнің шығу принципі болып табылады. Әлеуметтік
психологиядағы когнитизмнің қарқындап дамуы психологиядағы когнитивтік
идеялардың жалпы өсуіне, оның ішінде психологиялық білімнің когнитивті
психология деп аталатын ерекше саласының қалыптасуын байланысты.
Когнитивтік әлеуметтік психологиядағы ерекше орынды когнитивтік сәйкес
келу деп аталатын теория алады. Бұл теорияларда жеке адамның мінез-
құлқындағы басты ынталандыру факторы болып оның когнитивтік құрылымындағы
сәйкес келуді, тепе-тендікті белігілеуге қажеттілік болып табылатындығы
туралы жалпы болып табылады (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер, Ч.Осгуд,
П.Таннебаум).
Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм Г. Мидтің символикалық
интеракционизмінен дамыды. Бұл жерде адам мінез-құлқының тек әлеуметтік
детерминаттарын ғана белгілеуге әрекст жасалады. Бұл үшін негізгі ұғым
ретінде барысында тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылатын өзара
әрекеттестік енгізіледі. Бірақ нақты әлеуметтік себептердің кең спекторы
талдаудан алынып қалады: жеке адам бұл жерде де мәні бойынша қоғамдық
қатынастар жүйесін, қоғамның әлеуметтік құрылымына енгізілмеген. Сондықтан
интеракционистік бағдарлаудың үлкен әлеуметтілігі біршама дәрежеде сыртқы
болады, әлеуметтік контексті енгізудің түбегейлі методологиялық
проблемалары бұл жерде де шешілмейді.
Бүгінгі күні әлеуметтік психология үшін қоғамдық дамудың неғұрлым
өзекті мәселелеріне ерекше өткір назар аудару тән. Алдыңғы орынға:
саяси жетекшілердің әлеуметтік психологиясы:
бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалыстар:
президенттік сайлаудағы электрат мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық
мәселелері;
халықтың әр түрлі табындағы билік түрлері, оларды басқару механизмдері және
т.с. енгізілген саясат психологиясы сияқты бағыт шығарылады.
Батыста шеңберінде адамның өзін тануының әлеуметтік келісілуі туралы
мәселе қаралатын әлеуметтік бірегейлік теориясы да таратылған.
Француз әлеуметтік психология мектебінің басшысы С. Московиси
әлеуметтік көріністер теориясының авторы болып табылады. Әлеуметтік
психологияның мәселелерін қоғам қояды, әлеуметтік психология тек оларға
жауап береді, -Московисидің және жалпы европалық әлеуметтік психология
мектебі осындай. Мәселені осылай қоюды ресейдің әлеуметтік психологтары да
қалайды.

2. Ресей әлеуметтік психологиясындағы ғылыми зерттеудің ерекшеліктері
Бұрынғы КСРО-ның аумағында әлеуметтік психология марксизмнің және оның
принциптері бойынша қалытастырылды. Марксизмде әлеуметтік психологиялық
құбылыстардың маңызды заңдылықтарын, ең алдымен, таптардың және қоғамдық
тану жүйесіндегі әлеуметтік топтардың қоғамдық- психологиясының орны
анықтауға айрықша мән берілді. Осы анықтау негізінде капиталистік қоғамның
түрлі таптарының қоғамдық психологиясына талдау жасалды. Тарихи үлкен
қозғалыстар кезеңіндегі бұқаралық тану сипаттамасына ерекше орын берілді,
атап айтқанда, осы жағдайларда идеология және бұқараның әдеттегі танымы
өзара қалай әрекет жасайды, яғни марксизмде революциялық процестер
теориясына тікелей енген проблемалар басымды дамыды. Маркстік
методологиядағы осы және басқа проблемалар кеңестік әлеуметтік психология
негізіне салынды.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің нақты дамуы 50-жылдардың соңында
жүзеге асырыла бастады, ол уақытта құрамына мынадай тараулар енетін
әлеуметтік психологияның құрылымы ғылыми пән ретінде айқындалды:
адамдардың араласуының және өзара әрекеттестігінің заңдылықтары (атап
айтқанда, араласудың қоғамдық және тұлғалар арасындағы қатынастар
құрылымындағы рөлі, оның құрылымы және функциялары, араласу барысындағы
өзара әрекет жасау тәсілдері);
үлкен (таптар, ұлттар және б.) және сол сияқты кіші (ұйым, отбасы және б.)
әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары, оған топтасу, басшылық
және көш басы болу, топтық шешім қабылдау, топтық әрекет жасау тиімділігі
сияқты процестерді зерттеу кіреді;
3)тұлғаның әлеуметтік психологиясы (оның коммуникациялық
сапаларын талдау, әлеуметтендіру проблемалары, әлеуметтік мақсатты
қалыптастыру және ауыстыру және б.).
Осы барлық проблемаларды қарау әрекет жасау принципі негізінде жүзеге
асырылады, бұл оның (әрекеттің) топ ішіндегі процестердің барлық жүйесін
жанамалау шартымен бірлескен әрекет жасау үшін біріккен нақты әлеуметтік
топтардағы барлық әлеуметтік - психологиялық құбылыстарды зерттеуді
білдіреді, олардың маңызды детерминаты (айқындаушы сипаттамасымен) болып
табылады. Осындай методологиялық принциптерде құрылған әлеуметтік
психология өзінің нақты: әлеуметтік процестерді басқаруды жетілдіруге үлес
қосу міндетін орындауға мүмкіндігі бар. Ресейдің әлеуметтік
психологиясындағы теориялық және методологиялық проблемаларды Г.М.Аңдреева,
С.С.Кузьмин, В.Н.Князев, В.К.Липинский, А.В.Петровский, АВ.Филипов және
басқалар әзірлеуде.
Ресей ғалымдары әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеудің ерекшелігі
оның көзі - адамда екендігін айтады, бірақ әдістердің бір қатары оның
мінез-құлқының актілерін тіркеу үшін, ал басқасы — оның когнитивтік білімін
белгілеу үшін жарамды. Қандай да болмасын руды толық құқықты ретінде тану
әдістерді тануды және көпжақтылығын талап етеді.
Ақпарат сапасының проблемасы репрезентативтік принципін қалыптастыру
арқылы, сондай-ақ сенімділік үшін деректер алу тәсілдерін тексеру арқылы
шешіледі.
Ақпараттың сенімділігіне, ең алдымен, деректерді жинайтын құралдардың
сенімділігін тексеру арқылы жеткізіледі. Әрбір жағдайда сенімділіктің
кемінде үш сипаттамасы қамтамасыз етіледі: негізділік (валидность),
орнықтылық және дәлдік.
Құралдың негізділігі (валидность) - бұл оның объектінің өлшенуі тиіс
сипаттамаларын өлшеу қабілеті. Әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Қоғамның әлеуметтік құрылымы, түсінігі
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Этникалық психология
Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттары
Үлкен әлеуметтік топтағы психология
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
Пәндер