Социология тарихы және даму мәселелері
1. Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең
2. ХХ ғасырдағы батыс социология мектептерінің негізгі бағыттары: эмпирикалық және теориялық социология

Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның XІX ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұрақты орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған "үшінші" топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологияның жеке ғылым ретінде тууы психологияның, антропологияның, құқықтың жеке салаларының және т.б.-ның дамуымен байланысты болды. Социологияның қалыптасуына ағылшын және неміс нұсқаларындағы немістің классикалық философиясы, саяси экономикасы, сондай-ақ қоғамды қайта құруда жаратылыстануға ұқсас құрылған, объективті және нақты жаңа әлеуметтік ғылым жетекші роль атқаратындықтан, Сен-Симон мен Фурьенің социалистік теориясы әсер етті.
Социология Европа елдерінде бір кезде туған жоқ. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ-тағы сияқты әлеуметтік идеяларды сырттан қабылдауға немесе "өзіндік" әлеуметтік ойларын дамытуға дайын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына қоғамдық - ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері, мәселені қою тәсілі мен мәдени құндылықтар сипаты маңызды роль атқарады. Сондықтан да неміс социологиясы, америкаңдық социология мектебі, француз социологиясының дәстүрлері туралы айтылады.
Сен-Симонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болған Огюст Конт (1798-1857) - социологияның негізін салушы француз философы. Ол социологияға атау беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологиялық принциптерін, жаратылыстанудағы ғылыми әлеуметтік білімді біріктіретін біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады. Бұл бірліктегі алғашқы орынды Конт жаратылыстану методологиясына, алдымен физика мен биологияға берді.
Эмпиризм принципі әлеуметтік тәжірибе мен оның ерекшеліктері туралы мәселе қөзғады. Ол эмпиризм әлем туралы шын ғылымның бірден-бір көзі тәжірибе болып саналады. Пөзитивизмнің зерттейтіні — трансцендентальды тұрмыс не заттың алдамшы мәні емес, тек қана фактілер... физикализм жетілген түсініктің бәрін физика жасаған, сондықтан барлық ғылыми мәнді физикаға әкеліп тіреуге болады және солай ету де керек, - деп түсіндіреді. Бұдан байқағанымыздай, Конт социологаяны жаратылыстану ғылымдарының, әсіресе физиканың үлгісімен зерттеу керек деп бағамдаған.

СОЦИОЛОГИЯ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең
2. ХХ ғасырдағы батыс социология мектептерінің негізгі бағыттары:
эмпирикалық және теориялық социология

Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның XІX ғасырдың алғашқы
жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұрақты
орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған "үшінші" топтың (сословиенің)
пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологияның жеке ғылым
ретінде тууы психологияның, антропологияның, құқықтың жеке салаларының және
т.б.-ның дамуымен байланысты болды. Социологияның қалыптасуына ағылшын және
неміс нұсқаларындағы немістің классикалық философиясы, саяси экономикасы,
сондай-ақ қоғамды қайта құруда жаратылыстануға ұқсас құрылған, объективті
және нақты жаңа әлеуметтік ғылым жетекші роль атқаратындықтан, Сен-Симон
мен Фурьенің социалистік теориясы әсер етті.
Социология Европа елдерінде бір кезде туған жоқ. Қоғам өзінің
әлеуметтік-экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ-тағы сияқты
әлеуметтік идеяларды сырттан қабылдауға немесе "өзіндік" әлеуметтік ойларын
дамытуға дайын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына
қоғамдық - ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері,
мәселені қою тәсілі мен мәдени құндылықтар сипаты маңызды роль атқарады.
Сондықтан да неміс социологиясы, америкаңдық социология мектебі, француз
социологиясының дәстүрлері туралы айтылады.
Сен-Симонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болған Огюст Конт
(1798-1857) - социологияның негізін салушы француз философы. Ол
социологияға атау беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологиялық
принциптерін, жаратылыстанудағы ғылыми әлеуметтік білімді біріктіретін
біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады. Бұл бірліктегі алғашқы
орынды Конт жаратылыстану методологиясына, алдымен физика мен биологияға
берді.
Эмпиризм принципі әлеуметтік тәжірибе мен оның ерекшеліктері туралы
мәселе қөзғады. Ол эмпиризм әлем туралы шын ғылымның бірден-бір көзі
тәжірибе болып саналады. Пөзитивизмнің зерттейтіні — трансцендентальды
тұрмыс не заттың алдамшы мәні емес, тек қана фактілер... физикализм
жетілген түсініктің бәрін физика жасаған, сондықтан барлық ғылыми мәнді
физикаға әкеліп тіреуге болады және солай ету де керек, - деп түсіндіреді.
Бұдан байқағанымыздай, Конт социологаяны жаратылыстану ғылымдарының,
әсіресе физиканың үлгісімен зерттеу керек деп бағамдаған.
Сонымен бірге ғалым табиғаттың жекелеген құбылыстарын зерттейтін
жаратылыстану ғылымынан айырмашылығы социология қоғамды түгелдей, қоғамдық
жүйені, әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық өмірмен байланыста зерттеу
керектігін атап көрсетеді.
Конт бойынша, жаңа әлеуметтік ғылым қоғамды статика және динамика
тұрғысынан зерттеуі керек. Статикада қоғам "тәртіп" және "прогресс" заңына
бағынады. Әлеуметтік статикада зерттелетін құбылыстар жиынтығы көп қатпарлы
организм тәрізді. Әлеуметтік статиканың міндеті — отбасы, адам және ол
әрекет ететін өмір сүру жағдайы.
Әлеуметтік динамика қоғам дамуындағы қөзғаушы күштің не екендігін
түсіндіруі керек. Конттың баяндауында мұндай - күштерге мыналар жатады:
экономикалық табиғи жағдайлар, климат, географиялық орта, сол сияқты
көзқарастар, идеялар, ойлау, адамдардың санасы. Әлеуметтік динамиканы Конт
"үш кезең заңы" атты заңмен сипаттайды, ол қоғамдық және ғылыми сана
тарихындағы қөзғалысқа ұқсас. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөліп
қарастырады: теологиялық, метафизикалық және пөзитивті. Қоғамды бұлай үшке
бөлуде өлшем ретіңде не алынды? Өлшем үстемдік етуші идеялар болды.
Теологиялық кезең деп Конт діни идеялар үстемдік еткен XVII-XVIII
ғасырларға дейінгі қоғам дамуындағы белгілі бір кезеңді атады. Ол кезде
идеялық сипаттағы үстемдік етуші негізгі күш — дін болды. Бұл кезеңде
адамның ақыл-ойы құбылыс себептерінің не бастамасын, не ақырын табуға
ұмтылды. Адам ақыл-ойы абсолютті білімге ұмтылады. Бұл кезең өз уақыты үшін
қажет болды, өйткені ол адамның әлеуметтік тұрғыда дамуы мен ақыл-ой
күшінің өсуін алдын ала қамтамасыз етті.
Екінші кезең — метафизикалық кезең. Қоғамда бейнеленген абстракциялар
мен метафизикалық тұжырымдамалар үстемдік алды, Конт оған революциялық
теориялар мен материалистік философияны жатқызды. Бұл тұжырымдамаларды
сынай отырып, ол марксизм қағидаларына, әсіресе оның таптық күрес жайлы
іліміне келіспейтіндігін білдірді. Бұл кезеңде "байқаудың орнына дәлелдеуге
тым ұмтылушылықтан" ақылмен көру бөлігі өте зор. Оның ойынша, метафизикалық
ойлау өз табиғаты бойынша қиратқыш болып саналады. Оның шаралары қазіргі
кезеңде де көп мөлшерде сақталған.
Үшінші кезең — пөзитивті кезең. Конт қоғамға тек пөзитивті ғылым ғана
дамитын кезең қажет деп есептеді. Бұл діни және философиялық мәндер
жүйесіндегі алынсатарлыққа тыйым салады. Бұл кезенде жаратылыстану
ғылымдары үстемдік етіп, эмпиризм, птитивизм, физикализм принциптері
негізіндегі қоғамды зерттейтін социология дамуы керек.
Пөзитивті кезенде, Конттың пікірінше, қиялды байқауға үнемі бағындырып
тұрар заң әрекет етеді. Бұл кезеңде ақыл ақырғы себептер мен мәнді
(абстракцияны) анықтаудың мүмкін еместігін мойындап, оның орнына заңдарға,
яғни бақылаудағы құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға қарапайым
зерттеу жүргізуге тырысады. Бұл заңдарды білу олардың әрекеттерін ескеру
және болжау жасау үшін қажет. Нағыз ғылым, - дейді Конт, - байқау мен
болжау жасауды үйлестіреді, өйткені олар "барлық жағынан жағымды ғылымның
басты" ерекшелігін құрайды.
Қоғамды құратын басты элемент — отбасы, - деп есептейді Конт. Ол
отбасын ең кіші қоғам деп атады, отбасы — индивид бойұсыну мен басқаруды
үйренетін әлеуметтік өмір мектебі", -дейді ол.
Социологияда неғұрлым айқын биологизаторлық үрдісті өткізген ағылшын
оқымыстысы Гельберт Спенсер (1820-1903). Оның идеяларының ықпалы, әсіресе
жеке меншікке, құқық, мемлекет, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарға және
т.б. мәселелеріне қатысты айтарлықтай зор болды және тек Антлияға емес,
Америка, Австралия және Ресейде де тарады.
Қоғам биологиялық организмге ұқсас, тіршілік үшін күрес әлеуметтік
тұрмыстың басты принциптерінің бірі, табиғат пен қоғамды жақындастырушы
эволюция идеясы — міне, оның еңбегіндегі негізгі нәрселер осы.
Спенсердің әлеуметтік ілімдері "органикалық теория" деп аталады. Онда
қоғам үйлесе дамыған организм ретінде қарастырылады. Оның құрамдас
бөліктері өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне сәйкес қызмет етеді.
Қоғамның идеалды күйі теңдік болып табылады. Теңдіктің бұзылуы қоғам үшін
қауіпті. Сондықтан қоғамдағы барлық әрекет теңдікті сақтауға ықпал етуі
керек, өйткені "біз барлық жерде теңдікке ұмтыламыз" (Г. Спенсер).
Спенсердің пікірінше, қоғамның қызметі көп жағынан тірі организмнің
қызметіне ұқсас. Сол осылай салыстырады, бірақ теңестірмейді. Мысалы, ол
тірі организмнің қан-тамырлар жүйесінің қызметін қоғамда темір жолдар
атқарады деп есептейді (екі жүйе де қоректенуге қажет заттарды жеткізеді).
Спенсердің айтуынша, қоғамда еңбекшілердің, жұмысшылардың және кәсіпорын
иелерінің болуы — табиғи құбылыс. Тірі организмде де жұмыс істеуші және
басқарушы ағзалар бар, сол сияқты қоғамда да жұмыс істеушілер және
басқарушылар болуы керек.
Спенсер тірі организмдегі түкті жамылғылардың оны зақымданудан
сақтайтыны сияқты қоғамға армия керек деп есептейді. Армияның мақсаты да —
қоғамды сырттан басып кіруден қорғау.
Спенсер эволюцияны болмай қоймайтын күрделену процесі, ол бірыңғай
"әскери қоғамнан" әлеуметтік қатынастар жүйесі мен еңбек бөлінісі
тармақталған "өндірістік" қоғамға тарихи даму арқылы нақтыланады деп
түсіндіреді. Қоғам "ұйымдасқан біркелкіліктен" "ұйымдасқан әркелкілік"
күйіне өтеді. Адамдардың мінез-құлығы индивид пен түрді жақсы сақтайтындай
мақсаттарға жету үшін неғұрлым жетілдірілген әрекеттерге бейімделе дамиды.
Бұл бейімделу барысында басқа қадамдар мен қоршаған әлеуметтік емес ортаның
тіршілік үшін күресі барысында — қоғамда "институттар" деп аталатын айрықша
органдар маманданады, ол институттар үш түрге бөлінеді:
адам тууын жалғастырушы (отбасы, неке);
бөлгіш (экономикалық);
реттегіш (дін және саяси жүйе).
Осы институттарды зерттеу арқылы ғана қоғамның негізгі ұясы — индивидті
тануға болады. Басты назарды отбасына аударған Контпен салыстырғанда
Спенсер негіз ретінде жеке тұлға мен оның құратын қоғамдық агрегаттарын
алады.
Спенсер коғамның екі түрі болады деді. Әскери және өндірістік. Олардың
тіршілік үшін күрес құралдарының бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы бар:
қоғамның бірінші типі әскери кикілжіңдерге, ату мен жеңуші жеңілгенді құл
қылуға бағытталады, екіншісі - өндірістік бәсекеге негізделеді, мұнда
ілгері, қабілеті және т.б. күштілері, яғни интелектуалдық және моральдік
сапалар саласында жеңіске жетеді. Күрестің мұндай түрі тек жеңуші үшін ғана
емес, бүкіл қоғамға пайдалы, өйткені оның нәтижесінде қоғамның өзінің
интелектуалдық және моральдік деңгейі, бүтіндей қоғамдық байлықтың көлемі
өседі.
Конт сияқты Спенсер де әлеуметтік дамудың органикалық процесіне күшпен
араласуға, мысалы революцияға (төңкеріске) ұмылуды жақтамады. Ол
социализмге қарсы бола отырып, бұл жүйеде өзаттардың есебінен төмендердің
көтермеленетін және бөлу мен қайта бөлуді жүргізетін бюрократтық аппараттың
түсуіне әкеп соғатынынын айтты. Сонымен бірге ол теңдікті жақтады, теңдікті
индивидтердің бірдей бостандығы және заң алдындағы теңдік деп түсінді. Ол
мемлекеттің экономикалық және жеке өмірге араласуына қарсы болды, ол
алдымен, азаматтардың құқығын қорғауы керек деді. Г.Спенсердің
социологиялық теориясы функционализм және құрылымдық функционализм (ХХг)
сияқты батыс мектептерінің қалыптасуына әсер етті.
ХІХ ғасырдағы социологиядағы маңызды бағыттардың бірі марксизм болды,
оның негізін Карл Маркс (1818-1883) қалады.
К.Маркс адамзат тарихын тауар өндірісі қалай жүзеге асырылғанына
байланысты кезеңдерге бөлуге болады деп есептеді. Өндіріс тәсілі әр
формацияның экономикалық сипатын анықтайды. Өндіріс жүйесінде адамдар
арасында қалыптасқан қатынастар Маркс тұжырымдамасында қоғамдық процестерді
түсіндіруде шешуші роль атқарады. Экономикалық ұйымдасудың кез келген
типінде өндіріс құралдарына ие болатын және өзіне жұмыс істейтіндердің
тағдырын шешетін үстем man болады.
Экономикалық принцип бойынша қоғамды таптарға бөлу-Маркс теориясының
методологиялық негізі. Ол адамзаттың дамуы бір қоғамдық экономикалық
формациядан екінші прогрессивті түріне өтіп отыратын, обьективті және заңды
табиғи-тарихи процесс. Марксизмде төмендегідей қоғамдық-экономикалық
формациялар көрсетіледі: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік және коммунистік.
Марксизм іліміне сәйкес қоғамдық-экономикалық формациялар, негізінен,
өндіріс тәсіліне сүйенетін экономикалық факторлардың әсерінен жүреді. Бұл
процестің материалдық алғашқы шарты: ескірген экономикалық қатынастар мен
қоғамның өндірістік күшінің прогресивті дамуы арасында сәйкессіздік болып,
оның тереңдей, асқына түсуі болып саналады. Бұл күш бұрынғы өндірістік
қатынастар шеңберіне сыймай, дамуы бәсеңдейді; нәтижесінде өндіріс
тәсілінің дамуында құлдырау болады. Ескі өндірістік қатынастарды қоғамдық
өндірісті көтеретін және осыған байланысты қоғам дамуының өзге мәселелерін
шешетін жаңасымен алмастыру қажеттігі туады.
К.Маркс негізгі таптар буржуазия және пролетариат болып бөлінеді деп
есептеді. Буржуазияның ішінде меншік иелері болады, олар әлеуметтік
иерархиядағы жағдайына байланысты өндірістің (фабрика, жердің) маңызды
құралдарының иелерінен ерекшеленеді. Маркс люмпенпролетариат деп аталатын,
қоғамнан шетке шықкан адамдардың болатынын айтты. Оның әлеуметтік құрылым
теориясында пролетариаттың өзін пайдаланушыларға қарсы революциялық
көтерілісін "басатындарға", яғни орта таптың орны мен рөліне көңіл
бөлінеді.
Маркстің еңбегі - қосымша құн теориясын жасауында. Маркс капитализмнің
дамуына қарай буржуазияны байи, пролетариатты кедейлене түседі деп
есептеді. Олардың арасындағы шиеленіс күшейе түседі де, жұмысшылар
революция жасап, өз диктатурасын орнатады. Әділетсіз қоғамдық құрылыс
ретінде капитализм құрып, бүкіл әлемдік деңгейде социализмге өту басталады.
К.Маркстің ғылыми болжамы жүзеге аспады: капитализм күткен нәтижені
бермеді. Пролетариаттың інгінде айтарлықтай сатыға бөліну орын алды.
Экономикада қызмет көрсету аясы кеңіді: бұл саланың адамдары жалдамалы
жұмысшы бола отырып өздерін жұмысшы таппен теңестірмеді. Қазіргі батыс
социологтары дене жұмысымен айналыспайтын ("ақ жағалылар") жұмысшылар
-хатшыдан инженерге дейін капиталистермен одақтас болуға мүдделі болды.
Қожайыңдары олардың саяси қолдау көрсеткені үшін дене еңбегімен
айналысатындарға қарағанда неғұрлым көтеріңкі жалақы төлейді. Оның үстіне,
үкімет пен жұмыс берушілер саяси қысымның әсері мен ұжымдық келісімшарт
жүйесіне орай, жұмысшылардың мұқтаждықтары мен талаптарына көп көңіл бөле
бастады (Н.Смелзер).
Қаналушылар табының идеологиясына айналған марксизм қазіргі өркениеттің
қалыптасуына едәуір үлес қосты, мұнда пролетариат шетке шығарылмайды, ал
оның ұзаққа сөзылған таптық күресі біртіндеп әлеуметтік серіктестікке
ауысады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы социологиядағы ықпалды
бағыттардың бірі - психологиялық бағыт. Ол қоғамның әлеуметтік даму
мәселелерін әлеуметтік психология тұрғысынан қараумен сипатталады.
Бұл бағыттың неғұрлым көрнекті өкілдері американдық социолог Лестер
Уорд пен француз оқымыстысы Габриэль Торд болып саналады.
Лестер Уорд (1841-1913) социологияны адам жетістіктерін зерттейтін
ғылым деп есептеді. Уордтың пікірінше, адамзат қол жеткізгеннің бәрі -
сезім, эмоция, тілек, мұқтаждық және т.б. әрекеттерінің нәтижесі.
Индивидтердің өзара қатынасы нәтижесіңде ғана әлеуметтік сипат алған
психикалық күштерді Уорд табиғи және дене күштері (қайта өндіруші және
сақтаушы), рухани күштер (эстетикалық, моральдік, интелектуальдық) деп
бөлді.
Уорд адамның барлық әрекеті тілектен шығады деді. Социологтың талдау
логикасы мынадай: көбеюді тілеу, тамақтануды тілеу, аңға шығуды тілеу - бұл
тілектің бәрі әлемді жылжуға итермелейді. Мысалы, алғашқы қауымдық
құрылыста адам оны оңай жүзеге асыра алатын. Аңға шыққысы келсе - құс
аулауға барды, тамақтанғысы келсе - орманға барып, тамағын тапты.
Өркениетті қоғамда жағдай басқаша. Мұнда норма, заң бар, сондықтан
белгіленген тәртіпті бұзбай адам өз тілегін жүзеге асыра алмайды.
Орындалмаса өзінде қалады, ал берілген тәртіпті бұзып тілегін жүзеге асыра,
онда оның ішкі күйі, табиғаты кінәлі, оған ештеңе істей алмайсың.
Сондықтан қоғамды өзгерту керек емес, адам табиғатын жетілдіру керек.
Габриэль Тард (1843-1904) социологияны биологизм мен органицизмнен
арылтқысы келді. Тард әлеуметтік процестерді адамдардың өзара қарым-
қатынасы құрылатын електеудің психокологиялық механизмінің әрекетімен
түсіндірді.
Тардтың әлеуметтік жүйесінде еліктеудің әлеуметтік факторы маңызды роль
атқарады, ол қоғамды оның мәні мен заңдарын анықтау үшін әлеуметтік
топтарға бөлудің межесі болады.
Тардтың пікірінше, қоғам бір-біріне еліктеуші, не еліктеу үшін үлгі
іздеуші адамдар қауымы болып есептеледі. Қоғам адамдардың бейімделуі,
күресі, еліктеу үшін үлгі іздеуінің арқасында өмір сүреді. Мұның бәрі адам
санасында басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудан, оларға психологиялық
әсер ететін әр түрлі процестердің арқасында болады.
Тард "еліктеудің әлеуметтік заңын" мойындауды талап етеді. Ол
еліктеудің қоғамда физиологиялық организмдегі тұқым қуалаушылық сияқты роль
атқаратынына сендіреді.
"Еліктеудің әлеуметтік заңының" әрекетін Тард үш кезеңге бөледі.
Біріншісі - өнертапқыш дана бір адамның жаңалық атаулыға қарсы қалың
көпшілікпен күресі. Екіншісі - шектеу сезімінен арылған жалпылама жаңаны
енгізумен шұғылдану. Үшінші кезең - көпшілік дербес іс жасамастан дананың
соңынан ереді. Бұдан біз әлеуметтік өмірдегі психологиялық фактордың
абсолюттенуін көреміз. Бұл - әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен
дамуына қосылған бағалы үлес, соңғысының социологияға қосылуы.
Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін батыстық социологияда нөмірі
бірінші тұлға Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Э.Дюркгейм қоғамды
функционалистер үрдісімен зерттеуді жалғастырды (еске саламыз: қоғам —
белгілі бір қызмет түрін ғана орындайтын өзара байланысты бөлімдердің
жиынтьгғы). Э.Дюркгейм барлық адами түсініктер мінез-құлық үлгісінде
құрылады: жалпы қабылдау, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Ол
мұның бәрі ұжымдық сана деп есептеді. Бұдан шығатын қорытынды: қоғам -
адамнан биік тұратын моральдік шынайылық, тұтастық.
Ол сондай-ақ әрбір индивидте сананың екі деңгейі болады деді: біріншісі
- жеке тұлғалық, екіншісі - топтық не қоғамдық. Даралық деңгейі неғұрлым
жоғары болған сайын, ұжымдық сананың деңгейі де соғұрлым жоғары.
Құндылықтардың ұжымдық типі - әлеуметтік ынтымақтастықтың тікелей
бейнесі, ұжымдық сана деп аталатын құндылықтардың арнайы жүйесі, сананың
жалпылығы. Ғалым әлеуметтік интеграцияның типтерін көрсетеді: механикалық
және органикалық ынтымақтастық.
Механикалық ынтымақтастық қарапайым (аграрлық, дәстүрлі) қоғамға тән,
онда барлық жағдайлар, нормалар, құндылықтар ұқсас, бірдей.
Органикалық құндылықтардың негізі: еңбек бөлінісі, ол топтық этика,
индивидтің экономикалық оқшаулануы, азаматтық қоғамның құрылуы сияқты
құрылыстардың тууына себеп болады. Органикалық ынтымақтастық (интеграция)
бірдей элементтердің бір-біріне бағынышты болуымен сипатталады. Дюркгейм,
Конт, Спенсер сияқты қоғамның тең салмақты үлгісіне сүйенеді.
Өзгерістер тең салмақтылықты бұзады. Механикалық интеграцияның құлдырау
процесі әрқашан индивидтің мінез құлығының бағынбауына әкеп соғады, оны
естен танатындай күйге ұшыратады. Қоғамның мұндай күйін зерттеуде
маргиналды жеке тұлға, ауыл типінен топтық бақылауды алып тастаған кезде
жастардың ауылдан бейімделуі сияқты мәселелер маңызды бола түседі.
Э. Дюркгейм ілімдерінің негізінде "социалогизм" деп аталатын
тұжырымдама жатыр. Э. Дюркгейм пікірінше, қоғамның негізінде айрықша шындық
руханилық жатыр. Ол адамдарды бір тұтастыққа біріктіреді, олардың арасыңда
айрықша ынтымақтастық орнатады, сондықтан өзінің жалпы және жеке заңдары
болады. Бұл заңдар қоғамдық құбылыстардың мәні мен сипатын ашады, сондықтан
олар (заңдар) — таза социологиялық зерттеу нысаны болып табылады
("социализм" осыдан шыққан).
Дюркгейм қоғамды құнды-нормативті жүйе ретінде түсінуде маңызды үлес
қосты. Ол әлеуметтік мінез-құлықтың бір мезгілде міндетті және тартымды,
тиісті және қалаулы болып саналатын ережелер жиынтығымен реттелінетінін
айтты.
Ғалым социологияға өте маңызды аномия (сөзбе сөз: ретсіздік) ұғымын
енгізе отырып, қоғамның құқықтық-нормативті жүйесіндегі құлдыраулар,
ақаулар мен бостықтардың маңызын көрсетті.
Дюркгеймнің пікірі бойынша, аномия - бұрынғы құндылықтар мен
нормалардың әрекеті тоқтап, жаңалары әлі тұрақталмай тұрған кездегі қоғам
дамуыңдағы өтпелі және тоқырау кезеңі мен күйіне тән құндылықты-нормативті
вакуум.
Аномия дегеніміз- индивидтің әлеуметтік нормалар, соның ішінде
құрметтеуі және сақтауы тиіс нормалары мен өз сұрамысының арасындағы ара
қашықтықты сезіне отырып байқайтын қынжылысты және мазасыз сезім. Осыдан
келіп құқық бұзушылық шығады.
Аномия тұжырымдамасына сүйене отырып, Дюркгейм өзін өзі өлтіруге
зерттеу жүргізді. Ол тоқырау және радикалды өзгерістер кезінде өзін-өзі
өлтіру әдеттегіден көбейіп кететіндігіне мән берді. Бұл кезде адамдардың
мінез-құлқын басқаратын әлеуметтік нормалар бұзылады да, ол девиантты мінез-
құлыққа, соның ішінде өзін-өзі өлтіруге әсер етеді. Ғалым өзін-өзі
өлтірудің үш типін көрсетеді: аномикалық (адамдар өмірлік бағдарын
жоғалтқандықтан, өз-өзіне қол жұмсайды); альтуристіх (адамдар борыш
сезімінен өз өмірін қияды: сарбаздар амбразураға ұмтылады, самурай харакири
жасайды және т.б); эгоистік (индивид өз әлеуметтік өмірімен байланысын
үзеді, өмірдің қиын сәттерінде қалай етуді өзі шешеді).
ХІХ-ХХ ғасыр аралығы К.Маркске неғұрлым күшті оппонент ретінде неміс
социологы Макс Вебердің (1864-1920) шығуымен ерекшеленеді. Маркс сияқты
Вебердің де ғылыми ізденістерінің басты тақырыбы — капитализм болды. XIX
ғасырда дүниеге келген Вебер капитализмді тура Маркс білгендей көрді, оның
даму эволюциясының куәсі бола отырып, социализмнің алғашқы қадамдарына
бақылау жасады. Бұл социологтың көрген әлеуметтік жылжуының нәтижесі қазір
шындыкка айналып отыр.
Вебер ғылыми айналысқа "рационализм", "оңды типтер" деген
категорияларды енгізді. Вебердің пікірінше, рационалділік-дәуірдің не оңды
типтің қоғамдық мүддесін білдіретін әлдебір үлгіге "әлеуметтік
әрекеттердің" сәйкес келуі. Социология адамдардың әлеуметтік әрекеттерін
реттейтін оңды типтер (онды үлгілер) туралы ғылым болады. Әлеуметтік
әрекеттер негізінде индивид тән және тиісті (басқаша айтқанда: "жақсы"
деген не, "жаман " деген не) түсініктеріне басшылық жасай отырып, өзіндік
"мәнін" білдіреді. Міне бұл - социологияның негізгі нысаны.
Біздің заманымыздың ең қатерлі күші деп бағалаған капитализмнің
табиғаты мен одан арғы тағдырын түсінуге тырысқан Вебер өзінің
"Протестандық этика және капитализм рухы" атты еңбегінде оның шығу тарихына
талдау жасайды.
Экономиканың тарихи дамуының шешуші кілті ретінде бағалай отырып,
маркстік методологияның мәнін жоққа шығармаған Вебер саналы түрде "кері
себептік байланысты"-идеологияның экономикаға әсерін жоққа шығармайды.
Ол феодолизмнен капитализмге өтудегі жетекші роль атқаратын
идеологиялық форма екендігіне тоқтала келіп, ол дін ойлаудың өзіне тән
стилінің - рационалділіктің қалыптасуына әсер етеді деген қорытындыға
келеді. Вебердің пікірі бойынша, рационалділік өз мақсаты мен оған жетудің
жолын айқын ашықтайтын қожайын субьектінің дұрыс байламын іске асырады.
Әлемдік діндер белгілейтін этикалық ережелерді салыстыра отырып, Вебер
батыс европалық рационализм генезисінде анықтау этикасы мен аскетизмге
сүйенген протестантизм үлкен роль атқаратындығын айтады. Протестандық этика
рационализмі ғана экономикалық өмірді тікелей рационалдауға әсер етеді,
адамдарды пайда табуға, рационалды еңбек тәртібіне ұмтылдырады.
Протестанизмнің мәнін 1647 жылғы "Вестминстерлік дін жолы" мәтінінен үзінді
келтіре отырып төмендегі пункттерде баяндайды: "Әлемді жасаған және оны
билейтін Тәңірі, құдай, бар, бірақ оған адам баласының санасы жетпейді; бұл
құдіреті күшті әрі құпиясы мол құдай алдын ала біздің әрқайсысымызды
құтқару мен өлген жағдайда қалай айыптауды белгілеп қойған, ал біз өз
күшімізбен құдайдың белгілегенін өзгертуге дәрменсізбіз; Құдай әлемді өзі
үшін жаратты; адам Құдайдың құдіретін арттыру және жер бетінде Құдай
патшалығын орнату үшін қызмет етуі керек; әлемдегі істер, адам табиғаты
бәрі күнә мен өлім категориясына жатады, одан құтқарылу — адамға жоғарыдан
берілетін Тәңір сыйы".
Сенушінің құтқарылу мәселесі діни - салт жораларынан не құтқарушының
көмегінен емес, "Құдайдың құдіретін арттыратын еңбектен" көрінеді.
Протестанттық этика әлемдік кәсіби еңбекке мән береді, "өз таңдауына деген
сенім білдіреді".
М. Вебер протестандық этиканың көптеген талаптарының туып келе жатқан
капитализм рухымен кейбір сәйкестіктерін көрсетеді; пайда алу үшін шаршамай
еңбектеніп, аскетикалық мінез-құлыққа бой ұсынуы керек. Осылайша, пайда
тұрмыста рахаттану үшін ғана емес, неғұрлым көбірек өндіруге деген
қажеттілігін қанағаттандыру және тұрақты түрде реинвестияциялау үшін де
маңызды. Вебер адамның мінез-құлығы оның дүнистанымынан, белгілі бір
әрекетке деген қызығушылығы адам басқаратын құндылықтар жүйесімен шарттас
келеді деген қорытындыға келеді.
Вебердің пікірінше, рационализация - бүкіл әлемдік тарихи процесс.
Шаруашылықты жүргізу, экономика мен саясатты басқару әдісі оңтайланады.
Оңтайлану, Вебердің пікірінше, басқару құрылымдарында, әсіресе
бюрократияда неғұрлым қатаң түрде жүзеге асады. Капитализм - оны дүниеге
әкелмесе де, "оның дамуын жеделдетуші дөңгелек" болып табылады, бюрократия
ертеде де болған. Протесті оңтайлану - бюрократияны ығыстырып шығарады, бұл
дегеніміз - "Батыс тағдыры" және оның капитализмі. Бюрократия адамды "иесіз
құлдық бұғауынан" "көнгіштік пен таңдағыштық құтысына" әкеліп тығады
(М.Вебер). Вебер бюрократияның кең тарайтындығы туралы қорытынды жасады,
өйткені ол ұйымдасудың басқа формаларымен салыстырғанда таза техникалық
жағынан артық еді. Ол бюрократияны ұйымдасудың ең оңды формасы деп санады.
Оның әрекеті белгіленген ережелер негізінде "адам факторын есепке алмастан"
табысты түрде жүзеге асуы мүмкін. Оның үстіне, өз "машинасының" әр
жұмысшысының еңбек көлемін дәл анықтай отырып, бюрократия
бейберекетсіздікке соққы береді. Бұдан шығатыны, еңбек өнімділігінің
айтарлықтай артуы бюрократияның үстемдік етуінің себептерінің бірі болып
саналады.
Бюрократияның қызметтеріне талдау жасай отырып, Вебер ол әлеуметтік
өмірдің шынайы мәселелерін өзі шеше алмайды, өйткені ол стандарттармен,
нұсқаулармен және т.б шырмалған деген қорытындыға келді. Ол алғашқылардың
бірі болып бюрократия мен демократияның арасында кикілжің болатындығына
назар аударады. Вебердің плебисцитарлы теориясында демократия мақсат
ретінде емес, әдіс және құрал ретінде қарастырылады. Бұл-лидерлерді таңдау
тәсілі, бұл оның басқаруға заңдылық беру, сондай ақ жұртшылықты саяси
істерге, яғни сайлауға қатысуға тарту тәсілі. (Бұл, Вебердің пікірінше,
жұртшылықты саяси істерге қатыстырудың бірден —бір жолы).
Вебер теориясыңда басты тұлға харизматикалық лидер болып саналады, оны
тікелей дауыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz