Социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу


СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ
1. Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні
- Социологиялық зерттеу әдістері
- Социологиялық сауалнама - социологиялық ақпарат алудың негізгі әдісі
- Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні
Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу болып табылады. Өзінің ерекше әдістерін басқара отырып, эмпирикалық социология процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық сатысы әр жақтылық пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық сақталатын әлеуметтік шындықтың бейнесін береді. Эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау көзі және негізі болып табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен процестерді теориялық тұрғыдан талдауға жол ашады.
Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөніңде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі.
Социологиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар:
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен
құбылысы;
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі-бір мақсатқа жетуге және
нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-
шаралары және т. б. бар.
Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
I. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар:
1) статистикалық; 2) тәжірибелік; 3) типологиялық; 4) тарихи болуы мүмкін; 5) кейбір таңдамалы оқиғаларды зерттеу мақсатында жүргізілуі мүмкін (монографиялық сипаттама) .
II. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды талдау әдісі. Мұнда олар: 1) барлау (сынау, пилотажды, зоңдажды) ; 2) сипаттамалық (сарапшылардың сауалнамасы, мақсатты сипаттама (объекті туралы түсінік) ; 3) талдамалық (себептік байланыстарды сипаттау және анықтау) болуы мүмкін.
Барлау арқылы зерттеу - нақты- социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама мен көлемі бойынша сығымдалған құралдарға (сауалнама, бланк-интервью, сауалнама парағы және басқалары) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір түрі - экспресс-сауалнама.
Сипаттамалық зерттеу нақты-социолотиялық зерттеудің күрделірек түрі; ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық мәліметтер алуды көздейді.
Талдама зерттеу - социологиялық талдаудың ең күрделі түрі, ол зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат етеді; бұл зерттеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
III. Үшінші түрі зерттеудің динамикасы мен статикасынан анықталады: 1) біржолғы, нүктелік; 2) қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар -сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі-бір уақыт арқылы; 3) лонгитюдті (объектіні ұзақ уақыт кезең-кезеңмен бақылау) .
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама - кезең-кезеңмен бағдарламалаудан және ғылыми-тәжірибелік зерттеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы тұжырымдамасын жазу.
Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:
- Не істеу керек.
- Ойлаған нәрселерді немен орындау керек.
- Ойлағандарды қалай орындау керек. Бағдарламаның функциялары:
1. Теориялық-әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
- Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға, сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажетті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мүмкіндік береді.
- Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде жоспарлауға мүмкіндік береді.
Оны жасауға кірісуден бұрын мыналарды істеу қажет:
- Зерттеуге жататын жағдайға диагностика жасау (мысалы, қазіргі заманғы орта мектептің жай-күйі зерттеледі) .
- Проблематизация жүргізу - дәл осы сәттегі нақты шешілетінді анықтау (кадр құрамы, оқушыларды мектеп партасына қайтару) .
3. Кейіннен шешу қажет болатын негізгі мәселелерді белгілеу.
4. Егер тапсырыс беруші бар болса, алдын-ала зерттеудің
мақсатын, мерзімін келісу.
- Есеп беру формасын анықтау.
- Зерттеу тақырыбын тұжырымдау.
Зерттеу тақырыбы - проблемалардың ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде қойылатын контурды белгілеу, қандай да бір шешім қабылдау үшін өзінің бағыты болу.
Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге бағытталады. Проблема - адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі туралы білімі мен осы әрекеттерді іске асыру жолдарын, құралдары мен әдістерін білмеуі арасындағы қарама-қайшылық.
Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір социологиялық зерттеу шегінде бірнеше проблеманы белгілеу де дұрыс емес.
Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп көрсетіледі:
- Проблемалық ахуалды пайымдау;
- Проблеманы тұжырымдау (әзірлеу) .
Проблемалық ахуал - бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-қайшылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм) .
Проблемалық ахуалды алдын-ала талдау:
а) сырттай бақылау;
ә) проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;
б) құжаттарды, оның ішінде ведомостволық құжаттарды,
алдыңғы социологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау;
в) сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің
қызметкерлерімен) еркін интервью.
Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып табылады.
1) Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады. Сұрақ: Осындай және басқа құбылыстардың себептері қандай?
Қойылым: осының және осының шешу тәсілдерін табу. Факторлардың осы тобын түсіңдіретін үлгіні жасайды.
Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни зерттеу объектісі мен пәнін анықтау арқылы алынса, болжанатын болып табылады.
Зерттеу объектісі - танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы немесе аясы.
Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс анықтаудың маңызы зор.
Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің жақтары, соңдай-ақ әлеуметтік проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама-қайшылықтарды барынша толығырақ бейнелейтін объектінің қасиеттері алға шығады.
Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен қатар міндетті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдау да жатады. Гипотеза - қандай да бір фактіні, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жасалатын ғылыми болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде тұжырымдалуы мүмкін.
Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу объектісін құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі, ауқымдылығы, қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан социологтар объектіден зерттелетін жиынтық алынатын "іріктеу" операциясын жүргізеді. Бағдарламада бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу жобасының сипаттамасында көрсетіледі.
Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты - осы зерттеуге "қажет", қажетті адамдардың барша жиынтығы. Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қала және с. с-лар қызметкерлерінің барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайды әрі қымбатқа түседі, сондықтан репрезентативті іріктеуге жүгінуге тура келеді - басты іріктеуге сәйкес келетін өлшемдер бойынша зерттелетін құрамның осы немесе басқа өкілдіктері.
Іріктеуді анықтау - социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жүмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс.
Іріктелген жиынтық - берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі-бір саны. Зерттеуге жататын (сауалнама, интервью алу және с. с) іріктелген жиынтықтың элементтері (респонденттер, талданатын құжаттар және с. с) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктелініп алынады. Осы іріктеліп алынған элементтер іріктеу бірліктері деп аталады, ал оларды ішінен талдау бірліктері таңдалып алынады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезіңде іріктеу 10, 20, 50 және т. б. адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітелетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады.
Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді: іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің (ағылш. response - жауап) саны 2-2, 5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады.
Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұңдай жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін.
Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызды ерекшелктер негізгі ұғымдарды түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұнын сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді (дербестенеді) .
Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі.
2. Социологиялық зерттеу әдістері
Социологияның өз саласында әр түрлі тұрғыда пайдаланылатын сан алуан әдістері бар. Олардың бір бөлігі этнографиядан, статистикадан, психологиядан алынған, көпшілігі дербес әзірленген, бірақ барлық пайдаланылатын әдіске ол белсенді социологиялық танымдық іздестіру құралының сипатын дарытқан.
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу (ауызша - интервью, жазбаша - сауалнама беру, сараптамалық - құзыретті тұлғаларға сауалнама жүргізу) .
Осы әдістердің сипаттамасына қысқаша тоқтала кетейік.
Құжаттарды талдау. Құжат - мәтінде, таспада, дискетте және седа белгіленген ақпаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.
Құжат түрлерінің жіктемесі:
жеке
жеке емес
Құжаттарды талдау кезінде ресми құжаттардың ресми емес құжаттарға қарағанда барынша шынайы; жеке құжаттардың, жеке емес құжаттарға қарағанда сенімді, бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте сақталғаны жөн.
Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі (мұнда: жалпы және арнайы) және қалыпқа келтірілген (мұнда: контент-талдау, жаднама-сұрақнама) .
Дәстүрлі талдау ретінде "құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі . . . Іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оны талқылаудың өзі".
Қалыпқа келтірілген әдіс - сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге (қанша, уақыттың қандай кезеңіне) аудару, мұнда- контент-талдау - мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (ТУ және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.
Мәтін (құжат) мазмұнына контент-талдау немесе ғылыми талдау пайда болған кезден бастап мәтіндік газет материалдарын зерттеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде оның еркшеліктерінің бірі мынада, ол бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Сонымен бірге ол құжаттарды: есептердің кез келген түрін, жиналыс, конференция, үкіметаралық келіссөздер, келісімдер хаттамаларын және с. с-ды талдау кезінде де қолданылады. Осы әдісті әр түрлі арнайы қызметтер жиі қолданады: ең құпия ақпараттың 80% соның көмегімен алынады.
Мәтін және оның мазмұны - контент-талдаудағы басты нәрселер. Зерттеуші мәтіннің фактілермен, оқиғалармен, осы мәтіннің материалдарын іріктеу принциптерін анықтайтын позиция, мүдде, ұстанымдар тұрғысынан анъгқтайтыннан басқа мәтінде сөз етіліп отырган қарым-қатынастармен байланысын, негізінен неге ерекше назар аударылғанын, жаңылтпашта не жайында айтылғанын анықтайды.
Контент- талдау рәсімі талдау мәнін анықтаудан (социологиялық зерттеу мақсаттарына сәйкес), мәтіндік ақпараттан талдау санатын - талдаудың мағыналық бірлігін (талдау бірлігі-автордың сөзімен, пікірімен айтылған мәтінің бөлігі) анықтаудан тұрады. Содан кейін талдау санатын қолдануды есептеу жүреді. Есептеу бірлігі - мәтінде осы немесе басқа мағыналық бірліктің кездесуі (жиілігі) тұрақтылыгы; ақпарат көлемін белгілеу (мәтіннің алаңы, абзацтар, жолдардың саны, эфирдегі уақыты және с. с) . Маман жариялау шрифтіне, газет бетіндегі орнына немесе теле және радиожаңалықтардағы орнына, материалға берілетін тональдылыққа және т. б. -на назар аударады.
Бақылау - оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезіңде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілтен және қалыпқа келтірілмеген, қосылған (мысалы, социолог митангтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда (мысалы, әлеуметік-психологаялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі.
Социологиялық ақпаратты жинаудың ең бір ерекше және қиын игерілетін әдістеріне эксперимент жатады. Эксперимент -(experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе) бақыланатын және басқарылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи (далалық, лабораториялық) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.
Социологияда табиғи эксперименттерді пайдалану адамдардан тұратын әлеуметтік зерттеу объектілерінің табиғатымен және зерттеушіден объектіге "зиян келтірмеу" деген моралъдық норманы сақтауын талап етумен шектелген. Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда өткізіледі және әдетте әлеуметтік-психологиялық экспериментпен көптеген ұқсастықтары болады.
Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойынша олар статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезіңде негізгі болып табылады. Мұндайда барынша тиімдісі объекті өлшемінің бір бөлігі қалыпқа келтірілген, ал басқасы қалыпқа келтірілмеген және формальды бөлігі диалогтық режимде өзара әрекет ететін тұжырымдама, сценарийлер, адамның құндылық бағдарлары түрінде ұсынылған үлгілеудің адам-машина жүйесі болып табылады. Үлгілік эксперименттер табиғи әлеуметтік эксперименттің стратегаясын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды.
Дәлелдеменің логикалық құрылымы бойынша гипотеза сызықтық және параллельді болып бөлінеді. Сызықтық эксперимент талдауға бір ғана топ тартылуымен ерекшеленеді. Параллельді экспериментте бір мезгілде екі топ қатысады: бақылау және эксперимента.
Осылайша, социологиялық зерттеулердің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне байланысты болады.
3. Социологиялық сауалнама - социологиялық ақпарат алудың негізгі әдісі
Сауалнама социологиялық деректерді сұрақ-жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады.
Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті. XVII ғасырдың ортасында-ақ француз математигі Б. Паскальдің және кейіннен итальян оқымыстысы И. Бернуллидің күш салуымен көпшілік сауалнамаларда іріктеу теориясы сүйенетін үлкен сандар және ықтимал есептеулер заңы тұжырымдалды.
1660 жылы қос ағылшын Дис. Граунт пен У. Петтидің ынтымақтасуымен жаңа зерттеу саласын құру аяқталды, олар оны "саяси арифметика" деп атады, кейіннен ол "статистика" және "социография" деп аталды.
Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең тараған әдісі, яғни "алғашқы қолдан алынған" ақпарат әдісі болып отыр. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге болатынын білуден тұрады. Мәселе осындай әдіспен респонденттерден алынған ақпараттың зерттелетін ақиқатты тек олардың санасында "ұйғарылған" түрде ғана көрсететінінде болып отыр. Сондықтан зерттеу мәні болып табылатын объективті ақиқат пен адамдардың мінез-құлықтары, оқиғалар мен құбылыстар туралы фактілері туралы пікірлерін көрсететін деректер арасына тендік белгісін қоюга болмайды. Бүдан әлеуметтік тәжірибенің адамдар санасында әр түрлі жағы бейнелену процесінің ерекшелігіне байланысты сауалнама әдісі арқылы алынған ақпараттың бұрмалануы мүмкін екендігін әрқашаңда ескеру керек екендігі аңғарылады.
Сауалнама нұсқалары (байланысу формалары бойынша) :
1. Жеке немесе жанама түрде (таратылатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы) .
2. Жеке немесе топтық.
3. Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған
(бағытталған) .
- Ауызша немесе жазбаша.
- Тұтас немесе іріктеме.
- Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.
4-кесте
Сұрақтарды жіктеу
Мазмұны
бойынша
Формасы
бойынша
Кұрылымы
бойынша
Функциясы
бойынша
Бақылатын сұрақ қоюға да болады (тапсырма: негізгі сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру, бақылау сұрақтарының арасында 3-4 аралық сұрақ тұруы мүмкін) : Сіз өз жұмысыңызға қаншалықты дәрежеде қанағаттанасыз? Сіз басқа жұмысқа ауысуды қалар ма едіңіз? (бақылау) .
Мынадай да түрі кездеседі: сұрақ-қақпан (тапсырма: респонденттер жауаптарының шынайылығын, дұрыстығын тексеру) : Сізге Ф. Косттың "Өркениеттің опат болуы" кітабы ұнады ма? (авторы, атауы ойдан шығарылған) .
Зерттеу бағдарламасында тұжырымдалған сұрақтар таратылуы бастапқы социологиялық ақпаратты, анкетаны алуға мүмкіндік беретін арнайы құжатқа салынады.
Анкетаның композициясы
Анкета (enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) -өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.
Анкета үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі (мазмұнды бөлім) бөлім және әлеуметтік-демографиялық бөлім.
Кіріспе, әдетте, респондентке қысқаша хабарласудан тұрады: "Сіздің сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сізге сұрақты оқып шығып, өзіңіздің пікіріңізге сәйкес келетін жауаптың реттік номерін шеңбермен қоршауыңыз немесе өз жауабыңызды бос жолға жазуыңыз қажет. Нәтижелер компьютерде өңделеді, сондықтан анкетада фамилияны көрсетудің қажеті жоқ. Сұрақтардың бірде-біреуін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз".
Кіріспе бөлімде сондай-ақ мынадай әңгімені бастайтын, оған әңгімелесуші респондента жетелейтін "жетелегіш"-сұрақтар да орналасады. Олардың міндеті - респондента қызықтыру, талқыланатын проблемаға енгізу.
Барынша күрделірек, талдауды, ойлануды, жадын жаңғыртуды талап ететін сұрақтар анкетаның ортасына орналастырылады (негізгі бөлім) . Мұнда әрбір сұрақтың сапасын мұқият талдау қажет:
а) не туралы сұрауды;
ә) неліктен тап осыны;
в) қандай формада.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz