Тартыс социологиясы мен психологиясы



1. Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары
2. Әлеуметтік тартыстарды жіктеу және олардың функциясы
3. Тартыс субъектілері, сатысы, мақсаты және реттеу механизмдері
4. Заңи тартыстардың типологиясы
Тартыс проблемасы социологияның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ол тартыстың қоғамдық құбылыс ретіндегі табиғаты, пайда болу себептері, шешу мүмкіншіліктері, сондай-ақ тартыстардын типологиясы, жіктемесі, олардың қоғамдық өмірдегі ролін анықтау және т.б. кен ауқымды мәселелерді қарастырады.
Тартыс — бұл қарама-қарсы мақсаттардың, ұстанымдардың, күштердің өзара әрекеттесуші көзқарастардың қақтығысы. Тартыс әрқашанда адамдардың осы немесе басқа әлеуметтік топ мүшелері ретіндегі басқа субъектілердің мүдделерімен өз мүдделерінің қарама-қайшылығын сезінуіне байланысты болады. Ширыққан қарама-қойшылық ашық немесе жабық тартысты тудырады. Қарама-қайшылық қоғам өмірінің бар саласын — экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани салаларды қамтиды. Осы немесе өзге қарама-қайшылықтың ширығуы "дағдарыс аумағын" қалыптастырады. Дағдарыс әлеуметтік шиеленістің күрт өсуінен пайда болады, бұл көп ретте тартысқа апара бермейді.
Зерттеушілер тартыстың қоғамнын оңтайлы құралдар арқылы жеңуге болатын уақытша жай-күйі екендігін атап көрсетеді. Олардың көпшілігі қоғамнын тартыссыз өмір сүруі мүмкін емес деп есептейді, тартыс — адамдар тұрмысының ажырамас бөлігі, қоғамда болып жатқан өзгерістердің кезі. Тартыс әлеуметтік қарым-қатынастарды барынша ықшам ете түседі. Тартыс нәтижесінде жеке адам мінез-құлқы мен әрекетінің өзін бұрын қанағаттандыратын қалыпты нормасын таң қаларлық шешіммен және ешбір өкінішсіз тастай алады. Тартыстың әсерінен қоғам қайта ұйымдастырылуы мүмкін. Әлеуметтік тартыс қаншалықты күшті болса, оның әлеуметтік процестер ағымына әсері және оның жүзеге асу қарқыны соншалықты айқын болады. Егер мұнда қандай тартыстар жиі болатынын, олардың калай пайда болатынын және олардың қалайша өтіп, шешілетінін білсе, қоғам жайында көп нәрсе айтуға болады.
Тартыс проблемасын зерттеудің бастаулары ерте заманға барып тіреледі. Ежелгі Греция ойшылдары қарама-қайшылықтар және олардың заттарды туындатудағы ролі туралы ілімді қалыптастырды. Тартысқа Н. Макиавелли айрықша назар аударды. Рим тарихына арналған еңбегінде ол әр түрлі деңгейдегі тартысты қарастырады және оның қоғам дамуындағы оң ролін атап өтеді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ТАРТЫС СОЦИОЛОГИЯСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯСЫ

Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары
Әлеуметтік тартыстарды жіктеу және олардың функциясы
Тартыс субъектілері, сатысы, мақсаты және реттеу механизмдері
Заңи тартыстардың типологиясы

1. Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары

Тартыс проблемасы социологияның өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады. Ол тартыстың қоғамдық құбылыс ретіндегі табиғаты, пайда болу
себептері, шешу мүмкіншіліктері, сондай-ақ тартыстардын типологиясы,
жіктемесі, олардың қоғамдық өмірдегі ролін анықтау және т.б. кен ауқымды
мәселелерді қарастырады.
Тартыс — бұл қарама-қарсы мақсаттардың, ұстанымдардың, күштердің өзара
әрекеттесуші көзқарастардың қақтығысы. Тартыс әрқашанда адамдардың осы
немесе басқа әлеуметтік топ мүшелері ретіндегі басқа субъектілердің
мүдделерімен өз мүдделерінің қарама-қайшылығын сезінуіне байланысты болады.
Ширыққан қарама-қойшылық ашық немесе жабық тартысты тудырады. Қарама-
қайшылық қоғам өмірінің бар саласын — экономикалық, саяси, әлеуметтік,
рухани салаларды қамтиды. Осы немесе өзге қарама-қайшылықтың ширығуы
"дағдарыс аумағын" қалыптастырады. Дағдарыс әлеуметтік шиеленістің күрт
өсуінен пайда болады, бұл көп ретте тартысқа апара бермейді.
Зерттеушілер тартыстың қоғамнын оңтайлы құралдар арқылы жеңуге болатын
уақытша жай-күйі екендігін атап көрсетеді. Олардың көпшілігі қоғамнын
тартыссыз өмір сүруі мүмкін емес деп есептейді, тартыс — адамдар тұрмысының
ажырамас бөлігі, қоғамда болып жатқан өзгерістердің кезі. Тартыс әлеуметтік
қарым-қатынастарды барынша ықшам ете түседі. Тартыс нәтижесінде жеке адам
мінез-құлқы мен әрекетінің өзін бұрын қанағаттандыратын қалыпты нормасын
таң қаларлық шешіммен және ешбір өкінішсіз тастай алады. Тартыстың әсерінен
қоғам қайта ұйымдастырылуы мүмкін. Әлеуметтік тартыс қаншалықты күшті
болса, оның әлеуметтік процестер ағымына әсері және оның жүзеге асу
қарқыны соншалықты айқын болады. Егер мұнда қандай тартыстар жиі болатынын,
олардың калай пайда болатынын және олардың қалайша өтіп, шешілетінін білсе,
қоғам жайында көп нәрсе айтуға болады.
Тартыс проблемасын зерттеудің бастаулары ерте заманға барып тіреледі.
Ежелгі Греция ойшылдары қарама-қайшылықтар және олардың заттарды
туындатудағы ролі туралы ілімді қалыптастырды. Тартысқа Н. Макиавелли
айрықша назар аударды. Рим тарихына арналған еңбегінде ол әр түрлі
деңгейдегі тартысты қарастырады және оның қоғам дамуындағы оң ролін атап
өтеді.
Тартысты негіздеп карастырған А. Смитболды. 1776 жылы оның "Халық
байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер" жұмысы жарық көрді,
онда ол тартыстың негізінде қоғамның таптарға бөлінуі және олардың арасында
экономикалық бәсекелестік жатыр деп жазды. Соңғысы қоғам дамуының қозғаушы
күші ретінде қарастырылған.
Әлеуметтік тартысты байыптауда Г. Гегель көп жұмыс атқарды. Ол тартыс
тудырушы себептердің біріне "байлық жинақтау" мен "таптардың еңбекке
байлануы" арасындағы әлеуметтік поляризацияны жатқызды.
Сөйтіп, көптеген ойшылдар тартыс — шындык, қоғам өмірінде қашып құтыла
алмайтын құбылыс және әлеуметтік дамудың ынталандырғышы деп есептеді.
К. Маркс пен Ф. Энгельс тартысты, ең алдымен, әлеуметтік теңсіздік
тудырады және ол тап тартысында көрінеді деп санады. Дәл осы тап
тартысынан қашып құтылу мүмкін емес, сонымен бірге ол капипиталистік
құрылыстың қарама-қайшылығын байқау және шешу үшін қажет.
Марксизм сыншылары тартыс проблемасы марксистік ілімде жан - жақты
негізделмегендігін, тартыстың тек антогонистік таптар арасындағы қақтығыс
ретінде ғана қарастырылатынын атап өтеді. Оның үстіне марксистік
тұжырымдамада таптар және басқа әлеуметтік топтар арасындағы тартыстың
басты себебі саналатын экомикалық қарым-қатынастар абсолюттендірілді.
Әлеуметтік тартыстың басқа да түсіндірмелері бар. Неміс Ойшылы Г.
Зиммель тартысты пікір қайшылығының бір формасы ғана деп емес, сонымен
бірге оның өзара байланысты тартысушы тараптарды біріктіруге қабілетті
әлеуметтендіруші күшін де анықтады. Г. Зиммель "тартыстын, ауаны
тазартатынын" жазды.
Тартыс проблемасының бұдан арғы теориялық негіздемесі XX ғасырда
жасалды. Сонымен бірге тартыс теориясы қоғамды құрылымдық-функционалдық
талдау теориясына қарсы тұрады.
Функционализм өкілдері қоғамның тең салмақты, тартыссыз үлгісін
қолдайды. Осы бағыт жақтаушыларының көзқарастарына сай қоғам оның құрамдас
бөліктерінің, яғни мемлекеттің, саяси партиялардың, өндірістік
бірлестіктердің, кәсіподақтардың, шіркеудің, отбасының және т.б.-ның
функционалды түрде өзара әрекеттесуіне орай қамтамасыз етілетін "жүйені",
тіршілікті және тұтастықты білдіреді.
Оның теңдігі мен тұрақтылығы ретінде қоғам "тұтастығы" идеясын ұсынған
функционалистер әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін, қоғам мүшелерінде
бірыңғай құндылықтардың болуын шешуші құрал ретінде атайды. Бұл құқықтық
ұстанымдар, құлықтық нормалар, діни уағыздар болуы мүмкін. Осы құндылықтар
қоғам өмірінің негізін құрайды және жекелеген индивидтердің, сол сияқты
ұйымның әлеуметтік топтарының да практикалық қызметін анықтайды.
Либералдық бағыттағы неміс социологы Ральф Дарендорф қоғамның тартысты
моделі теориясын жасады. Оқымысты кез келген қоғамның үнемі әлеуметтік
өзгерістер негізінде құрылғанын және соның салдарынан әрбір сәтте
әлеуметтік тартысты бастан кешетінін бекітті. Ол әлеуметтік тартыстардың
қалыптасу және даму сатыларының себептерін мүдделердің тартысы (оның
теориясының негізгі категориясы) негізінде қарады. Дарендорф тартыстың 15
түрін (отбасы ұрыс-керісінен бастап ғаламдық саяси тартыстарға дейін) бөліп
көрсетті, ол осы түрлердің ешқайсысы антогонистік, ымырасыз болып
табылмайды деп санады. Өзінің қоғамдық үлгісін негіздей отырып Дарендорф
К.Маркс пен Ф. Энгельс көрсеткен антогонистік қайшылықтардың тек XIX ғасыр
шындығы екендігін және олардың өткеннің еншісінде қалғанын бекітті. Оның
қорытындысы бойынша, қазіргі кезде көптеген "ашық" және "плюралистік"
қоғамда тартыстың барлығы нақты қоғамның тұрақтылығына төнген қауіп ретінде
қарастырылмайды.
Оның пікірінше, кез келген қоғам мәжбүрлеуге сүйенеді. Қоғам мүшелері
үшін бастапқыда әлеуметтік позициялардың теңсіздігі (мысалы, меншік пен
билікті бөлу кезінде) тән, ал олардың мүдделері мен ұмтылыстарындағы
айырмашылықтары осында жатыр, бұл өзара қақтығыс пен антогонизмді тудырады.
Дарендорф әлеуметтік теңсіздік және ол тудырған әлеуметтік қарама-қайшылық
әлеуметтік шиеленісті және тартысты ахуал жасайды деген тұжырымға келді.
Субъектілердің мүдделері тікелей тартыстың қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан тартыстың табиғатын тану үшін, ең алдымен, мүдделердің табиғатын
және тартыстың, әрекет етуші субьектілерінің сезіну тәсілдерін түсіну
қажет. Міне, осы жерде Дарендорф объективті (латентті) және субъективті
(анық) мүдделерді атап көрсетеді. Олар тартыстың "екі жағы" да белгілі
болғанда тартыстың пайда болуының алғашқы кезеңінде байқалады. Бұл "жақтар"
нақты мағынада әлеуметтік топ болып табылмайды, оған шоғырландырылмаған.
Сондықтан Дарендорф оларды жалған топтар (квазитоптар) деп атады. Осы
уақытта әрбір топта кейбір жалпы мүдделер мен оларды қорғауға бағытталған
психологиялық бағыттылық қалыптасады. Мұның барлығы тартыстың дамуының
бірінші кезеңін сипаттайды.
Тартыс дамуының екінші кезеңі Дарендорф бойынша, патенттік, яғни
субъектілердің және жалған топтардың нақты топтарға ұйымдасуындағы,
мүдделер тобының ұйымдасуындағы жасырын, түпкі мүдделерді сезінуінде
жатады.
Үшінші кезең осы немесе өзге "бірыңғай" топтардың (мысалы, таптардың,
ұлттардың, саяси ұйымдардың, шағын топтардың және т. б.) тікелей
қақтығысуымен анықталады. Егер бірыңғайлық болмаса, онда тартыс толық
болмайды, яғни аяғына дейін қалыптаспаған. Дарендорф "негізінен әрбір
тартыстың өзінің түпкілікті формасына оған қатысушы элементтер бірыңғай
болғанда ғана жететіндігін нақтылайды.
Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік тартыстардың негізіне мынадай саяси
факторлар жатады: билік, мәртебе, бедел үшін күрес. Тартыстар билік
етушілерімен бағыныштылары бар кез келген қоғамда болады. Әлеуметтік
ұстанымдардың теңсіздігі индивидтердің, әлеуметтік топтардың немесе адамдар
қоғамдастығының даму ресурстарына бірдей кіре алмайтынын білдіреді. Міне,
осыдан барып олардың мүдделерінің қайшылығы туындайды. Әлеуметтік
ұстанымдардың теңсіздігі бір топқа басқа адамдар тобының нәтижелерін
иеленуге мүмкіндік беретін биліктің өзінен көрінген.
Ресурстарды, көш басшылықты, билік пен мәртебені иеленуге және
басқаруға деген күрес әлеуметтік тартыстарды болдырмай қоймайды. Тартыс
игілік емес, қарама-қайшылықтарды шешудің болмай қоймайтын тәсілі ретінде
қабылданады.
Дарендорф тартыстардың — қоғам өмірінің барлығын көктей өтетін құрамдас
бөліктері екендігін нақтылайды. Оларды жою біз қаламағандықтан ғана мүмкін
емес, олармен шындық ретінде есептескен жөн. Сонымен қатар, тартыстар —
инновациялар мен әлеуметтік өзгерістердің көзі. Олар қоғамның тоқырауына
мүмкіндік бермейді, яғни ол үнемі шиеленіс тудырып отырады. Дарендорфша,
тартысты басып тастау және "жоққа шығару" оның ұшығуына алып келеді.
Тартысты "жоққа шығару" әрі оны басып тастау — онын әлеуетті өшпенділігін
өршітеді, оның энергиясының күшеюіне жаңа серпін береді. Дарендорфтың
ойынша, тартысты басып тастау оның ширығуына, ал керісінше "оңтайлы түрде
реттеу" — "бақылап отыратын эволюцияға" алып келеді. Тартыстар себебінің
орнын толтыруға келмегенімен "либералдық" қоғам оларды индивидтер, топтар
және таптар арасындағы бәсекелестік деңгейінде реттей алады. Сондықтан
біздің алдымыздағы міндет тартысты бақылай алудан тұрады: ол
легализациялануы, институционалдануы, қоғамда қолданыстағы ережелердің
негізінде дамуы және шешілуі тиіс.
Оқымысты тартысты реттеуге айрықша көніл бөледі. Тартысты реттеу
халықтың көпшілігінің еркін анықтауға және азшылықтың да құқығын
құрметтеуге негізделуі тиіс, яғни консус іздестіру жүреді. Оқымыстының
ойынша, қоғамда тартыс қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы, өйткені
олардын көлемі шағын болса, оларды шешу және реттеу оңай болады. Сондай-ақ
тартысты реттеу қоғамды интеграциялау және адам бостандығын қамтамасыз ету
желісі бойынша жүреді.
Қоғам мен биліктің, әлеуметтік құрылымның өінің сипаты тартыстың да
сипатын анықтайды. Оның қарқындылығы "қоғамның қандай тобында плюралистік,
яғни әр алуан автономды сала байқалуына қарай төмендейді." Дарендорф
тартыстын функционалдылығын әлеуметтік тұрақтандырғыштың жаңа
нормалары мен механизмдерінін пайда болу жүйесінін бейімділігінін күшеюінен
көреді.
Американ социологы Льюс Козер әлеуметтік тартысты "құндылық үшін күрес
және белгілі бір мәртебеге, билікке және ресурсқа талаптар, қарсыластардың
мақсаты қарсыласты бейтараптандыру, зиян шектіру немесе жою болып табылатын
күресі" деп түсінеді.
Қоғамның жай-күйіне қарай Козер әлеуметтік тартысқа жіктеме жасайды. Ол
жабық қоғамда тартыстың әлеуметтік байланыстарды бұзуы, оны жауыққан
топтарға бөлуі революцияға алып келуі мүмкін екендігін көрсетеді. Ашық
қоғамда тартысқа шығатын жол беріледі (олар клапан ролін атқарады), яғни ол
шиеленісті бәсеңдетеді. Сонда ғана олар қоғам дамуына жағдай жасайтын ән
әлеуетті иелене алады.
Тартыстың жалпы теориясын американ социологы Кеннет Эварт Болдуинг те
жасайды, ол бұған арнап "Тартыс және қорғау: жалпы теория" деген еңбек
жазды. Ол қазіргі қоғамдарда әлеуметтік тартыстарды реттеу мүмкін және
қажет екендігін айтады. Болдуинг тартысты қоғамдық өмірден айырғысыз деп
есептейді. Әлеуметтік тартыстардың мәні туралы түсінік қоғамды оларды
бақылауға және басқаруға, олардың салдарын алдын-ала көруге мүмкіндік
береді. Ғалымның пікірі бойынша, тартыс-тараптардың өздерінің
ұстанымдарының сәйкес келмейтінін түсінген және өз әрекетімен қарсыласты
анықтауға ұмтылған ахуалы.
Тартыс тараптар өздерінің қарсылықтарын және өздерінің оған деген қарым-
қатынасын сезінетін әлеуметтік өзара әрекеттесуінің түрі ретінде әрекет
етеді. Міне, осы кезде олар саналы түрде ұйымдасады, күрес стратегиясы мен
тактикасын әзірлейді. Күрес принциптері ғасырлар бойы қалыптасқан. Олардың
мәні мынадай:
қарсыласына қиындық туғыз;
онын әрекетінің еркіндігін шекте;
3)оның жағдайы мен резервтерін жеке мақсаттарына жетуге
пайдалан;
4)өз күшін мен құралдарыңды өзіңе пайдалы бағытқа
жұмылдыр;
5)қарсыласыңның үйлестіргіш орталықтарын қатардан
шығар;
үйлестіруші орталықтарды жаңартуға тырыс;
шешім қабылдауға жет, содан кейін ғана татуласуға ұмтыл;
қарсыласыңды әлсірететін шырмауық саясат жүргіз;
үрейлендір, яғни үрей әрекеттен гөрі тиімді болады;
10) жасырын әрекет ет, алда.
Алайда, тартыс проблематикасы өзара шоғырлану мен күреспен
тәмамдалмайды. Тек бәсекелестік қана бар және қайырымды ерік болмайтын
антагонистік, ымырасыз да тартыстар бар.
Әлеуметтік тартыс теріс, қиратқыш сипатқа ие болады, қарым-қатынастарды
әлеуметтік жүйелерде тұрақсыздандырады, әлеуметтік қауым мен топтық
біртұтастықты қиратады. Сөйтіп, ереуіл кәсіпорындар мен қоғамға едәуір
залал шектіруі мүмкін, не кәсіпорындардың тоқтауынан шегетін экономикалық
зиян экономикадағы теңсіздіктің факторы болуы мүмкін. Ұлттық тартыстар
ұлттар арасындағы өзара байланысты бұзады.
Тартыстардың "орташа" деп аталатын нысандарының (бейтараптық,
біртұтастық және басқалары) көмегімен қарсы тұрудан бірлескен әрекетке,
ынтымақтастыққа, кооперацияға өтуге болады.

2. Әлеуметтік тартыстарды және олардың функциясын жіктеу
Сөйтіп, қоғамда тартыстардың көбеюі арта түседі. Бірқатар социологтар
оларды, мысалы, өмір аясы бойынша былайша жіктейді: экономика, ұлттық
қатынастар саласындағы, әлеуметтік саладағы тартыстар және т.б.
Тартыстарды субъектілерге және келіспеушіліктер аумағына қарай да
жіктеуге болады. Мұндай жіктеме мынадай түрде көрсетілуі мүмкін:
жеке тартыстар, бұған адамның өз ішінде болатын, оның жеке санасы
деңгейіндегі тартыстар кіреді;
тұлғалар арасыңдағы тартыстар - бір немесе бірнеше топтаты екі немесе
бірнеше адамның арасындағы тартыс. Оған топ құрамайтын жеке адамдар да
кіруі мүмкін;
топ аралық тартыс - қарама-қарсы мүдделері бар әлеуметтік топтар мен
адамдар қауымы арасындағы тартыс;
қажеттілік тартысы — индивидте қосарлы қажеттілік болса, мысалы,
тартысушылар қандай-да бір ірі топтың ішінде топ құрады немесе индивид бір
мезгілде бір мақсатты көздеген бәсекелес екі топқа кіреді;
сыртқы ортамен тартыс — топ құрайтын индивидтер сырттан, ең алдымен,
әкімшілік нормалар мен ескертпелерден қысым көреді. Бұл тартысты оның
туындауына жұмысшылардың өздерінің біліксіз басқаруы, төмен біліктілігі
әсер еткен болса, өндірістік тартысқа жатқызуға болады.
Тартыстың ролін қоғам дамуындағы қашып құтылуға болмайтын құбылыс
ретінде қарастыра отырып, оның оңды функцияларының бірін көрсетуге болады,
ол қарама-қарсы күресуші тараптарға қатысты психологиялық шиеленісті шешу
болып табылады. Шығыс клапандары мен ағып кетер арналардың болуы
индивидтердің өзара бейімделуіне жағдай жасап, онды өзгерістерді
ынталандырады.
Тартыстың басқа оңды функциясына коммуникативті-байланыстырушы қызметін
жатқызуға болады. Осы функция арқылы тартысқа қатысушылар өздерінің және
қарама-қарсы күресушілердің мүдделерін сезінеді, жалпы проблемаларды
анықтайды, бір-біріне бейімделеді.
Тартыстың тағы бір жағымды функциясына шоғырландырғыштығын жатқызуға
болады. Ол әлеуметтік топтарды тек қана жақындастырып қоймайды, сонымен
бірге әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші де болады. Бұл тартысты шешу
барысында адамдар бір-бірін жаңадан қабылдау кезінде және оларда
ынтымақтасуға деген ықылас оянып, осыған деген мүмкіндік анықталған кезде
болады.

3.Тартыс субъектілері, сатысы, мақсаты және реттеу механизмдері
Әлеуметгік тартыстарды қарастыру кезінде маңызды мәселеге тартысты
қатынастардың "әрекет етуші тұлғалары мен орындаушылары" туралы мәселе
жатады. Ю.Г. Запрудский атап көрсеткендей, "тартыс тараптары" ұғымымен
бірге бұған "қатысушы", "субъектілер", "делдал" деген сиякты ұғымдар да
жатқызылуы мүмкін. Әлеуметтік тартыстардың қатысушылары мен субъектілерін
бір нәрсеге жатқызуға болмайтындығын байқаған жөн, өйткені бұл тартыста
атқарылатын рольдерді түсіндіруде шатасушылыққа алып келуі мүмкін.
Тартыстың қатысушылары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар әлеуметтануы
Экономикалық социология және оның функциялары
Билік, ғылым, тартыс социалогиясы
Экономикалық социология мәселелері
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Діннің қоғамдағы қызметі
Социология пәні және оның міндеттері
Ғылым тарихы және философиясы
Дін этнологиясы
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
Пәндер