Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы
1. Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы
1.1 Еңбекке баулу . балаларды мектепке дайындау құралы
2. Бала еңбегін ұйымдастыру түрлері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды құрастыруға үйрету міндеттері
2.2 Қол еңбегі
3. Еңбекке баулу жұмыстарын жобалау
3.1 Перспективалық жоспарлау үлгілері
3.2 Қағазбен жұмыс істейтін "Шебер қолдар" үйірмесінің перспективалық жоспары
3.3 Мектепалды топтарындағы қол еңбегі жұмыстарының (сабақтан тыс) үлгі мазмұны
4. Сабақ үлгілері
4.1 Тәрбиешіге практикалық сабақтар жүргізуге арналған кеңестер
4.2 Балалардың еңбек біліктері мен машықтарын меңгеру көрсеткіштері
5. Бақылау сұрақтары
5.1 Өнімді іс.әрекет түрінде тәрбиеші мен баланың біріккен шығармашылығын талдауға арналған материал
5.2 Мектепке дейінгі балалар еңбегін ұйымдастыру және басшылық жасауға ұсыныстар
Глоссарий
Әдебиеттер тізімі

Еңбек қуанышы - еңбек адам іс-әрекетінің басты түрі ретінде адамзат сезімінің ең жоғарғы нысаны болып табылады. Осы сезімді балалар бойында дер кезінде тәрбиелеу балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ата-аналардың міндеті болып табылады. Егер мектепке дейінгі жаста бала бойына еңбексүйгіштікті тәрбиелемесе, кейінгі жылдары бұл жұмыс елеулі қиын болады. Еңбек іс-әрекеті баланың жалпы дамуын, қызығушылық өрісін кеңейтіп, қарапайым ынтымақтастық қасиеттерін туғызады, еңбекқорлық, тапсырған іске жауапкершілікпен қарау, парыз сезімі, өзіне-өзі сенімділік, лидерлік қасиет, мақсатқа жетуге ерік-жігер тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.
Еңбек процесі кезінде баланың ойлау әрекетіне тікелей әсер ететін саусақтарының ұсақ моторикасы, сөйлеу қозғалысы аппараты жетіледі. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек сабақтарының педагогикалық ықпалы көп. Ересектердің шебер басшылығы арқасында бала еңбектің не екендігін түсініп, еңбек машықтарын алады, қандайда бір жұмысты өз бетімен орындай алу тәжірибесін жинақтайды.
Еңбек тәрбиесі мектепте оқуға дайындаудың қажетті шарты болып табылады. Жастайынан еңбекке баулынған бала мектепте (кейін өмірде де) өзіндігімен, ұйымдасқанымен, жинақтылығымен, өз өзіне қызмет ете білуімен ерекшелінеді.
Баланы әлі келетін еңбекке тарту, ересектердің жүмысымен таныстыру жекке тұлға етіп қалыптастыруға, ізгілік және ерік-жігер қасиеттерін дамытуға көмектесееді.
Балалардың мүмкіндіктерінің артуына байланысты еңбек әрекеті көлемі, мазмұны және орындау тәсілі күрделене түседі. Бұл ересектердің (тәрбиешілердің, ата-аналардың) арқасында мүмкін болады.

1. Л.В. Куцакова Конструирование и ручной труд в детском саду.М. "Просвещение", 1990
2. Трудовое воспитание детей дошкольного возраста (М.А. Васильева ред.). М. "Просвещение",1984
3. Воспитателю о работе с семьей. ( Н.Ф. Виноградова ред.) М."Просвещение", 1990
4. Л.В. Куцакова. Планирование и методика проведения занятий по конструированию и ручному труду в игре. Дошкольное воспитание № 1,2 -1990
5. 6-7 жастағы балаларды мектепалды дайындығының бағдарламасы.Астана, 1999
6. Богатеева З.А. Чудесные поделки из бумаги. М., 1992.
7. Буре Р.С., Година Г.Н. Учите детей трудиться. М., 1983.
8. Буре Р.С. Готовим детей к школе. М., 1987.
9. Воспитателю о работе с семьей / Н.Ф. Виноградова ре./. М., 1989.
10. Воспитание детей в старшей группе детского сада /Құрастырған. Г.М. Лямина. М., 1984.
11. Воспитание и обучение детей шестого года жизни / Л.А. Парамонова, О.С. Ушакова/. М., 1987.
12. Гульянц Э.К. Учите детей мастерить. 2-басылым.М., 1984.
13. Гульянц Э.К., Базик И.Я. Что можно сделать из природного материала. М., 1984.
14. Детский сад и семья / Т.А. Маркова/. М., 1986.
15. Игрушки и пособия для детского сада /В.М. Изгаршева/. М., 1987.
16. Ковальчук Я.И. Индивидуальный подход в воспитании ребенка. М., 1985.
17. Лиштван З.В. Конструирование. М., 1981.
18. Логинова В.И. Трудовое воспитание детей. Л., 1979.
19. Методика обучения изобразительной деятельности и конструированию /Т.С. Комарова/. М., 1985.
20. Методические рекомендации к программе воспитания и обучения в детском саду.
21. /Құрастырған Л.В. Русскова М., Просвещение. 1986.
22. Наблюдения и труд детей в природе /Сост. А.Ф. Мазурина. Изд. 3-е. М., 1976.
23. Нравственно-трудовое воспитание детей в детском саду / Р.С. Буре/. М., 1987.
24. Островская Л. Ф. Педагогическая знания - родителям. М., 1983.
25. Пантелеева Л.В., Каменов Е., Станоевич-Кастори М. Художественный труд в детских садах СССР и СФРЮ. М.: Просвещение; Белград: Завод за уджбенике и наставна средства, 1987.
26. Содержание и методы умственного воспитания дошкольников /Н.Н. Поддяков/. М., 1980.
27. Умственное воспитание

Мазмұны
1. Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы
1.1 Еңбекке баулу - балаларды мектепке дайындау құралы
2. Бала еңбегін ұйымдастыру түрлері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды құрастыруға үйрету міндеттері
2.2 Қол еңбегі
3. Еңбекке баулу жұмыстарын жобалау
3.1 Перспективалық жоспарлау үлгілері
3.2 Қағазбен жұмыс істейтін "Шебер қолдар" үйірмесінің перспективалық
жоспары
3.3 Мектепалды топтарындағы қол еңбегі жұмыстарының (сабақтан тыс) үлгі
мазмұны
4. Сабақ үлгілері
4.1 Тәрбиешіге практикалық сабақтар жүргізуге арналған кеңестер
4.2 Балалардың еңбек біліктері мен машықтарын меңгеру көрсеткіштері
5. Бақылау сұрақтары
5.1 Өнімді іс-әрекет түрінде тәрбиеші мен баланың біріккен шығармашылығын
талдауға арналған материал
5.2 Мектепке дейінгі балалар еңбегін ұйымдастыру және басшылық жасауға
ұсыныстар
Глоссарий
Әдебиеттер тізімі
1. Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы
1.1 Еңбекке баулу - балаларды мектепке дайындау құралы
Еңбек қуанышы - еңбек адам іс-әрекетінің басты түрі ретінде адамзат
сезімінің ең жоғарғы нысаны болып табылады. Осы сезімді балалар бойында дер
кезінде тәрбиелеу балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ата-аналардың
міндеті болып табылады. Егер мектепке дейінгі жаста бала бойына
еңбексүйгіштікті тәрбиелемесе, кейінгі жылдары бұл жұмыс елеулі қиын
болады. Еңбек іс-әрекеті баланың жалпы дамуын, қызығушылық өрісін кеңейтіп,
қарапайым ынтымақтастық қасиеттерін туғызады, еңбекқорлық, тапсырған іске
жауапкершілікпен қарау, парыз сезімі, өзіне-өзі сенімділік, лидерлік
қасиет, мақсатқа жетуге ерік-жігер тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.
Еңбек процесі кезінде баланың ойлау әрекетіне тікелей әсер ететін
саусақтарының ұсақ моторикасы, сөйлеу қозғалысы аппараты жетіледі. Дұрыс
ұйымдастырылған еңбек сабақтарының педагогикалық ықпалы көп. Ересектердің
шебер басшылығы арқасында бала еңбектің не екендігін түсініп, еңбек
машықтарын алады, қандайда бір жұмысты өз бетімен орындай алу тәжірибесін
жинақтайды.
Еңбек тәрбиесі мектепте оқуға дайындаудың қажетті шарты болып табылады.
Жастайынан еңбекке баулынған бала мектепте (кейін өмірде де) өзіндігімен,
ұйымдасқанымен, жинақтылығымен, өз өзіне қызмет ете білуімен ерекшелінеді.
Баланы әлі келетін еңбекке тарту, ересектердің жүмысымен таныстыру жекке
тұлға етіп қалыптастыруға, ізгілік және ерік-жігер қасиеттерін дамытуға
көмектесееді.
Балалардың мүмкіндіктерінің артуына байланысты еңбек әрекеті көлемі,
мазмұны және орындау тәсілі күрделене түседі. Бұл ересектердің
(тәрбиешілердің, ата-аналардың) арқасында мүмкін болады.
1.2. Мектепалды жасындағы балаларды еңбекке тарту міндеттері
Педагогтар мен ата-аналар ұмтылуы керек:
• еңбекке оңды көзқарас қалыптастыруға (өз қалауы бойынша еңбек ету,
оңды нәтижеге жету, табысына қуану);
• еңбек әрекетіне әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастыру,
мақсатты бағытталуын, еңбек дағдылары мен машықтарын дамытуға;
• еңбек мәдениетіне тәрбиелеуге (мақсат қоя білу, жұмыс барысын
жоспарлау, материалдармен жабдықтарды таңдап алу, оларды дұрыс
орналастыру).
• еңбек әрекетін белгілі бір ретпен жүзеге асыру
• тиімді еңбек тәсілдерін қолдану, қауіпсіздік ережелері мен жеке бас
тазалығын сақтау, жұмыс орнында реттілікті сақтап, материалды үнемдеу.
Аралық және соңғы еңбек нәтижесінің сапасын бақылау; жұмыс орны мен
жабдықтарын жинау.
• ересектердің тапсырмасын дәл, реттілікпен орындау, асханадағы,
сабақтағы, табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен
орындай білу білігін қалыптастыру;
• ұжымдық еңбекке қатысу, бастама көтеру, еңбекте шығармашылық таныту;
• өз қалауымен, ересектер мен құрбыларының сұрауы бойынша әр түрлі
еңбекке қатысу;
• оңды күш салулар мен нәтижелерді, өзара қарым-қатынас тәжірибелерін
мадақтау.
2. Бала еңбегін ұйымдастыру түрлері
Еңбек тәрбиесі сабақтарда және басқа да оқу-тәрбие процестерінде жүзеге
асырылады: кезекшіліктерде, тапсырмаларды орындағанда, топ бөлмесін
жинауда, бақшада,гүлзарларда, үйдегі ұжымдық жұмыстарда.
Шартты түрде тұрмыстағы еңбек, табиғаттағы еңбек (өсімдіктер мен
жануарларды күту), қол еңбегі (ағашпен, матамен, табиғи материалдармен)
және өзіндік қызмет еңбегі деп бөлуге болады.
Мектепалды топтарында балалар еңбегін ұйымдастырудың бірнеше нысандары
бар. Бұл тәрбиешінің жоспарында көрсетіледі.
"Жалпы еңбек"
Жалпы еңбек (Р.И.Буре термині) әркім өз жұмысын орындауы мен жалпы
нәтижесінің тәуелділік түсінігін қалыптастырады. Бұл тәуелділік жұмыс
аяқталғаннан кейін көрінеді. Тәрбиеші соңғы нәтижеге көңіл аудару үшін,
балалар жұмысты бір мезгілде аяқтайтындай етіп ұйымдастыруы керек.
Жалпы еңбекті ұйымдастырғанда тек өзіне ғана емес, жолдастары үшін де,
өзара көмек, ортақ жұмыс үшін өз қалауына бағыну жауапкершіліктері де
тәрбиеленеді.
Еңбек процесі операцияларға бөлінсе, біріккен (ұжымдық) әрекет айқын
көрінеді. Операцияларға бөлу шаруашылық-тұрмыстық, табиғаттағы еңбекте жиі
қолданылады. Бұл жерде балалар тапсырманы алдын-ала меңгеруі өте маңызды.
Еңбек процесі шамамен 3-4 операцияға бөлінеді. Одан әрі бөлшектеп бөлу бұл
жастағы балаларды еңбек процесіне толық қамтуды қиындатады. Және жұмыс
ұзақтылығын да анықтау керек. Ол еңбек интенсивтілігі мен балалардың
физикалық дайындығынан тәуелді.
Бірлескен жұмысты дұрыс ұйымдастыру балалардың өзіндік болуын
жетілдіреді. Олар жұмысты жоспарлап, тапсырмаларды бөлу, қиын болған
жағдайда біріне-бірі көмектесуге үйренеді.
Кезекшілік.
Бұл жастағы балалардың кезекшілік түрін күрделендіру балалардың ой және
практикалық еңбектерін өз бетімен шешуге жағдай жасау арқылы жүзеге
асырылады.
Сабақтағы кезекшілікті ұйымдастырғанда кезекшілер жұмысын ой
белсенділігі мен оқу әрекетінің қалыптасуымен ұштастыру керек.
Асханадағы және сабақтағы кезекшілер күн сайын ауысып отырады.
Асханадағы кезекшілік кезінде бала өз бетімен шешім қабылдайтындай жағдай
туғызу керек, мысалы, мәзірді білу және үстелді жабдықтау, ертеңгілік асқа
қасық, шанышқылар, кішкентай және шұңғыл тәрелкелердің қажеттігі, т.б.
Табиғат бұрышындағы кезекшілік күрделірек болады. Тәрбиеші жыл басында
нені қалай, не үшін істеу керектігін көрсетеді, түсіндіреді және естеріне
салады. Кейін жұмысты бақылап, қабылдап отырады. Күн соңында кезекшілер
жұмысына баға беріп отыру қажет.
Еңбек тапсырмалары.
Еңбек тапсырмаларын бір немесе бірнеше балалаға бір мезгілде беруге
болады. Тапсырма мазмұны балабақшаның жағдайына байланысты болады, бірақ
әдетте оларды әрекет түріне байланысты топтастырады.
Тапсырмаларды орындағанда балалар бірнеше ережелерді меңгеруі керек:
1. Тапсырманы мұқият тыңдау.
2. Жұмысқа кірісу.
3. Алаңдамау.
4. Жұмысты тиянақты, аяғына дейін орындау.
Балалар жұмысының нәтижесіне міндетті түрде объективті баға беріледі. Бұл
балалардың өзіндік баға беруін қалыптастырады.
Еңбек тапсырмасы қысқамерзімді (кезекшіге көмектесу, ауырып қалған
жолдасын алмастыру) немесе ұзағырақ бір аптаға (табиғат бұрышын күту) болуы
мүмкін.
Еңбекті дұрыс ұйымдастыру балаларды өзіндік болуға баулиды. Олар
келісіп, тату, жұмыс істеуге, келіспеушілікті шешуге, еңбек нәтижесін
бағалауға үйренеді. Бұл қасиеттердің барлығы балаларды мектепке дайындауда
шешуші роль атқарады.

Құрастыру - балалардың сүйікті істерінің бірі - баланы жан-жақты
дамытуға және мектепке дайындау деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл жүйелі
үйрету нәтижесінде жүзеге асады, балалардың сенсорлық және ойлау қабілеті
дамиды..
Құрастыру сабақтарының мақсаттары - әр түрлі материалдардан бұйымдар
жасау, , үлгіні, пішімді, суретті талдау машығын қалыптастыру, бұйымдарды
жасау және материалдарды қасиеттеріне байланысты дұрыс қолдана білуге
үйрету.
Құрастыру сабақтарында балалар зат құрылымын көре білу, практикалық
қолданылуына байланысты талдай білуге үйренеді: Негізгі бөліктерін
айқындау, әрқайсысының функционалдық қолданылуын тағайындау, құрылымның
қолданылуына байланысты олардың пішінін, түрін, өлшемін және орналасуын
анықтау..
Осындай таладау нәтижесінде балалар жекелеген құрылымдық шешімдер
қабылдауға үйренеді.
Құрастыру сабақтарында балаларда ұжымдық жұмыстар машығы тәрбиеленеді -
міндеттерді бөлу, бұйымды дайындау жұмысын жоспарлау, бір-біріне кесел
жасамай ортақ ой бойынша жұмыс істеу.
Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Бір объектіні қолданылуына байланысты әр түрлі жағдайға байланысты
құрастыру (жаяу адамдар көпірі, көлікке арналған көпір), құрылыс
материалдарын, олардың қолданылуын анықтап, құрылыс барысын жоспарлау.
Бір мазмұндағы құрылыстар жүргізуді (көшелер, машиналар, үйлер) үйретуді
жалғастыру.
Конструкторлар бөлшектерінен құрастыру.
Балаларды "Конструкторлар" жиынтығы түрлерімен (пластмасса, металл,
ағаш) таныстыру. Әр түрлі модельдерді (ғимараттар, ұшақтар, пойыздар т.б.)
сурет бойынша және тәрбиешінің айтуымен құрастыруға үйрету. Ортақ тақырыпқа
біріктірілген құрастырулар жасау.
Балалар конструкторлар жиныағы көмегімен құрастыру тапсырмалар шарты
бойынша жүзеге асырылады. Балалар жаңа материалдармен танысып, жасау
жолдарын қарастырады.
Өз ойлары бойынша құрастырғанда, балаларға қиялдауға мүмкіндік беріледі.
Балалардың құрастыруына, іздену бағытына жетекшілік жасау, ойын мен
әрекетті ұштастыру, көркем сөзді қолдану, ертегілермен, әңгімелермен
байланыстыру, процеске шығармашылық сипат беру жұмыс нәтижесінің сапасын
арттырады.
Алғашқыда балаларға қосымша материал ретінде өздеріне таныс металл
конструкторлар беріледі.
Сабақтарда 5-6 баладан топтар бойынша жұмыс істейді. Әрбір балаға
аяқталмаған құрылыстың Г-тәрізді конструктор бөлшегі немесе зат бөлшегі
беріледі. Тәрбиеші балалардан бұл бөлшектердің нені еске түсіретіндігін,
олардан не істеуге болатындығын сұрайды. Балалар тәрбиешінің құлағына
сыбырллап жауап береді, конструктор жиынтығын мұқият қарап шығады, ұсақ
бөлшектерді зерделейді, олардан не істеуге болатындығын ойлайды. Тәрбиеші
негізгі және қосымша ұсақ бөлшектерді жалғастыра отырып, қарапайым құрылым
жасауға болатындығын түсіндіреді.
Мысалы, ұшақтар, тұрғын үйлер, орындықтар, аңдар, т.б. Балалар ойлары
бойынша бірнеше заттар құрастырады. Келесі сабақтарда балаларға әр түрлі
қалыңдықтағы, ұзындықтағы Т және П тәрізді конструктор бөлшектері беріледі.
Балалар бұл бөлшектерден қандай нәрселер істеуге болатындығын өздері ойлап
табады. Балаларға 2-3 түрін құрастыру тапсырылады. Тәрбиешінің ұсынған
пішіні негізгі болып табылады. Жұмыс барысында ол жаңа нәрсе алу мақсатында
конструктор бөлшектерімен толықтырылады. Келесі сабақтарда тәрбиеші берген
пішіндер тек негізгі ғана болып қоймайды, балалар құрастыру барысында кез-
келген мақсатта еркін қолдана алады. Соңғы сабақтарда балаларға жалпы
тақырыптар ұсынылады, мысалы, Хаюанаттар бағы, Әуежай, Менің сүйікті қалам,
т.б., алынған машықтар бойынша өзіндік жұмысқа бағыт беріледі.
Конструктормен жұмыс істеу барысында шарттар бойынша құрастыруды ұсынуға
болады. Мысалы, өзен арқылы жаяу адамдар көпірі, екі подъезді көп қабатты
үй, екі жақты қозғалысты көше. Бірлесе ойын барысында өзара пікір
таластыру, әрекеттерін бөлісу, соңғы нәтижеге жету балалардың қарым-қатынас
мәдениетін дамытады.
Ұжымдық тақырыптық құрастыруды жүргізу үшін белгілі бір жағдайлар
жасалынуы керек. Мысалы, балалардың жұмысы үшін жұмыс орны басты роль
атқарады, яғни жұмыс үстелдерін дұрыс қою немесе кілем үстіне ыңғайлы
орналасу. Конструкторлар мен олардың бөлшектері жеткілікті болғаны дұрыс
(202 бөлшектен тұратын Лего, Дзета, Тектоп). Ұжымдық жұмыстар үшін Квадро,
Стартер, Беиси, Юниор, Универсал, Мобиль т.б. конструкторлары қолданылады.
Және "Қызықты текшелер", "Ойын модулі" (автор С Л Новоселова), "Сиқырлы
мұнара " (авторлары Л А Паромова Ф.А.Юнусов Т В Чернышева), "Жылан"
модульдік констркуторлары да тиімді. Жазықтықта "Мозаика" және "Жүрек"
конструкторлары да ыңғайлы.
Жоғарыда көрсетілген конструкторлар ағаштан, пластмассадан, металдан
жасалған. Олар бірінен бірі көлемдерімен, бөлшектерімен ерекшеленеді.
Сондықтан тәрбиеші алдымен сапасы мен көлеміне назар аударуы керек.
Балалармен жұмыс істеу үшін тәрбиеші конструктор бөлшектерін әуелі өзі
зерделеп, құрастыру нұсқаларын қарастыруы қажет. Одан кейін балаға нақты
тапсырма беріп, конструктормен жұмыс істеу ережелерімен таныстырады, бала
шығармашылығын қажетті бағытқа бағыттайды.
Табиғи және қалдық материалдан құрастыру.
Бұл нәтижесінде балалар көркем образдар жасайтын шығармашылық іс-
әрекеттің бір түүрі. Балалардың көрнекілік-образдық ойлауы, қиялы жетіліп,
техникалық машықтары қалыптасады. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс
істегенде балалар бөлшектерді жалғап, тұғырға бекітіп үйренеді.
Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі міндеттер:
• болашақ жұмысқа арналған табиғи материалдарды таңдауда іскерлік
танытуға қалыптастыру;
• дайындау жұмыстарын жүргізу машығын қалыптастыру (артық бөліктерін
алып тастау, кеңістікте орналастыру, біріктіру, беріктігін сақтау,
т.б.);
• дайындалатын нәрсе образын бере білу машығын қалыптастыру;
• табиғи материалдардың ерекшеліктерін анықтай және қолдана білу машығын
қалыптастыру.
Әр түрлі табиғи материалдардан істелген бұйымдардың - икебана, сабаннан
жасалған бұйымдар, аң, құстар пішіндері, топ бөлмесін безендіру, бір-біріне
жіне мерекелік сыйлықтар дайындаудың тәрбиелік мәні зор.
Балалар үшін балабақша ауласында құмнан, қардан құрлыс жүргізу өте
қызықты. Құмнан сарайлар, қардан мұз қалашығын, мұз тауын, ертегілер
әлемін, аңдар мен құстардың пішіндерін, ұсақ тастардан құдық, жылан,
тасбақа, т.б. жасау ұсынылады.
Нәтижесінде балалар құмның майда екендігін, біріктіру үшін сулау
керектігін біледі, қардың жұмсақ, ұлпа, суық екендігіне, оның суға
айналатындығына көз жеткізеді. Алаңда тәрбиеші балаларды ұйымдастырып,
тақырып береді, ал балалар жұмыстарын өз бетімен орындайды.
Тәрбиеші алдын ала балалардың жұмысы үшін табиғи матералдарды кептіріп
дайындайды. Табиғи материалдармен жұмыс ұқыптылықты, көңіл қоюды талап
етіп, белгілі бір кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең - табиғи матералдарды (бұтқтар, құрғақ жапырақтар, шырша
бүршіктері, ағаш қабықтары) таңдау және зерделеу, артық бөліктерін алып
тастау арқылы қажетті пішінге келтіру.
Екінші кезең - бөліктердің жекелеген бөлшектерін біріктіру. Бала назарын
табиғи материалдың сапасы мен беріктігіне аудару.
Үшінші кезең - бала назарын зат пішінін жұмыс мазмұнына сай безендіруге
аудару. Қиялын, логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық белсенділігін, жұмыс
нәтижесі сапасын арттыру.
Сабақта жұмыс істеу үшін серуен кезінде материалдардың сапсына (қатты,
жұмсақ тегіс, кедір-бұдыр, ұлпа. т.с.с.), пішініне байланысты табиғи
материалдар жинақтау.
Қағазбен құрастыру.
Практикада кең тараған және сабақты ұйымдастыру барысы қарапайым
құрастыру түрі.
Балаларға қағазбен жұмыстың жалпыланған тәсілдері беріледі..
Осылайша құрастыру түрлерін жүйелі түрде үйрете отырып, оқу іс-
әрекетінің маңызды алғы шарттары қалыптастырылады: тапсырманы орындаудың
тиімді тәсілін табу, тапсырма шартын талдай отырып, осыған сәйкес өзінің іс-
әрекетін жоспарлау және бақылау, өз бетімен шешім қабылдай білу, басқа
балалармен бірлесе отырып, жалпы ырғақпен ұжымдық жұмыс орындау.
Қағазбен құрастыру кезеңдері.
Бірінші кезең: дайындалатын затты сипаттау, жұмыс тәртібін мазмұндау,
көркем сөз, ойын жағдайын қолдану.
Екінші кезең: бала алдына проблемалық жағдай туғызып, әрекетке кірісу.
Жаңа жұмыс әдіс, тәсілдерін түсіндіре отырып, өз тәжірибеңізді де қолдану.
Үшінші кезең: баланы өзіндік шығармашылық әрекетке бағыттау.
Құрастыруға үйрету әдістері мен тәсілдері.
Мектепалды дайындық топтарында құрастыру және қол еңбегі сабақтарында
балалардың түсініктері мен қиялына сүйенген, сөздік тапсырмаға немесе сует,
фотография, сызба бойынша орындауға негізделген әдіс, тәсілдер кеңінен
қолданылады. Сондықтан көбіне құрылыс тақырыбы ұсынылады. Балалар алдына
қойылған шарттар бойынша құрастырады.
Үлгілер көбіне балалар жұмыс істейтін материалдардан салынған
құрылыстардың суреттері, фотографиялары түрінде беріледі. Олар негізінен
үлгі ретінде ғана беріледі. әрине, кейбір жағдайда тәрбиеші құрастырған
үлгі де ұсынылуы мүмкін, бірақ бұл мысал осы жастағы балалар үшін қолдануға
келе бермейді.
Тапсырманы түсіндіру барысында тәрбиеші құрастырудың жаңа әдісінің
жекелеген тәсілін көрсетуі мүмкін.
Құрастыратын объекті туралы ұғымдарын тереңдету үшін алдын ала саяхат
ұйымдастырылып, әңгімелесу жүргізіледі. Әрбір саяхат келесі сабақта жүзеге
асатын нақты тапсырмаға бағытталуы керек.
Сабақ алдындағы әңгімелесу балалар білімін белсенділендіру әдістерінің
бірі болып табылады.
Практикалық сабақтарды жүргізу үшін тәрбиешілерге ұсыныстар.
Балаларды құрастыруға үйретудің табысты болуы үшін тәрбиеші алдымен өзі
қажетті білім, білік, дағдыға ие болуы керек, балалар қолданатын құрылыс
жиынтықтарымен таныс болып, бөлшектердің аттарын, құрылымдық қасиеттерін
білуі қажет, құрастырудың техникалық біліктерін меңгеріп, үлгіні, затты
талдай алуы тиіс.
Сонымен қатар тәрбиеші оқытудың барлық әдіс, тәсілдерін білуі керек:
тапсырманы қысқаша, түсінікті білу, құрылыс, ойыншық, бұйым жасау әдісін
барлық бала көретіндей дұрыс көрсете білу.
Сызба бойынша қағаздан бұйымдар жасағанда тәрбиеші сызбасы
балалардікінен үлкен болуы шарт.
Сабақтарда балалар өзіндік іс-әрекеттің барлық білімдерін, біліктерін
және дағдыларын алады (бала мектепке барарда нені білу керектігін қараңыз).
2.2 Қол еңбегі
Қол еңбегі жұмыстарын ұйымдастыру мақсаты - балалардың құрастыру
сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын қолдана білуге үйрету. Қол
еңбегі сабақтарының мазмұны қағаздан, табиғи және қалдық материалдардан
құрастыру сабақтарына ұқсас (әр түрлі қораптар, қуыршақтар жиһаздарын,
ойыншықтар дайындау). Осының арқасында сабақтарда берілген, кейін өзіндік
іс-әрекетінде қолданатын әр түрлі материалдармен практикалық біліктер мен
жұмыс тәсілдерін қолдана білу машығын бекіту жүзеге асырылады..
Қол еңбегі сабақтарын топтарда құрастырумен кезектестіре отырып, екі
аптада бір рет өткізеді.
Қол еңбегі сабақтарында тәрбиеші төмендегі міндеттерді анықтауы керек:
• еңбек әрекеті ережелерін сақтау, жұмыс кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету;
• ұқыптылық, тазалық, материалдарды үнемді жұмсау машықтарына баулу;
• логикалық ойлауын, жұмысқа қызығушылығын дамыту.
Қол еңбегі сабақтарындағы басты міндет, әр түрлі материалдармен жұмыс
істей білуге үйрету. Алдымен балаға дайындалатын нәрсені қандай материалдан
(қатты қағаз, қағаз, мата, поролон, мақта, табиғи материал, қалдық
материал, ағаш) жасау керектігін айту қажет. Содан кейін қажетті құрал
жабдықтарды таңдап алуға, үлгімен танысуға мүмкіндік беру, қайшымен,
шаблонмен жұмыс істеуді түсіндіру.
Үлгілермен, сызбалармен, суреттермен жұмыс істеуге баса назар
аударылады. Матамен жұмыс істегенде инемен жұмыс істеу тәсілдері (сабақтау,
түйіндеу) үйретіледі. Тәрбиешінің көмегімен балалар дайын материалдардан
инеге арналған жастық, желімдеу арқылы өрнекті кілемше жасай алады..
Матамен жұмыс кезінде балаларды бірнеше топтарға бөледі (3-4 баладан).
Бірінші топ тігумен айналысады, екінші топ қағазбен жұмыс жасайды
(шаблондар пішеді). Бітірген соңтоптар жұмыс түрлерін алмастырады. Бұл
әрекет барысында инемен жұмыс істеп отырған балалар үнемі назарда ұсталады.
Олар үнемі ересек адамның (тәрбиешінің, ата-ананың) бақылауында болуы тиіс.
Қол еңбегі баладан шыдамдылықты, орнықтылықты, сабырлылықты талап етеді.
Тігуге үйреткенде әрбір балаға жұмыс тәртібі мен ережесі жеке-жеке
түсіндіріледі.
Ұжымдық жұмыс кезінде, мысалы, үстел үстіндегі театрланған тақырыптық
сюжеттер дайындағанда, бір топ образдар (әртістер) үшін киімдер дайындайды,
екінші топ декорация жасайды, үшінші топ кейіпкерлерді безендіреді. Кейін
барлығының күшімен ойын қойылады. Барлық топ өз жұмыстарының жалпы
нәтижесін көріп, өз шығармашылығынан қанағат алып, қуанышқа бөленеді.
Қол еңбегіне қажетті құралдар болуы маңызды. Олар тазалық пен эстетика
талаптарына сай, қолдануға ыңғайлы, балалардың жас ерекшеліктеріне сай
болуы керек.
Қағазбен және картонмен жұмыс.
Балаларды қағазды әр бағытта бүктеуге, әр түлі қағаздарды пайдалануға,
шаблонның көмегімен белгілер салуға, қызықты ойыншықтар жасауға үйрету.
Қағаз негізін түсті жолақтармен бекітуге, ойыншықтарды, киім әшкейлерін,
мерекелік безендірулерді дайындауда түстер мен реңдерді таңдап алуға
үйрету.
Матамен жұмыс.
Балаларды инені сабақтауға, түйіндеуге, түйме, ілгіш тігуге, қарапайым
бұйымдарды "инені алға" жүргізу арқылы тіге білуге үйрету. Түрлі мата
қиындыларын пайдалана отырып құрақ жасауға, бордың көмегімен жиек жүргізіп,
ойластырылғған сюжетке сәйкес қиып алуға үйрету.
Табиғи материалдармен жұмыс.
Балаларды адамдардың, аңдар мен құстардың бейнесін бүршік, сүйек, шөп,
бұтақ т.б. табиғи материалдардан жасап үйрету, образдың дәлдігін жеткізіп,
композиция құра білуге үйрету. Жұмыс барысында қиялын дамыту.
Құрастыру және қол еңбегі сабақтарында материалдармен және құралдармен
жұмыс істегенде балаларды еңбек қауіпсіздігі мен жеке бастың тазалығына
үйрету керек.
Құрастыру және қол еңбегі сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
• қол еңбегінің кез-келген жұмысы тәрбиешінің немесе ата-ананың
рұқсатымен басталады;
• жұмыс орнын таңдау, дайындау және қажетті құралдарды ұқыпты қою;
• жұмысқа кірісерде жеңді түріп, алжапқыш байлап, шашты жинау керек;
• құралдарды, материалдарды (ине, түйме, балға, қайшы, т.б.) тақырыпқа
байланысты қолданылады;
• бұзылған құралдармен жұмыс істеуге тиым салынады;
• жұмыс орнында тазалық сақтау, қоқыс қалдырмау керек;
• жұмысты алаңдамай, ұқыпты орындау керек;
• жұмыс соңында жұмыс орнын және өзіңді ретке келтір;
• жарақат алған жағдайда тәрбиешіге немесе дәрігерге дереу хабарла.
• amp;#1178;айшымен жұмыс істеу ережесі:
• қайшыны белгілі бір жерде сақта (қорапшада, қобдида, т.б.);
• қайшыны қосылған түрінде ұста, үстелдің шетіне қойма.
• жұмыс барысында қайшының бағытына көңіл аударып отыр, сол қолыңның
саусақтарын абайла, қайшыны тік ұстама, жүріп келе жатып қайшыны
пайдаланба;
• қайшыны біреуге бергенде үшкір жағын біріктіре ұста.
Инемен жұмыс ережесі:
• инені белгілі бір жерде сақта;
• инені киімге түйреме, үстел үстінде қалдырма, аузыңа салма;
• тігу кезінде жіп түйінін аузыңа салма, жіпті тісіңмен қима, инені
біреуге тек сабақталған күйінде ғана бер;
• тот басқан инемен жұмыс істеме.
• Бізбен жұмыс ережесі:
• бізді тек қажетті жағдайда ғана қолдан;
• қатты, жылтыр беттерді бізбен тесуге әрекеттенбе;
• тесетін материалды қолыңа ұстама, үстел үстіне қойып тес.
Әр түрлі саймандармен жұмыс істеу ережесі.
Балғамен жұмыс істеу ережесі:
• балғамен бөлшектерді құрастыру верстакта немесе арнайы тіреу-
тақтайларда жүргізіледі;
• балғаны дұрыс ұста;
• балғамен жұмыс кезінде ара қашықтықты сақта.
Арамен жұмыс істеу ережесі:
• өңделетін материалдың верстакқа дұрыс бекітілуін тексер;
• ақауы жоқ арамен ғана жұмыс істе;
• араны дұрыс ұста;
• араны жұлқымай, ұқыпты да түзу ұста;
• сол қолыңды алыс ұста.
3. Еңбекке баулу жұмыстарын жобалау
Мектепалды дайындық бағдаламасы балалардың баму, ерік-жігері,еңбекке
дайындығы мақсаттарында тиімді жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл жерде
тәрбиеші басты роль атқарады. Тәрбие жұмысының нақты көлемін атқару үшін,
яғни балалардың еңбекке ынтасын, өзара көмегін ұйымдастыру, еңбек дағдылары
мен машықтарын, еңбекке оңды көзқарасты қалыптастыру үшін педагог өзі
шеберлік пен еңбек мәдениетіне ие болуы керек.
Педагогикалық еңбек мәдениеті ұғымына балармен уақытты үнемді пайдалану,
жұмысын дұрыс ұйымдастыру жатады. Ол үшін балалармен жұмысты жоспарлау
қажет.
Төмендегі жағдайларды атап өтейік:
1. Еңбек мақсатын көрсету (бала не істеу керек).
2. Ересектер міндетін айқындау (әрекетке үйрету, әрекеттер тізбектілігін
бекіту, жаттығу, еңбекке оңды көзқарас қалыптастыру, ерік-жігер, күш
жұмсай білу, жұмысты өз бетімен дұрыс істей білу, т.б.).
3. Бала еңбегін ұйымдастыруды ойластыру (өзіндік қызметке арналған
күнделікті жұмыс, ересектермен бірлескен жұмыс, тапсырмалар,
кезекшілік, бірлескен жұмыс, жалпы немесе ұжымдық жұмыс).
4. Білімдік және тәрбиелік мақсатты ашатын негізгі әдістемелік тәсілдерді
белгілеу (ересектің, баланың оңды үлгісі; әрекетті көрсету; оңды баға;
көмекке келуге тарту; еңбек процесіндегі педагогтың орны).
5. Жұмыс барысында балаға қажетті құралдарды көрсету.
6. Еңбекке баулуда жеке жұмысты белгілеу, қай баламен жүзеге асырылатынын
нақты көрсету.
Тәрбиеші балалармен жұмысын жоспарлайды: еңбек нәтижесін көре білу,
жұмыс атқарудың тиімді тәсілдерін таңдай білу, материалдар мен саймандарды
тиімді дұрыс таңдау және ұжымдық жұмыс түрінде міндеттерді дұрыс бөлу.
Ересектер жұмысына оңды көзқарас қалыптастыру жұмыстарын жоспарлаудың
жоспарлаудың маңызы зор.
Еңбекке баулу балалардың мектепке дейінгі мекемелерде болу уақытының
барлығында жүргізіледі. Бұл тәрбиешіге жұмысын тәуліктің әр мезгілінде,
таңертеңгі асқа дейін, серуен кезінде, кешкілікте (күндізгі ұйқыдан кейін)
жоспарлауға мүмкіндік береді. Күніне 2-3 рет еңбекке тәрбиелеуге назар
аударып, апталық жоспар жасау ұсынылады.
Анда-санда балалармен бүгін (кеше) қалай еңбектенгені, қай жұмыс қызықты
болды, неліктен қызықты болды, бірлесе жұмыс істеді ме, нәтижесі қандай,
айналаға еңбегімен қандай пайда әкелді деген сұрақтармен әңгімелер
ұйымдастырып отыру керек.
Балалармен ересектердің жұмысын жоспарлағанда тәрбиешінің ролін
(қатысушы, көмекші, кеңесші, ұйымдастырушы) айқын белгілеу керек.
Еңбекті жоспарлауға қойылатын талаптар оны ұйымдастырудың жалпы
жағдайларын - балалардың еңбек әрекетінде не белгіленіп, жүзеге асырылуы
керек екендігін ғана қамтыды.
Бір күн ішіндегі еңбекке баулу жұмыстарын жоспарлау үлгісі.
Таңертең. Гүлнарға сабынсауыттарға сабындарды салуды тапсыру, тәрбиешіге
көмекке шақыру, еңбекке сыйластық көзқарасқа тәрбиелеу.
Бірлескен жұмыс түрінде (тізбектеліп) асханадағы кезекшілік жұмысын
ұйымдастыру, қалай жасау керектігін көрсету, түсіндіру. Бірлесе жұмыс істей
білуге баулу, жалпы нәтижеге жауапкершілікке баулу.
Сабақта. Үй құрылысына саяхат.
Мақсаты: Котлован қазуды бақылау. Ғимарат негізін салу үшін котлован
қазылатындығы туралы ұғым беру. Эксковаторшы, жүргізушінің жұмысын,
жұмыстарының үндестігін бақылау, жалпы жұмыста жауапкершілік туралы
әңгімелеу. Құрылысшы мамандығына құрметпен қарауға баулу.
Сұрақтар: Адамдар не істеп жатыр? Котлован не үшін керек? Қанша адам
қазып жатыр? Неге бұл жұмысты бір адам істейді? Оның жұмысын не
жеңілдетеді? Эксковатор көмегімен жер қазып жатқан адамды қалай атайды?
Эксковаторшыға кім көмектесіп жатыр?
Әңгіме соңында тәрбиеші жалпылау жүргізеді.
Серуен. Гүлзарда жұмыс. Гүл өскіндерін жәшіктен гүлзарға отырғызу.
Өскіндерді қалай отырғызу керектігін көрсету. Өз қолымен қоршаған ортада
- учаскеде - әдемілік жасауға ұмтылуға тәрбиелеу. Қайраттың жұмысын
бақылап, жұмысты мұқият, дұрыс жүргізу керектігін есіне салу.
Кешкілікте. Үй құрылысына саяхат туралы әңгімені қолдап, құрылыс ойынын
ойнау. Құмалаңда қандай ойындар ойнауға болатындығын көрсету. Ойын
атрибуттарын енгізу.
Құрылысшылар еңбегі туралы ұғымды бекіту.
Ата-аналармен жұмыс. "Еңбек тәрбиесі мектепке дайындықтың бір нысаны"
тақырыбына жалпы ата-аналар жиналысын өткізу.
Жиналыста балалар жұмыстарының нәтижелерінен көрме ұйымдастыру.
3.1 Перспективалық жоспарлау үлгілері
Құрастыру бойынша перспективалық жоспар үлгісі
Ай Сабақ мазмұны Сабақтың Еңбек Жасаған
(тақырыбы) бағдарламалық іс-әрекетініңбұйымдардың
мазмұны мазмұны практикалық
(сабақтан қолданылу
тыс) мүмкіндігі, еңбек
іс-әрекетінің
мотивтері
Қыркүйек Адамдар Материалдар Көңілді Құмда, құрылыс
(бүршіктерден,қасиеттерімен хаюанаттар ойындары үшін.
сіріңке шилерітанысу: түрлі бағы: қоян, Бөбектерге,
мен ұшталған пішіндегі көкқұтан, достарына,
таяқтардан) бүршіктер, екігетышқан, ит, ата-аналарына
бөлуге болады, шошқа сыйлық
таяқшамен
түйреу; бұйымдар
жасауда
қолдануға
болады. Дайын
бұйымды талдауға
үйрету, адамның
шиді түйреу
бағытына
байланысты
жағдайларын беру
(адам отыр, тұр,
жүріп келеді,
басын иіп тұр)
Терезе, есік, Балаларды Жалаушалар, Бөбектер алаңын
дөңгелектері қағазды екіге, альбомдар, безендіруге
бар автобус төртке бүктеп, үйлер арналған
(қағазды шеттерін жалаушалар,ойын
дөңгедектерін,қылқалам ұшымен үшін: пароходты
терезелерін тегістеуге безендіру, сурет
жасау үшін үйрету. Жұмысқа альбомдары,
екіге, төртке қызығушылығын бөбектерге
бүктеу) арттырып, арналған
бүктеме-нәрселер альбомдар. "жолда
істеуге жүру ережелері"
қызығушылығын ойыны үшін үйлер
ояту.
Жалаушалар,
альбом істеуді
көрсету. Жұмыс
тізбектілігіне
үйрету
Қазан Себет Қағазды бүктеу, Қорапша, Сабаққа арналған
бүктемелерін арбаша, себетқораптар,
тегістеу машығын бөбектерге
бекіту, арналған
бүктемесі арбашалар, табиғи
бойынша қайшының метриалдарды
кең ауқымымен сақтауға арналған
қиюға үйрету. қораптар (үйеңкі
Пішімді талдауға тұқымдары,
үйрету (себеттің бүршіктер, т.б.)
түбін,
қабырғасын
табу).
Белгіленген
тізбектілік
бойынша жұмыс
істеуге үйрену
Сіріңке Дайын пішінмен Жиһаздар Қуыршақ бөлмесі
қорабынан жазуқұастыруға жасау: жиһаздарын жасау
үстелі үйрету. Қағаз орындық, (өздері үшін және
жапсырылған жұқадиван, бөбектер үшін).
картон кресло, Бұйымдар жасау
қасиеттерімен керует, тақырыптарын
танысып, жұмыс трюмо, кітап ойлап табу,
істеу; қорапшанышкафы, т.б. сурет, үлгіні
желімсіз талдай білуге
бекітуге болады. үйрету
Бұйымды жасау
үшін ойыншықты
қарап, қанша
қорапша
керектігін,
қалай желімдеп,
қалай бекіту
керектігін
анықтау.
Қораппен жұмыс
істеуге
қызықтырып,
басқа да
бұйымдар істеуге
баулу
Қараша Бір қабатты үйҚағазды бүктеу, Екі, үш Топта немесе
бүктемелерін қабатты үй, бөбектермен
тегістеу машығынавтобус "көше" ойынын
бекіту, (трамвай, ойнауға
бүктемесі троллейбус)
бойынша қайшының
кең ауқымымен
қиюға үйрету.
Пішімді
талдауға,
тізбектілікпен
жұмыс істеуге
үйрету.
Бөлшектерді
қалай қиып,
бекітуге
байланысты әр
түрлі бұйымдар
шығатынын
көрсету. Оларды
жасауға
ынталандыру
Ағаштар Қағазды қабаттапШыршалар, Ойыншық көшені
бүктеп, бірнеше қайыңдар, көгалдандыру,
бірдей пішіндер т.б. қатты дуалдар жасау;
қиып алуға тағанға топқа және
үйрету. Қағаз орнатылған бөбектере
еніне бұйымның ағаштар ойыншықтар жасау
биіктігінің (бұйымдар
тәуелділігін тағандарға
көрсету орнатылған
дұрыс),
дуалдар
Желтоқ-саЕртегідегі үй Дайын бұйымды 3-4 жақты Жаңа жыл
н талдауға, қандайшырағдандар, шыршасына
қағаз ертегі (достарына,
бөліктерінен үйлері, бөбектерге,
тұратындығые бүктемелі үйдегі шыршаға)
анықтауға, өз қағаз ойыншықтар
бетімен пішімдергирляндлері дайындау
дайындауға, оны
безендіріп, үй
жасауға үйрету
Ай Сабақ Сабақтың Еңбек Жасаған
мазмұны бағдарламалық іс-әрекетінің бұйымдардың
(тақырыбы) мазмұны мазмұны практикалық
(сабақтан қолданылу
тыс) мүмкіндігі, еңбек
іс-әрекетінің
мотивтері
Жылқы Дайын пішіннен Ит, есек, Өз тобында немесе
(сіріңке құрастыруға керік, зебра, бөбектер үшін
қорабынан) үйрету. піл, киік, "хаюанаттар бағы"
Қорапшаларды қасқыр, арқар ойыны үшін; үстел
бекітуді еске т.б. театры үшін
түсіру, дайын ("Қолғап" немесе
ойыншықты талдай "Теремок"
білу, жануарлардың ертегілері),
ерекшеліктерін досына сыйлық
(құлағы, құрығы,
көздері) беру үшін
қағаз бөлшектерді
пайдалану
ҚаңтарШаршы Қағазбен жұмыс Көліктер, Көшеге арналған
пішінді істеудің негізгі үйлер ойыншықтар
қағаздан принциптерін еске жағдайын талдау,
ойыншықтар түсіру (бүктеу көшені жаңа
арқылы тең көліктермен,
бөліктерге бөлу). үйлермен,
Ойлап табу, ойлап өрнектермен
тапқанын жүзеге жаңартуға
асыру, бұйымды ынталандыру.
безендіру Бөбектер мен үйде
ойнауға ойыншықтар
жасау.
Қорапша Сызба және оның Пирамидалар; Бөбектерге ойыншық
(сызба белгіленулерімен текшелер жасау- текшелер.
бойынша) таныстыру: тұтас (сызба Әрбір жиынтық әр
сызық - қию - үзікбойынша) түрлі
сызық - бүктеу; безендіріледі.
штрихталған - Мысалы, бір
желім жағуға. жиынтық түстерді
Жартылай картонмен ажыратуға үйретуге
жұмысқа үйрету (ол арналған түрлі
қағазға қарағанда түсті текшелерден;
тығыз, бүктеу үшін екіншісі - түрлі
қайшымен сызып алу геометриялық
керек) пішіндерден.
Үшіншісі - киім
немесе ыдыстар
Ақпан Арнайы жүк Сіріңке Жүк машинасы, "Көше қозғалысы",
машинасы қораптарымен жұмысавтоцистерна, "Темір жол"
машығын жетілдіру,танк, паровоз ойындары және
қажетті қосымша бөбектер үшін
материалдарды
қолдана отырып
көліктер жасау
(астауы үшін
қағаз, жартылай
картон-дөңгелегі).
Жұмыр денеге орай
отырып, цилиндр
жасау ( "Сүт"
машинасы үшін)
Қақпағы бар Қарапайым сызбаменСызбамен 8 наурыз
қорапша жұмыс машығын, жұмыс: мерекесіне
(сызба белгілеулерді қорапшалар, мамасына сыйлық
бойынша) бекіту. гараждар. (сабақта
Белгілеулер Сіріңке дайындалған
сызбаны түсінуге, қорабынан - қораптарды
ойыншық жасауға көлік безендіру, нашар
қажеттілігін атап болып шықса,
өту. Жартылай қайтадан жасау).
картонды бүктеу Ұлдар қыздарға
машығын жетілдіру қораптар сыйлайды.
Ойындарға арналған
бұйымдар
НаурызИт (қағаз Қағаз цилиндрлер Аю, түлкі, "Үш аю" ертегісіне
цилиндрлер) жасауға үйрету. мысық, қоян үстел театры
Дайын бұйымды т.б. Сызба немесе "Екі сараң
талдау, бойынша қағаз қонжық", "Түлкі
бөлшектерді қай ойыншықтар, мен қоян"
қағаз бөліктеріненсіріңке композициялары
жасау керектігін қораптарынан үшін, бірнеше
анықтау. жиһаздар жасаужинақ жасауға
Бөлшектерді болады
бекіту, (бөбектерге,
жануарлардың достарына, үйде
ерекшеліктерін ойнауға, топта
бере білуге үйрету ойнауға)
Қыз Дөңгелекті Телпек, Ауада ойнауға
-матрешка диаметрі бойынша парашют, (парашют,
(қағаз) бөлу, жарты матрешкалар, айналғыш),
дөңгелектен конус қыздар, ұлдар,жолдасының туған
құрау, бөлшектердіүйректер, күніне сыйлық,
бекіту, дайын (сызба топты безендіру.
бұйымды талдау, бойынша) Үстел театры
жеке бөліктерінің жабдықтарын
қандай толықтыру
бөлшектерден
тұратынын анықтау
Сәуір Қораз Дөңгелектен Үйрек, тышқан,Үстел театры
(қағаздан) ойыншық жасау түлкі, апа, жабдықтарын
машығын бекіту ата, толықтыру (өзінің
(конус негізінде) "Жайлауда" және бөбектердің),
, бөлшектерімен ойынына ертегілер бойынша
толықтыру кейіпкерлер композиция құру;
достарына
сыйлықтар
Ай Сабақ мазмұны Сабақтың Еңбек Жасаған
(тақырыбы) бағдарламалық іс-әрекетінібұйымдардың
мазмұны ң мазмұны практикалық
(сабақтан қолданылу
тыс) мүмкіндігі, еңбек
іс-әрекетінің
мотивтері
Мамыр Сіріңке Сіріңке қорабынан Жануарлар: "Түлкі, қоян және
қорабынан не жасауға болатыныкірпі, қораз", "Доктор
бұйым жасау еске түсіру; ойлап тышқан, Айболит"
(ойдан)Қайық табу, материалдардықоңыз, ертегілеріне.
(жаңғақ, таңдау Материалдың тасбақа, Достары мен
қағаз)Жапалақ жаңа түрімен т.б. ата-аналарына
(бүршіктер) таныстыру, Оларды қайықтар сыйлықҚұм мен
ермексазбен, "флоты" сумен ойын үшін
желіммен бекіту Пингвин, (өзінің және кіші
әдістері; қағаз бенқарт топ үшін), досына
өсімдіктер тұқымын орманшы, сыйлық "Ақылды
пайдалану қораз, тышқан туралы
Қасиеттерімен көкқұтан ертегі", "Әтеш пен
танысу: әр пішінді тауықтар",
бүршіктер, оларды "Полюсте", "Қарт
бізбен тесіп, орманшы"
біріктіреді. композициясын құру
Бүршіктерді
пайдаланып,
жануарлар, адамдар
жасауға болады.
Қосымша материалдар
қолдану (қағаз,
сым, үйеңкі тұқымы)
Тақырыбы Мақсаты Материал
Балға Ағашпен жұмыс істегендегі Ағаш білеуше,
тықылдайды қауіпсіздік техникасымен таныстыру,балғалар, шегелер.
білеушеге шегені дұрыс қағу, көз
мөлшерін дамыту (шегені бірқалыпты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz