Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау

МАЗМҰНЫ :

I . Кіріспе

I . Тарау

Баланың мектепке психологиялық дайындығының бағыттары мен көрсеткіштері .

  1. Баланың мектепке оқуға дайындығының теориялық негіздері
  2. Оқушыны психологиялық -педагогикалық зерттеудің ұстанымдары мен әдістері .

I . Тарау тұжырымы

II Тарау .

Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық .

2. 1. Бала дайындығының жалпы мәселелері .

2. 2. Баланың мектепке бейімделуі .

2. 3. Баланың мектепке даярлығын анықтау.

2. 4. Мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнындағы

«Сараптама баға » әдісінің тиімділігі жайлы .

II-Тарау тұжырымы.

III -Тарау .

Коррекциялық- дамытушылық жұмыстар .

3. 1. Ес процесінің кемшіліктерін түзетіп дамытуға арналған жаттығулар.

3. 2. Зейін кемшіліктерін түзетіп дамытуға арналған жаттығулар .

3. 3. Қиял кемшіліктерін түзетіп дамытуға арналған жаттығулар .

III Тарау тұжырымы .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі : Замана талабына сәйкес . Ұлттық мемлекеттің білім беру саласындағы стандарттық талапқа сай, оқыту бағдарламасының мазмұндылығы, көкейкестілігі жан-жақты білім беру, жаңаша оқыту технологиясын игеруге дайындық баланы белсенділік ұйымдастырушылық, көщбасшылыққа бейімдеу әлемдік деңгейде қарым-қатынасқа дайындау . Өскелең ұрпаққа заман талабына сай білім беру ата-аналарға жауапты іс жүктелді. Баланы психологиялық дайындау бағдарламасы ұсынылып, оны жүзеге асыру жолдары қарастырылды .

Тақырыпты таңдауда қазіргі кезеңдегі оқу ағарту саласының талаптарына сай мектепте оқыту жүйесінің ерекшелігіне қарай баланы мектепке оқуға психологиялық тұрғыда дайындау біздің қоғамымыздың басты мәселесі екенін ескере отырып оқыту бағдарламасының өзгешеліктері ғылыми жаңалықта, мектеп бағдарламасының күрделенүі қоғамның тарихи даму жағдайлары ескерілді.

Диплом жұмысын орындау барысында қолға алынған мәселелер баланың мектепке оқуға бейімделуі, мектеп туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру мектептегі оқу тәрбие жұмысына қызықтырып, мектептегі іс - шаралармен алдын ала таныстыру ашық есік кұні, алғашқы, соңғы қонырау мектеппен қоштасуға мектепке баратын баланы қатыстырып баланы қатыстырып мектептегі іс шара жетістіктерімен таныстыру мектеп пен бала бақша бағдарламасының сабақтастығын ғылыми тұрғыда дәлелдеу осы жұмыстың құндылығы.

Психологиялық дайындық жоспарын алдын ала құрып ата аналар тәрбиешілермен тақырыпқа сай кенес семинарлар өткізіп мектепке жан жақты дайын баланың оқу үлгерімі жоғары болатындығын ескеріп қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтіп, өзін өзі бағалау өзіне - өзі қызмет ету таным процестерін дамыту психикасының даму деңгейін айқындау. Фонемалық есту түйсігін тексеру таным процестерінің дайындығы, ақыл -ой белсендегі, өзінің даму деңгейін қадағалау, сөздік қоры қысқа мерзімді еске сақтау, ойлауы мінез құлқы зерттеледі.

Ал осы психологиялық - педагогикалық анықтау жұмысының қажеттілігі 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында экспериментке байланысты туындап отыр.

Зерттеу мақсаты:

Мектепке дейінгілердің мектепте оқуға психлолгиялық дайындығын анықтау.

Зерттеу міндеттері :

1. Баланың мектепке психологиялық дайындығының теориялық негіздерін талдау,

2. Бала дайындығын сәйкесті әдістемелер арқылы анықтау,

3. Бала дайындығын жетілдіретін түзету жұмыстарын жүргізу

Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балалар

Зерттеу пәні : Мектепке дейінгілердің психологиялық дайындығы .

Зерттеу әдістері:

Зерттеу мақсатына жету үшін баланың жеке даму деңгейі мен оқуға психологиялық дайындайтын айқындығын мынадай әдістемелер

-Керн-Йерасектің төрт субтестен тұратын баланың мектепте дайындығын бағдарлау тестісі:

-Ой өрісінің даму деңгейін анықтайтын тест

-Оқу әрекетінің алғашқы деңгейін анықтауға арналған тест «графикалық бақылау» жұмысы.

-Логикалық ойлауын анықтауға арналған семинар жиынтығы

-Қол бұлшық еттерінің даму деңгейін анықтау, дамыту жаттығулары.

-Мінез-құлықты анықтау.

-Жоғарғы жүйке әрекетінің ерекшелігін анықтау.

Зерттеу болжамы:

Баланың мектепке психологиялық дайындығын тексеру арқылы дайындық кемшіліктерін анықтап, түзету жұмыстары арқылы қажетті деңгейге жеткізуге болады.

Зерттеу базасы: №168 орта мектеп.

I . Тарау Баланың мектепке психологиялық дайындығының бағыттары мен көрсеткіштері .

1. 1. Баланың мектепке оқуға дайындығының теориялық негіздері

Жас ерекшелігі мәселелері барлық балалар психологиясының ортақ мүддесі сонымен қатар барлық тәжірибелердің кілті. Бұл мәселе сәбидің даму ерекшеліктерімен тікелей және тығыз байланысты. Даму диогностикасы деп әдетте бақылаушы сәбидің шынайы даму деңгейінің зерттеу тәсілдерінің жүйесін айтады. Дамудың шынайы деңгейі сәбидің дәл, қаз - қалпындағы жағдайымен анықталады. Сәбидің құжаттарындағы жасы оның шынайы даму деңгейінің критериі еместігі бізге мәлім. Сол себепті сәби дамуының шынайы деңгейін анықтау әрқашан арнаулы зерттеуді қажет етеді.

Дамудың шынайы деңгейін анықтау - баланы оқыту мен
тәрбиелеудегі барлық сұрақтардың шешілуінін, маңызды және
қажетті мақсат - міндеттерінің бірі. Бала жастағы

симптоматологияны оқып үйрену арқылы біз баланьң дәл қазіргі даму процесінін, қай кезенде өтіп жатқанын біле аламыз.

Қандай да бір жастағы немесе топтағы симптомдарды зерттеу және оларды дәл сандарын өлшеу диагнозды белгілей алмайды. Гезеллдің айтуынша өлшем мен диагноздың арасында үлкен айырмашылық бар. Табылған симптомның мәні мен мағынасы ашылған жағдайда ғана диагнозға келе алады.

Даму диагностикасының алдына қойған міндеті, бала
дамуының салдарын, сонымен қатар әр жастағы барлық

ерекшеліктерді, кезеңдер мен сатыларды, барлық қалыпты және аномальды дамудың барлық структурасы мен динамикасын терең және кең зерттегенде барып анықталуы мүмкін. Осылайша шынайы даму деңгейін өзінше анықтау және сәбидің құжаттағы жасы мен стандартты жасының айырмашылығы немесе олардың ара қатынасы, даму диагностикасына апаратын алғашқы қадам болып табылады. Шындығына келсек, шынайы даму деңгейін анықтау

барлық даму картиналарын түгел, тауыспай, оның азғана бөлігін қамтиды. Шынайы даму деңгейін анықтау кезіндегі барлық симптомдардан біз тек жалпы даму картинасының белгілі бөлігін ғана анықтай аламыз. Мысалы, біз салмақ, бой және басқа да физикалық дамудың көрсеткіштерін анықтаймыз. Бұл дамудың соңғы жетістігінің нәтижесі, қорытындысы. Бұл симптомдар қандай жағдайда болғанын көрсетеді. Дамудың өткен жағдайын білу - оның қазіргі және келешектегі жағдайын бағдарлауға мүмкіндік туғызады, бірақта бұл жеткіліксіз. Бағдарлап айтқанда біз дамудың тек қана жемісін аныктаймыз. Бірақ, дамудың негізгі зандылықтары дегеніміз - тұлғаның жекелеген жақтарыньщ әрқилылығы. Қазіргі жағдайда дамудың бір процесі жемісін беріп, өз циклін аяқтаса, екіншісі бір процесі әлі пісіп - жетілу сатысында тұр. Дамудың нағыз диагнозы тек дамудың аяқталған циклін ғана емес, пісіп - жетілу процесіндегі түрін де қамтуы тиіс. Бұл дегеніміз өнім алу кезіндегі бағбан сияқты, ол егер ағаштың жағдайына қарамай піскен жемісті санап, соған масаттанса онда дұрыс болмаған болар еді. Психолог жетілушіні толық анықтамай, жетілгеннің қатарына қоса салатын болса онда ол ешқашан нағыз шынайылыққа қол жеткізбейді.

Пісіп - жетілу процесінің периодында тұрған, бірақ күні бүгінге дейін жетілмегенді анықтау даму диагнотикасының екінші міндетін құрайды. Бүл міндет жақын арадағы даму зонасыньщ табылуымен шешіледі.

Бұл дегеніміз, бүгінгі әлдекімнің басқаруымен, қадағалауымен жұмыс істейтін бала, ертеңгі күні ол міндетті өздігінен орындайды. Бұл тағы да баланың бірлескен еңбек үстіндегі мүмкіндігінің қандай екенін біле отырып біз оның интеллектуалдық функциясының пісіп жетілуінің қай деңгейде өтіп жатқанын біле аламыз. Осылайша баланың өз еңбектену мүмкіндігін зерттеу арқылы біз кешегі күннен дамуды байқаймыз.

Баланың бірлескен еңбек мүкіндігінен оның ертеңгі күнге дамығанын көреміз. Бүл диагностикалық принциптің теориялық мәні ақыл - ойдың даму процесін анықтайтын генетикалық, ішкі каузхальды - динамикалық байланыстарға бойлауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылып кеткендей, әлеуметтік орта - адамның ерекше тұлғалық қасиетінің пайда болу көзі.

Баланың ішкі жеке тұлғалық қасиеті өзге адамдармен әріптестік кезінде сипатталады. Біз жақын арадағы даму зонасын анықтау үшін әріптестік принципін қолданғанда барлық ақыл -ойын дәл жетілуін анықтауға тікелей мүмкіндік аламыз.

Дамудың өзекті деңгейін және жақын арадағы даму зонасын
анықтау нормативті жас диагностикасын құрайды. Оның міндеті -
көрсетілген дамуды жастағы ереже, немесе стандарттың көмегін
айқындау. Сыртқы белгілердің орнауына сүйенетін симптоматикалық
диагностикаға қарағанда дамудың ішкі жағдайын анықтауға
талпынатын диагностиканы медицина ғылымында клиникалық
диагностика деп атайды. Дамудың барлық ғылыми

диагностикасының жалпы принципі симптоматикалық

диагностикадан өту болып табылады. Даму диагностикасы -объективті ережелердің көмегімен зерттеудің салыстырмалы формасы.

Егер біз даму симптомдарын анықтаумен шектелсек онда біз ешқашан таза эмпирикалық констатирлеудің аясынан шыға алмаймыз, тек бүл симптомдарды анықтаймыз. Бірақ біз баланың даму құбылысын ешқашан түсіндіріп бере алмаймыз, болашақтағы даму жолын да көрсете алмаймыз. Осындай мәні төмен даму диагнозын медицинаның кейбір диагноздарымен салыстыра аламыз. Мысалы: сырқат дәрігерге өзінің жөтелетінін айтып шағымданады, дәрігер диагноз қояды: ауру - жөтел. Бұндай шын мәніндегі бос диагноз сырқат тағдырына ешқандай тәжірибелік кеңес бере алмайды. Нағыз диагноз түсінік, болжаммен қатар ғылыми дәйектелген тәжірибелік белгілемелерді беру керек.

Психологиядағы симптоматикалық диагнозда дәл осылай. Егер кеңеске баланы ақыл ойының нашар дамуы, нашар ойлап, нашар есте сақтауы шағымымен әкелсе, психолог зерттеуден кейін диагноз қояды: ақыл - ой дамуының төменгі коэфициенті - ақыл ой кемістігі, бүл «жөтел» деп диагноз қойған дәрігер секілді ешқандай көмек беріп, ештеңеніде жақсарта алмайды.

диагностикалық әдістемелердің типтеріне тәуелді өзгереді. Иә, интеллектінің жеке тестерін дұрыс пайдалану үшін және тұлғалық тестердің көпшілігінде интенсивті оқытудын, ұзақ кезеңі талап етіледі, сол сәтте тестілеу сияқты оқу және кәсіби жұмыстардың табысына жету үшін аз ғана арнайы психологиялық дайындық керек. Тағы бір айта кететін жайт, оқу тестілеуіне қатысатын студенттер басқа адамдардың диагностикалық зерттеулер жүргізетініне дайын болмай шығады.

Ешқандай асырып айтусыз, бала дамуымен байланысты барлық тәжірибелік жағдаяттар даму диагностикасын қажет етеді. Даму диагностикасын әртүрлі психологиялық міндеттерді шешуге пайдалану нақты білім мен ізденістерді талап етеді.

1. 1 Баланың мектепте оқуға дайындығының теориялық негіздері

Психологиялық тестерді дұрыс пайдалану үшін қазіргі кезде зерттеуші мен әдіскер жиі қадағаланады:

а) әдістеме негізі;

б) олардың бағалары;

в) нәтижелердің кейіннен пайдалануы. Диагностика әдістемелерінің пайдаланылуы мен сұрақтардьң таралуы біздің елімізде әдеп стандарттарының үлкен бөлігін немесе кәсіби этиканың кодекстерін басқа елдерде, әсіресе, Америкада тәжірибеден өткендегі сияқты
құру керек. Кәсіби этика кодексінде психолог - диагност адамзат пен құқық қорғау және жекелеген индивидтердің амандығын ғылымның дамуы арасындағы қатынастары сияқты болуы мүмкін құндылық тартыстарына ерекше көңіл бөлуі керек. Батыс психологиясында нақты шешімі танылған психодиягностика аймағымен байланысты негізгі этикалық мәселелерді қарастырайық.

Диагностикалық әдістемелерді тек квалификациялы сарапшы пайдалануына деген талап индивидтіның бұрыс пайдаланымдарынан қорғаудағы бірінші қадамы болып саналады. Әрине қажетті мамандықта талап ететін Жақсы дайындығы бар психолог - диагност өзінің жеке мақсатына сай келетін, соның көмегімен диагноз қоюға болатын әдістемелерді таңдауы тиіс. Сонымен қатар онда таңдалып алынған әдістемеге қатысты ғылыми әдебиеттерді білуі және техникалық параметрлерді бағалау қабілеті болуы керек.

Диагностілеудің нәтижелері көбінесе оның өту шарттарынан сезіледі. Сондықтан психодиагност қорытындыға келеді немесе оны тек диагностикалық бағалауларды қарастырып болғаннан кейін ғана кепілдеме бере алады. Ең бастысы ол алынған бағалауларға қатысты бұрыс қорытындылар шығарудан сақтайтын, адам туралы ғылымнан хабардар болуы керек.

Мінез - құлық туралы дұрыс емес пайымдаулар және зерттеудің мақсаты, сол сияқты диагностикалық нәтижелердің бұрыс иртерпретациялары көптеген кең тараған қателіктер мен психологиялық диагностикаға айтылған сыни ескертулердің негізінде жатады.

Бұдан басқа психологиялық білімдердің ұлғайғыш

қиындықтары психологияда маманданудың күшеюіне әкеледі. Бұл процесте шетелдік мамандар психологиялық тест бойынша барлық назарларын тесттің техникалық жетілдіруіне аударуда және педагогика, балалар психологиясы, генетика психология сияқты ғылым салаларымен байланыс орнатуды көздейді. Алайда тест бағаларын психика аумағына қатысты білімдерді саралай отырып қою керек.

Мамандалған психолог - диагност деп кімді атаймыз? Зерттеу аймағының әрқилығына байланысты дайындыққа мамандандыруда бір де бір психолог бірдей жан - жақты мамандана алмайды. Осы дәлелді мойындай отырып, практикалық психологияның негізін талдай келе психологтар психолог өз әдістерін жетік білуі және өз кызметін ешкімге ұсынбауы, сол сияқты кәсіби стандартқа сай келмейтін техниканы пайдаланбауы тиіс деп есептеді. Бұдан басқа Батыста ғылыми жүйеде және мекемелерде жұмыс істеуші психологтардың айырмасы барлығын дәлелдеген.

Тәуелсіз психолог - тәжірибеші маманданған кәсіби әріптесінің ой -пікірі мен бағалауына тәуелді бола бермейді, керісінше, мекемеде қызмет етуші психолог Америка психологтар ассоцациясының отырысында кәсіби квалификация талаптарына сай жауап беруі тиіс. Бұл психологтар білімін сарапқа салуда әділ шешім болып табылады.

Пайдалы батыстық тәжірибе кәсіби норманы көтеру жәые маманданған психологтардың тұрғындарды психологиялық зерттеудегі сапаның жоғарылауы сияқты нәрселерден тұрады. Үздік психологтарға лицензия мен куәлік беріледі.

1. 2 ОҚУШЫНЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Диагностика әдістемелерінің пайдалану және таралу құқы
арнайы маман тұлғаның еншісінде болуы керек. Бірақ бүгінгі танда
оң болуы да мүмкін. Американдық психологтар әдістеменің таралуы
тапсырыспен болуы керек және оньң дұрыс пайдалануын өз
жауапкершілігіне алған психолог - мұғалімнің қолымен бекітілуі тиіс
деп есептейді. Батыстық этикалық кодекстерде психологтарға
диагностикалық шектеу ұсынады. Бұл
шектеу екі мақсатты есепке алады: әдістеме мазмұнының
қисынсыздығы мен оны дұрыс пайдаланбау. Бұл әдіске қол жеткізу
кәсіби қызығушылығы басым, оны дұрыс пайдалануға кепілдік
беретін адамдарға шектелу керек. пайдалануға бейім тұлғаларға
беріледі. Басқа кәсіби міндеттер психологиялық әдістемелердің
авторларымен және өндеушілерімен, сол сияқты баспалармен
бірлесе сатылуымен байланыста болуы тиіс. Объективті

негіздерсіз жасалған қандай да бір арыздар бұрыс болып есептеледі.

Әдістемелерді жалпыға бірдей күні бұрын беруге

болмайды. Егер ол басында зерттеу мақсатында таралса да, таралымның шектелуін ескеру керек. Диагностикалық әдістердің авторы мен баспаның міндеті жиі тексеру және ескерудің

тоқтату үшін қайта стандарттау болып табылады.

Әдістеменің ескеру жылдамдығы өту әртүрлі және оның
мазмұнына тәуелді. Әдістемені және оның негізгі бөліктерін
газет, журнал немесе сипаттау мақсатында танымал брошюра
беттеріне жариялуға болмайды. Белгілі американдық тестолог
А. Анастази осындай жағдайда өзіндік бағалау әдістеменің

пайдасыздғын мойындау сияқты ірі қателіктерге әкеледі.

Бұдан басқа Батыстағы кең тараған бірақ кәсіби талаптарға сай емес қайраткерліктің түрі сырттай пошта бойынша тестілеу. Пошта арқылы салынған тест бланкілерінің көмегімен индивидтің орындаған қандай да бір тест жауабынан қабілетті немесе түлғаны дүрыс бағалау мүмкін емес. Осындай амал тест шарттарының, орындалуын қамтамасыз етпейді. Демек, бүндай жағдайда тест нәтижелері пайдасыз болуы мүмкін.

Тұлғалық тестілердің пайдалануымен байланысты туындаған сүрақтардың ерекшеліктері түлғаның қүпиялығына қатысты. Кейбір тестілер шын мәнінде эмощюналды жэне мотивациялы ерекшеліктерді ашқанмен, субъектіге тест барысында осындай сипаттарды жарыққа шығара алатыны айтылмайды.

Зерттеудің тиімділігі үшін зерттелушіні арнайы әдіспен тексерген дүрыс. Егер зерттеу қоғамның немесе қандай да бір мекеменің қызығушылығымен өтсе, зертелушіні оның бағасының қалай пайдаланатыны жөнінен толық хабардар болуы керек. Сонымен қатар оған дүрыс қойылған баға зерттелушінің езіне тиімді екенін ескерткен де жөн. Клиникадан немесе кеңеспен алыңған диагностикалық нәтижелер, егер клиент өз келісімін бермесе, ол мекеменің мүддесіне қабылданбайды.

Зерттеудің мақсаты қандай да болмасын түлға қүпиясының сақталуы А. Анастазидің пікірінше екі маңызды түсініктерді қалыптастырады; ремванттық және хабарландрылған келісім. Индивид жеткізген ақпарат диагнотілеу мақсатына сәйкес келуі тиіс. Қүпияны сақтау мәселесі сияқты конфиденциалдық шетелдік психодиагносттарды толғандырады. Оңың көп жағы бар.

Кәзіргі уақытта индивидтердің өз зерттеулерінің нәтижелеріне қол жеткізу құқы бар. Окушыларға бағытталған құпиялық зерттеулердің әдепті сұрақтарының бірі оқушылардың тестілеу нәтижелерін ата аналарына айту, бірақ зерттеушілер алдын ала болжағанды дұрыс көреді. Бұдан басқа кейбір жағдайларда мектепте оқушының үлгермеуі немесе эмоционалды сипаттың қиындауы жағдайды қиындатуы мүмкін. Осындай жағдайда кеңесші байланыс, психолог пен ата ананың қарым қатынасы алынған нәтижелердің мәнін анықтаудың алғы шарты. Егер зерттеу мекемеде өтсе, индивид аддын ала оның мақсаты туралы хабар алып, оның нәтижелерінің қалай пайдаланылатынын көреміз.

Адамдардан диагностикалық нәтижелер сұрағанда

әртүрлі жағдайлар туындап жатады, мысалы, болашақ жүмыс беруші немесе колледж индивидтен мектепке жүргізілген тестілердің көрсеткіштерін көрсетуді талап етеді. Бүндай жағдайда керсеткіштерді алу жөнінде индивидтің келісімін алу керек. Бүл клиникадағы немесе кеңес беруші орындардағы зерттеулерге, сол сияқты зерттеу мақсатындағы тестілеулерге де қатысты. Енді, мекемелердегі диагностикалық көрсеткіштердің сақталуына қатысты мәселелерге тоқталайық. Бір жағынан алып қарасақ, үзақ уақыт бойы сақталған және алынған индивид туралы көрсеткіштер зерттеу мақсатында пайдалы болып қоймай индивидті дұрыс түсініп, кеңес беру үшін қолайлы. Егер көрсеткіштер индивидтің мүддесіне үзақ уақыт пайдалнуға алынса немесе олардың дүрыс пайдаланылмауын тоқтату жөніндегі ғылыми мақсат үшін алынған болса, оған қол жеткізу де төтенше қатаң бақылауда болуы керек.

Психологтар пайдалануға жарамды зерттеу формалаындағы зерттеу нәтижилерін қалай хабарлауды жиі ойлайды. Ақпаратты қалай қабылдаса солай жеткізуге болмайды. Оларды кәсіби психологтардың көмегімен астарлап, түсіндіре жеткізген жөн. Мысалы, ата аналарға балаларының тест бағаларын айту үшін мектепке жиналыс ұйымдастыру мақсат етіледі. Онда мектеп психологы алынған нәтижелердің қорытындысымен таныстырады.
Содан кейін ата аналарға балалары туралы мәлімет беріледі
және ата аналардан нақты түсінік беру талап етіледі. Тест
көрсеткіштері қандай түрде хабарланбасын соның көмегімен
орындалу деңгейін суреттеуге қол жеткізіледі. Нәтижелерді
хабарлауда мұғалім администраторы немесе басқа да тұлғалар
байқампаздықты қатты ескергені дұрыс. Кез келген

диагностикалық әдістердің нәтижелерін хабарлауда сол адамның қабілеті, ерекшеліктері жөнінде мінезделген ақпарат беруді есте ұстау керек. Бұл оның оқу деңгейіне ғана қатысты емес, сол сияқты психология мен тесталогиядан алған біліміне және ақпаратқа деген эмоционалды реакциясына да қатысты.

Соңғы, маңызды мәселе зерттеу нәтижелерін индивидтің жас ерекшелігіне қарамай тікелей өзіне хабарлау.

Мұндай жағдайда да бұрыс интерпретацияға қарсы

қауіпсіздік шаралары қарастырылады. Алайда мұнда ақпаратқа индивидуалды, эмоционалды реакция ерекше маңызды, егер индивид өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін зерттеумен шұғылданып жүрсе.

Индивидке оның диагностикалық нәтижелеерін

хабарлағанда психолог жекеше кеңеске қолайлы мүмкіндік жасау керек. Мысалы колледж студенті мектептік тесттерді нашар орындағанын біліп, қатты мазасызданып, ойлануы мүмкін. Түлғаық дамудың бүзылуы егер сырқат индивидке түлғалық тест бойынша оның бағасын хабарлау кезінде үдеуі мүмкін. Осындай зиянды әрекеттер бағаның дүрыс бүрыстығына қатыссыз. Зерттеу мүқият өткен жағдайда да олардың білімі оларды мүмкіндіксіз талқыласа ары қарай индивид үшін зиянды болуы мүмкін.

Шетелдік психодиагносттардын. әдептілік стандартта көтерген негізгі мәселесі осындай. Олардың шешу мүмкіндітері кәсіби этика нормаларын қүруға бағытталған алғашқы қадамды жасаушы отандық психологиялық диагностика үшін пайдалы болуы мүмкін.

Психолог жеке адам қүндылығын оқып үйренуге бар білімін сарп етуі керек. Ол адамдарды түсінуді өзіне міндет етіп алады. Міндетке ала отырып, оның көмегіне зәру адамдардың амандығын тілейді. Өзінен диагностикалық зерттеу мүмкіндігін сүрай отырып біліктілік негізін өз жауапкершілігіне алады.

Психолог -диагносттың әдеп кодексін қүраушы негізгі қағидалар.

Зерттелуші индвидтің амандығы

Негізінде әділеттілік жатқан жауаптылық

3. Қоғамдық моралдық талаптарына сәйкес моралдық және
қүқықтық стандарттар

4. Көпшілік бүқаралық ашық арыздарға сауатты болу

5. Индивид туралы ақпаратты сақтауға кепілдік беретін қүпиялық. Зерттеушілермен қарым-қатынаста болу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолог-педагог ғалымдардың балаларды мектепке дайындау туралы көзқарастары
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктерін зерттеу
Білімге қызығушылық
Баланың мектепке оқуға дайындығының теориялық негіздері
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz