Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: себептері, факторлары және көмек пен алдын алу шаралары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Девиантты мінез көрсетудің себебі, оларға көмек түрлері.

Ауытқушы (девиантты) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез-құлықты айтамыз (И. А. Невский) . Белгілі әлеуметтанушы И. С. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулы, құқық, мәдениет немесе мораль қылыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқығын іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың концепциясына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық)

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден, бұл анық немесе (потологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса - қылмыс деп аталады. Бұл жердеделинвенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.

С. А. Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді:

1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалды, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуғаұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т. б. ) жасаған теріс әрекеттері.

2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағатттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау) .

3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомия, өзіне-өзі қол жұмсау) .

Оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен факторлары:

А) Тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез-құлқындағы жағымсыз таптауырындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар.

Ә) Жайсыз жанұялық қарым-қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт-санада ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, жанұядағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығынан, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының және т. б. дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан.

В) Ішкі және сыртық белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандғымен, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығымен, жағымды және әлеуметтік және жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болуымен.

Г) Қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.

Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсерін тигізетін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Қоғамда өтіп жатқан үдерістер:
  • қоғамдық өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
  • заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазалнбауы;
  • жұмыссыздық (нақты және жасырын)
  • экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктердің және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
  • өскелең ұрпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырау;
  • ұлттық құндылықтарға мән бермеуі;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық пен қатігездікті насихаттау;
  • балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризацияның болмауы;
  • сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі (үйірмелердің, секциялардың және т. б. )
  • темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
  1. Жанұяның жағдайы, оның атмосферасы:
  • толық емес тобасы;
  • отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық)
  • ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
  • отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы) ;
  • баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;
  • балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылмауы;
  • ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;
  • ата-аналардың балалардың психоактивті қолдануына жол беруі.
  1. Мекптепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: көріністері, себептері және алдын-алу
Балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы: себептері, факторлары және алдын алу
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: анықтамасы, себептері және алдын алу жолдары
Жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы: қалыптасуы, факторлары және әлеуметтік жұмыстағы алдын алу шаралары
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: теориялық аспектілер, пайда болу себептері және педагогикалық-психологиялық алдын-алу
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: психологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік-педагогикалық алдын алу
Жасөспірімдердің ауытқушылық мінез-құлқы: себептері, факторлары және әлеуметтік-педагогикалық алдын алу мен түзету
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: ерекшеліктері мен психокоррекциялық әдістемелері
Жастар мен балалардың девиантты мінез-құлқы: себептері, көріністері және әлеуметтік-педагогикалық алдын алу
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы: түрлері, қалыптасу факторлары, тұлғалық ерекшеліктері және психоактивті заттардың зиянды әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz