Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік



І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы түсінік
ІІ.2 Сезімнің ерекшеліктері және сапарлары
ІІ.3 Жоғарғы деңгейдегі сезімдер
ІІ.4 Эмоциялар. Эмоциялардың дамуы және қалыптасуы
ІІ. 5 Эмоциялық жағдайлар
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
1. Ж.М.Намазбаева. «Психология».
2. Жарықбаев Қ. «Психология».
3. Тәжібаев Т. «Жалпы психология».
4. Құбығұл Жарықбаев. «Қазақ психологиясының тарихы»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы түсінік
ІІ.2 Сезімнің ерекшеліктері және сапарлары
ІІ.3 Жоғарғы деңгейдегі сезімдер
ІІ.4 Эмоциялар. Эмоциялардың дамуы және қалыптасуы
ІІ. 5 Эмоциялық жағдайлар
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық
процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы
процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің
түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны,
әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-
жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің
қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы
көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне
қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес
келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін
сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі
адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік,
шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен
эмоциялардың сан алуан түрлері.

СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның
өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай
болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын
қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін
бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай
түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды
бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы
құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі
шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив
(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын,
көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын
түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық,
достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік
т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі
нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты,
бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір
адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы
тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану
немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен,
студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі
шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін
жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден
босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар
туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі
кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген
терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның
алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті
тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп
атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда
титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің
жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы
ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажст.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет
үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады.
Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз
байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен
қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім
көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не
ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның
ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады.
Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді
бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар - белсенді әрекетке
азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш,
қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен
қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым
эмоциялар адамныц органикалық қажеттерінің өтселу-өтелмеуіне байланысты
туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары
кірсді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда
сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші
адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-
бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін
айтады.

СЕЗІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ САПАРЛАРЫ
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы
қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді
қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты
сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш
пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір
сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді
бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін –
сезім немесе эмоция деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және
құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып
табылады. Біздің істейтін әрекетіміз - "еңбек, оқу, ойын", оның жетістігі
мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып
жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім"
дейміз, оны дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім", -
деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен кұбылыстардың сапаларын танимыз, ал
сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға
қатынасын керсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген
жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан
ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір
затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала,
жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңгы түссе шоғыр
бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты.
Біздің алған барлық эсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ,
есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да
болсын бір сезім туғызады
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың
сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық
сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, кажу,
шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-
бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Эмоциялар Сезімдер
1 Эмоция адамның турлі органикалық, 1. Сезімдер - адамдардың
қажеттеріне байланысты туып отыратын бір-бірімен қарым-қатынас жасау
шағын, адам қуанғаннан, қамыққаннан қажетінен туатын және біртіндеп
көзіне жас алса, не болмаса бір дамып отыратын бір сыяыргы тұрақты
нәрсеге мәз болып ішек-сілесі қатып процесс. Достық, адалдық сезімдері
күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа адамда бірден қалыптаса
созылмайтындығы коймайтындығы белгілі. Бұларға
жаллыламалық сипат тән. Мәселен,
ата-ананы, атамекенді, Отанды сүю
секілді патриоттық сезімдер.
2. Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар
сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар)жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең
көбірек байқалады. Мұнда адам өзін әсерлі сезім жеке адам
тек организм тұрғысынан көрсете алады психологиясының басты белгілерінің
бірі.
3. Эмоциялардың қызметін лимби жуйесі3. Сезім ми қабығының жұмысынан,
мен (ми бағанасының үлкен ми атап айтқанда, динамикалық
сыңарларына жақын жері) гипоталамус стереотиптердің жасалып, өзгеріп
бөлігі (дененің зат алмасуын, отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда
температурасын реттестірстін нерв екінші сигнал жүйесінін
орталығы) басқарып отырады. Мәселен, басқарушылық ролі күшті болады.
осы нервтік орталықтарға зақым келсе Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі
адам тойғанын білмейтін немесе өмірде кеңиді. Мәселен, сөз адамның
шөлі қанбайтын жағдайга ұшырайды интеллектік, эстетикалык,
моральдық сезімдерінің
қалыптасуына елеулі әсер етеді,
соның арқасында сезімдер мен
эмоцияларды тәрбиелеуге кен жол
ашылады
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі.4. Адамдардың эмоциялары мен
Жануарлар эмоциясы биологиялық сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта
сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адамболып отырады. Мәселен, адамдардың
сезімдеріне лайықты көріністер жолдастық, адалдық, борыштық
жануарлар психикасындп кездеспейді жауапкершшік сезімдері
буржуазиялық қоғам өкілдерінің
осындай сезімдеріне мазмұны
жағынан қарма-қарсы бағытта
келеді.

Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік
сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-
біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр
түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын
жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс
жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ.
Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым,
өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен
тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады.
Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың
есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан
көрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі.
Сабаққа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім
пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды:
құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай
туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі
мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да
пайдаланады.
Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктерін,
негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Тереңірек
қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы
мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі - мұның бәрі де
адамның күнделікті мұқтаждығын, қажеттілігін канағаттандыру не
қанағаттандырмау талаптарымен байланысты адамның қылықтары мен әрекетінде
ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі деп танылуы керек. Психологияда
сезімдердің мұндай сапасын қарама-қарсы сапалықтар деп атайды. Мәселен,
көңілдің күйлері - наразылық пен ризалык, шаттық пен кайғы, көңілдену мен
қамығу, махаббат пен өшпенділік т.б. - қарама-қарсы сезімдер. Адамның
сүйсіну не сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлерге ғана емес, кісінің даралық
психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты
Кейіп - біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлқына әсер
ететін жалпы эмоциялық күйі. Өмір-тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге
бағытталып, оған қуанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді,
біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен, кейіп дегеніміз - адамның
белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау
қалыптағы көңіл-күйі. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге
байланысты болады. Мәселен, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі
болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле
бастаса, оның бойын куаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда шаттықтың лебі
бірнеше күнге созылады. Ал біреудің дауыс көтеріп, қаттырақ айтқан сөзі,
түксиюі, жек көрген интонациямен күлуі, ұнатпаған жымиюы сияқты болмашы
себептер адамның көңілін жабырқатады, оның шарпуы, салдары көңілде дақ
болып қала береді.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер
адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, онын, кейпі солғын болады. Ал дені сау,
ұйқысы қанық, көңілі кетеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай түседі.
Адамның кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты факторлар
да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айқын адам
ауыр жағдайларға да мойынұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін
меңгеріп, оған иелік етеді.
Аффектілер. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты
пайда болып, олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы,
қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапқы сатысы
- тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе,
аффект туады. Адамның үрейі ұшып, абдырайды.
Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің өте күшті
болуымен байланысты- Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе,
мидың төменгі бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне
көтерілген кезде, адам көп жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер
лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар түрінде шапшаң сыртқа шығады. Қісі
бұлқан-талқан болып ашуланады. Алайда, мұның бәрін сау адамды аффект сезімі
билеп кетудің, оның ес-түсін білмеуінің салдары деп санау дұрыс емес.
Әрине, адам есінен айрылып, не ауыр жарақаттанып қансыраған кезде мұндай
хал кездесуі ықтимал. Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен
танбайды. Аффект дегеніміз - кісіні аз уақыт ішінде болса да кенеттен
бұлықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық күй. Адам бойын
қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні
ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық
даналығындағы Ашу - дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос деген мақалдың
тағылымдық маңызы ерекше.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда
фрустрация деп аталады. Фрустрация латыншадан аударғанда - көңілдің
бұзылуы, межелі іс-тің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған
ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған
ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі.
Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның
психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі
мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көніл күй
өшпенділік, кейіс пен каһар тудырады.
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар
ерекшелігі - эмпатия. Эмпатия - адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар
мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр
халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің
(эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып көрсеткен - американдық психолог
Э.Титченер. Ол философиядағы ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене
отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен
түсіндірілетін танымдық (когнитивтік) және адам көңіл-күйінің аффектті
жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері
болатындығын да даралап көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің күйзелісті
жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір
тәжірибесіне, мінез-кұлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты
болып отырады.
Құмарлық сезімі. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұақ уақытқа
созылады. Ол әрқашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық - адамның
белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары
да бар. Мысалы, оқып білім алуға деген құмарлық адам кабілетін тәрбиелейді,
мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат-мүддесіне жеткізеді. Бұл - ұнамды
қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін
аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салыну т.б.

ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЕЗІМДЕР
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай,
оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің
жоғары деңгейдегі саналы әрекетін эстетикалык. талғамы мен адамгершілік-
моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары
деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-
адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Сезімнің бұл түрі - балалардық оқып білім алуға, ересектердің өз
қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның
шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады.
Тандану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты
танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін
тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық
тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра
отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар
туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда акиқатқа қалайда қол
жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп,
көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі
рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен
сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-
күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру
сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп калыптасатын жағдай.
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай,
оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің
жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік-
моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты.
Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және
моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әреке-тімен байланысты.
Сезімнін, бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз
қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның
шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ен алдымен таңданудан басталады.
Тандану кісіні әрбір нәрсенің, кұбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты
танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін
тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық
тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра
отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар
туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда акиқатқа қалайда қол
жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп,
көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі
рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты
тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам
қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-
құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар
көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады.
Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп,
өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі.
Мектеп пен оку орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге,
дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу
эстетика пәні арқылы жүзеге асады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз
мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді.
Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. Мораль - морале
деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның
тарихи дамуына байланыс-ты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық
бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі
адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық
сипаты да болады..
Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі - белгілі бір
қоғамдық - экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық
нормалары. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас процесі кезінде қоршаған ортаны қабылдау
Қарым - қатынас жайлы жалпы түсінік
Эмоция және сізім
Эмоциялар мен сезім туралы жалпы ұғым
Адам эмоциялары
Адамдардың сезімдері
Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы
Психикалық денсаулық
Эмоция мен сезім
Эмоция және сезімдер
Пәндер