Кіші мектеп оқушыларының психологиялық дамуы



Кіріспе
І Кіші мектеп оқушыларының психологиялық дамуы ... ... 3
1.1 Өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ Балалар психологиясының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1 Біздің еліміздегі балалар психологиясының тарихы ... ... ... .7
2.2 Жас балалардың психологиясын зерттеу әдістері ... ... ... ... .9
2.3 Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері ... ... ... ... 12
ІІІ Таным процестерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.1 Кіші оқушылардың таным процестерін талдау ... ... ... ... ... .14
3.2 Кіші оқушының жеке басына тән қасиетінің дамуы ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
1.1 Өзектілігі: Біз бала психологиясының өз алдына қоятын міндеті, сол баланың жан-дүниесі күннен-күнге өріс алып есейеді, соны зерттейді дейміз. Әрине есею заманның қоятын талабына қарай түрліше келеді. ХХ ғасырдың басында есейюге қоятын талап бір басқа да, қазіргі кезде мүлдем өзгеше. Дегенмен есею дегеніміз өткен кезде де және қазірде де баланың ақылының кіріп жақсы жамандықты, әділеттікті не әділетсіздікті ажырата алуы.
Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана қоймай, мектепте оқитындардың ұғымталдығы мен ой өрісінің, интелектісінің қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай қазіргі уақытта кіші мектеп оқушыларының психологиясын дамытуда көп өрескел мәселелер бары анық.
1.2Мақсаты: Қазіргі заман технология, техникаға толы заман. Сол себептен мектеп оқушылары есін жиған сәттен бастап кампютермен хат танып, интернет пен хабар алысады. Бұлардың интелектуалдық дамуы, психологиялық ерекшеліктері, таным процестері өздігінен жетілуде деуге болады. Сондықтан біз бұл балалардың психологиялық даму жолдарын жетілдіру үшін жаңа бағдарламаларға сүйенгеніміз жөн. Ал дәстүрлік оқытудағы материалдарға сүйенсек ол жерде былай келтірілген.
Мектепк дейінегі және мектеп жасындағы балалармен ойын не тәлім-тәрбие жұмысының өзіне тән тәсілдерінің зерттейтін ғылым педагогика екені мәлім. Педагогика алдына қоятын міндетін орындау үшін психологияның зертеу үстіне жинаған мәлімдемелеріне сүйеніп отырады. Өйтпесе оның өз міндетін орындай алуы мүмкін емес.
1. Ж.И. Намазбаева «Психология» Алматы 2005 (28-33 б)
2. Қ. Жарықбаев «жалпы психология» Алматы 1962 (5-16 б)
3. Қ. Жарықбаев «Ұстаздық еткен жалықпас» Мектеп баспасы1986
(36-48)
4. Щербакова А. И. «Практикум по общей психологии» Москва 1979
(9-14)
5. Қ.Б. Жарықбаев «Психология» Алматы 1982-1993 (26-27)
6. Ганаболин Ф.Н. «Психология» Алматы 1977 (112)
7. Ә.Ж.Алдамұратов «Қызықты психология» Алматы 1992 (38-42)
8. Ә.Ж. Алдамұратов «Психология пәнінен лабараториялық және парктикалық сабақтар» Алматы 1978ж І-бөлім (68)
9. А.Темірбеков, С.Балабаев «Психология» Мектеп 1966 (43-44)
10. М.Мұқанов «Педагогикалық психологиялық очерктер» Алматы 1967 (39-40)
11. Куртецкий В.А «Психология обучнеие ивоспитание школьников» Москва 1976 (18-19)
12. Теплов В.М. «Психология орта мектепке арналған оқулық» Алматы 1948-1953 (16-17)
13. Мектептегі психология № 5, 2006 (3-4)
14. Мектептегі психология № 4, 2006 (5-6)

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
І Кіші мектеп оқушыларының психологиялық дамуы ... ... 3
1.1
Өзектілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
1.2
Мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .3
ІІ Балалар психологиясының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .7
2.1 Біздің еліміздегі балалар психологиясының тарихы ... ... ... .7
2.2 Жас балалардың психологиясын зерттеу әдістері ... ... ... ... .9
2.3 Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері ... ... ... ... 12
ІІІ Таным процестерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..14
3.1 Кіші оқушылардың таным процестерін талдау ... ... ... ... ... .14
3.2 Кіші оқушының жеке басына тән қасиетінің дамуы ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .23
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 25
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..26

І Кіші мектеп оқушыларының психологиялық дамуы
1.1 Өзектілігі: Біз бала психологиясының өз алдына қоятын міндеті, сол
баланың жан-дүниесі күннен-күнге өріс алып есейеді, соны зерттейді дейміз.
Әрине есею заманның қоятын талабына қарай түрліше келеді. ХХ ғасырдың
басында есейюге қоятын талап бір басқа да, қазіргі кезде мүлдем өзгеше.
Дегенмен есею дегеніміз өткен кезде де және қазірде де баланың ақылының
кіріп жақсы жамандықты, әділеттікті не әділетсіздікті ажырата алуы.
Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана
қоймай, мектепте оқитындардың ұғымталдығы мен ой өрісінің, интелектісінің
қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай қазіргі уақытта кіші мектеп
оқушыларының психологиясын дамытуда көп өрескел мәселелер бары анық.
1.2Мақсаты: Қазіргі заман технология, техникаға толы заман. Сол
себептен мектеп оқушылары есін жиған сәттен бастап кампютермен хат танып,
интернет пен хабар алысады. Бұлардың интелектуалдық дамуы, психологиялық
ерекшеліктері, таным процестері өздігінен жетілуде деуге болады. Сондықтан
біз бұл балалардың психологиялық даму жолдарын жетілдіру үшін жаңа
бағдарламаларға сүйенгеніміз жөн. Ал дәстүрлік оқытудағы материалдарға
сүйенсек ол жерде былай келтірілген.
Мектепк дейінегі және мектеп жасындағы балалармен ойын не тәлім-
тәрбие жұмысының өзіне тән тәсілдерінің зерттейтін ғылым педагогика екені
мәлім. Педагогика алдына қоятын міндетін орындау үшін психологияның зертеу
үстіне жинаған мәлімдемелеріне сүйеніп отырады. Өйтпесе оның өз міндетін
орындай алуы мүмкін емес.
Жас психологияның зерттеу үстінде тапқан мәліметтері тек оқу
тәрбие жұмысы үшін қажет емес. Оның үлкен философиялық мәні бар.
Ал педагогикалық психологияның пәніне келсек, бұлда балалардың
оқу не тәрбие жұмысы үстінде психикасын зерттеумен айналысады. Егер жас
психологиясы баланың өсер мәселесімен айналысатын болса, педагогикалық
психология сабақ үстінде оқу материалымен балалар қалай ұғынады, не тәрбие
жаысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне, осымен
шұғылданады. Осыған оарй педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса
отырып, өзінің ізденетін обьектісін мынадай үш түрге бөледі: ол оқыту
психологиясына, тәрбие психологиясына, және ұстаздық психологияға.
Ескерте келетін мәселе, оқыту психологиясы және оқыту деген ұғымдар
бір дәрежеде қолданылмайды. Оқыту педагогиканың көрнекті бір бөлшегінің
дидактиканың шұғылданатын обьектісі. Ал оқыту психологиясы педагогикалық,
психологияның айрықша бір саласы бола тұрып, оқу материалын ұғынуда
балалардың кездестіретін қиыншылықтарына жеңіл не қиын келуіне талдау
жасайды. Осының өзі жеке пәндер методикасының дамуына едәуір ықпалын
тигізіп отырады. Тәрбие психологиясының балалар қайткенде тіл алғыш
қиыншылықтардан бас тартпайтын болатынын ашып беруге қатысы бар. Оқыту мен
тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін мұғалім не тәрбиеші ұстаздық
шеберлікті меңгеруі шарт.
ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан
бөлінбей сол пәннің қол астында болып келеді. Кейін ол жалпы психологиядан
бөлініп, соның бір отауына айналады. Бұған түрткі болған себептер мыналар:
Ч.Дарвин (1809-1882жж) негізін құраған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталыну
заңдылығы осыған ораи сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан
рецепторлар физологиясының өріс алуы \Г.Гельмгольтц\ , нерв системасы
жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлеледу (Сеченов) мұнымен қатар, жас
психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына, біріншіден, әсер еткен балаға
туғандардың күнделіктер жазып соған талдау беру; екіншіден балалар
психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен қолдану әсер етті. Біз
осыларға тоқталайық:
Ч.Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып
қана қоймай, өзіне қажет деген мағлұматтар бөбектерде кездесе ме және
жануарлар балапаны мен баланың арасындағы ұқсастық барма деген мәселелер
көтерген. Осыған орай Дарвин өз баласына күнделік жазды. ХХ ғасырдың бас
кезеңінде психологтар арасында бөбектерге күнделік жазу өріс ала бастады.
Мысалы, сол кездерде немістің атақты психологы В.Штерн әйелімен бірлесе
отырып өз баласына ұзақ жыл күнделік толтырып сол күнделіктің мазмұнынының
бір қатарын басып шығып кейін дүние жүзі тілдерінің көпшілігіне аударылған.
Сол кездегі жас психолог Ж.Пиаже бірнеше жыл баласына күнділік жазып өз
зерттеулеріне күнделікті фактілерге сүйенді. Біздің елде тілші А.Н.Гвозден
сегіз жылдай өз ұлына күнделік толтырып сондағы фактілерге сүйене отырып,
орыс граматикасының балада қалыптасуы,- деген кітап жазды. Бұдан ертерек
кезде психолог Н.А. Меншинская баласына бір неше жыл күнделік толтырды. Осы
арқылы табылған фактілерді жариялады. Осы ғасырдың жас кезінде АҚШ
психологтары Келлогтар (ерлі-зайыптылар) баласымен қатар шипонзе маймылының
күшігін асырап, бірге жатқызып, бірге тамақтандырып оиындардың әр түрлеріне
үйреткен болатын. Біздің елде Ладитина Кот Иони деген шимпонзенің күшігін
өз баласымен бірге төрт жылдай бағып күнделіктер толтырып кейін осыған
негізделіп адамның және шипонзенің балалары,- деген кітап жазды .
Бұл жүргізілген зерттеулердің маймылды қолдан адам қатарына
айналдыруға болатынын, не болмайтынын анықтау болсада, зерттеудің бұл түрі
баланың психикасы жануарлардың күшігінен өзгеше келетінін анықтау еді.
Күнделік арқылы табылған фактілердің өзі бала психологиясы туралы
мәліметтер дамып соның нәтижесінде бала психологиясы өзінше отау тігіп
қалыптасуына ықпал тигізеді.
Мұнымен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және осы ғасырдың бас кезінде
бала психикасын зертеуінде эксперимент кеңінен қолданып осы саланың жалпы
психологиядан бөлінуіне әсер етті.
Шет елдегі жас психологиясы туралы мағлұматтарға көңіл бөлуге
мүмкіндік жоқ болғандықтан біз үстірт қарастырып отырмыз. Кейбір
мағлұматтарға қарағанда балар психикасын зерттеу АҚШ-тағы калифорни
университетінің жанындағы психологиялық лабароторияда кеңінен дамыған.
Бұларды қолданылатын зертеу әдістерінің бірі – генетикалық төркін шығу
деген сөзден тәсіл. Генетикалық тәсілді сол лабароторида Лонгитюд әдісі деп
аталады. Бұл зерттеулердің программасы көптеген жылдарға созылды.

ІІ Балалар психологиясының тарихы
2.1Еліміздегі балалар психологиясының тарихы
Біздің елде бала психологиясының тарихына келсек осыған орай
жүргізілген зерттеулер тек ХХ ғасырдан кейінгі кездерде болды. Мұндай
зерттеулерге әсер еткекн біріншіден И.П.Павлов шәкірттерінің жұмысы
Н.И.Красногорскийдің т.б. Краснагорский осы салада 1903 жылдан бастап
зерттеу жүргізді. Екіншіден В.М.Бехтеревтің басшылығымен оынң шәкірттері
(Н.М.Щелванов т.б.) жүргізілген зерттеулер. Бұл зерттеулер көбіне
балалардың шарты немесе Вехтеревтің терминалогиясы боиынша ұштастыру
рефлекстер туралы зерттеу жүргізді. Екіншіден сол кездегі бала
психологиясын зерттеуге үлес қосқандар Н.А.Рыбинков К.Н.Корнилов П,Н,
Боланский, Л.С.Выготский және соңғы кездерде мұнымен шұғыл айналысқандар
Д.Б.Элконин, Л.И. Божович, П.Я.Галперин т.б.
Алғашқы психологтармен психолгтардың көпшілігі педагогикалық
психологияның мәнін терең түсінбеген. Осылардың кейбіреулерінің
Ф.П.Каптерев т.б. айтуынша педагогикалық психология мұғалімдерге арналған
оқу құралы болуы тиіс. Бұл құралда ірі психологтардың мұғалімдер кауымына
арналған кеңестер мен өсиеттері қамтылуы шарт. Өзгелердің айтуынша
педагогикалық тәжірбие саласына арнап ешқандай зерттеу жүргізудің қажеті
жоқ. Педагогикалық психологияның мақсаты жалпы психологияның қолы жеткен
табыстарын оқыту не тәрбие жұмысына әкеп қолдану; Егер біз осы нәтижеге
жете алсақ деді олар, - мектептегі тәлім тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоя
аламыз. Бұл да қате пікір. Өйткені педагогика-психологияны дұрыс жолға қою
үшін осы жөнінде зерттеу жұмысын жүргізу қажет.
Мұнымен қатар сол кезде кейбір психологтар А.П.Начаев т.б.
педагогикаға қарсы шығып мұның қағидалары өте дәрменсіз мұғалім
тәрбиешілерге айтарлықтай көмегін тигізе алмайды; Сондықтан педагогиканы
жоқ қылып оның орнына эксперименталдық пелагогика орнату керек деген. Сол
кезде эксперименталдық педагогика деп педагогикалық психологияны айтатын.
Осы ұсыныстар бүкіл россиялық педагогтармен психологтардың 1906 жылдан
бастап 1918 жылға дейінгі болған съездерінде бірнеше рет күн тәртібіне
еніп, осы туралы қаулы алған болатын. Кейін болған өзгерістерге орай бұл
қаулылылар орындалынбай қалды. Осы пікір қате болып есептелінді. Өиткені
педагогикалық психолгия бөлек, өзінше дербес ғылымдар. Сондықтан біреуінің
ролін көтеру арқылы өзгешесінің дәрежесін төмендетуге болмайды. Осы соңғы
ХХ ғасыр орта кезінде психологтар арсаында таралынып келді. Сол кезде
Блонский педагогикалық психолгия мектеп тәжірбиесіне тікелей байланысты
болғандықтан, жалпы психологияның негізі болуы үшін зертеу жұмысын
жүргізудің қажеті жоқ, бұл тек жалпы психологияның жәйіттерін мектептегі
оқыту және тәрбие жұмысында қолдануы керек деген. Осы пікірге Выготский
қарсы шығып педагогикалық психологияны дұрыс қолға қою үшін жалпы
психологияға негізделу жеткіліксіз. Бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие
жұмысында балалардың ұғыну не тіл алғыш процестерін зерттеп осы арқылы
табылған мәліметтерге оны негіздеу қажет деген.
Выготский осындай дәлелді келтірерде мынадай деректерге сүйенді;
Жалпы психолгия өзінше жеке ғылымдардың бір түрі. Ал ғылым жетістігіне
негізделе отырып оқыту тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес. Себебі
пайданы не нәтижені көздеу тек ғылым жетістігінен тірелмеиді. Өзінше
сипаттағы ол бөлек салаға жатады. Выготскийдің соңғы пікірі өте құнды.
Шындықты көздеу және пайданы көздеу адамның әр түрлі іс саласына жатады.
Сондықтан ұстаздың осылай деуіне мүмкіндігі бар.
Выготскийдің осы өсиеттері шәкірттерінің еңбегінде басшылыққа алынып
педагогика-психологияның өзіне тән заңдылықтарына оқушылар мен ұстаздар іс-
әрекетінде зерттелетін болды. Бірақ осы идеяны іс-жүзіне асыру көпке дейін
созылды. Осының себебінің бірі мынадай.: Педагогика ғылымын сынға алушылар
оны жоқ етуге жақындатып 30-жылдары біздің педагогика деген ілімнің негізін
құрды.
2.2Жас балалардың психологиясын зерттеу әдістері
Психологияның осы салаларының зертеу әдістерінің азды көпті өзіндік
ерекшеліктері бар. Негізінде мынадай екі жолы бар. Біріншісі салыстыру
жолы. Әр жастағы баласының психикасын, мысалы 7 , 11, 15, 18. жастағылардың
психикасын зертеп әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын
қолданып салыстырады. Салыстыру жоллының мұндай түрі кесінді тәсіл деп
атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезеңінде бала психикасы үздіксіз
зертелінбеиді, оның әр жастағы психикалық сапасын тиі қашып зерттейді. Жас
психологиясындағы мағлұматтардың басым көпшілігі осындай әдістерді қолданып
табылған.
Зерттеудің екінші жолы генетикалық жол. Осыны қолданғанда баланың бір
қасиетін аладыда соны ұзақ уақыттың бір жыл не үш жыл немесе одан да көп
жылдарда немесе оданда көп жылдарды зерттейді. Осыны кейде логитюд әдісі
деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе ұзақ
жылдар ішінде (10,20,30,) үздіксіз зерттеу қиын. Бірақ осы зертеулер
әсіресе ізденудің генетикалық жолы бойынша есею үстінде балада қалыптасқан
қасиеттер бірінің үстіне бірі .йіліп жата ма немесе жаңа қасиетерге
(дамудың жаңа түріне) ие болғанда осыған дейін болып келген қасиеттер жоқ
болып кетеме, осыған жауап іздестіруге көшелік.
Бұл мәселе былайша шешіледі. Бұрынғы қалыптасып келгнен қасиет бала
бойында тіпті жоқ болып кетпейді, жаңа қасиет үстем алғандықтан
бұрынғылардың рөлі күннен күнге азая бастайды. Бұл жәйіттер тек жас
психологиясының өзі үшін ғана емес жалпы психолгияның дәрежесін ұлғайтады.
Ал педагогикалық психологияны зерттеу әдістері оның ізденетін
обьектісінің ерекшеліктеріне қарай келеді. Педагогикалық психолгияның
шұғылданатын обьектісі – мектепте өтетін оқу материалдарын балалар
қайткенде ұғынып, соларды көкейіне қондыра алуы сол сияқты бала үлкендержің
тілін қайткенде алады, мұны да зерттейді. Ескерте кететін мәселе,
зерттеушілердің арманы тек белгілі нәрсемен шұғылдану емес, сол
шұғылданатаын обьектіден нәтиже табу. Нәтижеге жету үшін педагогикалық
псиология жас психологиясының жетістігене сүйенеді. Бала психологиясын
зерттеуді мынадай әдістер қоданылады.
Бала психологиясы тарапынан жасалатын эксперименттер мектепке дейінгі
және мектеп жасындағылармен түрлішежүргізеді. Бала бақшасындағыларға бір
зерттеуде рычакты пайдалана білуге арналған. Мынадай үш тапсырма беріледі:
Бір топқа рычакты пайдаланып, ілулі тұрған заты түсіріп алуды талап етеді,
есепті теест ретінде береді, екінші тобына нақты рычакты (сымды) қолына
беріп ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді, соңғы тапсырманы 3-4 жастағы
балалар, біріншісі 6-7 жастағы балалар топ шеше алатыны анықталады. Осыған
қарап соңғы топқа нақты бейне біріншісінде сөз арқылы ойлау қалыптасқан
деген қорытындыға келеді. Мектеп жасындағы балаларға жасалған
эксперименттің солардың оқу үлгеріміне қарай жүргізілдеі. Жеткіншек
жасындағылардың жадында мазмұнының қалуы үшін жауапкершіліктің үлкен маңызы
бар.
Бала психологиясында эксперименттің көбі констатциялау және оқыту
(қалыптастыру экспериментіне бөлінедуі. Констатациялау экспериментінің
алдына қоятын масаты тексерілетін мәселенің бағытын алдн-ала білу. Мұның
мәнісі мынада. Дәрігер ауырған адамды емдеу үшін алдымен оның ауруына
диагноз қойып аурудың атын және себептерін анықтайды. Бұдан соң емдеуге
кіріседі. Сол сияқты педагогикалық психология әуелі сабақты үлгермеудің
себебін біліп диагноз қояды, сосын барып диагноздың түріне қарай оқытуға
кіріседі.

2.3Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері
Соңғы кездерде баланың психикалық дамуында биологиялық немесе
әлеуметік факторларның ықпалы басым келеме, - осы жөнінде айтыстар болып
бірақ зерттеушілер бір келісімге келе алмай жүр. Келісімге келе
алмауышылықтың бірнеше себептері бер: Соның негізгі себебінің бірі –
сұрақты қате қоюынан. Қате екені мынадан: Бұл жерде биологиялық не
әлеуметік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді.
Себебі факторлардың әр қайсысы өзінше психиканың дамуында бөлек қызымет
атқара алмайды: брінің қызыметі екіншісіне тәуелді.
Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамғңа тікелей әсер ете алмайды,
тек психофизиологиялық (психобиологиялық) процестің негізінде ықпалын
тигізе алады. Бірақ кейде зертеушілер биологиялық деген сөзді тұқым
қуалаушылық мағынасында қолданады. Осылай болғанының өзінде тұқым арқылы
берілетін қасиеттер баланың психикалық тұрғыдан толық түсіндіре алмайды.
Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен өзі – қызымет атқармацды. Оларды
қызымет еттіріп оятып жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт.
Ал сұрақтың қате қойылу себебі неліктен? Мұның себебі бірнеше жағдайларға
байланысты болады. Бұл ілгеріде аталып кеткен педагогиуа ілімі баланың ой
өрісін дәлелдуде тұқым арқылы берілетін қасиеттерде тек мән беріп, әлеумет
ортасының соның ішінде тәрбиенің тигізетін ықпалын жоққа шығарып келеді.
Осы кездерді ғылым үстірт дамығандығынан зерттелушілер әлеумет ортасы ,
не тұқым-қуалаушылық деген ұғымдарды тайыз мағынада түсініп соның
нәтижесінде баланы зерттеуде сәтсіздіктерге ұшырады. Бұлардың баланы
зерттеуде кең қолданған тәсілі оның интелект коэффицнетінің тест яғни санау
тәсілі арқылы тексеру болатын. Осы тәсілдің балалар тиісті тізімге қандай
орын алатыны жағынан тексеруде едәуір пайдасы болғанымен, дәл мағынасында
интелектіні өлшей алмайтынын біз ілгеріде ескерттік. Педагогтардың сол
негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдеріен ғана емес, бала психикасының
дамуын, біріншіден, тұқым қуалауға шамасы келген бірақ мағынасын
түсінбейтін болғаны.
Бұл келтірілген мысал, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып
психикасын ойдағыдай дамыту үшін оның қоғамдық ортад өсуі, тәрбиеленуі
қажет еткеніне дәлел бола алады. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала
алмайды.Осылай деуден іштен туа берілетін қасиеттер түкке тұрмайды дейтін
қорытынды тумайды. Бірақ әлеумет ортасы болмаса, бала өздігінен адам
қатарна айнала алмайтыны сөзсіз.
Ілгеріде к-рсетілген осы сйяқты мысалдар толып жатыр. Солардың бәрінде
хайуанаттардың қолына түскен балалардың жасы 1 жастан 5 жасқа дейінгілер
болды. Осы кездің өзі бала адам қатарына айналама, осыны шешетін мезгіл
болар. Егер бала хайуанның қолына тым ерте түссе (1 жасқа дейін) ол жаңа
жағдайға бейімделе алмай (қасқырдың шайнап берген тамағына т.б. бейімдее
алмай) өліп қалуы мүмкін. Ал жастан асқанда түссе, адамға тән қасиетке
(сөйлеуге, ойлануға) төселгендіктен, хайуанат ортасында жағдайына шыдай
алмай, талабына көнбегендіктен жыртқыштар оны өлтіріп тастауы ықтимал. Ал 1
жас пен 5 жастың арасы әлеумет ортасында болмай, хайуанаттар арасында
өтетіндігін баланың кейін (босатылғаннан кейін) адам қатарына айнала
алмауына қатысы бар. Себебі нағыз адам болатын уақыттан өтіп кеткендіктен
алдағы уақытта ол адам бола алмайды. Қорытып айтқанда, 1 жас пен 5 жас
арасы бала адам қатарына айнала ма, осыны шешуші кез болуы мүмкін. Біздің
былай дейтін себебіміз мынадан: бала туған кезінде биологиялық жәндік, ал
нәресте жасынан өтіп, тілі шығып, есі кіре бастаған кезде, қоғам арасында
болмағандықтан, ол енді әлеуметтік қасиетке ие бола алмайды.
Сонымен биологиялық және әлеумет факторларының бала психикасының
дамуына тигізетін әсеріне тоқтадық.

ІІІ Таным ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жас оқушыларының креативтігін дамытудағы педагогикалық қолдау
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Жас ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларының құзыреттілігі
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
ПДТ-сы (психикалық дамуының төмендеуі) бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлауын еңбек іс-әрекетімен түзету
Пәндер